Қиярдың шығу тарихы, әлемде және Қазақстанда өсірілетін көлемі

Узнать стоимость написания работы

Қазақстан Республикасының Ауыл Шаруашылығы Министрлігі

 

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

 

 

 

мамандығы – «»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2016

Қазақстан Республикасының Ауыл Шаруашылығы Министрлігі

 

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

 

Агрономия факультеті

 

\ кафедрасы

 

 

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі, профессор

_______________

«___ » ____________ 2016 ж

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

Тақырыбы: «»

 

мамандығы – «»

 

 

Орындаған:

 

 

 

 

 

Ғылыми жетекшісі:

А.ш.ғ.д., профессор

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2016

 

Мазмұны

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

 

АНЫҚТАМАЛАР

 

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

 

КІРІСПЕ

4

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

6

1.1 Қиярдың шығу тарихы, әлемде және Қазақстанда өсірілетін көлемі.

6

1.2 Қияр дақылының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.

8

1.3 Қиярды ашық жерде өсіру технологиясы.

18

1.4 Қазақстанда өсірілетін қияр сорттары.

28

1.5 Қиярдың зиянкестермен және аурулармен күресу.

31

2 ЗЕРТТЕУ ЖАҒДАЙЫ, НЫСАНЫ, ӘДІСТЕМЕСІ МЕН БАҒДАРЛАМАСЫ

32

2.1 С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғылыми зерттеу кампусында дақылдардың егіс көлемі, құрылымы және техникамен қамтамасыз етілуі

32

2.2 Аймақтың ауа райы жағдайы, климаты

35

2.3 Шаруашылықтың топырақ – климаттық жағдайы

40

3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

 

3.1 Қиярды көшетін өсіру

41

3.2 Өндірісте өсірілген қиярдың агротехникасы

41

3.3 Өнімнің қалыптасуы

45

3.4 Қияр дақылы сорттарының биометриялық көрсеткіштері

46

3.5 Қиярды пісіп жетілу кезеңдерінде жинау және жемістерді сақтау

47

3.6 Өндірістік тәжірибеде өсіріліп зерттелген сұрыптар туралы сипаттама.

47

4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІК

51

5 ЕҢБЕК ҚОРҒАУ

52

6 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

56

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

60

 


АНЫҚТАМАЛАР

Бұл дипломдық жұмыста келесі анықтамаларға сәйкес терминдер қолданылған:

Агротехника– ауылшаруашылық дақылдарын өсіру тәсілдерінің жүйесі. Оған ауыспалы егіс, топырақ өңдеу, тыңайтқыштар беру, себуге тұқымдарды дайындау, егу және отырғызу, өсімдіктерді күтіп-баптау, зиянкестермен, аурулармен және арамшөптермен күресу, өнімді жинау жатады.

Ауа ылғалдылығы – пайызбен өлшенетін ауадағы су буының мөлшері. Ауыспалы егіс – ауылшаруашылық дақылдары мен парлардың ғылыми негізде егіс танаптарында белгілі уақыт аралығында алмасып отыруы.

Биоагент (биологиялық күрестің агенті) – зиянды организмдермен биологиялық күресте қолданылатын пайдалы жәндік.

Вегетациялық кезең – өсімдікке толық даму циклінен: тұқымның өнуінен өнімді жинағанға дейін өту үшін қажет мерзім.

Вегетациялық суару – ауылшаруашылық дақылдарын вегетациялық кезеңде жүргізілетін суару.

Диапауза (үзіліс) – жануарлар мен өсімдіктерде тыныштық кезеңі, қолайсыз жағдайларда зат алмасуы төмендеп, тіршілік ету қабілеті сақталады.

Өнімділік – жиналған өнімнің жалпы көлемін айтамыз.

Топырақ ылғалдылығы – топырақ құрамында әртүрлі мөлшерде болатын ылғал.

Тамшылатып суару – суару әдісі, өсімдік тамырына тамшылатқыш-түтікшелердің көмегімен аздап су беріледі.

Экономикалық тиімділік – жұмсалған еңбек пен шаруашылық істің нәтижесінің арасындағы қатынаспен бағаланатын өндірістің нәтижелілігі.

 

 


БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

м – метр

см – сантиметр

мм – миллиметр

ш.м – шаршы метр

га – гектар

млн – миллион

м/сек – метр/секунд

мг – милиграмм

г/л – грамм/литр

т/га – тонна гектарына

ц/га – центнер гектарына

°С – градус,цельсия

N – азот

P – фосфор

K – калий

ЭЗШ – экономикалық зиянды шегі

ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

ҒЗИ – ғылыми-зерттеу институт

МҮҚ – мемлекеттік үлгіқалып

КСРО – Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы

 

 

 

 

 


КІРІСПЕ

«Қазақcтан 2050» ұлттық cтpатeгияcы жәнe «Агpобизнec 2020» бағдаpламаcына cәйкec, Қазақcтанның агpоөнepкәcіптік кeшeнінің алдында жаңа тeхнологиялаp eнгізу eceбінде шаруашылықтарда өсірілетін экологиялық таза өнімдepді өндіpу міндeті тұp [1].

Әлемдік азық-түлік нарығының көшбасшысы болу және ауыл шаруашылығы өндірісін арттыру үшін бізге мыналар қажет: Егістік алаңын ұлғайту. Мұндай мүмкіндік барлық елдерде бірдей жоқ екенін атап өтемін. Егістік түсімін, ең алдымен жаңа технологиялар енгізу есебінен елеулі көтеру қажет. Біз экологиялылыққа баса назар аудара отырып, ұлттық бәсекеге қабілетті брендтер құруға тиіспіз. Нәтижесінде мен агроөнеркәсіптік кешеннің алдына - экологиялық таза өндіріс саласындағы жаһандық ойыншы болу міндетін қоямын.

Мeмлeкeт өcімдік шаpуашылығы өндіpіcін дамытуға жәнe импоpт көлeмін төмeндeтугe баpлық қажeтті жағдай жасауда. Қазіpгі таңда pecпубликада көкөніc-бақша өнімдepін балғын жәнe өңдeлгeн түpдe тұтыну көлeмі жылына шамамeн 3,2 млн.т құpайды. Оның ішіндe, импоpттың алатын үлecі шамамeн 6% [2].

Көкөніс шаруашылығы – көкөніс өсімдіктерін өсірумен айналысатын ауыл шаруашылық саласы, оларға мысалы, бақшалық дақылдар – қарбыз, қауын, асқабақ жатады. Көкөніс шаруашылығы ашық немесе жабық жерлік болуы мүмкін, ол топырағына байланысты болады. Көкөніс шаруашылығының ашық түрінде көктемгі жазғы және күзгі мезгілдерде көкөністік дақылдарды өңдейді, жабық топырақта— маусымнан тыс кездері көкөністерді өсіреді, ол кезде климаттық жағдайлар бойынша егістіктерде көкөніс өнімін және ашық топырақ үшін көшетті екпелерді алу мүмкін болмайды.

Көкөніс шаруашылығының ерекшелігі көшет отырғызу әдісін жаппай қолдану, сонымен қатар, өсімдіктерді аяғына дейін өсіру және шығару саналады.

Қияр дақылында адам ағзасының ас қорыту жүйесін реттейтін, асқазан сөлінің қышқыл-сілтілі ортасын бейтараптандыратын дәрумендер мен минералды тұздар өте көп болады. Жаңа піскен жемістері, әсіресе бүйрек ауруларының бастапқы кезеңінде, өт шығару жолдарында тұз шөгінділерінің

түзілуі барысында аса пайдалы. Қияр жемісі асқазан сөлінің қышқылдылығы жоғары адамдарға пайдасы зор [3].

Жұмыстың мақсаты: «С.Сйфуллин атындағы Қазақ агротехникалық кампусы» жағдайында қиярды көшетпен өсіру технологиясы.

Жұмыстың міндеті:

Ақмола облысының құрғақ далалы аймақтық жағдайында өсірілген қияр соттарының өнімділігін бағалау. Қияр сұрыптарын көшетпен өсіру технологиясынын ерекшеліктерін анықтау. Қиярды көшетпен өсірудің экономикалық тиімділігін бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

 

 

1.1 Қиярдың шығу тарихы, әлемде және Қазақстанда өсірілетін көлемі

 

Осы бөлімде әдеби дерек көздеріне шолу мен талдау жүргізу кезінде таяу және қиыр шет елдерінде, сондай-ақ Қазақстанда жарияланған мәліметтер көрсетілген. Сонымен қатар, зерттеу бағыттарын таңдау барысында мерзімдік ғылыми басылымдар, монографиялар, кітаптар, ғылыми еңбектер жиынтығы, конференция материалдары, ұсыныстар, тақырыптық топтамалар, интернет-қоры материалдары және басқа да дереккөздері талданған.

Қияр – әлемде ең көп таралған көкөніс дақылдарының бірі. Гректер қиярды «аорос» деп атаған. Пісіп жетпеген жемістері тағам ретінде қолданылғандықтан, бұл сөз «піспеген» деп аударылады. «Аорос» сөзі бірте-бірте «аугурос» сөзіне ауысып, орыс елінде «огурец» (қияр) деп өзгертіп айтылды [4]. Үндістанда ежелгі мекені болып саналатын қиярды 3 мың жыл бұрын өсіріп бастаған. Қытайда қиярды өсіру біздің дәуірімізге дейін II ғасырда басталған. Біздің дәуірімізге дейін бірнеше жыл бұрын Мысыр елінің ғибадатхана қабырғаларында құрбандыққа шалынғандар арасында жемістері суреттелген қияр басқа асқабақ өсімдіктерімен өсірілгені анықталды. Сондай-ақ, ХІІ династиясының (б.д.д. 2000-1788 жж.) мазарларын қазу кезінде тасқа айналған қияр қалдықтары табылды [5, 6]. Бұл дақыл Ежелгі Рим, Ежелгі Грек және Месопотамияда да белгілі болған. Көне заманда қияр айтарлықтай кең таралған. Теофраст (б.д.д. 372-288 жж.), Диоскорид (б.д.д. 50 ж.), Марциал (б.д.д. 40-102 жж.) көне авторлары өздерінің шығармаларында қияр туралы бірнеше рет атап өткен. Бұл дақылдың сипаттамасын ежелгі римдік жазушы және агроном Колумнелланың (б.д.д. 60 ж.) 12 томдық ауылшаруашылық энциклопедиясында табуға болады. Ол биологиялық ерекшеліктерінен басқа, өсіру технологиясын да толығымен жазған. Мысалы, Колумнелла шақпақ таспен жабылған көшетханаларда өсірілген қиярды жыл бойы Тиберия императорының үстеліне берілгенін жазған. Сондай-ақ, ол қиярдың Африкада кең таралғандығын ескертеді [7]. Батыс Азия (Иран, Ирак, Туркия, Сирия) елдеріне қияр 3000 жылдан аса бұрын келген. Арабтарға бұл өсімдік біздің дәуірімізге дейін кем дегенде 300-200 жыл бұрын белгілі болды. Ол туралы араб ғалымдары, Ибн-Аллавам мен Ибн-Бейтар набаттық егіншілікті сипаттағанда атап өткен [8]. Англияда ХІV ғ. қияр кәдімгі көкөніс дақылы болған, сосын ұзаққа созылған соғыс жылдары бұл дақыл қараусыз қалды. Тек 1573 жылы қайтадан өсіріле бастады. ХVІІІ ғ. Еуропада әйнектелген жылыжайларда қияр өсіріліп басталған, осыдан бастап ағылшындықтар жылыжай қиярының жаңа сорттарын шығара бастаған [9].

Ресейде бәрі IX-X ғғ. басталған. Оңтүстік, Орталық және Солтүстік-шығыстық аймақтардың қатты климатына қияр сорттарын бейімдеткен ежелгі суздальдық егіншілері еңбек еткен. Қияр тұқымдарының көбісі егіншілердікі болған. Қияр жүйектерін жылқы көңдерімен қосып қазған. Қияр туралы Ресейде бірінші әдебиетте 1528 жылы неміс бароны Зигмунд Герберштейнжазған. Кейіннен неміс ғалымы Адам Олеарий 1637-1639 жж. Ресейде болып, өзінің елшілік сапарында орыс қиярлары туралы түгел сипаттап мадақтаған. Измаилда I Петр жарлығымен Просяндық патшалығы бақшасы жылыжайында қиярлар мен қауындар өсіріліп бастаған [7,8].

Қазіргі уақытта қияр көкөніс дақылы ретінде бүкіл дүние жүзінде кең таралған. Шындығында бұл бүкіл халық сүйіп жейтін дақыл субтропикалықтан полярлық ендіктерге дейін өсіріледі. Қиярдың ірі және дәстүрлі территориясы Ресей Федерациясының орталық облыстары, Поволжье, Солтүстік Кавказ, Украина, Беларусь пен Молдова болып табылады. Ресей Федерациясы мен Украинада қияр егісі 120 мың га жерді алып жатыр. Жабық танапта ол 70% ауданды алып жатыр [9]. Қазақстанда қиярды өсіру ауданы ашық алаңда 12-14 мың га (көкөніс дақылының жалпы ауданынан 10-12%), жабық алаңда 170 га дейін жетті. Қазақстанның оңтүстік-шығысында жылыжай қиярының ауданы 50 га шамасын құрап жатыр. Әлемде қиярды көбірек Қытайда жалпы ауданы – 190 мың га, Еуропа мемлекеттерінде – 200 мың га және Азияда – 300 мың га жоғары өсіреді [10]. Қиярды әлемдік өндіру жылына 12 млн.т құрайды. Оны орташа өнімділігі 15 т/га болатын 880 мың га жоғары аудандарда өсіреді. Қытайдың субтропикалық аудандарында жылына 3,9 млн. т, Жапонияда – 1 млн. т, Туркияда – 0,8 млн. т, АҚШ – 0,6 млн. т, ал Қазақстанда – 90 мың т қияр жиналады. Қияр жеткізілімі бойынша импортер-мемлекеттер арасында Иран (36%), Қытай (20%), Украина (14%), Испания (9%), Әзербайжан (8%) топбасшылар болып табылады [11].

 

 

1.2 Қияр дақылының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері

 

Қияр (лат.Cucumis sativus)-асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық көкөніс дақылы.Жарық,ылғалды және жылы жерлерде жақсы өседі. Суыққа төзімсіз. Сабағы жатаған не өрмелегіш, бес қырлы, ұзындығы 1,5м-дей.Жапырағы кезектесіп орналасқан, ұзын сағақты, түкті. Гүлі сары, дара жынысты. Жемісі- қияр. Қиярды үзіп алысымен де, кейін тұздалған күйінде де жеуге болады. Жемісі – жеуге жарамды, тұқымы көп, шырынды және түсі жасыл болып келеді. Түріне байланысты көлемі әртүрлі болады. Бүгінгі күнге дейін осы аймақтарда қияр табиғи жағдайда өсіріледі.

Қиярдың сабағы жатаған, бұтақтанғыш келеді. Жапырақтары сағақты, солардың қолтығында мұртшалары, өркендері, жанама тамырлары және гүлдері қалыптасады. Аталық гүлдері гүл шоғырына қалқанға, аналықтары жалғыздан, кейдешоқпарбас тәрізді орналасқан [12].

Тамыр жүйесі. Тұқымдары егіліп, тұқым жарнақтары топырақ бетіне шығып болғанша тамыр жүйелері қалыптасады. Осы тамыр жүйелері тігінен және жан-жағына көптеп таралып, топырақ қабатына жайылып өсе бастайды. Негізгі бастапқы тамыры 1 метрге дейін болады, осы тік тамырдан жайылып таралған көптеген жанама тамырлары топырақтың жоғарғы қабатында (25-30см) орналасады. Осы тамырлардың физилогиялық функциясы қоректік қажеті ертінділерді көптеген ұсақ тамырша түктерімен өзіне сорып, топырақ бетіндегі вегетативтік және генеративтәк мүшелерін қамтамасыздандырады.

Сабақтары. Шырмауық сияқты және қысқа, ұзынды мұртшаларымен жармасып өзіне биік өскен өсімдіктертердің сабақтарымен жоғарылап өсе бастайды немесе бұндай жағдай болмағанда топырақ бетіне жайылып өркендейді. Сабақтары жұмыр-қырлы, қырлы, нәзік, орташа қатты түктерімен қалыптасып өседі. Орталық басты сабақтан бірнеше қатар, біріншіден екінші, екіншіден үшінші сабақтары қалыптасып, осылайша жалғасып, сорттарының ерекшеліктеріне байланысты (3-4 м-ге дейін) өрендей береді. Осылайша сабақтану аз, орташа, көп болуы сорттың ерекшеліктеріне , қоректік алаңның көлеміне, өсіріп-өндіру технологиясының қолайлы жағдайларына байланысты болады. Сабақтанудың түрлері: орталық бір сабақты, көп сабақты (сегізден де көп жанама сабақтар), орташа (5-8 дейін), аз(1-4 дейін). Сабақтарының ұзындығы сортына, өсіру жағдайларына қарай салқындау аймақтарда 1,5 м, ал қоңыржай жылы жақтарда 2-3 м-ге дейін өсіп-өнеді. Сабақтарының ұзындығына қарай 4 топқа бөлінеді: түптісі- 0,1 м, қысқа сабақтысы- 0,1-0,5 м, орташасы- 0,6-1,5 м, ұзын сабақтылары 1,5 м-ден де ұзынырақ болып қалыптасады. Сабақтарының жуандығы: жіңішкесі-0,5 см, ал жуандары-0,5 см-ден жуан. Қысқа сабақтылары ерте піседі, жемістері онша үлкен емес. Сабақтарының жапырақтанулары аз, орташа және көп болып бөлінеді.

