Құрылыстық Г-6 гипсті және М 150 маркалы гипсті-цементті-пуццоланды байланыстырғыштарды өндіріп шығаратын зауыт

Заказать работу

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1.Өндірілетін өнімнің номенклатурасы

2.Шикізаттарга сипаттама

3.Технологиялық бөлім

3.1 Айналмалы пеште гипсті күйдірудің технологиялық процесі

3.2 Гипсті байланыстырғыштардың қатаюы мен байланысуы

4.Шикізат құрамын теориялық есептеу

5.Техника қауіпсіздік ережелері және қоршаған ортаны қорғау

Қорытынды

Қолданылган әдебиеттер

Кіріспе
Гипс негізді өнімдерді гипс қамырынан, яғни гипс, су және толтырғыш қоспаларынан алуға болады.
Бірінші жағдайда өнімдер гипсті, ал екінші жағдайда гипсбетонды болып есептелінеді. Гипсті және гипсбетонды бұйымдарды дайындау үшін байланыстырғыш ретінде гипсті байланыстырғыш, суға төзімді гипсті-цементті-пуццолады қоспалар, ангидритті цементтер қолданылады. Гипсбетонда толтырғыш ретінде шынайы материалдар – құм, пемза, туф, отынды және металлургиялық шлактар, сондай-ақ кеуекті толтырғыштар – шлакты пемза, керамзитті граверлер т.б пайдаланылады.
Органикалық толтырғыштарға ағаш үгінділері, жаңқа немесе талшықтар т.б жатады.
Жоғары кеуекті жылу оқшалау гипс бұйымдарын алуда – газды гипсті – гипсті массаға газ құрайтын қоспаларды, араласқан күкірт қышқылын және көмір кальцийін, сұйық натриймен сутегі қышқылын енгізіп олардың араласуынан газ бөлініп гипсті масса құралады. Гипсті өнімдерді жасанды беріктендіру үшін қалыпты массаға осы бұйымның бір бөлшегі болып табылатын талшықты материалдарды енгізеді.
Гипсті және гипсбетонды бұйымдар панельдер мен қабырға қалқа плиталарына; жылу оқшаулағыш плиталарға; сыртқы қабырғаға арналған тастар және бұйымдарды өрттен сақтайтын архитектуралы бөлшектерге бөлінеді.
Гипс бұйымдарының бірнеше құнды қасиеттері бар: тығыз еместігі, жанбауы, дыбыстан қорғағыштығы. Гипсті өнімдердің кемшіліктерінің қатарына: ылғалданудағы тығыздығының төмендігін жатқызамыз. Гипс бүйымдарын жүйелі түрде ылғалдануды оқшаулайтын және ылғалдылығы 60%-тен аспайтын бөлмелерге қолдануға рұқсат етіледі.
Ылғал мен суға төзімділігін арттыру үшін бұйымдарды су өткізбейтін қорғаныш сырлармен, қабаттармен қаптайды. Гипсті және гипсбетонды бұйымдарды әр түрлі әдіспен қалыптайды: құюмен, дірілдетумен, нығыздап престеумен. Бұл процесте бұйымдар тез арада берік қалыпты иеленеді. Гипсті және гипсбетонды бұйымдар өндірісі келесі операциялардан тұрады: қалыпты массаның барлық компоненттерін мөлшерлеу; қоспалар мен бетон қоспасын дайындау және бұйымды кептіру. Гипсті плиталар механикалық өңдеуге бейім, шеге кіреді, отқа төзімді және тегіс немесе қуыс денелі етіп даыйндап шығарылады.

Гипс (грекше gypsos — бор, ок)

-минерал — өз құрамына екі су молекуласын кіріктіретін кальций сульфаты;

-негізінен гипс минералынан тұратын тұнба (шөгінді) тау жынысы;

-ғаныш – сульфаттар класының минералы. Химиялық формуласы CaSO4Һ2H2O. Моноклиндік сингонияда кристалданады.

Гипстің жеке кристалдары қалақша, баған, призма пішінді, ал минерал агрегаттары ұсақ түйіршік (алебастр) немесе талшық (селенит) масса түрінде кездеседі. Гипс ақ, мөлдір кейде қоспаларына байланысты түрлі түсті, шыныша жылтыр; қаттылығы 1,5, меншікті салмағы 2,3 г/см3, балқу температурасы 32 – 410С. Құрғап келе жатқан тұзды көл мен теңіздерде шөгеді, басқа сульфаттармен бірге мұнай және күкірт кендерінде түзіледі, шөгінділер арасында ангидриттің гидратталуынан тұз кендерінің бұзылу-тозу қабаттарында суға ерімейтін үгінді түрінде шоғырланады. Гипс құрылыста, хирургияда, металлургияда, қағаз, бояу, цемент өнеркәсібінде, мүсін өнерінде, оптикада және ауыл шаруашылығында (тыңайтқыш) қолданылады. Гипстің ірі кен орындары Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Алматы (Үлкен Бұғыты, Кіші Бұғыты) облыстарында бар.Гипсті байланыстырғыш незінде жасалатын бұйым салыстырмалы аз тығыздықта, жеткілікті беріктікте, отқа жанбайтын, жоғары дыбыс пен жылуды оқшаулағыш, жақсы өңделетін (аралау, бұрғылау) қасиеттерге ие болады. Гипсті бұйымдардың ылғал мен суға төзімділігін арттыру үшін оларды дайындау кезінде гипсті-цементті-пуццолонды және гипсті –шлакты-цементті-пуццолонды байланыстырғышта пайдаланады, оларды суға төзімді сусіңірмейтін қорғаныш бояуларын немесе пасталарын жағады. Гипсті байланыстырғыш негізінде жасалатын бұйымдарына гипс қамыры, гипс ерітіндісі немесе минералды толтырғыштары бар гипсті бетон (құм, керамзит қиыршығы) және органикалық толтырғыштарын (ағаш үгінділері, жаңқалар, қамыс) пайдаланады. Гипс және гипсті бетон бұйымдары морт сынғыш болып келеді, сондықтан оларды дайындау кезінде ағаш шыбықтар, қамыс, металл арматуралар (тор, сымдар) түрінде арматуралау материалдарын енгізеді.

