Қазақстандық отбасылардың әлеуметтік мәселелері, отбасымен әлеуметтік жұмыстың технологиясы

Заказать работу

Т.РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Әлеуметтік қызмет көрсету және бизнес» факультеті

«Нарықтық инфрақұрылым» кафедрасы

«ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОТБАСЫЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ, ОТБАСЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ» тақырыбына жазылған

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

050905-«Әлеуметтік жұмыс»

Орындаған:

4-курс студенті Өмірова А.Қ

Диплом жетекшісі: п.ғ.к., доцент Іргебаева Н.М.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.................................................................................................................

3

1

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОТБАСЫЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ................

6

1.1

Отбасы мәселелерінің отандық және шетелдік ғылымда зерттелуі.........

6

1.2

Қазақстандық отбасылардың әлеуметтік мәселелерінің түрлері..............

16

1.3

Отбасындағы қарым-қатынастың құрылымы, мотивтері және ерекшеліктері..................................................................................................

21

2

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОТБАСЫЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ.........................................................................................

25

2.1

Қазақстандық отбасылардың ажырасу мәселесін талдау..........................

25

2.2

Казақстандағы әлеуметтік мәселелері бар отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмек түрлері..................................

36

2.3

Қазақстандық отбасылардың әлеуметтік мәселелерінің статистикалық көрсеткіштеріне сипаттама...........................................................................

48

3

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОТБАСЫЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ............................................................................................................

65

3.1

Отбасының әлеуметтік мәселелерін шешудегі әлеуметтік жұмыстың шетелдік технологияларды ендіру мүмкіндіктері ........................

65

3.2

Қазақстандық отбасылардың әлеуметтік мәселелерін шешуде ұсынылатын модельдер................................................................................

76

ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................

84

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................

86

КІРІСПЕ

Бұл дипломдық жұмыс қазақстандық отбасылардың әлеуметтік мәселелерін талдау және оларды шешудегі отбасымен әлеуметтік жұмыс технологиясын зерттеуге бағытталған. Қазақстандағы отбасы және мемлекеттің отбасы саясаты мәселелері дамыған елдерге тән жалпы әлемдік даму бағыты ретінде бүгінде республикамыз бастан өткеріп отырған даму кезеңінің де басты ерекшелігі ретінде айқындалады. Осыған байланысты, көптеген отбасы мәселелері бүгін ғана туындап отырған жоқ. Толымсыз отбасы, ажырасу, ерлі-зайыптылар жанжалы, сондай-ақ, жалғызбастылар проблемасы бұрын да болған, бірақ, оған жете мән берілмеген. Оған қоса, адамның өзінің жеке өміріне, некеге, сүйіспеншілікті мүдделерінің қанағаттандырылуына, рухани жақындыққа деген талабы да арта түскен.

Некелік-отбасылық қатынас бүгінгі таңдағы аса маңызды қоғамдық-саяси мәселенің бірі. Отбасы- халықтың өсіп-өркендеуінде, өсіп келе жатқан ұрпақтар тәрбиесінде, ата-бабаларымыз мұра еткен саяси-әлеуметтік тәрбие мен мәдени құндылықтарды жеткізуде өте маңызды рөл атқаратын қоғамның құрамдас бөлігі. Отбасының тіршілік әрекеті экономикада, саясатта және мәдениетте жүретін процестермен байланысып, саяси-әлеуметтік шынайылықпен астарласып жатыр. Сол себепті отбасы жағдайы және мемлекеттің отбасы саясатын жүзеге асыру дәл біздің қоғамымыздың демократиялануы мен жаһандануы процесінде күрделене түсті.

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазіргі заманғы отбасы – ерлі-зайыпты екі адамның арасындағы некеге құрылған негізгі әлеуметтік топ, отбасыға сонымен бірге ұрпақтары (ұл-қыздары) да кіреді. Отбасының функциясы бала тауып, тәрбиелеп өсіру, ерлі-зайыптылардың жыныстық, эмоциялық сезімдерін және басқа (әлеуметтік, экономикалық) қажеттерін өтеу. Қазіргі кезде мемлекеттің көптеген саясаты отбасы мәселесіне алаңдаушылығымен байланысты және ол жұртшылық назарын қазіргі отбасының жағдайына аудару, қоғамның бір институты ретінде отбасы мәнін арттыруға бағытталған шара болып есептеледі. Отбасы барлық кезде адами құндылықтар, ұрпақтардың мәдени және тарихи мұрасы сақталатын асыл ұя, халық әл-ауқатының көрсеткіші ретіндегі мемлекеттің факторы болып қала бермек. Отбасының әл-ауқаты – бұл кез келген елдің дамуы мен ілгерілеуінің өлшемі. Қазiргi кезде жас ұрпақтың рухани мәдениетiн дамытудағы отбасының ешбiр талас тудырмайтын рөлi жөнiндегi ой-пiкiрлер ғылыми түрде дәлелденген. Осы ретте аса күрделi үдерістерді талдау, отбасының қазiргi әлеуметтiк-мәдени жағдайдағы рөлiн айқындау маңызды. Бұл орайда қат-қабат мәселелердің қордаланып қалғанын ешкiм де жоққа шығара алмайды. Қазіргі таңда отбасы қиын кезеңді басынан өткізуде. Ажырасу мен толық емес отбасылар, отбасындағы дағдарыс, жасөспірімдер арасындағы қылмыс, тәрбие саласының құлдырап, қоғамдағы жат қылықтардың көбеюі, қазіргі кездегі отбасының жауапкершілігінің төмендеуі, заңсыз отбасы құру, некесіз баланың туылуы, тастанды бала, т.б. қалыптасуына әкеліп соқты.

Жалпылама дүниетанымдармен қатар жоғалып кеткен немесе бұрын күштеу нәтижесiнде айырылған аса маңызды қасиеттердiң орнын толтыруда адамның рухани мәдениетiнiң негiзiн қалау тек отбасында ғана жүзеге асырылады. Жағдайы қолайсыз отбасылармен жұмыс - мемлекеттің басты мәселелерінің бірі. Отбасындағы сәтсіздік баланың психикалық дамуындағы кемшіліктерге алып келеді. Мұның бәрі кейін бала мінезінің жеке тұлға болып қалыптасуына зор әсерін тигізеді. Сондықтан сәтсіз отбасылар проблемалары – барлық азаматтардың жағдайына әсер ететін әлеуметтік мәндегі мәселелер.

Президентіміз Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, «...Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз. Ата-аналар балаларына қамқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда- еліміз үшін алаңдамауға болады». ( Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030. Ел Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауы// Егемен Қазақстан - 1997, 11 қазан.)

Осыған орай, отбасының әлеуметтік мәселелері мен оны шешудегі отбасымен әлеуметтік жұмыс технологияларын және де шетелдік тәжірибесін терең зерттеп, оның жүзеге асырылуындағы принциптері мен бағыттарына талдау жасау тақырыптың өзектілігін аша түседі.

Болашақ әлеуметтік қызметкер ретінде біз, отбасы мәселесінің түрлерін толық анықтап, шеше білуіміз керек. Алдымызға келіп отырған көмекке мұқтаж әр адамның мәселесіне көңіл бөліп, дұрыс шешім қабылдағанымыз жөн. Сондықтан, олардың әлеуметтік мәселелерін қазірден біліп, дұрыс көмек беру жолдарын анықтаймыз.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақстандық отбасылардың әлеуметтік мәселелерін теориялық негіздеп, отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс технологияларын талдау арқылы, отбасы мәселелерін жетілдіруге байланысты ұсыныстар беру.

Осы мақсаттан келіп мынадай міндеттер туындайды:

· Жалпы отбасы ұғымы, құндылығына анықтама беру;

· Қазақстандық отбасылардың әлеуметтік мәселелерін талдау және отбасылық мүдделерінің мәнін зерттеу;

· Жұмыссыз отбасылар, көп балалы отбасы және толық емес отбасының мәселелерін жіктеу;

· Кедей, ата-анасы ішімдікке салынған, мүгедектігі, қиын баласы бар отбасылардың жағдайын сипаттау;

· тақырыптың жан-жақты зерттелуін тәжірибелік жағынан қамтамасыз ететін статистикалық материалдарды жинақтап, жүйелік сараптама жүргізу арқылы келелі түйіндер жасау;

· Қазақстандық отбасыларын ажырасу, бедеулік және некесіз балалардың туылуынан әлеуметтік қорғау жүйесіндегі шараларды ұсыну;

· Қазақстандағы отбасы мәселелерін шешу модельдерін көрсету.

Зерттеу жұмысының әдістері: баспа материалдары, жеке бақылау, анкета, әңгімелесу, статистикалық мәліметтерге талдау.

Зерттеу жұмысының практикалық мәні: Отбасылардың қоғамдық миссиясының орындалуы, тұрақталуына ықпал етеді.

Зерттеу объектісі: Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік мәселелері бар отбасылар.

Зерттеу пәні: Әлеуметтік мәселелері бар қазақстандық отбасылармен әлеуметтік жұмыстың теориялық, әдіснамалық және тәжірибелік аспектілерінің жиынтығы.

Дипломдық жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, негізгі бөлімнің өзі үш бөлімшеден, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі, мақсаты мен міндеттері көрсетілсе, бірінші бөлімде, әлеуметтік мәселелердің теориялық аспектілерін қарастырдым. Теориялық бөлімде жалпы отбасы мәселелерінің отандық және шетелдік ғылымда зерттелуі, қазақстандық отбасылардың әлеуметтік мәселелерінің түрлеріне тоқталып өттім. Ал талдау бөлімнде қазақстандық отбасылардың ажырасу мәселесіне тоқталып, оларға статистикалық сипаттама көрсетіліп, әлеуметтік мәселелері бар қазақстандық отбасыларына мемлекет тарапынан көрстетіліп жатқан көмек түрлеріне талдау жасалады. Сондай-ақ жетілдіру бөлімінде әлеуметтік мәселелері бар қазақстандық отбасыларына әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру жолдары, оларды психологиялық қолдауға, әлеуметтік алдын алуға байланысты ұсыныстар беріледі. Қорытынды бөлімінде әлеуметтік мәселелері бар отбасыларына әлеуметтік қызмет көрсету және оны жетілдіруге байланысты айтылған ойлар мен пікірлер келтіріледі.

Жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, 3 суреттен, 6 кестеден, 10 суреттен және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. 1-ші тарауда әлеуметтік қамсыздандырудың маңызы, заңдық қалыптасуы негіздері мен шетелдік жүйесі қарастырылған. 2-ші тарауда әлеуметтік қамсыздандырудың қазіргі жағдайын әлеуметтік-экономикалық талдау жасалынған. 3-ші тарауда әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру мен дамытудың шетелдік тәжірибесі және оны елімізде қолдану мәселелері қарастырылған.

1 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОТБАСЫЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Отбасы мәселелерінің отандық және шетелдік ғылымда зерттелуі

Отбасы - некеге немесе қандық туыстыққа негізделген эмоционалдық байланыспен, өзара жауапкершілік қатынаспен біріккен тұлғалар жиынтығы. Ол қоғамның дамуында және жеке адамның өмірінде әлеуметтік құрылымның маңызды элементі болып табылады. Қазіргі жаңа қоғамдағы қарама-қайшылықтар және оның проблемалары, қиыншылықтары отбасында көрініс алады. Отбасы - бұл күрделі әлеуметтік жүйе, ол бір жағынан әлеуметтік институтқа, ал екінші жағынан кіші топқа ұқсайды. Әлеуметтік институт ретінде отбасы қоғамды өзіндік қорғау және жаңа ұрпақ шығару қызметін атқарады. Отбасы кіші топ ретінде адамдар қоғамдастығы, онда индивидтер өзара тұлғалық қатынасқа түседі, әлеуметтік-психологиялық қажеттіліктерді қанағаттандырады, ата-аналар, жас жұбайлар, балалар, туыстар арасындағы өзара қарым-қатынасты көрсетеді.

Бұрынғы ойшылдар отбасының табиғатын, мәнін анықтауда түрлі көзқарастарды ұстанды. Неке-отбасы қарым-қатынастарының сипатын анықтауға алғаш тырысқандардың бірі- ежелгі грек философы Платон. Оның пікірінше, отбасы дегеніміз-өзгермейтін бастапқы қоғамдық ұяшық: отбасылардың бірігуі нәтижесінде мемлекет пайда болған.

Француз ағартушысы Ж.Ж Руссо- «Барлық қоғамдардың ішіндегі ең ежелгі әрі жалғыз табиғи қоғам-бұл отбасы. Сонымен, отбасы- бұл, керек болса, саяси қоғамдардың бейнесі, үкімет-әке тәрізді, халық-балалары іспеттес»,-деп жазды.

Өткен кезеңдердегі және қазіргі заманғы әдебиеттерде «неке», «отбасы» сөздері синоним ретінде қолданылады, алайда бұл ұғымдардың ортақ жалпы мәні де бар, өздеріне ғана тән жеке мәндері де бар.

Отбасы дегеніміз – некеге қарағанда күрделі қарым-қатынастар жүйесі, ол тек жұбайларды ғана емес, сонымен қатар балаларды, туыстарды, жұбайларға жақын адамдарды да біріктіреді. Отбасы – бұл әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топ белгілерін иеленетін әлеуметтік жүйе. Отбасы әлеуметтік институт ретінде жұбайлардың, ата-аналардың, балалар мен басқа туыстардың өзара қарым-қатынастарын реттейтін әлеуметтік нормалардың, санкциялардың және мінез-құлық үлгілерінің жиынтығымен сипатталады. Отбасы – некеге немесе қандас туыстыққа негізделген шағын топ, оның мүшелері тұрмысының ортақтылығымен, өзара моральдік жауапкершілікпен және өзара көмекпен байланысады. Отбасының әлеуметтік функциялары оның әлеуметтік институт ретіндегі қоғамдық қажеттіліктері мен өмір сүру сипатын, сондай-ақ отбасы тобының жеке қажеттерінің сипатын көрсетеді. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің әсерінен отбасының әлеуметтік функциялары мен иерархиялық сипаты өзгереді. Алайда, барлық уақытта да бала өсіру, тәрбиелеу отбасының маңызды функциясы болып қалады, басқа жекелеген функциялардың маңыздылығы өзгеріп отырады.

15 - мамыр Халықаралық отбасы күні. Бұл мейрам 1993 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясымен әр елде отбасы институтын нығайтуға бағытталған шара ретінде бекітілген. Біздің еліміз үшін отбасы мәселесі - әлеуметтік өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Сондықтан да әр елдің үкіметтері, әлеуметтік саясаттың түрлі бағыттарында шаралар қолдануды басымдылыққа айналдырды. Елімізде отбасы күні алғаш рет 1994 жылдан бастап атап өтуді қолға алған. Мемлекетіміз қолынан келгенше отбасы жағдайын жақсарту үшін, көптеген қаражаттар бөліп жатыр.

Елімізде отбасы мәселесі шешуі қиын әлеуметтік мәселелердің бірі. Отбасы мәселелері жинақталған статистикалық мәліметтер жоқ. Көмек қажет ететін отбасылар, әскери қимылдардан жапа шеккен отбасылар, жоқшылық пен аурудан қиналған отбасылар т.б.

Отбасының ең маңызды қызметінің бірі – тәрбиеленушілік міндеті. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге, оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылықтарын бойына сіңіру, аға буынның тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата-ананың ең басты міндеті.

Түрлі мамандық иелерінің отбасы тақырыбына деген қызығушылығы, ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей, әлеуметтік ортада отбасының өмір сүруінің көп функциялы сипатына байланысты.

Жалпы алғанда, отбасын зерттеу бірнеше бағытта жүргізіледі:

- Отбасы мен некенің туындауын және қоғамда дамуын зерттеу

Дж. Ф. Мак-Ленан, Л. Морган, Г.И. Баховен, Ф .Энгельс, Ю.И. Семенов,

М. Мид және басқалары;

- Отбасы мен некенің типтері мен түрлерінің дамуын зерттеу И.В.Гребенников, С.В. Ковалев, В.П. Меньшутин және басқалары;

- Отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынас психологиясының мәселелері С.В. Ковалев, Л.В. Ковалева, А.И. Кочетов, Л.В. Панкова, В.А Сысенко, В.С. Торохтий, В. Сатир, Н.М. Ходакова, Т.А. Трапезникова және басқалары;

- Отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін анықтау Ю.П. Азаров,

И.В. Гребенников, Н.К. Крупская, П.Ф. Лесгафт, А.С. Макаренко және т.б ғалымдар зерттеген.

Ғылымда отбасы институтына деген басым көзқарастардың негізінде диалектикалық материализм классиктерінің, атап айтқанда отбасының туындауы мен дамуын ғылыми тұрғыдан негіздеп берген Энгельстің ой-пікірлері мен қорытындылары жатыр. Энгельс: «Отбасы бізге қоғамдағы қарама-қарсылық пен қайшылықтардың, өркениет кезеңі басталған уақыттан бастап, қоғамның таптарға бөлінуінің кішірейтілген көрінісінің кезеңі басталған уақыттан бастап қоғамның таптарға бөлінуінің кішірейтілген көрінісін береді»[Энгельс Ф. Происхождение семьи, частной собственности и государства. В связи с исследованиями Льюиса Г. Моргана / Соч.2.-М.: Политиздат, 1985. – т.21.-240с. ] ,- деп атап өтумен бірге, отбасы, әлеуметтік отбасы, әлеуметтік институт ретінде әрі қарай зерттеудің әдістемелік негізін анықтап береді.

Қазіргі философтар отбасы институтын жеке тұлғаның қалыптасуына қатынасатын факторлардың бірі деп зерттейді. Олар: Москаленко, Рюриков, Сычев, Шепелева. «Отбасы адамның ойлауының, әрекеттерінің, бағалауының қалыптасуына өмір бойы елеулі әсерін тигізеді» деген [Ощественная среда и личность: некоторые тенденции формирования личности в развитом социолистическом обществе /Сб. науч.ст. под ред. М.С. Шепеловой.- М.: Издательское объединение «Виша школа», 1991.-152с.].

Ю.В.Сычев шағын ортаны – мектепті, достарды, түрлі факторларды қарастыра келе, ең маңызды рольді отбасына береді. Себебі, оның айтуынша, отбасы жеке тұлғаның әлеуметтік бағдар алуында басты роль атқарады: «...отбасы жағдайында мақсатты педагогикалық жұмыстың ғана орасан зор мәні болып қоймай, ішкі психологиялық климат, ата-аналар мен олардың әлеуметтік нұсқалары арасындағы қатынастар сипаты, жалпы өмір сүру салты да үлкен мәнге ие болады».[Сычев Ю.В. Микросреда и личность/Философские и социологическое аспекты.-М.: Мысль, 1974.-192с.]

Жеке тұлғаның әлеуметтенуі барысында отбасындағы әдеттердің, дәстүрлердің, ғұрыптардың мәнін зерттейтін қазақстандық философтардың жұмыстарын атап көрсетуге болады. Олар- Қ.Нұрланов, Ж.Қ.Қаракөзова, Р.М.Мұстафина, М.Ш.Хасанов және басқалары.[ Каракузова Ж.К., Хасанов М.Ш. Космос казахстанской культуры.-Алматы: Евразия, 1993.-78с.]

Ж.Қ.Қаракөзова мен М.Ш.Хасанов отбасы үшін баланың туылуы, үйлену, өлім сияқты оқиғалардың маңыздылығын айтады. Авторлардың айтуынша, некеге тұрғаннан кейін «өмірдің үйлесімділік» кезеңі басталады.

Қазақтардың 19 ғасырдың отбасындағы әдет-ғұрыптың діни аспектілерін зерттей келе, Р.М.Мұстафина отбасы патриархалдық және отбасы-тұрмыстық дәстүрлерді сақтаушы болып табылады деген қорытынды жасады.

Әлеуметтанушылар фактологиялық және логикалық сәттерді ескере отырып, отбасына анықтама береді:

1) Фактологиялық сәт адамдардың негізінде ерлі-зайыптылар байланысып жатқан топтарға бөлінуін ескереді;

2) Логикалық сәт отбасының ерекше әлеуметтік феномен ретіндегі мәнін анықтайды – «Қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістерді сезгіш, қоғамдық-тарихи прогрестің табыстарын, қиындықтарын, қарама-қайшылықтарын айқын көрсететін мұндай басқа әлеуметтік институт жоқ»[Харчев А.Г., Мацковский М.С. Современная семья и ее проблемы / Социально- демографические исследование.- М.: Статистика, 1978.-224с].

Жаңа қоғамдық-саяси қарым-қатынастар бекітіп жатқан кезеңде қазіргі заманның отбасына әлеуметтік талдау жасайтын, отбасын нығайтудың және оның тұрақтылығын сақтаудың жолын белгілеген қазақстандық социологтардың зерттеулерін атап өту керек: Н.А.Айтов, У.Ауялитова, У.Бекжанов, К.Г.Габдуллина, З.Ж.Жаназарова және басқалары.

Отбасы мәселелерінің социология ғылымында зерттелуі.

Отбасы социологиясы, әлеуметтік өмірді зерттеуде алғашқы орындардың бірін алады. Неке және отбасы проблемасын зерттеу- социологиялық білімнің едәуір дамыған саласы.

Отбасын ғылыми тұрғыдан зерттеу мемлекеттік әлеуметтік саясаттың өнімі үшін мықты негіз болып қызмет етеді.

Отбасы саласындағы отандық және шетелдік социологтардың шығармашылық мұрасы өте үлкен және әртүрлі, дегенмен, отбасын зерттеу ғылымы XIX ғасырдың бірінші жартысында, яғни 1861 жылы Швейцария тарихшысы Иоганн Якоб Бахофеннің өзінің барлық шындығымен таң қалдырған «Ананың құқы» кітабы жарыққа шыққаннан басталды. Бахофен отбасы тарихы бойынша тарихи қайнар көз ретінде ежелгі классикалық әдебиетке талдау жасады және ежелгі аңыздарда еркектер мен әйелдердің өзара қоғамдық қарым-қатынасынан тарихи өзгерістердің көрінетінін алғашқылардың бірі болып байқады. Бахофен өз ізденісінде отбасылық өмір өмір құрудағы бүкіл тарихи төңкерістік көзқарасты белгілейді. И.Я Бахофен аналық құқық пен қоғамдағы әйелдердің жоғары жағдайына («гинекократия») негізделген жеке неке мен отбасына бағытталған, барлық халықтар басынан өткерген, гетеризм тұжырымдамасын әзірледі. Матриархат пен отбасының тарихи даму идеясын Дж.Леббон, И. Колер, М.М. Ковалевский, Л. Штернберг, Л.Г. Морган, Ф. Энгельс қолдады.

Отбасы социологиясын зерттеуді алғаш бастаған француз социологы Фредерик Пьер Ле Пле (1806-1882 жж.) және отбасы қарым-қатынасы бойынша Америка Ұлттық Кеңесінің алғашқы президенттерінің бірі- американдық социолог Эрнест Берджест (1886-1966жж.) болды.

Фредерик Пьер Ле Пле қоғамдық өмірді бақылады, ал бақылау ретінде бүкіл қоғамның қарапайым моделі, торы ретінде отбасын таңдады. Оның көзқарасы бойынша қоғамның барлық ерекшеліктері, оның тұрақтылығы немесе тұрақсыздығының бастауы осы отбасында қалыптасады.

Сондықтан Ле Пле отбасын қалаған әлеуметтік үдерістерге қатысы бойынша оның тәуелсіз ауысуын жасап, барлық социологиялық мүдделердің ортасына қойды. Зерттеудің эмпирикалық әдісі ретінде ол, әртүрлі отбасы өмірінің сапасын көрсету ретінде отбасының бюджетін талдауды таңдап алды. Отбасының мұндай бюджеттік зерттеулері отбасының пайда болуынан ажырағанына дейінгі топталуына сүйенді, яғни шағын топ ретінде отбасының өмір ағымы тұжырымына бағытталды.

Отбасы мәселелерінің психология ғылымында қарастырылуы

(сілтеме Отбасылық дағдарыс психологиясы Ф.Бизақова, Ш. Мамашбаева)

Отбасы мәселесі қай елдің болмасын ең орталық, маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Дәстүрлі психологияда отбасы мәселесімен Л.Я.Гозман, А.Н.Обозова, Ю.А.Алешина, Е.И.Шлягина, А.А.Бодалев, В.М.Дружиниң С.В.Ковалев, И.В.Гребенников, М.Земска және т.б. бірқатар зерттеушілер айналысқан.

Шетел психологиясында отбасы мәселесін терең зерттеген Н.Аккерман, М.Николс, М.Уэд-делд Броуди, Элинсон, Шафер және т.б.Шетелдік ғалым Н.Аккеранның көзқарасы бойынша отбасы тарихтан ерте пайда болған күрделі құрылым. Оның пікірі бойынша, бұл әлеуметтік бірлік кез-келген елде бар. Бұл ұғымға ата-ана, баладан басқа да яғни бір шаңырақ астындағы адамдардың барлығын қосқанда үйдің мүшелері кіреді. Мұндай отбасы бірнеше адамдардан құралғандықтан шағын топты құрайды.

Отбасы бірнеше факторларға негізделген: биологиялық, психологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторлар.

Биологиялық тұрғыдан отбасылық байланыстар ер және әйел адамдарда махаббатқа деген ортақ қажеттіліктің болуы, ұрпақты жалғастыруға деген ұмтылыс, сонымен қатар баланың өмірінің белгілі бір кезеңіне дейін ата-анадан тәуелді болуы.

Психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан алатын болсақ, отбасы мүшелері өздерінің эмоционалды қажеттіліктерін қанағаттандыруға өзара тәуелділіктің болуымен біріктірілген. Ал экономикалық тұрғыдан алып қарасақ, отбасы мүшелері материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру барысында бір-бірімен тығыз тәуелділікте болады. Осылайша, отбасының бірлігі ортақ қажеттіліктер мен бірлескен іс-әрекетке негізделген, бұл бірлестік физикалық және психологиялық тұрғыға байланысты айтылған.

Кешегі отбасы мен бүгінгі отбасы - бұл әртүрлі жүйелер. Отбасы бұл динамикалық күрделі жүйе, ол даму процесіне негізделген. Керісінше, ол өзгермелі, дамуға бағытталған жүйе. Отбасы сыртқы және ішкі әсерлерге байланысты бейімделіп тұратын күрделі және біртұтас жүйе.

Шетел зерттеушісі М.Уэдделл отбасы туыстық байланыспен біріктірілген, гетерогенді жұптың айналасында жүзеге асатын әлеуметтік-экономикалық бірлік, - дейді.

Кеңес әлеуметтанушысы Н.Я.Соловьев (1977) отбасын жеке тұрмысты ұйымдастырудың формасы ерлі-зайыптылар мен туыстық байланыстарға негізделген (яғни әйелі мен күйеуі, туыстар мен балалар арасындағы), бірге өмір сүріп, ортақ шаруашылығы бар қоғамның бір бөлігі ретінде қарастырған. Отбасы түсінігіне берілген бұл анықтаманы әлеуметтік-психологиялық көзқарасқа жатқызуға болады, яғни басқаша айтқанда отбасы бұл әртүрлі ортақ қатынастарға, қажеттіліктерге негізделген шағын әлеуметтік топ болып табылады. Оның өзіне тән қызметі мен құрылымы болады.

Келесі белгілі әлеуметтанушы А.Г.Харчев отбасын ерлі-зайыптылардың, ата-ана мен балалардың тарихи нақты өзара қатынас жүйелері деп қарастырады. Бұл шағын топ ерлі-зайыптылардың немесе туыстық қатынастардың ортақ болуымен, тұрмыстық жағдайлар мен өзара адамгершілік жауапкершілік, әлеуметтік қажеттіліктің ортақ болуымен негізделген.

Бұл анықтама өзінің мазмұны бойынша Н.Я.Соловьевтың анықтамасымен ұқсас болып келеді. Отбасы екі жағдайда да қоғам үшін маңызды және негізгі фактор болып табылады. Екі жағдайда да отбасы бұл шағын топ. Оның қоғамда атқаратын өзіне тән рөлі бар. Отбасы мәселесін қарастырғанда, ең алдымен, жүйелі бағыт тұрғысынан қарастыру керек. Отбасы мәселесіне байланысты жүйелі бағыттың көрнекті өкілі ретінде Л.Фон Берталанфиді атауға болады.

Л.Фон Берталанфидің теориясы бойынша, адам бұл өзіне әртүрлі өзара байланысты деңгейлерді қамтитын, өзін-өзі реттейтін кибернетикалық жүйе болып табылады.

Отбасы бұл өзара байланысты біртұтас психологиялық және биологиялық организм. Сондықтан да отбасы қоғамның барлық салаларымен тығыз байланысты.

Отбасы мәселесіне байланысты жүйелі бағыт туралы бірқатар монографиялар мен зерттеулер жүргізген автор Джексонның пікірі бойынша, отбасы - «ережемен басқарылатын жүйе». Отбасы мүшелері көптеген мінез-құлық тәсілдері ішінен барлығын қолданбайды. Тіпті кейде ережемен өмір сүретіндіктерін тек байқамай қалады, өйткені олар санасыз түрде жүзеге асады. Бұл ережелердің барлығы өзара тығыз байланысты және бірігіп өзара байланысты біртұтас отбасы жүйесін құрайды.

Оудсхоорн отбасын өзіндік құрылымы, қызметі бар тұтас организм деп қараған. Оудсхоорнның интегративті моделі бойынша, отбасы жүйесі туралы ойдың бес тобы болады. Бұл көзқарас бойынша отбасы жүйесін оның құрылымы, қарым-қатынасы, даму кезеңдері, отбасылық тарихы мен қызметі бар құрылым ретінде қарастыруымыз керек.

Жүйелі бағыттың өкілі С.Минухин отбасын оның мүшелерінің жеке биопсиходинамикалық ерекшелігін күрделі жүйе деп қарайды. Отбасы мүшелері оларды трансакциялар арқылы басқарады. Бұл трансакциялар әдетте нақты қалыптасып, кейде санасыз түрде отбасы құрылымын қалыптастырады. Осылайша, отбасын тұтас жүйе ретінде қарастыра отырып, біз оны ең алдымен барлық компоненттерін өзара байланысты тұтас жүйе ретінде қараймыз.

Ал отбасы мүшелерінің арасында өзара қарым-қатынас жүйесі қалыптасады. Отбасы құрылымын жүйе ретінде талдай отырып, оның құрамын зерттеуіміз керек.

Д.Олсонның көзқарасы бойынша, отбасының құрылымын сипаттауда бірнеше параметрлерді ескеруіміз керек. Олар: ауызбіршілік, иерархия, сыртқы және ішкі шектеулер, отбасының рөлдік құрылымы.

Ауызбіршілікті көп жағдайда эмоционалды байланыс ретінде қарастыруға болады, ол отбасы мүшелерінің жақындық немесе бауырмалдық сезімі негізінде көрініс береді.

Шектеулер бұл отбасы мен әлеуметтік қоршаған орта және отбасы жүйелері арасындағы өзара қатынастың сипаттамасы.

Отбасылық шектеулер белгілі бір ережелермен байланысты болып келеді. Шектеулер ішкі және сыртқы, қатаң және анық емес болып келеді. Егер сыртқы шектеулер қатаң болса, онда отбасы мен орта арасындағы алмасу қиындайды. Егер жүйе шектеулері тым әлсіз болса онда отбасы мүшелерінде қоршаған ортамен байланыс жақсарып, ал олардың өзара қарым-қатынасы нашарлайды. Мәселен ата-ана мен бала арасындағы ішкі шектеулер тым қатаң болса, онда ата-аналар өздерімен өздері жүрген тәрізді болып керінеді. Ал керісінше, ішкі шектеулер әлсіз болса, онда үлкендер көбіне ата-аналық рөлдерін атқарып, ерлі-зайыптылар ретіндегі қарым-қатынасы әлсірейді.

Отбасылық жүйенің құрылымын зерттей келе , Олсон өзінің отбасылық әсемдік моделін ұсынады. Олсон бойынша отбасындағы өзара қарым-қатынас баланың психологиялық дамуына үлкен әсер етеді. Әсіресе, ата-аналардың өзара қарым-қатынастары. Олсон төрт деңгейді бөледі: ригидті - өте төмен; құрылымдық - орташаға жақын; әсем - орташадан жоғары және кездейсоқ жүйе.

Ауызбіршіліктің орталық деңгейлері мен әсемдік біршама тепе-тең болып келеді. Бұл отбасылық жүйелер отбасындағы өзара қарым-қатынастардың тұрақты болуын қамтамасыз етеді. Ал осы деңгейлердің шектесіп орналасулары көптеген проболемалардың кездесуімен байланысты.

М. Боуэн отбасындағы қарым-қатынасты қарастырғанда үшбұрыш түсінігін қолданады. Үшбұрыш бұл үшжақты қарым-қатынасқа негізделген. Бұл үшбұрыштың әр бұрышында индивидуум немесе адамдар тобы тұрады. Негізгі отбасылық үшбұрыш әке, ана және баладан тұрады. Отбасындағы психологиялық ахуал отбасының әрбір мүшесіне тәуелді болып келеді. Осы психологиялық ахуалға байланысты баланың бойында тұлғалық қалыптасулар мен жаңа құрылымдар жүзеге асады.

