Құрылыс техналогиясы

Узнать стоимость написания работы

Кіріспе

Қазіргі кезде құрылыс саласы қарқынды дамып келеді.

Құрлыста үймереттер, ғимараттар, тұрғын үйлер, инженерлік ауыл шаруашылығы құрылыстарын салуды ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері бар.

Мемлекетіміздің экономикасы өркендетудің бағдарламасын жедел іске асыру материалдық өндірістік барлық саласының дамуы, халық шаруашылығының белгілі натижеге жетуі күрделі құрылыстын да қарқыны мен саласына байланысты.

Құрылыс техналогиясы құрылыс жұмыстарына және процесстерге бөлінеді. Құрылыс жұмыстары – жер жұмыстары: бетон және темірбетон, құрастыру, әрлеу және т.б. өзара құрылыс процесстеріне бөлінеді. Мысалы, жер жұмыстарын жүргізу үшін мына процесстерді жүргізу қажет. Жердің өсімдік қабатын (қыртысын) бульдозермен тіліп алу, жер бетін тегістеу, топырақты көлікке тиеп тазалау т.б.

Құрылыс жұмысын өндіру жобасында әр процесстерді орнату тәсілдері мен технологиялық реті, механикаландыру, звенолар мен жұмысшылар бригадасының құрамы, еңбек қорғау және қауіпсіздік сақтау, жұмыстардың сапасын бақылау ережелері көрсетілуде.

Арматура жұмыстарымен тапныстырылып, олардың түрлері, қолданылатын құралдар дайындау әдістері сонымен қатар тор , қаңқалар көрсетіледі.

Қалып түрлері қалыпты орнатуда қауіпсіздік техникасы, жұмыс түрлері мен

құрал - жабдықтары жайында түсініктемелер беріледі.

Бетон және темірбетон конструкцияларын күту, сақтау, дайындау өнімдер мен конструкцияларды қабылдау жұмыстары жүргізіледі.

Осы жұмыстарға озық технологиялар пайдаланылды.

1. Құрылыс мекемесінің құрылымы және өндірістік базасымен танысу. Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау беру.

«Темир- Строй Сервис и Ко» ЖШС- ның қызметінің сипаты

«Темир- Строй Сервис и Ко» Заңды тұлғаның мекен-жайы: Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы Қордай ауданы

«Темир- Строй Сервис и Ко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 10.09.2002 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, 22.04.2014 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Темир- Строй Сервис и Ко» жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестік туралы Заңына сәйкес тіркелінеді және заңды тұлға болып табылады және 18.05.2009 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Шығыс кәсіпкершілікті мемлекеттік қолдану туралы» заңына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде қызмет атқарады.

Серіктестіктің тұрақты жұмысшылар саны – 25. Жұмыстың көлеміне байланысты құрылыс жұмыстарын атқару үшін қосымша жұмысшыларды келісім шарт бойынша қабылдайды. «Темир- Строй Сервис и Ко» жұмыс барысында «Проектный институт Алматыгипрогор – 1 »ЖШС, «Казатомпром» АҚ, «Компания Рауан и К»ЖШС, «Мөлдір – құрлыс и К»ЖШС, «Мик» ЖШС, «Сунқар»ЖШС сиақты ұйымдармен бірлесе жұмыс істейді.

«Темир- Строй Сервис и Ко» ЖШС-нің негізгі мақсаты – мекемелер мен азаматтардың өнімдегі қажеттіліктерін барынша сапалы өтеу, келесі әрекет түрлерін жүзеге асыру барысында барынша жоғары табыс табу болып табылады.

Техника кауіпсіздігі

Әрбір мекемеде техника кауіпсіздігі ережелері міндетті түрде болуы кажет.

«Темир- Строй Сервис и Ко» мекемесіде өз техника кауіпсіздігі ережелерін бекіткен және оны қатаң түрде жұмысшылардан талап етеді.

Құрылыс мекемесінде ең алдымен жұмысқа кіріспей тұрып техника қауіпсіздігіне жауапты инженер, қауіпсіздік техникасы ережелерімен жұмысшының таныстырып және онымен танысқандығы, сол құрылыс нысандағы жұмыс орындарына қатысты техника қауіпсіздігі ережесі сақтаймын деп қол қояды, арнайы техника қауіпсіздік ережесін сақтауға арналған тіркеу журналдары болды.

Қандай да апатты жағдай болғанда немесе жұмысшы танысқан ережелерді сақтамаса өзі жауапты болады.

Сондай-ақ техника қауіпсіздігі ережесі климат жағдайда да ескере отырып жасалу тиіс.

Жауапкершілік шектеулі серіктестігі «Шахзада» мекемесінде бас инженер техника қауіпсіздігі ережелерін жұмысшылардың сақтауын қадағалап, есеп беріп, ескеріп жүреді және мен жұмысқа шықан күні инженер құрылысшы Қалдашбев Д менімен тағы да түсінік жүргізді.

Құрылыс алаңындағы негізгі техника қауіпсіздігі ережелері:

Міндетті түрде нысанында арнайы кимін киіп жүруі керек, «Темир- Строй Сервис и Ко» мекемесіндегі жұмыстарда арнайы бетперде, қолға арналған қолбақтар, резенке етік киіп жұмыс жасау керек.

Өрт қауіпсіздігі

Кұрылыс алаңында өрт қауіпті болмау үшін олардын, алдын алу шаралары жасалады, электр тоғын күнделікті жиі қолданғаннан кейін өрт болуы мүмкін. Жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде өрттен сактану шараларын қолдану кажет. Ашық отпен әлде пісіріп қосу жұмыстарын колдану кезінде өрт сөндірушілердің рұқсаты болуы кажет.

2. Жер жұмыстары.

Кез келген мақсатқа арналған ғимарат құрылысы жер, тас дайындау, монтаждау әрлеу, монтаждау, электр монтаждау тағы басқа да көптеген жұмыс түрлерін орындауды талап етеді. Бұл жұмыстардың әрбір түрін белгілі мамандықтағы жұмысшылар атқарады. Құрылыс жұмыстары белгілі жүйе бойынша орындалады. Жұмысты жүргізу тәртібі мен әдісі ғимарат жобасына қосымша жасалған жұмыс жүргізу жобасымен анықталады.

Объект құрылысы екі: дайындау және негізгі жұмыс кезеңдеріне бөлінеді.

Дайындау кезеңінде- объект құрылысын дайындауға байланысты жұмыстар істеледі. Ең алдымен болашақ құрылыс салынатын жерге жалпы мемлекеттік геодезиялық кестеге негізделген геодезиялық тірек торын жасап алады. Бұл тор көбінесе объектінің негізгі осінің орналасу қалпын белгілейтін жерге көмілген бетон діңгектерден реперлерден, сондай-ақ теңіз бетінің деңгейінен биіктігі мүлтіксіз жазып қойылған жеке реперлерден құралады.

Жұмыс құрылыс алаңдарын тазартудан басталады; алаңды бұзуға жататын құрылыстардан босатып. Бөгет жасайтын ағаштарды басқа да жерге отырғызады да сақталып қалатындарын қоршайды.

Алаңды тазартып, өрлете жоспарлауға кіріседі. Жердің өсімдік қабатын кесіп алып оны құрылыс объектісі біткеннен кейін өңдеу тегістеуге үйіп қояды. Өрлете жоспарлауды алдын ала жасалған жоспар бойынша жүргізеді. Көтеріңкі жерлердің топырағын қырнап, артық топырақты ойыс жерлерді тегістеуге жұмсайды немесе тасып әкетеді. Жер жұмыстарын орындайтын машиналарды таңдау топырақтың түріне, жердің бедеріне, жер жұмыстарының көлемімен тереңдігіне жұмысты орындау жағдайына көлік құралына және топырақты ауыстыру қашықтығына байланысты.

Жұмыстың көпшілігі скреперлер мен бульздозерлер көмегімен атқарылады, топырақ төселген жерлер нығыздалады.

Құрылыста өзінің қопсыту қабілетінің және жоғарғы өнімділігі арқасында өте кең тарағаны бір шөмішті экскаваторлар. Жұмыс жағдайына байланысты олар тік, кері күректі болады. Бұл экскаваторлар арнайы жабдықтармен көтергіш кран ретінде және топырақты нығыздауға қадаларды қағуға қолдануға болады.

Негізгі жұмыс кезеңдеріне -жалпы алаңдық құрылыс жұмыстармен қатар осы кезде, құрылыс кезіндегі пайдаланылмайтын жер асты коммуникацияларында тиімді етіп жасайды. Егер бұл жұмыстар негізгі кезең басталғанға дейін бітсе, толығымен тұрақты жолдар салынып, оларды үйді тұрғызып біткенше пайдалануға болады.

Қазаншұңқыр мен қажетті орларды экскаватормен қазады. Қазылып алынған топырақтың жарамды бөлігін қазаншұңқыр мен құрылыс алаңының сол салынып жатқан немесе басқа құрылыс алаңдарының тегістелуіне жұмсалады.

Құрылыста біз скрепер мен бульдозердің жер жұмыстарын орындауын бақыладық.

Скреперлер жер жұмыстарын орындау үшін пайдаланылады. Олар келесі операцияларды орындайды:

1. Топырақты қабаттап өңдеу.

2. Алған топырақты тасымалдау

3. Топырақты қабатпен үйіндіге үю

4. Оларды қазаншұңұыр және топырақтарын өңдеуге, қор топырағынан үйінді жасағанда пайдаланылады және топырақты таптау үшін тығыздағыш машиналар пайдаланылады.

2.1. Жер жұмыстарын орындауға қолданылатын жабдықтар мен машиналар, олардың маркалары, техникалық параметрлері, өнімділігі. Қауіпсіздік техникасы

Жер жұмыстарын жүргізу барысында тырма, орақ, тік күрек, қалақша күрек, темір арба (топырақ тасуға арналған) қолданамыз. Көп көлемді жұмысы бар тоғандарды су қайырымынан тазалау жұмыстарына шөміш көлемі 0,65 т\м 3 эксковатор «Драглайн» техникасы қолданылады.

Ойпаң учаскелердегі алаңдарды тегістеу жұмыстарын коммуникациялар және ірге тастарды орнатқанша, ал үйінді учаскелерде –осы ғимараттарды орнатқаннан кейін жүргізеді.

Жер жұмыстарының барлық процестері кешенді механикаландырылған әдісін және жұмыс өндірісінің тиімді тәсілдерін қолдана отырып іске асыру керек.

Жер жұмыстарын орындайтын машиналарды таңдау топырақтың түріне, жердің бедеріне, жер жұмыстарының көлемі мен тереңдігіне, жұмысты орындау жағдайына (үйіндіге, көлікке), көлік құралына және топырақты ауыстыру қашықтығына байланысты.

Негізгі жер қазатын машиналарға жоғарыда айтып өткеніміздей бір және көп шөмішті экскаваторлар, ал жерді қазып тасымалдаушыларға-бульдозерлер мен скреперлер пайдаланады.

Құрылыста өзінің қопсыту қабілетінің және жоғарғы өнімділігі арқасында кең тарағаны біршөмішті эксковаторлар. Жұмыс жағдайына байланысты олар тік, кері күректі болады және грейферлермен де жабдықталады.( жоғарыда қысқаша айтылып өткен). Бұл экскаваторлар арнайы жабдықтармен көтергіш кран ретінде және топырақты нығыздауға, қадаларды қағуға қолдануға болады.

Экскаватордың жұмыс істейтін алаңы көлік құралдары тұратын және топырақты үйілетін жерлерді қоса есептегенде «қазым», ал оның жылжып отырып алған топырақ учаскесі «өтіс» (өту) деп аталады.

Бір шөмішті эксковаторлар үзіліспен қозғалатын өзі жүретін жер қазатын машина болып табылады, олар топырақты өңдеуге және төгуге немесе тасымалдауға қолданылады.

Тік қалақшалар эксковатор тұрған жерден жоғары топырақты өңдеуге арналған. Тік қалақшамен жабдықталған бір шөмішті эксковатордың циклдік жұмысы келесі операциялардан тұрады:

-Топырақты қазу (жылжыту және рукоятканы шөмішпен көтеру)

-Төгуге бұрылу (тік бөлігіне байланысты платформа бағыты, рукоятка және шөміш бұрылады)

-ойысқа бұрылу

-рукоятканың оралуы

-шөміштің ойыс түбіне түсірілуі.

Шөмішінің 0,3м3 дейін сиымдылығы бар эксковаторлардың күш механизімі болмайды. Рукоятка күш қозғалысын бір уақытта шөміштің көтерілуі мен бағыттың түсуінен алады.

1- Сурет. Эксковатор

Тік күрекпен жабдықталған экскаваторлар өзінің тұрақты орнының деңгейінен жоғары топырақты қазуға пайдаланады. Оларды көбінше топырағын көлікке артып (кейде үйіндіге) қазаншұқыр және ұзын орды қазуға қолданады.