Жапырақтануы. Сабағының өсіп-даму кезеңінде жапырақтары кезектесіп қалаптасады. Жапырақ алақандары тұтас, аздап қана қалақтануы болады, жапырақтарының беттері тегіс, аздаған қыртыстары бар, кедір-бұдырланған, шеттері бүтін, тұтас немесе жиектері ара тісі тәрізденіп қалаптасады. Жапырақтарының екі жақ беттері сабақтары сияқтанып түктенеді немесе түксіз де болып өседі. Жапырақтарының сыртқы түр пішіндері әр түрлі сүйірленген, сопақша, бесұшты сопақша болып қалыптасады. Жапырақ алақандарының ұзындығы қысқа (12 см-ге дейін), орташа (12-15 см), ұзын (15 м-ден де ұзын) болады. Жапырақтарының ендері: кішкене (15 см-дей), орташа (15-20 см), енділеу (20 см-ден енді).

Гүлденуі. Қияр дақылы бір үйі бөлек жынысты аталық және аналық гүлдері бөлек-бөлек немесе қос жынысты болып та қалыптасады. Гүлдері жапырақтардың қолтығында, аталық гүлдер бірнешеуден топтасып, аналық гүлдерге қарағанда бір-екі, үш тәулік ерте қалыптасып гүлдейді. Аналық гүлдері жапырақ қолтықтарында біреуден немесе қосақтасып екеуден, анда-санда үшеуден орналасады.

Қазіргі кезеңде негізінен тек аналық гүлдерін қалыптастыратын сорттар мен будандар көптеп шығарылуда, осылардың аналық түрлерін, осындай сорттар мен будандарды жан-жаққа кеңінен, жалпылай шаруашылықта пайдалану қиярдың өнімділігін екі-үш есеге дейін арттырады.

Аталық гүл шоғында тек қана күлте жапырақ болады, осы күлте ішіндегі аталық жынысында тозаңы пісіп жетіліп, аналық гүлді тозаңдандыруға 1-2 тәулікте жетіледі. Осы гүлдер жеміс бермейді, ал аналық гүлдің күлтешесінің астында кішкене болашақ жемісінің негізі болып, жапырақ қолтыңында тығыз орналасады, тап осылайша аталық гүл мен аналығының айырмашылығы көрініп тұрады, бұл заңдылық барлық асқабақ тұқымдастардың өздеріне тән бір ерекшеліктері.

Аталық және аналық гүлдерінің күлтешелері ашық сары аралармен, жәндіктермен айқас тозаңданады. Аталық гүлдері 1-2 тәулікте, ал аналықтары 3-4 тәулікте күлтешелері ашалғаннан кейін семіп кебе бастайды, ал осы кезеңде аналық гүл тозаңданбаса, семіп кеуіп түсіп қалады, егер тозаңданса, болашақ кішкентай жемістерінің 2-3 тәулігін пикули, 4-5 тәулігін корнишон деп аталады. Осы екеуін көкөнісшілер нәзіктігіне қарай уызға теңейді, 9-12 тәуліктен асырмай тағамға жинап тұру қажет, өйтпеген жағдайда қабықтары қатая бастайды.

Жемістері. Жемістерінің қысқасы 5 см-ден 10 см-ге, орташасы 11 см-ден 20см-ге, қзындары 21-ден 30 см-ге, өте ұзындары 30 см-ден де ұзын болады. Жемістері жас, қысқа болса, соғұрлым құнды болып есептеледі. Жемістерінің сыртқы пішіндері домалақ, жұмыртқа пішінді, қолорақ тәрізді болады.

Сыртқы беттері тегіс, бүршікті, кішкене бүршікті, ірі бүршікті, ал енді қияр жемістерінің өзіне тән түктері үш түрге бөлінеді: қарапайым, әдеттегідей, ақ, қара аралас (ақ-қара), күрделі бүршікті, кедір-бұдырлы қара-көк, жасылкөк, күңгірт-қоңырға дейін, ал осылардың негіздері сорттарының айырмашылықтарына және өсірілген ортаның жағдайларының технологиясына байланысты өзгеріп қалыптасады.

Өсіріп-өндіру мезгілдеріне қарай үш кезеңге бөлінеді: ерте пісетін сорттарының тұқымдары топыраққа егіліп жаппай көктеп шыққаннан кейін ауа райыныі қолайлы жағдайында жемістері 32-48 тәулікте, орташа пісетіндері 50-55 тәулікте, ал кеш пісетіндері 55-70 тәулікте тағамға пайдалануға жарамды болады. Осы кезеңдерде сорттарының жемістерін тағамға пайдаланған жақсы, өзіне тән хош иісі мен дәмділігі өте ұнамды болады. Жақсы жемістерін қалыптастыра бастаған түптен бірінші, екінші, үшінші жемістерін тағамға пайдаланып, 4-5-ші жемісін түстері сарғайып, сүттей ағарып қабығы піскенге дейін тұқымдыққа қолдану қажет, ал кейбір сорттардың өзіне тән ерекшеліктеріне қарай тұқымдық жемістерінің сырты бірнеше түрлі торланады, осындай кезінде күңгірт-қоңырға дейін түстері өзгереді. Қияр жемістері жалған жидек, осыған байланысты әрбір тұқымдық жемісте 3-тен 5-ке дейін тұқымдар пісіп жетілетін бөлімшесінде сақталады. Бір тұқымдық жемістен 100-400 дана тұқымдар алынады. 1000 дана тұқымдарының салмағы 15-35 грамға дейін. Тұқымдық жемістер әбден сарғайып, пісіп жетілгеннен кейін, жылы жерге әкеліп қойып жұмсартып, босап иісі шыға бастағанда ұзына бойына пышақпен кесіп тұқымдарын беті кілегейленіп көпіршидә, осыған жеткенде тұқымдарды таза сумен бірнеше рет жуып қағаз, картон, панераның үстіне жайып жылы көлеңке орында кептіреді. Өсімділігі 6-8 жылға сақталады [13].

Қияр – ежелгі көкөністік өсімдік, әлемнің барлық елдерінде өсіріледі. ТМД-да 220 мың га жерде өсіріледі. Ашық жердегі өнімділігі 100-120 ц/га, қорғаулы жерде орташа есеппен 16-20 кг/м2, ал 50-60кг/м2 мүмкін өнімділік.

2004 жылы қиярдың ең жоғары өнімі (286,6 ц/га) Солтүстік Қазақстан облысында болды. Қиярдың жоғары өнімі шаруа қожалықтарында жиналуда. Анықтама үшін: Израильде-көкөніс шаруашылығы ең жетілген елде –қиярдың өнімділігі 2500 ц/га. Қазақстанның солтүстігінде қиярды 2,2 мың/га жерде өсіреді.

Биологиялық ерекшеліктері. Тамаққа қиярдың піспеген жемісін – 9-12 тәуліктік көк түйнегін – жас күйінде, тұздап және маринадтап пайдаланады, 4-5 тәуліктік жемісі корнишон, ал 2-3 тәуліктік түйнегі пикуль дайындауға жарайды.

Қиярдың көк түйнегінде сұрпына байланысты 0,5-1,4 % ақуыз, 1,5-3,7 % қанттар, 10-15 % С дәрумені, әртүрлі минералды заттар және 96,8 % су болады.

Қиярда минералды заттар аз, бірақ олардың сәтті арақатынасы негіздердің мол болуына себепші болады. Осы көрсеткіш бойынша басқа көкөністер, шомырдан басқа, қиярға теңесе алмайды. Сірә, қиярдың несеп қышқылын еріте алу қабілеті негіздердің мол болуына байланысты болар. Қиярда калийдің мол болуы (1400 мг/л) ағзадан сұйықтың шығарылуына ықпал етеді. Қияр шырыны парфюмерияда, косметика өнеркәсібінде кең қолданыс тапқан.

Қияр топырақ пен ауаның температурасы мен ылғалдылығына жоғары талап қояды.

Тамыр жүйесі топыраққа небары 25-30 см тереңдейді, ал жан-жағына 50 см. Сабағы төселіп өседі, мұртты; мұрттарымен тірегіштерге оратылады да, ол тік өсе алады.

Бұл бір жылдық, бір өсімдігінде аналық және аталық гүлдер қалыптасатын қос жынысты, ұялас өсімдік. Гүлдері жапырақ қолтығында пайда болады: аталығы – 5-7-ден, аналық гүлдері біреуден, кейде екеуден пайда болады. Соңғы кезде негізінен аналық гүлдер қалыптасатын сұрыптар шығарылуда, оларды аналық түрдегі сұрыптар дейді.

Аталық гүлдер ашылғаннан кейін аналық гүлдер пайда болады. Олар бүйірлік бірінші және екінші реттегі сабақтарда орналасады. Негізгі сабақты шеку (шырпу), бүйірлік өркендердің құрылуын тездетеді де, ерте өнім алуға ықпал жасайды, ал шырпылған өсімдіктердің жинақтылығы оларды бір алаңда көбірек орналастыруға мүмкіндік береді де, жалпы өнімді молайтады.

Қиярдың гүлдері бунақденелілермен, негізінен аралармен тозаңданады. Бірақ аналық гүлді тозаңдатусыз жеміс байлайтын партенокарптық сұрыптар бар. Оларға Зозуля буданы, Московский тепличный буданы және т.б. жатады.

Жемістердің пішіні әртүрлі – шар тәріздіден жібше шұбатылған жылан тәріздіге дейін, олардың мөлшері де ауытқымалы 5 см-ден 70 см-ге дейін болады. Сұрпына байланысты түсі сүттей ақтан қою жасылға дейін болады. Жемісі – сұрпына байланысты биологиялық пісуіне 40-60 тәулікте жетеді, оларды бұл кезеңде тұқымдықтар деп атайды. Тұқымдықтардың түсі сүттей ақтан күңгірт қоңырға дейін өзгереді, кейбір сұрыптарының тұқымдары торлы болады. Тұқымдары ұзынша эллипс пішінді, сәл сарғылттау. Мың тұқымының массасы 16-25 г.

Қияр – қысқа күннің өсімдігі. Соған қарамай жекелеген сұрыптары күннің ұзақтығынан әртүрлі әсер алады. Ашық жердің сұрыптары – Муромский 36, Вязниковский 37, Неросимый 40 және т.б. – 11-12 сағ күнде жоғары өнім береді, ал жылыжай сұрыптары – Клинский, Многоплодный -9-10 сағ қысқа күнде жемісті жақсы салады.

Қияр – жылу сүйгіш өсімдік. Тұқымдары 12-13оС өне бастайды. Топырақтың температурасы 10°С төмен болса олар шіриді ( көктемде салқын топыраққа сепкенде өскіндердің сирек болуы осымен түсіндіріледі). Егер тұқымды температуралық шынықтырудан өткізсе, олар +10оС өне алады. Өсу және жеміс салу үшін күндізгі оңтайлы температура 25-тен 32°С дейінгі, түнде – 18-ден 20°С дейінгі жылылық. Мұндай температурада өскіндер 4-5°С тәулікте пайда болады, 5-6 тәуліктен кейін, аналық типтес сұрыптардың қолтығында алғашқы жапырақтар пайда болады, бірақ олар кешірек пайда болады, көбінесе 10-15 тәулікте. Өскін пайда болғаннан 22-28 тәулік өткен соң гүлдей бастайды. Жатын тозаңданғаннан кейін тез пісетін сұрыптарда 9-12 тәулікте, орташа мерзімде пісетіндерде – 12-16 тәулікте көк түйнектері технологиялық пісуге жетеді. Дамудың оңтайлы жағдайында, ерте пісетін сұрыптарда қиярдың алғашқы жиналуы, өскін пайда болғаннан 38-40 тәулік өткен соң басталуы мүмкін.

Жылылық 14°С төмен болса қиярдың өсуі тоқтайды. Сондықтан салқын жылдары өнім күрт төмендейді. Тым жоғары температура да жеміс салуына қолайсыз: 35°С гүлдердің тозаңдары ұрықтана алмайды да жеміс байланбайды; 40°С өсімдіктің өсуі жалпы тоқтайды.

Танапта, кейде булыжайлар мен жалдарда өсірілген қиярда, жиі түйнектің қабығының, кейде мәйегінің де ащы дәмі болады. Ащылық, түйнектің қабығындағы ақуыздық қосылыстардың өнімдерінің ыдырауынан пайда болған глюкозидтердің көп болуына байланысты. Бұл әдетте жапырақта ылғал мен қоректік заттардың (негізінен азоттың) жеткіліксіздігінде, жемістердің күн көзімен күшті жарақтанғанында (сирек егістерде), сондай-ақ жеміс байлануының соңында байқалады. Қиярдың ащылануы – тұқым қуалаушылық құбылыс және өсімдіктің сұрыптық ерекшеліктеріне байланысты.

Ылғалдылыққа қатынасы. Қияр дақылының топырақтағы және ауадағы ылғалдылыққа талабы өте жоғары. Егілген тұқымдардың тез көктеп шығуы үшін құнарлы топырақтың ылғалдылығы 70-80%-дан кем болмауы керек, себебі жаңа өскіндердің және жемістенетіндердің тамыр жүйелері топырақтың жоғары қабатында жайылып орналасуы өзіне тән биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Қияр жақсы гүлдеп жемістенуі үшін және жемістерінің ащы болмауы үшін, топырақтың ылғалдылығы 75-90%, ал ауадағы салыстырмалы ылғалдылық 70-80% болуы қажет.Ауа райына байланысты екі күнде бір рет кешкілікте 18-20°С жылы сумен ылғалдандырғанды ұнатады. Қиярдың үлкен көп жапырақтары құрғақшылық аңызақ күндері шектен тыс көп буландырады, осыған байланысты топырақтағы ылғалдылық жетіспегенде жемістері әр түрлі қисық-кеміс, жағымсыз түрлерін көрсете бастайды. Тағы бір ескертетін жағдай қияр дақылын топырақтың жылуы қандай болса, сондай жылы сумен суару қажет, егер судың жылуы төмен, яғни салқын сумен суарылса, тамыр жүйелері азып-тозып шіри бастайды да, жемістенуі тежеуілденіп, жасына жетпей қартайып, өсіп-өнуі тоқтатылады. Өсіп-өну мерзімін ұзартуға кешкілікте су бүркішпен себелеп бүркіп тұрса, ауадағы салыстырмалы ылғалдылықтың мөлшері жоғары болып, көптеген жақсы әсерін тигізеді. Күннің ұзақтылығынан жапырақтары көбейіп, жемістенуі азаяды. Қиярдың ылғалды күшті буландыратын үлкен жапырақ беті бар болғандықтан, ал оның тамырының негізгі бөлігі топырақтың тез құрғайтын жоғары қабатында орналасқан. Сондықтан ол суландырудың жүйелі болғанын тілейді. Топырақтың жоғары ылғалдылығында қияр ауа құрғақшылығына төзімділік көрсетеді. Қиярды кез келген, тек қышқыл және тұзды емес топырақтарда өсіруге болады. Бірақ ең дұрысы құнарландырылған, қарашіріндіге бай, жақсы жылынатын құрылымды топырақтар. Қияр басқа көкөніс дақылдарымен салыстырғанда топырақтан қоректік заттарды аз шығындағанымен, оларды жедел сіңіреді. Өсуінің алғашқы 2 аптасында азоттық қоректің мол болғанын, сосын гүлденгенше – азотты-фосфорлы, ал жеміс салу кезеңінде қайтадан азотты тыңайтқыштардың мол болғанын тілейді.

Жарыққа қатынасы. Қияр дақылы жарыққа бейтарап қысқа күндік. Бұл қасиеті асқабақ дақылдарының ішіндегі ерекшелігі. Осыған байланысты күн сәулесі тікелей түсетін емес көлеңкелеу, шағылыспалы түсетін сәулесі бар орында жақсы өсіп-өніп, ерте көктемнен қыркүйек қазанға дейін жемістерін үздіксіз бере алады. Күннің ұзақтығынан жапырақ сабақтары көбейіп, жемістенуі азайады [14].

А.Е. Портянкин мен А.В. Шамшина мәліметтері бойынша, жоғары өнім алудың негізгі алғы шарттарының бірі қиярдың өсуі мен дамуы үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады. Қиярдың өсу үрдістері басында қарқынды жүреді, ол үшін температура жоғары болу керек. Өсімдік жасының ұлғаюымен қолайлы температура төмен болады. Түнгі температура қиярдың өсуі мен жеміс беруіне едәуір әсер етеді: күндіз жиналған температурадан жоғары болған сайын, фотосинтез өнімдері тез таралады. Сондықтан, қиярлар тезірек пісуі үшін түнде температураны 21-23º С дейін көтеру керек. Бірақ бұл жағдайда өсімдіктер тез қартаяды. Түнде жоғары температуралардың ұзаққа созылуы (жеміс берудің 2-3 аптадан өте) өсімдіктерді әлсіретеді. Жаңа бүйір өркендерінашар дамып, түйіндерінің айтарлықтай бөлігі қурап, стандартты емес жемістерінің бөлігі арта түседі. Сондықтан, жеміс беру ұзақтығын қамтамасыз ету үшін өсімдік қалпына келетіндей, 7-10 күнге түнгі температураны 16-18ºС дейін төмендету керек. Мұндай температуралардың жоспарлық алмасуы өсімдіктерден, біріншіден негізгі өркендерінен, содан бүйірлерінен барынша мол өнім жинап алуға мүмкіндік береді. Ауа температурасы 25°С жоғарлауынан, аталық гүлдерінің саны ұлғая түседі. Ал 20°С төмендеткен кезде, аналық гүлдерінің саны көбейеді. Сондықтан,қиярға жақсы күтім мен суару, жақсы алғы дақылды таңдай білген жағдайда қиярдың өнімділігін айтарлықтай мөлшерде жоғарлатуға болады [15, 16].