Жалпы, құрылым дегеніміз бұл отбасының құрамы деп түсінуге болады. Қоғамдағы кең таралған отбасы дегеніміз бұл үлкендерден құралған отбасы. Отбасылық құрылымның өзіндік атқаратын қызметтері бар және белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандырута бағытталған.

Г. Новайтис отбасы мәселесін қарастыра отырып, отбасылық қажеттіліктердің төрт тобын бөледі:

1. өмірлік қызметті қамтамасыз ететін материалдық жағдайды қамтамасыз ету қажеттіліктері;

2. ана болумен байланысты махаббатқа деген қажеттіліктің болуы;

3. психологиялық және физикалық жақындыққа деген қажеттілік;

4. отбасылық қарым-қатынасқа деген қажеттілік.

Отбасы өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, қоғамдық қызмет те атқарады, өйткені отбасы қоғамның негізгі және маңызды әлеуметтік институты болып табылады. Ең алдымен, ұрпақты жалғастыру қызметін атқарады. Мұнымен қатар отбасының әр мүшесінің жеке қажеттілігін және жалпы отбасылық (топтық) қажеттіліктерді қанағаттандырады. Отбасының өз қажеттіліктерін қанағаттануы отбасылық қызметтерді жүзеге асыруға негіз болады. Осы қызметтерге тоқталсақ, олар репродуктивті, экономикалық, тәрбиелеу (немесе әлеуметтендіруші), коммуникативті, демалысты ұйымдастыру, өскелең ұрпаққа құндылықтар мен салт-дәстүрлерді беру. Аталған қызметтер арасында өзара тығыз байланыс бар. Л.И. Постовалованың жағымды отбасын анықтау сипаты келесі бейнеде: отбасының әрбір мүшесі бірге ұқсастана отырып, өзінің міндетін және толық мүше екенін сезініп, қиын жағдайларда отбасының моральды және материалды қолдауын қабылдап, өзінің де жауапкершілігін түсінеді. Отбасы - тәрбие институты ретінде маңызды, себебі бала өз өмірінің маңызды бөліктерін үйде өткізеді және тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету ұзақтығы жағынан басқаларға бой бермейді.

Отбасы мәселесінде ата-ана позициясының тепе-тең келмеуі туралы алғаш тәрбиедегі әрекетті А.С. Спиваковская (ата-ана мен бала қалай әрекетке түседі?) зерттеді. «Ата-ана көзқарасын түсіну, баланың оны санада жөне бейсанада бағалауы, өзара қимылда сол жағдайдан хабар беруі маңызды. Мұның дамуға жағымды жақтары: тепе-теңдік, динамикалығы, тәжірибеге сүйенуі. Ұлттық дәстүр отбасы мәнділігінің артуына байланыс-ты», - деп тұжырым жасалған.

Г.С. Гарасов атап өткендей, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуы отбасы жағдайына байланысты. «Психологиялың жалпылық» түсінігіне кезендік даму ерекшеліктері жақын жас сәйкестігі, келешегі ( бала - үлкен), кері құрылым (үлкен - бала) алынды. Отбасы кешенді әлеуметтік мәселе бола отырып, түрлі факторлар әсерінен, тұжырымдар мен түрлі ықпалдарды талдаудан тұрады. Отбасы құрылымының психологиялық моделін төрт деңгейде қарастырсақ: жекелік (отбасы мүшелерін жекелей); микрожүйе (нуклеарлы отбасы); макрожүйе (кеңейтілген отбасы); мегажүйе (отбасы және әлеуметтік орта).

Американдық белгілі психотерапевт С.Минухин отбасылық құрылым түрлерін кезеңдік даму заңдылығына әсер ететін күрделі құрылым, ол бірнеше индивидтен тұратын ішкі жүйені құрайды деп, жеке құрылым бөліктеріне ерлі –зайыптылар, ата-аналар, аға –қарындас жүйелерін жатқызды.

Отбасының құрылым жүйесі екі түрде қолданылады:

1. Генетикалық жүйе.

2. Бірін –бірі толықтыратын рөлдік жүйе.

Генетикалық жүйеде отбасылық құрылымның қолданылуы, ең алдымен отбасы ішіндегі иерархиясын анықтайды. «Иерархия» деген сөз грек тілінде hieros «киелі» және arche «билік» дегенді білдіреді, мұнда билік пен бағынушылық, қарым-қатынас туралы айтылады.

Бірін-бірі толықтыратын рөлдік жүйе. Ағылшын тілінен complement «толықтыру , жинақтау» ал «рөл» дегеніміз адамдардың басқа адаммен мінез-құлқының нақты бір тәсілі. С.И.Голодтың пікірінше, отбасы құрылымдық екі өрісте қарастырылады: ерлі-зайыптылар қатынасы және ата-ана мен бала қатынасы. Сондай-ақ, дәстүрден тыс отбасы немесе жекелікке жатпайтын отбасы: некеден тыс отбасы ( бүтін емес немесе жалғыз аналық ), альтернативті отбасы стилі. Бұл дәстүрлі отбасындағы дағдарысты және отбасы-неке институтының эволюциялық дамуын көрсетеді.

Отбасы тәрбиесінің (бұйрық, сеніммен қарау) балада өзіндік сана қалыптасуына әсері туралы Куперсмит (1967), Р, Бернс (1982) айтып өткен. Балада жоғары өзіндік сана қалыптасуы үшін отбасында ата-ананың бірі шешім шығарумен айналысуы, ал қалған мүшелері соған қолдау көрсете білуі, оның беделі мен жауапкершілігі болуы қажет. Осындай қалыпқа сай отбасында ғана жалпы қолдау мен өзара сенім болып, жағымды мінез-құлық қалыптасады.

Кесте 1. Отбасы құрылымының психологиялық деңгейі

Отбасының кұрылым деңгейі

'рылым децгейі

Жекелік

(отбасы мүшелерін жекелей)

Микрожүйе

(нуклеарлы отбасы)

Макрожүйе

(кеңейтілген отбасы)

Мегажүйе (отбасы

және әлеуметтік орта)

Отбасының құрылым көрсеткіштері

Когнитивті аспект

Отбасы мүшесі

ретінде өзін

үқсастыру, жеке

шекарасы,

отбасындажеке

мифтік

жалпылануы

Отбасы иерархия-

сының көрінуі, от-

басындағы ішкі

және сыртқы

шекара, ақпарат

аиналымы

Отбасы тарихы.

отбасылық

жағдайлар,

нормалар мен

ережелер

Әлеуметтік орта

талаптары мен

нормаларына сай

отбасы мүшелері-

нщ дәреже мен

бедел үстанымы

Эмоционалды аспект

Эмоционалды аспект

Некеге және

катынасқа

қанағаттану,

отбасы

кызметінің

жалпылануы

Эмоционалды

коммуникациялық

стильде топтасуы

Эмоционалды

коммуникациялық

стильде топтасуы

Қоғамда ез отбасы

жағдайы бойынша

қанағаттануы

Мінез-құлықтық аспект

эіқтық аспект

Индивид -

отбасы мүшесі

ретінде өзін

көрсетуі,отбасына бейімделуі

Өзара әрекеті -

салт-дәстүрі,

рөлдік қатынасты

бөле алуы

Отбасы мүшеле-

рінің кеңейтілген

өзара катынасты

иерархиялы бөлуі

Әлеуметтік

бейімделу, отбасы

институттарымен

бірге қатынастары

Психологиялық әдебиеттерде жеке тұлғаның дамуына отбасыішілік қатынастың әсері бар екенін мойындаған авторлар: В.Н. Мясищев, Л.И Божович, Б.Г. Ананьев, Н.Н. Обозов, В.В. Ковалев, В.В. Столин және А.А. Бодалев, Р.Хилл.

Р. Хиллдің көзқарасынша, отбасы жүйесі келесідей белгілерден тұрады:

1. Отбасы мүшелері бір-біріне тәуелді өмір сүреді, егер біреуінің мінез-құлқы өзгерсе, онда ол барлығына да бірдей әсер ететін болады.

2. Отбасы- біршама тығыз, шектеле орналасқан бірлік.

3. Отбасы сыртқы факторға байланысты міндеттерді атқаратын және ішкі қажеттілікті қанағаттандыра өтейтін бірлік болып табылады.

Сондықтан отбасы жүйесі фундаментальды түсінікте гомеостаз дегенді білдіреді. Гомеостаз деп жүйедегі тұрақтылық бұзылған кезде оны қалпына келтіріп, әр кезде тұрақтылық пен тепе-теңдікті ұстап тұруды айтады.

Отбасы гомеостазы - отбасы жағдайы мен қорғану сезіміндегі тұрақтылықты болжау жүйесі.

Кейінгі зерттеулерде Л.И Постолова мынадай отбасы топтамасын ұсынды: үйлесімді-үйлесімсіз, топтасқан-шашыраңқы, корпоративті-альтруисті, икемді-консервативті, ашық-жабық, бұйрықты-демократиялы. Мұнда:

Бірінші деңгейде үйлесімсіз толықтырылмаған отбасы, себебі мұнда отбасы мүшелерінің мақсаттары, мотивациясы, яғни қажеттігі сәйкес емес, әркім өз бетінше өмір сүреді. Күштеу сипатына байланысты болғандықтан, психикалық қысым мен қобалжу байқалады.

Екінші деңгейде отбасы табиғи және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыруда белгілі талап пен заңдылықты ұстанады, ал оған бағынбаса жаза қолданады немесе мүшеліктен (ішкіш, нашақор) шығарып тасталынады.

Үшінші деңгейде отбасы қорған, қамқор түрлі қажеттілікті қанағаттандыруға мүмкіндік туғыза алады. Жеке тұлға отбасымен бірлікте өмір сүре отырып, қоғам үшін тәуекелдікке баруға дайын тұрады.

Төртінші деңгей. Отбасы жоғары үйлесімді, оның жеке мүшелерінің қажеттіліктері толық назарға алына отырып, жоғары қолдау көрсетіледі. Негізінен отбасы жүйесінің қызметін толық жақсартуға бағытталған.

Л.И. Постолованың жағымды отбасын анықтау сипаты келесі бейнеде: отбасының әрбір мүшесі бірге ұқсастана отырып, өзінің міндетін және толық мүше екенін сезініп, қиын жағдайларда отбасының моральды және материалды қолдауын қабылдап, өзінің де жауапкершілігін түсінеді.

Отбасы мәселесінде ата-ана позициясының тепе-тең келмеуі туралы алғаш тәрбиедегі әрекетті А.С. Спиваковская ( ата- ана мен бала қалай әрекетке түседі?) зерттеді. « Ата-ана көзқарасын түсіну, баланың оны санада және бейсанада бағалауы, өзара қимылда сол жағдайдан хабар беруі маңызды. Мұның дамуға жағымды жақтары: тепе-теңдік, динамикалығы, тәжірибеге сүйенуі. Ұлттық дәстүр отбасы мәнділігінің артуына байланысты», - деп тұжырым жасаған.

Отбасылық өмір циклінің бұзылуы (екеулік, отбасы құрамының өзгеруі, бала туудың төмендеуі) ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынастың өзгеруіне және отбасындағы психологиялық, жыныстық құрылымға үлкен әсер етеді. Осы мәселелерді толық ашуда қазіргі отбасылық өмір цикліне ықпал ететін теорияларды М. Эриксон ұсынған. Оның ұсынған « отбасылық қатынас кезеңдері мен өмір сүру циклі» қолданбалы психология міндеттерін шешуде көп пайдаға аспақ. Бұл кезеңдер: жүру кезеңі; неке және оның жағдайы (некедегі мінез-құлық); баланың өмірге келуі және бірлескен іс-әрекет; некенің кемеліне жетуі; ата-ананың баланы бөлек жіберуі; зейнеткерлік және кәрілік.

Латвия мамандарының пікірінше: «Отбасы қызметі бұрын шаруашылық деңгейге көп көңіл бөлсе, соңғы кездері отбасы мүшелерінің өзара қатынасы мәселесіне ауысуда», - дейді. Отбасын шағын топ ретінде қарастырсақ, ол өз дамуында бірнеше кезеңнен өтті. Жалпы отбасын қалыптастырмас бұрын отбасылық ұжымды жасауымыз қажет. Отбасылық ұжым тек эмоционалды қатынасқа түсу емес, ең бастысы жауапкершілікті әлеуметтік қызметті орындауға жұмсау болып табылады.Ұжымда рөлдер қатаң түрде емес, адамдардың қабілеті мен мүмкіндіктеріне қараай бөлінеді. Танымал социолог әрі психолог М.С. Мацковскийдің пікірінше, ұжым қатынасындағы басты заңдылықққа ішкі құндылық пен қалып шынайы моральды әсер ету, отбасының мәселелерімен толық хабардар етілген нақты құқық пен міндеттер жатады. Белгілі кезеңге өту шамасы қақтығыс пен дағдарысқа әкеледі.

С. Кратохвил дағдарыс кезеңдерін бірлескен өмір сүрудегі 4-6 және 17-25 жыл аралығында байқалатынына тоқталған. В.А. Сысенко көзқарасы бойынша, ажырасулар алғашқы 9 жылда көп кездеседі. Алғашқы екі жылда ажырасулардың болуы жастар өміріне үлкендердің араласуынан болатынына тоқталған. Адам ағзасының осы механизмге бейімделуі нервтік құрылым жүйесінің шаршауынан, ол белгілі эмоционалды-психологиялық жағдайға алып келеді. Нәтижесінде, күнделікті бір адаммен ғана байланысқа түсе беру, сондай-ақ өзіндік жетілуге көңіл бөлмеу, эмоционалды демалысты қажет етеді. Демалысты қажет ету белгісі- эмоционалды деңгейде жалығу, қатты тітіркену, жақтырмау әсері, ашуға тез берілу. В.Сатир: « Отбасы мүшелері дамып жетілу үшін белгілі кезеңдерден өту керек», - деген пікірде. Бұл кезеңдер жоғары қобалжу мен дағдарыстан өтеді. Дағдарыстың мынадай кезеңдері бар: алғашқы құрсаққа түсу, жүктілік пен баланы өмірге әкелу, ерлі-зайыптылардың бірі қайтыс болуы, кейіннен екіншісі, осылайша уайым қайғысы аралас өмірдің жалғаса беруі.

1.2Қазақстандық отбасылардың әлеуметтік мәселелерінің түрлері

Отбасы - қоғамның пайда болуында ең негізгі элемент болып есептеледі. Ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы баланың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау критерийі қалыптасады. Нақты өмірде адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас әр түрлі болады, әр түрлі отбасы типтері өмір сүреді. Қоғам әрқашан өзгеріп отырады, соған байланысты отбасы қарым-қатынастары, түрлері де өзгереді.

Проблемалы отбасы деп өмір жолдарындағы ерекше қиындықтағы жағдайлар пайда болып, некенің тұрақтылығына соққы әкелетін (мысалы, баспананың болмауы, жұбайлардың біреуінің ауыр немесе ұзақ мерзімді ауруға шалдығуы, отбасын қамтамасыз етуге қажетті қаражаттың жоқтығы, қылмыс жасап бас бостандығынан ұзақ мерзімге айырылу және тағы басқа сияқты болатын өмірлік жағдайлар) мәселелері бар отбасыларын айтамыз..

Қазіргі қазақстандық отбасымен байланысты мәселелерді мынадай топтарға бөлуге болады:

1. әлеуметтік-экономикалық;

2. әлеуметтік-тұрмыстық;

3. әлеуметтік-психологиялық;

4. босану және отбасын жоспарлау проблемалары;

5. отбасы тұрақтылығының проблемалары.

Бұл топта отбасының өмір сүру деңгейіне, оның бюджетіне, аз қамтамасыз етілген отбасының үлес салмағына және кедейлік көрсеткішінен төмен тұратын отбасыларына, көп балалы және жас отбасыларының арнайы мұқтаждығы мен қажеттілігіне, материалдық көмектің мемлекеттік жүйесіне байланысты проблемаларды жатқызуға болады.

Әлеуметтік-тұрмыстық проблемаларына жекелей тоқталып өтетін болсақ, бұл топқа отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етумен, өмір сүру жағдайымен, сондай-ақ орташа отбасылардың тұтынушы бюджетімен, аз қамтылған отбасылардың үлесімен және кедейлік көрсеткішінен төмен тұратын отбасылары мен көп балалы және жас отбасыларының материалдық қиыншылықтарымен байланысты проблемаларды жатқызуға болады. Отбасылардың әл-ауқатының деңгейі тікелей осы отбасында тәрбиеленіп жатқан балалар санына байланысты. Төрт немесе одан да көп балалы және толық емес отбасылырының арасында өмір сүру деңгейінен төмен жан басына шаққандағы орташа табысы отбасы үлесінің 93,6 %-н құрайды. Әсіресе, өмір сүру минимумынан төмен, жан басына шаққандағы орташа ақшалай табыстар 58,4%-ы отбасында тіркелеген, 1,5 жасқа дейін баланың күтімі үшін берілген демалыс кезінде жәрдемақы алатын көбінесе жас отбасылар. Қарамағындағы адамды асырау бойынша отбасының қажеттілігін қамтамасыз етпейтін еңбекақының төмен деңгейі, әлеуметтік төлемдердің мөлшері өмір сүру құнының өсуінен төмен болуы, кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар арасында кедейліктің кең таралуына әсер ететін факторлар болып табылады.

Ал, әлеуметтік-психологиялық проблемаларына кең көлемдегі проблемалары жатады. Олар:

1. таныстықпен неке құру серігін таңдаумен;

2. неке-отбасылық бейімдеумен;

3. отбасылық және отбасы ішіндегі рөлдердің келісуімен;

4. тұлғалық автономиясымен және отбасындағы орнығумен байланысты.

Бұдан басқа, оларға жұбайлық үйлесімділік, отбасылық дау-дамай, отбасының кіші топ ретінде ұйымдасу проблемалары жатады. Әлеуметтік-психологиялық проблемалар, сонымен қатар оқушыларды, студенттерді, жұмысшыларды, зейнеткерлерді, кәсіпкерлерді, яғни халықтың әр түрлі категорияларын мазасыздандырады. Статистика мәліметтері бойынша, достармен қарым-қатынас, эмоционалды көңілінің бұзылуы, жалғыздық проблемалары бойынша кеңес алушылардың үлесі жоғары.

Бұл отбасылар обьективті немесе субъективті себептерге байланысты өмір сүру қиыншылығы жағдайындағы отбасылар. Олар мемлекеттік әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің тарапынан көмек қажет етеді. Осындай отбасыларға төмендегілерді жатқызуға болады:

- босқындар мен мәжбүрлі көшіп-қонушы отбасылар;

- аз қамтамасыз етілген отбасылар;

- құрамында мүгедегі бар отбасылар;

- көп балалы отбасылар;

- толық емес отбасылар;

- жұмыссыз азаматтардың отбасылары;

- қиын баласы бар отбасы;

- қақтығысты отбасылар, ата-ана, бала қатынасының бұзылуы;

- ішімдікке салынған, оморалдық өмір сүретін отбасылар;

Енді осы айтылған проблемалардың әрқайсысына тоқталып өтсек.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында ерлі-зайыптылардың біреуі ғана баламен немесе баласы жоқтан тұратын нуклеарлық отбасы түрлері өте көп. Мұндай отбасы республикада халық құрамының 70%-ын құрайды. Нуклеарлық отбасы – толық немесе толық емес болуы мүмкін. Толық емес отбасының саны ажырасудың, жесір қалудың, әйелдердің некесіз бала босануының нәтижесінде 8%-ды құрайды. Толық емес отбасына баланы анасының жалғыз өзі тәрбиелеуі де жатады. Бірнеше отбасылық ұяшығы бар ата-анасы, олардың балалары мен немерелері немесе аға-іні және апа-қарындастарының бірі отбасында бірге тұруы мүмкін. Мұндай патриархалдық кеңейтілген отбасының түрі бұрынғы кезде кең таралған. Алайда қазіргі кезде жалпы санынан 20%-ды ғана құрайды. Бұл процесс бір үйде тұруға мәжбүр болған бірнеше отбасының пәтер алуына қиындығы болмаған кезде белсендірек болған.

Бүгінгі күні нәзік жандар ара­сын­да материалдық жағдай тұрғы­сынан ер-азаматтарға бағыныштылық байқалмайды, анығында, әйелдер бағынышты күй кешкісі келмейді. Осыдан келіп оларда «баламды асы­рауға өзімнің шамам жетеді, жағдайым көтереді» деген бер­ік сенім қалыптасқан. Бұл сенім- әкесіз бала тәр­биелеудің бірінші себебі. Екінші себеп – бүгін­де жаңа туылған бала­ның ая­ғынан жүріп, жүгіріп кетке­нін байқай алмай қала­сыз. Өйт­кені, нәрестенің жаны­на қажет­ті барлық жағдай жасал­ған. Тамағы да дайын, бұтын жиі ауыстырып, киімін жуып жатпайсыз. Бала бағушы да жанында. Жалғызбасты ана­ның тек ақшасы болса жетіп жа­тыр. Үшінші бір себеп – біз мә­се­ле ретінде көтеріп отырған тақырыптың әйелдер арасында сәнге айналуы. Яғни, нәзік жан­дардың пайымынша, әкесіз өсі­рілген бала – әйелдің рухының мықтылығын, оның төзімділігін білдіреді дегенге саяды. Жалпы, бұл күнде «карьера­ның соңына түсемін» деп, ер-аза­мат пен әйел-аналар отбасылық құн­дылықтарды кейінге ысыр­ып қойып келеді. Оның демогра­фиялық жағдайымызға, сол секілді өздерінің денсаулығына қаншалықты кері әсерін тудырып отырғаны белгілі. Ал, бұл күнде карь­ераның соңына түскен әйел­дер діттеген мақсаттарына қол жеткізгеннен кейін тұрмысқа шық­пай-ақ, көпшілікке көз қыл­ып, бала тауып алуды қалыпты дәстүрге айналдыра бастады.

Көп балалы отбасы деп үштен артық балалары бар отбасы танылады. Бала көп туылатын аудандарда ол одан да асатын туыстарымен бірге тұратын күрделі отбасылар да баршылық. Оның басты себебі экономикалық дәрменсіздік болып отыр.Сонымен қатар отбасылар саны, баласыз болуы және оның саны бойынша да бөлінеді. Көп балалы отбасылар «төрт және одан да көп балалары бар» отбасылар елімізде 16%-ды құрайды. Көп балалы отбасын мынандай түрлерге бөлуге болады:

- Ата-аналары өздерінің балаларын жақсы көретін және саналы түрде олардың болуын қалайтын отбасы. Мұндай отбасында бала ең негізгі құндылық болып саналады, сондықтан ата-ана бала үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысады.

- Ата-ана саналы түрде баланың көп болғанын қаламайды. Мұндай отбасында үшінші және одан кейінгі балалар жоспарлау мен мәжелеудің жоқтығынан пайда болады. Сонымен бірге, мұндай отбасы мысалы, егіз немесе үш бала босанудың, екіқабаттықты үзуден жасанды түсік тастауына тыйым салудың салдарынан және діни сеніміне қарай түсік жасаудан бас тартуға байланысты қалыптасады.

- Әрқайсысында балалары бар, екі толық емес отбасын біріктіру нәтижесінде құрылған отбасы.

- Көп баланың өмірге келуін сәтсіздіктің пайда болуы деп санайтын отбасының негізгі қаражаттары бала үшін алатын түрлі жәрдемақылар мен жеңілдіктер болып табылады. Көптеген жағдайда ішімдікке салыну немесе нашақорлыққа салынған отбасында бала ретсіз жыныстық қатынас салдарынан пайда болады. Мұндай ата-аналар өздерінің парыздарын түсінбейді, мемлекет баланы қамтамасыз етуге міндетті деп санайды. Отбасы типтері өзара қарым-қатынас стилін қажетті әлеуметтік және өзге де көмектің көлемі мен сипатын анықтауға мүмкіндік береді.

Көп балалы отбасының негізгі проблемалары:

1) Материалдық - әр бала дүниеге келген сайын отбасының табысы кеми түседі;

2) Толыққанды - тамақпен, киіммен, тұрғын-үймен қамтамасыз ету мәселелері;

3) Жоғарыда аталған проблемалардың салдарынан болатын денсаулыққа байланысты проблемалар (басқа отбасының балаларына қарағанда көп балалы отбасының балалары жиі ауыратыны белгілі);

4) Әлеуметтік-экономикалық күрделі жағдайларға байланысты ажырасу санының көбеюі;

5) Оқу саласындағы проблемалар ( мұндай отбасы балаларының толыққанды білім алу жағдайы мен мүмкіншіліктері басқаларға қарағанда төмен);

6) Балаларды тәрбиелеу проблемалары ( мұндай отбасындағы балалар көбінесе қараусыз болады; еңбекке ерте араласады; ата-аналар отбасындағы өзара қарым-қатынасты, өзіне-өзі қызмет етуді, тапсырмаларды бөлуді ұйымдастыра білмейді);

7) Көп балалы отбасындағы тіршілік ерекшеліктеріне байланысты балалардың жеке проблемалары.

8) Көп балалы отбасындағы тіршілік ерекшеліктеріне байланысты балалардың жеке проблемалары (тым қатаң бақылау баланың өз бетімен шешім қабылдаудағы еркіндігін шектейді, бала томаға-тұйық бола түседі; басқалармен араласудың аздығынан, бала бойын жаза алмайды; каникулы мен демалысын өткізу қиындыққа түседі);

9) Көп балалы отбасына қоғамның көзқарасының өзгеруіне байланысты және басқалар.

Әлеуметтік қызметкердің көп балалы отбасыларымен жұмыс жүргізуінің негізгі бағыттарына мыналар жатады:

- Көп балалар отбасыларын анықтау және есепке алу, кешенді мінездеме құрастыру жөніндегі жұмыстар, отбасы мүшелерінің саны. Соның ішінде көп балалы отбасылармен бірге тұратын балалары, өзге де туысқандары, ата-аналар мен балалардың жынысы мен жасы, отбасының материалдық жағдайы мен ата-аналарының жұмыс істейтін орны мен табыс көлемі, отбасы құрамындағы жасөспірімдердің жұмыс істейтіндігі, істемейтіндігі және табысы туралы мәлімет.

- Түрлі жәрдемақылар, жеңілдіктер алуға көп балалы отбасы үшін қолданылатын жәрдемақылар мен жеңілдіктер туралы ақпаратты алуға көмектесу.

- Отбасының негізгі проблемалары мен сұраныстарын анықтау;

- Жалпы отбасының және әрбір мүшесінің сұранысы бойынша көмек көрсетудің негізгі нормативтерін белгілеу;

- Табыспен қамтамасыз етілуіне және табыстың жоғарылауына көмектесу (жұмысқа орналастыру, кәсіпорын, қоғамдық ұйым басшыларымен байланыс жасаудың жолдары туралы ақпарат беру);

- Әйелдер проблемаларын, соның ішінде психологиялық проблемаларды шешу;

- Қажет болған жағдайда балаларға бөлінген қаржының пайдаланылуына бақылау жүргізу,

- Көп балалы отбасы мүшелернің денсаулыған қадағалауға, мүгедек балаларды арнаулы емдеу орнына орналастыруға, жанжалды отбасындағы балалар мен ата-аналарды отбасылық қарым-қатынасты ретке келтіру үшін түрлі мамандардан кеңес алуға жіберуге көмектесу, жаңа жанжалдардың алдын алу;

- Көп балалы отбасылардың пайдасы үшін мейірімділік акциясын ұйымдастыру;

- Белгіленген түрлі көмектердің мерзімінде берілуін үнемі тексеріп отыру (жәрдемақыларды, бөлінген азық-түлік және заттай сәлемдемелердің уақытында берілуі).

Тұтыну қоржыны - адамның денсаулығын сақтау мен оның тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің төменгі мөлшер, шаруашылық тауарлары мен қызмет көрсетуге жұмсалатын қаржы мөлшері. Отбасының жан басына шаққандағы табыс мөлшері тұтыну қоржыны көрсеткішінен төмен болса, онда ол кедей деп саналады. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу құқығына ие. Кедей деп ішінара немесе толығымен еңбекке жарамсыз, еңбекке жарамды жақын-жуықтары жоқ азаматтар; көп балалы отбасы; зейнеткерлер; мүгедектер; жалғыз басты жасы жеткен адамдар; жағдайы жайсыз отбасылар; жұмыссыз отбасылар танылады. Қазіргі кезде аз қамтылғандар тобының қатарын жас баласы бар (әсіресе 6 жасқа дейінгі), жас отаулар, босқындар мен еріксіз қоныс аударушы отбасылары толықтырады. Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша мемлекеттің жүзеге асыратын шаралары арасындағы ең маңыздылары: жеңілдетілген салық салу, тегін немесе жеңілдетілген қызмет көрсету, денсаулық сақтау, көмек, коммуналдық қызмет көрсету салаларында, жұмыссыздыққа, балаларға, зейнеткерлерге жәрдемақы төлеу. Материалдық немесе қаржылай көмек көрсету кезінде отбасының мүліктік жағдайы ескеріледі – тұрғын үйі, автокөлігі, гаражы. Сондай-ақ олардың– сәтті жанұя, уақытша қиындықты өз бетімен, сырттан көмек күтпей-ақ шеше алатын отбасы, қылмысқа бейім отбасы, дағдарысты отбасы секілді типтері бар.

Әлеуметтік қызметкер кедей отбасыларымен жұмыс жүргізуінің бағытына мыналарды жатқызуға болады:

- Осындай тектегі отбасыларды анықтау. Оларды қадағалап, олардың сұраныстарын, бала тәрбиесінің ерекшеліктері мен отбасы ішіндегі қарым-қатынастарын зерделеу арқылы отбасылардың типтерін анықтау, сол сияқты басқа да мамандар мен ұйымдарды тарта отырып көрсетілетін көмектерді анықтау.

- Заң көмегін көрсету- кедейшіліктегі отбасылар мен олардың мүшелерінің мүдделерін қорғау, кедейшіліктегі адамдарға түрлі кеңес беру қызметін көрсету, құқықтарын қорғау және тағы басқа.

- Қажет болған жағдайда психологиялық көмек беру қызметін жіберу.

- Осы санаттағы адамдар тұратын аумақтағы кәсіподақ ұйымдарымен, кәсіпорындар мен ұжымдардың әкімшіліктерімен бірге отырып, олардың бос уақыттары мен демалысын өткізуді ұйымдастыру.

- Жұмысқа орналасуына көмек көрсету, кәсіптік оқыту мен қайта даярлау үшін клубтар, үйірмелер, орталықтар ұйымдастыруға жәрдемдесу.

- Кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру.

- Ассоцияциялар, бірлестіктер, өзіне-өзі көмектесетін топтар құруға; іске кірісетін топтармен, жеке адамдармен араласуын ұйымдастыруға көмек көрсету.

- Түрлі курстар, үйірмелер мен мектептер ұйымдастыруға көмектесу.

- Арнайы қорлар ашу.

Қазіргі кездегі аса бай отбасылардың пайда болуы оларда бала тәрбиесінің дұрыс тәжірибесі қалыптасты деген сөз емес. Міне, осындай отбасылардың кейбір ата-аналары баланың кез-келген сұранысына сол мезетте қанағаттандыруы, аламын деген нәрсесінің сөзге келмей сатып әперу, үй тірлігіне қатыстырмауы баласының өзімшіл, тек қана тұтынушы, жалқау, басқаның есебінен жақсы өмір сүргісі келетін арам тамақ болып қалыптасуына әкеліп соқтыратынын ескере де бермейді. Дәл осыған қарама-қарсы әрекет істейтін ата-аналардың да түсінігі балаларының тура жолдан шығаруға итермелейді. Ондай ата-аналар өз балаларын аса қаталдықпен тәрбиелеймін деп әртүрлі қысым мен тыйымдарды қолдану, сол нәрсеге бола қатаң жазалау, ар-намысын қорлайтын әрекеттер жасау арқылы балаларын өздеріне қарсы қояды.Мұндай жағдайда, әрине, балалар ата-анасын сыйламайды, олардың баласына айтқан «ақылы» кері әсер етеді. Осындай отбасында «тәрбие» алған баланың тәрбиелі болуы да екіталай. Негізінен барлық мәселе ата-аналар тарапынан баланың бос уақытын орнықты пайдаланбаудан, тұрмыстың нашарлығы мен отбасындағы қақтығыстардан бастау алады. Бүгінде берекесі жоқ отбасылардың саны өсіп келеді. Ата-ананың жылуынан, сүйіспеншілігінен, ыстық ықыласынан айырылған балалар көшенің қағидасымен өмір сүруге бейімделеді. Қылмыстық жолға түседі, киелі сәті балалық дәуреннің қызығымен осылай ерте қоштасып үлгереді. Туған-туыстарынан, жақын адмдарынан демеу таппаған қыздар мен ұлдар кездейсоқ азаматтардың жетегіне еріп, ішімдікпен есіркіге құмартады. Сол арқылы қылмыс әлеміне қадам басады. Қылмыс субъектісіне айналған кәмелетке толмағандардың әлеуметтік жағдайына талдау жүргізсем, олардың жартысынан астамы тұрмысы төмен, толыққанды емес және берекесіз отбасылардан шықандары дәлелденіп отыр.