Тік күректі экскаваторлар өзінің тұрақты орнының деңгейінен төмен (өте төмен емес) топырақты да қаза алады. Бұл жағдайды тек қазаншұңқырға түсу-шығу құламасын жасағанда ғана пайдаланады.

Тік күрекпен жабдықталған экскаваторлардың қазымдарының негізгі түрі болып маңдайша ( бойлай) және бүйірлі (көлденеңінен) қазу саналады. Маңдайша қазымдар өтістің еніне байланысты тар (өтіс ені кесу радиусының R ең үлкен шамасының 0,8-1,5 тең), орташа (ені 1,5-1,8R ) және кеңге (ені 2R-дан артық) бөлінеді.

Тік маңдайша қазымды қолданғанда көлік құралдарының жұмыстарын өте қиындатылады, сондықтан бұл тәсіл ені кіші және бастапқы қазымдарда қолданылады.

Мөлшері едәуір шұңқырларды қазғанда бүйірлі өтісті қолданған тиімді. Топырақты көлік құралдарына арта отырып өңдеуді бүйірлі өтіспен ұйымдастыру экскаватордың жұмыс параметрлерін өте толық пайдалануға және жебенің төгердегі айналу бұрышын азайту есебінде олардың өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Кері күрекпен жабдықталған экскаваторлар өзінің тұрақты орнының деңгейінен топырақты өңдеу үшін пайдаланылады және ұзын орлар мен кіші тайыз қазан шұңқырларды қазуға қолданылады. Топырақ өңдеуі маңдайша немесе бүйірлі өтіспен жүзеге асырылады. Сонымен бірге кері күректі экскаваторлар топырақты өңдегенде қазаншұңқырды бойлай, көлденең және иректеп жүре алады.

Экскаватор-драглайндар жұмсақ және орта жынысты топырақтарды өңдеуге, көбінесе экскаватор тұрағының деңгейінен төмен орналасқан қазаншұңқыр мен ұзын орларды қазғанда, үйінді және ойма жасағанда, тегістеу жұмыстарын орындағанда жүк артушы құрал ретінде және т.б. пайдаланады. Экскаватор-драглайндар үлкен қимыл радиуысына және қазу тереңдігіне ие.

Грейфермен жабдықталған экскаватор жұмсақ және сусымалы топырақтарды үйіндіге және көлік құралдарына, жеке тұрған ұстындарға, сүрлем мұнараларының іргетасына, электр беру жүйелерінің тіректеріне қазаншұңқыр өңдегенде және құдық, терең және тар ұзын ор қазғанда пайдаланады.

Экскаватор-стругтар алаңдарды тегістеуге және тереңдігі 1,5 м артық емес шұңқырлар қазуға пайдаланады. Торырақты үйіндіге де, көлік құралдарына да өңдеуге болады.

Скреперлерді жер жұмыстарын орындау үшін пайдаланады және келесі операцияларды орындайды: топырақты қабаттап өңдеу; алған топырақты тасымалдау; топырақты қабатпен үйіндіге үю. Оларды шұңқыр, қазаншұңқыр және ұзын орлар топырақтарын өңдеуге, қор топырағынан үйінді жасағанда; каналдар салғанда; бөгеттерге топырақ төсегенде; құрылыс және басқа алаңдар, суарылатын жер және ауылшаруашылық жерлерді тегістеуге пайдаланады.

Бульдозерлермен топырақты тілу, тасу түсіру операцияларын орындау үшін арналған және іргетастарға қазаншұңқыр және ор өңдеу; біржақтық немесе екіжақтық қорлардан биіктігі 2 м дейін үйінді жасау; 50-100 м қашықтықтағы үйіндіге тасып ойманың топырағын өңдеу; қуыстарды, қазаншұңқырларды, ұзын орларды және т.б. жабу; алаңдарды және көлік құрылынан түсірілген топырақты тегістеу үшін қолданылады.

2.2 Бетон және темір бетон жұмыстары.

2.2.1Бетон қоспасын дайындау технологиясы, бетон торабы. Бетонды төсеуге дайындық. Қауіпсіздік техникасын ережелері.

2.2.2.Бетон қоспасын төсеу және тығыздау. Бетонды күту.

2.2.3. Бетон жұмыстарын орындауға қолданылатын машиналар және құралдар (бетон араластырғыш,бетон тасымалдайтын машиналар)

2.2.4. Дайын теірбетон бұйымдарымен конструкцияларды қабылдау.

Қауіпсіздік техникасы ережелері

Біртұтас бетоннан және темір бетон конструкцияларын тұрғызар алдын орындалатын бетон жұмыстарының комплексіне мыналар кіреді:

Бетон құятын қалыптарды, демегіш қосымша құрылғыларды, төсеме тақтайларды, негізгі төсемдерді құру;

Арматураларды, анкер болттарын және орнатпа детальдарды монтаждау және орнату;

Конструкцияларды бетондау, бетон қоспасын даярлау, тасымалдау, таратып беру, салу және нығыздау;

Қату процесінде бетонды күту (бетін жуып, су құю, қыста жылыту);

Бетон құятын қалыптар мен демегіш ағаш құрылғыларды бөлшектеу және жөндеу.

Бетон және темір бетон жұмыстарына:

-бетон ерітінділерін дайындау;

-арматуралар мен қалыптарды дайындау:

-құрастыру, оларды тасу жұмыстары;

-бетондау блогына бетон ерітінділерін әперу және төсеу жатады.

Бетон-бұл алдын ала физикалық-механикалық қасиетері берілетін жасанды тас. Оның қасиеттеріне:

-мықтылық;

-су өткізгіштік;

-аязға төзімділік;

-агрессивті судың бұзуына қарсы кедергісі жатады.

Бетонның физика-механикалық қасиеті қоспасындағы материалдардың сапасына: цемент, щебень, құм және су көлеміне, сондай-ақ дайындаудағы, тасудағы және жинаудағы мазмұнына да байланысты. Осы жағдайларды ескере отырып, бетонның сапасын көтеру үшін бетонды дайындау кезінде оның құрамына химиялық немесе минералдық қоспаларды қосады.

Бетон-сығылуда жақсы жұмыс жасайтын материал, ал созылуда немесе иілуде өте нашар. Созылуға немесе тартылуға шыдамды қызмет атқаруы үшін темірбетон қолданылады.

Темірбетон-бұл құрамында бөлек темір арматурасы бар және сол арматурадан тоқылған тор немесе қаңқасы бар бетон.

Темірбетон конструкцияларында сығылғыш күштер негізінен бетоннан қабылданады, ал тартушы күштер арматурадан қабылданады.

Арматура жұмыстарының сапалы орындалуы және олардың дұрыс орналасуы, темірбетон конструкцияларының мәңгі беріктігіне кепілдік береді.

Тұтас құйма құралымдар жасау дайындық және құрылыс басындағы процестерден құрылатын жұмыстар кешенін орындау арқылы тікелей құрылып жатқан объектіде өндіріледі. Сонымен дайындық процестер құрылыс алаңы маңынан тыс, ал құрылыс басындағы белгілі технологиялық жүйелікпен объектіде орындалады.

Тұтас құйма бетон және темір-бетон құрылымдарды жасаудың кешенді процесі тасқынды-жедел әдіспен жүзеге асырылады және оған жататыны:

-қалыпты тасымалдау және орнату, соңынан ажырату;

-арматураны тасымалдау және орнату;

-бетон қоспасын тасымалдау, төсеу және тығыздау;

- құрылымдарды жасау процесінде бетонды баптап күту;

-төсеу және тығыздау процесінде бетон қоспасының және қайталап төселген бетонның қату процесінде сапасын бақылау.

Тұтас құйма бетон және темір-бетон жұмыстары құрылыста еңбекті өте көп қажет етеді, сондықтан олардың кешенді механикаландыру мәселесін шешкенде тұтас құйма құрылымдар жасау технологиялық процесін бетон қоспасын дайындаудан бастап, оны қалыпқа төсеумен аяқтап қарау керек. Тұрғызылатын тұтас құйма бетон және темір-бетон құрылымдар үймереттер мен ғимараттардың нөлдік белгісінен төмен және жоғары орналасуы мүмкін.

Бетон жұмыстарын жүргізгенде әр түрлі арматура қолданылады. А-ІІІ, Ф-12 мм, Ф-16, Ф-22 катанка Ф-б мм су құрылыстарымен айқастырып бетондарға темір сетка байланып дайындалады, оны байлап дайындағанда сымтемірмен (вязальная проволка) қолданылады. Бетон плиталарының арасына жасалынады, суық, ыстық кезінде бетон кішірейіп кеңеюі кезінде бетон жарылып немесе бұзылмау үшін.

Үлкен су құрылыстарының негізгі көлемін бетондаған кезде А-ІІІ кл. Ф-12, Ф-16, Ф-22 арматурасымен қарама-қарсы құрылады, оны сварка және Ф- мм катанкамен арнайы байлау сымтемірмен аралас бекітеді. Бетон дайындаған кезде әсіресе су құрылыстарында бетонның толтырғыштары сапалы болу қажет. Құм, гравий, тас топырақ аралас емес таза болуы керек. Бұл жағдай бетонның сапасына көп байланысты болады.

Бетонның маркалары: М-150, М-200, М-400, М-500 су құрылыстарында пайдаланатын М-400, М-500 маркалы цемент, бір текше метр бетонға 200-250 кг цемент. Үштен көлемі бетон жұмыстарында бетон сапалы және бос болмауы үшін бетон вибраторы қолданылады. Күннің суық кезінде бетонды элеваторды 36 вольттық тоқпен қатып қалмау үшін жылытады, немесе басқаша жылытқыштармен жылытады.

Бетон жұмыстарын жетілдіру үшін жылжымалы 0,15 текшеметрлік бетон араластырғыш қолданылады. Ал үлкен көлемдегі бетон жұмыстарына бетонды стационарлық бетон дайындау ортығынан автокөліктер жеткізеді. Ал көлемі аз жұмыстарын қолмен жүргізеді.

2.2.1 Бетон қоспасын дайындау

Қазіргі заманғы құрылыста бетон қоспасымен бірнеше құрылыс объектілерін негізінен орталықтан қамтамасыз ететін автоматтандырылған бетон заводтары мен темірбетон-бетон өңдіретін кәсіпорындарының бетон араластырғыш топтарында бетон қоспасын дайындайды. Бұл объектілердегі механикаландырылған және қуаты төмен бетонараластырғыш қоңдырғыларда дайындауға қарағанда сөзсіз техникалық-экономикалық артықшылық береді.

Бетон қоспасын дайындау бетон қоспасының құрамдас бөліктерін бәрін мөлшерлеп салу мен оларды біртекті масса түзелгенше мұқият араластырудан тұрады. Бетон заводтары мен бетонараластырғыш цехтарда материалдарды мөлшерлеп бөлудің жоғары дәлдігі мен шапшаң өлшеуді және жеңіл басқаруды қамтамасыз ететін жартылай автоматты және автоматты бөліп-өлшегіштер пайдаланылады. Өлшеп-мөлшерлеудің дәлдігі цемент пен су жөнінде (массасы бойынша)1%-тен, ал толтырушылар2%-тен аспауы тиіс. Бір мерте араластыруға қажет материалдардың мөлшерін 1 м бетон қоспасына жұмсалуы мен бетон қоспасының шағу коэффицентінің шамасына қарай анықталады.

Бетонның біртектілігі мен беріктігі едәуір мөлшерде қоспаны араластырудың сапасына байланысты. Біртекті бетон қоспасын алу үшін араластырудың тиімді мерзімін ұсынған жөн, бұл бетонараластырғыштын сиымдылығына, бетон қоспасының жайылмалығына, тағы басқа жайттарға байланысты және тәжірибе арқылы анықталады.

Бетон қоспасын араластырудың ұзақтығы сиымдылығы 425 метрге дейінгі бетонараластырғыштарға шамамен 1 минут, 1200 литр 2,5 мин. Қатқыл бетон қоспаларды араластыру мерзімін 1,5-2 есеге созған жөн. Жақсы араласқан бетон қоспасы түсіргенде тұтас күйде, ыдырамай қопарылады.

Бетон қоспасын дайындау технологиясы.

Бетон қоспаларын даярлау. Бетон қоспасын қалыпқа салу цехына жақын орналасқан бетон араластыратын цехта дайындайды.

Бетон шыбықтарды даярлау. Алдын-ала керіліп тартылмайтын болат шыбықтардан құрастырылатың қаңқалар мен торкөзді пісіру, көмірмен арматура цехында даярлайды. Арматура цехы қалыпқа салу цехына жақын орналасады.

Алдын-ала керілетін болат шыбықтарды жекелей немесе будалап қалыпқа салу цехында домкраттардың көмегімен не электртермиялық тәсілімен жасалды.

Бұйымдарды қалыпқа салу.