Көшет дегеніміз – ашық не қалқаланған жерге көшіріп отырғызу үшін өсірілетін жас өсімдік. Көшетті жылыжайда, парникте өсіріледі. Көшеттерді күзде немесе көктемде алу қажет. Сонан соң тамырын дымқыл топырақпен 0,5 м-ге жауып, жақсылап су себеді Шымтезек қарашірікті топырақта өсірген Көшеттің сапасы жақсы болады. Көшеттен өсірілген көкөністер (капуста, қияр, бұрыш, т.б.) тұқымынан өсіргенге қарағанда 1 – 1,5 ай ерте піседі және өнімі мол болады. Көшет өсіру көкөніс, бақ, жеміс, темекі шаруашылықтарында техникалық, дәрілік және эфир майлы дақылдар өсіруде кеңінен қолданылады [17]. Қорғаулы жерлерде көшеттердi өсiру жəне дайындау оны өсiру тəртiптерiне байланысты болып келедi, ал егер осы тəртiптер сақталмаған жағдайда көшеттердiң сапасының нашарлауына, нəтижесінде ашық жəне қорғаулы жерлерде өсiмдiктiң өнiмдiлiгiнiң төмендеуiне жəне түсiм шығынына əкеледi. Топырақты дайындау 25-27 см тереңдікте сүдігер жүргізеді. Бұдан соң – 10-12 см тереңдікте, тырмалаумен қатар қобысыту. Көктемде тек егіс тырмалауын ғана жасайды, негізінде екі рет. Қажеттілік болған кезде сонымен қатар алаңды түзету жүргізіледі.

Саттық өнімнің айтарлықтай жоғары өнімін алу үшін, будандарды көшет арқылы кассеталарда немесе текшелерде өсіру керек. Көшет 21-25 күндік болу керек. Субстратты дән егер алдында бірнеше күн бұрын дайындау керек. Дәндер 15°С топырақ температурасы кезінде көгеріп шыға бастайды. Олардың өсуіне оңтайлы температура 25-30°С болып табылады. Бірінші суаруды жүйелік фунгицид ерітіндісімен жүргізу керек.

Өсімдікті отырғызу және күтім үшін бұл ретте егудің кез келген сызбасын пайдалануға болады, мысалы: 240+40×100 см (отырғызудың ленталық әдісі) немесе 140×100 см (кеңқатарлы отырғызу әдісі). Көшетті дайындалған жерге қолдан немесе көшетотырғызушы машинаны пайдалану арқылы егеді [18].

Қияр- тез пісіп жетілуімен, жоғары өнімділігімен, пайдалығымен ерекшеленуі барысында жылыжайдың 50-70 пайызын алып отырған қолданыс аясы кең дақыл. Қияр жемісінің құрамына жоғары құнды тағамдық заттар кіреді, сілтінің минералды қосылыстарымен бірге адам ағзасына етпен, жұмыртқамен, маймен, ұнмен және басқа тағамдармен бірге енетін бейорганикалық қышқылдарды реттейді. Бұл бейорганикалық қышқылдарды реттеу қасиеті, әсіресе, қан құрамындағы сілтілі реакциялар оңай жүріп, ақуыздың жеңіл сіңуіне қолайлы жағдай жасайды. Адам ағзасының қиярды тағамдармен бірге қабылдауының біржылдық мөлшері 13-15 кг- ды құрайды.

Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ҒЗИ көкөніс дақылдарын сұрыптау бөлімінде жылыжайдағы қиярдың селекция жұмыстары 2009 жылдан басталды. 2009-2012 жж. Аралығында алыс жақын шетелдерден алынған 88 сортүлгі топтамалық көшеттікте әр түрлі шаруашылықтағы бағалы қасиеттеріне (тез пісіп жетілуі, жоғары өнімділігі, түрлі ауруларға төзімділігі т.б) бағаланып, сынақтан өтті.

Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты мен бағыты- күн көзінің жетіспеушілігіне қарамастан мол өнім беретін, ауруларға төзімді, мол жеміс салатын, партенокарпты бастапқы ата-аналық желілер таңдап алу. Бастапқы міндеттің бірі- олардың тез пісіп жетілуіне, аз бұтақталып, көп жұмыс қажет етпеуіне, дәмдік қасиетін және сыртқы пішіні мен түсін сақтауына көңіл бөлу.

Өнімді жоғарылатудың бір жолы – сыртқы орта жағдайларына (ауруларға, зиянкестерге, құрғақшылық, төменгі температура және т.б) төзімді сорттарды аудандастыру, яғни отандық жаңа шыққан сорттарды өсірілетін аймақта топырақ климат ерекшеліктеріне сәйкес агроэкологиялық сынақтан өткізу, нәтижесінде өндірісті өнімділігі жоғары, сапалы тұқымдармен қамтамасыз ету [19].

 

 

1.3 Қиярды ашық жерде өсіру технологиясы

 

Егістіктегі орыны. Қияр дақылы құнарлы борпылдақ құмдауыт, саздақ қара топырақтарда жақсы өсіп-өнеді. Ауыр топырақтарда тамыржүйелері бәсең өседі және қоректік тыңайтқыштар мен ылғалды сіңіретін өнімдерінің кешігіп пісіп, жетілуіне, өнімділігінің төмендеуіне көп әсерін тигізеді. Қияр дақылын солтүстікте көшетпен отырғызу және салқын желдерден сақтандыру өте қажет.Солтүстік Қазақстанда қиярды көшетпен отырғызғандықтан мамыр айының үшінші онкүндігінеде отырғызыла бастайды. Осы уақытта күннің жылуына байланысты көшеттердін жақсы өсуіне оң әсерін тигізеді және үлкен көмек болады.

Топырақтың қышқылдылығына бейтарап болуы (РН 5,9-6,1) аналық гүлдерінің қалыптасуын қөбейтеді, бұндай жағдайда өнімдері жоғары сапалы болады [20]. Қиярды жылыжайда өсіру ашық алаңда өсірумен салыстырғанда, жоғары ылғалдылық пен жарықтың жетіспеушілігімен ерекшеленеді. Әсіресе кеш күзде немесе қыс кездерінде өсіргенде, өсімдіктерде калий мен кальцийге кажеттілік туындайды. Жарықтың нашарлауы мен азотты қоректердің жетіспеушілігі туындаған кезде калийлі қоректендіргіштер бергенде, көкөніс дақылдарының жеміс салуы мен өсуін жақсартады [21, 22].

Қияр жеңіл, ауалануы (аэрациясы) жақсы, құнарлы, қарашіріндісі мол, әсіресе өзен-көл арналарының топырағын тәуір көреді. Ол басқа көкөніс дақылдарына қарағанда жас көңде жақсы өседі. Көкөніс ауыспалы егісінде қиярды ерте пісетін картоптан, қызанақтан, пияздан, асханалық тамыр жемістерінен кейін орналастырады. Қияр 100 ц өніммен топырақтан 30 кг азот, 10 кг фосфор, 33 кг калий ә.е.з. бойынша алып шығады.

Сүдігер көтерген кезде гектарына 100-120 т көң шашады және 3-3,5 ц суперфосфат еңгізеді. Көктемде мүмкін болысымен сүдігерді 2 ізбен тырмалайды. Тұқым сепкенге дейін 2 рет культивация жүргізеді: біріншісін арамшөп өскіні пайда болу үшін, ерте көктемде 12-14 см, екіншісін пайда болған арамшөп өскіндерін жою үшін, тұқым себер алдында 7-8 см тереңдікке. Бірінші культивация астына гектарына 1,0-1,5 аммиак селитрасын енгізеді.Көкөніс дақылдардың вегетативтік және генеративтік биомассасы көптеп қалыптасатындықтан, олар топырақтан көптеген мөлшерде қоректік заттарды алып кетеді. ҚазККШҒЗИ жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша негізгі тыңайту немесе тыңайтқыштармен үстеп қоректендіру жұмыстары жүргізілмесе, көкөніс дақылдарының қалыпты дамуы мен өсуінде қиындықтар байқалады. Минералды және органоминералды тыңайтқыштар жүйесінің қиярдың өсуі мен дамуына әсерін анықтау үшін фенологиялық бақылаулар және биометриялық зерттеулер жүргізілді. Тәжірибелерде қияр өнімділігінің бақылаумен салыстырғанда тыңайтылған нұсқаларда айырмашылықтар болды. Тыңайтылмаған бақылау нұсқасында зерттеу жүргізілген жылдарда (2012-2014 жж.) орташа есеппен жемістер өнімділігі 16,4 т/га болды. Бақылау нұсқасында өнімділіктің төмен болуының негізгі себебі – қоректік элементтердің жетіспеушілігінде, мұнда ұзақ уақыт бойы тыңайтқыштар пайдаланылмаған. Қиярдың тамыр жүйесі негізінен топырақ бетіне жақын (0-20 см) орналасқандықтан және топырақтың оңай сіңірілетін қоректік заттармен қамтамасыз етілмеуі дақылдың өнімділігін төмендетеді. Минералық тыңайтқыштарды өспелі мөлшермен қолдану өсімдік биомассасының жақсықалыптасуына септігін тигізеді, бұл өз кезегінде жоғары өнім алуды қамтамасыз етеді. Минералды тыңайтқыштарды біркелкі мөлшерде (N30P30K30) беру нұсқасында жемістердің өнімділігі 19,6 ц/га, екі еселенген мөлшерде (N60P60K60) - 23,9 т/га, ал үш еселенген мөлшерде (N90P90K90) - 26,8 т/га болды. Минералды тыңайтқыштарды беру арқылы өсімдіктің өсуіне жағдай жасау үшін қиярдың өнімділігінің айтарлықтай мөлшерде өсуіне және жемістердің өнімділігіне қосымша 3,2-10,4 т/га өнім, бұл бақылау нұсқасымен салыстырғанда 19,51-63,41% жоғары болды [23].

Алғы дақылдар. Ең жақсы алғы дақылдар- ерте өнімдері жиналып келесі дақылдар үшін орынын босататын дақылдар: ерте пісетін аққауданды орамжапырақ, гүлді орамжапырақ, ерте пісетін қызанақ, жасыл жапырақтылар- салаттар, шпинат, ерте пісетін картоп, көкөніс бұршақтар. Осы дақылдар өсірілген топырақтардың қышқылдығы жоғары болып жатса, күзден топырақты өңдеп аздап мөлшерлеп әк енгізген дұрыс болады. Онша жақсы емес алғы дақылдарға- өнімдері кеш жиналатын дақылдар тамыржемісті көкөністер, кеш пісетін орамжапырақтар, себебі өнімдері кеш жиналады, топырақты ерте дайындауға мүмкіндік бермейді, екіншіден арамшөптермен ластанған. Қиярды орналастыруға болмайтын алғы дақылдар- асқабақ тұқымдастардың барлығы (қарбыз, қауын, асқабақ, кәді, самсар), себебі асқабақ тұқымдастардың өздігіне тән зиянкестерімен аурулары қиярды зақымдайды. Қиярды өз орнына 2-3 жылға дейін егуге болмайды, себебі өзіне тән таңдамалы қоректік тыңайтқыштарды және негізгі микроэлементтерді өнімдерімен алып шығып, топырақтың құнарлығын төмендетеді. Қияр өсірілген топырақ көкөніс дақылдарының барлығына өте жақсы алғы дақыл болып саналады [24].

В.Д. Мухинның (1991) мәліметтері бойынша, бір дақылды бір орында екі және одан көп жылдар ішінде өсірсе, топырақтың бір жақты әлсіреуіне алып келеді. Дара дақыл егісі қауіпті емес, ол топырақта ауру тудырғыш негіздер мен көп мөлшерде зиянкестердің жиналуына алып келеді. Сондықтан, қияр жемістерінің жоғары өнімін алуда оның алғы дақылдары және оларды ауыспалы егісте орналастыру аса маңызды рөл болып табылады. Көпжылдық шөптер, біржылдық азықтық қоспалар, астық пен дәнді-бұршақ дақылдар, көк азыққа жүгері мен ерте сүр шөптер, қырыққабат, пияз және басқа дақылдар ең жақсы алғы дақылдары болып табылады. Олар танапты ерте босатып, топырақты дайындауға жақсы мүмкіндік береді. Қызанақ пен картоп мүмкін болған алғы дақылдары. Қиярды асқабақ, қарбыз, қант қызылшасы мен күнбағыстан кейін отырғызудың қажеті жоқ [25].

Басқа көкөніс дақылдары сияқты, қияр өсімдігінің өнімділігіне тұқымдарды себу мерзімдері мен көшеттерді отырғызу үлкен әсер етеді. Қиярдың барлық будандары мен сорттары үшін себу және отырғызу мерзімдері бойынша жалпыланған мәліметтер бар. Зерттеушілер қиярды себу және отырғызудың қолайлы мерзімдері сорттың ерекшелігі мен жарық аймағының жарықтылық жағдайларымен анықталады деп есептейді [26- 28]. Олар үшінші жарық аймағы үшін бірінші кезекте (КШҒЗИ, Фарбио және т.б.) ұзын жемісті будандарды, ал қысқа жемістілерді 7-10 күнге кейіндеу себуді ұсынады. Өйткені, олар төмендетілген жарықтылыққа сезімтал болып келеді. Қиярдың өнімділігі мен сапасына отырғызу тығыздығы өте үлкен әсер етеді. Қияр жарық сүйгіш дақыл болғандықтан, өсімдікті тығыз отырғызбау керек. Бұл жарық режимінің нашарлауына алып келеді. Пленкалы жылыжайларда жүйектерде өсімдіктің қатараралығы 30-40 см болу керек. Жылыжайда өсімдіктерді тығыз отырғызса, аурулардың тез таралуына алып келіп, өсімдіктер бір-бірінен шіри бастайды. Бұл туралы көптеген ой-пікілер бар [29].

Топырақтарды дайындау.Қиярдан жоғары сапалы өнім алудың өзі топырақты ерте және анағұрлым дұрыс өңдеп дайындауына байланысты болады.

Өнімдерді ерте жиналған дақылдардың және басқалай да арамшөп қалдықтарын жинап, қорда жасайтын орындарға жеткізу немесе топырақтарды өңдеуіштерді 5-8смтереңдікте жіберіп, өсімдік қалдықтарын ұсақтап туратып жою қажет. Осыдан екі жұма өткен соң арамшөптер өсе бастағанда екінші рет 12-14см тереңдікте өңдеушілерді жібереді. Келесі күзгі сабанмен топырақты аударуға дейін гектарына 80-100 тонна көң және 3-3,5ц суперфосфат тыңайтқыштарын енгізу қажет. Одан кейін 22-25 см тереңдікке сүдігер жібереді немесе күрекпен топырақты аударып топырақтың бетін тегістейді. Осылай қалдырса, қысқы қар суының сіңіп және қыстың қатты суық аязына аурулардың споралары, зиянкестердің қуыршақтары және біржылдық және көпжылдық арамшөптердің тұқымдары төзе алмай, үсіп кетіп жоқ болады.

Ерте көктемде топырақтың дегдіп кебе бастағанына қарай күзгі жыртылған топырақты екі рет тырмалайды, біріншісі ылғалды буландырып ұшырып алмауға, ал екіншісі салқынға төзімді арамшөптердің жас өскіндерін жоюға қажет. Осы екінші ретте жүргізілетін топырақ өңдеуіш екі бағытта перпендикульярлы немесе қиғаш жүргізілсе ұсынылған әдістің тиімділігі артады. Бірінші топырақ өңдеуішті жібергенде гектарына 1-1,5 ц азотты тыңайтқышты енгізу қажет.

Осы мезгілде топырақ өңделіп жатқанда көшеттерді егуге дайындау міндетті түрде жүргізілуге тиісті. Көшеттерді дайындау жұмыстарына шынықтыру жатады. Шынықтыру жұмыстары салқын ауада және де күн көзіне шығару арқылы жүреді. Тұқымдардың өсу күштілігі өнімділігін арттыруға, аурулары мен зиянкестерден тазартуға және жемістерінің ерте пісіп жетілуін тездетуге қажет [30].

Себуге екі үш жылғы тұқымдар алынады. Олар жаңа тұқымға қарағанда аналық гүлдерін ертерек қалыптастырады және жоғары өнім береді. Егер екі үш жылғы тұқымдар болмаса онда былтырғы жылғы тұқымды, тек 3 сағат бойы 55ºС қыздырғаннан кейін ғана қолдануға болады. Тұқымның қатты қызып кетпеуі үшін бұл жұмысты термостатта жүргізген қолайлы.

Көшеттерді отырғызу тәсілдері. Көктемгі ауа райының жағдайларына байланысты, топырақтың жылуы 8-10см тереңдігіне 12-13°С болғанда ерте пісетін сорттардың көшеттерін отырғызу үлгілері 90+30:2х20-25 см,орташа пісетін сорттардікі 100+40:2х20-25 см, кеш пісетіндері 11+40:2х20-25 см. Көшеттердің отырғызылу тереңдігі 3-5 см [31]. Көптеген ғалымдар отырғызу тығыздығы сорттан, жарықтылықтан, сондай-ақ топырақтың қоректену жағдайына байланысты деп тұжырымдайды. Мысалы, В.А. Уклюдова қиярдың партенокарпиялық будандарын 160 см жүйекте, өсімдіктердің қатараралығы 40-50 см отырғызу керек деп есептейді [32]. Д.И. Нацетов екі тармақты ленталармен, қатараралығын 65-70 см, өсімдіктер арасын 25-35 см етіп отырғызуды ұсынды. Оның ойынша, шпалерлік дақылда өсімдіктің шамадан тыс тығыз орналасуы өте қауіпті, себебі олар көлеңкелеуге алып келеді. Осының нәтижесінде, төменгі жапырақтары мерзімінен бұрын өліп, бүйір өркендері мен түйіндері нашар қалыптасады [33].

С. Ващенко, В. Брызгалов, Н. Савинова өсімдікті отырғызудың қолайлы тығыздығы 1 м² 1,6-1,4 дана деп ойлайды. З. Пичугина өсімдіктерді бір қатарға бір-бірінен аралығы 27-28 см немесе екі қатарда 40-45 см аралықта өсімдік арасы бір-бірінен 40-42 см етіп отырғызу керектігін ұсынады. Ол өсімдікке жақсы жарық түсуін қамтамасыз етуге және аналық гүлдері көбірек қалыптасуына мүмкіндік беретінін сендіреді [34].

Ю. Тулупов, Г. Гринберг, С. Литвинов және басқа Батыс Сібір ғалымдары қияр дақылы үшін отырғызудың қолайлы тығыздығы 1 м2 жерге 2,2 өсімдік болып табылады деп ойлайды. Қияр өсімдігі жылуды өте талап етеді. 20º С температурадан төмен болған кезде, барлық даму кезеңдері ұзаққа созылады, ал 10º С температурада өсу тоқталып, 0º С-та қиярдың барлық сорттары өледі. Қияр көленкелі жағдайда әлсіз өсуі мүмкін, бірақ толық жарықта оның өнімділігі артады. Қысқа күнгі өсімдікті ұзақ күнде өсіру кезінде оның жеміс беруі айтарлықтай кейіндеу болады [35].