Көптеген ата-аналар өндірістік еңбекпен бала тәрбиелеуге қолы босамайтынын, уақыт аздығын сылтау етеді. Соны желеу ететіндердің көпшілігі баласының кешкісін және бос уақытында немен айналысатынын, кімдермен бірге жүретінін біле бермейді. Елімізде еңбекпен айналыспайтын адам кемде-кем, өндірістік міндетін атқара жүріп, тәрбиелі, іскер, білімді, мәдениетті ұрпақ өсірген ата-аналар да мыңдап саналады. Олардан үйренетін жақсы дәстүр – баланы жасынан өзі қызығатын нәрсеге қарай баулып, бос сенделуге жол бермеуі (музыка, спорт, түрлі үйірме жұмыстары), әрі үйдегі үлкенді – кішілі мәселенің бәріне баланы араластырып, ортақ мүдде үшін міндеттілікке, жауап кершілікке тәрбиелеуі. Л. Керімов қиын балалар тәрбиесі мәселесіне арналған зерттеулерінде «қиын» баланы зерттеуді, ең алдымен , отбасындағы тәрбие жағдайын білуден бастауды ұсынады. Баланың жетіліп қалыптасуында отбасының орны ерекше екенін түсіндіре келе, балаға қиын атануға алып келетін ата-аналардың балалармен, мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасындағы кемшіліктер деп көрсетеді. Бұл қиындықты шешудің негізгі бірден-бір жолы- отбасындағы ізгілікті қарым-қатынастарды орнату .

Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін отбасы қоғаммен тығыз байланыста болуы керек. Ғалым-педагог И.Гребенников отбасы қызметін 5 топқа бөледі: ұрпақ жалғастырушылық, экономикалық, тәрбиелік, қарым-қатынастық және бос уақытты демалуды ұйымдастыру.

Демек, отбасында ата-ана осы қасиеттерді барынша бірігіп, жақсы ұйымдастыра білсе және педагогикалық жағынан білімді, психалогиялық әдіс-тәсілден хабардар болса, отбасындағы ахуал ерекше болмақ. М.Жұмабаев «Педагогика» ғылыми еңбегінде «жас бала –жас бір шыбық, жас кезінде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ» деп түйін жасайды.

Қиын балаларды тәрбиелеудегі ұстанымдар. Баланың жан-жақты тәлім-тәрбие алуға , олардың ішкі қасиеттерін анықтап, дарынын шыңдап, сол арқылы өздері көздеген тәрбие бұлағына жағдай жасауымыз қажет.

Қиын баланың пайда болуына себепті факторлар.

1) Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы ұрыс-талас, дау-жанжал, баланың табиғи психологиялық ерекшеліктерін ескермеу, ата-ананың біреуінің болмауы, т. б. жағдайлар себепті болады. Жастайынан еңбектену әдет-дағдыларын қалыптастырмау, баланың жан дүниесіне көңіл аудармау, отбасындағы ажыраcу және жаңа адамның отбасы мүшесі болып енуіне себеп болады. Мысалы: зерттеулердің қорытындысы дәлелдегендей тәртібі нашарлаған оқушылардың көбі ата аналардың моральға жат қылықтарымен өз балаларына теріс әсерлер жасаған. Баланың тәрбиесіне кері әсер ететін келеңсіз жағдайларда (ұрыс- керіс, дау- жанжал), бірін - бірі сыйлау сияқты қасиеттердің сезілмейтіндігі белгілі.

Қиын балалармен жұмыс істеудің негізгі шарттары:

1) Әрбір қиын баланы жан – жақты зерттеп, мінез – құлықтарының бағыт-бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік типтегі қасиетін іріктеп алу.

2) Әрбір баланың адамгершілік сынды тәжірибелерін құра біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге көзқарасты, ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру.

3) Әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және шығармашылық талап-тілектеріне орай, қабілеті мен икемдіктерін дамыту, қоғам жұмыстарына қатыстыру.

4) Кейбір қиын оқушылардың оқу – тәрбие процесінде ұжымдық өмір қарым – қатынастарында ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, дер кезінде одан сақтандыру, оны туғызатын әрекеттерді жою. Әңгімелеcу- оқу-тәрбие процесінің ең қажетті құралы. Оқушының жеке басына түскен жағдай, оны ортаға салуға болмайтындай болса, онда мұғалім тәжірибелі педагог баламен жеке сырласу арқылы көздерін жеткізеді.

Қиын балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізу кезінде талаптар қойылуы қажет. Одан педагогикалық тәжірибелерге сүйене отырып, әрбір баланың бейім қабілетіне, мінез-құлқына сай оңды шығармашылық қасиеттерін ұйымдастырып отыру қажет. Қиын балалармен жұмыс істеудің тағы бір әдісі – олардың жолдастарымен жағымсыз байланыстарын үзу. Осы әдісті іс жүзіне асырудың бірнеше жолдары бар. Соның бірі тұрақты мектебін ауыстыру, мектебін алмастыру, Сондай-ақ ата-ана, мектеп инспекция қызметкерлерінің күшін біріктіре отырып, жолдастарының теріс ықпалдарынан бөліп әкету қажет. Сонымен бірге қиын баланы тәрбиелеуде моральдық тұрғыдан әсерлі әрекет ету қажет. Қиын баланың әрбір теріс қылығын, істерін, тәртіпсіздігін т.б. оқушының арына тигізбей айыптаса, бұл істер өз нәтижесін береді.

Тағы бір әдіс – қиын баланың бағдарын, мақсаты мен міндетін қайта құру. Бұл әдістің құндылық мәні – оқушы қателігін түсіну, өзін - өзі тәрбиелеуде көмегін береді. Нерв жүйесі нашарлаған қиын балалармен тәрбие жұмысын жүргізу көптеген қиындықтар туғызады. Өйткені, әрбір баланың өзіндік ерекшеліктері мен қатар, сырқаттарына байланысты өзгешіліктері бар. Қиын балаларды тәрбиелеу процесіндегі әдіс-тәсілдерді қолданудағы тәрбиелеу жүйесінің кезеңдері:

- дайындық кезеңі;

- қиын баланың тәртібінің төмендеуіне себепті болған жағдайларда аңықтау;

- екінші кезең – қиын балалар мен жора -жолдастары арасындағы байланыстырудың дәрежесінің тереңдігін аңықтау.

- үшінші кезең - өзгеріс кезеңі. Көптеген қиын балалардың ішкі жан дүниесінде өзгерістер тұл бастайды. Жеткіншіліктердің мінезіндегі теріс қылықтар, әдет дағдылар мен қалыптаса бастаған жаңа адамгершілікті сапалардың арасында күрес басталады.

- cоңғы кезең - бекіту кезеңі, әрбір қиын бала мінез-құлқындағы адамгершілік мәнді өзгерістер болған сайын, өзін-өзі тәрбиелеуге талаптанып, оңды қасиеттерді дамытады. Қиын балаларды қайта тәрбиелеу, алдын ала олармен бірге атқарылатын іс шараларын мектеп ұжымдары мен жұртшылық нақты аңықтап, оларды дұрыс жолға түсіндіре отырып, күрес жүргізулері керек.

Отбасында ауру адамның болуы, отбасы мүшелерін нервтік-психикалық, патологиялық, эмоционалды, денелік қысымға түсіріп, ертеңгі күніне сенімсіздікпен қарауға жеткізеді. Бұл қиындықты объективті және субъективті деп екіге бөліп қарастырамыз. Объективті түрінде отбасы ережесі мен ырғағы бұзылып, қаржы жұмсау көбейеді. Ал субъективті қиындық түріне бір отбасы мүшесінің психикалық ауруына түрлі уайымдау мен эмоционалды реакциялар кіреді; ауру адамға еш көмек бере алмайтынына қынжылу, әлсіздену; мінез-құлықтағы өзгеріс, түсінбестік, қорқу сезімі; депрессия; көңілінің қалуы; фрустрация; жан айқайы, ұрыс-керістің жиі туындауы.

Ауру белгісі байқалатын адамды, сақташыны «теңестірілген ауру адам» деп атайды. Отбасы жүйесін теориялық ықпалда зерттеушілер ауру белгісінің көрінуін отбасы қажеттілігінің метафорасф дейді.

Ауру белгісіндегі мінез-құлық сипатын төмендегідей жіктейміз: отбасы мүшелерінің салыстырмалы түрде күшті әсер етуі; ауру адамда көрінетін мінез-құлық ырықсыз болғандықтан, теңестірілген ауру адамның бақылау жасауға көнбеуі, отбасы мүшелерінің басқа психологиялық мәселелерден қашуы көрсетеді, отбасы жүйесінің бұзылуы.

Ауру адамға көмектесі мақсатында отбасы үш топқа бөлінеді: бірінші топ ішкі қабат деп аталып, отбасында ауру адамға толық қарау, күтім жасау, бақылау, оның қажеттігі мен әлеуметтік ортаға бейімделуіне көмектесетін басты рөлді (анасы, әпкесі, әйелі) алады. Сыртқы әлем мен ауру арасын байланыстырып тұратын звено. Бұл адам қоғам алдында да сол ауру адамның мінез-құлқы үшін жауапкершілікте. Екінші топ- отбасы мүшелері өз жеке жоспарлары мен ниеттерін жүзеге асыруды сақтай, белсенді әлеуметтік өмір сүруін ( оқу, жұмыс) жалғастыра береді. Көп жағдайда түсінбеушілік туындап отырады; үшінші топ-күнделікті байланысқа түспейтін, бірақ ауру адаммен байланысы бар, жақын-алыс туыстары, достары.

Отбасында ауру адамы бар мүшелердің ынта-жігерін түсіретін факторлар: ауруға байланысты өзін кінәлі сезіну; отбасындағы ауру адамның мінез-құлқы; ауру адамның созылу мерзімі; отбасының күнделікті өмірінің бұзылу кезеңі; шок кезеңі; мойындамау кезеңі; уайым мен депрессия кезеңі; жетілген бейімделген кезең.

К.Терекльсон отбасы мүшелерінің аурудың пайда болу себептеріне екі басты көзқарасын бөліп көрсетті:

- биологиялық: бұл теорияны саналы және санасыз түрде ұстанатын отбасылар аурудың себебін науқас адамның еркіне бағынбайтын, оның ағзасында өтіп жатқан түрлі өзгерістермен байланыстырады;

- психологиялық: ауруға отбасы мүшелерін, өзін және ауру адамды кінәлау, соңында бәрінің кінәлі болып шығуы. Өз тыныштықтары үшін ешкім сыртқа ойларын жаймайды, іштей бір-бірінен кінәліні іздеп, ахуалды күрделендіреді.

Мүгедектігі бар азаматтар қоғам өмірінің барлық аспектілеріне қатысуға бірдей құқығы бар. Бірдей құқықтар табиғи, психологиялық, сенсорлық, мәдениеттік, заңдылық және басқа да тосқауылдарға байланысты шектелген мүмкіндіктерді түзететін әлеуметтік қызметтің жүйесімен қамтамасыз етілуі керек. Осы тосқауылдар қоғамның басқа да мүшелері сияқты негіздермен мүгедектің қоғамға интеграциялануына мүмкіндік бермейді. Мүгедектік – бұл тек қана медициналық проблема емес, бәрінен бұрын ол – бірдей емес мүмкіндіктер қорытылған әлеуметтік проблема. Қоғам олардың тәуелсіз өмір сүруі үшін, қоғам өмірінің ажырамас бөлігі болуға, адамның табиғи құқына ие болуға, тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарға, көлікке, коммуникация құралдарына, еңбекке және білім беруге қол жеткізу еркіндігі мен таңдау еркіндігі бар стандарттарды өте мұқтажды мүгедектігі бар адамдарға икемдеуге міндетті. Отбасында ақыл есінің зақымдалуымен байланысты, балалық церебралдық салдарынан жүйке жүйесі дамуының бұзылуымен тәрбиеленіп жатқан және туған бала — бұл қайғы-қасірет. Кез-келген ата-ана мұндай сынаққа шыдай алмайды және психологиялық ауырлықты көтере алмайды. Өйткені өзін толық оған көздеп, бір ғана мақсат қойып, барлық өмірін бір қанмен байланысқан мүгедекке барлық уақытын арнауға тура келеді. Ойын, өмір сүру жағдайын, араласып жүрген ортамен түп-тамырымен ауыстыру қажет. Бұл жеңіл емес, мүмкін болашаққа сенімін жоғалтып, мүгедекті балалар интернат-үйіне тапсыру жеңіл болар. Көп жағдайларда көптеген ата-аналар осындай балалардың жағдайын жақсартуға болатының сезбей жасайды.

Студенттік отбасы деп ерлі-зайыптылардың екеуі де студент болып табылатын отбасын айтамыз. Мұндай жас отбасында ерлі-зайыптылардың жасы 25- тен, ал отбасылық стажы 5 жылдан аспайды.

Жастардың жалпы көзқарастарының байланыстылығына, қызығушылықтарына, жалпы мақсаттары мен дүниеге деген көзқарастарына қарамастан, олардың көпшілігі отбасылық өмірдің алғашқы сәттерінен бастап ажырасуға әкеп соқтыратын мәселелерімен қақтығысады. Әл-ауқаттың жағдайсыздығы, тұрақсыз табыс, бөлек баспананың болмауы - мұның бәрі жас отбасылардың ішінде арақатынастардың бұзылуын тудыратын себептер. Бірақ жас студенттік отбасылардағы ең маңызды мәселе - баланың тууы болып табылады.Себебі оқуды баланы тәрбиелеу, тұрмыс және отбасын құру мәселелерін шешумен бірге қиыстыру үлкен өмірлік тәжірибе мен шыдамдылықты қажет етеді. Жас отбасының барлық қиындықтарды жеңудегі жетістігі мен бұдан былайғы тіршілігі негізінен мемлекеттің демеуі мен ықыласына байланысты болады.

Сондай-ақ қазіргі заманда ішімдікке салынған, оморалдық өмір сүретін отбасылар кеңінен таралып кетті. Маскүнемдіктің кең таралауы республиканың ұлттық қауіпсіздік үшін қауіп-қатер болып табылады. Олар саяси-құқықтық, рухани-адамгершілік, Қазақстан азаматтарының аман-есендік пен денсаулығының, өмірлерінің әлеуметтік қорғалуы сияқты, сонымен қатар қазақстандық қоғамның құндылықтарына залал келтіретін қауіп-қатер мен қауіптіліктен қорғалуымен анықталатын қоғамдық қауіпсіздікке нұқсан келтіреді. Бүкіл қоғам болып күресуді қажет ететін маңызды бір мәселенің бірі маскүнемдік болып табылады. Сонымен бірге, ерекше назарды алкогольді тұтынуды азайтуға және ішкіліктің төмендеуіне бағытталған шараларды қолдануға бөліну қажет. Алкоголизм – бұл тек ерік-күшін көрсетіп, одан құтылуға болатын жаман әдет деген кең тараған пікір бар. Шын мәнінде, бұл науқасты қалай психологиялық уласа, солай тәнін де зақымдандыратын қорқынышты, ілгері дамушы ауру. Отбасының беріктігі - намыстан. Тексіздің ұлы мен қызы да опасыз келеді. Жаман жүрісті әйел-бүгінде талай жігітті зарлатуда. Соның себебінен ішкіштікке салынып жатқандар қаншама? Ертедегі қазақтар ондай әйелді бірден атқа теріс мінгізіп төркініне қайтарған. Қазіргі еркектерде ондай батылдық жоқ. Өзін-өзі іштей жеп, арақтан өшін алады. Өз үйінде жастайынан бұзылған ашық етектілерге бүгінгі ортада жол ашық. Қайдағы бір момын жігітке алдап тиіп, басын қатырады да, өмірден ерте кетуіне себеп болады. Ондай жесірдің тапқан ұлы өскенде ынжық болады. Қызы өзіне тартып, ізін жалғастырады. Бұзық әйелдердің саны өсіп көбеюде. Оның артында тексіздік жатыр. Отбасының беріктігі үшін басты қажеті-даналық. Тұтас елдің бүтіндігі де даналықпен ұсталады. Даналық дегенің-жеті жасардан бастап жетпістегілерге дейін ортақ қажеттілік. Онсыз өмір мәнді емес. Жаңа заманның жастары қалай қарайды? «Кеше сүйіп қосылған едік. Бүгін ұнатпай қалдым» сөзі балалықтан емес, барып тұрған қадірсіздікті көрсетеді.

Бедеулік мәселесі барлық елдерге тән құбылыс. Қазір елімізде отбасылардың 15-20 пайызы осындай жағдайға душар болған. Бедеуліктің басты екі себебі бар. Бірінші - ол экология. Адам қиындықты қолдан жасайды. Қазір ғылыми-техникалық үрдістердің дамып жатқан кезі. Ал одан бөлініп жатқан химиялық заттарды ауамен бірге жұтамыз. Күнделікті тағамда да химиялық заттар толы. Осының салдарынан адам ағзасында гендер өзгеріске ұшырайды. Ал екінші себеп ол - қазіргі сексуалды революция. Ерте жыныстық қатынастар, кездейсоқ жыныстық қатынастар. Солардың себебінен болатын қабыну процестері әйелде де еркекте де кездесіп жатыр. Соның себебінен екеуінде де ұрық азаяды. Оның сапасы төмендейді. Мысалы әйелдер бала көтермес үшін, соны тежеу үшін неше түрлі дәрілер қабылдайды. Соның барлығы да өзінің кері әсерін тигізеді. Кім кінәлі? Қазіргі кезде бедеулік еркектер мен әйелдер арасында бірдей тараған десе де болады. 50-60 пайызында әйелдер, 50-60 пайызында еркектер кінәлі. Байқамай жүкті болып қалған жас қыздар кейде аборт жасатуға мәжбүр болады, ал алғашқы жасал-ған аборттар көбінесе бедеулікке әкеп соғатынын ұмытпаған жөн. Медицинаның өркениетті жетіс-тіктерін көздерімен көре тұра, жас келіншектер мен әйелдердің заңсыз абортқа баруларының себебін түсіну қиын. Бәрі оқыған, көзі ашық, көкірегі ояу. Дегенмен, осылай өздеріне-өздері жауапсыз қараудың салдарынан отбасында жанжал туындап, некенің бұзылуына тірелетін кездер де кездеседі.

Қақтығысты отбасылар, ата-ана, бала қатынасының бұзылуы, отбасындағы жанжал мен орынсыз дау-дамайлар бала пси­хикасына әсер етеді, жанұядағы түсініспеушілік баланың бойында орнықсыз эмоциялық жайттарды тудырады. Суицидиалды әрекет әлеуметтік жағдайы жоғары от­басында да кездеседі. Негізінен, жет­кіншектер қай жағынан бол­сын әлсіз сипатта болады, олардың бойында әлеуметтік маргинализм кездеседі. Өйткені олар әлі есейіп үлгерген жоқ, жасөспірімдер не­месе жеткіншектер көп жағдайды терең түсіне алмай, күйзелісті жағ­дайға барады. Олардың бойында құндылықтар жүйесі әлсіз болады да, антисуицидиалды факторлар іске қосылмайды. Тәрбиедегі жа­ғым­сыз әрекеттер әлсіз қар­сы­лық­ты күшейтеді де, ата-ана тара­пынан болатын әртүрлі жазалар баланың көңіл күйінде эмоциялық орнықсыздықты тудырады, олар содан келіп өмірлік қиындықтарды көтере алмайды. Жасөспірімдердің өзіне-өзі қол салуына толық емес отба­сын­дағы жағдайлар да ықпал етеді. Өгей әке немесе өгей шешенің де мінез-құлқын бала іштей қабылдай алмайды. Суицидиалды іс-әре­кет­ке сонымен қатар бала күнінде алған ми жарақаттарының әсерінен де (физиологиялық факторлар) барады. Дисгармониялық дамуы бар ба­ла­ларда көркем әдебиеттегі оқиғалар мен өмірдегі шынайылықты қа­былдауда алшақтық болады. Біз бұл орайда жеткіншектердің өзіндік психологиялық ерекше­лік­теріне барынша назар ау­да­руымыз керек. Олардың бойында ұял­шақ­тық пен агрессиялы мінез-құлық, жастық максимализм, шек­тен тыс мазасыздану, шамасы келмесе де «өзім білеміндікке» ұмтылу тән болып келеді.

Соңғы жылдары елімізде адамдардың өз-өзіне қол салу әрекеттері жиі орын алуда. Көпшілікті алаңдатып отырған «суицид» деп аталатын осы дерттің мектеп оқушыларын да жағалауы дабыл қағарлық жағдай. Өз-өзіне қол жұмсаудың көбейуін көпшілік қауым, әлемдегі әлеуметтік- экономикалық дағдарыспен байланыстырады. Сонымен қоса өз-өзіне қол жұмсауға әкелетін және жол бермейтін, олардың санының өсуін немесе төмендеудің себептері мен факторларын ажырата білу керек. Өз-өзіне қол жұмсаудың (суицид) себептері көп түрлі, бірақ әрқайсысы жеке және кешенді. Бұл ең басты психикалық жарақат, ол объективті түрде ауыр болады (мысалы, жақынның өлімі, ауыр наукас және т.б.) немесе субъекті түрде жан күйзелісі: бақытсыз махаббат, қорлау, дене бітіміндегі дефект, зорлау, өмір ұстанымның ауысуы, жұмыстан босатылуы, зейнеткерлікке шығуы, карьераның бұзылуы және тағы да басқасы адамның жеке басына байланысты, оның құндылықты ұстанымдар мен басымдық жүесімен. Халқымыздың келешегі саналатын жап-жас өрендеріміздің осындай бір дертке шалдыққаны бүгінгі қоғамның ең басты проблемасы десек, артық айтқандық емес. Тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл дүние жүзінде өзін-өзі мерт ету оқиғалары соңғы жарты ғасырда көптеп орын алып отырғандығы рас. Статистика бойынша, әлемде жыл сайын шамамен бір миллиондай адам өз-өзіне қол жұмсап, 20 миллиондай адам өзін-өзі өлтіруге әрекет жасайтын көрінеді. Тіпті, әр 40 секунд сайын бір кісі өз жанын өзі қиюда деген дерек те бар. Ал Қазақстан өкінішке орай, өзін-өзі өлтірушілердің жалпы саны жағынан әлемде үшінші орынға, тіпті қыз балалар жағынан бірінші орынға шыққан.

Отбасының бүгінгі таңдағы әлеуметтік-экономикалық проблемаларының ішіндегі көкейкесті, өміршеңдігін жоймайтын әлеуметтік мәселелерінің бірі- жұмыссыздық. Жұмыссыздық көрсеткіші елде төмендеп келеді, дегенмен, бұл да әлі толық шешімін таппаған проблема.

Жұмыссыздықтың салдарынан күнкөрiстiң қиындауы шаңырақтағы проблеманы одан әрi ширықтыра түседi. Осындай жағдайда отбасын асырау, әсiресе тұрақты жұмысы немесе арнайы мамандығы жоқ адамдарға қиын тиедi. Жұмыссыздық мәселесі жас отбасыларының арасында кең таралған. Қазіргі кезең әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік қызметтер үшін жаңа посткеңістікте пайда болған жастардың санаты – жас жұмыссыздарға ерекше назар аударуды қажет етеді. Әлеуметтік жұмыстың бұл бағытының көкейкестілігі бірнеше жағдайларға байланысты туындап отыр. Біріншіден, барлық ТМД елдері сияқты еліміз үшін жұмыссыздық құбылысының жаңа әлеуметтік-экономикалық феномен екендігі. Екіншіден, жастардың еңбек нарығындағы жағдайларының ерекшеліктеріне байланысты. Үшіншіден, жұмыссыздық жағдайында қалаған жас адамдардың әлеуметтік –экономикалық сезінулерінің ерекшеліктері. Жұмыссыздық әлеуметтік – экономикалық құбылыс ретінде бұл еңбекке қабілетті және еңбек еткісі келетін халықтың қоғамдық өндіріске тартылмауы.

Көптеген жас жұмыссыздардың алдында күрделі әлеуметтік-психологиялық проблемалар да туындайды. Зерттеушілердің айтуынша, жұмыссыздықтың теріс салдарларының ішінде өзін-өзі нашар сезінуі, теріс эмоционалды жағдайлар, алкоголизм, өзін-өзі өлтірудің (суицид) көбеюі орын алған. Жұмыссыздық және ауыру мен өлім деңгейі арасында байланыс байқалған.

Жұмыссыз деп еңбекке жарамды, бірақ істейтін жұмысы мен табатын табысы жоқ, өзіне лайықты жұмыс іздеп тиісті орында тіркелген; жұмыс іздеп жүрген және оған кірісуге әзір; өзіне лайықты жұмыс іздеу барысында тіркелген 10 күн ішінде жұмысқа орналаса алмаған азаматтар танылады. Кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өткір проблемалары болып табылатын кедейшілікті болдырмау жолында күрес жүргізу, бүгінгі таңда біздің елімізде халықтың кедейшіліктен құтқару мақсатында әлеуметтік-экономикалық шаралар жаппай жүзеге асырылуда. Жұмыссыздар қатарында кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарының көбісі, сонымен бірге бірнеше мүшелері жұмыс істемейтін отбасылары да бар. Жұмыссыздар отбасына әлеуметтік көмек көрсету үшін мыналар теңестіріледі:

1. Толығымен жұмыссыз отбасылар тобы құрайды;

2. Ішінара жұмыссыз отбасылар.

Жұмыссыз отбасылардың негізгі проблемалары:

- Материалдық – жалдамалы жұмыс істейтін адамдар үшін негізгі, ал көбінесе өзінің отбасын тамақпен, киіммен, тұрғын жаймен қамтамасыз етудің жалғыз ғана жолы;

- Бос уақыттық –бос уақытын өткізу, мәдени шараларға бару, спортпен айналысу, балаларға түрлі үйірмелер мен секцияларға қатысу;

- Ұзақ уақыт жұмыссыздық кезінде жазғы кезеңді өткізу проблемасы туындайды;

- Отбасындағы психологиялық хал-ақуалдың нашарлауы, жанжалдың көбеюі, отбасы мүшелерінің арасындағы үйлесімсіздік;

- Психологиялық, соматикалық, адамгершілік сипаттағы жеке проблемалардың көбеюі;

- Бала тәрбиесіне қатысты, шаршап шалдығу мен жүйке тартылуға байланысты проблемалар;

Жұмыссыз отбасылармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүргізудің негізгі бағыттары:

- Жұмыссыз отбасыларын әшкерелеу, оларды сыртынан қадағалау, олардың жай-күйі мен сұранысын зерделеу. Мұндай отбасын талдау үшін мәліметтер керек: отбасы мүшелерінің, соның ішінде балалардың саны; ата-аналар мен балалардың жынысы мен жасы; отбасының материалдық жағдайы; отбасындағы жұмыссыздардың саны; жұмыссыз болу кезеңі, оның себептері; тұрғын үй жағдайы; ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынас; балалар мен ата-аналардың денсаулық жағдайы; бала кезінен науқас, мүгедектердің саны; жұмыссыздың білім деңгейі; жұмыссыздың мамандығы, оның еңбек өтілімі, балалардың оқитын және қандай оқу орнында оқитыны жайлы мәлімет; олардың оқу үлгерімі; оқымайтын және жұмыс істемейтін балаларының бар жоқтығы, оның себептері; отбасы мүшелерінің әлеуметтік үйлеспейтін қылықтары, оның типтері; жазғы демалыстарын өткізу мүмкіндіктері; отбасын қызықтыратын мәселелер шеңбері және басқалары.

- Негізгі проблемаларды анықтау, әрбір нақты жағдайда ұсынылуы мүмкін көмектің бағытын жобалау;

- Мейлінше күшті ұйымдастырылған заңды көмек көрсету жұмыссыз және отбасы мүшелерінің мүдделерін қорғау, кеңес беру қызметін көрсету.

- Жұмыссыздар мен отбасы мүшелерін психологиялық көмекпен қамтамасыз ету.

- Балалардың бос уақыты мен демалысын үйымдастыру.

- Жұмыссыздың өзіне, оның отбасы мүшелеріне, соның ішінде кәмелетке толмағандарына жұмысқа орналасуына көмектесу.

- Өзіне-өзі көмектесетін топтар құруға жәрдемдесу.

- Жұмысы барларды да, сол сияқты жұмыссыздарды да оқыту мен қайта дайындау мақсатында курстар, үйірмелер ашуға, таяуда ғана жұмысқа орналасқан адамдарды осындай бірлестіктерге тартуға, жұмыссыздарды қолдау көрсетуге тарту.

- Міндетті материалдық қаражат іздестірумен оны бөліп беру ғана емес, сонымен бірге бизнеспен айналысуға ниет білдіретін балаларды іздестіру болып табылатын балалар қорын құруға және ондай балалардың кәсіби бағдар алуын және әрі қарай оқуын ұйымдастыруға көмектесу.

- Әртүрлі материалдық көмек алуға көмектесу – кәсіпорынның қысқартылуына байланысты компенсация беру, кәсіптік оқыту мен қайта даярлау және біліктілігін жоғарылату курстарында оқитындарға стипендия төлеу, жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы төлеу, еңбекпен қамтамасыз ету қызметі бойынша бір жерден екінші жерге қоныс аударғанда жоғалтқан шығындардың орнын толтыру, тұрғын-жайды пайдалану, коммуналдық қызмет, қоғамдық тамақтандыру үшін дотация беру.

- Ақпараттық-ұйымдық, делдалдық қызмет көрсету.

- Жұмыссыз азаматтар отбасынан шыққан «тәуекел топтағы балаларға» әлеуметтік көмек көрсету, осы отбасыларға қосымша көмек пен жеңілдік алуы үшін аз қамтылған отбасы мәртебесін беруге қатысты зерттеу жүргізу. Мамандардың пiкiрiне сүйенсек, баспана мәселесi де жас жұбайлардың жиi айырылысуына айтарлықтай ықпал етедi екен. Жас шаңырақ иелерiне түрлi жеңiлдiктер жасалғанымен оған бәрiнiң бiрдей қолы жете бермейтiнi ақиқат. Айталық, мемлекеттiк бағдарлама бойынша үй алуға құқылы жұбайлардың жасына белгiлi дәрежеде шектеу қойылған. Яғни талап бойынша ипотекалық тұрғын үйге қол жеткiзгiсi келген жұбайлардың жасы 29-дан аспауы тиiс және балалы болуы шарт. Сонда ғана баспанаға қол жеткiзе алады.

Ал, пәтер алғаннан кейiнгi туындайтын проблема – несие төлеу. Ипотекалық несие алғандардың көпшiлiгi бүгiнде қарыздарынан қалай құтыларын бiлмей бас қатырып жүр. Бұл түйткiл де шаңырақтың шайқалуына түрткi болады. Статистикалық мәлiметтерге сенсек, бiрлiгi жараспаған отбасылардың 60 пайызын әлеуметтiк мәселелерiн шеше алмағандар құрайды.

Отбасылық проблемаларды шешу үшін кез келген мемлекет көп жағдайда бала тууды материалдық ынталандырудың шараларын жүзеге асыруға айрықша қарауы тиіс. Егерде, үй болған жастардың баспанасы болмаса, олардың ұрпақ әкелу, ұрпақ жалғастығынан басқадай бас ауыртатын проблемасы бар деген сөз. Баспана — жастардың ғана емес, көпбалалы отбасыларының да, жалпы, жұмыс іздеп қалаға келген әрбір адамның басындағы проблема. Мысалы, кезінде үшем туған әйелдерге баспана сыйға тартатын атқарушы билік қазір ондай тоқтатты.

1.1 Отбасылық қарым- қатынас: ерекшеліктері, мотивтері, құрылымы

Отбасы - некеден, туыстықтан бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы.[ «Қазақстан Ркспубликасының Неке туралы» Заңы] Отбасы қарым-қатынастарына физиологиялық, психологиялық, әдет-ғұрып және мүліктік аспектілері жатады. Отбасы – жеке тұлғаның дамуы мен тәрбиесіндегі социомәдени орта. Отбасы өскелең ұрпақты қоғамдық өмірге әлеуметтік дайындауда ерекше роль атқаратын социомәдени құбылыс. Онда адам дүниеге келеді және оны отбасының мәдениетін қабылдай отырып сол арқылы қоғамдық өмірге икемденіп қалыптасады. Отбасы мүшелерінің арқасында қарым-қатынас ерекше тиісті міндеттерге негізделеді. Бұларды тәртіп бойынша орындағандар – қоғамның жалғасуына, күшеюіне қызмет еткендер, ал орындамағандар болса олар – қоғамның тәртібін бұзған әлеуметтік тәрбиеден үлгі алмаған бақытсыз жандар. Адам баласының қасиетті борыштары үлкендерге құрмет, кішілерге мейірімділік көрсету. Сондай-ақ адамгершілік және сүйіспеншілік сезімдерін отбасынан үйренеді. Отбасы- сүйіспеншіліктің, инабаттылықтың бастау бұлағы. Адам баласы мұқтаж болған рахатты, шын сүйіспеншілікті, мейірбанды сезімдерін ананың құшағында, әкенің қара шаңырағында табады.