Бұл процесс мынадай әрекеттерден тұрады, қалыптарды тазалау, құру және майлау, қалыпқа арматураны салу, бетонды жайып, тығыздау.

Қалыпқа жайғастырылған бетонның қатарын тендету үшін оны жылу мен ылғал ықпалына ұшыратады. Темірбетон бұйымдары зауыттарында бетонды мынадай жерге салады: қалыпты қырымен 70-100ºС температурада булауы, 100ºС температурада тиістіріп қыздыру, автоклавтарды 174-190ºС температурада булау, электрмен қыздыру.

Ең көп тараған тәсіл қалыпты қысымда булау.

Темірбетон бұйымдарын стендік, ағынды агрегатты, конвейерлік, кассеттік тәсілмен өндіреді.

Бетон қоспасының қасиеттері.

Жаймалауға оңтайлық – бетон қоспасының бетондалатын бұйымның қалыбын бетон қоспасының өз салмағы әсерімен жайыла толтырып, өздігінен немесе сыртқы күштің әсерінен тығыздалуы. Бетон қоспасының бұл қасиетін жайылмалық және қатқылдық деп анықтайды.

Жайылмалық деп бетон қоспасының өз салмағымен жайылуын атайды.

Бетон қоспасының қатқылдығы деп оның қалып ішінде дірілдету мен жайылып, оны толтыруын айтады.

Жаймалауға оңтайлық бір қатар жайттарға тәуелді: цемент түріне, су мен цемент қамырының мөлшеріне, толтырғыштар кесектерінің ірілігі мен пішініне, құм мөлшеріне. Құрама бірдей, бірақ әртүрлі цементтен жасалған бетондардың жаймалауға оңтайлығы әртүрлі болады, бұл әртүрлі цементтердің суды қажет етуіне байланысты. Мысалы, пуццолан портландцемент пен қожпортландцемент портландцементке қарағанда суды көп қажет етеді, ал олармен жасалған бетон қоспалары қатқылдау болып шығады.

Судың мөлшері артқанда бетон қойыртпағының жайылмалылығы артады, алайда бетонның беріктігі төмендейді. Бетон қоспасында цемент көбейгенде, ол жекелеген кесектерді қалыңырақорайды да, олардың арасындағы үйкелісті азайтып, бетон қойыртпағының жайылмалылығы артады, бұл жағдайда бетон қоспасының беріктігі өзгеріссіз қалады.

Неғұрлым ірі кесекті толтырғыштарды пайдаланғанда бетон қойыртпағының жайылмалылығы артуына жағдай туады. Осыған ұқсас нәтиже толтырғыш кесектері жұмыр болғанда шығады. Мысалы, қиыршық тас пен өзен құмын салып жасалған бетон қоспасының жайылмалылығы жарма тас пен тау құмын салғандағыдан артық. Бетон қоспасын жасағанда қосылған құм мөлшерінің де жайылмалылыққа ықпалы бар.

Бетон қоспасының жайылмалылығы оған органикалық жұмсартқыш қоспаларды-сульфаттық, ашытқылық барданы және т. б. қосқанда

артады. Бұл қоспаларды цемент массасының 0,15-0,25% мөлшерінде салғанда қоспаның суы қажеттігін 8-12%-ке азайтады, сонымен қатар цемент мөлшерін 6-10%-ке төмендетуге мүмкіндік береді.

Жайылмалы және қатқыл бетон қоспаларын салыстыра келе, созылмалы бетон қоспасына қарағанда қатқыл бетон қоспасы цемент жұмсалуы жағынан тиімді екені анықталады. Сондықтан бетон қоспасының жайылмалығын мүмкіндігінше төмен етіп белгілейді, тек ол қоспаның жаюға және тығыздауға қолайлы болуы тиіс.

Ыдырамайтындық – деп бетон қоспасының тасымалдағанда, түсіргенде және жайылмалағанда ірімеу қасиетін айтады. Ыдырмайтынды-лық жоқ болса, бетон қоспасы құр араласқан су мен қатты құрамдастардан тұратын қойыртпақ болады. Олар тез ажырасып, қалыпқа құюға жарамсыз болады. Бетон қоспасының ыдырамайтындығын бетонның құрамын дұрыс таңдау, ең алдымен цемент қамырының қажетті мөлшерде болуымен қамтамасыз етеді.

Бетон материалдары.

Цемент. Ауыр бетондар үшін цементтің маркалары ұсынылады:

Бетон маркасы: М 100 М, 150 М, 200 М, 300 М, 400 М, 500 М. 600 М,

Цемент маркасы: 300, 300, 400, 400, 500, 500, 600, 600,

Жасалатын бетонға ұсынылған цемент маркасынан бар цементтің маркасы жоғары болса, ұсақ толтырғыштар ұсақталған тау жыныстары немесе өнеркәсіп қалдықтарын қолданады.

Су. Бетон қоспаларын дайындау үшін ішімдік су немесе бетонның ойдағыдай ұстасып, қатаюына кедергі келтіретін зиянды қоспалары жоқ табиғи су қолданылады. Зиянды қоспаларға сульфаттар, минералдық және органикалық қышқылдар, майлар, қанттар және басқалары жатады.

Бетонды араластыруға, оның үстіне құюға өнеркәсіптен шыққан, сарқынды, батпақ суларын қолдануға болмайды.

Бетон даярлауға дайындалған су, оны қосып жасалған бетоннан алған үлгінің беріктігі 28 тәуліктен кейін ішімдік су қолданып жасалған сондай үлгі беріктігінен кем болмаса, жарамды деп саналады.

Құм. Ұсақ толтырғыш ретінде түйіршіктерінің ірілігі 0,14-5 мм болатын қопсыған қалыптағы табиғи құм қолданылады.

Бетон дайындауға пайдаланылатын құмның сапасы негізінен түйіршіктер құрамымен және зиянды қоспалар мөлшерімен анықталады.

Құмның түйіршіктік құрамы оның ішіндегі әртүрлі түйіршіктердің ірілі-ұсақтығына байланысты. Құмның түйіршіктік құрамын анықтау үшін оларды тесіктері әрқилы елеуіштерден өткізеді. Әр елеуіштен өтпей қалған түйіршіктер жиынтығы құмның түйіршіктік құрамын анықтайды.

Құмның орташа тығыздығы оның кеуектігі мен ылғалдылығына байланысты. Құмның кеуектігі неғұрлым төмен болса, оның тығыздығы соғұрлым жоғары болады, сондықтан соңғысының шамасына қарай құмның түйіршік құрамының сапасы анықталады

Ірі толтырғыш. Ауыр бетонды жасауға ірі толтырғыштар ретінде қиыршық тас пен жарма тасты пайдаланады.

Ірі толтырғыш ретінде ауыр бетон жасауға қиыршық тас немесе жарма тас пайдаланылады.

Қиыршық тас – қатты тау жыныстарының табиғи бөлінуінен (желге желіңуіне ) түзілген көлемі 5-70 мм жұмыр пішіндегі түйіршіктердің қопсыған қоспасы. Қиыршық тас таулық, теңіздік, өзендік болып бөлінеді. Таулық қиыршық тас бұжыр келеді, оның арасында құм, саз, тозаң және органикалық заттардың қоспалары кездеседі. Өзен және теңіз қиыршық тастары оған қарағанда таза болғанмен, сырты жылтыр жұмыр болып келеді де, цемент-құм ерітіңдісімен ұстасуы нашар болады. Ұстасуын жақсарту үшін оны ұсақтауға болады.

Жарма тас - әртүрлі қатты тау жыныстарын, кірпіш кесектерін қож және басқаларды ұсақтау арқылы алынатын қопсыма материал. Ұсақтағаннан шыққан ірілігі (5-10 мм ) қоспаны елеп, ірілігіне қарай бөледі. Елегенде ірілігі 3 мм-ден кем бөлігін құм ретінде пайдаланды. Жарма тастың қиыршық тасқа қарағанда түйіршіктері үшкір пішіңді, көп қырлы болып келеді де, олардың цемент-құм қоспасымен ұстасуы әлдеқайда жақсырақ болады. Жарма тастың ішінде зиянды қоспалар мөлшері аз болады.

Түйіршіктерінің ірілігіне қарай қиыршық тас пен жарма тас 5-10, 10-20, 20-40, 40-70 мм фракцияларға бөлінеді. Қиыршық тас пен жарма тастың әрбір фракциясында түйіршіктердің барлық түйірі болуы тиіс берілген фракцияның ең кіші түйіршіктерінен бастап ең ірі түйіршіктеріне дейін.

Ірі толтырғыш кесектерінің беріктігі жасалатын бетон беріктігіне айтарлықтай ықпал етеді. Өз кезегінде жарма тастың беріктігі ол алынатын тау жынысының беріктігі жасалатын бетон беріктігінен 1,5-2 есе артық тау жынысынан ұсақталған жарма тастар пайдаланған дұрыс.

Қиыршық тас пен жарма тас аязға төзімділігі бойынша15 , 25, 50, 100, 150, 200, 300 маркаларынан бөлінеді.

Бетон жұмыстарынан басқа мекемеде су құрылыстарында жөндеу, сырлау, ағарту жұмыстары жүргізіледі. Темір бөлшектерді қоршаулауды сырмен сырлаймыз бір текше метр жерге норма бойынша 180 гр сыр кетеді.

Бетон ағарту жұмыстарына 100 текше метр бетон тамына норма бойынша 16,5 кг утас кетеді.

2.2.3. Бетон қоспаларын және қоспаларды тасымалдайтын құралдар

Бетон және темір-бетон жұмыстарының өндіріс процестерінің құрамдарын кешенді механикаландыру арқылы тасқынды-жедел әдіспен іске асыру керек. Сонымен жоғарыда айтылғандай, бетондау қарқынын жетекші процестерге бетон қоспасын беру және тарату жатады.

Жетекші бетон төсеуші машина өнімділігі бойынша құралымдар бетондау қарқынмен үйлестірілуі керек және басқа механикаландыру құралдар жинағының параметрлеріне және өнімділігіне сәйкес таңдалады.

Бетон қоспаларын жерге бортты автомобильдерге немесе кран ілмегіне ілінген бункер және бадияларда тасымалданып шығарылады. 10-20 еңісте немесе төмен бетон қоспаларын тасымалдауда қолданылады: 10м дейін қашықтыққа-виброжелоба вибросіңдіргіштермен, 8 м дейін қашықтыққа түсіретін латок және құбырлар, 80 м дейін қашықтыққа вибротұмсықтар (виброхоботы)

Сонымен қатар бетон қоспаларын тасымалдау өзі түсіретін автомашиналармен, автобетон тасымалдағыштармен, автобетон араластырғыштармен ленталы конвейерлермен және бетононасостармен шығарылады.

Вибротұмсықтар тиейтін бункерден 100-1500 мм ұзындықтағы, ішкі диаметрі 250-300 мм шарнирлі біріктірілген құбырдан тұрады. Төменгі құбырдың секторлы жапқышы бар, ол штурвалмен немесе пневмоцилиндрдің көмегімен қолмен жүргізіледі. Вибротұмсықтың шылбыры қабылдайтын бункерден жабатын жерге баратын алдын ала сақтайтын тросқа қосылады.

Лебедканың көмегімен вибротұмсықтың 10-25 м вертикалдан тартылынып алынуы мүмкін. Тұмсығының ұзындығына қарай бірнеше жылдамдықты сөндіру екі конусты кеңейтілетін секцияда жайғастырылады.

Автобетон араластырғыштар бетон заводында мөлшерленген құрылымдармен тиелінеді, олар машина жол жүріп, төсейтін жерге дейін барғанша бетон қоспасына айналады. Олар белгілі құрылыс алаңын бетон заводынан алыстату үшін қолданылады. Автобетон араластрығыштар 1600 және 2400л пайдалы сыйымдылығы бар барабандармен дайындалады, автомобильдердің күшті алатын қорабынан немесе бөлек двигатель арқылы қозғалысқа келтіріледі. Автобетон араластырғыштың басты бөліктері болып табылатындар: араластырғыш барабан, тиейтін воронка, мөлшерлеп жуатын бак, су беретін насос және араластырғыш барабанды лопостар орналастырылған, олар барабанның айналу бағыты өзгерген кезде қойылмалы түсірілетін латокқа бетон қоспасына түсіреді.Бетон қоспасын автобетон араластырғыштармен практикада қай қашықтыққа болсада тасымалдауға болады, бірақ ең үлкен тиімділікке 30-75 км қашықтыққа тасымалдағанда жетеді.