Гипсті қаптау парақшаларын гипс парақшасының екі жағын картонмен қаптау арқылы дайындайды. Гипс парақшасын минералды немесе органикалық қоспалармен құрылыс гипсінен дайындайды. Оларды қабырға, арақабырға, ғимарат төбесінің ішкі жағын қаптау үшін пайдаланады.

Арақабырғаға арналған гипс тақталарын минералды немесе органикалық толтырғыштары бар құрылыс гипсі қоспаларынан дайындайды. Тақталарды тұтас және саңылаулы 80…100мм қалыңдықта шығарады. Гипсті және гипсті бетон арақабырға тақталарын ғимараттың ішкі арақабырғасын орнату үшін пайдаланады.

Еденге арналған гипсті бетон панелдерін сығылу кезіндегі беріктік шегі 7МПа төмен емес кезінде дайындайды. Олар ағаш шыбықты қаңқал болады. Панелдің өлшемдері бөлменің өлшемімен анықталады.

Желдеткіші бар гипсті блоктарын сығылу кезіндегі беріктік шегі 12-13МПа құрылыс гипсінен немесе қоспалары бар гипсті-цементті-пуцоллонды байланыстырғыштардан дайындайды. Блоктар тұрмыстық, қоғамдық және өндірістік ғимараттардың желдету құрылғыларына арналып дайындалады.Құрылыс гипсін өндіру бірнеше сатыдан тұрады: алдын-ала шикізатты дайындайды, ягни гипс тасын кептіріп және майдалайды; оны шахта немесе айналмалы пеште, қазанда қыздыру арқылы дегидратациялайды; гипс тасын дегидртация процесінің алдында немесе соңында ұнтақтайды.

Кейбір жағдайларда алдымен екі сулы гипс тасын кептіріп,

Імайдалап, одан кейін ұнтақтайды (бірінші майдалау (жэне алынған дайын жарты сулы гипсті тағы ұнтақтайды) екінші ұнтақтау). Бұл өндіріс тэртібінің жүйесі гипс тау жынысының дегидратациясын қамтамасыз ету үшін қолданылатын жылу агрегатының түріне байланысты. Қазіргі уақытта гипс байланыстырушыларын өндіру процестерінің бірнеше схемасы белгілі (сур. 2.1).

Бірінші әдіс бойынша біркелкі сапалы гипс онша алынбайды. Екінші әдіс - бірыңғай сапалы гипс алуға мүмкіндік береді. Үшінші әдіс - ең жетілген технология, өнімнің сапасы жоғары, бірақ қымбатқа түседі.

1. Өндірілетін өнімнің номенклатурасы:

Гипсті байланыстырғышты гипсті шикізаттан жартыгидратты кальций сульфатына дейін термиялық өңдеу арқылы алады. Құрылыс заттарының барлық түріне және құрылыс өндірісінде қолдану үшін пайдаланылады.

Гипсті байланыстырғыштардың Г2- ден Г25-ке дейінгі маркасын қысу кезіндегі беріктікпен 2...25Па шегіндегі өзгеріске қарап сипаттайды ,ал иілуі 1,2....8МПа.

Қатаю мерзіміне байланысты байланыстырғышты тезқатаятын,орташа қатаятын деп ажыратылады,қатаю басы сәйкесінше 2,6 мен 20 мин ерте емес және соңы 15,30 дан кем емес.

Майдалау дәрежесіне байланысты байланыстырғыштың дөрекі , орташа және жұқа майдалау деп ажыратылады. Елегіштегі максималды ұяшық өлшемі 0,2 , сәйкесінше 23,14және 2дан көп емес.

Қатаюдың барлық мерзімде және майдалау дәрежесін (F-2…..F-7маркалы гипстер) құрылыс гипсінің барлық түрін дайындауға арналған.

1. гцп-100 маркасы

2. гцп-150 маркасы

3. г-200 маркасы

4. г-2 маркасы

5. г-3 маркасы

6 . г-4 маркасы

7. г-5 маркасы

8. г-6 маркасы

9. г-7 маркасы

10. г-10 маркасы

11. г-13 маркасы

12. г-16 маркасы

13. г-19 маркасы

14. г-22 маркасы

15. г-25 маркасы

3-кесте. Гипсті тұтқыр заттың қысылуға беріктігі

Гипсті тұтқыр заттьң маркалары

Өлшемдері 40x40x160 мм-лік гипс таяқшасының 2 сағаттан кейінгі беріктік шегі, МПа

Қысылуға беріктігі

Иілуге беріктігі

Г-2

2

1,2

Г-3

3

1,8

Г-4

4

2

Г-5

5

2,5

Г-6

6

3

Г-7

7

3,5

Г-10

10

4.5

Г-13

3

5,5

Г-16

16

6

Г-19

19

6,5

Г-22

22

7

Г-25

25

8

4-кесте. Құрылыс гипсіне қойылатын талаптар

Көрсеткіштері

Сорты

1

2

3

Ұстасудың басталуы, мин, ерте емес

4

4

4

Ұстасудың аяқталуы, мин, кеш емес

30

30

30

Майдалығы, №02 електегі қалдық (массасынан)

15

20

30

Ұстасудан 1,5 сағаттан кейінгі үлгілердің қысқандағы беріктігі, МПа

27

22

17

Ұстасудан 1,5 сағаттан кейінгі үлгілердің майысқандағы берікігі, МПа

35

45

35

2 . Шикізаттарға сипаттама

Құрылыс гипсін арнайы қайнататын қазандарда және пештерде күйдіру арқылы өндіреді. Гипстік шикізат есебінде гипсті және ангидридті тасты (СаS04), кейбір өндіріс қалдықтарын (фосфогипс, борлыгипс) қолданады.