Отбасында жүйелі қызмет қалыптасқан байланыстарға қарай тепе-тең болып келеді. Оның тепе-теңдігі- қимыл-қозғалысты белсенді өзгеруге, жаңартуға дайындығы. Отбасы дамуына әлеуметтік жағдайдың өзгеруі немесе отбасында бір адамның өзгеруі жатады және ол ішкі қатынастарды өзгеріске әкеледі.

Отбасы дағдарысы-отбасы жүйелі қызметінде, ескі мінез құлықты қолдануынан және жаңа жағдайға икемсіздіктен, оны меңгере алмауынан туындайды. Отбасы дағдарысын шамамен екі сызыққа бөліп қарастырса болады:

1. Отбасы құрылымының бұзылуы, мазмұны мен қатынасының бұзылуы, оның өмір сүруге қабілетсіздігі.

2. Отбасы қызметінде жаңа кезеңге өтуге мүмкіндігінің құрастырылуы.

1948жылы отбасы өмірі жайлы, соған арналған конференцияда, Э.Дювалль және Р.Хилл «Отбасындағы өзара қимылдың динамикасы» атты баяндамасында отбасын жүйе динамикасы ретінде оның құрылымын екі заңдылық-гомеостаз және гетеростазды ретінде қарастырды. Гоместаз заңы бойынша сол даму нүктесінде өзінің өзекті жағдайын сақтап қалу. Ал гетеростаз заңы бойынша әрбір кезеңде отбасы өзінің өмірлік циклін өту қажеттігі. Әр кезеңге түсініктеме беруде авторлар Э.Эриксонның идеясына жүгінді. Э.Дювалльдың кезеңдерді шектеуде отбасындағы баланың болуы, оның жас ерекшелігіне қарай шектеледі. Осыған байланысты отбасының өмірлік циклына келесі сипаттар берілді:

1. Қалыптасқан отбасы (0-5жыл)баланың болмауы.

2. Отбасында баланың болуы, үлкен 3жасқа келуі.

3. Отбасында бала-бақша жасында баланың болуы, үлкені 3-6жас.

4. Отбасында мектеп жасындағы баланың болуы, үлкені 6-13жаста.

5. Отбасында жеткіншек жасындағы баланың болуы, үлкені 13-21 жаста.

6. Отбасы балалары өмірге «аттандырылған».

7. Ерлі-зайыптылар жетілген жаста.

8. Кәрілікке жеткен отбасы.

Бұл кезеңдердің пайда болуы бірнеше жетіспейтін жақтардың болуы сипатынан: басқа некеге назар аудармайтыны, өмірге деген сын мен жаңа жолдарды ескермеуінен көрінеді. Соңғы жылдары отбасының өмірлік цикл кезеңдері-психологиялық, әлеуметтік, демографиялық болып бөлінуде. Оның негізі болып эмпирикалык, зерттеулер нэтижелері мен теориялық тұжырымдар, сондай-ақ тәжірибеде кеңес берілуі көрінеді. Отандық психологияда танымал Э.К. Васильева отбасының өмірлік циклын бес кезеңге бөледі.

1. Отбасының құрылуы: некеге тұрғаннан алғашқы сәби дүниеге келгенге дейінгі кезең.

2. Баланың туылуы мен тәрбиеленуі: бір бала болсын, еңбек әрекетіне араласқанға дейінгі кезең.

3. Отбасында тәрбие беру қызметінің аяқталуы: ата - ана қомқорлығынан барлық балалардың кетуі.

4. Ата - ана және баланың біреуінің жеке отбасын құрмай бірге тұруы.

5. Ерлі - зайыптылардың жеке немесе отбасын құрған балаларымен бірге тұруы.

Отбасының өмірлік циклының жүйелі ықпалы туралы Дж. Хейлидің (1973) «Необычная психотерапия» еңбегінде жарық көрді. Ауру белгісінің көрінуі бір кезеңнен екінші кезеңге өту алдында байқалады дейді. Өтпелі кезеңде отбасы мүшелерінің алдында жаңа міндеттер тұрады, олар өзара қатынасын түбегейлі өзгертуге қажетсінуі де мүмкін. Отбасы дамуында жаңа кезеңге өту үшін ұйымдастыру жағынан құрылымдық өзгерісті. бейімделуі мен жаңа бейнені меңгеру қажеттігі туындайды. Отбасы қызметінің өтпелі кезеңнен жаңа тұрақтану кезеңіне ауысуы «қалыпты» белгі болып табылады. Барлық кезеңде отбасы құрылымының басты көрсеткіші жаңа мақсаттарға жету үшін өзгеріске әкелуі болып табылады. Отбасының көбі жаңа жағдайға бейімделіп, қайта кұруға дайын болады. Ол процесс отбасы мүшелерінің жеке тұлғалық жетілуіне әкеледі. Егер бір кезеңде отбасы қайта құрыла алмаса, келесі өмірлік циклда терең деңгейде қиналыста өтетін болады. Отбасы өмірлік циклын зерттеуде қалыпты отбасылық күйзеліс, көбіне қайта бастапқы модель қызметіне айналып келуі («кері кету» механизмі) немесе дамуда тоқталу бір кезеңде («бекіту» механизмі) болуы мүмкін.

Отбасы осы дағдарыс кезеңдерінен өтуде бірталай қобалжудан өтеді. Отбасы дағдарыс жағдайы туралы алынған білімдер эксперименттік зерттеулер нәтижелерінен көрінеді. Плзак өз пікірінде ерлі - зайыптылар қатынасының дамуын екі сынды кезеңге бөлді (Плзак 1973). Бірінші сынды кезең ерлі – зайыптылардың бірге өмір сүруінің 3 жэне 7 жылында кездеседі, ал жағымды ететін жылы - алғашқы жыл. Оған әсер ететін факторлар: арманшыл көніл -күйдің жойылуы, күнделікті тұрмыстық денгейдегі жағдайларға байланысты ерлі -зайыптыларда түрлі жеке көз қарастардың туындауы, бірге келісімге келе алмауы, жай соққылардың қысымынан жағымсыз эмоциялардың пайда болуы. Дағдарыс жағдайы сырткы әсерсіз (ата - ана ықпалы, экономикалық, тұрмыстық) өздігінен туындауы да мүмкін. Екінші сынды кезең ерлі - зайыптылардың бірге өмір сүруінің 17-25 жыл аралығында туындауы мүмкін. Бұл дағдарыс бір жылдан бірнеше жылға созылуы мүмкін. Оның себебі: эмоционалды тұрақсыздықтың көтерілуі, қоркыныштың пайда болуы, жалғыздықты сезінуі. әйеліне деген тәуелділігінің күшеюі, тез қартаюы немесе ер азаматтың тұрақсыздығынан болуы мүмкін. Н. В. Самоукина алғашкы дағдарыстың (5-7 жыл) болуы серіктесіне көзқарасы, яғни алғашқы бейненің өзгеруі, алдымен бір - бірінің алдында психологиялық беделінің төмендеуі болып табылады. Екінші сынды кезеңде (13-18 жыл) ерлі - зайыптылар бір - бірінен психологиялық шаршайды, өмір сүруде жаңа қатынасты, өзгерісті қажет етеді. Бұл кезеңде, әсіресе, ер азаматтар қатты уайымға түседі. Отбасы дағдарысының жеңіл өтетін тұстары еркіндік, дербестік деңгейде жаңа қатынасты бірге іздеуге ниет етсе ғана, шешімін таппақ... Отбасы дағдарыс кезінде бұрынғыдай өмір сүре алмайды, қызметті тепе - теңдікте бөліп қарастыра алмау себептері: жағдайды шешуде таныс шаблонды қолдану, дағдыланған мінез - құлыкты, ескі қалыптасқан моделдің кажеті болмай қалуынан туындайды. Дағдарыс отбасы қызметінің қандай кезеңінде болып жатса да ( жекелік, микро - , макро - , мега жүйе ) басқа жақтарын да қамтиды.

Отбасындағы дағдарыстың микрожүйе деңгейінде көрінуі:

· Тұтастық көрсеткіштерінің бұзылуы: отбасы мүшелерінің аралық шекараларының кішіреюі немесе кеңеюі (сонғы түрі бірігуі, жалпылануы);

· Отбасында ішкі және сырткы шекараларының бұзылуы және жойылуы сондай-ақ үйлесімсіз әрекеттердің ұзақ уақытқа созылуы.

· Отбасы құрылымдык жүйесінде ролдерінің өзгеруі, біртегіс бөлінбеуі.

· Отбасында қақтығыстардың шығуы.

· Иерархиялылықтың (сатының) бұзылуы ( баскаруға таласу);

· Жағымсыз эмоциялар мен сындардың өсуі;

· Отбасы жүйесінде мүшелерінің бір-біріне қанағаттанбауы: көз қарастары жағынан өзін алданып калғандай сезінуі, ұрыс - керіс, балағат сөздер айтылуы;

· Отбасы мүшелерінің кұндылықтарының бұзылуы немесе жаңа тәжірибе жинауға қалыптаспауы;

· Ереженің тапшылығы.

Отбасы дағдарысының макрожүйе деңгейінде көрінуі:

· Отбасылық аныздың белсенділенуі.

· Осы өмірді белсенді тепе-теңдікте сүре алмай, өткен ата-баба өмір сүруі тиімді деп шығаруы;

· Иеарархияның төңкерілуі, отбасы мүшелерінде ішкі және сыртқы шекаралардың жойылуы, отбасылық құрылымның жойылуы;

· Әдет-ғұрыптар мен тұрмыс-тіршілікті бұзу.

· Отбасының калыпты ескі нормаларының тиімсіздігі мен жаңа модельдің қалыптаспауы.

· Отбасы дағдарысының мега жүйе деңгейінде көрінуі:

· Отбасының әлеуметтік ортадан шектелуі;

· Отбасының әлеуметтік ортаға бейімделе алмауы;

· Қоршаған ортамен кақтығысы.

Отбасы дағдарысының өзекті мәселелері шектеле келе, әлсіздеу бір отбасы мүшесінен «сақтаушы» болып байқалады. Ол кішкентай бала немесе зейнеткер адам болуы мүмкін. Осы жағдайда ауру белгісі (симптом) мінез-кұлықтағы ескі көзқарас пен өзара қатынасты байкатады. Ауру белгісін көрсететін адам, сақтаушы «теңестірілген ауру адам» деп аталады. Отбасы жүйесін теориялық ықпалда зерттеушілер отбасында ауру белгісінің көрінуі, ол отбасы кажеттілігінің метафорасы деп атайды. Ауру белгісіндегі мінез - құлық сипатын төмендегідей бөліп карастыруга болады (Борисовская О. Б., 1998; Эйдемиллер Э. Г., ЮстицкЙс В. В., 2000; Эйдемиллер Э. Г., Добряков И. В., Никольская И. М., 2003):

· Отбасы мүшелерінің салыстырмалы түрде күшті әсер етуі;

· Ауру белгідегі адамда көрінетін мінез — құлық ырықсыз, яғни теңестірілген ауру адам бақылау жасауға көнбейді;

· Осы ауру белгідегі мінез - құлық жағдайы отбасының басқа мүшелеріне ыңғайлы болуы мүмкін;

· Ауру белгідегі мінез - қүлык отбасы мүшелерінін баска психологиялық мәселелерден қашуын көрсетеді, оны белсендіру отбасы жүйесін бұзылуға әкелуі мүмкін, сондықтан да ол тұрақтылықты ұстап отыруға қызмет етеді.

К. Имелинский пікірінше ерлі - зайыптыларда үйлесімнің жойылуы, адамның жаңа әсерді іздеуінен туындайды. Ол адамның түрлі әрекетінде көрінеді. Әсіресе жыныстық аймағында серіктес іздеу, оның мәні жеке адам қасиетінде жаңа байланыс, қабілет өзін көрсету деңгейімен қатар, басқа сенімсіздік, енжарлық касиеттерді жеңуге бағытталады. К. Витакер опасыздықты «сыртқы түрдегі психотерапевтік» деп қарастырды. Ерлі-зайыптылардагы опасыздық диадада қалыптасуы отбасына бүтіндей әсерін тигізеді. Ерлі -зайыптыларда құрылым бұзылып қана коймайды, отбасында иерархия ауыстырылып, қарым - қатынас күрделенеді. Опасыздық екі көзқараста қарастырылады. Дәстүрлі опасыздық-қауіпті, ерлі - зайыптылардың жағдайы бұзылады, екінші жағынан, біреуінің өмірден кетейін деп ауырып жатқанда өзара қатынасына қолдау көрсетуі. В. Бамберридің ойынша, ерлі -зайыптылардың опасыздығы бөгетке келіп тірелу немесе қатынастың біткенін білдіреді (Витакер К., Бамберри В., 1997). Отбасында ажырасудың көп кездесуі алғашкы жеті жыл өмір сүруде байқалады. Бұл көп уакытқа созылған эмоционалды қатынасқа қанағаттанбау, бір - бірінің алдында беделінің түсуі, сондықтан тәуелсіздікті қажет етуі. Ажырасудың күрделі өтетін төмендегідей сатылары бар. Алғашқы әрекеті сатқындық немесе ажырасу туралы - ол мойындамау жағдайы. Адам екінші адаммен қатынасқа тусуде көп психикалык күшті, сонымен қатар сезім, уақыт, ақша жоғалтады. Сондықтан болған окиғаны қабылдауы қиындык туғызады. Бұл эмоционалды ажырасу. Одан кейінгі ашу - ызалы кезең, санада сатқындық ұғымы күшейіп адамдар қорғанып, соны жасаған адамға деген ашу - ызасы көтеріледі. Кек алу қатынасы басталады. Бұл қатынасқа балалары, туыстары, отбасы, достары қатысады. Серіктесті жазғыра ойға сиятын және сыймайтын күнәлармен жазалайды. Келесі - өте күрделі келіссөз кезеңі. Осы кезеңде отбасын сақтап калуға некені, жойылған қатынастарды қайта жасауға жағдай қарастырылады. Әйелдер некені сақтау үшін әдейі жүкті болады немесе тағы бір перзентті өмірге әкеледі. Егер бұл жағдай нәтиже бермесе, онда депрессия кезеңі басталады. Егер адамды сәтсіздік сезімі билесе, сенім білдіру жойылады, адамдардан шеттеп қашады, өзін бағалау деңгейі төмендейді. Алтыншы бейімделу кезеңі, адам ажырасқанда бүтін болмаса да, жартылай отбасының қалатынын түсінетін болады. Бұл ғылымда психологиялық ажырасу деп те аталады. Ажырасу кезеңдерін моделдеуді, жоғалтқанына уайымдауды ұсынған Э. Кюблер - Росс. Оның пікірінше, жаңа жағдайға қарай өмір сүру және балаларға қолдау көрсету керектігі өмір жалғасын табатыны түсінікті болады: жаңа дос табады; жалғыз қонаққа, кештерге бару; материалды, тұрмыстық, техникалық сұрақтарды шешеді; жыныстық қатынасқа деген көзқарасы өзгереді. Ажырасқан адам сынған өмірін кайта бүтіндеуге талпыныс білдіреді. С. Дактың ұсынған моделі бойынша ажырасудағы эмоционалды қатынастың төрт фазасы: интрапсихикалык, диадалык, әлеуметтік және «жөндеу» ( Гозман Л. Я., 1987) анықтауға болады.

Эмоционалды ажырасуды білдіретін концепцияны ұсынған Дж. А. Ли, онда келесі фазалар қарастырылады:

1. Қанағаттанбауды саналы сезіну.

2. Қанағаттанбауды білдіру.

3. Келіссөзге келу.

4. Шешім қабылдау.

5. Қарым - қатынасты трансформациялау.

Әйелдер де, еркектер де ажырасқанға дейін әлеуметтік белсенді өмір сүрсе, онда кайта жаңа қатынасқа түсу мен жаңа отбасы моделін кұруға икемді келетін болады. Белгілі топ өкілдері ажырасу зардабын он жылға дейін тартады. Ажырасу ерлі - зайыптылардың біреуіне мәнді жеңілдік әкеле отырып, жаңаша өмір сүруге мүмкіндік береді. Ажырасу процесі тек ерлі - зайыптыларға ғана емес балаларға да әсерін тигізеді. Ажырасудан кейінгі бейімделу процесінің шарттылығы үш фазаға бөлінеді:

· Алғашкы өткір фаза, оның уақыты екі жылға созылады. Бұл дене және эмоционалды бөлектену. Ерлі-зайыптылардың біреуі балаларымен бірге болады.

· Екінші – аралық фазасы. Үлкендер бір - бірінсіз өз өмірлерін сүреді, онда жеңіс пен жеңілісті бастан кешіреді. Балаларда біртіндеп жексенбі күнгі әке немесе анасында жаңа достар ер азаматтан пайда болады.

· Үшінші фаза - жаңа өмір сүру стилін меңгеру. Қайта күйеуге тигенде әсіресе, өгей әке мен ер балаға қиын тиеді. Себебі жыныстық сәйкестік жағдайы жақсы болғанмен, балалармен қатынасы күрделенуі мүмкін. Балаларға асыранды, бөгде адам ретінде қабылданып, олар «менің әкем болса еш уақытта мұндай істемес еді» деп салыстырып отыратын болады. Қайта отбасын кұру ересектерге тұрақтылық, қанағаттануға әкелгенімен балаларда баяу өтетін процесс.

Жалпы, отбасында дағдарыс жағдайы белгісінің басты көрсеткіштері:

· Отбасы дағдарыс жағдайы.

· Отбасы мүшелерінің болып жатқан жағдайды түсінуі және қабылдауы.

· Отбасы мүшелерінің болған жағдайға көзқарасы, қабылдауы.

· Отбасы мүшелерінің өзгеруі.

· Жекелік жэне отбасылык жағдайды дағдарыстан шығару мүмкіндігі.

Жалпы, ерлі - зайыптылардың көзқарастарында өмірдің түрлі аспектілері жөнінде ұқсастық көп болса, соғұрлым олардың некелері берік әрі табысты болмақ. Зерттеулерге жүгінсек, ажырасқан отбасында ата - ана мінез - құлығы өзгеретіні салыстырмалы түрде анықталған. Ажырасқан ата - ананың балалары ерте есейеді, өз үйлерін ерте тастап, өз отбасын кұрып, балалы болуға асығады. Ал ата - анасына деген қатынастары салқын, бөлектену бейім және депрессиялық жағдайға тез түсетін болады. Әрине, бұл кесін орташа, көптеген ажырасудан кейінгі күрделі әрекеттер кездесіп жатады. Ол өмір сүру сапасына, материалдық жағдайына, үлкендер жағынан көңіл бөліну мен отбасы мүшелеріне де байланысты. Балалар үлкен эмоционалды соққыны жайсыз жағдайдан аддын ала хабарсыз болудан алады. Олар тек біржақты көзкараста болып, болашактағы «өгей» ата - анасын жау және сатқындық сезімде көреді. Соққы тәжірибесінен бала эмоционалды қатынастың маңызын түсінеді. Ажырасудан кейінгі депрессия күрделі, созылмауы болуы мүмкін, себебі, адам өзін жақыны өмірден өткеннен де күрделі, киын сезінетін болады. Ажырасудың салдары тек ерлі - зайыптыларға ғана емес, балаларға да әсерін тигізетіні белгілі. Сондыктан да ең дұрысы ажырасудың алдын алу, ал оның ен тиімді жолы - дағдарыстардың дер кезінде оңтайлы шешімін тауып, тиісті коррекциялық амалдарды жүргізу.

Еліміз егемендік алып, дербес мемлекет ретіндегі дамуы қоғамның болашақ ұрпақтарын ұлттық дербес ерекшеліктермен тәрбиелеуді қажет етеді. Тәуелсіз қазақ елі үшін бүгінгі күні ұрпақтың дені сау, жүйкесі таза, саналы болған абзал. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы осыларға байланысты. Болашақ ұрпақтың тәрбиелі, мәдениетті, білімді болуы ең алдымен ата-анадан, отбасы ошаққасынан басталады. Отбасы ең негізгі және өте ертеде пайда болған алғашқы бірлестік.

Жалпы отбасын екі тұрғыдан қарастыруға болады:

1. Әлеуметтік топ- (әлеуметтік психологиялық, әлеуметтік эмоционалдық); Мұнда жұбайлар арасында тұлғалық ерекшеліктерге негізделген және отбасыішілік қатынастың ерекшеліктеріне қатысты қақтығыстар болады.

2. Әлеуметтік институт - топтық қарым-қатынастың әлеуметтік тұрғыдан қарастырылуы (инструменталды); жұбайлардың қарым-қатынасына әсер ететін ортаның объективті-субъективті әсерлері, ал күнделікті өмірде сыртқы және ішкі себептерін ажырату қиынға соғады.

Адамдар некелеспес бұрын өздерінің қиялдарындағы болашақ күйеу немесе әйелдің белгілі бір идеалын құрып алады. Ондай бейнелер ата-аналардың тәжірибесінең достарының әңгімелерінеи, оқылған кітаптардан, кинофильмдерден және т.б. ақпарат көздерінен алынады. Әдетте, осы бейнелер шынайы өмірде «таңдалған адамға» сәйкес келмесе өмірден түңіледі.

Отбасы қақтығыстарын зерттемес бұрын олардың себептері: отбасының материалдық жағдайының күрт төмендеуі, жұбайлардың біреуі немесе екеуінің жұмысқа көп уақыт бөлуі, узақ уақыт баспананың болмауы, балаларды балабақшаға орналастыра алмауы және т.б.жатады.

Зерттеу бойынша, қақтығыстардың 80-85% отбасылық кикілжің себептерінен, ал қалған 10-20% басқа әртүрлі себептерден болады. Отбасы қақтығыстары басқа қақтығыстарға қарағанда ерекшелігі: отбасы мүшелерінің әрқайсысының әлеуметтік және психикалық денсаулығына әсерін тигізеді. Ал рөлдік қақтығыстар басымдылығына байланысты болады. Мысалы, «Үйде кім қожайын?» Егер жұбайлардың екеуі де қожайын болу үшін күрес жүргізілсе, онда үйдегі қақтығыстан арылу қиынға соғады. Жұбайлардың отбасылық міндеттерін атқарғысы келмеуі және атқара алмауы тағы себеп болады. Кейбір жұбайлар бала туумен байланысты өздеріне «әке» және «ана» рөлдерін қабылдау керек, ол үшін олар моралдық және физикалық күштерін жинақтауы керек. Толық емес және отбасынан тыс тәрбиеленген адамдарға өздеріне отбасы құру қиын болады. Егер де жұбайлардың біреуі немесе екеуі де өзіндік «Мен» актуапизациясының қанағаттандырылмағанынан наразы болса, қолдамаса - онда отбасында қақтығыс туындайды. Бұл жұбайлардың өзімшілдік қасиетіне байланысты емес, кейбір қақтығыстар жұбайларды жақындастырып, олардың қарым-қатынастарын нығайтады. Қайткенмен де ең жақсысы - қақтығыстардың алдын алу.

Жалпы отбасы екі көрсеткіштен құрылады: махаббат және есеп бойынша. Зерттеушілердің айтуынша, махаббатқа негізделген отбасы 70-75% екен. Олардың жартысы бірінші отбасылық дағдарыста (1 жыл) бұзылады, екіншіден, келесі бес жыл ішінде бұзылады екен. Маркс Люшердің айтуынша: «Нағыз махаббат- өнер, ол басқалар секілді уақытпен тексеріліп, жаттығуы тиіс. Одан басқа жұбайлардың әрқайсысы өзіне отбасылық өмірге бағыт-бағдар мен басқа адаммен іргелес өмір сүруге қабілетті болу керек».

Отбасындағы қақтығыстардың өзіндік ерекшеліктері болады:

1. Отбасылық қақтығыстардың ерекшеліктері отбасындағы қарым-қатынастарға негізделген. Олардың мазмұны тұлғааралық қарым-қатынастарында (махаббат, туыстық қатынас), отбасылық қызметтердің орындалуына репродуктивтік, экономикалық, шаруашылық, тәрбие, рекриативті (өзара кемек көрсету, денсаулық сақтау, демалыс ұйымдастыру және т.б.) байланысты құқықтық және моралдық міндеттерді атқаруымен сипатталады.

2. Отбасылық қақтығыстардың тағы бір ерекшелігі - ол басқа қақтығыстарға қарағанда өзіндік динамикасымен және қақтығыс дамуының сатыларымен ерекшеленеді. Жалпы отбасы қақтығыстары классикалық даму сатыларынан өтеді (қақтығыстың пайда болуы, оны саналы түсіну, оған қарсы тұру, оның ашық түрде дамуы, қақтығыстың шешілуі және одан кейінгі эмоционалды куйзеліс). Бірақ ондай қақтығыстар басқаларына қарағанда өзіндік даму сатыларынан жылдам ауысуы (ұрыс, кикілжің, келіспеушілік және т.б.), жоғарғы эмоционалдықпен және шешілу жолдарымен (достасу, келісу, ажырасу және т.б.) ерекшеленеді.

3. Нәтижесі ауыр әлеуметтік із қалдырады. Кейбіреулері жұбайлар үшін қаза болумен де аяқталады. Олардың нәтижесі отбасы мүшелері үшін психологиялық ауруға әкеліп соғады. Осындай қақтығыстардың ауыртпалығын балалар көреді.

Қақтығыс - бұл ойларының (көзқарастардың, бағалауы және т.б.) және мотивтерінің (қажеттілік, қызығушылық, мақсаты, идеал және т.б) қарама-қайшылыққа келген әлеуметтік ортадағы субъектілер арасындағы қарым-қатынас. Қақтығыс - қоғамдық өмірде пайда болатын әлеуметтік процесс. Қақтығыс - саналы әрекет арқылы жүзеге асады және оны қоғамдық өмірде адамдар арасындағы болатын әлеуметтік жүйе, процесс және қарым-қатынас формасы деп қабылдауымыз керек. Қақтығыс- кез келген әлеуметтік келіспеушілік, яғни қоғамдық қатынастардың шынайы түрдегі кепілі.

Отбасы қақтығыстарының конструктивті және эмоционалды пайда болу себептерін, яғни қақтығыс объектісін анықтау қиын. Оларды шешу үшін, оның негізгі шынайы себебінің басын ашу керек. Жалпы қақтығыс себептері екіге бөлінеді: эмоционалды және эмсционалды емес. Эмоционалды себептерден пайда болатын қақтығыстарды ерлі-зайыптылар шеше алмайды, оларға көп жағдайда олардың жолдастары, туыстары және т.б. араша адам көмектесе алады.


Кесте 2. Отбасы қақтығыстарының құрылымы

Негізгі құрылым

Қақтығыс типтері

Негізгі себептер

1

Қақтығыс себептері

Жұбайлар арасындағы қақтығыс

Отбасы қақтығыстарының барлық аспектілері

Балалар мен ата-ана арасындағы қақтығыс

Балаларды тәрбиелеудегі ригидтілік, балалардың жас ерекшелік дағдарысы, тұлғалық факторлар

Туыстар арасындағы қақтығыс.

Туыстардың авторитарлық кірісуі

2

Қақтығыстың қайнар көзі

Құндылыққа негізделген қақтығыстар

Көзқарастардың сәйкессіздігі

Позитивті қақтығыстар

Отбасындағы лидерлік үшін күрес, мүшелікте «Менді» қанағаттандырмау

Сексуалды қақтығыстар

Психосексуалды сәйкессіздік

Эмоционалды қақтығыс

Жағымды эмоцияның жоқтығы (сүйіспеншілік, мейірім, түсінушілік т.б.)

Экономикалық-шаруашылық қақтығыс

Жұбайлардың үй шарушылығын жүргізудегі көзқарастардың сәйкессіздігі және оған дұрыс араласпауы

3

Қақтығыстағы мінез-құлық

«Ашық» түрдегі қақтығыс

Отбасы мүшелерінің индивидуалды-психологиялық ерекшеліктері, алған тәрбиесі, қақтығыс себебінің мазмұны.

Жасырын түрдегі қақтығыс (тұйықтық, сөйлеспеу және т.б.)

Отбасы мүшелерінің индивидуалды-психологиялық ерекшеліктері, алған тәрбиесі, қақтығыс себебінің мазмұны

Дерек көзі:

Отбасы қақтығыстары өзіндік себептермен ерекшеленеді. Олардың ең негізгісі:

· Отбасы мүшелерінің өзіндік жетілдірілуі, іс-әрекетінің тәуелсіздігінің шектеулілігі;

· Бір немесе бірнеше отбасы мүшелерінің девиантты мінез-құлық керсетуі (алкоголизм, наркомания, және т.б.);

· Жалпы отбасындағы мүшелер арасындағы авторитарлы қарым-қатынас стилі;

· Шешімі жоқ материалдық қиындықтардың болуы;

· Жұбайлар арасына туыстардың авторитарлы кірісуі;

· Сексуалды дисгармония және т.б

Отбасылық қақтығыс себептері болып табылады: қанағаттандырылмаған қажеттілік; көзқарастардың және қызығушылықтардың, дүниетанымның, езіндік ерекшелік пен мінездерінің сәйкессіздігі. Жұбайлар негізінен некелеседі: еркек пен әйелдің өзіндік жетілдіруі, «әке» және «ана» болу қажеттілігі, сексуалды қатынасқа түсу, жағымды эмоция алу үшін бірге «демалыс» ұйымдастыру және т.б. Осы негізгі талаптар орындалмаса, жұбайлардың біреуі немесе екеуі де өз қажеттіліктерін қанағаттандырмаса - қақтығыс болуы ықтимал.

Кесте 3. Кез келген қақтығыстардың даму сатысы

Қақтығыс фазалары

Сатысы

Қақтығыстың шешілу мүмкіндіктері %

Бастапқа фаза

Қақтығыстың пайда болуы, дамуы. Қақтығыс жағдаятын саналы түрде түсіну

92%

«Көтерілу» фазасы

Қақтығысты «ашық» түрде көрсету

46%

Қақтығыстың шыңы

«Ашық» қақтығыстың дамуы

5%-дан төмен

Төмендеу фазасы

-

20%-ға дейін

Дерек көзі: Қарағанды Университетінің хабаршысы Психология сериясы

Эмоционалды емес отбасылық қақтығыстарды шешу:

1. Кез келген қақтығыста өзіне және қарсыласына сыйластық сезімін көрсету;

2. Қақтығыста өз қарсыласын тану, өзін орнына қою және ол секілді әрекет ету;

3. Отбасының әр мүшесі өз міндетін білу керек;

4. «Үйде кім қожайын?» деген сұраққа байланысты туған қақтығысты шешу: а) отбасында туған әрбір сұраққа бірлесе шешім табу; б)осындай сұрақтарға көңіл бөлмеген жағдайда үйдегі лидер табиғи жолмен өзі табыла қалады; в) «басшы» болатын жерлерді бөліп тастау;

5. Жұмыстағы жән т.б.жердегі қақтығыстарды, стресті үйге «әкелмеу»;

6. Ұсақ кемшіліктерге мән бермеу; ең бастысы ол адамның артықшылықтары;

7. «Жолдасының» сізге деген «көзге шөп салу» сезімінен арылу керек және бір-біріне адал болу керек;

8. Қақтығыста ымыраға және өзара келісімге келу керек;

9. Есте ұстау керек: күлкі, қалжың, сықақ, жылы сөз, көңіл бөлу және жылы сөзімді көрсету кез келген қақтығысты шиеленістіреді;

10. Ең бастысы «мен» және «сеннен» «бізге» көшу керек;

Отбасы жүйесін бірыңғай білім беру деңгейі ретінде қарастыруға болады, себебі оның өз алдына құрылымы мен қасиеті бар. Оған енетін белгілер:

· өзара тәуелділік: жүйеде жеке элементтердің өзара әсері;

· холизм: жүйедегі жеке элементтер біріге отырып, бүтіндік сипатқа еніп, алғашқы жекелік сипаттан жаңа қасиетті меңгереді;

· құрылымдық ұйымдастыру: құрылымдық элементтердің алғашқы басымдылық шамасына — отбасы құрылымы, рөлдері, отбасыішілік қатынас бірлігі кіреді;

· арнайы ішкі процестер (циркулярлы, спираль тәрізді, үздіксіздігі);

· динамикалы немесе дамуға қабілеттілігі;

· өзіндік ұйымдастыру қабілеті: бүтіндік сипатта қалу талпынысы, отбасыішілік күштің болуы;

· гомеостаз және даму диалектикасы.

Сонымен қатар, бүкіл әлем­дегі секілді, отбасы институты қазіргі таңда біздің елде де дағ­дарысты кезеңді бастан кешуде. Толық емес отбасылар мен неке­сіз туылған бала­лардың саны азаятын емес, өйткені азамат­тар­дың, әсіресе жастардың елеулі бөлігі шет елдер өмір салтына еліктеп, заңды некеге тұрмай өмір сүреді. Бұл үрдістер көп жағ­дайда зорлық-зомбылықтың, қылмыс­тың, аурудың өсуі сияқ­ты жағымсыз әлеуметтік проблемалар белең алуына себепші болып отыр. Қазақстандық отбасылардың әлеуметтік мәселелері біртіндеп жоғарылап келеді. Соңғы жылдардағы әлеуметтік мәселелерінің шешілуін нақты талдау қажет етіліп отыр, оны келесі тараудан көре аласыздар.

2. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОТБАСЫЛАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛДАУДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ТЕХНОЛОГИЯСЫ

2.1 Қазақстандық отбасылардың ажырасу мәселесін талдау

Жағдайы қолайсыз отбасылармен жұмыс - мемлекеттің басты мәселелерінің бірі. Отбасындағы сәтсіздік баланың психикалық дамуындағы кемшіліктерге алып келеді. Мұның бәрі кейін бала мінезінің жеке тұлға болып қалытасуына зор әсерін тигізеді. Сондықтан сәтсіз отбасылар проблемалары – дұрыс шешілуі барлық азаматтардың жағдайына әсер ететін әлеуметтік мәндегі проблемалар.

Отбасылық қалыптан тыс дағдарыс –отбасы өмірлік циклының кез-келген кезеңінде кездесетін дағдарыс, ол өмірдегі жағымсыз жағдайдағы қобалжу. Р.Хилл отбасының дағдарысын үш факторға бөліп қарастырды.

1. Сыртқы қиындық ( жеке тұрғын үй, жұмыстың болмауы );

2. Күтпеген жағдай, стресстер ( отбасы немесе бір мүшесі жол апаты, зорлану т.б.)

3. Ішкі отбасы жағдайын тепе-теңдікте бағалай және жеңе алмауы қақтығысты немесе стрестік сапалардың қарастырылуы (күрделі ауру, өлім, ерлі-зайыптылардың опасыздығы, ажырасуы).

Ажырасу дегеніміз - некені ресми түрде бұзу. Қазіргі кезде бүкіл әлемде ерлі-зайыптылық пен отбасы мәселелеріне баса көңіл бөлу ажырасу деңгейінің жоғарылауына байланысты болып отыр. Өзгеріп отыратын қоғам жағдайында біздің елімізде ажырасу деңгейіне әсер еткен себептер мынадай: әйелдердің кәсіптік қызметке жаппай кірісуі, діннің өз күшін жоғалтуы, халықтың білімділігінің және жалпы мәдениетінің едәуір артуы, соның нәтижесінде некеге деген талаптың көтерілуі, ажырасуға қатысты заң нормаларының әлсіздігі, жыныстық моральдың бұрмалануы. Ірі өнеркәсіп өндірісінің дамуы және осыған байланысты тұрғындардың едәуір бөлігінің ауылдан қалаға қоныс аудару процесі, сондай-ақ отбасын нуклеаризациялау туыстық жүйе мен қоныстанушы қауымның ерлі-зайыптылардың іс-әрекеттерін әлеуметтік бақылауын әлсіретті. Бұл тұрғыдан ерлі-зайыптылардың, әсіресе, мектеп жасына дейінгі жастағы балалары бар отбасылардың достарымен араласу мүмкіндігі өте шектелген. Алайда аталған өзгерістер әр аймақта әр түрлі жүріп отыр. Мысалы, біздің еліміздің тарихи-мәдени ерекшелігі-туыстық, достық, көршілік байланыстардың өте тығыз болып қала беретіндігінде. Ажырасу алдындағы жағдайдың дамуының басы ерлі-зайыптылардың (немесе олардың бірінің) қарым-қатынасқа және жалпы некеге көңілі толмауынан басталады. Бұл жағдай бірнеше сәттен тұрады:

ü Ерлі-зайыптылардың (немесе олардың бірінің) ажырасу туралы шешім қабылдауы;

ü Ерлі-зайыптылық қатынастарды тоқтату;

ü Қоғамға ерлі-зайыптылық қатынастардың жайсыздығы туралы жариялау (ажырасу жөнінде өтініш беру).

Ажырасу себептері: сотта талқылау барысында 1-ші орында мінез-құлқының сәйкессіздігі, 2-орында-жұбайының адалсыздығы тұр. Тағы бір себеп- ішкілікке салыну. Жиі кездесетін себептер: отбасын құруға мүдделі болмау, жыныстық өмірге қанағаттанбаушылық, бір-біріне нашар қарау, қаржы мәселесі бойынша келіспеушілік, қызғану, балалы болмау, аурулар. Өте сирек кездесетін себептер: ерлі-зайыптылардың саяси немесе діни көзқарастарының келіспеуі. Ажырасудың тағы бір маңызды аспектісі оның салдары болып табылады. Жалпы алғанда, ажырасу салдары жөніндегі мәселе толық зерттелмеген. Алайда қолдағы бар мәліметтер, тәуелсіз үш тобын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді: ерлі-зайыптылар үшін, балалар үшін және қоғам үшін. Ажырасудың ерлі-зайыптылар үшін салдарын қарастырсақ, ажырасу алдындағы кезеңнің жарақаттаушы әсерін, ерлі-зайыптылардың жынысына байланысты ажырасуға қатысты әсер етудің түрліше болуын, ажырасудың ішімділікке салыну, психикалық ауытқу, өзін-өзі өлтіру тәрізді бірқатар қоғамдық теріс құбылыстармен тығыз байланысын байқауға болады.

Ата-аналарының ажырасуының балаларына тигізетін әсерін талдау ажырасудың өзі емес, онымен сабақтасқан, ажырасу алдында немесе одан кейін ерлі-зайыптылар арасында болатын келіспеушіліктер, сондай-ақ оның түрі мен ұзақтығы маңызды фактор болып табылатындығын көрсетті. Одан басқа баланың ата-анасымен қарым-қатынас жасау сипаты, баланың ата-анасының ажырасуына дайындығы, балалардың жасы, жынысы, ажырасудан кейін балалармен бірге қалатын ата-ананың жынысы тәрізді ерекшеліктер мен басқа да факторлар маңызды болып табылады. Қоғам үшін ажырасу салдары отбасының екі маңызды функциясының-репродуктивті және тәрбиелеу функцияларының өзгеруімен байланысты. Ажырасқан ерлі-зайыптылардың көпшілігі қайта некеге отырмайды. Ажырасудың отбасылық тәрбиеге тигізетін әсері бірдей емес, себебі әлеуметтік нормалар мен моральдық талаптар бұзылған. Ерлі-зайыптылардың психологиялық келіспеушіліктері салдарынан бұзылған отбасылардың тәрбие беру нәтижесі төмен. Мұндай жағдайда ажырасу тәрбиелеу процесін тиімдірек етуге мүмкіндік береді. Ажырасудың кең тарауы (әсіресе жас отбасылары арасында) жалпы санада ажырасуға деген жаңа қатал емес көзқарасты қалыптастыра отырып, қоғамдық теріс салдарға әкеліп соғады, бұл отбасының тұрақсыздануының қосымша шарты болып табылады. Бүгінде ажырасу көп. Егде жастағылардың ажырасудағы сылтауы жас отаудағы шикі өкпелерден бөлекше. Жас отаудың іргесінің бұзылуына ата мен ененің де кінәсі бар деп есептеледі. Өздерінің жеке отбасы бар басқа жақтағы туыстар екі жастың ісіне жанашырлықпен қатысып жүріп, ең соңында жарықшақты үлкейтіп тынады. Ақырында жетілген эгоизм шарықтау шегіне жеткен кезде жас отау бүлінеді. Сәбилер жетімекке айналады. Бәрінен де қиыны осындай тірі жетімдердің мәселесі. Жетімдерді көбейту мемлекетке де артық салмақ, отбасындағы ата мен ененің жанды жарасы. Ажырасқан ері мен әйелі екі түрлі жағдайды бастан өткереді. Біреуі мұңлы болса, екіншісі қамсыз өмірге ену. Аурушаң сәбиі мен жас келіншегін тастап қойып та шаттыққа бөленіп жүрген санасыздар бар. Тіпті заңды алиментін төлеуге ұяты жетпей қашып жүрген жігітсымақтар қаншама?! Екінші жақтан, көкдолы әйелден запы болған еркек кіндіктілер де жеткілікті. Шаңырақты шайқалтпауға қажетті екінші қамал төркінмен байланысты. «Төркіні жақынның-төсегі жиналмас» екені рас. Басты пәле-сол жақын жердегі барып-келістен туындайды. «Өзің де ақылдысың ғой. Күйеусіз де бір баланы асырау қиын емес» деп, бықсыған шаланы үздіксіз үрлейтін қайын ата мен қайын ененің кесірі талай отауға тиіп жатыр. Қыздардың ақылы жігіттерден кем емес екені рас. «Ажырасудың себебі өте көп. Оған көбіне отбасындағы әлеуметтік мәсе­лелер­дің шешімін таппауы әсер етеді. Яғни жұмыссыздық, тұрмыс-тіршіліктің қиындауы салдарынан күн көру қиынға айналғанда ажырасуды құп көретіндер жиі кездеседі. Кезінде ипотека арқылы несие алғандардың көпшілігі бүгінде қарыздарынан қалай құтыларын білмей дал болып жүр. Ажырасудың бір себебі осыған да байланысты. Бірақ бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы емес екені белгілі. Одан кейінгі орында психологиялық жа­ғы тұр. Арызданушылар мінез-құлқымыз үйлеспеді дегенді айтады. Түсіне білген адам мұның астарында да қаншама мән жатқанын біледі. Одан кейінгі орында зорлық-зомбылық тұр. Бұған ерінің әйеліне күш көрсетуі, ішімдік ішу, себепсіз тиісу секілді жаман әдеттер жатады».

Ажырасу себептерінің 3 тобы көрсетіледі:

1. Тұрмыстық (тұрғын үй жағдайы, жұбайлардың бiреулерiнiң үй шаруашылығын жүргізудің бiлместiгі немесе қаламауы, материалдық тапшылығы, мәжбүрлі бөлек тұруы).

2. Жеке адам аралық келіспеушілік (махаббат және құштарлық сезімін жоғалтуы, дөрекілік, өмірге деген көзқарастың әртүрлілігі, жұбайлардың біреулерінің ауруы, қызғаныш, күдікшілдік).

3. Сыртқы факторлар (опасыздық, жаңа жанұяның немесе ажырасу бастаушысында жаңа сезімнің пайда болуы, ата-ананың және басқа да адамдардың араласуы).

Сонымен бірге қазіргі қоғамда ажырасудың төмендегідей себеп-салдарлары қалыптасқан:

1) жастардың отбасы мәселесiне жеңiл қарауы. Адам жүре жаман болып, көшедегi, телеарнадағы, шетелдегi терiс қылықтарға елiктеп отбасы ойрандалуы мүмкiн.

2) ерлi-зайыптылардың материалдық жағдайының төмендiгi, басыбайлы баспаналарының жоқтығы. Жұмыссыздықтың өрiс алуы.

3) арларында балаларының жоқтығы. Денсаулықтарының төмендiгi, бiр-бiрiне сәйкес келмеуi.

4) бiр-бiрiн танымай жатып ерте некелесу. Жас айырмашылығы. Статистика бойынша, он сегiзде үйленгендер жиi ажырасып жатыр.

5) жастардың жаман қылықтарға әуестенуi. Олар түсiк тастау, iшiмдiкке, нашақорлыққа салыну.

6) өзге адамдардың екi жастың арасына түсуi. отбасы функциясының өзгеруі, атап айтқанда шаруашылық (экономикалық) жағы;

7) айырылысқандарда негативтік стереотиптердің жоқ болуы;

8) тап, діни және ұлттық нанымның босатуы;

9) миграциялық процестердің күшеюі;

10) Урбанизациялық қоғамда өмір стилінің, екпінінің өзгеруі;

11) өмір ұзақтығының өсу шегі;

12) тағы бір себеп-жұбайды таңдағанда әке-шешлердің ықпал жасауының төмендеуі;

13) мемлекет тарапынан жас отбасына қолдау көрсетiлмеуi. Қолдау демекшi, шет елдерде үйленердiң алдында жастарды әбден електен өткiзедi. Яғни, жастар психологиялық жағынан бiр-бiрiне сәйкес келе ме? Олардың денсаулықтары жақсы ма, жұқпалы ауруы жоқ па? Осы тұрғыда арнайы ұйымдар жұмыс жасайды.

Тұрмыс құруға мотивациялық даярлық дегенге мыналар: отбасын құрудың басты себебі ретінде махаббат, дербестікке даярлық, құрылайын деп жатқан отбасына жауапкершілік сезімі және баланы тууға және тәрбиелеуге даярлық кіреді.

2012 жылдың 1 қаңтардан бастап электронды үкімет порталында «Неке бұзуды тіркеуге өтініш беру» деп аталатын жаңа қызмет енгізілді. Бұл қызмет бүкіл Қазақстан аумағында қолданылады. Онлайн режимінде некені бұзу кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі кезінде жүзеге асырылады. Алайда 2008 жылдың 1 маусымынан кейін некеге тіркелген азаматтар ғана ғаламтор арқылы ажыраса алады. Өйткені ақпараттық жүйеде тек осы уақыттан бастап қиылған некелер туралы ғана деректер бар.

Егер неке бұзу кезінде әдеттегі тәртіппен ерлі-зайыптылардың ортақ арызы, олардың жеке бастарын куәландыратын құжаттар, неке туралы куәлік ұсынылса, онда электронды үкімет порталына өтініш берер кезде өз ЖИН-ін енгізіп, өтінішті электронды сандық қолтаңбамен растаса жеткілікті. Азаматтар қате мәліметтер ұсынған жағдайда оларға дәлелді түрде қабыл алынбайды.

Көптеген отбасылар махаббат негізінде құрылатынын естен шығармауымыз тиіс. Социологтардың мәліметтеріне сүйенсек мұндай отбасылардың саны шамамен 70-75% құрайды. Шын, құштарлық сезімсіз «ақыл бойынша» 15-20% отбасылар жастар арасында құрылады. Шамамен 5-10% отбасылар әл-ауқатты құндылықтар бойынша құрылады. ( яғни болашақ ерлі-зайыптылардың біреуі әл-ауқатты – жақсы жабдықталған пәтер, жоғары еңбек ақы, автомобиль және т.б. ие болғанда ).

Күні кеше ғана бірін-бірі сүйіп қосылған адамдар ажырасып, жанжалдасып немесе дүние-мүлік, тұрғын үйге таласып, жаға жыртысып жатады. Бұл заман ағымына байланысты жастар психологиясының өзгеруі немесе шетелдіктерге көп еліктеушілік салдары. Өйткені бұрындары қазақтарда некенің бұзылуы өте сирек кездесетін жағдай болатын. Қазірде ажырасуға бірден-бір себепкер әйелдердің бала тууға қабілетсіздігі, яғни, «бедеулік» республикада жылдан жылға өсуде. Осының салдары шаңырақ шырқының тез бұзылуына итермелейді. Отбасы шырқы бұзылуының тағы бір себеп-салдары – әлеуметтік тұрмыстың нашарлауы, ішімдік ішу мен нашақорлыққа әуестену және ерлі-зайыптылардың арасында түсінпеушіліктің туындауы. Ажырасу көбінесе отбасындағы ұзаққа созылған қақтығыстардан, отбасылық қатынастардың ушығуынан болып жатады.

Ажырасу санының өсуінде байқалатын, некенің және жанұяның тұрақсыздығы іс жүзінде әлемнің барлық дамыған елдеріне тән екені бізге белгілі.

Бірақ, өмірдің қандай да болмасын нақты көрінісінің, қадірлеу жүйесінің болмауы, халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын, қағидалары мен ережелерін білмеу, отбасылық өмірдің мағынасы туралы бұлдыр көрініс, отбасы үшін ақиқат өмірді өте пробламалы етеді. 25-30 жастағы адамдар арасында ажырасу көп кездеседі. Сонымен қатар ажырасудың жоғарғы жиілігі 40-жас шамасында да кездеседі.

Ажырасудың себептері сан түрлі. Жантанушылар солардың басты себептерінің бірі ретінде адамның өзімшілдігін көрсетеді. Жұптасқан екеу бірін-бірі түсінуге, кеткен кемшілігі үшін кешірім сұрап, ақылға жүгініп, өмірді әрі қарай жалғауға дайын болмағандықтан, әрқайсысы өзінің сөзін растап, ақырында шаңырақ ортасына түсіп құриды.

«Үй болғасын ыдыс-аяқтың сықырлайтыны да» заңды. Өмірде күтпеген, кездейсоқ жайлар кездеседі. Соның бәріне шыдамдылықпен төзгендер ғана берік отбасының іргесін қалайды. Ошақтың ойрандалуын әкелетін жайттарды ойлап, тізбектеп көрсек: Екі жас бірін-бірі толық зерттеп білмей жатып, жылт еткен махаббат сезі­міне алданып, бас қосады. Уақыт өте келе кешегі қырмызыдай сы­зыл­ған қыз қырсық мінездерін көр­сете бастайды. Ал кеше жүзінен нұр төгіліп, бұл үшін тау қопаруға да­йын тұратын жігіт енді айнып, бақытын сырттан іздейді. Біз­дің елімізде жастар әлеуметтік жағынан нашар қорғалған. Көбінің баспа­на­сы болмағандықтан, үйленген соң ата-енесімен бірге тұруына тура келеді. Ал бұрыннан бала­ла­рына бұйрық беріп, айдап өргізіп, иіріп жусатып үйреніп қалған енесі немесе атасы жаңа түскен ке­лінге талапты қатаң қоюы да мүм­кін. Кейде жай ғана қатаң қоймай, келінге күн көрсетпей, ізіне түсіп, істеген ісін жақтырмай, өмірін өксік­ке толтырып, көзінен жас арылт­пайтын да ата-аналар бар. Қа­зақ қоғамында ажырасуға кей­де құдалар арасындағы келіспеу­ші­лік те әсер ететіні ежелден белгілі. Немесе, жұбайлардың бірінің жеңіл жолға салынуы немесе басқа адам­мен шатасуы. Әйтпесе, арақ, наша, ойынқұмарлық­тың кесірінің зардабы. Одан қалса, перзенттің болмауы. Мұн­дай жағдай сирек болса да кез­де­седі. Көп жағдайда жастардың бі­рінің денсаулығы келмегендіктен, ұзақ уақыт перзентті бола алмау­лары ықтимал. Қазіргі заманда бұл мәселені медициналық жолмен шешуге болады. Тіпті бір-бірін шын сүйген адамдар бала асырап алуы да мүмкін. Немесе, еріксіз үйлену немесе алып қашудың салдары. Не тұрмыс тауқыметі. Қазіргі жас­тар мүмкіндігінше бақуатты тіршілік кешкісі келеді. О баста күй­дім-сүйдіммен үйленгенімен, келе-келе тұрмыстағы ауыртпа­лық­тар жан-жақтан қысқан кезде оған шыдамай, әркім өз жөнімен кететін жағдай кейінгі жылдарда жиі кездесетін болды. Мұның се­бе­бі – біздің жастардың әлеуметтік жа­ғынан қорғалмағандығы. Жас­тар­­дың көбі жұмыссыз, баспана­сыз, пә­тер жалдап тұруға мәжбүр. Көзқарастарының сәйкес­пеуі де өз әсерін тигізеді.Ал бүгінгі күнде қазақ бала­сы­ның кришна, иегова, сатанизм, тағы басқа осы сияқты азғын­дат­қыш ағымдарға ілесуі, тіпті ислам­ның өз ішінде сан түрлі ағымдарға еріп, адасуы себеп болып жүр. Біздің мүмкіндігінше жүйелеп, топтап көрсетіп отырғанымыз – ажырасуға көбірек ықпалы тиіп жүргендері ғана. Ал жұмбағы көп мына дүниеде ажырасудың себебін айтып тауысу мүмкін емес. Тіпті кейде ажырасуға түкке тұр­май­тын жағдайлар да себеп бо­лады. Әйтсе де, бүгінде мұндай келеңсіздіктерге аса мән бермей, күнделікті құбылыс ретінде қарап жүрміз. Өйткені, қазір ажырасуды сөз ету сәннен кеткен. Себебі де түсінікті. «Көп қайнаған сорпаның дәмі кетер» демекші, ажырасудың да қоғамда жиілеп кетуіне байланысты оған назар аудармайтын болдық. Енді еліміздегі ажырасқандардың статистикасына назар аударайық. Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостиль қою басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, республикамызда отбасын құру мен ажырасудың прапорциялық қатынасы 1:4-ке сәйкес екен. Бұл әр төрт некенің біреуі ажырасып кетеді деген сөз. Яғни, қиылған некенің 25 пайызы. Ал Алматы қаласы мен Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұл көрсеткіш 1:3-ке тең. Ең өкініштісі, елімізде мұндай цифрлардың жыл санап артуы болып отыр. Мәселен, 2009 жылы 39257 неке бұзылса, 2010 жылы 41021 отаудың шаңырағы шайқалған. Яғни өткен жылы сексен мыңнан астам адамның тағдыры тоқырауға ұшыраған.

Генетик ғалымдардың айтуынша, әрбір тұлға – түбі жоқ шексіз ақпаратты сақтайтын сиқырлы сандық. Ғылыми тілмен айтсақ, бір адамның түр-тұрпатын жасауға 75 000 000 000 клетка ат салысады. Осыншама триллиондаған клетка жиналып, жалғыз адамның тәнін құрап, тіршілігіне сеп болады. Түптеп келгенде кез-келген адам жалғыз-ақ клеткадан тұрады. Бір клетканың ішінде 46 хромосома нығыздалып, сақталған. Әрбір хромосомада ең бірінші жаратылып жерге түскен Адам пайғамбардан бастап, өмір кешкен бүкіл адамзаттың генетикалық ақпараттары сақталып тұр. Клетка ядросының ішіндегі ақпарат қоймасының көлемі шексіз. Мысалы, бір адам өзінің денесінен бір ғана клетканы суырып алып, оның ядросын жарып, іштегі «мини кітапхананы» оқитын болса, алдыңғы ата-бабасының түр-сымбаты мен мінез-құлқын айна-қатесіз тауып, олармен танысып шыққан болар еді. Демек, мінез-құлқымыз бұзылып, арсыздыққа ұрынсақ, ата-бабадан келе жатқан ақпараттық қорды бүлдіріп аламыз. Соны ата-баба сүйегіне қара таңба салғанымыз десек болады. Және жамандық өзімізбен кетпей, ұрпақтан ұрпаққа қан жаңарғанша сақталып отырады. Бүгінде күн тәртібінен түспей келе жатқан ұлтсыздық, тексіздік мәселесі бекерден-бекер қозғалып жүрген жоқ. Ұлтымыз, ұрпағымыз таза, абыройлы болсын десек, арымызға кір келтіретін ажырасудан аулақ болған жөн. Ажырасудың артында баланың тағдыры жатыр. Бала тағдыры- ұлттың тағдыры. Бұл ажырасудан келетін апат. Бұл апат жойқын зілзаладан да қауіпті. Өйткені, таразының бір жағында тұтас ұлт тұрғанын естен шығармау керек. Демек, ажырасуға бүкіл халық болып қарсы тұру керек. Қажет болса, билік ажырасқандарға салық немесе айыппұл салғанның да еш артықтығы жоқ. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, орта есеппен Ресейде 1000 отбасының 80%-ы, Белоруссияда 62%-ы, Украинада 55%-ы, Канадада 48%-ы, АҚШ-та 45,8%-ы, Ұлыбританияда 42%, ал Францияда 38%-ы кейін ажырасып кетеді екен. Демек, әлем бойынша әр екінші отбасының оты сөніп, ошағы ойрандалады. Мұндайға жол бермеу үшін Жапония, Корея сияқты бірқатар елдерде үйленердің алдында екі жастың бір-біріне қаншалықты сай келетінін, мінездерінің сәйкестігін, жарасымдылығын тексеріп кәдімгідей сынақ жүргізетін көрінеді. Жастардың жарасымдылығын зерттей отырып, оларды таныстыратын, кейін тіпті үйленуіне себеп болатын түрлі көптеген арнайы орталықтар жұмыс істейді. Мамандардың айтуынша, бұл агенттіктерде танысып, жарасып кетіп жатқандар жылдан жылға арту үстінде және ажырасушылар да аз көрінеді. Бұл бір жағынан күлкілі көрінгенмен, екінің бірі ажырасып жатқан қазіргі уақытта бұған да көңіл бөлген жөн сияқты. «Тең-теңімен, тезек-қабымен» дегенді қарға тамырлы қазақ бекер айтпаған. Кастаға бөлініп өмір сүретін Үндістанда ажырасу деген мәселе жоқ десе де болады. Мұнда 1000 некеден тек 11-і , яғни 1,1%-ы ажырасатын көрінеді. Бұл әлемнің басқа елдеріне қарағанда ең төмен көрсеткіш. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, орта есеппен Ресейде 1000 отбасының 80%-ы, Белоруссияда 62%-ы, Украинада 55%-ы, Канадада 48%-ы, АҚШ-та 45,8%-ы, Ұлыбританияда 42%, ал Францияда 38%-ы кейін ажырасып кетеді екен. Демек, әлем бойынша әр екінші отбасының оты сөніп, ошағы ойрандалады. Мұндайға жол бермеу үшін Жапония, Корея сияқты бірқатар елдерде үйленердің алдында екі жастың бір-біріне қаншалықты сай келетінін, мінездерінің сәйкестігін, жарасымдылығын тексеріп кәдімгідей сынақ жүргізетін көрінеді. Жастардың жарасымдылығын зерттей отырып, оларды таныстыратын, кейін тіпті үйленуіне себеп болатын түрлі көптеген арнайы орталықтар жұмыс істейді. Некені бұзу нәтижесінде ерлі зайыптылардың некеде тұрған кездегі жеке және мүліктік қатынастары тоқтатылады. Мысалы, бірге тұруы, ортақ бірлескен меншік, өзара қамқорлық және асырау. Соның өзінде кейбір құқықтық қатынастар бірден тоқтатылады да, енді біреулерінің сақталуы мүмкін. Некеге тұрған кезінде бірлесіп жиған мүліктері бөлінген жағдайда, әдетте, некенің тоқтатылуымен байланысты ерлі – зайыптылардың ортақ бірлескен меншік тәртібі де тоқтайды, бірақ мүлік бөлінбеген жағдайдағы ажырасу өзінен -өзі жұбайлардың ортақ бірлескен меншігін үлестік меншікке айналдыра алмайды. Некенің бұзылуымен бірге жұбайы қайтыс болғаннан кейін мұрагерлік құқығы, бұрынғы жұбайы – ажырасушысының өліміне байланысты келтірілген зиянның орнын толтыру және т.б. құқығы да жойылады.

Некенің тоқтатылуы жаңадан некеге тұру құқығын туғызады.
Ажырасу жолымен некенің бұзылуы ата – аналарының балаларына қатысты құқықтары мен міндеттерін тоқтата алмайды. Отбасының заңдық белгілеріне мыналар жатады: адамдардың неке немесе туыстық негізде бірігуі; өзара имандылық және материалдық қолдау; бала туу және оларды тәрбиелеу; өзара жеке басындық және мүліктік құқықтар. Бір негізден немесе ортақ атадан тарайтын адамдардың қандастық – кіндіктестік байланысы, туыстық деп түсініледі. Туыстықтың екі тармағы бар: тікелей және жанама.
Ерлі – зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын, отбасын құру мақсатымен заңда белгіленген тәртіп бойынша тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасаған ері мен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты неке деп түсінуіміз керек. Қазақстанда тек мемлекеттік АХАТ органдарында жасалған адамдардың одағы ғана неке деп танылады. Болашақ ерлі – зайыптылардың өзара келісімі және олардың неке жасы 18 – ге толуы неке қиюдың басты шарты болып табылады. Некелі адамдардың арасындағы қатынастар құқықтары мен міндеттері теңдік қағидаларына негізделеді. Азаматтық некеден туған балалар, тіркелген некеден туған балалар сияқты заңмен қорғалады. Алайда мұндай қатынастар әдетте тараптар үшін заңдық салдар туындатпайды.

Мемлекет аналар мен балаларды қолдайды, отбасын қорғауға алады.
Ерлі – зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтық қатынастарының тоқтатылуы некенің тоқтатылуы деп түсініледі. Неке заңда айқындалған оқиғалардың туындауы салдарынан не ерлі – зайыптылардың бірінің немесе екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады. Ажырасу жолымен некенің тоқтатылуы заңда белгіленген тәртіп бойынша АХАТ органдарында немесе сотта іске асырылады. Статистика мәліметтеріне сүйенсек, жалпы әлеуметтік мәселелер бойынша ажырасу шамамен 60 пайызды құрайды.

Қазір ажырасу көбіне 30 – 40 жас аралығындағы ерлі-зайыпты­лардың арасында орын алады екен. Оның басты себебі, бұл кезде отбасын асырау әсіресе тұрақты жұмысы жоқ адамдарға қиын тиеді. Ал тұр­мысы бақуатты адамдар арасында ажырасу кемде-кем. Сондай-ақ жаңадан отау құрған жас жұбайлар­да да ажырасу аз, өйткені жаңағыдай мәселелер бала-шаға есейе бастаған шақта пайда болады. Ол үшін жас жұбайларға мемлекет тарапынан пәтер, жұмыс жө­нінен белгілі бір дәрежеде көмек керек. Әлеуметтік көмек түрлерін көбейту арқылы тұр­мысы нашар отбасыларға қолдау көрсетуді нақты қолға алған жөн. Ал ең бастысы, ұлттық идеология­ға баса назар аудармай жағдай түзелмек емес. Телеарналарда шетелдің атыс-шабыс пен эротикалық көріністерге толы фильмсымақтарын көрсетуге де шектеу қою керек.

Бұл орайда қоғам проблемасының қандай себептермен туындағанына тоқталайық.

Біріншіден, – маскүнемдік пен нашақорлық. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, сауалнамаға қатысқандардың 51 пайызының ойынша отбасының шырқы дәл осы себеппен бұзылатын көрінеді. Ары қарайғы орындарда ажырасуға түрткі болатын мыналар екен: әлеуметтік жағдайы (баспананың болмауы) – 41%, жас жұбайлардың отбасылық өмірге әлі де болса дайын болмауы – 31%, тұрмыстық жағдайының төмендігі – 29%, туыстар арасындағы түсініспеушілік – 18%, нәрестенің болмауы – 10%. Дәл осы аталғандар отбасының шырқын бұзатын негізгі себептер екен.

Екіншіден, кешегі кер замандағы коммунистік режимнің салқын саясаты – біздің қарапайым да қасиетті әйелдерімізді эгоистік көзқарасқа тәрбиеледі. Осыдан келіп өзімшілдік мінез туындап, мәнсапқұмарлық қасиет алдыға шықты.

Үшіншіден, біздің бабаларымыз ежелден ер азаматты әйелден бір саты жоғары қойған болатын. Бұл – әйелдің еркек алдындағы төмендігін көрсетпейді, қайта өз ерін сыйлаған бұрымды өз отбасын да тапжылтпай дамытады деген ұғым еді. Қазіргі таңдағы гендерлік саясат еркек пен әйелді тең дәрежеде ұстауға бағыттады. Билікте болсын, жұмыста болсын, карьерада болсын еркек пен әйел арасындағы деңгей айырмашылығын байқамайтын болдық. Сол себепті біздің қазіргі ұстанған гендерлік саясат та осы кеселдің өршуіне бастап бара жатқан сияқты.

Байқап қарасақ, негізінен, мінезі шайпау әйел­ден – ері, шатақшыл еркек­тен – әйелі безіп жатады. Отбасында ын­тымақ, түсіністік, жылу бол­маған кезде отбасы мүшелерінің екеуінің бірі сол жылуды сырттан іздейді. Сөйтіп, ол жеңіл жүріске салынып, мұның ақыр аяғы сүттей ұйыған отбасының іркіттей іруіне әкеліп соғады, арына дақ түседі. Екі адам бір-біріне кешірімді бо­лып, отбасының әр мүшесі өзінің менменшілдігін жеңіп, «мен» деп емес, «біз» деп өмір сүргенде – ор­тақ үндестік пайда болады. Отбасы – кішкентай мем­лекет. Ол мемлекеттің бейбіт әрі берекелі өмір сүруі екі адамға теңдей жауапкершілік жүктейді. Сондықтан ата-ана баласын жас күнінен отбасында басты мәселе: жауапкершілік пен ақыл, сабыр, сенім, иман, сыйластық екенін құ­лағына құя бергені жөн. Өмірден тәжірибелері аз екі жас отбасын құр­ған соң әрқайсысы өзінің де­генін істеткісі, ойына алғанын жа­сағысы келеді. Ажырасуды болдырмайтын себептердің ең бастысы – әйелдің үйде отыруы. Гендерлік саясаттың алға озған заманында мұны реттеу де қиын шығар. «Еркектің жұмысы түзде, табысы үйде» дегенді атамыз қазақ бекерге айтпаса керекті. Сондықтан әйел үй шаруашылығы мен бала тәрбиесімен айналысса, ұлтқа орасан пайда тигізер еді. Түсіністік пен сыйластық, иман ұялаған жерде ажырасудың болмайтыны да сөзсіз.