Кесте 1. Құрылыста техниканың жұмыс өнімділігі

Автомашина түрі

Тасу қашықтығы

Жол түрі

Көрсекіштердің орта шамасынан ауытқуы %

беріктігі

Жылжымалылығы

Ірі толтырғы шамасы

Өзі түсіретін автомобиль

30-35

16-20

Асфальтан

ған тас жол қара жол

7.2-13

5.2

1-20

0.2

0.3-1.6

02

Автобетон тасушы

60-65

24-26

Асфальтан

ған тас жол қара жол

0.8-2.8

2.7

1.5

0.2

0-16

0.1

Мұның ең қарапайым және тиімді әдісі-автомашинаның тікелей бетон төселетін жерге келуі. Қоспаны қайтадан лақтырып әуре болмау үшін жүк түсірген кезде автомашина ептеп жылжып отырады.

Бетон қоспасын машинадан қауға шелекке қотарып алып, оны кранмен (мұнаралы, өздігінен жүретін, релспен жүретін крандармен) қажетті жерге апарып қауға шелектің түбіндегі бекіткіш сектор арқылы конструкцияға жеткізіп беру едәуір көп тараған.

Егер кранды пайдалану тиімсіз болса немесе қауға шелекті бетон төселетін жерге, мәселен, жаппаның астына жеткізудің мүмкіндігі болмаса, онда қоспаны горизонтальды түрде жеткізу үшін ленталы транспортерлер немесе вибрациялық құтылар мен вибрациялық шүмектер пайдаланады. Бұлардың түп жағы көлбеу орналасып, дірілдейтін болғандықтан, қоспа өзінен -өзі жылжып ағады.

Бетон жұмыстарының көлемі аса үлкен болған жағдайда арнаулы бетон төсегіш машиналар пайдаланылады; бұл машиналар қабылдағыш және тиегіш тетіктер мен транспортерден, сондай-ақ қоспаны құбыр арқылы айдайтын бетон насостарынан құралады.

Шағын құрылыстарда бетон қоспасы әлі де қолдан тасылады.

Мұндай жағдайда шарикті подшипникке орнатылған қос доңғалақты арбашаларды пайдаланған жөн. Арбашалардың жүретін жолы берік және тұйық шеңберлі болуы тиіс

Тасымалдаудың қандай түрінде болсын бетон қоспасының ыдырап кетпеуі үшін оның еркін құлау биіктігі 2 м-ден аспауы керек. Бетон қоспасын 2 м және одан да биіктен тербелмелі науалар, шүмектер немесе тік кеңірдектер арқылы түсіреді.

Автобетон араластырғыш көліктеріне келетін болсақ бұл көлік бетон қоспасын тасымалдауға ыңғайлы.

Бетононасостар құбыр арқылы горизонталь бойынша 300 м дейін және 40 м дейін биіктікке жаңа дайындалған бетон қоспаларын тасымалдауға мүмкіндік береді. Үлкен қашықтыққа тасымалдау үшін бетононасостар берілетіннен кейін орналастырылады. Бетононасостар 5,10, 15, 20 және 40м\3 сағ өнімділікпен дайындайды.

Қоспа насостар қоспаларды құбыр және шланга арқылы тасымалдауға сылақ жұмыстарын жүргізетін беттерге салу үшін, сонымен қатар құрылыста қиын жететін жерлерге жеткізу үшін және де ғимаратты және құрылымдарды жөндеуге қолданылады. Бізге қоспанасостар 1,2,4, және 6 м\3 сағ өнімділікке шығарылады. Тасымалдау ұзақтығы горизонталь бойынша 125 м дейін немесе 40 м дейінгі биіктікке дейін. Шектік жұмыс күші 15 кг\см2

Құрылыста кеңінен плунжер түрдегі қоспа насосын қолданады: диафрагмалы, оларда қоспаға күш резеңке диафрагма арқылы беріледі және диафрагмасыз қоспаға кедергісіз посиннің әрекет етуімен. Қоспаның жылжу мінездемесіне қарай қоспа насосын тік ағатын, егер жұмыс камерасына қоспа салмақ күшінің әрекетімен өзі ағып түссе, қарама-қарсы ағатындар, егер қоспа жұмыс камерасына плунжердің қозғалуына ваккумның төменнен жоғарыға әрекет етуінен түссе. Қоспа насосында клапандардың жұмысы кезінде ауалы қалпақ ішіндегі қоспа жоғарылайды және ауалық жастықша түзеді, олар күштің қоспаға түсуін түзейді және соғу көлемін азайтады. Плунжердің кері жүрісінде диафрагммаға күш азайтылады және бункердегі қоспа жіберілетін құбыр арқылы қайтадан жұмыс камерасына түседі.

Бетон жұмыстарын қауіпсіздік атқару шаралары

Қалып, арматура, бетон және қалыптарды ажырату жұмыстарын атқарғанда тіреу ағаштар, төсемдер, сатылар, саты қанаттары және қоршаулары сенімділігіне ерекше назар аудару керек.

Ұстындар, ригельдер және арқалықтар қалып қалқандарын жер деңгейі немесе төменгі жабын биіктігі 5,5 м артық болмаса жылжымалы саты басқыштардан орнатуға рұқсат етіледі. 5,5 м –ден 8 м биіктікте жұмыс істеу тек үстінде қоршалған алаңшасы бар жылжымалы мінбелерден рұқсат етіледі.

2.4.Арматура жұмыстары

Пайдалану кезінде түсетін салмақтың әсерімен құрылыс конструкцияларында іштегі қысу және керу күштері пайда болады.

Қысу күштерін бетон жақсы көтереді, ал керу күштеріне төтеп беру бетон конструкциялардың аралығына жеке стержендер және қаңқа түрінде болат арматура салады.

Арматура міндетті түрде арматуралық дәнекерлеу заводында, темір бетон және құрылыс ұйымдарының мамандырылған арнаулы цехтарында ірілендірілген элементтер түрінде әзірленуші шарт стерженьдерді бірімен-бірі жалғастыру үшін электрмен пісіру әдісін қолдану қажет.

Арматуралық бұйымдарды тасымалдау үшін, көлік құралдарын таңдау, құрылыс жағдайы тасмалдау қашықтығы, арматуралық құрылымдардың массасы және шамаларына байланысты өндіріледі.

Аса ауыр арматура әлементтерін кранның көмегімен, ал массасы 100 кг-ға дейінгі әлементтерді қолмен монтаждайды.

Арматуралық элементтерді бірімен-бірі электрмен біріктіру арқылы монтаждап жалғастырады. Алайда жұмыс көлемі шағын болса қолмен ақ байлауға болады. Арматураны қолмен байлау үшін диаметрі 1 мм №18 немесе диаметрі 08 мм №17 жасатылған сым пайдаланады.

Арматура жұмыстары екі негізгі процестерден тұрады – арматура бұйымдарын дайындау және оларды бетондайтын құрылымның қалпына орнату.

Арматура бұйымдары міндетті түрде орталық арматура – дәнекерлеу зауыттарында, темір бетон конструкциялары заводтарының және құрылыс үйымдарының мамандандырылған арнаулы цехтарында ірілендірілген элементтер түрінде немесе дайындау процесі барынша механикаланған құрылыс индустрия мекемесінің цехтарында өндірілуі шарт. Стерженьдерді бірімен-бірін жалғастыру үшін электрмен пісіру қажет.

Дайындалған жерден орнату жеріне дейін арматураны тасымалдау, оның бүлінуіне және деформация алуына мүмкіндік болмайтын тәсілдерді қолданып орнату керек.

Арматуралық бұйымдарды тасымалдау үшін көлік құралдарын таңдау, құрылыс жағдайы, тасымалдау қашықтығы, арматуралық құрылымдардың массасы және шамаларына байланысты өндіріледі. Арматураны әдетте вагонетка – платформа, жүк автомобильдер, темір жол платформалармен тасымалдайды. Арматураны арту және түсіру кранмен жүзеге асырылады. Сонымен қаңқаларды алдын ала қызыл бояумен белгіленген жобада көрсетілген түйіндерден стропылау керек.

Аса ауыр арматура элементтерін кранның көмегімен, ал массасы 100 кг-ға дейінгі элементтерді қолмен монтаждайды.

Арматура жинақтауын мамандандырылған арматурашылар звенолары жүргізеді. Звенолар құрамы және саны жинақталатын арматура түрі және жұмыстар көлемімен анықталады.

Арматура жұмыстарының сапасы көбінесі біртұтас темір бетон конструкциясының беріктігіне байланысты. Сондықтан арматура жұмыстарын атқарғанда төмендегідей негізгі талаптарды бұлжытпай орындау керек:

1. Арматура стерженьдерінің қимасы, арматура элементтерінің көлемі және олардың кеңістікте орналасуы жобаға сай келуі шарт. Бұл үшін арматураны монтаждау алдында оның элементтерін мұқият белгілеп алады, ал арматураны қалыпқа салған жағдайда ол екеуін мықтап шегелейді немесе дәнекерлейді. Арматураны қалыпқа бекіту арматура кесінділері, бетон плиталарының көмегімен және басқа да әдістермен атқарылады.

2. Бетон арматураның берік ұстауын қамтамасыз ету керек. Бұл үшін кесінді арматура қолданып, ал тегіс арматура қолданған жағдайда оның шетіне ілгектер жасалады. Бұдан соң арматура деталдан жасалған қол шөткімен немесе механикалық шөткімен таттан тазартылу керек.

2.4.1. Арматура түрлері

Темірбетон конструцияларындағы арматураны келесі түрлерге бөледі:

1. жұмысты (рабочий)

2. бөлшектенетін (распределительный)

3. монтажды (монтажный)

4. хамуттар (хамуты)

Арматура бұйымдарын және конструкцияларын стержінді арматурадан дайындалады. Стрежінді арматуралар тегіс және периодты профилді деп бөледі.

Арматуралар

Арматура – бұл темірден жасалған құрылыс материалы.

Арматура – ыстық тегістелген

Дайындығы: суықтай созылған

Арматура бөлінеді:

- тегіс арматура

- қырлы арматура

Арматура түрлері:

v В – І

v А – І

v А – ІІ

v А – ІІІ

v А – ІV

Арматура суреті:

Бетон қоспасын төсеуге дайындау. Бетон төсер алдында қалыптың дұрыс қойылуын тексеріп, оны кір-қоқыстан, жаңқадан тазартады, тесіктерін бітеп, барлық негізгі беттерді арнаулы маймен майлайды. Бұдан соң қалыпқа арматура орнатады.

Станок конструкциясы 6000 – 7000 мм дейінгі ұзындықтағы стержіндерге болатты бөліп, кесуге рұқсат етеді. Егер кесіп тұрған пышақ системасын өшірген жағдайда тек арматураны түзету және кеспей катушкаларға айналдыру мүмкін. Арматураны майыстыру үшін диаметрі 100 мм дейінгі арматураны майыстыра алатын жүргізілмелі станоктар қолданылады.

Арматураны пісіру темірбетон бұйым заводының цехтарында тигізіп және егіп дәнекерлейтін машиналармен және автоматтандырылған қатарда каркас пен торды пісіру арқылы, доға түрінде жабдықталған пісірмелерімен жүргізіледі. Құрылыс алаңының жағдайына байланысты арматураны пісіру аппаратының көлемімен жүргізіледі, олар ток трансформатрларымен, регуляторымен құралады.

Арматураны жүргізу тығыз арматуралау кезіндегі завод жағдайында және полигонда темірбетон бұйымдарын гидравликалық домкрат көмегімен жасайды, винтті және тиелмелі созылмалы құрылымдар, айналмалы үстелде, арнайы машиналармен және басқа жоғары өнімділігі бар құрылымдармен жүргізіледі.

Электротермикалық түрде арматураны жүргізу темірбетон заводында кең қолданысқа ие болды, сонымен қатар 360 – 400º С температурада стержінді төмен ток күшімен ысытады. Ысыту стержінді ұзартады. Стержін бекітілген формада қыстырылады, суыған сайын ұзындығы қысқарады. Осыған орай оларда қосымша күш пайда болады. Қажетті созылманың көлемі дайындалған стержінің ұзындығымен қамтамасыздандырылады.

Қоспаны созылған арматурасы бар канал ішіне жіберу үшін көбінесе қоспа насосын қолданады. Тығыз қатып қалған арматуралау бетонға стержінді бүдірлі арматура қолдануы мүмкін. Стержінді және бүдірлі арматуралар каналдағы жиналған темірбетон конструкцияларының түбіне дейін кіргізіледі. Арматураның бір басы анкермен бітеді, ал екінші басына тартуға домкрат тақалады.

Арматура конструкциялары:

Сетка – тегіс арматура конструкциясынан тұрады. Олардағы арматура стержінді, жобада берілген қадам бойынша екі бағытта бір кеңістікте орналасады.

Каркас – көлемді конструкциядан тұрады. Екі тегіс сеткадан тұратын, бір – бірімен, монтажды арматуралармен берік қосылған, каркасты дайындау процесінде өзгермейтіндігін қамтамасыздандырады, тасымалдауда және монтаждауда.