Қыздырғаннан кейін суланған тұқымды төмен температурамен шынықтыру үшін тәулік бойы 25ºС, сосын 3 тәулік 0-2ºС жылылықта ұстайды. Шынықтырудан кейін тұқымды сусымалы күйге дейін кептіреді және дәрілейді.

Тұқымның өну қуатын арттыру үшін әртүрлі ерітінділерде (тәулік бойы) ұстайды (мг/л): бор қышқылының (300), метил көгінің (300), күкірт қышқылды мырыштың (200), ас содасының 5 г/л С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ тәжірибелерінде тұқымды соңғы екі ерітіндіде ұстағанда өнім 34-33 ц/га артқан. Егер де көшеттердің өсуін күшейту үшін көшеттерге жылу қажет болады. Бозқыруға шалдықпау үшін жабындау жұмыстарын жүргізен дұрыс болады.

Себуді топырақ 5 см тереңдікке 10оС жылығанда (орташа есеппен 20-25 мамыр) жүргізеді. С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ тәжірибелерінде себуді 20-30 мамырда жүргізгенде гектарынан 290 ц өнім алынса, 5-10 маусымда себілгенде – 194 ц/га.Ал қиярды көшеттермен отырғызатын болсақ бұл істелген шараларды пайдаланбаймыз тек қана қолмен отырғызатын боламыз.

Әдетте көкөнісшілер қиярды 2-3 мерзімде, арасына 4-5 тәулік салып себеді: ерте сепкенде құрғақ тұқыммен, кешірек – суланған және өне бастаған тұқыммен. Гектарына 5-6 кг тұқым шығындалады. Тұқыммен бірге гектарына 50-60 кг түйіршікті суперфосфат енгізу жақсы нәтиже береді. Себуді СОПГ-4,8А, СКОН-4,2, СБУ-2,4Б, СУГО-9 тұқым сепкіштерімен жүргізеді. Тұқымды біркелкі сіңіру үшін дискінің шүмегіндегі шектеуішті қажетті биіктікке қояды. Сепкеннен кейін танапты тығыздайды.

Астрахан технологиясын қолданып, қиярды қатараралығын 140 см етіп себеді; өсімдіктер жемісін жинағанда азырақ зақымданады. Біраз шаруашылықтарда таспалы қос ізді, із қатарларының арасын 50 см, таспаларының арасын 90 см етіп себеді.

Қиярды Қазақстанның солтүстігінде жағдайында өсіргенде биік сабақты өсімдіктерден, айталық жүгеріден немесе күнбағыстан ықтырма себудің маңызы зор. Ықтырмалар қиярды суық желдерден қорғайды, көк түйнек өнімі артады, оларды бір апта ерте жинауға болады және қорғаулы жермен салыстырғанда жинау екі аптаға кешірек аяқталады. Күздік қара бидай ықтырмасының қорғаныштық әсері өте жақсы, оны 8-4-11-12 метрден кейін (көкөніс тұқым сепкішінің 3-4 алымы), басым жел бағытына көлденең себеді. Ені 0,7 м. Егер топырақ құрғақ болса және 5-6 тәулікте өскін пайда болмаса суландыру керек және қабыршақтарды айналмалы шотпен немесе тор көзді тырмамен жою керек. Ең дұрысы себер алдында суландыру. Бірінші кәдімгі жапырақ кезеңінде қатараралықты 10-12 см тереңдікке культивациялайды, өсімдік қатарындағы арамшөптерді қолмен жұлады және өскіндердің бірінші сиретуін бірінен-бірін 3-4 см қашықтықта жүргізеді. Ең әлсіздерін және тым жиілерін жұлады. Екінші отауды 2-3 кәдімгі жапырақ пайда болған кезеңде қолмен жүргізеді және ерте пісетін қысқа желілі сұрыптардың өсімдіктерін бірінен-бірін 7-8 см, орташа пісетін ұзын желілерді 10-15 см қашықтықта соңғы рет сиретеді. Екінші сирету кезінде көрші өсімдіктердің тамырына зақым келтірмеу үшін артық өсімдіктерді жұлмайды, тек шырпиды. Өсімдіктерді сиретуді кешеуілдетпеу керек, өйтпесе негізгі сабақ ұзарып кетеді де, өнім қалыптасатын негізгі бүйірлік өркендердің пайда болуы кешеуілдейді.

Кейінгі өңдеулерді (қатараралықтардағы желілер түйіскенше) арамшөптер пайда болғанда және суарудан кейін топырақ қабыршағын жою үшін жүргізеді. өңдеу тереңдігін бірте-бірте саяздатып 6-7 см жеткізеді, себебі тамырлар жан-жағына таралады, терең өңдесе зақымдалынады. Бір жылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы 2-6 жапырақ кезеңінде гербицидтерді бүркеді және топыраққа жедел араластырады (кг/га); қиярдың 1-2 нағыз жапырағы пайда болғанда тарга супер (1-2), тұқым себуден 15 күн бұрын трефлан (1,8-2,4) сіңіріледі [36].

Бүгінгі күннің нарықтық жағдайы ауылшаруашылық дақылдарын энергия мен ресурсты үнемдеу технологиялармен өсіруді ендіруді талап етеді. Қияр дақылын дәстүрлі технологиямен өсіруден айырмашылығы, шпалерды тамшылатып суарумен бірге қолданғанда, жеміс беруін тиімді пайдаланып, ең жақсы жарықта зиянкестер мен аурулармен аз зақымдалуға көмектеседі. Өнімді жинауға, өсімдік қорғауды жүргізуге, арамшөптермен күресуде өте ыңғайлы. Өсірудің шпалерлік тәсілі қиярдың өнімділігін едәуір деңгейде жоғарлатуға мүмкіндік береді. Вертикальды шпалерде қиярды өсіру бойынша еуропалық елдердің тәжірибесі шпалерлік тәсілмен жемістерінің беруі, кәдімгі технологиямен салыстырғанда (17 т/га) орташа 46 т/га болғанын дәлелдейді [37, 38]. Көкөніс шаруашылығының тропикалық және субтропикалық ылғалды аймақтарында (Қытай, Жапония, Въетнам) қиярдың шпалерлік дақылы бұрыннан ашық танапта да, жабық танапта да қолданылып келеді. Ол жоғары өнімділік пен өсімдіктің аурулар және өнім жинаушылардан аз зақымдалуын қамтамасыз етеді. Ұсақ жемісті қиярдың шпалерлік дақылын үй маңындағы көкөніс шаруашылығы мен фермаларда қолданылады. Шпалерлік дақылды қолданғанда, өнімділікті 5-тен 18 кг/м3 дейін жоғарлатуға мүмкіндік береді [39].

Күтіп баптау жұмыстары. Қияр салқынға өте төзімсіз болғандықтан, ерте егілмейді, ерте егіп, өнімін ерте алу үшін ықтырма дақылдарды немесе плекамен, басқалай жабылатын заттармен жабылатын заттармен жабады, я болмаса аздаған көлемге 5-6 тәуліктен кейін 2-3 рет отырғызады. Біздің халықтың ырымында алма ағашының күлтешелері төгіле бастағанда немесе жаппай бақша гүлдегенде отырғызу басталады. Ықтырма дақылдардың ішінде қиярға қарағанда жүгері мен күнбағыс екі-үш апта ерте отырғызылады. Бұл ықтырмалар қиярды суық қатты жерлерден қорғайды, осыған байланысты бір апта өнімдерін ерте береді. Көшеттерді отырғызған күннен қарқынды өскенкенде көшеттер арасына қопсыту және арамшөптермен күрес міндетті түрде жүргізілуі қажет. Осы екі жұмыс бір уақытта жүргізілу тиіс. Егер де осы екі опереция қатар жүргізіліп кеіннен жаңбырлатқышпен немесе арықтар арқылы аз мөлшерде 100-150 куб.м суару өте маңызды және пайдалы. Қияр өсімдіктері тез көтеріліп, өсіп кетеді. Арамшөптермен күресті және де суару жұмыстарын кешіруге болмайды. Арамшөперді жою мұқият жүргізілу қажет себебі қияр дақылының тамырлары нәзік болғандықтан арамшөп тамырларымен бірге жұлынып кетуі әбден мүмкін. Арамшөтерден тазарту кеш жүргізілетін болса арамшөп тамырлары қиярдың жанама тамырларын өсуіне мүмкіндік бермейді және де қияр өнімділігіне де өнімнің кешеуілденуіне әкеләп соқтырады.

Қияр дақылы жапырақтары үлкен, тамырлары топырақтың жоғарғы қабатында жайылып өсетіндігіне, суды көп буландыратындығына байланысты ылғалға қоятын талабы өте жоғары. Осыған байланысты өсіп-өніп, даму кезеңінде және ауа райының аңызақ құрғақшылығына қарай жиі-жиі суару қажет, яғни топырақ ылғалдылығы 85-90%-дан кем болмауы қажет [40].

Қияр топырақтың ылғалдылығына жоғары талап қояды. Бірінші рет оны өскін пайда болғанша суарады, сосын 6-7 тәуліктен кейін қайталайды. Егер суару жаңбырлатқыш қондырғылармен атқарылса гектарына 250-300 м3, ал қарықпен суарылса 400-500 м3 су береді. Көк түйнектерді жаппай жинаған кезде суаруды жиірек, әрбір 3-4 тәулікте, бірақ аз мөлшермен – 70-100 м3/г суарады. Ауа райына байланысты қиярдың өсу даму кезеңінде 10-15 рет суарады. Құрғақ ыстық кезеңдерде сергіте суландырудың (негізгі суландырулармен үйлестіре) әсері өте зор (30-35 м3/га).

Өсу даму кезеңінде қиярды ең кем дегенде 2 рет үстеп қоректендіреді: өскіндерді екінші рет сиреткеннен кейін (гектарына 1 ц суперфосфат, 1ц аммиак селитрасы және 0,5 ц хлорлы калий) және 18-20 тәуліктен кейін екінші рет ( гектарына 1,5-2,0 ц аммиак селитрасын, 1,5 ц суперфосфат және 0,5 ц хлорлы калий). Тыңайтқыштарды суландыру алдында КРН-4,2, 8МО, КРСШ-4,2, КОР-4,2 немесе КОН-2,8 қоректендіргіш культиваторларымен енгізеді.

Қиярды уақытында жинау оның өнімділігін және тауарлық сапасын арттырады. Пісуінің басында жинауды 2-3 тәулік сайын, ал жаппай піскен кезінде күнде немесе бір тәуліктен соң жинайды.

Өнімді жинағанда пішінсіз және пісіп кеткендерін жинап алу керек, себебі олар жаңа түйіндердің пайда болуын және бар жемістердің толысуын кешеуілдетеді. Жиналған қиярды сұрыптайды және жәшіктерге ұқыптап салады. Бұл жұмысты көлеңкеде немесе лапас астында өткізген дұрыс, себебі күн көзінде қалған көк түйнектер тауарлық сапасын тез жоғалтады.

Қиярдың өнімдерін жинаудың өзі бір жауапты жұмыс, себебі жемістері екі-үш тәулікте жиналмаса, үлкейіп, қатайып, сапалылығын жоғалтады және баудағы өсімдіктерді тез қартайтып, өсіп-өну, даму кезеңін қысқартады, осыған байланысты өсімдіктің өнімділігін әлдеқайда төмендетеді. Әрбір өнімді жинағанда аздап та болса жаңбырлатқышпен немесе арықпен суарып отырса жоғары өнім алудың кепілі болады.

Өнімді жинау – қияр өсіргенде еңбекті ең көп тілейтін жұмыс. Қолмен жинағанда гектарына 700-800 адам-сағат шығындалады. Кейінгі кездерде жинау платформалары (ПОУ-2), тіркемелер (ПТ-3,5), кең алымды транспортерлер (ПТШ-25) қолданыла бастады, сондай-ақ қиярды бір ретте жинайтын комбайндар.

Жинау платформасын пайдаланғанда өсімдіктің зақымдануы азайып, кейінгі жиналымдарда өнімділік кемімейді, жинауға қатысатын тасымал көліктері және адамдар саны екі еседей азаяды. Өнімді жинағанда еңбек өнімділігі 50-60 % артады (бір терушіге 400-500 кг).

Үлгіқалыптағы (1726-85 МҮҚ) жеміс жаңа (жас), бүтін, таза, аурулармен және зиянкестермен зақымданбаған, механикалық жарақатсыз, қиқы-жиқысыз, сұрпына тән пішінде және әртүрлі реңдегі жасыл түсті болуы керек. Ерте пісетін сұрыптардың жемістерінің ұзындықтары 11 см аспағаны дұрыс, басқаларынікі – 14 см, барлық сұрыптардың диаметрі 5,5 см артық емес [41].

 

 

1.4 Қазақстанда өсірілетін қияр сорттары

 

Біздің елде жерлестірілген қиярдың сорттары- 14, ТМД-да- 107.

Вязниковский 37. Грибовтағы көкөніс өсіретін сұрыптау- тәжірибе бекетінде шығарылған, ерте пісетін тұздауға жарамды сорт. Тұқымдарының жаппай көктеп шығуынан жемістерінің тағамға жарамды болуының арасы ұзындау, жұмыртқа тәрізді, қалың түкті қарапайым, кейде аралас қара түкті де болады, жемістерін көлденең кескенде үш бұрышты, сырты ұсақ бұдырлы, әр жерінде жолақ-жолақ дағы бар, ақшыл көк түсті, жоғары жағында ақшыл дағы мен тарам-тарам жолағы бар, осының ұзындығы түйнегінің 1/2-3/4 бөлігіндей. Орташа салмағы 115-120 грамм, жас және тұздалған қиярдың дәмділігі 3,7 балл. Орташа өнімділігі 35-47 т/га. Аурулардан зақымданғыш келеді. Жерсіндірілген облыстары- Алматы, Ақмола, Жамбыл, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Торғай.

Гибрид МОВИР-1 (Ғ1). ВИР-дің Мәскеудегі бөлімінде шығарылған, ерте пісетін, орташа сабақты, салатқа пайдаланатын сорт. Түйіндері жұмыртқа тәрізді, сыртқы түктері орташа, күрделі, ақ. Жемістері эллипсаға ұқсаған, ірі бұдырлы, негізіне ұарай тегіс, салмағы 90-120 г, көлденең кесіндісі дөңгелекті, үш қырлы. Өнімділігі 57-92 т/га. Өскемен, Павлодар, Семей облыстарында жерсіндірілген.

Гибрид Садко (Ғ1). Молдаваның ҒЗИ-нің суармалы егістік және көкөніс шаруашылығында шығарылған, ерте пісетін, тұздауға қолайлы, орташа сабақты сорт. Түйіндері ұзынша, жұмыртқа тәрізді, сырты бұдырлы, түктері сирек, күрделі ақ түсті. Жемістері жұмыртқаға ұқсаған, негізіне қарай аз ғана дөңгелекті, ұшқырлы. Салмағы 125-150 г. Сапалы өнімділігі 40-66 т/га. Жерсіндірілген облыстары- Жамбыл, Жезқазған, Қарағанды, Қостанай, Орал.

Изящный. ВНИССОК-та шығарылған, салаттық ерте пісетін, орташа сабақты сорт. Түйіндері ұршық тәрізді және ұзынша, сопақ, ұсақ бұдырлы, түктері аралас, қалың ақ түсті. Жемістері эллипсоид тәрізді, сырты негізіне қарай тегіс, салмағы 120-150 г. Жемістерінің сырты кішкене бұдырлы, көлденең кескенде үшбұрышты немесе дөңгелек-үшбұшырышты. Сапасы орташа, өнімділігі 42-65 т/га. Ақмола, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Торғай облыстарында жерсіндірілген.

Кустовой. Краснодардың көкөніс-картоп тәжірибе бекетінде шығарылған, ерте пісетін, қысқа сабақты, түпті. Жас түйнектері ұзынша, жұмыртқа тәрізді, сырты бұдырлы, түктері сирек, күрделі, қара түсті. Көк түйнектері ұзын жұмыртқа тәрізді, сырты бұдырлы, қара көк түсті, көлденең кескенде дөңгелекті, үшбұрышты, салмағы 115-143 г, жемістері көпке дейін сарғаймайды. Жемістенуінің тездігіне байланысты бір рет жинағандағы орташа сапалы өнімділігі 26 т/га. Консервілеуге ұсынылады, комбайнмен бір рет жинап алуға қолайлы. Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Торғай облыстарында жерсіндірілген.

Универсальный. Батыс-Сібір көкөніс картоп тәжірибе бекетінде шығарылған, ерте пісетін, тұздалатын, орташа сабақты сорт. Жас түйнектері ұзынша сопақша, сырты бұдырлы, түктері жиі, қарапайым, қара немесе қоңыр түсті. Жемістері ұзынша сопақ, негізіне қарай тегіс, сырты бұдырлы көлденең кескенде дөңгелекті, үшбұрышты, салмағы 117-150 т/га. Тұқымдық жемісі қоңыр, сырты тегіс торлы. Сорттың ерекшелігі- өнімдерін жұмыла бергіштігінде. Өскемен, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Орал обылыстарында жерсіндірілген.

Харьковский. Украинаның көкөніс-бақша шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында шығарылған, ерте пісетін, тұздалатын, орташа сабақты сорт. Жас түйіндері ұзынша сопақ, сырты бұдырлы, түктері сирек, күрделі қара. Жемістері ұзын-сопақ, сырты сирек бұдырлы, негізіне қарай тегіс, көлденең кескенде үшбұрышты немесе дөңгелек үшбұрышты, салмағы 72-106 г. Жемістері консервілеуге жарамды. Орташа өнімі 70-78 т/га. Өскемен, Көкшетау, Семей облыстарында жерсіндірілген.