Бірінші сортты гипс өндірісі үшін табиғи гипсті тастың құра- мындағы СаS04 • 2Н20 мөлшері 90%-дан аз болмауы керек, ал екінші сортта 65%-дан аз емес.Табиғи гипс тасы — шөгінді тау жынысы, ақ түсті, Моос шкаласы бойынша қаттылығы 2, тығыздығы 2200—2400 кг/м3.

Гипсті-цементтіпуццоланды байланыстырушылар /ГЦПБ/

Қолайлы мөлшерде гипстік байланыстырушыларды, цементті жэне активті минералдық коспаларды ұнтақталған қалыптарында жақсылап араластыру арқылы алады. Өздерінің активтігіне байланысты гипсцементпуццоландық байланыстырушының құрамында бұлардың мөлшері мына төмендегі шамада болады:

Гипстік байланыстырушылар - 50-65 %, портландцемент М300, 400 - 15-25 %, активті минералдық қоспалар - 10-25 пайыз. Портландцемент пен активті минералдық қоспаның орындарына пуццоландық портландцемент алуга болады.

Гипс байланыстырушыларын қазанда гипс қайнату тәсілімен алатын заводтарда портландцементті және активті минералдық қоспаларды немесе пуццоландық цементті қайнату процесінің соңына бірнеше минут қалғанда тікелей қазанга салады. Сөйтіп ГЦПБ алынуын біраз жеңілдетеді. ГЦПБ екі маркасы болады: М100 және ГЦПБ ұнтақтылыгы МІОО үшін № 2 електегі қалдық бойынша – 15 пайыздан, М150 үшін- 10 пайыздан көп болмау керек.

Гипс байланыстырушыларының - модификациясы негізінде алынган ГЦПБ өте сапалы. Мұндай ГЦПБ негізінде алынған бетон 2-4 сағ. қатайганнан кейінгі қысқандағы мықтылық шегі 60-100 кПа, 3 тэуліктен кейінгі - 15-20 МПа, ал 28 тэуліктен кейінгі - 20-40 МПа. Сонымен, ГЦПБ негізінде дайындалган бетон 2-3 саг. қатайғанда маркалық мықтылығының 30-40 пайызын көрсетеді. Ал қатаю жылдамдығын бұдан да тездету үшін ГЦПБ жасалган бұйымдарды 70-80°С булайды. Бұл құрылыс бұйымдарыньщ аязга төзімділігінің маркасы 20 - 50.

3.Технологиялық бөлім

3.1 Айналмалы пеште гипсті күйдірудің технологиялық процесі

Гипсті қазандықтағы қайнамалы қабатта пісіру әдісі іс жүзінде кең тараған. Осындай казандықтар, тік оське орнықтырылған, араластырғышы бар болатты цилиндр түрінде дайындалады. Оның ішіне гипсті ұнтақ артылады. Қазандықтың шет-шетінен қыздыратын құбырлар жүргізген. Гипс 100—105°С температурада пісіріледі — бөлінген су буының есебінен «қайнайды». Қазандықтың түбіндегі тор арқылы дайын өнім жинақтайтын қорапқа түседі. Көлемі 2 м3 қазандықтьщ қуаттылығы сағатына 1000 кг дейін. Жоғарғы берікті құрылыс гипсін қазандықтарда қысыммен (автоклавтарда) қайнатады. Өнімді дайын жағдайына дейін келтіруге 1—1,5 сағат уақыт шығындалады.

Қазіргі уақытта гипсті тұтқырларды күйдіру процесі жоғарғы температурада жүреді, айналмалы пештердегі өндірістің өзі эколо- гиялық жағынан едәуір тиімді деп саналады. Мұндай әдіс тек құры- лыс гипсін ғана емес, сонымен қатар басқа да гипсті тұтқырларды өндіруге мүмкіндік тудырады (3-сурет).

3-сурет. Айналмалы пеште гипсті күйдірудің технологиялық процесі:

1-қоректендіргіш;2- гипсті тастың бункері;3- ленталы колвейер; 4-балталы уатқыш; 5- элеватор; 6- шнек; 7- гипсті қиыршық тастың бункері; 8 -табақша қоректендіргіш; 9 -көмірдің бункері; 10- топкі;11 -айналмалы пеш;12- күйдірілген қиыршық тастың бункері; 13- шаң отырғызғыш қондырғы; 14- желдеткіш; 15- құрылыс гипстің бункері;16 -шарлы диірмен.

Құрылыс гипсінің касиеттері. Сумен араластырылған соң, гипс тез арада ұстасады және қатаяды. Қатаю процесінде гипстің көлемі шамамен 1% ұлғаяды, мұның өзі гипс тасындағы ішкі жүйенің тығыздығымен байланысты. Құрылыс гипсінің ұсталуы су мен гипстің араласуынан соң, 4—5 минуттан кейін басталады. Ұстасудың аяқталуы 6-дан 30 минутқа дейінгі аралықта болады. Нормальды қоюлықтағы гипс қамырын өндіру үшін 50—70% су қажет, ал жоғарғы беріктіктегі гипстен қалыпты қоюлықтағы қамырды өндіруде су сұранысы 30—45% толық гидратациялануы үшін гипс массасының 18— 19% мөлшерін құрайтын ғана су қажет. Гипсті бұйымдарды ылғалды жағдайда қолдануға болмайды, себебі гипстің беріктігі бұл жағдайда 50%-ға дейін кемиді. Суға төзімділігін арттыру үшін гипстен дайындалған бұйымдар мен бөлшектерді қанықтыру арқылы оқшаулау ұсынылады. Осыдан басқа гипстің суға тұрақтылығын арттыру үшін оған сөнбеген әкті, цементті, шлакты-ұнды, күлді және т.б. құрамында белсенді аморфты кремнеземі бар ұнтақталған заттарды қосу арқылы гипстің суға төзімділігі арттырылады.