Ферма – белгілі көлемдегі конструкциядан тұрады. Ол бірнеше тордан және каркастан тұратын, конструкцияның үш жағдайында кеңістікте орналасқан. Фермадағы арматура сеткалары және каркастары бөлшекті немесе түгелдей монтажды арматураның функцияларын орындайды.

Арматура конструкцияларын монтаждау:

1. қабылдау, түсіру және блокқа салу

2. жобадағы түрде орналастыру

3. кесу және дәнекерлеу

4. блокты бетондауға беру.

Арматура сеткалары және каркас, арматура.

Арматура бетон беріктігін үлкейту үшін қолданылады. Арматураның майысатын және қатты түрлері қолданылады.

Арматура жұмыстары екі операциядан тұрады:

1. арматураны дайындау;

2. арматураны құру.

Арматура жұмыстары темірбетон жұмыстарының бүкіл жұмысының 20 – 30% құрайды.

Арматура шығыны төмендегіні құрайды:

Аз арматураланған бетон – 5÷20кг/м³

Орта арматураланған бетон – 70÷80 кг/м³

Қатты арматураланған бетон – 120÷130 кг/м³

Арматура түрлері:

СТ-3 А – І стержінді жалпақ d=6÷40 мм

СТ-5 А – ІІ стержінді периодты профилімен d=10÷30 мм

25Г-2С А – ІІІ d=6÷40 мм

35ГС А – І\/ d=10÷32 мм

А - \/ d=10÷18 мм

Құрылыс объектісіне дайын арматура сеткалары және каркастар әкелінуі мүмкін.

Арматураны дайындау келесі операциялардан тұрады:

1. дайындау;

2. кесу;

3. арматураны майыстыру;

4. дәнекерлеу

Заводта жасалынып шығарылатын арматуралар түрлері.

Арматура жұмыстарына арналған құрылғылар.

Арматураны дайындау үшін келесі операциялар орындалады: металды түзету және кесу, майыстыру, пісіру және арматураны тарту.

Арматураны кесу үшін кеңінен жүргізілетін тығыз – қайшылар қолданылады, домаланып кесіп өтетін түрі және 40 мм дейінгі диаметрдегі арматура, сонымен қатар 40 мм дейінгі диаметрдегі стержінді кесуге арналған жүргізілмелі станоктар қолданылады. Станоктың жылжымалы пышағы 48 мм жүрісті қамтиды және 1 минут ішінде 32 жүріс жасайды. Жылжымалы привод қозғалмалы пышағымен электрлі үш жұп берілмеден кейін.

Арматураны кесу және түзету үшін автоматты цикльде жұмыс істейтін станоктарда қолданылады. Олардың жұмысы созылатын арматураның көп майысқан жерлерін жөндеу принціпіне байланысты. Жұмсақ жұқа сымды созылатын қолайлы заттың қабырғасымен түзетуге болады. Станок ішінде арматураны түзету және кесу айнымалы барабандағы араластырылған плашкалардың арасына сымдар жүргізіледі. Құрылыста қолданылатын, түзетіп – кесетін станоктар 14 мм дейінгі диаметрдегі болат арматураны түзетіп – кесуге рұқсат береді.

Арматура жұмыстарына арналған құрылғылар.

Арматураны дайындау үшін келесі операциялар орындалады: металды түзету және кесу, майыстыру, пісіру және арматураны тарту.

Арматураны кесу үшін кеңінен жүргізілетін тығыз – қайшылар қолданылады, домаланып кесіп өтетін түрі және 40 мм дейінгі диаметрдегі арматура, сонымен қатар 40 мм дейінгі диаметрдегі стержінді кесуге арналған жүргізілмелі станоктар қолданылады. Станоктың жылжымалы пышағы 48 мм жүрісті қамтиды және 1 минут ішінде 32 жүріс жасайды. Жылжымалы привод қозғалмалы пышағымен электрлі үш жұп берілмеден кейін.

Арматураны кесу және түзету үшін автоматты цикльде жұмыс істейтін станоктарда қолданылады. Олардың жұмысы созылатын арматураның көп майысқан жерлерін жөндеу принціпіне байланысты. Жұмсақ жұқа сымды созылатын қолайлы заттың қабырғасымен түзетуге болады. Станок ішінде арматураны түзету және кесу айнымалы барабандағы араластырылған плашкалардың арасына сымдар жүргізіледі. Құрылыста қолданылатын, түзетіп – кесетін станоктар 14 мм дейінгі диаметрдегі болат арматураны түзетіп – кесуге рұқсат береді.

2.3.Қалып жұмыстары

Блок дайындау процесі кезінде бетондау жұмысын жүргізу үшін блок контуры бойынша қоршау түрінде көтеру конструкциясы қалып орнатылады.

Қалып әр түрлі материалдан және құрылымдардан жасалған көтергіш, тірегіш және қалып жасаушы ғимараттардан тұрады. Қалып дағдыдағыдай мамандандырылған зауыттар мен цехтарда жасалған элементтерден жиналады.

Қалыптар блоктың берілген өлшемі мен формасын сақтайды. Қалыптарды щит, тұтас қоршау төсем түрінде орнатады.

2.3.1.Материалына байланыста қалыптарды дайындау мынадай түрге бөлінді:

1. Ағаш қалыптар. Олар брустар мен тақтайлардан жасалады және қаңқаларды көтеретіндей конструкциясы болуы керек. Ағаш қалыптар суға шыдамды болуы тиіс.

2. Металл қалыптар. Металл қалыптар металл бетінен жасалып, көтеру конструкциясы профильді металдан уголок, швеллер және балкадан жасалады.

3. Ағаш металды қалып-қалыптың өзі ағаш тақтадан немесе фанерден жасалады, ал көтеру конструкциясы-профильді металдан жасалады.

4. Бетон және темірбетон қалыптар. Бетон және темірбетон өалыптар қоршау блоктары немесе плиталар түрінде жасалады.

Бетон өзіне керекті мықтылықты алғаннан кейін немесе қатқаннан соң қалыптарды қопарып аламыз. Егер қалып бетоннан немесе темірбетоннан орнатылған болса бетондаған соң қалып солкүйінде конструкция элементі түрінде қалады.

Конструкция типінен тәуелсіз, қалыптау конструкциясының қоршауының беті қалыптау беті, ал қалыптау беті блогының ауданының S,м2 оның көлеміне V,м3 қатынасын-қалыптау бетінің коэффиценті деп атаймыз.

К қалып беті коэф = SV

Қалыпты құрмай тұрып, ең алдымен белгілеу жұмыстарын орындау керек, ол үшін жергілікті ғимараттың осьтері мен реперлері (биіктік белгісін анықтайтын жабдық) анықталып, бекі құралады.

Әдеттегі конструкцияға арналған қалыптарды, демегіш қосымша құрылғыларды және бекітпелерді типтік альбомның чертежі бойынша, ал қарапайым конструкцияларын схемалық чертежі бойынша жасайды.

Биіктігі 20 см-ге дейін жететін текше іргетастың қарапайым қалыбы суретте берілген

2- сурет. Қалыптар және олардың қалай қойылуы

а) 7 тақтайларды осі бойынша іргетас енінің жартысына тең қашықтыққа орнатып, қадалармен бекітеді. Тақтайдың үстіңгі жиегін іргетас бетінің деңгейіне дәл етіп теңестіреді. Еден астына бетон даярлағанда да қалыпты осыған ұқсас етіп құрады.

Іргетас едәуір биік болған жағдайда

б) қалыптың қабырғаларын алдын ала құрастырылған қалқандардан жасайды да оларды тіркеу және сұламалармен бекітеді. Бетон қоспасының қалып қабырғаларындағы бүйір керуі РҚМЕ ІІІ-15-76 сәйкес алынады. Бетон қоспасын нығыздағанда қалыптың қабырғалары қайысып кетпеу үшін қарама-қарсы қабырғаларды ширатылған сыммен тартып, оның жанынан бетон салғанда алып тастауға болатын тірек қояды.

Қабырғалар мен бөлгіш қабырғалардың қалыбы екі тәсілмен тұрғызылады ең алдымен қабырғаның бүкіл биіктігі бойынша бір жағына қалып орнатады, ал екінші жағына арматура тұрғызылған соң қалып құрады. Қабырғаның қалыңдығы 250 мм-ден қалыңдау болса, бетон құйғанға дейін оның екінші жағына бүкіл биіктігі бойынша қалып тұрғызады. Мұндай жағдайда қалыпты бетон қоспасын беретін тесіктер жасалады.

Жұқа қабырғалардың екінші жағына бетондау процесінде кем дегенде 1,5 м ярусты қалып тұрғызылады.

Егер жобада колонна арматураларын дайын қаңқадан тұрғызу көзделген болса, онда колонна қалыптарын қолма-қол әзір тұрған қалқандардан жасалған қораптармен орнықтырады. Қораптың қалқандарын шегелеп бекітеді, шегелердің аралығы 1 м-ден жиі орнатады. Тіктеуіш арқылы қорап қабырғаларының тіктігін тексерген соң қорапты жөрмеуішпен бекітеді. Оның жоғарғы ұшы қорапқа, ал төменгі ұшы бетондағы тығынға шегеленеді.

Арматураны жеке стержіндерден құраған кезде қорап қалқандардың біреуін, ал колоннанаң ені 700 мм-ден асса, екеуін жөрмегішпен алмастырады. Бұл қалқандар қорапқа арматураны байлағаннан кейін қойылады. Қорапқа арматура мен плита қалыбын орнатқан соң сыналарға ағаштан немесе металдан қапсырма құрсаулар салынады.

Қалып пен тіреудің табанын мұқияттап болған соң екі жұмысшы колонналар қалыбындағы рамкалардың ойықтарына прогондар қалыбының бүйірлік қалқандарын орнатып, қыспа тақтайлармен ұстатады, сөйтіп тіреулерді түбегейлі бекітеді. Арқалықтардың қалыбын да осылай орнатады. Арқалықтардың бүйір қалқандарының қырларына доғаланған тақтай төсеніш қағады, оған жобада көрсетілген қашықтыққа дәлме-дәл етіп доға тақтай орнатады. Доға тақтайлардың жоғарғы жиегі арқалықтың бүйір қалқандарының жоғарғы жиегіне бетпе-бет келуі тиіс. Доға тақтайларды фриза тақтайы арқылы бір шегемен бекітеді. Қалыптың қалқандарын фриза тақтайларының арасындағы доға тақтайларға шегесіз орналастырады.

Конструкциялық шешімі қандай екеніне қарамастан, қалыптар мен демегіш қосымша құрылғылар мынадай талаптарға сай болуы шарт:

Қажетті беріктігі, төзімділігі, тұрақтылығы және қаттылығының болуы;

Салынатын ғимарат пішінінің, мөлшерінің және әрбір бөліктерінің өзара дұрыс орналасуын, сондай-ақ олардың кеңістікте дұрыс орналасуын қамтамасыз ету;

Бетондалған конструкцияларды бүлдіріп алмай тез орнатып, бөлшектеу мүмкіндігі;

Арматураны орнатқанда, бетон қоспасын салып нығызданғанда қиыншылықтар туғызбау;

Бетон қоспасын салып, нығыздағанда қалыптан сұйық цемент ағып кетпеуі; жобада бетонның сыртын сылау көрсетілген жағдайда ғана болмаса, ағаш қалыптың бетонмен жымдасатын беті сүргіленген болуы керек.

2.5.2. Құрылыс – монтаж ұйымдарының міндеттері

Құрастыру жұмыстарының өндірісі

Жалпы мағлұматтар

Бір қабатты үймереттер белгілі технологиялық ретімен салынады, ол көлемді-жүйелеу, орнатылатын құрылымдар шешімдеріне, цехтарды пайдалануға беру кезектілігіне, қойылған талаптарына және технологиялық жабдықтарды ертерек мезгілде орнатуды қамтамасыздандыруға байланысты құрастыру жұмысын (өндірісін) жобалағанды айқындалады.

Осыған орай технологиялық жабдықтарды орнату негізінде үш үлгі бойынша ұйымдастырылукы мүмкін:

- үймереттер әлде ғимараттардың жерүсті құрылыстары салынбаған кезде;

- құрылыс-құрастыру жұмыстарымен бірге қатарластырады. Мұндай жағдайда кешенді көтергіш-тасымал құралдары өзара байланысты бағдарлама арқылы, барынша толық екі жаққа бірдей пайдалануға болады;

- үймереттер әлде ғимараттар толық біткен соң арнайы құрастыру механизмі мен құрал-саймандар қолдана отырып, барлық жабдықтарды жинастыру және орнату.

Бір қабатты құрастырмалы өндіріс ғимараттарының құралымдарын құрастыру мамандандырылған тасқын арқылы жүргізіледі де, әрқайсысына тасымалдау, жинақ машина құрамы және лайықты құрастыру жабдықтары беріледі.