Бейресми деректерге сенсек, соңғы уақытта қыз-келіншектердің жеке бастарының мақсаты үшін ауқатты, бай еркектерге күйеуге шығып, көп ұзамай қайта ажырасып кету оқиғасы да жиілеп кеткен. Сондағы арам пиғылды әйелдердің көздегендері – еркектің жиған-терген дүниесіне ортақтасып, заң шеңберінде оның мүлкіне қол салу. Сондай-ақ, перзенттің болмауы, діни көзқарастың сәйкеспеуі, тұрмыс тауқыметі, еріксіз үйлену және ене мен келіннің тіл табыспауы да жұбайлар арасына өз салқынын тигізіп отыр.

Соңғы кездері ерлі-зайыптының арасына түсіп, ажырасуға апаратын тағы бір тың себеп пайда болды. Ол – интернет. Өйткені, қазір ғаламторда жедел хабарлама арқылы сөйлесетін бірнеше қызмет түрлері бар. Соның ішінде біздің елде ең көп тарағаны – орыстың «мэйл.ру.агент» қызметі. Бүгінде агент дейтін әлекті пайдаланбайтын қазақ жоқ десек, артық айтқандық емес. Қызмет бабымен неме­се шұғыл жағдайда пайдаланса, қанеки? Алтын уақытын өлтіріп, түн ортасында да компьютер мен ұялы телефонға шұқ­­ши­­ып отыратындар бар. Агенттің зияны сол, ол жерде біреумен танысу, достасу оп-оңай. Суретің мен өзің туралы деректі енгізуде де еш қиындық жоқ. Агентке еш себеп­сіз қосылып, өзіне дос іздейтіндер­дің ішінде бала-шағалы жандар да бар. Бірақ, «күйеуім немесе әйелім бар-ау» деп қысылып жатқан ешкімді көрмейсің. Сол интернеттен өздеріне нақсүйерін тауып алатындары да бар. Ондай­лар виртуалды сүйіктісімен еш кездеспесе де, өзінің жарын ұмытып, оған назар аудармай қоятын көрінеді. АҚШ-тағы ажырасулардың 68 пайызы дәл осындай себептен болады екен.

Тағы бір түйткілді мәселе – демография. Бір қазақты екеу ете алмай жатқан қазіргі кезде ажырасу халық санының көбеюін тежейді. Оның үстіне ажырасу бүгінгі қарқынмен өсе берсе, алдағы 10-15 жылдың ішінде 50 пайызға жету қаупі бар. Ең сорақысы, бұзылған некенің салдарынан ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас үзіліп, тіпті бір-бірін танымайтындай деңгейге жетуі мүмкін. Бұл көп жағдайда әйелі балаларымен араласуына қарсы болуына байланысты әке тарапынан орын алады.

Елімізде ажырасқандардың 80 пайызы балалы отбасы екен. Егер ұрпақ қамын ойласақ, қазірден бастап ажырасудың алдын алғанымыз дұрыс. Себебі ел іргесіне сызат түсіретін бұл әрекеттің зияны шаш-етектен. Ең бірінші баланы әкесіз яки анасыз қалдырады. Ал әке-шешесіз өскен жас ұрпақ кейін ұлттың, қоғамның алға жылжуына қас болып, қарсы әрекетке бармасына ешкім кепіл болмайды. Сонымен қатар ажырасқан көп әйелдер жүйкелері сыр беріп, жеңіл жүріске салынып кетуі де ғажап емес.

«Үйленіпті» деген қуанышқа толы сөздің артынан «ажырасыпты» дегенді де неге жиі еститін болдық?! Кеше ғана ақ көйлек киіп, аймалап сүйіп, «өзіңсіз өмір жоқ» деп серттескен, «пәниден бақиға көшкенге дейін бірге боламыз» деп ақ некесін қиғызып, Алланың алдында ант берген жастар неліктен айырылысады? Қасірет осы тұстан өрбіп жатыр. Уақыт өте келе бірге тұра алмайтынына көздері жетіп, көңілдері семіп, ажырасып тынады... Меніңше, отбасын берік ұстап тұратын тек ыстық махаббат емес, өзара түсіністік пен сыйластықтың жиынтығы. Сондықтан көзсіз сезім ойрандап кетпеу үшін ақылдың әрдайым алда жүргені де абзал

2.2 Әлеуметтік мәселелері бар отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек түрлері

Дағдарысқа қарамастан, ха­лықты әлеуметтік тұрғыдан қол­дау Үкімет тарапынан мүм­кіндігінше жасалып жатыр. Соның бір айғағы, 2010-2012 жылға арналған республикалық бюджеттің 40,4 пайызы әлеу­меттік салаға бағытталып отыр. Үстіміздегі жылмен са­лыстырғанда оған бөлінген қаржы 248 млрд. теңгеге өсіп, 1 трлн. 578 млрд. тең­геге жетіп­ті. Сөйтіп, ішкі жалпы өнімнің 9,1 пайызын қамтыды. Мемлекеттік жәрдемақы ретінде бүгінгі күні көп балалы аналарға 3,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 6427 теңге төленеді. Сондай-ақ, облыс, қала және аудан әкімдерінің жергілікті бюджетте қосымша қаражат болса, көп бала тәрбиелеп өсіріп жат-қан аналарға жәрдемақы төлеуге құқы бар. Қазіргі уақытта аз қамтылған отбасыларын қолдау бағытында мемлекеттік тұрғын үй, әлеуметтік көмек, 18 жасқа толмаған балалар үшін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы жергілікті бюджеттің есебінен төленеді. Коммуналдық төлемдерге жеңілдіктер көлемін де жергілікті атқарушы органдар шешеді. Бұл жерде отбасының ай сайынғы табыс мөлшері де ескеріледі. Егер отбасының күнкөріс деңгейі төмен боса, 18 жасқа толмаған әрбір балаға 1648 теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалады. Ал, бірнеше баласы бар жалғызбасты аналарға да әлеуметтік көмек көрсетіледі. Көмек демеушілердің қаражаты есебінен отбасына азық-түлік, киім кешек өзге де қажетті заттарды берумен шектелуі де мүмкін. Ол үшін көмекке зәру отбасы мүшелері аудандардағы немесе қаладағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тіркеуге тұрулары керек.

Біздің елдегі отбасыларға әлеуметтік кө­мектің бірінші жүйесі – ол табысы кедейлік шегінен төмен аз қамтамасыз етілген отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төленеді. Оның мөл­­шері жан басына шаққанда орташа табысы мен кедейлік шегі (ең төмен күн­көріс деңгейінің 40 пайызын құрайды) ара­сындағы айырма түрінде есептеледі. Бұған қатысты деректерге жүгінсек, 2011 жыл­дың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша рес­пуб­ликада 194,5 мың адамға 2,8 млрд теңге сомаға АӘК тағайындалып, төленіпті. Атау­лы әлеуметтік көмекті алушылардың 60 пайызға жуығын ауыл тұрғындары құ­райды. Демек, бұл – атаулы әлеуметтік кө­мектің жал­пы шығындар сомасының басым бөлігі де ауыл тұрғындарына бағытталды деген сөз. Тағы бір ескерер жайт, қазірде осы атау­лы әлеуметтік көмек енгізілгелі бері оны алушылардың саны шамамен ал­ты есеге төмендеді. Мысалы, 2002 жылы елде атау­лы әлеуметтік көмек алатындардың саны 1 миллионнан астам болса, 2010 жылы 200 мыңға жуық адамды құраған. Аймақтық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының мәліметтері бойынша 2012 жылдың 1 наурызына аз қамтылған отбасылар қатарындағы 64,7 мың азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Кедейшілікті төмендетіп, аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында 2002 жылдан бастап республикада “Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы” Заң қолданылып келеді. Заң жүзеге асырыла бастаған бес жыл ішінде атаулы әлеуметтік көмек алатындар ішіндегі зейнеткерлер саны 16 есе азайды. Бұл зейнетақы мөлшерін жыл сайын өсірудің, базалық әлеуметтік төлемдерді ен­гізудің арқасында мүмкін болып отыр.

Атаулы әлеуметтік көмектің санында 62,6 пайызы балаларға, 10,8 пайызы өздігімен қамтылғандарға, 7,4 пайызы жұмыссыздарға, 0,2 пайызы еңбекке жарамды жастағы адамдарға тағайындалған.

Республика бойынша аталған көмектің 1 алушыға ай бойындағы орта есептік мөлшері 2611,6 теңгені құрайды. Атаулы әлеуметтік көмекке бөлінген қаражаттың 62,4 пайызы ауыл тұрғындарына төленді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - атаулы әлеуметтік көмек) - жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдарға (отбасыларына) мемлекет ақшалай нысанда берілетін төлем.

Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқын деп танылған адамдардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар. Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқын деп танылған адамдардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар:

1) мүгедектерді және стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдарды, күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды, сондай-ақ I және II топтардағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздарға;

2) уәкілетті органдар ұсынған жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналастырудан, кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, осындай жұмыстарға қатысуды және оқуды өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздарға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды.

Жұмыссыз адам жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналасқан, кәсіби даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілген күннен бастап, оған атаулы әлеуметтік көмек қайта қалпына келтіріледі.

Атаулы әлеуметтік көмек отбасының оны алуға құқығы бар әрбір мүшесіне тағайындалады.

Отбасының құрамына:

1) толық мемлекеттік қамсыздандырудағы балалар;

2) интернат-үйлерде тұрақты тұратын қарттар мен мүгедектер;

3) мерзімді әскери қызметтегі адамдар;

4) бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлеп емдеудегі адамдар кірмейді.

Отбасының жиынтық табысына, тұрғын үй көмегі мен атаулы әлеуметтік көмектен басқа, белгіленген уақыт кезеңінде ақшалай немесе заттай нысанда нақты алынған табыстардың барлық түрі енгізіледі.

Кесте 4. Төленген атаулы әлеуметтік көмекті алушылар саны

2005

2006

2007

2008

2009

2010

2011

Қазақстан Республикасы

516876

349413

231628

246166

24260

196 26

141621

Ақмола

20453

14964

6746

5115

4271

3 599

2 796

Ақтөбе

24167

16834

10405

6792

4435

2 567

1 259

Алматы

36164

26588

14194

13740

13878

10 021

7 573

Атырау

29392

17968

10503

8413

8079

6 021

4 153

БҚО

27502

22038

16235

16761

16398

13 363

7 110

Жамбыл

56887

14782

13925

31598

29590

23 626

15 656

Қарағанды

38333

29842

20609

16746

16551

13 870

10 730

Қостанай

21192

17505

12768

12025

11350

9 685

7 775

Қызылорда

35128

21564

15296

23154

19676

15 994

10 128

Маңғыстау

13766

11255

8414

8459

9237

8 202

7 473

ОҚО

76896

49950

29585

35782

48581

41 520

27 364

Павлодар

24556

21590

17799

11422

8527

5 279

3 040

СҚО

28238

21806

15501

19958

18151

13 699

11 191

ШҚО

72856

54410

33028

29944

28108

23 804

21 462

Астана қаласы

2315

1758

1573

1339

1282

1 109

1 015

Алматы қаласы

9031

6559

5047

4918

4526

3 907

2 896

Жоғарғы кестеде көрсетілгендей атаулы әлеуметтік көмекті алушылар санының аймақтық ерекшеліктеріне тоқтала кетсек, соңғы жылдары атаулы әлеуметтік көмекті алушылар саны азаюда. Оның мысалы ретінде 2011 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 375255 адамға азайған . Соңғы алты жыл ішінде Ақтөбе облысы бойынша – 22908, Алматы облысы бойынша – 28591, Атырау облысы бойынша – 25239, Жамбыл облысы бойынша – 41231, Қызылорда облысы бойынша – 25000, Маңғыстау облысы бойынша – 6293, Павлодар облысы бойынша –21516, Астана қаласы бойынша – 1300, Алматы қаласы бойынша – 6135, Ақмола облысында – 17657, Батыс Қазақстан облысында – 20392, Қарағанды облысында –27603, Қостанай облысында - 13417, Солтүстік Қазақстан бойынша – 17047, Шығыс Қазақстан бойынша – 51394 адамға азайған. 2011 жылы облыс ішінде салыстырып қарасақ, ең жоғарғы көрсеткішке ОҚО ие, 27364 адам атаулы әлеуметтік көмек алады. Ал ең төменгі көрсеткішті

1015 адам санымен Астана қаласы көрсетіп отыр. Жалпы республика көлемінде 2011 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 141621 құрайды.

Атаулы әлеуметтік көмек ағымдағы тоқсанға тағайындалып, ай сайын төленеді. Жан басына шаққандағы орташа табыс атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеп шығарылады. Адамға (отбасына) атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) отбасының әрбір мүшесіне есептелген кедейлік шегінің белгіленген айырмасы түрінде есептейді.

Отбасының құрамы және табыстар өзгерген жағдайда тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері қайтадан есептеледі.

Кесте 5. Қазақстан Республикасының 2012 жылдың I тоқсаны бойынша тағайындалған мемлекеттік әлеуметтік көмек сомасы және алушылар саны

Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК)

18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы (БМЖ)

Тұрғын үй көмегі

алушылар (мың.адам)

орташа мөлшері (теңге)

алушылар (мың.адам)

орташа мөлшері (теңге)

алушылар (мың.отбасы)

орташа мөлшері (теңге)

Қазақстан

64,7

2611,6

445,1

1581

145

1697,9

Дерек көзі: www. stat.kz

Бұл кестеде Қазақстан Республикасының 2012 жылдың I тоқсаны бойынша тағайындалған мемлекеттік әлеуметтік көмек сомасы және алушылар саны берілген. Атаулы әлеуметтік көмекті алушылар саны 64,7мың адамды құрап, 2611,6 теңге бөлінген. Ал 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақысын (БМЖ) алушылар саны 445,1 мың адам болса, оған тағайындалған көмектің орташа мөлшеері 1581теңге. Сондай-ақ тұрғын үй көмегіне ие болған алушылар саны 145мың отбасыға жетіп, оған бөлінген көмектің орташа мөлшері 1697, 9 теңгені құрайды.

Кесте 6. Төленген атаулы әлеуметтік көмектің орташа айлық мөлшері (тг)

2005

2006

2007

2008

2009

2010

2011

Қазақстан Республикасы

827,39

805,11

921,84

1149,51

1130,5

1183,7

1481,1

Ақмола

916,39

852,39

849,16

1196,28

1247,1

1311,7

1509,8

Ақтөбе

991,62

974,4

913,56

1228,27

1328,3

1485,7

1725,7

Алматы

756,69

664,45

852,53

1313,59

1223,9

1450,9

1790,7

Атырау

919,21

952,17

1051,97

1383,51

1459,7

1450,6

1866,9

БҚО

969,51

811,55

1028,43

1323,71

1325,0

1218,8

1637,1

Жамбыл

426,39

360,46

577,23

677,98

772,0

864,4

1107,0

Қарағанды

861,13

855,61

981,26

1338,05

1243,1

1310,1

1620,3

Қостанай

723,33

771,84

902,03

1402,12

1504,2

1552,5

1984,8

Қызылорда

736,03

648,92

700,93

844,27

833,1

918,7

1031,7

Маңғыстау

1176,76

1264,38

1349,6

1868,75

1682,8

1920,4

2347,4

ОҚО

629,13

453,86

545,77

621,59

615,8

610,0

727,3

Павлодар

1098,63

1167,81

1111,7

1508,86

1507,4

1567,5

1997,6

СҚО

770,89

845,99

855,87

1161,17

1232,0

1277,7

1371,6

ШҚО

1066,4

874,87

1076,16

1438,56

1439,4

1542,1

1878,9

Астана қаласы

1275,51

1239,38

1373,86

2253,73

2138,4

2156,9

2258,8

Алматы қаласы

1271,53

1644,86

1918,9

2408,07

2614,3

2547,0

2874,0

6-кесте бойынша төленген атаулы әлеуметтік көмектің орташа айлық мөлшері берілген. Жыл сайын атаулы әлеуметтік көмектің орташа айлық мөлшерінің өскендігі байқалады. Жалпы республика бойынша соңғы алты жыл көлемінде 653,71 теңгеге өскен. Ал облыстар бойынша қарастырсақ, Ақтөбе облысы бойынша – 734,08, Алматы облысы бойынша –1034,01, Атырау облысы бойынша – 947,69, Жамбыл облысы бойынша –680,61, Қызылорда облысы бойынша – 295,67, Маңғыстау облысы бойынша – 6293, Павлодар облысы бойынша –1170,64 , Астана қаласы бойынша – 983,29, Алматы қаласы бойынша – 1601, 47 , Ақмола облысында –593,41 , Батыс Қазақстан облысында – 667,59, Қарағанды облысында –759,17, Қостанай облысында – 1261,47, Солтүстік Қазақстан бойынша – 600,71, Шығыс Қазақстан бойынша – 812,5 адамға артқан. Республика бойынша жоғары көрсеткішті 2874,0 тг орташа айлық мөлшермен Алматы қаласы көрстесе, төменгі мәнге 727,3 ОҚО ие.

Сондай-ақ республикамызда көрсеті­летін әлеуметтік көмектің екінші бір түрі – балалы отбасыларға берілетін әлеуметтік көмек түрі. Біздің елде 18 жасқа дейінгі ба­лалары бар отбасыларға жан басына шақ­қандағы табысы азық-түлік себетінен (ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызы) тө­мен болған жағдайда отбасындағы әр ба­лаға 1 айлық есептік көрсеткіш, яғни 1648 теңге мөлшерінде балалар жәрдем­ақы­сы төленеді. Бұл еліміздің «Балалы отбасы­ларға берілетін мемлекеттік жәр­дем­ақылар туралы» заңы аясында жүзеге асуда. Өткен жылдың қорытындысы бойын­ша 18 жасқа дейінгі балаларға бері­летін жәрдемақымен 750 мыңға жуық ба­ла қамтылып, 9 млрд тең­геден астам жәр­дем­ақы тағайындалып, төленді. Балалар жәрдемақысын төлеуге бөлінген жалпы соманың 75 пайызы ауыл­дық жерде тұ­ратын балаларға бөлінген. Аймақтық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының мәліметтері бойынша 2012 жылдың наурызына айының 1 күніне мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған балалар саны 445,1 мың адамды құрайды. Оның ішінде ауыл тұрғындардың үлесі 76,4 пайыз. Мемлекеттік әлеуметтіктің көмектерге (АӘК, БМЖ, тұрғын үй көмегі) тағайындалған қаржының 77,7 пайызы 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысына арналған.

Республика бойынша БМЖ 1 алушыға ай бойындағы орта есептік мөлшері 1581 теңгені құрайды. Аталған мемлекеттік жәрдемақыға бөлінген қаражаттың 76,1 пайызы ауыл тұрғындарына жіберілген.

Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар:

· бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан бұрын - бала туғанда берілетiн жәрдемақы);

· бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан бұрын бала күтімi жөнiндегі жәрдемақы);

· он сегіз жасқа дейiнгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан бұрын - балаларға арналған жәрдемақы);

· мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан бұрын – мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы) түріндегі ақшалай төлемдер.

Қазақстан Республикасында мемлекет түрлі төлемдер арқылы адамдардың лайықты өмір салтын қолдауға ұмтылады. Қазіргі уақытта қолданыстағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі зейнеткерлерді, мүгедектер мен тұрғындардың өзге де санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру жүзеге асырылады. Бүгінде 3,5 миллионнан астам адам (немесе барлық тұрғындардың 23,6 пайызы) әлеуметтік қамсыздандырумен қамтылған.

Кесте 7. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны.

адам

2005

2006

2007

2008

2009

2010

2011

Қазақстан Республикасы

773770

764553

74838

756533

767213

767239

682780

Ақмола

40000

39328

37793

37597

36993

36046

31533

Ақтөбе

34967

34378

33206

33232

33511

33221

28536

Алматы

85218

83226

82180

83224

85435

87343

82088

Атырау

26660

26006

25110

25507

25547

25890

21491

БҚО

34259

34046

33483

33168

33212

45745

27217

Жамбыл

53765

53437

52028

52354

53145

52666

44984

Қарағанды

73528

73091

71091

71836

72072

58634

65397

Қостанай

39500

38573

37054

36802

37077

47093

32620

Қызылорда

38956

38455

37232

37222

37163

37032

31974

Маңғыстау

122752

123229

12339

128049

132428

94286

11744

ОҚО

19382

19676

20042

21205

21652

28948

20198

Павлодар

35209

34246

33228

33146

33469

33333

30165

СҚО

37384

36704

35770

35660

35091

34049

30523

ШҚО

76269

74390

72004

71819

72703

95024

63432

Астана қаласы

14197

14606

14941

15918

17192

24377

17806

Алматы қаласы

41724

41162

39837

39794

40523

33552

37362

Жоғарғы кестеде көрсетілгендей, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны соңғы жылдары азаю үстінде. Ал ең көп жәрдемақы алушылар саны Маңғыстауда байқалады 132428 адам. Бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша 2011 жылы 2005 жылға қарағанда 90990 адамға азайған. Ақмола бойынша 31533, Ақтөбеде 28534 Алматыда 37362, Атырауда 21491, Батыс Қазақстанда 27,217, Жамбылда 44984, Қарағандыда 65397, Қостанайда 32620, Қызылордада 31974, Павлодарда 65397, Солтүстік Қазақстанда 30523, Шығыс Қазақстанда 63432, Маңғыстауда 11744-ке, Алматы қаласы бойынша 37362 адамға азайған. Ал жәрдемақы алушылар саны мына облыстар бойынша ал Оңтүстік Қазақстанда 20198 санымен соңғы алты жыл ішінде 816-ға, Астанада 17806 санымен 3609 адамға керісінше артып отыр.

Кесте 8. Тағайындалған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа айлық мөлшері

Теңге

2005

жыл

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

Қазақстан Республикасы

5562

6360

8366

11319

12888

14037

15523

Ақмола

5451

6229

8134

11011

12541

13696

15254

Ақтөбе

5262

6016

8262

11183

12706

13826

15285

Алматы

5639

6458

8413

11338

12888

14040

15429

Атырау

5281

6035

8471

11459

12987

14141

15545

Батыс Қазақстан

5506

6288

8283

11221

12792

13905

15425

Жамбыл

5518

6291

8552

11552

13155

14333

15864

Қарағанды

5700

6516

8341

11286

12879

14039

15575

Қостанай

5375

6187

8025

10933

12507

13628

15369

Қызылорда

5450

6218

8552

11555

13118

14234

15545

Маңғыстау

5382

6193

8484

11471

13040

14194

15619

Оңтүстік Қазақстан

5488

6184

8608

11622

13222

14381

15703

Павлодар

5626

6431

8201

11146

12707

13857

15404

Солтүстік Қазақстан

5729

6572

8228

11119

12644

13745

15225

Шығыс Қазақстан

5771

6582

8330

11256

12829

13948

15520

Астана қаласы

5765

6577

8280

11224

12805

13964

15551

Алматы қаласы

6003

6812

8448

11468

13063

14270

15745

дереккөз

Жоғарыда тағайындалған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа айлық мөлшері республика бойынша берілген. Жылдан жылға жәрдемақының көлемінің өскендігі байқалады. Жалпы республикада 2011жыл мен 2005 айырымы 9961 теңгеге өскен. Облыс ішінде қарастырсақ, Ақтөбе облысы бойынша – 15285, Алматы облысы бойынша –15429, Атырау облысы бойынша – 15545, Жамбыл облысы бойынша –15864, Қызылорда облысы бойынша – 15545, Маңғыстау облысы бойынша – 15619, Павлодар облысы бойынша –15404, Астана қаласы бойынша – 15551, Ақмола облысында –15254, Батыс Қазақстан облысында – 15425, Қарағанды облысында –15575, Қостанай облысында – 15369, Солтүстік Қазақстан бойынша – 15225, Шығыс Қазақстан бойынша – 15520, ОҚО бойынша- 15703 теңгені құрайды. Ал Алматы қаласында 15745теңге көлемінде республика бойынша ең жоғарғы көрсеткішті көрсетіп отыр.

Үшінші әлеуметтік көмек- ол аз қамтамасыз етілген отбасыларды әлеуметтік қолдау мақсатында тұрғын жай­ды ұстауға және коммуналдық қызметтердің ақысын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету бойынша жүзеге асады. Бұл «Тұрғын үй қа­тынастары туралы» заң аясында жүргізіледі. Соған сәйкес, 2010 жылы 184,5 мың отбасыға жалпы көлемі 3,5 млрд тең­ге­нің тұрғын үй көмегі берілді. Ал, жалпы ал­ғанда, дағдарыс жағдайында халықтың аз қамтамасыз етілген тобына уақтылы әлеу­меттік көмек көрсету мақсатында 2008 жылдан бастап жыл сайын республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге ныса­налы ағымдағы трансферттер бөлінуде.

Аймақтық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының мәліметтері бойынша 2012 жылдың қаңтар айының 1 күніне тұрғын үй көмегі 145 мың отбасына тағайындалды.

Тағайындалған тұрғын үй көмегінің үлесі барлық мемлекеттік әлеуметтік көмектердің (АӘК, БМЖ, тұрғын үй) ортақ санынан 15,3 пайызды құрайды. Аталған көмектің бірайлық ортақ мөлшері 1697,9 теңге.

2011 жылдағы 4 тоқсанның қортындысы бойынша тұрғын үй көмегін коммуналдық қызмет көрсету, соның ішінде тағайындалған соманың 77 пайызы жекеменшік үйлердегі жылуды қолдану үшін қамтыды.

Осы­лайша 2008 және 2010 жылдар ара­лығындағы мерзімде осы мақсаттарға рес­публикалық бюджеттен 10 млрд теңгеден астам қаражат, соның ішінде атаулы әлеу­меттік көмек көрсетуге – 3,37 млрд теңге, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәр­демақыларға – 6,8 млрд теңге бағытталды. Бұған қоса елімізде жоғарыда айтылған әлеуметтік көмектің үш түріне қоса жер­гілікті өкілдік органдардың шешімі бойын­ша әлеу­меттік қолдаудың қосымша тағы 30 түрі көрсетіледі.Табысы төмен от­ба­сыларға әлеуметтік көмек көрсету – от­ба­сы­ның өмірлік проблемаларын тұрақты шешетін әрекет емес. Ол тек қана кедейлік проблемаларын шешуге бағытталған қо­сымша әлеуметтік қолдау болып табылады. Ал ең негізгі күшті біз лайықты еңбек жағ­дайын жасауға бағыттауымыз қажет. Тұрғын үйге құқық ең іргелі құқықтардың бірі болып табылады. Ол балалардың өзге конституциялық құқықтарын: тәрбиелену мен өмір сүрудің қолалы жағдайларына құқығын, денсаулығын сақтау мен медициналық көмекке, жеке басына ешкімнің тиіспеуіне, білім алуына құқығын іске асырудың мүмкіндігін айқындайды. Осыған байланысты көп балалы отбасыдан шыққан балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемасын шешу – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Соңғы статистикалық мәліметтер бойынша елімізде 109 мың көп балалы ана бар. Осы халық санатының тұрғын үй жағдайларын зерттеу көптеген отбасыларының жатақханалардағы бір бөлмеде 6-8 адамнан тұратынын немесе саяжай үйшіктерін жалдап тұратынын көрсетті. Сауалнама жүргізу нәтижелері бойынша көп балалы отбасыларының 40 % ның жекеменшік тұрғын үйінің жоқ екені, отбасыларының 90 % ның үй жайлары санитарлық гигиеналық жағдайларға сәйкес келмейтіні анықталды. Көп балалы отбасылар табысы төмен болғандықтан және тұрақты жалақының жоқтығынан тұрғын үй сатып алуға мүмкіндігі жоқ, ал оларды мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегіне қою осы тұрғын үй қорына бөлінетін көлемдердің үлкен еместігіне байланысты жағдайды өзгерте алмайды.

Тоғыз баланың ауданы 18 шаршы метр бөлмеде тұру жағдайлары баланың тек тұрғын үйге ғана емес, сонымен бірге лайықты өмір сүруге құқығын бұзу фактілерін білдіреді. Мемлекеттің әл ауқаты артып келе жатқан жағдайда, көп балалы отбасыларындағы осындай жағдай еңсерілуге тиіс. Жергілікті атқарушы органдар шағымданушы көп балалы отбасыларына және Адам құқықтары жөніндегі уәкілге берген жауаптарында тұрғын үй алу және тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін кезекке тұру қажет екеніне сілтеме жасайды, алайда жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлердің жоқтығына байланысты бұл шара мемлекетке қойылатын талапты формальды түрде өздерінен ысырып тастау рәсіміне айналуда. Көп балалы отбасыларынан келіп түсетін тұрғын үй алу туралы өтініштердің астында қалған мемлекеттік органдардың мұндай формализмі балалардың құқықтарына немқұрайдылықпен қараудың бір көрінісі болып табылады. Нәтижесінде балалар не халықаралық, не ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін бұрынғы жағдайларында тұруға мәжбүр болып қалуда.

Тұрғын үйге құқығын іске асыру кемтар балалар тәрбиеленетін отбасыларында да проблемалы болып отыр. Ұлттық заңнама кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар үшін тұрғын үй ғана емес, сонымен қатар қосымша жеке бөлме беруді көздейді. Мүгедектер тұратын тұрғын үй-жайлар мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес арнаулы құралдармен және керек-жарақпен жабдықталуға тиіс. Алайда, өкінішке орай, кемтар балалар жаңадан салынып жатқан тұрғын үйдің жоқтығына байланысты өзінің тұрғын үйге құқығын іске асыруына мүмкіндігі жоқ.

Кемтар балалардың тұрғын үй құқықтары туралы қамқорлық мүгедектерге білім беру және денсаулығын сақтау мәселелері сияқты көңіл бөлуді және үдемелі жұмысты қажет етеді. Кемтар балаларға тұрғын үй беру барлық қоғам мүшелеріне бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз ету жөніндегі саясаттың бір бөлігі болып табылады. Адамның ар-ожданына құрметпен қарау дербес әрекет ете алмайтын қоғам мүшелеріне қатысты қолдау мен қамқорлық үшін ұжымдық жауапкершілікті білдіреді. Адамды құрметтеу, атап айтқанда тұрғын үй жағдайларын жасау арқылы құрметтеу, ақыл-ой және дене кемістігі бар адамдарға қоғамдық мәнді шешімдер қабылдауда қатысуға мүмкіндік береді.

Балалардың құқықтарын сақтау саласындағы халықаралық стандарттар мемлекеттердің ата-аналарға және осы балаларды тәрбиелеуші адамдарға осы құқықты жүзеге асыруда көмек көрсету және қажет болса, әсіресе тамақпен, кіммен және тұрғын үймен қамтамасыз етуге қатысты материалдық көмек пен қолдау көрсету жөнінде қажетті шараларды қабылдау қажеттігі туралы нормаларды қамтиды. Ересектерге тұрғын үй беру мемлекеттің адамға деген қамқоршылдық көзқарасымен қабаттасып жатқандықтан, осындай көмекті балалардың алуы асыраушылық болуы мүмкін емес, өйткені балалар объективті себептерге орай өзінің тұрғын үйге құқығын іске асыруды қамтамасыз ете алмайды. Осыған байланысты мемлекет балалардың тұрғын үйге құқығын іске асыруы үшін барлық ықтимал шараларын қабылдауға тиіс.

Негізінен, біз – көпбалалы аналарды қолдаушы мемлекет­тердің біріміз. Дегенмен елдегі көпбалалы аналарға әлі де жоғары деңгейде көмек бере алмай отыр­ғанымыз бар. Көршілес Ресей бұл ретте «Мате­ринский капитал» бағдарламасын іске асырып келеді. Жапон елінің «Ба­ла капиталы» бағдарламасы да айтуға тұрарлық. Осы елдер тәрізді бізде де жаңа туған балаға мемлекет тара­пынан қомақты көлемде инвестиция бөлінсе, халықтың әлеуметтік жағ­дайы анағұрлым жақсаратын еді.Соңғы 8 жылда төрт және одан да көп баласы бар отбасы 7% өсті. , 2003 жылы төрт және одан да көп баласы бар отбасылар барлық отбасылардың 13%-ын құраса, 2011 жылы олар 20 %-ға жетті. «Қазіргі уақытта Қазақстанда ана мен баланы қорғаудың тұтас жүйесі қалыптасып, жұмыс істеуде. Егер 2007 жылы бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақыны 208 мың әйел алған болса, бүгінгі күні осы жәрдемақыны 434 мың отбасы алады. Сонымен қатар, 290 мың отбасы оны орташа еңбекақысы есебінен МҚӘС-тан 40% көлемінде алады.
Біздің елі­мізде дүниеге келген әрбір балаға және оның бір жасқа толғанша күтіміне арналған балалар жәрдемақысы қарасты­рылған. Егер баланың үлкенінің жасы 18-ге толмаған болса, онда отбасының көп балалы, яғни, 4 немесе одан да көп балалы отбастарына тиісті берілетін жәрдемақысын алуына құқығы бар. Ал, егер отбасының үлкені оқу орнының күндізгі бөліміне оқуға түсетін болса, онда жәрдемақы 23 жасқа дейін төленетін болады. Ай сайынғы жәрдемақы 6006 теңгені құрайды. Жәрдемақыны алу үшін мынадай құжаттар қажет: жеке бас куәлігі, ӘЖК, СТН, баланың туу туралы куәлігі, үй кітапшасы және банктегі есепшот нөмірі. Бұдан басқа, бір жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты жәрдемақыны да алуға құқылы.