Жарты сулы кальций сульфатының негізіндегі гипсті тұтқыр заттар (СаS04 • 0,5Н2О) қысқандағы беріктігі жағынан 12 маркаға бөлінеді: Г2-ден Г25-ке дейін (2—25 МПа). Мұндай жағдайда гипсті бұйымның майысқыштығы, беріктігі 1,2-ден 8,0 МПа-ға дейін өзгереді. Қысылуға беріктік шегіне қарай стандарт бойынша гипсті тұтқыр заттар мына маркаларға бөлінеді (3-кесте).

Гипсті тұтқыр заттың ұнтақтығы өскен сайын оның беріктігі өседі. Құрылыс гипсі сапасы жағынан үш сортқа бөлінеді. Құрылыс гипсіне қойылатын талаптар 4-кестеде келтірілген.

Гипсті тұтқырдың ерігіштігі, яғни қанықты ерітіңдінің концентрациясы, оның кристалл өлшемдеріне байланысты. 25°С температурадағы гипстің кальций тотығына есептегендегі ерігіштігі, кристалл өлшемдері 2 мкм болганда 2,08 г/л жетеді, ал кристалл өлшемдері 3 мкм жетсе, онда 2,47 г/л болады. Кальцийдің сулы тотыгы бар ортадағы кальций сульфатының ерігіштігі төмендейді. Егер суға тұз немесе азот қышқылын, сондай-ақ кейбір тұзды ерітінділерді қосатын болсақ, онда гипстің ерігіштігі артады .

3.2 Гипсті байланыстырғыштардың қатаюы мен байланысуы

Гипстін катаюы. Гипстің қатаю процесі оның гидратациясымен байланысты, яғни жарты сулы жагдайынан екігидратты кристалды гипске айналады:

СаS04 • 0,5Н2О +1,5Н20= СаS04 • 2Н20.

Гипсті тұтқырлы бұйымдарды кептіруде олардың беріктігі артады. Ол үшін гипсті бұйымдарды температурасы 70°С-ға дейінгі арнайы кептіру камераларында кептіреді. Құрылыс гипсінен бөлме аралық қалқалағьпп қабырғалық плиталарды, гипскартоңды табақтарды, қабырғалық блоктарды, қақпалы бұйымдарды өндіреді. Құрылыс гипсін, сондай-ақ ғимараттагы қабырғалардың ішкі бөлігін сылау мен өрлеуге, безендіретін заттар дайындауға қолданады. Гипстің отқа жоғары төзімділігін ескере отырып, одан желдеткіш қондырғыларының бөлшектерін, лифт кабиналарьш қаптайтьш табақтарды дайындайды.

Гипсті тасымалдау мен сақтау. Гипсті тұтқырлар мен бұйымдарды тасымалдау мен сақтау кездерінде оларды ылғал әсерінен сақтайтын шараларды қолданған жөн. Ашық ауада гипсті тұтқырды бір айдан көп емес уақытқа сақтауға болады, әйтпесе тұтқыр 20%-ға дейін және одан да көп беріктігін жоғалтады.

Гипстің қатаюына қоспалардың әсері. Ұстасу уақыты бойынша, гипсті тұтқырларды ұстасудың басталуы 2,6 минуттан ерте емес, ал ұстасудың аяқталуы 15 минуттан кеш емес тез қатаятын (А), қалыпты қатаятын (Б) ұстасудың басталуы 20 минуттан ерте болмайтын, ал аяқталуы 30 минуттан кем болмайтын және ұстасу уақыттары нормаланбайтын баяу қатаятын (В) түрлерге бөлінеді.

Тез қатаятын гипсті тұтқырларға құрылыстық, жоғарғы беріктік, қалыптайтын және медициналық гипстерді жатқызуға болады; кәдімгі қалыпты және баяу қатаятын гипсті тұтқырлар — ангидридті цементті және гипсті, жоғарғы температурада күйдірліген эстрих гипсті қамтиды.

Қату мерзіміне қарай гипсті тұтқыр заттарды мына түрлерге бөлуге болады (5-кесте).

Гипсті тұтқыр заттың қатуын баяулату үшін қосылатын суға желім немесе ЛСТ (лигносульфат техникалық) қосуға болады (гипс салмағынан 0,1...0,3 мөлшерде). Осы қосымша заттар гипс бөлшектерінің бетін қаптап, олардың суда еруін баяулатады, соның есебінен гипстің қатуы да баяулайды.

α-гипсті тұтқыр заттардың қатуын тездетету үшін ас тұзын, натрий сульфатын қосуға болады (гипс салмағынан 0,2...3 мөлшерде).

5-кесте. Гипсті тұтқыр заттардың түрлері

Тұтқыр заттың қатуына қарай

Қату мерзіміне карай индексі

Қату уакыты, минут

Тұтқырлануы

Аякталуы

Тез қататын

А

2

15

Орташа қататын

Б

6

20

Баяу қататын

В

20

Тұтқыр-

ланбаған

6-кесте. Ұсақтық дәрежесіне қарай гипсті тұтқыр заттардың тұрлері

Ұсақтық дәрежесіне қарай гипсті тұтқыр заттардың түрлері

Ұсақтық дәрежесінің индексі

02 електе қалып қойған қалдық

Нашар ұсақталған

I

23

Орташа ұсақталған

II

14

Әбден жаншылған

III

2

Гипсті тұтқырлардың ұстасу уақыттары мен қатаюы шикізат қасиеттеріне, дайындау шартына, сақтау уақыты мен шартына, қоспа мен судың мөлшеріне (су мен гипс қатынасы — С/Г), судың температурасына, араластыру шартына байланысты. Жартысулы гипстің ерігіштігін өсіретін заттарды жылдамдатқыштар (катализаторлар), ал ерігіштігін кемітетіндерді баяулатқыштар деп атайды. Бұдан басқа, гипсті тұтқырдың гидратациялану жылдамдығы ерігіш заттың кон- центрациясы мен табиғатына байланысты. Мысалға, хлорлы натрий (NaС1) жарты гидратты гипстің қатаюын жылдамдатады, сонымен қатар ангидридті цементтің қасиеттеріне әсер етеді. Хлорлы кальций (СаС12) жарты гидратты гипстің қасиеттеріне әсер етпейді, бірақ эстрих гипс пен ангидридтің гидратациялану процесін баяулатады. Хлорлы магний (МgС12), жарты гидратты гипстің гидратациялануын жылдамдатады және керісінше эстрих гипс пен ангидридтің гидратациясын бәсендетеді.