Учаскелердің мөлшері есеппен белгіленген олардың әрқайсысының жұмыс көлемі және еңбек сыйымдылығы шамамен бірдей болуы қажет және құрастыру учаскесі ретінде ғимараттардың сызба-нобайындағы ең кіші бөлігі белгіленеді, ол учаске құрылымдарды қажетті технологиялық үздіксіз құрастыруды, қауіпсіздік талабына сай еңбекті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Ғимараттардың жерүсті қатарын салуда құрастырмалы темір-бетон әлде болат құралымдарын құрастыру жетекші процестерге жатады.

Құрастыру жұмысын нәтижелі жүзеге асыру жолдарының бірі – оны басқа құрылыс процестерімен (шатыр жабу, тазалық-техникалық және электр жинақтау жұмыстары, технологиялық жабдықтарды жинақтау, еден салу, әрлеу жұмыстары және т.б.) бірге тасқынды әдіспен жүргізу.

Бір қабатты өнеркәсіп үймереттердің ұстындары, арқалықтары, фермалары, жамылғы тақталары және сыртқы қабырға панельдері негізінде жекеленіп жүзеге асырылады (жеке, бір-бірлеп). Терезелер, күнтартқыштар, кранасты арқалықтар іріленген блоктармен (блокты құрастыру) құрастырылады. Одан басқа құралымдық бөлшектер жазық және кеңістік блоктармен құрастырылады, сонда олар сенімді жинақтық беріктікке ие болады.

Қазіргі құрылыстың дамуында бөлшектерді блоктау прогрестік әдістердің бірі болып саналуды. Бір қабатты өнеркәсіп құрылысында іріленген блоктармен көтеріп құрастыру, тек қана металл салмақ көтеретін жамылғы құралымдарға ғана қолданылуда.

Кешенді (қатар қолданылған) әдісте барлық құралымдарды құрастыру, дәлдеу және бекіту бір тасқынмен үймереттердің бір не бірнеше шектес ұялы бөлігінде жүргізіледі, сонда мықты құрастыру тұрақтылығы құрылады. Бірақ бұл әдіс темір-бетон қаңқалы бір қабатты өнеркәсіп үймереттерді салғанда қолданылмайды, себебі ірге тастың ойығы мен қаңқаның түйіскен жеріндегі бетон белгіленген (70%) беріктігіне жетпей (ол 3-4 күнде жетеді), қаңқаның үстіңгі құралымдарын орнатуға болмайды. Осыған орай әр түрлі құрастырмалы темір-бетон құралымдар салмақтарының айырмашылықтарына қарай бір кранмен құрастыруға да мүмкіншілік болмайды.

Көп қабатты өнеркәсіп үймереттердің құрама құралымдары кешенді әдіспен құрастырылады. Бірақ та кей бір жағдайларда құрастырылған әдісі де қолданылуы мүмкін. Үймереттердің талабына және өлшеміне қарай технологиялық жабдықтарды құрастыруына байланысты, жебелі және мұнаралы крандар үймереттерге қатынасы келесі үлгілер бойынша орналасуы мүмкін: бір немесе крандар бір жағында; екі әлде бірнеше крандар үймереттердің ұзынынан екі жағында: бір немесе бірнеше крандар үймерет салынатын таңбаға (нүктеге) тұрғызылады. Екі және бірнеше крандар істегенде жұмысты қауіпсіз жүргізу үшін құралымдарын құрастыру ретін белгілер, кран жебелерін тұрақты аралықта сақтай шараларын ескеру қажет. Азаматтық-тұрғын үймереттердің жерүсті қабаттары нөлдік цикл жұмыстары аяқталған соң, яғни үймереттердің жерасты қабаттары, коммуникациялар және үймереттердің төңірегіне уақытша әлде тұрақты жолдар салынып болғаннан кейін басталады.

Ауылшаруашылық ғимараттары мен үймереттері пайдалануына байланысты тұрғын-азаматтық және өнеркәсіп құрылыстарының объектілеріне ұқсас салынады. Бірақта ауыл шаруашылығына арналған өнеркәсіп объектілерді, сондай-ақ тұрғын және мәдени-тұрмыс үймереттерді салғанда ауылды жердің ерекше өзгешеліктері құрылысты ұйымдастыру және жұмыс өндірісінің әдісіне өзінше әсер етеді. Ауылшаруашылық құрылысының ерекшелігі объектілердің едәуір бытырап қашықсуы, жол бойы мен қамтамасыздандыратын зауыттардан қашықтығы және жеке объектілердің, басқалармен салыстырғандағы, жұмыс көлемінің шамалылығы.

Негізгі және қосалқы жұмыстар тек құрастыру жұмысының өндіру әдістері белгіленгенде және олардың құрамы белгіленген соң ғана біржола анықталады.

Әр құралымдар элементтерінің санын, олардың құрастыру салмағы мен сыртқы шектік өлшемін анықтай отырып алдымен негізгі жұмыстардың көлемі белгіленеді. Содан соң қосалқы жұмыстардың көлемі анықталады. Оларға кондукторларды, төсеніштерді орнату және орнын алмастыру, бекіту анкерлерін қондыру, қоршауларды орнату және т.б. жатады.

Қосалқы жұмыстардың көлемін анықтағанда көлемін анықтағанда олар элементтерді жинақтау мөлшеріндегі жұмыс құрамына негенін әлде енбегенін ескеру қажет.

Құрастыру жұмыстарын қауіпсіздік өндіру бойынша шарттар

Түсініктемеде және жобаның графикалық бөлімінде құрылыс құрастыру жұмыстарын қауіпсіз тәсілдермен өндіру бойынша мәселелер зерттеліп, шешілуі тиіс.

ҚМЕІІІ-4-80-ге сәйкес құрастыру пландарында және үлгілерінде құралымдардың барлық элементтерін құрастыру зоналарының тектері анықталып және белгілену керек, құрастыру процесінде құралымдар элементтерінің тұрақтылығы және құрастырушылар мен пісірушілердің биікте қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шарттар беріледі, құралымдарды стропылау және ілмектен босату тәсілдері көрсетіледі, биікке кісілер көтеру, қоршаулар, сақтық жазулар, плакаттар орнататын белгілер белгіленеді, құрылыс алаңында өрт қауіпсіздігін қаматамасыз ететін жүйелер анықталады.

Құрылыс – монтаж ұйымдарының міндеттеріне мыналар жатады:

Құрылыс қуаттары мен объектілерін салу және пайдалануға беру жөніндегі тапсырмаларды дер уақытында (нормативтік мерзімдерде) және сапалы орындау;

А)арнаулы құрылыс және монтаж жұмыстары кешенін орындау;

Ә)құрылыс өндірісі технологиясының тиімділігін ұдайы арттыру;

Б)құрылыс өндірісін ұйымдастыруды жетілдіру;

Еңбекті ұйымдастырудың ілгерілемелі нысандары мен әлеуметтік саланы дамыту, тұрақты және оңтайлы еңбек ұжымдарын құру.

Мамандандырылған ұйымдар негізінен біртекті жұмыстардың кешенін – электротехникалық санитарлық-техникалық, жүк және жолаушылар лифтілерін монтаждау, техникалық жабдықтарды монтаждау және т.б. жұмыстарды орындайды. Маманданудың кең қанат жаюы жағдайында, сондай-ақ жалпы құрылыс жұмыстарының кейбір түрлерінде (жер, әрлеу жұмыстары, жұмсақ жабын салу, аумақты көркейту және т.б.) мамандандырылған ұйымдар орындайды.

Сондай-ақ әлеумет-мәдени-тұрмыс, өнеркәсіп, көлік, тұрғынүй құрылысы және т.б. салалар бойынша мамандандырылған ұйымдар да бір-бірінен ерекшеленеді.

Шарттық қатынастардың сипатына қарай құрылыс ұйымдары бас мердігерлік және субмердігерлік болып бөлінеді.

Мамандандырылған және монтаждық (санитарлық-техникалық құрылғы, электротехникалық, технологиялық жабдықты монтаждау, болат, темірбетон құрастырмалары мен телерадио мұнараларын монтаждау және т.б.) ұйымдар, әдетте, субмердігерлік болып табылады.

Бас мердігерлер мен субмердігерлердің арасындағы өзара қарым-қатынас субмердігерлік шарттармен реттеледі. Субмердігерлік жұмыстардың шартына өндіріс жұмыстары технологиясының кестесі, технологиялық және электр-монтаж жабдықтарын монтаждап берудің мерзімдері және т.б. қоса беріледі. Бұдан басқа сметалық құн, жұмыстардың физикалық көлемі және сондай-ақ арнаулы жұмыстарға бағаның босатылуына, кабельдік-сымдық өнімнің, жабдықтың құнының өсуіне, монтаждаушылардың еңбекақыларының өсуіне және т.б. байланысты шығыстардың орнын толтыру айқындалады.

Қала үлгісіндегі құрылыс ұйымдары құрылыс-монтаж жұмыстарынан әртүрлі министрліктер мен ведомстволар (тапсырыс берушілер) үшін, әдетте, қала шекарасының шегінде (ішінде) орындайды.

Мамандандырылған ұйымдар (трестер) республиканың әртүрлі аймақтарында (облыстарында) орналасқан бағыныстағы ұйымдардың жұмыстарына басшылық етеді. Мұндай ұйымдар (трестер) негізінен «Монтажспецстрой» акционерлік холдинг компаниясының қарамағында болады.

Құрылыс ұйымдарының жүйесін аумақтық орналастыру перспективалық тұрғыдан қарастырылуы және өндіріс күштерін орналастыру, сондай-ақ құрылыс индустриясын дамыту сызбасына сәйкес келуі тиіс.

Басқару құрылыстарының үлгілері бойынша құрылыс ұйымдары функционалдық, желілік және құрамдылық болып бөлінеді.

Функционалдық басқаруды қаржы, өндірістік-техникалық жоспарлау және т.б. басқармаларының мамандандырылған органдары жүргізеді. Бұл жүйеде бағыныстылық басқармалардың функциялары бойынша қатаң түрде жүзеге асырылады. Басқарудың желілік құрылымында бір жоғарыда тұрған және бірнеше төменде тұған құрылымдық бөлімшелер болады. Құрамды құрылым дегеніміз – бұл басқарудың әрбір буынында өзінің мамандандырылған басқару органы бар желілік құрылым. Құрылыс өндірісін ұйымдастыру және басқару негізінен құрамды жүйе арқылы жүзеге асырылады.

Жобалау-құрылыс бірлестігі (ЖҚБ), әдеттегідей, бас мердігерлік ұйым болып табылады және өзінің өндірістік-шаруашылық қызметін бірыңғай құрылыс балансында жүзеге асырады: жергілікті табиғи-климаттық жағдайларды және т.б. ескеріп ғимараттар мен құрылыстардың үлгілік жеке жобалары бойынша жобалау жүргізіледі; құрылыс нормалары мен ережелерінің және заң актілерінің өзгерісін және т.б. ескеріп ғимараттар мен құрылыстардың үлгілік жобаларына түзетулер енгізеді; бұйымдар мен құрастырмалар шығару саласында құрастырмалық шешімдердің элементтері, жинақтау, тасымалдау, құрылыс салу, бригадалық және тікелей мердігерлікті ұйымдастыру бойынша жинастырудың барлық сатыларының байланысын қамтамасыз етеді; коммерциялық құрылыс салушылармен (тапсырыс берушілермен), жобалау ұйымдары, сәулет-жоспарлау басқармалары, аудандар, қалалар мен облыстардың әкімдерімен өзара іс-қимыл жасайды.

2.5.7. Майлау жұмыстары туралы жалпы мағлұматтар.

Бүлінуден қорғау, пайдалану кезінде санитарлық- гигиеналық жағдайларды жақсарту және сыртқы түрінің әдемі болуы үшін үй-жайлар мен құрылыстар констукциясының бетін сырмен бояу жұмыстары майлау жұмыстарыдеп аталады.

Сырмен мөлдір де, күңгірт те етіп бояуға болады. Мебельдерді, үй ішіне қойлатын шкафтарды фанерадан және фанерленбей, бағалы ағаш сүрінген әзірленген есік құрылымдарын әрлеген кезде мөлдір лактың жұқа қабатымен бояйды. Мұндай бояуларды табиғи және жасанды смоланың ұшқыш еріткіштердегі ерітіндісі пайдалана отырып алады. Бұл процесс лақтау деп аталады.

Конструкцияның бетін айтарлықтай тартымды етіп бояудың қажеттігі болмаса, сондай-ақ бояудың беріктігін арттырып, конструкцияның бетін атмосфералық зиянды әрекеттен, сыртқы орта әсерінен қорғау қажет болса, пигменттелген күңгірт сырмен бояйды. Бояудың бұл түрі сырлаудеп аталады.

Түрлі түсті ұнтақты – пигментті үйірілткішпен араластыра отырып, бояу алуға болады. Үйірілткіштің қолданылуына қарай бояудың сулы, майлы немесе синтетикалық түрлерінің болуы мүмкін.