Воронежский. Воронеждің тәжірибе бекетінде шығарылған, тұздауға жарамды, орташа пісетін, орташа түпті сорт. Тұқымдарының алғашқы жаппай көктеуімен өнімдерін бірінші жинап алудың арасы 50-55 тәулік. Жас түйіні ұзынша сопақша келген, бет жағы бұдырлы, түктері күрделі қара, жемісі орташа. Жемістері ұзын жұмыртқа тәрізді, эллипсондылы. Сапалы жемісінің салмағы 110-122 г. Орташа өнімділігі 36-40 т/га. Өскемен, Павлодар, Семей аймақтарында жерсіндірілген.

Дружба 60. Краснодардың көкөніс өсірілетін тәжірибе бекетінде шығарылған сорт. Орташа мерзімде және кеш мерзімде піседі. Тұқымдарының жаппай көктеуі мен бірінші өнімдерін жинаудың арасы 50 тәулік, ұзын өркенді. Тұздауға жарамды. Жемістері, ұзын жұмыртқа тәрізді, сыртқы беті бұдырлы, ақ жолақтары жемісінің жартысына дейін, көлденең кескенде үшбұрышты, орташа салмағы 100-135 г. Жоғарғы өнімді 70 т/га. Ақтөбе, Жамбыл облыстарында жерсіндірілген.

Неросимый 40. Воронеждің көкөніс өсіретін тәжірибе бекетінде шығарылған. Салаттық орташа пісетін, орташа өркенді сорт. Тұқымдарының алғашқы жаппай көктеуі мен жемістерінің тағамға жарамдысын жинаудың арасы- 50 тәулік. Жас түйнектері ұзынша сопақша келген, ұш жағы жайпақтау біткен, көлденең кесіндісі дөңгелек үшбұрышты, сырты ірі бұдырлы, ашық ақ сары түсті. Толық пісіп жетілген жемістерінің орташа салмағы 80-120 г. Жоғарғы өнімділігі 55 т/га. Аурулармен шамалы ғана зақымданады. Жерсінділген облыстары – Көкшетау мен Орал [42, 43]

 

 

1.5 Қиярдың зиянкестермен және аурулармен күресу

 

Ашық жерде қиярға жалған ұнтақ, бактериоз, қияр аскохитозы, ақұнтақ, антракноз, дақтылық үлкен зиян келтірсе, қорғаулы жерлерде бұлардан басқа қияр тамыр шірігімен, ақшірікпен зақымданады, зиянкестерден өрмекші кене, темекі трипсі, бақша бітесі, аққанат зақымдайды. Ал осы зиянкестермен және аурулармен күресу шараларына мыналар жатады.

Аққанаттыларға қарсы Актеллик 500 э.к. ашық жерде және қоғаулы жерлерде пайдалана беруге болады. Қолдану мөлшері ашық алаңда 3-5 л/га, қорғаулы жерлерде 0,3-1,5 л/га. Өңдеу тәсілі өсінді кезеңінде бүрку. Өнім жинап алынып біткенге дейін 2- 3 рет бүрку.

Жалған ұнтақ ауруына қарсы Браво 500 с.к. ашық алаңда да қорғаулы жерлерде де қолданылады. Қолдану мөлшері ашық жерде 2,2-2,7 л/га, қорғаулы жерде 3-6 л/га. Өңдеуді ашық алаңда 20 рет, қорғаулы жерде 3 рет қайталайды. Қайталауды өнім жинап алуға 3 күн қалғанда тоқтатылады [44].

 


2 ЗЕРТТЕУ ЖАҒДАЙЫ, НЫСАНЫ, ӘДІСТЕМЕСІ МЕН БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

2.1 С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғылыми зерттеу кампусында дақылдардың егіс көлемі, құрылымы және техникамен қамтамасыз етілуі

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті – Орталық және Солтүстік Қазақстанның ең ірі аграрлық ЖОО, Астана қаласының бірінші жоғары оқу орны.

Солтүстік Қазақстанның тың және тыңайған жерлерін игеру кезінде ауыл шаруашылығы саласында мамандар қажет болғандықтан осы оқу мекемесі ашылды. Солтүстік және орталық Қазақстан облыстарына ауыл шаруашылығы өндірісі үшін мамандарды кеңінен дайындау мақсатында КСРО Министрлер Кеңесінің 1987 жылғы 3 қазандағы Қаулысы және СССР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 1957 жылғы  9 қазандағы бұйрығы бойынша Ақмола ауыл шаруашылығы институты келесі факультеттерімен құрылды: агрономиялық, ауыл шаруашылығын механикаландыру және жерге орналастыру. Алғашқыда үш факультеттен құрылған институт зерттеу университетіне айналып, тек солтүстік өңірдің ғана емес, сонымен қатар елдің ғылыми және оқу орталығы болып қалыптасты. 

Қаншама даму кезеңдерінен өткен университетіміздің 2012 жылдан бастап дамудағы негізгі басым қызметі - ғылым болды. Университеттің стратегиялық мақсаты: ауыл шаруашылығы саласындағы заманауи зерттеу университетіне кезең-кезеңімен көшу. 

2013 жылда 23 мамырында шетел инвесторларының Пленарлық  мәжілісінде Қазақстан Республикасы-ның Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  алғаш рет ҚАТУ қабырғасында  «Назарбаев Университеті» үлгісі бойынша ауыл шаруашылығы саласында халықаралық деңгейдегі зерттеу университетін қалыптастыруға ұсыныс берген еді.   Сол уақыттан бастап ҚАТУ-ды реформалау жұмыстары басталып кетті.

Осы мақсаттардың бірі болып 2015 жылы «Сәкен Сейфуллин атындағы ҚАТУ АҚ ғылыми-тәжірибелік кампусы» өзінің іргетасын қалады. «Сәкен Сейфуллин атындағы ҚАТУ АҚ ғылыми-тәжірибелік кампусы 2016 жылдан бастап өз жұмысын бастады. Алғашқы болып агрономия факультетінің агрономия мамандығының 3 курс студенттері өндірістік іссанадан өтті. «Сәкен Сейфуллин атындағы ҚАТУ АҚ ғылыми-тәжірибелік кампусы Ақмола облысы, Целиноград ауданындағы Қабанбай батыр ауылдық округінде орналасқан.

Шаруашылықтың негізгі өндірістік бағыты бидай, дәнді дақылдар мен мал азықтық дақылдардың көптеген түрлері болып табылады. С.Сейфуллин Қазақ агротехнкалық университетінің ауылшаруашылық кампусының барлық ауылшаруашылық жерлері 1237 гектарды құрап отыр. Оның ішінде: жыртынды жерлер 359 га, шабындықтар мен жайылымдар 800 га, тоғандар мен су қоймалары 16 га, батпақты жерлер 55 га, танаптық жолдар 6 га, басқа жерлер 1 га-ды құрайды [1-кесте].

Кесте 1 - 2016 жылғы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті АҚ Ауылшарышылық кампусының жер пайдалану жағдайы (жерлерді мемлекеттік есептеу деректері бойынша)

Жерлер

га

%

Барлық ауылшаруашылық жерлер

1237

100

Оның ішінде: жыртынды

359

29

Шабындықтар мен жайылымдар

800

64,6

Тоғандар мен су қоймалары

16

1,2

Баптақты жерлер

55

4,4

Танаптық жолдар

6

0,4

Басқа жерлер

1

0,4

 

Шаруашылық жаңартылған машина-трактор паркіне, жер өңдеуші құралдар мен заманауи агрегаттарға ие [кесте 2].

Кесте 2 - 2016 жылғы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті АҚ Ауылшарышылық кампусының шаруашылықта бар техникалары

Машиналар мен құралдар

Саны

Тракторлар

4

Оның ішінде маркалары бойынша

МТЗ-80, МТЗ-3522, МТЗ-2022,3, Т-150

 

Комбайн

Енисей -950

Картоп қазғыш

КСТ-1,4А

Кешендер

2

Оның ішінде маркалары бойынша

СЗ-5,4А, УПС-6-02

Ауыл шаруашылығы машиналары мен құралдар

20

Бүріккіштер

ОП-22

Культиватор

КОН-2,8, КРНВ-5,6-0,4

Тырмалар

БДТ-7К-01 2дана, БЗГТ-9 Победа 2 дана

Грабли

ГКП-6,1М

Тығыздығыштыр

ККЗ-9,2Н

Жүк көліктер

Газ-53-2

Прицептер

2ПТС-4

Жатка

ЖВП-4,9

Шөпті тығыздап жинағыш

ПТ-165, ПР-Ф-145

Тұқым дәрілегіш

ПСК-15

Техникалық көмек

Камаз техсервис

Миксер

Metal Fach T-659

Жеңіл автокөлік

Уаз-4

Терең қопсытқыш

ПЛН-8-35, ПГ-3-5

 

2.2 Аймақтың ауа райы жағдайы, климаты

 

Климаты. Бұл өңірдің климаты күрт континенталды, ауаның орташа жылдық температурасы +00С-дан +30С-ға дейін, ең суық қаңтар айында орташа температура -20, -180С, ал ең жылы шілде айында +19, +240С. Көктемде жылу тез көтеріледі. Аймақтың солтүстігінде сәуірдің соңында, ал оңтүстігінде оның ортасында тәуліктік орташа температура +50С-дан асады.

Жекелеген жылдары кенеттен суытқанда сәуірде орташа тәуліктік температура -100С-ға дейін, ал мамырда 00С-ға дейін төмендейді. Аязсыз (үсіксіз, бозқыраусыз) кезеңнің ұзақтығы 3,5 ай шамасында, осы кезеңде белсенді температура (100С-дан жоғары) жиынтығы 1700-18000С-дан аспайды: жалпы Ақмола облысының аумағында мәдени өсімдіктер жылумен жақсы қамтамасыз етілген. Белсенді температура жиынтығы бұл аймақта 2000-нан 26000С-ға дейін өзгереді. Орташа жылдық атмосфералық жауын-шашын мөлшері 250-350 мм аралығында өзгереді, ал жылы кезеңде жаздың ортасына қарай өсе отырып орта есеппен 180-230 мм ылғал түседі. Бұл аймаққа күшті желдер тән: жазда шаңды дауылға, қыста қарлы боранға ұласады. Қорыта айтқанда, Ақмола облысының климаты жиі қайталанатын құрғақшылықпен ерекшеленеді, ал мұның өзі танаптық дақылдарды аудандастырғанда олардың құрғақшылыққа төзімділігін, жаздың екінші жартысында түсетін ылғалды, сонымен бірге күзгі, қысқы және көктемгі жауын-шашынды пайдалану мүмкіндігін ескеруді қажетсінеді.Қысы ұзақ және суық желдер мен борандар жиі болады. Ең суық ай - қаңтар. Бұл айдың орташа температурасы солтүстік бөлігінде- 15-17 градус, ал оңтүстігінде - 13-14 градус. Температураның абсолюттік минимумы- 48,-50 градус, ал жылдық орта есептік минимумы-36-40 градус [27].

Қысқы мерзімде 70-100 мм ылғал түседі, ол жылдық мөлшердің үштен бір бөлігі. Солтүстік Қазақстанның көктемгі қысқа орташа тәуліктік температурасы тез көтеріледі. Температураның жоғарылауы тез салқындаумен ауысып отырады. Мамырдың бірінші онкүндігінде суықтар байқалады. Қардың еріп кетуінен жаздық бидайды себуге дейінгі кезеңде жауын-шашынның түсуі өте аз -35-50 мм және олар булануға кететін ылғал шығыны мөлшерін жаба алмайды. Осы кезеңдегі жапырақтағы ылғалдың булануы көктемгі жауын-шашын мөлшерінен 2 есеге асып түседі [27].

Солтүстік Қазақстанның жазы ұзақ және ыстық болады. Тек кейбір жылдары жаз ылғалды және салқын болады. Көктемгі соңғы бозқыраумен күзгі алғашқы бозқырауға дейінгі кезеңнің ұзақтығы салыстырмалы түрде өте ұзақ емес және жылдар бойынша қатты өзгеріп отырады, көктемгі бозқыраудың түсуінің аяқталуынан, күзгі алғашқы бозқыраудың түсуіне дейінгі уақыт бір жылда орта есеппен 100-125 аязсыз күндер болады. Кейбір жылдары олардың ұзақтығы 146 күнге дейін өсуі мүмкін немесе 73 күнге дейін қысқаруы мүмкін.

Ауаның температурасы +10 градустан жоғары кезеңдегі орташа тәуліктік температурасының жиынтығы 1800-3200 градусты құрайды, осы температура жиынтығы дәнді дақылдардың пісіп жетілуі үшін жеткілікті болады. Жазғы уақыт кезеңінде (маусым-тамыз) 120-170 мм жауын-шашын түседі, олардың көбі шілде айына келеді [27].

2015-2016 жылдары ауылшаруашылығы дақылдары үшін көп жауын-шашын мөлшерімен айқындалды. 2015-2016 жылдары барлық ауылшаруашылық жылында барлығы 452,1 мм жауын-шашын мөлшері түсті. Ол өз кезегінде орташа көп жылдық мәліметтен 134 мм-ге жоғары. Ал бидайдың вегетациялық кезеңінде 242,1 мм жауын-шашын мөлшері түсіп, ол орташа көпжылдықтан 61,1 мм-ге жоғары болды. Тек мамыр айы өте жылы және бірақ жауын-шашын мөлшері аз болды. Бидайды мамырдың 18-іне сепкеннен кейін жауын-шашын мөлшері аз болғандықтан көктеуі кешеуілдеді [кесте 3].

Кесте 3 – «C. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-нің ғылыми-өндірістік кампусының» метерологиялық көрсеткіштері, 2015-2016 жж. (мм), (0С).

Айлар

Жауын-шашын мөлшері, мм

Ауа температурасы,0С

Он күндіктер

барлық

айға

Он күндіктер

барлық

айға

I

II

III

I

II

III

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Қыркүйек

2015ж.

4,8

9,6

2,7

17,1

13,1

11,2

8,5

10,9

орташа көпжылдық

6,2

9,5

9,5

25,2

11,0

12,2

7,2

10,1

Қазан

2015ж.

7,9

19,1

21,0

48

5,6

3,3

-1,2

2,6

орташа көпжылдық

9,4

8,1

9,4

26,9

3,7

2,6

0

2,1

Күз айы

2015 ж.

 

 

 

65,1

 

 

 

13,6

орташа көпжылдық

 

 

 

52,1

 

 

 

12,2

Қараша

2015 ж.

3,5

15,7

6,2

25,5

-3,0

-7,2

-13,4

-7,9

орташа көпжылдық

10,2

8,0

6,0

24,0

-4,6

-6,7

-9,7

-7,0

3- кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Желтоқсан

2015 ж.

23,4

8,1

15,7

47,2

-15,7

-11,6

-8,7

-11,9

орташа көпжылдық

7,0

56

19,0

18,0

-12,1

-13,9

-15,7

-13,9

Қаңтар

2016 ж.

7,6

9,1

4,7

21,4

-13,8

-9,4

-21,3

-15,0

орташа көпжылдық

6,0

5,0

5,0

16,0

-16,3

-16,9

-18,3

-17,2

Ақпан

2016 ж.

16,0

7,4

3,0

26,4

-15,2

-15,3

-9,6

-13,6

орташа көпжылдық

5,0

4,0

4,0

13,0

-17,0

-16,7

-15,4

-16,4

Наурыз

2016 ж.

9,7

7,8

2,0

19,5

-12,4

-5,4

-7,9

-8,5

орташа көпжылдық

4,0

4,0

6,0

14,0

-12,3

-9,4

-4,3

-8,7

Қараша-наурыз айы, барлығы

 

 

 

145,3

 

 

 

-11,4

Орташа көп жылдық

 

 

 

85,0

 

 

 

-12,7

Сәуір

2016 ж.

3,2

17,9

10,4

31,5

-2,6

8,8

9,8

5,3

орташа көпжылдық

4,5

5,0

7,0

16,5

-1,0

6,1

9,0

4,7

Мамыр

2016 ж.

9,1

22,5

17,0

48,6

13,4

14,3

15,8

14,5

орташа көпжылдық

8,0

6,0

13,6

27,6

9,8

11,2

12,4

11,2

Маусым

2016 ж.

22,0

31,0

2,0

55,0

18,2

16,7

18,0

17,6

орташа көпжылдық

11,0

8,0

14,0

33,0

14,0

14,4

18,3

15,5

Шілде

2016 ж.

22,0

32,0

24,0

78,0

17,0

20,0

17,8

18,2

орташа көпжылдық

19,0

25,0

27,0

71,0

16,0

18,0

19,8

17,9

Тамыз

2016 ж.

11,0

8,0

10,0

29,0

14,9

16,6

13,4

14,9

орташа көпжылдық

13,0

9,0

11,0

33,0

17,8

17,5

16,1

17,1

Жаз айы

2016 ж.

 

 

 

242,1

 

 

 

11,7

 

орташа көпжылдық

 

 

 

181,0

 

 

 

11,0

Ауылшаруашылық жылында, барлығы

 

2015-2016 жж.

 

 

 

452,1

 

 

 

7,0

 

орташа көпжылдық

 

 

 

318,1

 

 

 

10,5

 

2015-2016 ауыл шаруашылық жыл салыстырмалы түрде салқын қыркүйек айымен сипатталды. Осы айдағы орташа айлық ауа температурасы 10,9 0С шегінде болды, ал ол орташа көпжылдық нормадан 0,7 0С-ге төмен. Жауын-шашын мөлшері жалпы алғанда 17,1 мм түсті. Қазан айының алғашқы екі онкүндікте көпжылдық орташа нормадан 1,50С-ға суық болды.

Қар қабаты тұрақты, 5 айға дейін жатады. Орташа қалыңдығы 20-35 см құрайды.