Ұстасу процесін баяулату үшін гипсті тұтқырларға арнайы қоспалар — баяулатқыштарды қосады. Баяулатқыштар ретінде сүйек желімін, казеинді, глицеринді, желатинді, магний мен кальций тұздары ж.б. пайдаланады. Осы мақсатқа 60°С-қа дейін қыздырылған суды да қолдануға болады.

Беріктігі жоғарғы гипс. Екі сулы табиғи гипс тасын температура 550—700°С жагдайында қысқа уақытты күйдірген соң, оған натрий мен алюминийдің сульфаттарын және басқа да тұздарды қосып, майда ұнтақтау арқылы жоғарғы берікті гипсті өндіреді. Гипстің бұл түрі баяу қатаяды, бірақ оның қысқандығы беріктігі 30 МПа-ға жетеді. Кәдімгі жағдайда оның түсі ақ.

Жоғарғы берікті гипс қамырының қалыпты қоюлыгы 40—50%, кәдімгі құрылыс гипісіндегідей 60—70% емес, жеті тәуліктен кейінгі беріктігі 15—40 МПа-ға жетеді.

Құрылыста жорғарғы берікті гипсті еденнің құйылмалы жабы- лымдарын төсеу үшін, сондай-ақ металлургия өндірісінде қалыптарды дайындауда қолданады.

Ангидридті цемент — табиғи гипс тасын температура 600—700°С күйдіріп алынған сусыз гипсті ұнтақтау арқылы алынған өнім. Ангидридті цементтің беріктігін арттыру үшін оған катализатор есебінде әкті, күйдірілген доломитті, домналы шлакты, қатпар тасты, натрий мен кальцийдің сульфаты мен сулы сульфаттарын қосады. Ангидридті цемент баяу қатаятын тұтқыр зат: ұстасудың басталуы 1—1,5 сағат, ұстасудың аяқталуы 24 сағатқа дейін болады.

Ангидридті цементтің суға шьщамдылығы құрылыс гипсіне қараганда жоғары. Қысқандағы беріктігі жағынан ангидридті цемент 50, 100, 150, 200 деген маркаларға бөлінеді. Нағыз тығыздығы 2,8—2,9 г/см3, тығыздалғаннан кейінгі төгілмелі тығыздығы — 1200—1500 кг/м3.

Ангидридті цементке домналы шлак қосатын болсақ, оның суға шьщамдылығы артады. Ангидридті цементтен өңдірілген бұйымдар алма-кезек мұздану мен ерудің 15 циклі әсер еткен жағдайдың өзінде бұзылмайды.

Ангидридті цементтерді тұрғын үйлердің едендерін жіксіз жабу, әр түрлі мәнерлі сылақты ерітінділерді өндіру, органикалық және анорганикалық толтырғыш негізіндегі жеңіл бетондарды алу, ауыр бетондарды қолдану, сонымен қатар жасанды гранитті өндіру жұмыс-тарында қолданады.

Ангидридті цементтен алынған құрылыс бұйымдар пайдалану кезіндегі ауа ылғалдығы 60—70%-дан көп емес жерлерде қолдануға тағайындалған.

Құрал- жабдықтар

п/п

Жабдықтар атауы

Түрі

Өлшем бірлігі

Нөмірі

Жабдықтарға сипаттама

1

Жақты ұсақтағыш

600*110

т/ч

мм

мм

мм

кВт

1

Берілген саңылаудың ені 600*900

Түсірілген саңылаудың ені 75*200

Өнімділігі 42-110

Мотор қуаты 75

2

Балғалы ұсақтағыш

СМ19А

т/ч

мм

мм

т/ч

1

Жүктелген дана мөлшері 80-300

Ұсатудан кейінгі дана мөлшері 0-25

Өнімділігі 35-150

3

Айналмалы пеш

м

2

Барабан мөлшері

Диаметрі 2,2

Ұзындық 20

Төңкеріс саны 4-6

Өнімділігі 20

8

Фидерлік табақша

РЧН-120-1 15,5

АО-42-4

м3

об/мин

об/мин

т

1

Сыйымдылығы 15 ке дейін

Нөмірлік жылдамдығы

Тістік қатынас I 5,5

Электр қозғалтқыш:

күш 2,8

Төңкеріс саны 1500

Жалпы салмағы 1,34

9

Инерциялық апат

10

Силостар

h=25 V=1256м3 8

4.Шикізат құрамын теориялық есептеу

Технологиялық шығын

Жұмыс күндерінің 1 жылдық санын анықтайтын формула:

1/0,843=1,18т

Минералды қоспаларды ескере отырып,ылғалдылық және технологиялық жогалтуга кеткен тастың шығыны:

А=1,18*100/(100-4)*(100-2)=1,25т

мұндағы (100-W) – тастың ылғалдылық коэффициенті;

(100-р) – технологиялық шығын коэффициенті.

Зауыт пен цехтың жұмыс істеу режимі

Зауыт пен цех бөлімінің атауы

Жұмыс күні жылына

Ауысым саны

Ауысымның жұмыс істеу уақыты

Жылдық қорының сағатына жұмыс істеу уақыты

Ақаулық коэффициенті.

Ұсақтағыш бөлімше

251

2

8

3694,72

0,92

Күйдіру

365

3

8

8059,2

0,92

Майдалау

365

3

8

8059,2

0,92

Дайын өнімнің қоймасы

365

3

8

8059,2

0,92

Жылдық шикізат шығыны (гипс тасының)

Жұмыс күндерінің 1 жылдық санын анықтайтын формула:

Ср =365-(В+П) күн

мұндағы Ср -1 жылдық жұмыс күні;

365-1 жылдық күн саны;

В-демалыс күннің саны;

П – мереке күні.