Сырлау жұмыстарының технологиясы

Заттың сырланатын бетін алдымен дайындап, өңдейді де соңынан сырлайды. Зат бетін дайындап, өңдеу мен сырлау процестерінің саны мен жүйелілігі зат бетінің түріне, бояу құрамының сулылығы мен сусыздығына және сырлау жұмыстарының категорияларына байланысты.

Сырлау жұмыстарының категориялары үйлердің немесе құрылыстардың не үшін арналғандығына, сондай-ақ сырлауға қойылатын талаптарға байланысты болады. Осыған байланысты сырлау мынадай түрлерге бөлінеді:

Жай сырлау, бұл қосалқы, қоймаға арналған және басқа да қосымша үй-жайлардың, сондай-ақ уақытша құрылыстардың бетін сырлауға қолданылады;

Жақсарта сырлау, бұл тұрғын, азаматтық және өнеркәсіптік үйлер мен ғимараттарды әрлеуге арналады;

Жоғарғы сапада сырлау, бұл клуб, театр, вокзал, әкімшілік және басқа да қоғамдық мақсаттағы күрделі құрылысты үйлер мен ғимараттардың негізгі үй-жайларын, сондай-ақ проектіде бекітіліп, арнайы нұсқау берілген жағдайда әрлеу кезінде қолданылады.

Сырлау түрі неғұрлым оңай болса, зат бетін даярлап, өңдеу де , сырлау да соғұрлым жеңіл болады.

Сырлау жұмыстарына арналған машиналар, аппараттар, аспаптар мен жабдықтар

Жайлардың ішін сырмен әрлеудің барлық түрлері 10ºС – ден төмен температурада орындалады. Материалдардың түрлеріне байланысты негіздерге әр түрлі қажетті ылғалдылық белгіленген: мысалы, бетон мен гипс үшін-8%-тен, ағаш-12%-тен аспауы керек. Өндіріс жағдайларында, әсіресе көктем мен күзде негіздердің ылғалдығы көбінесе айтарлықтай, жоғары, ал жайлардағы ауаның температурасы қажетті мөлшерден төмен болады. Әрлеу жұмыстарының өндіріс қарқынын сақтау, сондай-ақ әрлеу жоғары сапада болуы үшін жайларды жылытып, кептіреді.

Жылыту мен кептіруге арналған агрегат түрін таңдау кезінде оның өнімділігі, тиімділігі, пайдалану және қолдану қауіпсіздігі ескеріледі. Бұл талаптарға жылжымалы 1-ТКМ-2 бу қазан қондырғысы және салынып жатқан үйдің жылу жүйесіне ыстық су беруді қамтамасыз ететін су ысытатын жылжымалы қазан, салынып жатқан үйдің тікелей ішіне жылы ауа беретін УТ-130 және моторлы МПМ-85 К қыздырғышы, үстіңгі беттердің жекелеген учаскелерін кептіру үшін пайдаланылатын ОП-2 және шамды сәулелендіргіш жауап береді.

Газбен жылытылатын 1-ТКМ-2 бу қазанының құрал-жабдықтары ОВД-1/3 жүйесінің су ысыту қазанына, кабиналы рампадан және қазанның қосалқы жабдықтарынан тұрады. Қазан газ жаққандағы өнімділігі 140 м³/сағ, төмен қысымды араластырғыш жанарғымен жабдықталған. Жануға қажетті ауа жанарғыға желдеткіш арқылы беріледі. Ыстық су айналыс жасауы үшін бу қазанына екі желілі насос орнатылады.

Сулы бояумен сырланатын зат бетін дайындап, өңдеу.

Зат бетін дайындау кезінде мыналар қарастырылады: зат бетіндегі шаңды, ерітіндімен ластанған жерлерді, сондай-ақ толық құрастырылған құрылыста бұлардан басқа серпянка (матаның түрі) немесе дәке желімделген жерлерді, төбеге, қабырғаларға және бөлгіш қабырғаларда жасалған шкафтардың жапсарлас жерлерін, қол сияқты гипсті бұйымдардан және плиталардан жасалған бөлгіш қабырғалардың шығыңқы бұрыштарын (усенкаларды) алдын ала тазартады.

Жай сырланатын зат бетін өңдеу бір ғана грунттеуден құралады. Кейде сылақ жүргізілген зат бетіндегі олқылықты түзету үшін жарылған жерлерді қосымша сылай отырып, соңынан ажарлап, грунттеуге тура келеді. Зат бетін сабыны бар қара сылақ құрамын қолдана отырып краскопульт қармақшасымен грунттейді. Жарылған жерлерді алдымен алымды шөткемен грунттейді де жаппай грунттей отырып сылайды. Сылауды қалақшамен жасайды, ол үшін қалақшаны көлденең қозғап, жарылған жерлерді тығындама жағып толтырады. Қалақшаны жарылған жерді бойлай жылжыта отырып, бітелген қабатты тегістеу арқылы сылауды аяқтайды. Сылаған кезде жағылған қабат аса қалың болмай, жұқа (сыдырма) болуы керек. Сылау кепкен кезде оны № 8 – 12 абразив қағаздарды пайдалана отырып, қалыппен немесе топсалы үккішпен ажарлайды.

Сыланған жерлерді жаппай грунттеуден бұрын шөткемен грунттеп алу қажет, өйткені ол жерлер грунттелмей қалса, бояу құрамы білеуленіп, тарамас тәрізденген бұдырлар пайда болады. Қармақшамен грунттеу үшін сабыны бар нейтрал немесе сабыны бар ізбесті қара сылақтар қолданылады. Тотияын, ашутас, сазбалшықты тек алымды шөткемен жағып қана грунттейді.

Майлы бояумен сырланатын зат бетін дайындау және өңдеу.

Жаңа сылақтан өткізілген бетті майлы бояумен сырлауға сулы бояумен сырлағандай етіп дайындайды, бірақ мұнда басқа құрам қолданылады.

Майлы бояумен сырланатын зат бетін өңдеуге арналған құрамды даярлау. Қара сылақ пен тығындамаға арналған құрамдарды даярлау кезінде рецепте көрсетілген құрамдас бөліктердің барлығын енгізген дұрыс, сонда сыр жақсы жұғып, жағылған қабаты берік болады.

Даярлау әдістері:

1. қара сылақ және тығындама құрамдарына (№ 5 және 6) жұмысқа жарамды қоюлыққа дейін бор қосылады.

2. № 1 құрамды құрғақ пигментке олифті араластыра отырып дайындайды.

3. № 2 және 3 құрамдарды қою езілген сырға олифті араластыра отырып дайындайды. № 2 құрамға қосымша еріткіш қосады.

4. № 5 құрамды олифке мал желімінің ерітіндісін біртіндеп құя отырып, құрамды ұқыпты түрде араластырып, алдын ала майлы эмульсия даярлау арқылы жасайды. Дайын болған эмульсияға ұнтақталған, еленген бор араластырады.

5. №6құрамды олифке еріткіш пен сиккатив, сабыны бар желімді ерітіндіні біртіндеп құйып, құрамды ұқыпты түрде араластыру арқылы алдын ала майлы эмльсия даярлай отырып жасайды. Алынған эмульсияға ұнтақталып, еленген бор араластырады.

6. № 1, 2 және 3 құрамдарды № 0,25 – 0,2 (1см-та 694 және 918 тесіктері болатын )елеуіш арқылы сүзеді.

7. № 4, 5 және 6 құрамдарды бояу үккішпен үккілейді.

Сылақ жүргізілген бетті өңдеу дегеніміз олифтеу, жарылған жерлер мен басқа ақауларды сылау, категориясына байланысты бір рет, екі рет немесе үш рет бітеу және сыланған жерлер мен әрбір бітелген қабатты ажарлау.

Олифтеуді олифке аз мөлшерде құрғақ пигмент қосу арқылы жасайды. Заттың беті үлкен болса, қол бояу немесе массасы 200 – 300 г алымды шөткемен, көлемі шағын болса, сапты шөткемен олифтейді.

Қол бояу шашқышпен жұмыс істегенде зат бетіне құрамды алғашқысын 2- 3 см басып жататындай етіп параллель жолақтар сала жүргізеді. Ауа қысымы 0,15 МН/ м (1,5 кг/ см) кезінде ерітіндіні шашырандысын жалпақ шоғырмен шашып олифтейді.

Екі колердің шектескен жерінде бөлгіш сызғышын шектесу сызығына дәл орналастыра отырып жұмыс істейді.

Металдан жасалған зат бетін сырлауға дайындағанда (жылыту жүйесінің түтіктері мен радиаторлары, газ және су құбырларының түтіктері, торлар, сатылар мен балкон қоршаулары) ерітінді шашыраған, тот басқан жерлерді болат шөткемен тазартады.

Металл конструкциялы зат бетін тазарту соңынан дереу ұқыпты түрде зат бетіне қара сылақ құрамын жаға отырып өңдеу керек. Бұл металды дайындау соңынан іле-шала пайда болатын тоттан сақтандырады. Грунттеу үшін табиғи олиф немесе пигмент, әдетте темір суригі, ерітіп құйылған <оксоль> қолданылады. Заттың беті үлкен болса, қара сылақ құрамын массасы 200-300 г алымды шөткемен, валикпен және бояу шашқышпен, ал көлемі кішкене болса, сапты шөткелермен грунттейді. Шөтке және валикпен жағылатын құрамның тұтқырлығы ВЗ- 4 вискозиметрі бойынша 30-40 с, ал қол бояу шашқыштыкі 22-25 с болады.

Құрылысқа арналған металл бұйымдар мен конструкциялар әдетте бітелмейді. Егер орындау қажеттігі туа қалса, онда ағаштан жасалған бұйымдарды өңдегендегідей құрал-саймандар мен тәсілдерді қолданып барып бітейді. Құрғақ үй-жайлардың ішкі жағын әрлеу үшін желімі бар тығындамаларды, ылғалдылығы жоғары үй-жайлардың сыртқы және ішкі жақтарын әрлеу үшін май қосылған тығындамалар қолданылады.

Сулы және сусыз құрамдарды жағу.

Шөткелер мен валиктер. Қолдан сырлағанда шөтке, кішкене және үлкен сапты шөткелер: флейцалы шөтке, макловицалы шөтке, мехтан және поролоннан жасалған валиктер қолданылады. Шөткелер қылының қалыпты тозуы және өнімді жұмыс істеуі үшін оларды орап байлаудың маңызы зор. Жаңа алымды шөтке мен сапты шөткені кесілген жіппен орып байлау керек: егер сулы бояу болса – 40%, сусыз бояу болса – 30% ұзындықта шөтке қылын кеселген жақпен орау керек. Шөткені орап байлаудың барысы, ал орап байланбаған, орап байланған және жұмыс істеуге даяр шөткелердің конструкциясы 122 – суретте көрсетілген.

Шөткелерге қарағанда мехты және поролонды валиктермен екі есе артық жұмыс істеуге болады. Валикпен жұмыс істеу үшін артық бояуды сығуға арналған биік кенерлі және торланған қаңылтыр таба және шелек болуы қажет.

Шөткелер мен валиктерді күтіп ұстау. Жұмыс аралығында аз үзіліс болған кезде бояу құрамының артық мөлшері сығып, шөткелерді суы бар ашық ыдысқа немесе тордың үстіне немесе еріткішібар жабық ыдысқа іліп қояды.

Үзіліс ұзақ уақытқа созылса, сулы бояудан кейін жібі шешілген шөткені, валиктерді сумен жуады, ал сусыз бояу болса, еріткішпен және ыстық сумен жуады.

Алымды шөткелер мен сапты шөткелерді кептіріп, сақтау үшін қылын жоғары қаратып, тапшандарға қояды, макловицаларды іледі немесе оларды да қылын жоғары қаратып қояды, ал валиктерді тапшандардың қоспаларынан бұрғыланып тесілген тесіктерге сабымен шаншып қояды.

Сырлауға арнап сулы желімді құрамдарды даярлау. Құрғақ пигмент пен борды суда ерітіп, оның түсін рецепке орай таңдап алады. Түсіне қарай іріктеліп алынған 25 проценттік мал желімі немесе сол концентрацияға сәйкес келетін желім құрамасымен (мал желімінің 1 бөлімі мен желімінің 3 бөлімі ) желімдейді.

Түсі біркелкі құрам өте көп мөлшерде қажет болса, түсті пастаны жұмыс көлеміне жетерліктей етіп дайындап, оның қажетті бөлігінен 1-2 күнде желімдік зат жасайды.

Шөтке, валик және краскопультпен сырланған кезде құрал-саймандардың қозғалу бағыты шөткемен жүргізілген бояу ізі және валик пен краскопульт қармақшасы форсункасының бояулы жолақтарының бір-біріне шектес қосылысқан жері көзге аз байқалатындай болуы керек. Сондықтан төбені сырлаған кезде бояу жолақтары жарық ағымына параллель ( терезе ойығынан түскен жарыққа ), ал қабырғаларды сырлағанда – вертикаль болып келуі қажет.