Кесте 4 - Орташа көпжылдық көрсеткіштермен салыстырғандағы 2016ж. түскен ылғалдың мөлшері, (мм)(Ақмола облысы, Целиноград ауданы)

Жыл

Айлар

Барлығы

X

XI

XII

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

2016

-

-

-

30,3

29

17,7

34,7

30

29,8

80

74

11,4

336,9

Орташа көпжылдық

-

-

-

19

14

18

20

31

41

52

41

26

333

Орташа көпжылдықтан ауытқуы

-

-

-

11,3

15

-0,3

14,7

-1

-11,2

28

33

-14,6

3,9

 

2.3 Шаруашылықтың топырақ – климаттық жағдайы

Зерттеу нәтижелерінің көрсетуі бойынша топырақтың егістік қабатында қарашірік, жеңіл гидролизденетін азот пен қозғалғыш фосфордың мөлшері аз, ал ауыстырмалы калийдің мөлшері жоғары екені анықталды. Топырақ ерітіндісінің реакциясы бейтарап. Топырақ микроэлементтерінің арасында күкірт, мырыш, мыс және кобальт тапшылығын зерттейді (5 кесте).

Кесте 5 - Тәжірибе аумағы топырағының химиялық зерттеу нәтижелері

Қабат, см

Қарашірік, %

Р2О2, мг/кг

К2, мг/кг

л/г азот, мг/кг

рН-қышқылдық, бірлік

0-20

2,84

12,2

406

9,4

7,12

20-40

2,54

6,18

305

4,6

7,06

Зерттеу учаскесінен алынған топырақ үлгілерінің нәтижелері бойынша, 0-20 см қарашірік мөлшері төменгі деңгейде – 2,84 %, ал 20-40 см – 2,54, топырақ қабатының 0-20 см жылжымалы фосфор мөлшері 12,2 мг/кг, ал 20-40 см топырақ қабатында 6,18 мг/кгқұрап, жылжымалы фосфор бойынша өте төмен деңгейді көрсетті, алмаспалы калий бойынша жоғары деңгейден (406-335 мг/кг), орташа деңгейге (406 мг/кг жоғары) дейін өзгерді. Топырақ құрамындағы жеңіл гидролизденетін азот мөлшері 0-20 см қабатта – 9,4 мг/кг, ал 20-40 см қабатта – 4,6 мг/кг құрап, азот мөлшерінің төменгі деңгейін көрсетті. Топырақ реакциясына келетін болсақ, зерттеу учаскесі бойынша орташа алғанда аз сілтілі деңгейді (рН деңгейі 7,12) құрады.

 


3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

 

 

3.1.Қияр дақылының көшеттерін өсіру

 

Маринда, атланта, астерикс сорттарын қыш құмырада көшет ретінде отырғызған жақсырақ. Бұл, біріншіден, ертерек өнім алуға, екіншіден, азырақ дәнді пайдалануға, дамудың бірінші кезеңінде өсімдікті жақсырақ қорғауға мүмкіндік береді. Көшетті орманды дала, тоғайлы ойпат жер аймағында, 15-25 мамыр аралығында, ал далалықта 5-15 мамыр аралығында отырғызады. Көшеттерді отырғызуға қыш ыдысты мына қоспалардан жасайды: 3 бөлік жертезек, 1 бөлік қарашірік немесе 3 бөлік қарашірік және 1 бөлік шымды жер, бұл қоспаға 1т есебінде: аммиактық селитра 0,8 - 1,0 кг, суперфосфат 1,0 - 1,5 және калий сульфаты 0,7 - 1,0 кг қосады. Диаметрі 8см-ден кем емес қыш құмыраларды пайдаланады. Қыш құмыралар орнына арнайы таблеткаларды пайдаланған жақсырақ. Олар пайдалануға ыңғайлы, өсімдіктерге қажетті макро- және микроэлементтерді, биологиялық белсенді заттарды қамтиды. Сонымен қатар көшетті түрлі препараттармен өңдеулер пайдалы. Еккенде 22-25 күндік көшетті (3-4 жапырақ) көшіріп еге алатындай егу керек. Көшет ашық жерге егер алдында жақсы шыңдалған болу керек. Көшетті отырғызуға дайындағанда өсімдіктің ашық грунт жағдайына икемдеуге бағытталған агротехникалық шаралар кешенін шынықтыру дейді. Егер де көшеттер отырғызылу алдында шынықтырылмаса көшеттердің ауруларға, суыққа және қолайсыз жағдайларға төзімділігін жоғалтады. Көшеттерді шынықтыру жұмыстарына жылумен (температурамен), жарықпен және ауамен шынықтыруды ажыратады. Шынықтыру жұмыстары барлық көкөніс дақылдарын тән 45.

 

 

3.2 Өндірістік тәжірибеде өсіріліп зерттелген сұрыптар туралы сипаттама

Маринда сорты - Нидерланд елінің атақты "Монсанто Holland" компаниясы ойлап шығарған атақты, таныман гибрид. Бұл гибрид ерте кемелденетін,жоғары өнім беретін гибрид. Қиярдың бұл сұрпын ашық жерде, жылыжайларда, шынылы жылыжайларда өсіруге болады. Айта кететін жағдай бұл гибридті аралар арқылы тозаңданатын бақша дақылдарымен бірге орналастырмаған жөн. Гибрид алғашқы жемісін 40-55 күндер аралығында беріп үлгереді. Арнайы күтімді талап етеді. Жемістері жинауға ыңғайлы гельді емес. Бұл қиярдың әрбір торабы немесе сабағы 5 жемісті толық қалыптасуына күші жетеді. Жемісінің ұзындығы 10-12см,салмағы 65-75грамм цилиндрлі. Қияр жемісінде ақ тау жоталары бар қара жасыл түсті,ұзынша келген, ащысы жоқ,тұқым камералары шағын. Бір шаршы метр жерден алатын өнімділігі-25-30кг қияр.

Әмбебап гибрид- жаңа піскен түрінде де тұздалған түрінде де пайдалануға болады. Айта кететін жағдай ауруларға,яғни қотырлы және ұнтақты зең,клодоспариоз, струпьев, дақ ауруларға және де вирустық ауруларға төзімді гибриттік Маринда. Сондай ақ стрестік ауа райы жағдайларына икемділікті көрсетеді.

Артықшылықтары- Маринда қияры жоғары табыстылық, жақсы дәмі мен өнім сапасы, жемістерін түрлі пісу жағдайында тұтынуға болады.

Маринда гибридін 1994 жылы Ресей Федерациясының тізіліміне енгізілді.

Қара топырақты облыстарда пайдаланыланып өсірілетін сұрып.[46]

Астерикс - Орташа мерзімде пісетін гибридті қияр. Сорттың, яғни гибридтің авторлары Ресей ғалымдары Н.А. Ильин мен В.С.Ильин. 1998 жылы Ресей мемлекеттік тізіліміне енгізілген. Өсірілетін аймақтары негізінен Калуга, Мәскеу, Тула облысы және де Тамбов облыстарында кең өсіріледі.

Бал арасымен тозаңданатын астерикс гибриді сыртқы орта жағдайларына тез бейімделеді. Егін көгінен бастап алғашқы өнімді алғанға дейін шамамен 48- 54 күн өтеді. Өсімдіктер негізінен биіктігі орташа, гүлденуі аналық типті, тамыр жүйесі жақсы дамыған. Жапырақтары орташа мөлшерде, орташа әжімді, қою жасыл түсті, жапырақ шеті алсіз иілген. Қиярлар цилиндр пішінді, бүйірлі, орташа бұдырлы, ақтісті, көлденең кескінінде доғал, массасы 70-90 грамм. Қиярдың ұзындығы мен енінің қатынасы 2,9:1. Түктілігі сирек. Қабығы жасыл, орташа дақты және орташа ұзындықты ақ сызықтары бар. Тауарлы өнімі 133-333 ц/га құрайды. Ал бұл Бригада, Дружина және Единство стандартты сорттарына қарағанда 53-107 ц/га жоғары өнімділік. Ең жоғарғы (максималды) өнімділігі 422 ц/га, ал бұл Дружина сортымен салыстырғанда 90 ц/га жоғары көрсеткіш. Тауарлы өнім шығымы 80-97% (ал стандартты сорттарда ол 65-95%). Негізгі кемшілігі ретінде гибридтің суыққа төзімсіздігі, немесе басқаша айтқанда әлсіз төзімділігі жатқызылады.

Астерикс F1 Голландиялық будан. Ерте пісетін, ара тозаңдандыратын, негізінен аналық гүлдері дамитын будан. Орташа желі сабақты өсімдік. Жасыл түйнегі орташа бұдырлы, цилиндр тәрізді, ұзындығы 8-12 см, массасы 65-85 г, ащысыз, дәмдік сапасы өте жақсы. Жас күйінде және консервілеп пайдаланылады. Өнімді жемістерінің тауарлық сапасы жоғары [47].

Атлантиc – ерте мерзімде пісіп жетілетін қияр сорты. Голландияның атақты Бейо Заден агрофирмасының шығарған гибриді. Топырағы жақсы өңделген ашық алаңдарда да, қорғаулы жылыжай орталарында да өсірілетін әмбебап гибрид. 2000 жылы Ресей Федерациясының барлық аймақтары бойынша мемлекеттік тізіліміне енгізілген болатын. Бұл гибрид тек қана қорғаулы жылыжай, ашық алаңдардан басқа да жерлерде өсіріледі: Арнаулы жеке бау-бақша учаскелерінде, үй жанындағы кіші алаңдардан бастап үлкен фермерлік шаруашылықтарда да өсірілетін гибрид.

Атлантис сұрпының тозаңдануы бал араларының көмегі арқылы жүреді. Көшетті отырғызғаннан алғашқы жеміс бергенге дейінгі аралық немесе жемісінің пісу ұзақтығы 46-52 күн. Өсімдік сабақтары өрмелегіш келеді. Жапырақтары басқа қияр сұрыптарымен салыстырағанда аздау болып келеді. Жапырақтарының түсі жасыл, ақшыл жасыл. Ал жапырақ пішіндері қатты әжімделген, түкті, шеттері жиырылған болып келеді.

Жемістері цилиндр тәрізді, қырлы, ірі, иіліңкі, ұзындығы 12-14 см, диаметрі 3-3,5 см, ал салмағы 120-130 грамм. Ұзындығы мен енінің қатынасы 3,2:1. Қиярдың қабықшасы қоңыр-жасыл түсті, ақ жолақшалармен көмкерілген. Жемістерінің сырты орташа ақ тісті. Гибридтің өнімділігі 1 шаршы метрден 12-14 кг дейін өнім береді. 10-14 күндік қияр жемістері тауарлық сапасын жоғалтады. Суару жұмыстарын жүргізгеннен 2-3 күн аралығында жинап отыру керек.

Бұл гибрид әмбебап мақсатта пайдаланады жана піскен түрінде де тұтына береді. Салат жасау үшін де пайдаланады. Жас өнімдерді бағалы консервілер жасау үшін пайдаланады. Вирусты ауруларға қияр мозаикасы және ұнтақты зең ауруларына шалдығуы екі талай. Ал жалған ұнтақты зең вирусты ауруына қарсы тұруы орташа. Буданның негізгі ерекшелігі суыққа төзімділігі. Әртүрлі климат жағдайларына бейімделгіштігі жоғары. Атлантистің артықшылықтары: ауруларға төзімділігі, жемістерінің дәмдік сапасының жоғары болуы, өнімділігінің жоғарылығы және де тауарлық түр келбеттілігі [48].

 

 

3.3 Зерттеу жұмысының әдістемесі

 

Ақмола облысы, Целиноград ауданында орналасқан С.Сейфуллин атындағы Казақ агротехникалық университетінің кампусы жағдайында қияр дақылын көшетпен өсіріп сынау мақсатында танаптық тәжірибе қойылды. Өсірілген дақылдың өнімділігін арттыру шараларын қарастыру. Зерттеу нысаны ретінде қияр дақылының өнімділігі жоғары Маринда, Атланта, Астерикс сорттары алынды. Алға қойылған мақсат мен міндеттерге қол жеткізу үшін зерттеу жұмыстары кезінде бүкілресейлік өсімдік шаруашылығы институттары әзірлеген әдістемесі қолданылды. Экопин - бұл, негізінен бақша дақылдары мен дәнді дақылдарының өнімділігін арттыру мен аурулардан қорғау үшін A. Radiobacter бактериясы штаммы негізінде жасалынған. Экопин “Бүкілресейлік өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институты” орталығында шығарылған.

Экопин биопрепараты өзінің бірқатар ерекшеліктерімен сипатталады:

Топырақ микрофлорасын қалпына келтіреді; Ақуыз құрамын 20-30% арттыруға көмектеседі; Нитратты 25-40%-ға төмендетеді;

Ресейдің оңтүстік аймақтарында қызанақ пен қиярға көптеп қолданылады. Қияр мен қызанақтың өнімділігін 20-25%-ға арттырады. 1 гектарға есептелген тұқымдарды себер алдын өңдеу үшін 10 л суға 60-70 мл Экопин биопрепараты жұмсалады. Ал өсімдіктің вегетациялық кезеңінде үстеме қоректендіру үшін 10 л суға 120-130 мл жұмсалады.

Экопин биопрепараты адам және қоршаған ортаға қауіпсіз. Дегенмен, препаратты өсімдіктің вегетациялық кезеңінде пайдаланған жағдайда күн көзінен қорғау керек . Бірақ бұл препаратты тек қана көшеттерді отырғызу барысында ғана пайданаған болатынбыз [49].

 

 

3.4 Өндірісте өсірілген қиярдың агротехникасы

 

Өндірісте өсірілетін қияр дақылының отырғызылатын жер телімін ең алғаш өлшеп белгілеп алдық. Біздің тәжірибе жүргізілетін алаң бірнеше жылдан бері бос жатқан жер. Сол себепті тәжірибе алаңды терең өңдеу жұмыстарын жасадық. Бұл агротехниканы МТЗ-3522 және де агрегат ПЛН-8-35 көмегімен жүргізілген болатын. Топырақты аудара жыртқан соң танапта ірі кесектер қалмас үшін біз МТЗ-2022+БЗГТ-9 арқылы келесі тырмалау жұмыстарын жасаған болатынбыз. Бұл опереция екі қайтара жүргізілді. Себебі көкөніс дақылдарын өсіретін болғандықтан танаптын топырағында үлкен кесектер болмауға тиіс. Көкөніс дақылдарын өсіретін алаң аса қатты үлкен болмағандықтан, кесектерді ұсақтау мақсатында біз танапты қол тісті тырмалар арқылы ірілі-ұсақты кесектерден, арамшөп тамырларынан тазарттық және де тегістедік. Істелінген бұл жұмыстар мамыр айының 24-25-ші күндері жүргізілді.

Келесі шара қияр дақылын көшетпен отырғызу. Көшетпен отырғызу тұқыммен сепкенге қарағанда өнімді 25-30 күн ертен өнім береді. Көшеттерді отырғызу үшін ең алғаш танапқа қарықтар жасадық, бұл операция да қолмен жүргізілді. Көшет отырғызу үшін ұя жасадық. Көшеттерді отырғызумен бірге топыраққа қарашірінді енгіздік. Қарашіріндіні әр көшеттің түбіне енгізген болатынбыз. Көшеттерді отырғызу тереңдігі 5-8 см. Алғашқы суару көшет отырғызумен бірге болды. Көшет отырғызу барысында суару, қарашірінді шашу жұмыстарының барлығы қолмен жүргізілді. Көшеттерді отырғызу мерзімі 27 мамырда. Өндірістік тәжірибеде өсіріліп жатқан қияр сорттары: Маринда, Атланта, Астирикс. Бұл сұрыптар ерте мерзімде піседі. Пісу мерзімдері 46-50 күн аралығында.

Егістікті күтіп-баптау жұмыстары. Қияр көшеттерін танапқа отырғызғаннан кейін көшеттер жақсы өсіп алу үшін күнара суару жұмыстарын жасап отырдық, себебі қияр дақылы ылғалға жоғары талап қоятындықтан бұл шара күнара жасалынды. Ал көшеттер жақсы өсіп тамыр жүйесі жақсы жетіле бастағанда суаруды аптасына екі реттен беріп отырдық. Танап бірнеше жылдар бойы бос жатқандықтан арамшөптер өсе бастады. Вегетация кезінде арамшөптерге қарсы ешқандай химиялық әсер ететін заттар қолданылған жоқ. Арамшөптерді қолмен жұлып тастап, отап отырдық. Қияр дақылының тамыр жүйесі әлсіз, нәзік болғандықтан суарудан кейін топырақты қопсытып отырдық. Егер топырақты қопсыту жүргізілмесе қиярдың тамыр жүйесі нашар дамып өнімділігі төмендейді. Қиярдан жоғары және сапалы өнімін алу үшін барлық кешенді шараларды өз уақтысында жоғары деңгейде жүргізу керек. Барлық агротехнологиялық күтіп-баптау шараларын дұрыс сақтау кезінде ғана, өсімдікті суару, тыңайтқыш, қорғау және т.б. сияқты шараларға қосымша шығындарды төмендетіп, өндірістің пайдалылығын жоғарлатуға болады. Сондықтан, ашық алаңда қиярдың жоғары өнімін алу үшін өсімдіктерді кешенді технологиялармен өсіруді қамтамасыз ету керек. Бұл технологияларға әртүрлі негізделген топырақ-субстраттарын қолдану, топырақтың қолайлы ауа және су режимдерін жасау, органикалық және минералдық тыңайтқыштардың үйлестірілген мөлшерлерін беру, өсімдіктерді егу және түптерін қалыптастырудың қолайлы сұлбаларын жасау кіреді. Сондай-ақ, зиянкестер, аурулармен және арамшөптермен күресуде негізгі агротехникалық шаралардың бірі, ауыспалы егістерді менгеру және енгізу болып табылады.

Қарастырылып отырған қияр сорттары тез пісетіндіктен шілде айының 11-де маринда сорты ең алғашқы өнімін берді. Өнімді жинау барысында қияр дақылының сабақтарының әлсіздігін ескердік. Сол себепті қияр өнімін жинаған кезде сабақтарына зақым келтірмес үшін сабақтарын қайшымен және өткір пышақпен кесу арқылы жинаған болатынбыз. Суаруды қаншалықты жиі жүргізген сайын біз де өнімді соншалықты көп алдық. Қияр жемістерін жинау барысында жемістерге зиян келмеу үшін және солып қалмау үшін кешке салқын түскенде жинадық. Ал жиналған жемістерді салқын жерде сақтадық. Суару жүргізілгеннен кейін арада 1 күн салып өнім алып отырдық. Өсірілген қияр сорттаында ең өнімді жоғары берген осы Маринда сорты.