Ср =365-(В+П)=251 күн

Тұтас алғанда кәсіпорынның және желілерін жекелеген бөлімшелерінің өндірістік қуаты мына формула бойынша анықталады,оның негізінде технологиялық жабдықтың жобалық қоры уақыты сағат бойынша есептелінеді :

Ұсақтау бөлімі үшін:Вр =251*2*8*0,92=3694,72

Күйдіру үшін: Вр =365*3*8*0,92=8059,2

Майдалау үшін: Вр =365*3*8*0,92=8059,2

Қойма үшін: Вр =365*3*8*0,92=8059,2

Псг *А, т/жыл

Где Пс – шикізаттың жылдық шығыны (гипс тасының);

А-қоспаларды және ылғал техникалық шыгындарды ескере отырып, шикізатты тұтыну шығыны;

Пг – дайын өнімнің өндірістік зауыттағы жылдық көрсеткіші.

Пс =100000*1,25=125000 т/жыл

Тәуліктік шикізат шығыны (гипс тасының):

Пжыл =125000 т/жыл

Птәу. =125000/365=34246,6 т/тәу

Пауыс =34246,6/3=114,15 т/ауысым

Псағ. күйдіру =125000/8760=14,26 т/сағат

Материалдық баланс

Материал атауы

Шығын, т

жылдық

тәуліктік

ауысымдық

сағаттық

Гипсті тас

125000

34246,6

114,15

14,26

Өнімділігі

Гипс

100000

273,9

91,3

11,4

Өнімділігі

Ұсақтағыш бөлімнің өнімділігі:

Пжыл.ұс. =125000 т/жыл

Птәулік. ұс. =125000/Ср =125000/251=498 т/тәулік

Пауысым.ұс.сут. /2=498/2=249 т/ауысым

Псағатгр =125000/4016=31,12 т/сағат

Күйдіру цехының өнімділігі:

Пжыл =100000 т/жыл

Птәулік =100000/Ср =100000/365=273,9 т/тәулік

Пауысымтәулік /3=273,9/3=91,3 т/ауысым

Псағатгр =100000/8760=11,41 т/сағат

Майдалау өнімділігі:

Пжыл =100000 т/жыл

Птәулікжыл /365=273,9 т/тәулік

Пауысымтәулік /3=91,3 т/ауысым

Псағатжыл /8760=100000/8760=11,41 т/сағат

Зауыт пен цехтың өнімділігі

Цех пен зауыттың атауы

Өнімділігі, т

жылына

тәулігіне

ауысмы

сағатына

Ұсақтағыш бөлімі

Күйдіру цехы

Майдалау цехы

125000

100000

100000

498

273,9

273,9

249

91,3

91,3

31,12

11,41

11,41

Жабдықтарды есептеу

Шикізат қоймалары

Қоймалар шикізатын нормаға сәйкес сақтау,сондай ақ технологиялық жобалау және құрылыс индустриясының нормасына сәйкес салынып,жұмыс істейді .

Мынадай ретпен коймадагы өндірілген шыгынды есептеу :

1. Сақтау түрін таңдау кезінде зауыттың бас жоспарына қоймасының өлшемі мен оның орналасқан жерімен байланысуын талап етеді.

2.Стек өлшемдерін түрі мен пішініне байланысты сақтайды,және механикаландыру схемасы. Аудан және қойма сыйымдылығын мынадай формула бойынша анықталады:

F=

Мұндағы Vn – берілген материалдың қажетті сыйымдылығы үшін ( м3 ) ;

Нn – тетіктері бар схемаларды басып алатын, ал максималды жинақ биіктігін таңдап, механикаландыру негізінде шамамен 8 -12м стеки болып табылады:

F=1945/0,87*11=203,23м2 = 12 х18м,

Vn =100000*1,25*7/365*0,9*1,38=1930м3

Бункерлі материалдардың сусымалылығы

Сусымалы материал(белсенді минералды қоспалар,гипс,әктас,қож және т.б )алу және сақтау үшін өзін- өзі түсіру кеме деп аталатын бункер. Сүрлемнің тік бөлігіндегі тереңдігінің жартысынан астамы оның ең үлкен өлшемінен аспауға тиіс. Шанақтардың төменгі бөлігі шаршы ,дөңгелек немесе тікбұрышты болатын шұңқыр ретінде есептелген. Хоппер факторын толтыру ,әдетте ф=0.9 мынадай формула бойынша білдірді ф=V|V0, геометриялық V пайдалы сыйымдылығы V0 қатынасы болып табылады.

Бункер ұсақтағышты сақтау және құрылғының үздіксіз жұмыс 2- 5сағат шикізатns ұсақтау үшін арналған. Шығыс хоппер тесікті материалдың максималды мөлшері 4- 5есе көп болуы тиіс. Өнімнің ең төменгі мөлшері хоппер ашу үшін 800 мм алынған.

Шикізат есептеу сүрлемі сақтауға арналған резервуарлар мынадай формула бойынша өндірілген болуы мүмкін:

мұндағы П – сағатына бірлік өнімділігі (ұсатқыштар, шар диірмен, кептіргіштер және пештер);

n- сынақтардың сақтау уақыты(2-5 сағаттық);

- әдетте шанақтар болып табылатын циклді көрсеткіш 0,9;

- материалдың көлемдік салмағы, кг/м3 .

Гидро дробилкі үшін

Балғалы дробилкі үшін

Пеш үшін

Диірмен үшін

Ұнтақ материалдарды сақтауға арналған шанақтардың қоймалары

Vццн /365**К3 ,

мұндағы Ац – гипс зауытының өнімділігі, т/жыл;

Сн – жарғылық резервтің күндер саны (10-15суок);

- шанақтардың ішіндегі зарядталған салмақтагы гипстің орташа мөлшері (1,2-1,45);

К3 – 2 м дақылдың басына жетіспеушілігінесептеу коэффициентін толтыру әдетте 0,9болып табылады.