Майлы бояулар ерекшелігіне қарай жылтыр және күңгірт болып екіге бөлінеді. Жылтыр майлы бояу берік қабат түзетін болғандықтан конструкцияны ауа әсерінен қорғап қалу үшін үнемі қолданылады. Күңгірт майлы бояулар көбінесе декоративтік мақсатқа пайдаланылады, сондықтан үй-жайлардың ішін сырлаған кезде қолданылады.

Зат бетіне жағылатын лай қабатының мөлшері сылақтың түріне байланысты болады:

Қарапайым сылақ екі рет сыланады-бүрку және кейін тегістелетін қалың сылау қабаттары;

Жақсартылған сылақ үш рет сыланады-бүрку, қалың сылау және жұқа сылақ қабаттары;

Қолмен бүрку үшін консистенциясы 8-12 см едәуір сұйық лай, ал қалың сылау үшін стандарттық конус бойынша консистенциясы 7-8 см лай қолданылады. Бүрку қабатының қалыңдығы ағаш дене бетін сылағанда кем дегенде 9 мм (дрань қаптаудың қалыңдығына қоса есептегенде ), ал тас, бетон және кірпіш дененің бетінде 5 мм болу керек. Әрбір қалың сылау қабатының қалыңдығы ізбес және ізбесті-гипст жайды пайдаланғанда 7мм-ден цемент ерітіндісін пайдаланғанда 5 мм-ден аспауы шарт. Наметтің жалпы орташа қалыңдығы қарапайым сылақта 12 мм-ден, жақсартылған сылақта 15 мм-ден аспайтын болсын.

Сылақ наметтінің әрбір келесі қабатын, лайда гипс немесе цемент болса, тек алдыңғы қабат ұстасқан соң ғана, ал ізбесті лай болса алдыңғы қабатты әктегеннен соң ғана жағу керек.

Әрлеу қабатын - жұқа сылақты тұтқыр заты көп, неғұрлым сұйық лаймен жүргізеді.оның консистенциясы стандарттық конус бойынша 9-10 см. Жұқа сылақтын жағылғаннан кейінгі қалыңдығы 3-4 мм болады, ал ыспалау немесе тегістеу арқылы нығыздаған соң 2 мм-ден аспайды.

Бүрку және қалың сылаққа мөлшері 0,3-тен 2,5 мм-ге дейінгі, ал жұқа сылаққа 0,3-тен 1,2 мм-ге дейінгі шекте толтырғышы болатын ерітінділер қолданылады.

Сылақ лайын даярлау. Пайдалану мақсатына, сылақ жүргізілетін зат беттерінің түрі, пайдалану жағдайларына қарай құрамындағы заттардың арақатынасы әр алуан, әрлеу жұмысына қажетті беріктік беретіндей тиісті тұтқыр заттары бар ерітінділер қолданылады.

Жұмыс ауқымы үлкен болған жағдайда цемент және ізбес ерітінділерін орталықтандырылған әдіспен ерітінді заводтарында дайындап, құрылысқа жеткізеді. Ізбес ерітіндісіне тез ұстасатын қосындыларды – гипсті жұмыс орнында қосады.

Жөндеу жұмыстарының ауқымы онша үлкен болмаған жағдайда сылақ лайын көбінесе жұмыс орнында дайындайды, бұл үшін ізбес қамыры мен құм қосқан цементке су құйып, лай иелгішпен араластырады.

Кейде (жөндеу жұмыстарының көлемі аз болғанда ) лайды шағын мөлшерде даярлау қажет болады. Мұндайда ізбес ерітіндісін сылақ жәшігінде даярлайды, оған өлшеп алған ізбес қамырын салып, үстіне қажетінше су құяды. Ізбес суы пайда болғанша ізбесті араластыра отырып, өлшеп алған (көлемі бойынша) құмды тиісті бөлігіне қарай салады да ерітіндіні кельмамен үздіксіз араластырады. Сылақтың әр қабатына қажетті сылақ лайы консистенциясының әр түрлі болатынын ескере отырып, ерітіндінің ширақ-тығын қажетті мөлшерде су құя отырып, реттейді.

Ерітіндінің консистенциясын анықтағанда әуелі стандартты конусты пайдаланған жөн. Кейінірік, дағдыланып алғаннан соң, ерітіндінің консистенциясын кельма алақанынан тамған ерітіндіге қарап-ақ анықтай береді.

Оқып үйрену үшін саз ерітінділері лай ретінде кең қолданылады, өткені олардың созымдылығын су қосып оңай қалпына келтіруге болады.

Зат беттерін қолдан сылағанда мұндай құрал-саймандар пайда-нылады: сылақ лайын лақтыра салғанда – ожау, қалақ, металл немесе ағаштан жасалған тік тұтқалы тұғыры бар кельма; тегістегенде үлкен немесе кіші жартылай майдалағыш, құрсаулы түзеткіш; ішкі және сыртқы бұрыш-тарды әрлегенде-ішкі және сыртқы бұрыштарды әрлеуге арналған жартылай майдалағыштар заттың тегіс беттерін әрлеу үшін ағаштан жасалған тегіс майдалағыш және кейіз, поролонды, жиынтық майдалағыштар, сондай-ақ металдан жасалған үлкен және кішкене тегіс майдалағыштар қолданылады. Жұмыс көлемі шағын болғанда немесе тар үй-жайларда – ванналарда, кілеттерде және т.б. зат беттерін сылағанда сондай-ақ жөндеу жұмыстары кезінде сылақ лаймен қолдан сылайды.

Еңбекті қорғауға жауапкершілік

Біздің елімізде еңбеккерлердің еңбегін қорғауға барынша көңіл бөлінген. Мемлекет бұған қаржы аямауға тиіс. Әр өндірістегі жұмыскерлер кең көлемде арнаулы киіммен. Аяқ киіммен қамтамасыз ететін жеке тұлғаны қорғау қауіпсіздік техникасының ең сенімді құралдары енгізілуде, өндірістік жарақат алу мен кәсіби ауруларды кәсіпорындарда санитарлық-гигеналық жағдайлар жақсартылуда.

Құрылыс жұмыстарында еңбекті ұйымдастыру көп ерекшеліктерге ие. Бір орында орналасқан өндірістіктерден айырмашылығы құрылыс жұмыстары әртүрлі жерлерде әртүрлі климаттарда жұмыс жасайды. Құрылыс жұмыстарында электро энергиясында қолданылады, бұл үшін еңбек қауіпсіздігі жөніндегі білім қажет. Құрылыс жұмыстары негізінен ашық далада жүреді. Ауа райының қолайсыз жағдайлары, құрылыс машиналар гүрілдері бұлардың бәрі еңбек қауіпсіздігін туғызуы мүмкін.

Құрылыс жұмыстарын орындау барысында ең біріншіден қауіпсіздік техника нұсқаулығымен танысу қажет. Құрылыс жұмыстарында көптеген құрылыс материалдары адам деп-саулығына зиян алып келуі мүмкін. Жұмысқа тұрар алдында нұсқаулықпен танысып оларды орындау керек. Құрылыс бастамар алдында сол құрылысқа лайықты арнайы жұмыс киімін киіу керек. Әр жұмыс басталар алдыңда қауіпсіздік техникасы оқылады, соны мұқият тыңдап орындау қажет. Сылақ жұмыстарында арнайы құралдармен жұмыс істеуді ең біріншіден қалай істейтін біліп барып істеуге болмайды. Және де жұмыс істейтін орнында артық құрал материалдар, құрал-саймандар болмауы керек, оларды арнайы қоймаларға қойылуы керек.

Құрылыс машиналар мен жұмыс істегенде де техника қауіпсіздігін сақтау керек.

Қорытынды

Еліміздің өркендеуі мен дамуының ең басты себебі қазіргі кезде құрылыс нысандарын көптеп салу болып отыр. Құрылыс жұмыстары-жер қалып, арматура және бетон жұмыстарынан тұратындығы туралы жоғарыда айтып кеткен едім. Құрылыстың күрделілігіне байланысты темір-бетон, құрастыру, әрлеу, сырлау және т.б. процестерге бөлінеді.

Өзімнің өндірістік практикамды «Темир- Строй Сервис и Ко» құрылыс компаниясында өткіздім. Осы компанияда практикада болған кезімде құрылыс нысанында жүргізілетін барлық жұмыстардың соның ішінде жер жұмысынан бастап, нысанды аяқтауға дейінгі кезеңде өзім бәрін көріп, сол жұмыстарға тікелей араласып, алған білімімді практика жүзінде шыңдадым. Менің өзіме түйгенім: Практика барысында көптеген тәжірибе жинақтадым, колледжде алған теориялық білімімді практика барысында пайдаландым ол маған біраз көмек берді.

Мен өзімнің осы колледждегі алған теориялық білімімді практика барысында іс жүзінде көріп,білімімді бекіттім.

Еліміздің өркендеуі үшін Қазақстан Республикасының әртүрлі инфрақұрылымдық дамыту жобаларын іске асыру үшін мен сияқты өміршең жас мамандар көптен қажет деп ойлаймын және де өз үлесімді жігер-қайратымды барынша аямай жұмсаймын деп сендіремін.

Техника қауіпсіздігі

Құрылыс мекемесінде ең алдымен жұмысқа кіріспей тұрып техника қауіпсіздігіне жауапты инженер, қауіпсіздік техникасы ережелерімен жұмысшыны таныстырып және онымен танысқандығы, сол құрылыс нысанындағы жұмыс орнындарына қатысты техника қауіпсіздігі ережесін сақтаймын деп қол қояды, арнайы ТҚЕ-сін сақтауға арналған тіркеу журналдары болады. Қандай да апатты жағдай болған жағдайда немесе жұмысшы танысқан ережелерін сақтамаса өзі жауапты болады. Сондай-ақ техника қауіпсіздігі ережесі климат жағдайын да ескере отырып жасалуы тиіс.

Қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі шараларды, сонымен бірге қауіпсіздік техникасы нормалары мен ережелердің және еңбекті қорғау жөніндегі заңдардың орындалуын бақылауды іске асыратын тікелей басшы, өзге міндеттерден босатылған, қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер (аға инженер) болып табылады.

Аға инженердің (инженердің) еңбек қауіпсіздігі мен тазалығы мәселелеріне қатысты барлық бұйрықтары міндетті түрде орындалуға тиіс. Егер оның қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулары бұзылатын болса, ол кінәлі адамды жауапкершілікке тарту жөніндегі басшылыққа ұсыныс жасайды.

Қауіпсіздік техникасына жауапты адам өндірістік учаскелердің жетекшілері және кәсіподақ ұйымдарымен бірлесе отырып еңбек жағдайын жақсарту, өндірістік жарақат алу және кәсіби ауруға шалдығу себептерінің алдын алу жөніндегі күнделікті және перспективалық шараларды іске асырумен шұғылданады, жұмысшылар мен инженер-техникалық қызметкерлердің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы мәселелері бойынша оқуын ұйымдастырады. Өндірістік жарақат алу мен кәсіби ауруға шалдығуды есепке алады, әрі талдайды, жаңадан қызметке алынған қызметкерлерге кіріспе нұсқау беруі керек.

Құрылыстарда өрт қауіпсіздігін алдын алу

Өрт-бұл адам өміріне қауіп төндіретін және материалдық шығынға ұшырататын жану құбылысы кәдімгі жағдайда, яғни жанатын заттармен материалдар ауада жанған кезде оттегімен реакцияға түседі. Жану көзі жанатын заттардың оттегіндегі тұтануы әр қандай дене тұтану көзі бола алады.

Құрылыста өрт болмауы үшін жанғыш материалдар, күн сәулесімен еретін заттарды қоймаларда сақтау керек, сонда біз өрт қауіпсіздігін ұстаймыз.

Өрт көптеген жағдайда күтпеген жерлерден болуы мүмкін. Құрылыс машиналардың токтары бір-біріне тиіп өрт пайда болуы мүмкін, немесе құрылысқа жүргізілген электор көзі үзіліп жанғыш құрылыс материалдарына тиіп өрт көзі пайда болу қаупін ескере кеткен жөн. Осы жағдайлар болмау үшін көптеген қауіпсіздік жүргізілу керек. Құрылыс машиналарымен жұмыс істеп болғаннан кейін міндетті түрде оларды өшірілуін бақылау керек. өрт қауіпсіздігін болдырмау үшін олардың өз ережелері бар, сол ережелермен міндетті түрде танысып оларды орындау керек.

Источник: портал www.KazEdu.kz

Каталог учебных материалов

Свежие работы в разделе

Наша кнопка

Разместить ссылку на наш сайт можно воспользовавшись следующим кодом:

Контакты

Если у вас возникли какие либо вопросы, обращайтесь на email администратора: admin@kazreferat.info