Кесте 6 - «C. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-нің ғылыми-өндірістік кампусы» бойынша қиярдың өсіру технологиясы

Қатар саны

Танап

Агротехникалық шаралар.

1

2

3

1

Дақыл,сорт

Маринда, Астерикс, Атланта

2

Алғы дақыл, негізгі өңдеу тәсілі

Сүрі жер

3

Тыңайтқыш енгізу

Көшетті отырғызумен бірге

4

Себу алдында топырақ өңдеу

Топырақты тырмалау. 2 ізді. Технологиясы: қолмен. 5-8см. (25.05)

5

Себу тәсілі,мөлшері,мерзімі,тұқым сіңіру тереңдігі.

Қарықтап көшетпен отырғызу. 27.05.16 Қолмен отырғызу.

6

Егістікті күтіп-баптау (тырмалау, қатараралық өңдеу, мерзімі, құралдар, тереңдігі)

Суару. Арамшөптерді отау. Көшеттің түбін қопсыту.

7

Арамшөптерге, зиянкестерге, ауруларға қарсы күрес шаралары, тәсілдері, мерзімдері, мөлшері, аумағы

 

Арамшөптерді қолмен отау жұмыстары.

8

Суару тәсілдері, саны, мерзімі, мөлшері, ж.б

Аптасына 2 рет. Қолмен суару. 4,2т

9

Егінді жинау мерзімі

(11.07-28.08) аралығында күн ара қолмен теру

10

Қарастырылып отырған дақылдың өнімділігі, кг

Маринда- 107,5 ц/га

Атланта, Астерикс- 85,5 ц/га

 

 

 

 

 

3.5 Өнімнің қалыптасуы

 

Қияр дақылының фенологиялық кезеңдер - табиғаттың маусымдық дамуында айқын байқалатын кезең. Өсімдіктің жеке түрлері гүлдеуі, түйіндердің түзіле бастауы, жеуге жарамды жемістердің түзілу уақыты, алғашқы жеміс беру, өнімді толық жинау аралығындағы кезеңдерді айтамыз.

Кесте 7 - Қияр дақылының фенологиялық кезеңі.

Дақыл, сорт

Көшт отырғызу мерзімі

Алғашқы гүлдеуі

Пикули сатыдағы қияр

Жеуге жарамды корнишон түзілу

Өнімді жинау мерзімі

Маринда

27.05.2016

8.07.2016

12.07.2016

14.07.2016

14.07-28.08.2016

Атланта

27.05.2016

10.07.2016

15.07.2016

17.07.2016

17.07-28.08.2016

Астерикс

27.05.2016

12.07.2016

16.07.2016

18.07.2016

18.07-28.08.2016

 

Көшеттерді бір уақытта отырғызғанымызбен, бірақта олардың гүлдеуі, жеміс сала бастауы, толық жеміс беру уақыты әртүрлі. Нысандағы Маринда сорты ерте күнде пісетіндіктен қалған екі сорттан қарағанда барлық фенологиялық кезеңдері ерте басталды. Алғашқы гүлдену кезеңі Мариндада 8-ші шілдеде болса Атланта мен Астериксте ол 10-ы мен 12-сі күндері өтті. Ал жеуге жарамды корнишон түзілу уақыты Мариндада 14-не болса сәйкесінше Атланта мен Астерикс 17-18-і күндері байқалған болатын. Қарап отырғандай бұл жерде Маринда сортының айтарлықтай ерте пісетін сорт екеніне көз жеткіздік. Қиярдың фенологиялық кезеңдері дақылдың минералды заттар мен суды ең көп талап ететін кезеңі. Сондықтан бұл кезеңде өсімдікке ерекше күтім қажет. Егер күтім жақсы болса өнімділік те жоғары болады.

 

3.6 Қияр дақылы сорттарының биометриялық көрсеткіштері

 

Биометриялық көрсеткіштер қарастырып отырған дақылдың өсіп-өнуін бақылайтын көрсеткіш. Қияр дақылының қарастырылып отырған сорттардың бір-бірімен салыстыру. Сорттардың жапырақтарын, сабақтарын, жемістерінің сандарын, жемістерінің салмағын салыстыру мақсатында пайдаланатын көрсеткіш.

Кесте 8 - Қиярдың сорттарының биометриялық көрсеткіштері

Сорттар

Өсімдік сабағының ұзындығы,см

Бір өсімдіктегі жапырақ саны, дана

Бір өсімдіктегі жеміс саны дана

Бір өсімдіктегі жемістердің салмағы, г

маринда

144,3

57,3

16

1524

атланта

130,3

49

16

1249

астерикс

126,6

54,6

13

1198

 

Өндірісте өсірілген Маринда сорты, салыстырып қарастырылған Атланта және Астерикс сорттарынан әлдеқайда айырмашылықтары бар екені байқалады.Қарап отырсақ сабақтарының ұзындығын Маринда сортында 144 см, ал Астерик пен Атлантада анау айтқандай қысқа, оларда орташа 128 см. Маринда сортының жапырақтары да қалған екі сорттың жапырақтарынан көп. Жемістеріне келетін болсақ алғашқы Маринда сорты Атланта мен Астериксті артқа тастап едәуір жоғары нәтиже көрсетті. Жемістерінің салмағы да, жемістерінің саны да, бір сөзбен айтқанда өнімділікті өте жоғары берді.

 

 

 

3.7 Қиярды пісіп жетілу кезеңдерінде жинау және жемістерді сақтау

 

Үлгіқалыптағы (1726-85 МҮҚ) бойынша жеміс жас, бүтін, таза, аурулармен және зиянкестермен зақымданбаған, механикалық жарақатсыз, сұрпына тән пішінде және әр түрлі реңдегі жасыл болған кезде өнімді жинау жұмыстары басталады. Пісудің басында жинауды 2-3 тәулік сайын жүргізеді. Жаппай піскен кезінде әр тәулік сайын жинаймыз. Танапта өсірілген соттардың өнімділігі әр түрлі. Мысалы ең жоғары өнімділік Миринда сортында. Қалған Атланта және Астерикс сортында өнімділік деңгейі шамалас. Жалпы өнімділігі 107,5 ц/га . Миринда сортын өсірудің тиімділігі жоғары.

Қиярдың өнімдерін жинаудың өзі өте бір жауапты жұмыс, себебі жемістері екі- үш тәулікте жиналмаса, үлкейіп, қатайып, сапалығын төмендетеді және баудағы өсімдіктерді тез қартайтып, өсіп өну, даму кезеңін қысқартады, осыған байланысты өсімдіктің өнімділігін әлдеқайда төмендетеді. Әрбір өнімдері жиналған күндері аздапта болса жаңбырлатқышпен немесе су бүріккіштермен ылғалдандырса, жоғары өнім алудың кепілі болады. Жиналған өнімдерді іріктеп, күн сәулесіне қыздырмай сақтау қажет, егер күннің ыстығында қалса, біріншіден сапалығын төмендетеді және бір сағатта 10-15%-дай салмағын азайтады. Осыған байланысты жиналған өнімдерді көлеңкелі орындарда іріктегенде жемістері зақымданбайды. Қиярды жинау барысында әрбір түптен Маринда сортынан орташа 2,5 кг өнім, ал Атланта және Астерикс сорттарынан 1,9 кг жинаған болатынбыз. Бұл көрсеткішті гектармен өлшейтін болсақ 107,5- 85,5 ц/га.


4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІК

Қияр өсірудің тиімділігін арттыру, әрбір шығын бірлігіне – еңбек, материалдық және қаржылық, жоғары сапалы қияр өндірісін барынша ұлғайтудан, оның пайда әкелуін арттырудан тұрады. Ресурсты сақтап қалу технологияларының кеңінен таралуы астық өндірісінің қарқынын жылдамдатады және астық шаруашылығының рентабельділігін қамтамасыз етеді. Технологияларды экономикалық бағалау қолда бар резервтерді анықтауға және астық өндіру саласының даму болашағын анықтауға мүмкіндік береді. Технологияның тиімділігін салыстырмалы түрде бағалау үшін, өнімділіктің және жалпы өнімнің артуының, шығындалатын ресурстардың қайтарылу деңгейі, өнімнің өзіндік құнының төмендеуінен таза кірістің артуының көрсеткіштері қолданылады. Нақты алынған нәтижелерді базалық нұсқамен (қарапайым технология) салыстыру жердің өнімділігінің өзгеруін, өндірістің ресурс сыйымдылығын, қосымша шығындардың өзектілігін анықтауға мүмкіндік береді.

Қазіргі нарықтық экономиканың халық шаруашылығына дендеп енуіне байланысты ауыл шаруашылығында басты көңіл нақты шаруашылықта өнім өндіруде материалдық, еңбек қаржылық және табиғи байлықтарды барынша үнемді және тиімді пайдалануға аз шығынмен жұмыс істеуге басты көңіл аудару қажет. Осыдан, бір өлшем жерден неғұрлым жоғары сапалы мол өнім алынса, осыдан бір өлшем алқаптан аз еңбек, қаржылық шығын жұмсап жоғары сапалы мол өнім алынса, солғұрлым белгілі бір дақылды өсіру тиімдірек болмақ.

Экономикалық тиімділік – ауыл шаруашылығы мекемесінің өндірістік пайдалы нәтижесі, ол еңбек, материалдық шығындарды үнемдеп жұмсай отырып, өнім мөлшері мен сапасын арттырудан, ысырапты азайтып басқа еңбек нәтижелерін жақсартудан байқалады. Жаңа технологияларды экономикалық тиімділігі ауыл шаруашылығы өндірісінің түпкілікті нәтижелерінен - өнімділіктің артуы, шығындардың азаюы мен өзіндік құнның төмендеуінен – көрініс табады.

Экономикалық тиімділікті анықтау үшін алдымен онымен тығыз байланыста болу керек: 1 га немесе 1 ц-ге жұмсалған шығындарды, астықтың жалпы түсімін, өнімділік деңгейінен, ауыспалы егістің бір гектарынан түскен түсімін, өзіндік құнын, алынған таза пайданы ж.т.т. Осының нәтижесінде өндірілген астықтың рентабельділігін анықтауға болады. Мәліметтер шаруашылықтың бухгалтерлік есептерінен алынады.

Кесте 9 - Қияр дақылын өсіру технологиясы бойынша 1 га есептелген шығындар, тг (2016 ж.)

Р/с

 

 

Көрсеткіштер

Тікелей шығындар

 

5-6 см тереңдікте топырақты тырмалау

22-25 см

Топырақты аудара жырту

Жалпы кеткен шығындар

 

1

Еңбекақы, тг

 

 

320000

2

Жанар-жағар май, тг

676

1488

26764

3

Көшеттер, тг

 

 

350000

4

Тыңайтқыштар

 

 

67500

5

Барлық шығындар

 

 

764315

 

Ауыл шаруашылығында жоғары сапалы өнім өндіру, бір жағынан жер көлемінің бір өлшеміне шаққанда оны өндіру көлемін ұлғайтады, екінші жағынан, бір гектар егістікке қосымша жұмсалған шығыны артады. Аграрлық – өнеркәсіптік кешендегі ұдайы өндірістің әлеуметтік экономикалық тиімділігінің негізгі өлшемі ретінде ауыл шаруашылығының және оның ұқсатушы салаларының өнімін әрбір белгілі бір кезеңде қажетті мөлшерде өндіруге жұмсалатын барынша аз халық шаруашлығы шығыны қолданылуы мүмкін. Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігінің қорытындылаушы көрсеткіші ретінде рентабельділік көрсеткіші қолданылады, бұл қорытындылаушы көрсеткіште саланын өндірістік (еңбек, жер) және материалдық ресурстарының пайдаланылу тиімділігі, өндіріс пен еңбекті басқару мен ұымдасытру деңгейі, өнім сапасы және оның өткізу нәтижелері көрініс табады.

Өндіріс рентабельдігі – шаруашылық есептегі кәсіпорынның кірістілігі, пайдалылығы. Рентабельдік деңгейде экономикалық әр түрлі формалары: жалпы, түпкі, таза өнім, таза және шаруашылық есеп-кіріс нәтижелері бейнеленеді.

Экономикалық тиімділіктің негізгі көрсеткіштері 1 га алынатын қиярдың өнімділігі, 1 га жұмсалатын тікелей шығындар, 1 га шыққан өнімнің жалпы құны, өзіндік құны және 1 га алынған шартты-таза пайда болып табылады. Қиярдың егістерінен 1 га жұмсалатын шығын таза сүрі бойынша көбірек болды. Қияр өнiмiнiң жaлпы түciмi, тaзa пaйдa, өзiндiк құны көpceткiштepiн төмeндeгi фopмулa бoйыншa анықтаймыз:

Ж.т = Ө × C.б ; (1)

Мұндaғы: Ж.т - жaлпы түciм, тг;

Ө- өнiмдiлiк, ц/гa;

C.б- caту бaғacы, тг.

Т.п.= Ж.т.- Ш(2)

Мұндaғы: Т.П- тaзa пaйдa, тг;

Ж.т - жaлпы түciм, тг;

Ш- шығын, тг.

Ө.қ.= Ш / Ө ; (3)

Мұндaғы: Ө.қ- өзiндiк құн, тг;

Ш- шығын, тг;

Ө- өнiмдiлiк, ц.

Рд. = Тп. / Ш (4)

Мұндағы: Т.п. = таза пайда, тг;

Ш = шығын, тг.

Ақмола облысы, Целиноград ауданында орналасқан С.Сейфуллин атындағы Казақ агротехникалық университетінің кампусы жағдайында қияр дақылын көшетпен өсіру технологиясының экономикалық тиімділігін келесідей есептедік: Сорттарды салыстыру бойынша

Маринда сорты б/ша: Ж.т = 10750× 100 =1075000

Т.п.= 1075000 – 764315 = 310685

Ө.қ = 764315/ 107,5 = 7110

Рд = 310685/ 764315 = 41

 

Атланта мен Астерикс б/ша: Ж.т = 8550 × 100 = 855000

Т.п.= 855000 - 764315 = 90685

Ө.қ = 764315 / 85,5 = 8939

Рд. = 90685 / 764315 = 12

Кесте 10 - Қияр сорттарының салыстырмалы экономикалық тиімділігі, ( 2016ж.)

Алғы дақыл

Қияр сорттары

Өнімділік, ц/га

1га шаққан

дағы шығын, тг

Сату бағасы, тг

1га шаққан

дағы таза пайда, тг

1ц қиярдың өзіндік құны, тг

Рентабельділік, %

Сүрі танап

Маринда

107,5

764315

100

310685

7110

41

Атланта, Астерикс

85,5

764315

100

90685

8939

12


5. ЕҢБЕК ҚОРҒАУ

Ауыл шаруашылығындағы еңбек қорғау жүйесі, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдік-профилактикалық, реабилитациялық және басқа да шаралар негізінде жүзеге асырылатын және өндіріс орындарында травматизм мен кенеттік жағдайлардың алдын алатын, қызметкерлердің қызмет ету барысындағы олардың денсаулық пен өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шараларға бағытталған. (2007 жылғы 15 мамырда қабылданған ҚР Еңбек кодексі).

Қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларына құқығы – Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік-экономикалық құқығының құрамдас бөлігі. Бидай себу барысында механизатордың денсаулығына шу, вибрация, температураның толқымалы параметрлері, шаң-тозаң және трактор газдары сияқты теріс факторлар әсер етеді. Соның салдарынан, жұмыс күнінің аяқталуына таман оның есту қабілеті нашарлайтыны анық, ал бұл қызметті 10 жылдан бері иеленіп келе жатқан қызметкерлердің есту қабілеттеріне тіпті үлкен қауіп төнетіні сөзсіз.Механизатордың жұмысы жоғары дәрежелі зейінділікті талап етеді. Айналадағы шаң-тозаңды үнемі жұту салдарынан ағзадағы тозаң бронхиттерінің дамуына қолайлы жағдай туады. Жарақат жағынан қауіпті фактор болып, агрегаттың бүкіл қозғалмалы бөлшектері немесе агрегаттың өзі бола алады.

Жұмыс орнындағы өндіріс ісін бастамай тұрып, жұмысқа қайта қабылданған немесе бір қызмет бөлімшесінен екіншіге ауысқан қызметкерлерді, сондай-ақ уақытша және іссапардағы қызметкерлерге арнап бастапқы жұмыс инструктажы туралы ақпарат беріледі.

Содан кейін, тәлім алушылар 2-14 ауысым уақыты барысында (жұмыс бабы мен қызметкердің мамандануына байланысты) басшылар бекіткен арнайы тұлғалардың қадағалауымен, жұмыс өтілінен өтулері тиіс. Қызметкерлер тек жұмыс өтілін өткеннен, теориялық білімдері мен еңбек қауіпсіздігін толық меңгергеннен кейін ғана толық өзіндік жұмысқа жіберулеріне рұқсат беріледі.

Қайталамалы инструктажды бүкіл қызметкерлерге арнап, жарты жылда бір рет ұйымдастырады. Жоспардан тыс инструкажды келесі жағдайлар туғанда ғана іске асырады:

● Жаңа және қайта қаралған стандарттар, ережелер мен қоршаған ортаны қорғау әдістемелері қабылданғанда, сондай-ақ оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенде;

● Еңбек қауіпсіздігіне әсер ететін технологиялық үрдістің немесе шикізат, құралдар және басқа да факторлардың шамадан тыс ауытқулары пайда болғанда;

● Кейін аварияға, өртке немесе атқылауға әкелетін, қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігінің талаптарын бұзғанда;

● Сыртқы бақылау органдарының талаптарына бойынша;

● Еңбек үрдісіндегі үзіліс мерзімі 60 тәуліктен, ал еңбек қауіпсіздігін жоғары дәрежеде болуын қажет ететін еңбек үрдісіндегі үзіліс мерзімі 30 тәуліктен асып кеткен жағдайда.

Қызметкерлерді жоспардан тыс инструктажбен, оны өткізу мұқтаждығын айқындайтын себептер мен жағдайларға байланысты көлемі анықталатын бір мамандық шеңберінде жекелеп немесе топтап алып таныстырады.