Vц =100000*13/365*1,45*0,9=2729,23

Нәтижесінде біз 2 данасын қабылдаймыз. F-8силостар, биіктігі – 25м.

6.Гипс зауыттарында өндірісті автоматтандыру және қауіпсіздік техникасы.

Гипс өнеркәсібінің қазіргі кәсіпорындары жоғары дәрежеде механикаландырылған.Заттарда транспортерлерді , элеватор, шпектор, майдалағыш және басқа да механизмдердің кеңінен қолданылуы, жекелеген механизмдерді іске қосу және ажыратудың белілі ретін сақтаудың қажеттілігін туындатады.

Қазіргі кезде жартылай су гипсті дайындау кезінде ұнтағыштардың жұмысы автоматты басқарылады, бункерді гипспен, шағылтаспен толтыру, қос сулы гипсті ұстауға арналған шахталық және басқа да ұнтағыштардың жұмысы қайнатқан қазанда гипсті күйдіру арқылы жүзеге асырылады.

Бвайланыстырғыш заттардың зауытында техникалық параметрлерді автоматты бақылау, негізгі және қосалқы механизмдерді орталықтан ,қашықтан басқару және қайта қосатын және реттегіш құрылғыларды ,жекелеген технологиялық қондырғылар мен желістердің жұмысын автоматты реттеу арқылы жүзеге асырылады.Құрылыс гипсі мен басқа да байланыстырғыш заттарды шығаратын кәсіпорындарды жаңадан салу және қайта салуды жобалау, салу және пайдалану кезінде,<<өнеркәсіптік кәсіпорын санитарлық нормалары >> және << Гипс өнеркәсібінде қауіпсіздік техникасы бойынша ережесі >> негізге алу қажет.

Еңбекті қорғау

Гипстен және одан жасалатын бұйымдардың өндірісінде , еңбекке қолайсыз жағдайлар келесі жағдайлардан туындауы мүмкін: бөлме ішіндегі ауада шаң-тозаң мен ылғал концентрациясының жоғары болуы, пештер, су қайнайтын қазандар,кептіргіш барабандардың жылуының жеткіліксіз оқшаулануы және бөлмедегі түтін газдарының шыгуы және құю және улану қаупін туындатуымүмкін. Одан басқа жекелеген аппараттар мен механизмдердің айналып тұратын бөліктерінің дұрыс қоршалмауы тағы басқа.Шаң -тозаңмен күресу үшін , шаң жиналатын барлық технологиялық және тасымалдау жабдықтарын, қарауға және жөндеуге арналған тығыз жабылатын есіктері бар, бүтін тұтас темір қаптамалармен қаптау қажет.

Шаң және газ жиналатын жерлерге жалпы желдетуден басқа , пайда болған жерінде шаң мен газды жоюға арналған аспирациялар орнату қажет.

Қайнатқыш қазандардың кептіргіш барабандар мен басқа да агрегаттардың біз шығаратын құбырларын, шаң тозаңда ұстайтын шаң ұстағыш жүйеге жалғау қажет. Түтін газдары мен ауаны шаң сорғыш құрылғылармен тазарту қажет. Еңбектің қауіпсіз жағдайын жасау , барлық өндірістік процестердің технологиясын жетілдіру , толық механикаландыру және автоматтандыру арқылы қамтамасыз етілуі тиіс. Жалпы және жергілікті желдету жүйелері өндірістік жайлардың тиісті дәрежедегі санитарлық гигиеналық жағдайын қамтамасыз етуі тиіс.

Қоршаған ортаны қорғау

Қоршаған орта деп – адам және жан-жануар өмір сүретін ортаны айтуға болады. Қоршаған ортаны ластауға өндірістік процесстер де қатысады, яғни құрылыс материалдарын өндіру. Ол атмосфераға 8%-ке дейін зиянды заттар ұшырады.Мемлекетіміздің конституциясында қоршаған ортаны қоршауға да бап бөлінген. Онда атмосфералық ауаны тазарту туралы, отын мен шикізат сапасын жоғарылату, сондай-ақ тазарту жабдықтарының саны мен сапасын көбейтіп арттыру.

Ауаны тазартудың ең таралған әдісі, фильтрация арқылы. Көбінесе электрофильтрлер қолданылады. Ол 100...0,1мкм дейінгі тозаңдарды ұстап қалады. Жоғары қуаттағы т арқылы жұмыс істейді. Ауадағы газ 6...8 секунд ішінде электрофильтр ішінде болады. Өндірістен шыққан зиянды заттар арнайы кокс контейнерлеріне және олар толған бойда сырт жаққа төгіледі.