Кесте 9. 2012 жылғы мемлекеттен балалары бар отбасыларға төленетін жәрдемақылардың мөлшері

Реті

Жәрдемақы түрі

Еселенген айлық есептік көрсеткіш

2012ж.01.01. бастап айлық есептік көрсеткіш

2012ж.01.01. бастап мөлшері

1

Бала тууына байланысты төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы

30

1 618

48540

2

Төртінші және одан кейінгі балаларға тууына байланысты төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы

50

1 618

80900

3

Бірінші балаға күтімі жөніндегі 1 айлық жәрдемақы

5,5

1 618

8899

4

Екінші балаға күтімі жөніндегі 1 айлық жәрдемақы

6,5

1 618

10517

5

Үшінші балаға күтімі жөніндегі 1 айлық жәрдемақы

7,5

1 618

12135

6

Төртінші және одан кейінгі балаларға күтімі жөніндегі 1 айлық жәрдемақы

8,5

1 618

13753

7

Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы

1

17 439

17 439

4-кестеде 2012 жылғы мемлекеттен балалары бар отбасыларға төленетін жәрдемақылардың мөлшері көрсетілген. Бала туылғанда берілетін жәрдем­ақы отбасында дүниеге келген әрбір бірінші, екінші, үшінші балаға 30 айлық есептік көрсеткіш немесе 48540 теңге мөлшерінде беріледі. Баланың күті­міне арналған жәрдемақы отбасындағы баланың туу ретінің санына қарай бірінші балаға – 8899 теңге, екінші балаға – 10517 теңге, үшінші балаға – 12135 теңге, төр­тін­ші және одан кейінгі балаға – 13753 теңге мөлшерінде белгіленген. Сонымен қатар 2010 жылдан бастап елімізде демо­графиялық ахуалды арттыру үшін сондай-ақ қоғамда көпбалалы аналардың дәре­жесін көтеру мақсатында төртінші және одан кейінгі туылған балаларға берілетін біржолғы жәрдемақы мөлшері 30-дан 50 айлық есептік көрсет­кішке дейін арттыры­лып, ағымдағы жылы оның мөлшері 80900 теңгені құрады. Аталған жәрдем­ақы­лардың мөлшері жұмыс істемейтін отба­сыларына және отбасының табысына тәуел­сіз төленеді. 2010 жылы бізде 329,2 мың адам бала тууына бай­ланысты 15,2 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы алса, бала күтіміне байланысты жәрдемақымен 130,6 мыңдай адам қам­тылып, оған жұм­салған қаржы көлемі 19,1 млрд теңгені құрады. Бұған қоса 2008 жылдан бастап әлеуметтік сақтандыру жүйесіне екі қосым­ша әлеуметтік тәуекел енгізіліп, жұмыс істейтін әйелдерге Әлеу­меттік сақ­тан­дырудың мемлекеттік қорынан жүкті­лігіне және тууына, жаңа туған баланы асы­рап алуына байланысты, бала бір жасқа тол­ғанға дейін оның күтімімен айналысуына байланысты әлеуметтік төлемдер төле­неді.

Осыған орай жұмыс істейтін әйел:

а) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілігі және босануы жөніндегі әлеуметтік төлемді (табысына қарай);

ә) республикалық бюджеттен, жоғарыда көрсетілгендей, әрбір туылған балаға рет санына қарай 30 немесе 50 АЕК мөлше­рінде бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақыны;

б) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді ала­ды, оның мөлшері әлеуметтік аударым­дар есептелген табыстың 40 пайызын құ­райды. Ал әлеуметтік төлемдердің ең төмен мөлшері – мемлекеттік сақтандыру қоры­нан берілетін бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі жөніндегі ай сайынғы мемле­кеттік жәрдемақының мөлшерінен кем болмайды. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілігі және босануы жөніндегі әлеуметтік төлемді 2010 жылы 128,9 мың адам 26,0 млрд теңге көлемінде және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді 267,6 мың адам, жалпы сомасы 25,7 млрд теңге көле­мінде алды. Сондай-ақ 2010 жылдан бастап көп­балалы аналарды әлеуметтік қолдау жө­нінде қосымша шаралар іске асырылуда: Мемлекет 2010 жылдан бастап “Алтын алқа” және “Күміс алқа” белгілерімен көп балалы аналарды марапаттау шарттарын өзгертті.

«Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапаттау шарттары өзгертілді. Оның ішінде қолданыстағы заңнамада «Алтын алқамен» марапаттау үшін олар туған және тәрбиелеген бала саны оннан жетіге, ал «Күміс алқа» сегізден алтыға дейін азай­тылды. Сонымен қатар, оларға берілетін арнайы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 3,9 айлық есептік көрсеткіштен 6 айлық есептік көрсеткішке көбейтілді.

Жоғарыда аталған алқалармен марапатталған аналарымыздың жәрдемақы мөлшерi бiрдей, ол 8 478 теңгенi құрайды. "Алтын алқа" мен "Күмiс алқа" иегерлерiне төленетiн жәрдемақы мөлшерi отбасының табысын есепке алмай тағайындалады. «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерімен, І және ІІ дәрежелі «Ана даң­қы» ордендерімен марапатталған, «Батыр ана» атағына ие көпбалалы аналарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы 2010 жы­лы 1,5 есеге көбейтіліп, 2011 жылы оның мөлшері ай сайын 9 240 теңгені құ­рады. Осынау іс-шаралар демогра­фия­лық жағ­дайға және елде бала туудың артуы­на игі әсер еткені анық. Айталық, 2003 жылы елде 248 мың бала өмірге келсе, 2007 жылы шамамен – 322 мың, ал 2009 жылы 357 552 бала туды. Бұл өзгеріс­тердің барлығы өз кезегінде көп­балалы аналардың беделі мен абыройын көтеруге, олардың бала тәрбиесі, отбасын нығайтуға және де­мографиялық ахуалды жақсартуға ықпалын тигізері сөзсіз. Жалпы, біздің мем­лекетіміз – демографиялық ах­уал­­ды кө­теруге, ана мен бала денсаулығына жіті назар аударуға, көпбалалы аналарға қол­дау жасауға аса мән беріп отырған елдердің бірі. Соңғы кездері біздің қоғамда ұлттық кәсіби жұмысшы табын көтеру жайы жиі қозғалады. Осыған байланысты елімізде бүгінде мамандарды даярлау және қайта даярлау, «Жол картасы» жобасы мен индустрияландыру жобасын іске асыру үшін қажетті және елімізге шетелдік мамандар тартылатын мамандықтар бойынша дайындау жүргізілуде. Осы мақсатта индус­трия­ландыру жобаларына мамандықтар даярлауға, мемлекеттік білім тап­сырысын арттыруға ерекше назар аударылуда.

Осыған орай, еңбек нарығын қамтамасыз ету елімізде жеткілікті дәрежеде орындалуда. Сонымен бірге 2011 жылы кадрларды даярлау «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында жалғасын табады.
Жол картасы аясында қабылданған шаралар еңбек нарығындағы жағдайға және жалпы еліміздегі жұмыссыз халық санын тұрақтандыруға оң әсерін тигізді. ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша 2009 жылы жұмыссыздық деңгейі 6,6 пайызды құраса, 2010 жылдың IV тоқсанында алдын ала мәліметтер бойынша бұл көрсеткіш 5,5 пайызды құрап отыр. Бағамдасақ, елдегі жұмыссыздық деңгейінің көрсеткіші төмендеп келеді. Ендігі кезекте біз ұлттық кәсіби жұмысшы табын қалыптастыруға баса назар аударғанымыз абзал. Елде ұлттық кәсіби жұмысшы табын қалыптастыру еңбек белсенділігін арттырып қана қоймайды, бұл үрдіс қазақ ұлтының ұйысып береке-бірлігінің арта беруіне үлкен ықпал етеді.

Халықтың бала туу деңгейін көтеріп, өлімді азайту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру демографиялық саясат пен отбасын нығайтудың 2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі мақсаты болып табылады. Сондай-ақ, онда 2010-2020 жылдар аралығында елімізде бала туу көрсеткішінің артуына қолдау көрсету, өлім көрсеткішін төмендету, миграциялық көрсеткіштерді оңтайландыру, отбасыларға жағдай жасау шарттары көзделген. 2020 жылға қарай балаға босану кезінде қайтыс болатын аналар санын 100 мың адам ішінде 15-ке дейін, сәбилердің шетінеуін 100 мың адамның ішінен 12 оқиғаға дейін төмендету, әйелдер мен еркектердің өмір сүру ұзақтығының ара айырмашылығын биылғы 10,5 жылдан 2020 жылы 8 жылға дейін қықарту көзделген. Сонымен қатар, жәрдемақы көлемін арттыру, жас отбасылардың баспаналы болуы, еліміздегі мүгедектер мәртебесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру, халық өсімін шет елдегі қандастарымызды тарту есебінен көбейту қарастырылған.

Республика Президенті Н.Назарбаев “Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы” атты Қазақстан халқына Жолдауында “Уақыт өтіп, қазына кірісі өскенде мемлекет үшін де, отбасын қолдауға тиімді демографиялық саясат үшін де қолайлы нысанда аналар мен балаларға мемлекеттік қолдау көрсетуге қаражат табамыз” деген болатын. 2006 жылдан бастап Мем­лекет басшысының тапсырмасы бойынша балалы отбасыларды қолдаудың тұтас жүйесі жасалды. Ол жүйе барлық отбасылар үшін бала туған кезде біржолғы жәрдемақы төлеуді, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақы төлеуді, аз қамтамасыз етілген отбасылардағы 18 жасқа толмаған балалар үшін жәрдемақы төлеуді қарастырады. Балалар жәрдемақысының мөлшері отбасындағы балалар санына қарай сараланады. Бірінші, екінші және үшінші бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы 30 АЕК-ті құраса, төртінші және одан кейінгі ба­лаларға 2010 жылдан бастап 50 АЕК төленеді.

Әлеуметтік төлемнің жаңа түрі – мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға 2010 жылдан бастап ең төмен жалақы мөлшерінде жәрдемақы енгізілді және мұндай мемлекеттік көмек түрі Қазақстан азаматтарына бұрын берілмеген болатын. 2010 жылдан бастап 28 мыңға жуық азамат алатын болады. Отбасында 2 және оданда көп мүгедек бала болған жағдайда жәрдемақы әрбір азаматқа бөлек тағайындалады.

Демографиялық ахуалды жақсарту және балалы отбасыларын қолдау мақсатында «Қазақстан Республикасының заң актілеріне азаматтардың кейбір санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасы жасалды, онда 2010 жылғы қаңтардың 1-інен бастап: төртінші және одан да көп бала туғандарға берілетін біржолғы жәрдем мөлшерін 30-дан 50 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту көзделген. Жәрдемақы мөлшері 70650 теңгені құрайды. Бір жасқа толғанға дейінгі бала күтімі жөніндегі ай сайынғы жәрдемақылар мөлшері: бірінші балаға 7773 теңге, екінші балаға – 9158, үшінші балаға -10598 теңге, төртінші және одан көп балаға – 12011 теңге берілмек. Сонымен қоса мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға еңбеқақының төменгі мөлшерінде 17439 теңге жәрдемақы енгізілді. «Алтын алқамен» он бала емес, жеті бала тәрбиелеп отырған, ал «Күміс алқамен» алты бала тәрбиелеп отырған аналар марапатталатын болады. Бұл наградаларға ие болған көп балалы аналар 8 мың теңгеден астам мөлшерде ай сайынғы арнаулы мемлекеттік жәрдемақысына ие болмақ. Ана мен баланың денсаулығын қорғау бағдарламасына сәйкес көптеген жұмыстар жасалып жатыр. Жыл сайын 400 отбасы көмек алып отырады. Оған бюджеттен 182 миллион 952 мың теңге бөлінген. Зейтақы мәселесін шешу әлеуметтік саланың басты проблемасы. 2010 жылы мемлекеттің әлеуметтік төлемдерді ұлғайту жөніндегі барлық міндеттемелер іске асып келеді. Аталмыш жылдың қаңтар айынан бастап зейнетақы төлемдері 25 пайызға көбейтілді. Нақтырақ айтқанда, төменгі зейнетақы - 18 325 теңгені, орташа – 27 481 теңгені, ең көп зейнетақы- 40 001 теңгені құрайды. Бірақ мемлекет тарапынан көмек жасалып отырса да, бүгінгі күнгі проблема азаяр емес.

Қоғамда ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балалар санының өсуі байқалады. Жыл сайын олардың саны өсуде, және де бұл балалардың аз бөлігі ата-аналарының қайтыс болуына байланысты олардың қамқорлығынсыз қалғандар. Қалғандары «әлеуметтік жетімдік» дейтін құбылысқа жатады, яғни ата-аналары бар тірі жетімдер.

Балалардың қорғаныс дәрежесі - кез келген өркениетті қоғамның, мемлекеттік саясаттың әлеуметтік бағыттылығының басты көрсеткіші. Балалар - әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздықтан ең көп дәрежеде зардап шегетін азаматтардың санаты. Отбасы дағдарысы, көп отбасылардың ауыр материалдық жағдайы, дәстүрлі отбасылық қатынастардың күйреуі, ажырасулар санының артуы балалардың жағдайының нашарлауына елеулі әсер етеді.

Ата-аналары бар тірі жетім балалардың санының артуының негізгі себептері отбасының әлеуметтік беделінің түсуі, оның материалдық және тұрғын үйге байланысты қиындықтары, некесіз туудың өсуі, өмір салтын қоғамда қалыптасқан имандылық принципін басқаша ұстайтын ата-аналар пайызының жоғарылығы болып табылады. Осыған орай ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау Қазақстанда өте жоғары маңызға ие болуда, ал мұндай қорғаныс әдістерінің бірі тиісті нормативтік құқықтық база құру болып табылады.

Мемлекет алдындағы басты міндет қоғамның аз қамтамасыз етілген тобын қорғауға алу. Жалпы алғанда қоғамның әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген тобын қорғауға алу дегеніміз әлеуметтік көмек берумен ғана шектелмейді. Оған дәрігерлік, әлеуметтік-гигиеналық, санитарлық-ағарту және т.б. шараларды ұдайы жүргізу барысында ғана жетістікке қол жеткізуге болады. Қоғамда жүргізілген әлеуметтік зерттеулер осыны көрсетіп отыр. Отбасында, адамның жеке өмірінде болып жатқан әлеуметтік олқылықтарды жою дегеніміз оның пайда болу себебімен түбегейлі күрес жүргізуді көрсетеді.

Әдістемелік негіздемелерге назар аударсақ, ауруды, сонымен қатар сәбилердің шетінеуі, аналардың жаңа туған баласынан бас тартуы сияқты қоғамдағы келеңсіз жағдайлармен күресуде әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларымен, жетім, қараусыз және де қадағалаусыз қалған балалармен жұмыс жүргізуге көңіл бөлінуі тиіс. Яғни, бұдан түсінетін түйін адамдардың адами қасиетке жат істерге баруы, соның ішінде тәрбиеден алыс қалуы себеп болады. Мұның соңы адамды азғындық жолға түсіреді.

Толық немесе толық емес, отбасындағы ата-аналарының екеуі немесе біреуі алкогольды ішімдіктерді немесе есірткі қолданатын немесе жүйке ауруларымен ауыратын болса, сондай-ақ материалдық тұрмыс жағдайы нашар жалғызбасты аналар, жайсыз әлеуметтік-психологиялық ортадан зардап шегетін, ерте неке құрған және т.б. отбасылар әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар қатарына жатады. Әрине, бұған келіспейтін адамдар да болуы мүмкін. Себебі өмірден небір қиыншылық көрсе де азғындық жолға түспей балаларына қамқор болған жалғыз басты аналар мен абзал әкелер аз болмаған.

Әлеуметтік жағдайы төмен отбасында тәрбиеленген балалар көп жағдайларда әлеуметтік-гигиеналық тұрғыдан зардап шегеді, әрі олардың арасынан шыққан баланың денсаулығы да нашар болады. Мұндай отбасындағы баланың құқы да бұзылып жатады. Аурушаңдық, қайтыс болу, отбасында балаларды қатаң ұстау, әлеуметтік жетімдік, қараусыз және қадағалаусыз қалған балалар көп жағдайларда әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларында көбірек орын алады. Осыған орай әлеуметтік тұрғыдан қолайсыз жағдайға тап болған отбасыларды анықтау үшін учаскелік қызмет, аурухана мен емхана, ішкі істер органдары, халықты әлеуметтік қорғау мен білім беру мекемелері өз ара тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізуі қажет. Осындай жағдайда ғана жетістікке қол жеткізе аламыз. Яғни мәселені асқындырмай әлеуметтік мұқтаждықтың алдын алу үшін санитарлық, профилактикалық - емдеу шаралары бірден қолға алынғаны жөн. Біз дәрігерлер қауымы көп жағдайларда аурудың салдарымен күресуге негізгі күшті жұмсаймыз. Яғни аурудың себебі назардан тыс қалады да келеңсіз жағдайлар қайталана береді.

Енді мына деректерге назар аударып көрейік. Әлем бойынша 5-9 жас аралығындағы балалар арасында жарақат алу, улану, өлім, өзін-өзі өлтіру және өзге де себептер 69 пайызды құрайды екен. Әр 100000 балаға шаққанда 3331-баладан келеді. Ал, жасөспірім жасындағы балалар өлімінің себептері 84 пайыз, әр 100000 балаға 122,4 баладан келеді. Әлеуметтік сауалнама көрсеткендей, көбінесе осындай жағдай 100% қолайсыз отбасыларының кінәсінен болады. Өкінішке орай, осыдай отбасындағы ата-аналардың балалары алдындағы жауапкершілігі әлі де болса төмен. Олар өз жауапкершіліктеріне селқос қарайды.

Отбасы (анасы әсіресе жалғызбасты болса) өзінің заңды құқығы мен әлеуметтік кепілдемесі жөнінен толық хабардар болуы тиіс. Бала туған сәттен бастап педиатрлар мен медбикелер патронажды мақсаттағы жұмыстарды бірінші болып қолға алуға міндетті.

Кесте 10. Халықтың тұрмыс деңгейінің индикаторлары.

Индикаторлар

2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейі шамасынан төмен халықтың үлесі1), %

33,9

31,6

18,2

12,7

12,1

8,2

Қала

23,4

20,2

13,6

6,9

8,1

4,1

Ауыл

47,1

45,6

24,4

18,1

15,9

12,1

2

Табысы азық-түлік қоржыны құнынан төмен халықтың үлесі1), %

6,3

5,2

2,7

1,4

1,2

0,6

Қала

3,9

2,4

1,8

0,7

0,6

0,2

Ауыл

9,4

8,5

3,8

2,1

1,7

0,9

3

Кедейліктің тереңдегі 1), %

8,3

7,5

3,9

2,4

2,3

1,3

4

Кедейліктің өткірлігі 1), %

2,9

2,5

1,3

0,8

0,7

0,3

5

Үй шаруашылықтарының (тұтынуға пайдаланылғын) табыстары, орта жан басына шаққанда, теңге

8 387

9 751

13 723

16 935

20 037

21 348

қала

9 860

11 504

16 121

19 865

23 365

25 008

ауыл

6 560

7 599

10 527

13 687

16 271

17 136

6

Тұтынуға пайдаланылған табыстың күнкөрістің ең төменгі шамасымен арасалмағы, %

123,6

128,0

163,2

175,4

162,1

168,6

7

Халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары, теңге

12 817

15 787

19 152

25 226

329843)

34 8283)

8

Нақты ақшалай табыстар индексі, %

113,8

114,5

111,7

118,9

111,83)

96,93)

9

Жан басына шаққандағы халықтың ақшалай шығыстары, теңге

7 500

8 800

12 602

15 516

18 324

19 718

қала

9 349

10 990

15 535

19 172

22 569

24 220

ауыл

5 206

6 111

8 691

11 465

13 520

14 537

10

Халықтың 10% ең аз және 10% ең көп қамтамасыз етілген топтарының арасалмағы (қорлар коэффициенті) 2), есе

6,8

6,8

7,4

7,2

6,2

5,3

11

Табыс концентрацияның коэффициенті (Джини индексі)

0,305

0,304

0,312

0,309

0,288

0,267

12

Үй шарауашылықтарының орта мөлшері, адам

3,5

3,5

3,4

3,4

3,3

3,4

қала

3,1

3,0

3,0

2,9

2,9

3,0

ауыл

4,3

4,2

4,1

3,9

3,9

4,0

Дерек көзі: www.afn.kz

Жоғарыда көрсетілген кесте бойынша, табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейі шамасынан төмен халықтың үлесі 2005 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 25,7 пайызға азайған, соның ішінде қала тұрғындарының тұрмыс деңгейі ауылдықтарға қарағанда жоғары екені айқын 2010 жылы қала тұрғындарының күнкөрістің ең төменгі деңгейі 4,1, ал ауыл тұрғындарының 12,1 пайыз болып келеді. Табысы азық-түлік қоржыны құнынан төмен халықтың үлесі бойынша 2010 жылдан 2005 жылы 5,7 пайызға төмендеген, соның ішінде қала тұрғындары арасында 3,7 пайызға, ал ауыл тұрғындары арасында 8,5 пайыз. Кедейліктің тереңдегі 2005 жыл мен 2010 жыл аралығында 7 пайызға, кедейліктің өткірлігі 2,6 пайызға төмендеген. Үй шаруашылықтарының (тұтынуға пайдаланылғын) табыстары, орта жан басына шаққанда 2005 жыл мен 2010 жыл аралығында 12961 теңгеге, соның ішінде, қала тұрғындары 15148 теңгеге, ауыл тұрғындары 10576 теңгеге артқан. Тұтынуға пайдаланылған табыстың күнкөрістің ең төменгі шамасымен арасалмағы 45 пайызға көбейген. Халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 22011 теңгеге көбейген, ал нақты ақшалай табыстар индексі 16,9 пайызға төмендеген. Жан басына шаққандағы халықтың ақшалай шығыстары 12218 теңгеге , қала тұрғындары бойынша 14871, ауыл тұрғындары бойынша 9331 теңгеге көбейген. Үй шарауашылықтарының орта мөлшері соңғы жылы 0,1 пайызға төмендеген, соның ішінде қала тұрғындары бойынша 0,1 пайызға, ауыл тұрғындары бойынша 0,3 пайызға төмендеген.

Адамның өмір сүру ортасы денсаулыққа әсер ететіні белгілі, ал оның ішінде отбасының әлеуметтік және психологиялық жағдайы болып саналады. Медицина ұжымының сауатты әрі білікті әлеуметтік - ағарту жөніндегі жұмысы отбасының салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі біліктілігін арттырады, бала мен ананың өзара қарым-қатынасын жақсартуға әсер етеді. Педиатрлық учаске жұмысын жоспарлаған кезде әлеуметтік жайсыз отбасыларындағы жас туған балаларға жиі барып тұруды ескерген жөн. Дәрігер тек қана өз міндеті шегінде көмек көрсетумен ғана шұғылданбай ауруға соқтыратын әрбір оқиғаның алдын алу мақсатында жұмыс істеуі тиіс. Соның ішінде балалар поликлиникасында медициналық-әлеуметтік көмек көрсету қызметін құру бағытында төмендегідей шараларды колға алған жөн:

- жайсыз отбасыларында үйде дәрігерлік көмек көрсетуді іске асыруға және де медициналық-психологиялық, медициналық-әлеуметтік шараларды ұйымдастырып, отбасының әрбір мүшесі мен әсіресе балаларды есепке алуға;

-кәмелетке толмағандарға тікелей жеке көмек көрсетуге, әлеуметтік-құқықтық жағынан қорғауға, қолданыстағы заңға сәйкес отбасының заңды мүддесін қорғауға, отбасында балалар мен әйелдерге қысымшылық жасау оқиғаларын анықтап, қажетті шаралар қолдануға:

-«қауіпті» және девианттық мінез-құлқы бар балаларды анықтауға, алкогольды ішімдіктер, есірткі және токсикомания, шылым шегу, өзіне-өзі қол жұмсау, бос жүруге бейімделген балаларды айқындауды іске асыруға:

-әлеуметтік белсенділікті түзетуді жүзеге асыруға, ауыр тұрмыс жағдайында қалған әйелдер мен балаларды сауықтыруды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызуды жан-жақты қарастыруы қажет.

Жалпы алғанда, халыққа ақпарат беруді жақсарту, салауатты өмір салтын қалыптастырудың жаңа технологияларын енгізу, балалар поликлиникасының рөлін арттыру, әлеуметтік тұрғыдан қамқорлықсыз қалған балалардың санын кемітуге оң әсер етеді.

2.3 Қазақстандық отбасылардың әлеуметтік мәселелерінің статистикалық көрсеткіштеріне сипаттама

Қазақстанда 4 млн.асатын отбасы бар, олардың ішінде 5 және одан асатын адамнан құралған отбасылар көбірек кездеседі (30 %). 5 және одан көп баласы бар аналар саны– 300 мың. Бір үйде тұратындардың саны шамамен 4,1 адамға тең. Отбасыл­ар­дың 70 пайызға жуығының құра­мын­да 3-тен 5-ке дейін адам бар.

Жыл сайын 140 мыңнан аса неке тіркеледі. Әрбір тіркелген некенің төртіншісі бұзылып жатады, олардың саны 40 мыңнан асып түседі. Балалы аналар саны 444,8 мың, бұл жалпы отбасылар санының 10,7% -н құрайды.

Бірінші некелесу бойынша әйелдердің орташа жасы 24,2, ерлерде – 26,9. Некелесу барысындағы әйелдер мен ерлердің жас айырмашылықтары едәуір ерекшеленеді: 19 жасқа дейін әйелдердің 12%-і және ерлердің небәрі 3% -і; 20-25 жаста - әйелдердің 48%-і және ерлердің 32% -і некелеседі. Осылайша, 25 жасқа дейін некелесетін әйелдердің үлестік салмағы 60%-ті, ал осы жастағы ерлердің - 35%-ті құрады.

Ең жоғары бала туу коэффициенті бала туатын жастағы 1000 әйелге шақанда 20-24 жас аралығындағы топтың үлесінде - 136,62 . Қалаларда ол 124,44 –ті құрайды; ауылдық жерлерде -156,42. Республикада бала туу деңгейі өсіп келеді, ол 2010 жылы 1000 туылғанға шаққанда 22,8 –ді құрады. Өткен жылы туылған нәрсетелер саны 360 мыңнан асады.

Кесте 11. Қазақстандық отбасылардың 1999-2009жыл аралығындағы саны және орташа көлемі

Отбасылардың саны,

Бірлік

Отбасылардың орташа көлемі, адам

1999

2009

1999

2009

Барлығы

3532167

4022388

4,0

3,5

Қала

2158972

2233496

3,6

3,2

Ауыл

1373195

1788892

4,6

3,8

Кестеде соңғы Халық санағы бойынша он жыл ішіндегі отбасы саны берілген. Соның ішінде қалалық және ауылдық отбасылар саны бөлініп көрсетілген. Мемлекетте отбасының саны 13,8% ұлғайды, соның ішінде 1999 жылғы Халық санағына қарағанда қалалық отбасылар 3,4%, ауылдық отбасылар 30,3% көбейді. Алайда отбасылардың орташа көлемі қалалық, сондай-ақ ауылдық жерлерде төмендеуге бет алды. Отбасының орташа көлемі 2009 жлдың Халық санағы бойынша 3,5 адамды құрады.

Біздің мемлекетімізде басты назарға алынған жалпы денсаулықты және оның ішінде ұрпақ өрбіту денсаулығын қорғау ісі әйелдер мен ерлер денсаулығын қорғаумен қатар әр отбасының да денсаулығын қорғау болып табылады, бұл ұлт саулығына, гендік қордың саулығына ықпал етеді.

Қазақстанда толық емес отбасылар саны өсіп кеткен. Балалы әйелдерден тұратын отбасылар 445 мыңға жетсе, әке мен баладан тұратын отбасылар саны 42 мыңға жеткен. Елімізде еркектерге қарағанда әйелдердің саны артып келеді. Еркектердің арасында өлім саны көбеюіне байланысты, гендерлік тұрғыдан тепе-теңдік бұзылып отыр. Мысалы, бүгінгі 30 жастағы 10 еркектің төртеуі 60 жасқа дейін өмір сүрмейді, соның нәтижесінде жесірлер мен әкесіз қалған балалар саны артып отыр. Бұл отбасында табыс кірісін жеткіліксіз етумен қатар, оның мүшелерінің білім алу мүмкіндігін шектейді. Толық емес отбасылар мен некесіз туған балалардың үлес салмағының артуының тағы бір себебі азаматтардың, әсіресе жастардың елеулі бөлігі шетелдің бізге жат әдеттері бойынша ресми некесіз тұрып жатыр. Қазіргі уақытта Қазақстанда 5 миллионнан астам бала тұрады, олардың ішінен 2,5 милионнан астам балалар республиканың мектептерінде білім алуда, дамуында мүмкіндігі шектеулі балалардың 149 мыңнан астамы анықталған, ішкі істер органдарының есебінде 13 мыңнан астам жағдайы ауыр отбасылар және 27 мыңнан астам балалар тіркелген, шамаман 16 мыңға жуық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар толықтай мемлекет қамқорлығына алынған. Қазақстанда некесіз туған балалардың саны 2005-2009 жылдары 352 мың 400 адамды немесе осы кезеңдегі туылған балалардың 21,8% құрады. Бүгін Қазақстанда аз балалы отбасылар саны артуда. Үй шаруашылықтарының тек 6 пайызында ғана 4-тен көп бала тәрбиеленсе, тең жартысында жалғыз бала өсуде, үштен бірінде екі бала ғана бар. Ал әрбір бесінші бала ресми некеден тысқары өмірге келуде. Бұл Отбасы институтындағы дағдарыс - әлемдік құбылыс. Қазақстанда да отбасы институты күрделі өзгерістерге ұшырауда. Қазір елде аз балалы отбасылардың басым түсетіндігін, ал көп балалы отбасылардың, негізінен, оралмандар есебінен толығып отырғанын тілге тиек етті. Отбасы институты әлсіреуінің бір тетігі - тұрғындардың денсаулығының нашарлауы. Мысалы, қазір республикада әйелдер денсаулығының индексі 30 пайыз болса, экологиялық апат аймақтарында бұл көрсеткіш - 10-20 пайыз ғана.

Статистика мәліметтері бойынша елiмiзде 109 мыңнан астам көп балалы ана бар. Еліміздегі бұл көрсеткіш әлі де аз десе де болады. Мемлекет бұл көп балалы отбасылардың өзін толық қамтамасыз етіп отырған жоқ, осы себептен де, яғни отбасылар толық қамтамасыз етілмегендіктен, көп балалы отбасылар саны артпай жатыр.

Отбасында бала саны азайып қана қоймай, ерлі-зайыптылардың ажырасуы да арта түсуде. Қазір әрбір төртінші отбасы күйреуде. Әрбір төртінші неке ұрпақсыз болса, ерлі-зайыптылардың үштен бірінде бұл ерлердің кінәсінен болған. Әкелердің бала тәрбиесіндегі ықпалы әлсіреуде. Әйел жалғыз өзі баласын асырайтын отбасылар саны өсуде, ондай аналардың саны жарты миллионға жетеді. Ешқашан некеге отырмағандар қатары да көбейіп, әрбір бесінші бала ресми некеден тысқары өмірге келуде. Отбасы институты әлсіреуінің бір тетігі - тұрғындардың денсаулығының нашарлауы деп санайды депутаттар. Мысалы, қазір республикада әйелдер денсаулығының индексі 30 пайыз болса, экологиялық апат аймақтарында бұл көрсеткіш - 10-20 пайыз ғана. Бала туу жасындағы әйелдердің жартысынан астамы анемиядан жапа шегуде. Әйелдердің онкологиялық аурулар құрылымында сүт безі қатерлі ісігі бірінші орынға шыққан. Ерлердің жартысынан астамы несеп жыныс жүйесінің ауруларына шалдыққан.


Сурет 1. Мүшелеріне байланысты отбасылардың құрылымы

1-суретте көрстеілгендей 1999-2009 жылдар аралығында 2 адамнан тұратын отбасылар жиі кездеседі (30,1%), 3 адамнан (26,7%), 4 адамнан (22,2%). 5 адамнан тұратын отбасылар тек 11,7% құрайды, 6 адамнан 5,6% , 7 адамнан 1,9%. 8 адамнан тұратын отбасылар саны 0,6 %; 9+ адамнан тұратын отбасылардың үлесі өте төмен және олар тек 0,2% құрайды.