Инструктаж беруші мен инструктаж алушының қолы арқылы жүзеге асатын бастапқы қайталамалы, жоспардан тыс инструктажбен танысқаны туралы, сондай-ақ жұмыс өтілі мен толық өзіндік жұмысты орындауға рұқсат етілгендігі туралы ақпаратты тәлім алушы міндетті түрде жұмыс орындағы инструктажды тіркеу журналында немесе жеке оқу үрдісінен өткенін растайтын карточкаға белгілейді.

Мерзімдік жұмыстар мамандардың лауазымдық қызметтерінің есебі әдістемесіне сәйкес бейреттік инструктажды өткізуден басталады.

Егістіктерді зерттеу барысында қатаң қауіпсіздік шараларын сақтайды, яғни арнайы маманданған киім мен температура режимін сақтау, міндетті түрде арнайы құралдармен (скальпель, энтомологиялық инелер және т.б.) ғана жұмыс істеу. Өсімдік қорғаудағы мамандардың өзіндік қорғану құралдарына жұмыстың орындалу түріне байланысты ақ немесе қара халаттар, резеңке немесе мата қолғаптары, егістік жағдайында міндетті түрде бас орамал немесе тымақ болуы шарт. Арнайы маманданған киімдер құрамында хлоры бар арнайы ерітінділерде жуылады және өңделеді. Пестицидтермен технологиялық операцияларды орындауға тек өзіндік қорғану құралдары бар қызметкерлер ғана жіберіледі.

Пестицидтердің жұмыс ерітінділерін даярлау алаңдары міндетті түрде арнайы жабдықталған болуы тиіс. Ол алаңдардың көлемі жұмыс ерітінділерінің қалдықтарын жою мен зарарсыздандыру жұмыстарын қарастыратындай дәрежеде болуы шарт. Транспортты, ыдыстарды және өзіндік қорғану құралдарын өңдеу алаңдары бүкіл санитарлық нормаларға сәйкес келуі керек және оларды электр жүйелерінің астына орналастыруға қатаң тыйым салынады.

Шаруашылықтарда өндірістік травматизмнің болуы әзірше тіркелмеген. Себебі, бүкіл инструктаж түрлерімен таныстыру жұмыстары дер кезінде жүргізіліп, еңбек қорғау заңдары қатаң қадағаланып отырады.

Еңбек қорғау мен өрт қауіпсіздігіне жүргізілген талдауларға сүйене отырып, келесі қорытындыны шығаруға болады:

● Шаруашылық азаматты жұмысқа немесе кәсіби-іс тәжірибеге қабылдаған кезде, инструктаждың барлық түрлерімен таныстыру жұмыстарын жүргізеді.

● Шаруашылықта ЖШС-ның меншігіндегі асхана бар, бұл әлеуметтік-экономикалық шаралардың сақталуын қамтамасыз етеді.

●Гигиеналық шаралардың сақталуын қамтамасыз ететін жуғыш және зарарсыздандырғыш құралдар мен өзіндік қорғану құралдары бөлінеді.

● Шаруашылықтың барлық бөлімдері өрт сөндіргіш құралдармен жабдықталған.

 


6 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

Қазіргі таңда, экологиялық талдау жүйелері Қазақстанда өндірістің құлдырауы мен қоршаған ортаны қорғау шараларының ұйымдастырылуына қарамастан, ондағы экологиялық жағдайдың әлі де төмен деңгейде екенін көрсетеді. Табиғаттың күллі құрам бөлшектері қоршаған ортаны құрайды, ал қоршаған орта түсінігіне табиғат ресурстары мен табиғаттың өзі кіреді.

2007 жылғы 9 қаңтарында қабылданған экологиялық кодекс пен 2003 жылдың 3 желтоқсанында бекітілген 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік концепциясы қоршаған орта мәселесін шешуде маңызды рөл атқарады. Концепцияның міндеттерін орындау барысында қоршаған ортаның ластану деңгейі төмендеп, қазіргі кездегі шарттарға сәйкес экологиялық қауіпсіздік мәселесі өз шешімін таппақ.

Ауылшаруашылық бағытындағы жерлерді белгілеу мен пайдалануына қойылатын экологиялық талаптар.

- Ауылшаруашылық бағытындағы жерлерді белгілеу мен пайдалану барысында экологиялық қауіпсіздік пен ауылшаруашылық алқаптарының сапалы күйі қамтамасыз етілуі тиіс.

- Ауылшаруашылық бағытындағы жерлерді белгілеу жүйесі химиялық ластану мен физикалық дегратация себептеріне туындайтын экологиялық тұрақсыздық көрсеткіштерінің дәрежесі арқылы айғақталады.

- Топырақтың химиялық ластану деңгейі қоршаған ортаны қорғау туралы мемлекеттік органдарының бекітілулері мен қоғамның санитарлық-эпидимиологиялық қауіпсіздік жағдайын әлеуеттендіретін ережелерге сәйкес, ең шекті мөлшер концентрациялары арқылы анықталады.

- Жерлерді айтарлықтай құнды жүйеден құндылығы біршама төмен жүйелерге көшіруден туындайтын экологиялық критерийлер бағасы, консервация, сондай –ақ Қазақстан Республикасының жоғары билігінде қабылданған қауіпті экологиялық жағдайларды алдын алу.

Экологиялық қауіпсіздік пен қалыпты жағдайынан аутқыған экожүйелерді қайта қалыпқа келтіру, мемлекеттік реттеу және бақылауға жауапты қоршаған ортаны қорғау заңдарынан ауытқуды қадағалау, табиғатқа кері әсерін тигізетін әрекеттерді таңып, оларға қарсы шаралар кешенін ұйымдастыру.

Мемлекеттің экологиялық қауіпсіз дамуын жүзеге асыратын негізгі қағидалар: Мемлекеттің тұрақты дамуы үшін табиғи ресурстарды қолдануда ең шекті мөлшерлерін анықтайтын және қоршаған ортаның сапасына баланстық басқаруын қамтамасыз ететін ғылымға негізделген шектеулерге, шаруашылық немесе басқа да іс жүргізу барысындағы қолданылатын әдістемелер мен ережелер кешеніне экожүйелік көззқарас қалыптастыру.

Қоғам өміріндегі маңызды болып табылатын табиғат жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келесі мәселелерге көңіл бөлу қажет:

- Климаттың өзгеруі мен жер қабатындағы озон қабатының бұзылуына әкелетін антропогендік әсерлерді тежеу;

- Топырақтардың шөлдену мен дегратация үрдістерін тоқтату және табиғаттың биокөптүрлілігін сақтау;

- Экологиялық жағдайы қауіпті аймақтар мен космостық полигон және сынау кешендерінің реабилитациясы;

- Каспий теңізі шелфінің ластануын ескерту;

- Су ресурстарының тозуы мен ластануын ескерту;

- Табиғи ластанулар мен ауа бассейнінің ластанулары, радиоактивтік, бактериологиялық және химиялық, оның ішінде транспорттық ластануларды жою және алдын алу;

- Тұрмыстық және өндірістік қалдықтарының жиналу мөлшерлерін қысқарту;

- Табиғи және техногендік бағыттағы кенеттік жағдайларды ескерту;

Берілген мәселелер келесі жолдар арқылы өз шешімін таппақ:

- Қазақстан Республикасының заңнамасындағы табиғат қолданудың экономикалық механизмдері, мемлекеттік экологиялық бақылау мен мониторингтің нақтылануы және жүйеленуі;

- Экологиялық экспертиза мен табиғатты қолдану жүйесінің қалыпты дағдылануы;

- Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының, экологиялық білім мен статистиканың дамуы;

- Халықаралық қатынастар жүйесінің нығайуы.

Топырақтағы кез келген зиянды қосылыстар ерте ме, кеш пе, бәрі бір адам ағзасына өтетіндіктен, қоршаған ортаны қорғау жүйесіндегі топырақты ластанудан қорғау шаралары маңызды орын алады. Зерттеулердің нәтижелері бойынша, жыл сайын биосфераға 20-30 млрд. т шамасында қатты қалдықтар, оның 50-60% органикалық қосылыстар, және 1млрд. т. шамасында газ немесе аэрозоль күйіндегі қышқылдық агенттер шығарылады. Тағы бір ескертетін жәйт, пестицидтер тек аурулар, зиянкестер және арамшөптерге ғана зиянды болып қоймай, адам мен жануарлар әлеміне және энтомофагтарға да көп залал тигізетінін естен шығармағаны жөн. Себебі, олардың кейбіреулері жеңіл жалынданып, көбісі тұрақты қосылыстар түрінде тірі ағза ішінде және сыртқы ортада жинақталады. Қазіргі кезде бүкіл ауылшаруашылық алқаптарындағы экологиялық жағдайға қатаң бақылау жүргізіледі, атап айтқанда: республика төңірегінде қолдануға рұқсат етілген барлық пестицидтерге шекті мөлшерлі концентрациялар белгіленген; пестицидтердің атмосфераға, суға және топыраққа түсуі белгіленген мөлшерлемелерден аспауы тиіс; ауылшаруашылық егістіктерін және топырақты пестицидтермен өңдеуде белгіленген қатаң қауіпсіздік шараларын ескеру қажет.

«Қазақстан Республикасы аумағында 2003-2012 жылдары қолданылуға рұқсат етілген пестицидтер тізіміне» сәйкес олардың құрамындағы уытты заттардың мөлшері ауада, суда, топырақта, азық-түлік тағамдарында және мал азығы құрамында белгіленген гигиеналық талаптарға сай келуі тиіс.

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қиярдың дұрыс күтімі топырағын қопсыту, арамшөптерін жұлу, жаңа өскен сабақтарын қыстыру және дұрыс суаруда. Ең алғаш топырақ қопсыту жұмыстарын топырақ бетінен сабақтары шыққан соң істей беруге болады. Кейіннен мұны әр 10 күн сайын қайталап тұрады. Қопсыту жұмыстарымен бірге арамшөптерін жұлған абзал. Бірақ тамыр сабағына абай болу керек. Қиярды бірқалыпты, мол суарады. Судың жетіспеушілігі қиярдың тез өсуіне кедергі болады. Қиярды кешке қарай, күн бойы күн астында тұрған сумен суғарған жөн. Бұл қиярдың тамырларының суып кетуіне жол бермейді. Жеміс піскен кезде әрбір 2 апта сайын минералды тыңайтқыштармен тыңайту керек.

Қияр сорттарының «Миринда, Атланта және Астирикс» өнімділігін анықтау барысында Миринда сорты- 107,5, Атланта мен Астирикс сорттары- 85,5 ц/га өнім берді.Ауруларға төзімділігі және де жоғары өнімділігі жағынан Маринда сорты алға тартты. Өз ойым алдағы жылдары осы Миринда сортын егуге кеңес беремін.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты // Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – 2012, 14-желтоқсан.

2 2013 жылғы 18 ақпанда №151 жарлығына сәйкес ҚР Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған "Агробизнес-2020" бағдарламасы.

3 Өтешқалиев. А.Ө. Көкөніс өсіру технологиясы. Алматы: Білім, 2008

4 Портянкин А.Е., Шамшина А.В. Секреты выращивания огурца. - М.: ЗАО «Фитон+», 2011.- 5 бет.

5 Портянкин А.Е., Шамшина А.В. Огурец: от посева до урожая. - М.: ЗАО «Фитон+», 2010. - 16 бет.

6 Бричук Д.Н. Огуречная история // Флора. – 1997. - №5. - 38-41бет.

7 Лебедева А.Т. Огурцы. Советы профессионалов. - М.: ЗАО «Фитон+», 2008. - 11 бет.

8 Портянкин А.Е., Шамшина А.В. Огурец: от посева до урожая. - М.: ЗАО «Фитон+», 2010. - 24 бет.

9 Налобова В. Л. Селекция и семеноводство огурца открытого грунта. - Минск: Беларус. наука, 2012. - 8 бет.

10 Российский огурец – сегодня // www. http://greenhouses.ru/cucumber

11 Власюк Г.А. Технология выращивания огурца для уборки корнишона. - Украина, 2012. - №3. - 22 бет.

12 https://kk.wikipedia.org/wik/

13 Өтешқалиев. А.Ө. Көкөніс өсіру технологиясы. Алматы: Білім, 2008. 46-49 бет.

14 Өтешқалиев. А.Ө. Көкөніс өсіру технологиясы. Алматы: Білім, 2008 50-51 бет.

15 Портянкин А.Е., Шамшина А.В. Огурец: от посева до урожая. - М.: ЗАО «Фитон+», 2010. 256-257 беттер.

16 Борисов А.В. Огурец и температура // Картофель и овощи. - 1998. - №2. 37-38 беттер.

17 https://kk.wikipedia.org/wiki

18 Жаршы журналы. 2012 жыл

19 Жаршы журналы. 2014 жыл

20 Өтешқалиев. А.Ө. Көкөніс өсіру технологиясы. Алматы: Білім, 2008 51 бет.

21 Володина Т.И. Влияние азотного питания на качество огурца в защищенном грунте. - Целиноград: ЦНТИ, 1990.

22 Примак А.П., Роаиди С.И., Набатова Т.А. Медленное действие удобрения на культуре огурца в теплице // Сб. ВСХИЗО - агропром. комплексу. - М., 1995.

23 Бурибаева Л.А., Айтбаева Б.У., Тойлыбаева Н.Н. Продуктивность овощных севооборотов в зависимости от системы их удобрения в условиях юго-востока Казахстана / Сб. науч. трудов по итогам завершенных научно-исследовательских работ по картофелеводству, овощеводству и бахчеводству, проведенных в 2012-2014 гг. - Алматы, 2015.

24 Өтешқалиев. А.Ө. Көкөніс өсіру технологиясы. Алматы: Білім, 2008 51-52 бет.

25 Мухин В.Д. Справочник овощевода любителя Текст. - М.: Московская правда, 1991.

26 Ищенко Л.С. Влияние возраста и срока посадки рассады на урожай огурцов под пленочными укрытиями // Труды УзНИИОЕКиК. - Ташкент, 1980. – Вып. XI.

27 Джумаклычев Д.Б. Подбор сортов, сроков посева и посадки, схемы размещения растений огурца при выращивании под пленкой с обогревом почвы в низовьях Амударьи: автореф. ... канд.сельхоз.наук. - Ташкент, 1984.

28 Епифанцев В.В. Влияние сроков посева и минеральных удобрений на урожайность огурца в условиях Приамурья // Пути воспроизводства плодородия почв и повышения урожайности селькохозяйственных культур в Приамурье: сб. науч. тр. ДальГАУ. - Благовещенск, 1999.

29 Димитров П., Каназирска В. Определение оптимальной густоты посадки для различных сортов огурца, проводимого в январе в стальных остекленных теплицах // Раст. науки. - 1995.

30 Өтешқалиев. А.Ө. Көкөніс өсіру технологиясы. Алматы: Білім, 2008. 52 бет.

31 Щепетков. Н. Г, Ысқақов. М. Ә. Жеміс- көкөніс шаруашылығы. Алматы, 2011

32 Фёдоров А.Л., Тутова Т.Л. Влияние вида подвоя на рост, развитие и урожайность огурца // Устойчивому развитию АПК - научное обоснование: Материалы республиканской науч.-практ.конф. -Ижевск, 2004.191-196 беттер.

33 Фёдоров А.В., Тутова Т.Н., Бухарина Т.Н. Совершенствование технологии возделывания огурца в УР // Эффективность адаптивных технологий: Материалы науч.-произв, конф. – Ижевск, 2003. 174-181 беттер.

34 Брызгалов В.А. Особенности выращивания огурца, томата в зимних блочных теплицах в условиях 7 световой зоны // Справочник по овощеводству. - Колос, 1982. 300-304 беттер.

35 Бровко Г.А. Агробиологическое обоснование ресурсосберегающей технологии выращивания огурца и томата в зимних теплицах Дальнего Востока: дис. ... док. сельхоз. наук: 06.01.06. – М., 2006. 143-165 беттер.

36 Щепетков. Н. Г, Ысқақов. М. Ә. Жеміс- көкөніс шаруашылығы. Алматы, 2011. 379-381 беттер.

37 Лихацкий В., Тернавский А. Особенности технологии выращивания огурцов на шпалере / Овощеводство и тепличное хозяйство. - 2008. 13-14 бет.

38 Кравцова Г.М., Королев В.В. Применение капельного полива в открытых грунтов // Гавриш, 2000. 10-11 беттер.

39 Тон Ван Гостель. Выращивание огурцов на высокой шпалере. 1997. 30-31 бет.

40 Өтешқалиев. А.Ө. Көкөніс өсіру технологиясы. Алматы: Білім, 2008 54 бет.

41 Щепетков. Н. Г, Ысқақов. М. Ә. Жеміс- көкөніс шаруашылығы. Алматы, 2011. 381-383 беттер.

42 Щепетков. Н. Г, Ысқақов. М. Ә. Жеміс- көкөніс шаруашылығы. Алматы, 2011. 376-379беттер.

43 Өтешқалиев. А.Ө. Көкөніс өсіру технологиясы. Алматы: Білім, 2008 56-60 беттер.

44 Щепетков. Н. Г, Ысқақов. М. Ә. Жеміс- көкөніс шаруашылығы. Алматы, 2011. 395-396 беттер.

45 Щепетков. Н. Г, Ысқақов. М. Ә. Жеміс- көкөніс шаруашылығы. Алматы, 2011. 379бет.

http:/sortoved.ru/ogurec/sort-ogurca-marinda http://sortoved.ru/ogurec/sort-ogurca-asteriks-f1.htm

48 Щепетков. Н. Г, Ысқақов. М. Ә. Жеміс- көкөніс шаруашылығы. Алматы, 2011. 377 бет.

49 https://ru.wikipedia.org/wiki

 

Источник: портал www.KazEdu.kz

Каталог учебных материалов

Свежие работы в разделе

Наша кнопка

Разместить ссылку на наш сайт можно воспользовавшись следующим кодом:

Контакты

Если у вас возникли какие либо вопросы, обращайтесь на email администратора: admin@kazreferat.info