«Қоршаған орта» термині негізінде адамның тіршілік ететін ортасы,сонымен қатар қызмет ететін ортасымен сипатталады.Ал,кең мағынада қарайтын болсақ адамдарды қоршаған табиғи орта деп те айтуға болады.Қоғамдық өндіріспен адамның қызмет ету барысында қоршаған ортаны өндірістік әсерлерден қорғау жолында бірнеше іс-шараларды қажет етеді. Мысалы:өндірісте қалған қалдықтармен сулардың атмосфераға бөлінетін бөлігі өндірістік қалдықтардың 8 % құрайды.
Әлеуметтік және экономикалық даму бағыттарында табиғатты қорғау 3с-шараларын күшейту,қалдықтар аз бөлінетін немесе қалдықсыз өндірістерді кеңнен негізу,қоршаған ортаға зиянда әсерін төмендететін немесе жоятын табиғи ресурстар мен материал қолданылатын аралас өндірістерді дамыту көзделіп отыр.Су ресурстарын қорғауды және атмосфералық ауаның қоршалуын қамтамасыз ету мақсатында құрал-жабдықтарды,көліктерді,технологиялық процестерді меңгеру,отын мен шикізаттардың сапасын жақсарту және өндірістік басқа да қалдықтарды тазалайтын қондырғыларды өндірістерге енгізілу жұмыстары жүргізілуде.
Өндірістік қалдықтардан ауаны қорғау.
Ауада шаң болған уақытта шаң сорғыштар мен фильтрлердің көмегімен тазаланады.Жұмыс істеу принциптеріне байланысты бұл қондырғылар гравитациялы,майлы,электрлі,сулы болып бөлінеді.
Гравитациялы шаң сорғыштарға шаң қондырғыш камералары жатады.Бұл камераларда ауырлық күшінің әсерінен шаң бөлшектері ауадан бөлініп кетеді.
Инерционды шаң сорғыштардың ішінде ең көп тарағаны және өндірісте кеңінен қолданылатын-бұл циклондар.Сонымен қатар шаң сорғыштар ретінде фильтрлер,электрофильтрлер,құрғақ шаң сорғыштар қолданылады.Өндірістік қалдықтарданатмосфералық ауаны тазалау.Іс шаралары ауадағы зиянды заттардың мөлшері белгілі бір концетрация шегінде ғана болуын қамтамасыз ету керек.
Сазды шаң сорғыштарды қолданған уақытта техника қауіпсіздік ережелері міндетті түрде сақталуы керек.
Зиянды сұйықтардан және судан қорғау.
Авария болған уақытта зиянды заттарды канализацияға жіберуге болмайды.Бұл заттар арнайы технологиялық ыдыстарға құйып,кейін утелизацияға жіберіліп,қоршаған ортаға зиян келтірмейтіндей болып өңделеді. Құрамында зиянды заттар бар сулар сыртқы канализациялық жүйеге жіберілмес бұрын тазартылады.Сулы ортаны қорғау іс-шаралары судағы зиянды заттардың мөлшерінің концентрациясының шегіне дейін сонымен қатар қауіпсіздік әсер деңгейіне сай болуын қамтамасыз ету керек.Өндірісте зиянды заттармен өндірістік қалдықтар арнайы жинағыштармен контейнерлерге жиналады да,толғаннан кейін ол контейнерлер арнайы қалдық жинауға арналғанжерге тасымалданады.Қалдықтарды төгетін жерлер шаруашылыққа жақын емес жерлерде орналастырылады.
Жоғарыда айтылған барлық іс-шаралардың орындалуымен қатар көптеген өндірістерде қалдықтары аз немесе таза қалдықсыз,қоршаған ортаға әсерін төмендететін немесе әсерлерін жоятын өндіріс түрлері кеңінен енгізілуде,сонымен қатар бұйымдардың сапасын жақсарту,өндірістік және басқа да қалдықтарды тазалайтын қондырғыларды өндірістерге енгізу жұмыстары жүргізілуде.

Қорытынды.

Менің курстық жұмысымның тақырыбы құрылыстық Г-6 гипсті және М 150 маркалы гипсті-цементті-пуццоланды байланыстырғыштарды өндіріп шығаратын зауыт.

Қазіргі кезде құрылыстық гипс өндірісі жаңа жолға қойылып, технологиялық процестер барысында пайдаланылатын қондырғылар мен құрал-жабдықтар қолданылады.Гипсті өндіруде жақты ұсақтағыш, балғалы ұсақтағыш, айналмалы пеш, фидерлік табақша, инерциялық апат, силосты құрал-жабдықтар қолданылады.

Гипсті күйдіргендегі айналмалы пештің технологиялық процесін алдым.Құрылыс гипсін арнайы қайнайтын қазандарда және пештерде күйдіру арқылы аламыз.

Зауытта ұсақтағыш бөлім жылына-125000 т ,тәулігіне-498 т ,ауысымда-249 т, сағатына-31,12 т, күйдіру цехы жылына-100000 т, тәулігіне-273,9 т, ауысымда-91,3 т, сағатына-11,41 т,майдалау цехы жылына-100000 т, тәулігіне-273,9 т, ауысымда-91,3 т, сағатына- 11,41т өнім шығарылады. Нәтижесінде біз екі данасын қабылдаймыз F-8 силостар, биіктігі-25см. Өндірісте жаңа технологиялық әдістерді пайдалана отырып , өнімнің сапасын жақсарту және оның өзіндік құнын төмендету мәселелерін шешу қажет. Ол үшін шикізат ретінде қолданылатын материалдардың сапасы жоғары , өзіндік құны төмен болу керек. Сонымен бірге технологиялық процестерде қолданылатын қондырғылардың электр қажеттілігі қарастырылуы шарт. Технологиялық әдісті дұрыс таңдау және жоғарыда айтылған мәселелерді ескере отырып, сонымен бірге , негізгі жұмыстарды атқаратын мамандар біліктілігін арттыру қажет.

Қолданылған әдебиеттер
1. Бауман В.А «Стройтельные машины» справочник 1-2 том М: Машино-строение 1986 г.
2. Пчеменцев В.А, Виноградов А.В, «Охрана труда в производстве стройтельных изделий и конструкций» М: Высшая школа 1986 г.
3. Кушелев В.П «Охрана природы от загрезнении промышленными выбросами» М: 1979 г.
4. Ливчаг И.Ф, Воронов Ю.В «Охрана окружающей среды» М: Стройиздат 1988 г.
5. Китайцев В.А. «Технология теплоизоляционных материалов»
6. Торчаков Т.И, Баженов Ю.М «Стройтельные материалы» М: Стройиздат 1986 г.
7. Комар А.Г «Строительные материалы и изделия» М: Высшая школа 1983 г.
8. Сапожников М.Я, Дроздов Н.Е Справочник по оборудованию заводов строительных материалов

Источник: портал www.KazEdu.kz

Каталог учебных материалов

Свежие работы в разделе

Наша кнопка

Разместить ссылку на наш сайт можно воспользовавшись следующим кодом:

Контакты

Если у вас возникли какие либо вопросы, обращайтесь на email администратора: admin@kazreferat.info