Отбасындағы зорлық-зомбылық - күрделі мәселелердің бірі. Тек қана былтырғы жылы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен 20 мыңға жуық әйелдің өтініші қаралған. Жыл сайын сонша өтініш дағдарыс орталықтарына да түседі екен. Елдегі демографиялық жағдайды жақсарту үшін ең алдымен өмірдің сапасын арттыруға жағдай жасалынуы тиіс. Сонымен бірге бұл мәселе тәрбие, білім беру, құқықтық саладағы шаралармен байланысты. Бүгін Қазақстанда аз балалы отбасылар саны артуда. Үй шаруашылықтарының тек 6 пайызында ғана 4-тен көп бала тәрбиеленсе, тең жартысында жалғыз бала өсуде, үштен бірінде екі бала ғана бар. Ал әрбір бесінші бала ресми некеден тысқары өмірге келуде.

Әлеуметтік жетімдік, яғни тірі ата-аналары тұсында жетім қалған балалар мәселесі де - қазақ қоғамы үшін күрделі тақырып. Қазір Қазақстанда балалар үйінде, интернаттарда және асыранды отбасыларында тәрбиеленіп жатқан 42,5 мың бала бар. Олар үшін балалар үйінен шыққаннан кейін баспаналы болу - күрделі мәселе. Балалар үйін олар 18 жасқа дейін, жасөспірімдер үйін 23 жасқа дейін ғана паналай алады. Тұрғын үй қарым-қатынастары туралы заңнамаға сай балалар үйінің тәрбиеленушілері баспана алу үшін кезекте 23 жасқа дейін ғана тұра алса, онан кейін оларды кезектен алып тастайды.

Кесте 12. Мүгедек балаларға арналған интернат-үйлер саны

2003

2004

2005

2006

2007

2008

2009

Қазақстан Республикасы

36

18

28

20

22

22

22

Ақмола

4

2

2

2

2

2

2

Ақтөбе

0

0

1

1

1

1

1

Алматы

4

2

3

3

3

3

3

Атырау

2

1

2

1

1

1

1

Шығыс Қазақстан

2

1

2

1

2

2

2

Жамбыл

2

1

1

1

1

1

1

Батыс Қазақстан

2

1

1

1

1

1

1

Қарағанды

2

1

1

1

1

1

1

Қостанай

4

2

1

2

2

2

1

Қызылорда

2

1

3

0

2

2

2

Маңғыстау

0

0

0

0

0

0

1

Павлодар

2

1

2

1

1

1

1

Солтүстік Қазақстан

2

1

1

2

2

2

2

Оңтүстік Қазақстан

4

2

6

3

2

2

2

Астана қаласы

2

1

1

0

0

0

0

Алматы қаласы

2

1

1

1

1

1

1

Дерек көзі: http://www.stat.kz

Кесте 13. Интернат үйлерде тұратын мүгедек балалардың саны

Адам

2003

2004

2005

2006

2007

2008

2009

Қазақстан Республикасы

5950

2988

5379

3357

3506

2862

2747

Ақмола

308

152

148

139

130

136

151

Ақтөбе

0

0

150

150

150

130

124

Алматы

671

333

757

789

790

322

290

Атырау

413

203

435

207

193

188

163

Шығыс Қазақстан

220

109

209

107

324

292

282

Жамбыл

249

126

131

122

120

129

126

Батыс Қазақстан

228

114

111

104

107

107

111

Қарағанды

720

360

358

359

360

348

357

Қостанай

749

376

268

374

367

264

151

Қызылорда

248

126

453

0

134

152

148

Маңғыстау

0

0

0

0

0

66

Павлодар

110

59

563

60

59

59

58

Солтүстік Қазақстан

428

214

175

173

165

145

133

Оңтүстік Қазақстан

896

456

1297

620

449

436

435

Астана қаласы

400

203

179

0

0

0

0

Алматы қаласы

310

157

145

153

158

154

152

Дерек көзі: http://www.stat.kz

Бұл кестелерге талдау жасайтын болсақ, Қазақстанда 2003 жылы мүгедек балаларға арналған интернат үйлер саны тым артқанын көреміз. Ал, 2004-2009 жыл аралығында интернат үйлер саны 2003 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда біршама төмендеген. Соған сәйкес интернат үйлердегі балалар саны азайғанын байқаймыз. Яғни бұл мүгедек баласы бар отбасылар өз балаларын интернат үйлеріне өткізуі жылдан-жылға азаюын білдіреді.

Қазақстанда 579 мыңдай жұмыссыз бар. Оның көбі әлеуметтік жағдайы нашар отбасылар. Қашанда өзекті мәселелердің бірі жұмыссыздық – еңбек нарығының бөлінбес элементі. Жылдан жылға жұмыссыздық деңгейі әртүрлі болып келеді. Бір жылы жұмыссыздық деңгейі жоғары болса, келесі жылы төмен болады. Бұған себеп не? Бұл мәселеде көптеген себептерді алға тартуға болады. Ол: мемлекеттің экономикалық деңгейі, халқымыздың әлеуметтік жағдайы, білім деңгейі, инфляция, жұмыс орындарының аздығы немесе жұмысшыларға қойылатын талаптардың жоғарылығы, қатаңдығы, тіптен еңбек шартының өзі де жұмыссыздықтың туындауына әсер етеді. Жұмыссыздық әр мемлекетте бар және нарықта белгілі бір көлемде болып жатады. Жұмыссыздықтың шамадан тыс болуы халықтың әл-ауқатына кері әсерін тигізері хақ. Ал бұл жағдай мемлекеттің араласуын талап етеді. Қандай мемлекет болмасын халықтың тұрмысы мен әл-ауқаты деңгейінің жоғары болуы сол елдің экономикасының артып, барлық жағынан дер қарқынмен дәйекті дамып келе жатқандығын көрсетеді. Жұмыссыздық – Қазақстандағы кедейшіліктің басты себебінің бірі болып отыр. Кедейлік себептерінің қатарына жұмыссыздық пен қатар хылықтың шағын бизнеске қатысуының шектеулі қол жеткізуін, жұмыс істейтін кедейлер жалақысының төмен деңгейін, коммуналдық және білім саласындағы қызметтерге қол жеткізудің төмендігін, азаматтардың жекелеген санаттарының масылдық көңіл-күйін, сондай-ақ кедей халықтың қоғам өміріне қатысу дәрежесінің төмендігін жатқызған жөн.

Жұмыссыздықтың деңгейі жылдан жылға әртүрлі көрсеткіштермен сипатталады. Мысалы: 2010 жылғы 3 тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 0,6 пайызға азайып, ол 6,0 пайызды, ал 2010 жылғы 2 тоқсанда - 6,6 пайызды құрады. 2009 жылы жұмыссыздық деңгейі 6,6%-ға дейін жетті, ал бұл көрсеткіш 2008 жылы 6,6% құрады ал 2007 жылы 7,3% құраған болатын. Яғни, жылдан жылға жұмыссыздық деңгейінің төмендеуін байқауға болады. Жұмыссыздардың жалпы саны 2009 жылы 554,7 мың адамды, 2008 жылы 557,8 мың адамды, ал 2007 жылы 597,2 мың адамды құрады. Оның ішінде жастар жұмыссыздығының деңгейі 2009 жылы 6,7%, 2008 жылы 7,4%, ал 2007 жылы 9,4% құрады. Соның ішінде әсіресе жастар жұмыссыздығы мәселесі өзекті болып отыр.

Қазақстандағы отбасылардың 15-20 пайызы бір перзентке зар екен.
Бедеулік пен белсіздік проблемалары туралы қазір дәрігерлер мәселе көтеріп қана жүрген жоқ. Емдеудің жаңа әдістерін ұсынуда. Астананың өзінде әрбір 3-ші шаңырақ перзент сүю бақытына ие бола алмай жүр. Дәрігерлер неғұрлым ерте қаралса, соғұрлым мүмкіндік мол деген кеңес береді. Мамандардың айтуынша некелескен жұптардың 30%-ы, яғни жылына 7 мың жұп, қосымша репродуктивті технологияны қолдануды қажет етеді. Президенттің айтуы бойынша 2020 жылы мемлекеттің халқы 18 млн. адамды құруы керек, ал осы қосымша репродуктивті технологиялар бұл мәселені шешуде үлкен әсерін тигізеді. Қазасқтан негізінен совет мемлекеттерінің арасында репродуктивті технологияларды қолдану жөніндегі заңды бірінші болып қабылдаған болатын. Оның негізгі қағидалары жақында қабылданған ҚР «Халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске енгізілді. 2010 жылы Қазасқтанда 3 мыңға жуық ҚРТ қолданған, бірақ мемлекеттегі ҚРТ қолданудың қажеттіліктері одан көп. Емдеудің тиімділігі 40-42% деңгейінде. Емдеудің нәтижесі Қазақстанда орташа еуропалық стандарттарға сай келеді. Сонымен қатар біздің дәрігерлер әлемнің ең жақсы клиникаларында оқытылады. Күніне 10-12, ал айына 200 программа іске асады. Бедеулік дертінің көбеюіне ең басты себеп – экология. Адам қиындықты қолдан жасайды. Қазір – ғылыми-техникалық үдерістердің дамып жатқан кезі. Ал одан бөлініп жатқан химиялық заттарды ауамен бірге жұтамыз. Екінші себеп – тамақ сапасының төмендеуі. Күнделікті тағамда да химиялық заттар толы. Осының салдарынан адам ағзасындағы гендер өзгеріске ұшырайды. Үшіншісі – қазіргі сексуалды революция. Яғни жыныстық қарым-қатынас төңірегіндегі білімсіздіктер себеп болады. Ерте жыныстық қатынас, кездейсоқ адаммен жыныстық қатынастар да аталмыш дерттің көбеюіне әкеп соқтырады. Солардың себебінен болатын қабыну процестері әйелде де, еркекте де кездесіп жатыр. Осының салдарынан екеуінде де ұрық азаяды. Оның сапасы төмендейді. Бұл жерде бәріне әйел, не еркек кінәлі деп орынсыз соқтығудың керегі жоқ. Бедеулік екі жаққа да бірдей тараған. Қазақстанда бедеулік әйелдер тарапынан 50 пайыз болса, еркектер жағынан да – 50 пайыз. Сондай-ақ жастардың салауатты өмір салтын ұстанбай, арақ, сыра, темекіге әуестенуінің салдары да – бедеулікке бастар бірден-бір жол. Онымен қоса адам жүйкесінің зақымдануы да, дәрі-дәрмекті шектен тыс пайдалану да ағзаға кері әсер етеді. Мына дағдарыс кезінде жұмыстан қысқарып қалу секілді фактілердің көбейгендігі де ер-азаматтардың көңіл күйіне ғана емес, денсаулығына да аса зиян келтіруде. Әйел адам қанша дегенмен жұмыстан босап қалса, үйдің күнделікті тіршлігімен айналысып жүре береді. Ал ер адамдарға бұл қатты тиюде. Жүйкесіне салмақ түскен жігіттердің гармондары төмендеп кетеді. Физиологиялық жағдайда 45-55 жастан кейін еркектердің гармондары азая бастайды. Ал күйзелістік жағдайында бұл үдеріс тым жылдамдап кетеді. Гармондар азайғаннан кейін ағзадағы басқа мүшелердің қызметі де бұзыла бастайды. Өкініштісі, қазір бұл дертпен ауыратындар күн өткен сайын көбейіп барады. Әсіресе жасарып бара жатқаны жақсылықтың нышаны емес. Сондықтан бұған үкіметтік деңгейде қарап, билік тарапынан үлкен қолдаулар қажет болып тұр. ЭКО орталығында емделіп жатқан науқастар өте көп. Бұрын Семей өңірінен ғана адамдар көп баратын болса, ал қазір Қазақстанның барлық аймақтарынан. Соның ішінде Ақтау, Атырау, Шымкент, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау. Оның үстіне бұрын 50-60 жастан асқан кісілер болса, қазір 30 бен 40-тың арасындағылар да шағымданып баруда. Қазақстан Республикасында соңғы жыл-дардағы туылу санының жоғарылауына қарамас-тан, халық денсаулығы индексінің төмендеуі, атап айтқанда, әйелдер мен ерлердің репродуктивтік функцияларының төмендеуі байқалады. Оның ішіндегі маңызды болып тұрғаны – бедеулік. Статистика бойынша некелі жұптардың ажырасу себептерінің бірі – бала болмауынан. Сөйтіп, бедеулік тек қана медициналық емес, әлеуметтік мәселе болып тұр. Овуляциялар индукциясы, жатырішілік инсеминациясы немесе операциялық ем-шаралар сияқты емдер еш нәтиже бермеген жағдайда экстракорпоральдық ұрықтандыру әдісі (ЭКҰ) немесе «түтікшеде» ұрықтандыру әдістері арқылы күтілген жүктілік нәтижелі болады. Әйелдердің бедеулігі – аналық түтікшелерінің болмауы немесе түтікшелердің қатты түйілуі, эндометриоз, овуляцияның болмауы, жасына байланысты бедеулік, ерлер факторы, сонымен қатар тұқым қуалайтын генетикалық аурулар экстракорпоральдық ұрықтандыру (ЭКҰ) көрсеткіштері болып табылады. ЭКҰ (экстракорпоральдық ұрықтандыру) әдісімен ұрықтанды-рылған бала денсаулығы ерлі-зайыптыларды жиі тол-ғандырады. Осындай әдістің нәтижесінде әлемде 2 миллионнан астам сәбилер дүниеге келген. ЭКҰ бағдарламасы арқылы эмбриондардың имплантация алдылық генетикалық диагнос -тикасымен балалардың гене-тикалық ақауларымен туылуын болдырмауға болады,

Бүгінгі таңда ЭКҰ тиімділігі орта есеппен бір менструалдық циклға 15%-тен 40% құрайды, бұл сан әйелдің жасына, мінезіне, бедеулік ұзақтығына және аналық безінің қызмет атқаруына байланысты болады. Бұл — өте жоғары көрсеткіш. Еске түсірсек, бір циклдағы дені сау әйел мен дені сау еркектің табиғи жолмен ұрықтандыру мүмкіндігі шамамен 15-20% құрайды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тегін экстрокорпоралдық ұрықтандыруды (ЭКО) жүргізу бағдарламасының екінші жыл жүргізілуіне және облысқа квота бөлінуде, 2010 жылы 5 ерлі-зайыпты жұптар жіберілді, ал биылғы жылы 19 квота бөлінді, дегенмен де кезекке тұрушылар саны азаяр емес.

Қазіргі таңда ерлер арасындағы белсіздіктің көбеюі – бұл жұқпалы аурулардан кейін ағзадағы қан құрамындағы инфекциялардың қалуы және экологияның әсері, салауатты өмір салтын сақтамауы.

Әлеуметтанулық зерттеулер елде 30-39 жастағы 66,7 пайыз ер адамдар - шылымқор екенін, онымен қоса 13 жастағы әр үшінші жасөспірім шылым шегіп көргенін көрсетіп отыр. Халықтың 12 жастан асқан 41 пайызынан көбі аптасына бір реттен аса мықты алкогольді сусындарды, ал әр бесінші жасөспірім кемінде аптасына бір рет алкогольді пайдаланады. 51375 адам, соның ішінде 4621 балалар наркологтардың бақылауында тұр. 86 пайыздан аса 12 жастан асқан балалар және 73,2 пайыз жасөспірімдер ширақтығы кем өмір салтын жүргізеді.

1970 жылдары ел арасында қыз алып қашу салты көп болды. Сол жылдары үйленген адамдардың ажырасқаны да бiрлi-жарым. Халықтың демографиясы, яғни туу деңгейi де өрiстедi. Мәселен, 1978-1985 жылдары туылған азаматтардың септiгiнен елiмiзде бэби-бум орнаған, бiрақ оның артынан 1993-1999 туу көрсеткiшiмiз төмендеген. Ажырасу да осы кезде бiртiндеп көбейдi. Әлбетте бұл нарықтық заман орнап, жаһанданудың қазаққа ендi аяқ басқан кезеңi. Азаматтық неке де, үйлене салып, тез арада қайта ажырасу да осы кезден бастап етек жайды. Қазiргi таңда ажырасу проблемасы әлеуметтiң үлкен дертiне айналды.

Мәселен, 2009 жылы Алматы қаласы бойынша 12236 неке тiркелiп, 4237-сi ажырасқан. Олардың 3083-i соттың шешiмi негiзiнде, 1118-i жұбайлардың өзара келiсiмi негiзiнде.

Некенің тұрақтылығы немесе тұрақсыздығын жұбайлардың тұлғалық және эмоционалды-психологиялық қажеттіліктерінің қанағаттануы арқылы қарастырады. Өйткені, некенің тұрақтылығы тек материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға ғана емес, сонымен қатар, эмоционалды-психологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға да байланысты болады. Отбасын құрған жұбайлар көп жағдайда өздерінің ұзақ уақытқа созылған конфликтілерін ажырасу арқылы шешеді. Қазіргі жағдайда бұл мәселе өте өзекті болып отыр, себебі көптеген мемлекеттерде ажырасу саны күн өткен сайын өсіп келеді. Осының дәлелі ретінде мынандай статистикалық мәліметтерді келтіруге болады

Кесте 14. Қазақстандық отбасылардың 2000-2010 жылдар аралығындағы ажырасу және некелесу көрсеткіштері

Жылдар

Сандық көрсеткіш

1000 адамға

Некелесу

Ажырасу

Некелесу

Ажырасу

2000

90873

27391

6,1

1,8

2001

92852

29599

6,3

2,0

2002

98986

31236

6,7

2,1

2003

110414

31717

7,4

2,1

2004

114685

31492

7,6

2,1

2005

123045

32377

8,1

2,1

2006

137204

35834

9,0

2,3

2007

146379

36107

9,5

2,3

2008

135280

35852

8,6

2,3

2009

140386

39257

8,8

2,5

2010

164400

41021

9,7

3,2

Дерек көзі: http://www.stat.kz

Бұл кестеде Қазақстан Республикасы бойынша 1999-2009 жылдар аралығындағы жалпы некелесу мен ажырасудың сандық көрсеткіші мен мың адамға шаққандағы некелесу мен ажырасудың саны көрсетілген. Яғни осы кестеден некелесумен қатар ажырасу саны жылдан-жылға көбеюін байқаймыз. 2009 жылы 140386 неке қиылып, оның 39257 ажырасқан, яғни бұл мемлекетімізге оң емес, теріс әсерін тигізуде.

20-24 жас аралығындағы ажырасудан әйелдер ерлерден асып түседі. Бұл әйелдердің ерлерге қарағанда некеге ерте отыруына және ерлі-зайыптылардың жас алшақтығына, яғни ерлердің әйелдерден 1-5 жасқа үлкен болуына байланысты. Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарында ажырасудың аз болу себебі, қазақтардың көп шоғырлануына байланысты. Екіншіден, жоғарғы ұрпақ өкілдерінің жұбайларға әсер етуі.

25-29 жас шамасына сәйкес ажырасу көрсеткішін анықтаймыз. Ерлер ішіндегі ажырасудан Алматы облысы – 4,6%, Жамбыл облысы – 4,1%, Қызылорда облысы – 3,5%, Оңтүстік Қазақстан облысы – 2,9% құрайды. Енді әйелдер бойынша Жамбыл облысында – 10,8%, Алматы облысында – 10,6%, Қызылорда облысында – 8,9%, Оңтүстік Қазақстан облысында – 27,8%. 25-29 жас аралығында ажырасудың негізгі себептері физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдай. Сонымен қатар ерлі-зайыптылардың әлі де жас болуына байланысты, болашақта жаңа отбасын құруға мүмкіндіктің болуы. Оның үстіне жастардың кейбірінде бала болса, кейбірінде болмайды.

30-34 жас аралығында да ажырасу кездеседі. Оның басты себебі, бұл кезде отбасын асырау әсіресе тұрақты жұмысы жоқ адамдарға қиын тиеді. Ал тұр­мысы бақуатты адамдар арасында ажырасу кемде-кем. Сондай-ақ жаңадан отау құрған жас жұбайлар­да да ажырасу аз, өйткені жаңағыдай мәселелер бала-шаға есейе бастаған шақта туын­дайтыны белгілі. Тағы да Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында ажырасу екі жыныс бойынша төмен дәрежеде болуы, бұл өңірде қазақы дәстүрдің басым сақталуымен байланысты. Көрсетілген жас аралығындағы ажырасудың негізгі себептері жоғарыда атап көрсеткендей физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдай. Тағы бір айта кететін жайт, 30-34 жас аралығында ажырасуға тікелей әсер ететін ішкі отбасылық қатынас. Үй басшысы болуға талас, білім дәрежелерінің әр түрлі болуы, біреуінің мінезін екіншісінің көтере алмауы, әйел парызы мен еркек парызын түсінбеулері, ата-ене мен туған-туыстарының әсері, некеге кеш отыру. Сонымен қатар 35-39 жас шамасындағылардың арасында да ажырасу көп кездеседі. Бұған себеп – сезімнің жойылуы, материалдық жағдайдың жақсаруы, балалары өсіп, бұрынғыдай ерлі-зайыптыларды біріктіре алмауы, олар үшін бірге тұрудың қажетсіздігі, оның үстіне жұбайлардың біреуінің басқа адамда көңілінің болуы.

Ажырасулардың басты себептерінің бірі ретінде жұптардың сексуалдық сәйкес келмеуі (3,75 пайыз), әйелі мен ерінің ой-өрісіндегі айырмашылықтар (14,75 пайыз), қызғаншақтық (16,25 пайыз), жұбайлардың өте жұмысбасты болуы (12,25 пайыз). Бала туа алмау және жұбайлардың біреуінің балалы болу ниетінің жоқтығы -7,5 пайыз. Әлеуметтік зерттеулердің мәліметтері бойынша, әйелдердің 25 пайызы отбасындағы зорлыққа болашақтан үміт күткеннен шыдайды; 36,25 пайызы балалары үшін, жалғыз қалудан қорыққаннан-24,00 пайыз, материалдық тәуелділіктен - 23,25 пайыз, тұрғын үй проблемасы-19,50 пайыз, әдет-11,50 пайыз, сүйгендіктен -6,75 пайыз, айналасындағы адамдардың пікірі -5,00 пайыз, діни және ұлттық құндылықтар -1,50 пайыз. Зорлық-зомбылықтың түбіне балта шабу үшін әйелдің өз жағдайын өзгертуге деген ынтасы болуы керек. Қазақстан Республикасының заңнамасы және қоғамдық, мемлекеттік ұйымдардың қызметтері осы мәселелерді шешуге бағытталған. Ерлердің және жұптық серіктерінің агрессивті болуы көптеген жайларда психологиялық жаратылыстан болады: көңіл-күйдің нашар болуы – 41, 75 пайыз, жүйкесінің жұқаруы-37,25 пайыз, қызғаныш-33,00 пайыз,өз- өзіне көңілі толмау-15,75 пайыз, өзіне төмен баға беру-11,75 пайыз, өзін-өзі артық санау- 4,00 пайыз, жақын адамын жоғалту - 0,5 пайыз, “тәрбиедегі олқылықтар”-12,5пайыз.

2001 жылдан бастап әлеуметтік ахуал жақсарғанымен әр жанұяда баланың туу деңгейі төмендеп кеткен. Мәселен, әрбір отбасында қазір 1-2 бала ғана тұрақтанады. Бұл, әрине, үлкен мәселе. Зерттеулердің нәтижесі бойынша, мұның басты себептері – отбасының ажырасуы, еркектер арасындағы өлім көрсеткішінің жоғары болып отырғандығы. Оған қоса, халқымыздың арасында көптеген аурулардан қайтыс болуы, содан кейін қазіргі жас отбасылар арасында азаматтық некеде, яғни, тіркеусіз тұра беретіндер де көбейіп барады. Мәселен, 2007 жылмен салыстырғанда 2008 жылы халық өлім-жітімінің 1000 тұрғынға шаққандағы деңгейі 10,2 өлгендерден 9,7 өлгендерге дейін біршама азайды, 2008 жылы қаңтар-қарашада 8,8 адамға қарағанда, 2009 жылғы қаңтар-қарашада 9,0 адамға төмендегені байқалады. Бұл әрбір отбасының экономикалық жағдайына, мемлекет тарапынан жастарға қандай көмек көрсетілетіні секілді мәселелерге байланысты. Зерттеулер спирттік ішімдіктермен әуестену, нашақорлық сияқты факторлардың да бұған әсері үлкен екендігін анықтап отыр. Балалардың дүниеге келу санының азайып бара жатқанына мұның тікелей әсері бар. Ауруға байланысты айтар болсақ, бұл жерде жүрек дертінен қаза табатындардың саны бірінші орында тұр. Сонымен қатар, Семей полигонының зардабын шеккендердің әртүрлі деңгейдегі онкологиялық ауруға ұшырап, дүние салуы жоғары деңгейде қалып отыр. Бірақ, республика бойынша кейбір облыстарда бала туу деңгейі жақсы қарқынмен өсіп келе жатыр деуге болады. Мысалы, Шымкент секілді оңтүстік облыстарда 2008 жылы бала туу 21 пайызға көбейді. Ал Солтүстік Қазақстан облысында керісінше 2,5 пайызға ғана. 2009 жылғы 1 қаңтарға республика халқының жалпы санындағы 15 жасқа дейінгі балалар үлесі 24, 2 пайызды, 15-64 жастағы және 65 және одан жоғары жастағы тұлғалар үлесі тиісінше 68,4 пайызды және 7,4 пайызды құрады. Сәбилердің, аналардың және жалпы халық өлімінің төмендеуі мен өмір жасының ұзаруына қарамастан, бұл көрсеткіштерімен Қазақстан дамыған елдерден көп кейін қалып келеді. Әйелдер мен балалар арасындағы қанның жетіспеушілігі дертінің деңгейі төмендемей отыр. Оған қоса ажырасқандар мен ешқашан некеге отырмағандардың қатары ұлғайып барады.

Некеге отырмай туған сәбилердің саны да арта түсуде. Қазақстандағы әрбір тоғызыншы отбасы ажырасқан. 500 мыңнан астам ана баласын жалғыз асырап отыр. Мәселен, былтыр елімізде дүниеге келген 360 мың сәбидің 25 пайызы – 80 мыңы азаматтық некеден туған. Азаматтық неке о баста батыс елдеріндегі шіркеу мен мемлекет арасындағы ушыққан дүрдараздық нәтижесінде дүниеге келген екен. Осы даудан халық екіге жарылып, азаматтық некеге тұрушылар тіркеле бастаған. Олардың некесін дін өкілі қимаған, мемлекеттік орган тіркеген. Жалпы азаматтық неке әр елде әр жылдры пайда болған. Мәселен, Нидерландыда – 1580 жылы, Францияда – 1791, Ұлыбритания – 1836, Германияда 1875 жылы пайда болса, Қазақстанға өткен ғасырдың аяғында жеткен. Ал Ресей жеріндегі православтық христиан дінін ұстанатын халықтардың арасында азаматтық неке ХХ ғасырдың бас кезінде пайда бола бастаған. БҰҰ-ның есебі бойынша, Қазақстан халқы қартайып бара жатқан елдердің қатарына жатады. Қазақстанда жасы 65-тен асқан егде кісілердің үлесі бүкіл халықтың 7,5 пайызын құрайды. 2008 жылы некеге тұрғандар саны – 91 858, еш уақытта некеге тұрмағандар саны – 89 226, тұлдар – 203, ажырасқан ерлер – 2 225-ні құрап отырса, қалыңдықтар саны одан да асып жатыр. Яғни, некеге тұрған – 109 717, еш уақытта тұрмаған- 106 242, тұлдар- 399 және де 2 734 ажырасқан қалыңдықтарды құрап отыр. Бұның бәрі күрделі мәселелердің қатарында.

Жаһандық экономикалық дағдарысқа қарамастан, біздің республикамыз кедейлік деңгейін төмендету, халықтың әл-ауқатын арттыру, халықтың аз қамтамасыз етілген және әлеуметтік осал топтарын әлеуметтік қолдау саясат саласындағы маңызды басымдықтардың бірі. Бүгінде біздің елімізде аз қамтамасыз етілген отбасыларға жергілікті бюджет есебінен табыстарын ескере отырып, атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға арналған жәрдемақы, тұрғын-үй жәрдем­ақысы және жергілікті бюджет мүмкіндігіне қарай қосымша әлеуметтік қолдау көрсе­тіледі. 2010 жылдан бастап мүгедек бала­ларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға арналған ең төменгі жа­лақы мөлшерінде жәрдемақының жаңа түрі енгізілді. Елбасының тапсырмасы бойын­­ша арнаулы мемлекеттік жәрдем­ақының мөл­шері жыл сайын 9 пайызға арттырылуда. Әлеуметтік саладағы атқары­лып жатқан жұмыстар және соңғы жылдары зейнетақы, еңбекақы, жәрдемақылардың өсуі аза­маттардың нақты табысының өсуіне мүм­кіндіктер беруде. Мәселен, статистика агент­тігінің соңғы мәліметтері бойынша 2010 жылдың қараша айында 2009 жыл­дың сәйкес мерзімімен салыстырғанда ха­лық­тың нақты табысы 12,7 пайызға арт­қаны байқалып отыр.

3 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОТБАСЫЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Отбасының әлеуметтік мәселелерін шешудегі әлеуметтік жұмыстың отандық және шетелдік технологиялары

Еуропалық отбасы әйелдің жұмыс бастылық деңгейінің жоғары болуымен, ажырасу деңгейінің жоғары және бала туу деңгейінің төмендігімен сипатталады. Ортаазиялық отбасыға, керісенше, әйелдердің жұмысбастылық деңгейінің төменірек болуы, балатуу деңгейінің жоғарылығы және ажырасу санының төмен деңгейде болуы тән. ТМД-ның бірқатар елдерінде- Қазақстанда, Закавказъезде отбасының аралас түрлері кездеседі. Азаматтық некені өн бойына сіңіріп алған Батыс елдерінде әйелдер қауымы менің «бойфрендім» (boyfriend) бар десе, жігіттер менің «гёлфрендім» (Girlfriend) дейді. Оның тікелей мағынасы – «әйел досым», «еркек досым» деген сөз. Бүгінде қазақ жастарының да санасын жаулап жатқан азаматтық неке олардың отбасылық өмірге жауапкершілігін шектеп, жеңіл жүріске жетектеуде. Сорақысы студенттер арасында да белең алған заңсыз ерлі-зайыптылық өмірден ата-анасы бейхабар. «Қызым үйде, қылығы түзде» деген осы болар. Бүгінгі таңда демограф ғалымдар отбасы институтының келешегіне алаңдаулы. Өйткені келешекте жер бетінде азаматтық некемен жұптасқандар жұбы көбеймек. Бүгінгі таңда әлемдегі әрбір оныншы жұп азаматтық некеде тұрып жатыр. Ағылшын әлеуметтанушыларының болжамы бойынша 2031 жылы британдықтардың жартысы азаматтық некемен «қосылмақ». Ағылшын ерлерінің тең жартысы бойдақ болса, ал оң жақта отырған салт басты әйелдер саны 28 пайыздан 49 пайызға дейін өспек. Нәтижесінде, некеде тұрмаған, бірақ жұптасып өмір сүретіндер қатары екі есеге артып, 3,8 млн. адамға жетпек. Қазақстанда да бұл үрдіс үзілмей, жалғаса берсе, жоғарыда көрсетілген жорамалдың бізде де орын алуы ғажап емес.

Жапонияда отбасын құру үшiн қыз бен жiгiт арнайы психолог жалдап, көп қаржы төлеп, жасырын ғылыми-зерттеу жүргiзiптi. 100 жiгiт пен 100 бойжеткен жайлы мәлiмет компьютерге салынып, сәйкестiгi анықталады. Олардың әрбiрiнiң жұмыс орнында, демалыста, әртүрлi жағдайларда өздерiн қалай ұстайтыны терең зерттеледi. Осындай жолмен құрылған 2500 отбасынан бiреуi ғана ажырасыпты. Егер осыдан 20-30 жыл бұрын Жапонияда ерлі –зайыптылардың ажырасу масқаралық болып саналса, қазір ол қалыпты жағдайға айналып қоймай, салтанатты түрде өткізілетін тойлардың біріне айналыпты. Токиода жұбайларды салтанатты ажырату агенттігі де құрылған.Былтыр салтанатты түрде ажырасқан жұптардың саны 80-ге жеткен. Биылғы цунамиден кейін осындай қызмет көрсететін агенттіктің жұмысы екі есеге көбейді. Мамандар оны депрессияға ұшырап, бастарына түскен қиыншылықтарды көтере алмаған жұптардың көбеюімен байланыстырады. Бірақ, ажырату қызметкерлерінің айтуынша кейбір ерлі- зайыптылар салтанатты рәсім барысында ажырасуға айнып қалады.Салтанатқа келген қонақтар жұптарды ажырасуымен құттықтап, келешек жеке өмірлерінде бақытты болуын тілейді. Салтанатты ажырасу рәсімінің бағасы ерлі- зайыптылар үшін 55 мың иен, ал қонақтар үшін 3-5 мың иен.

Ал, қазақ азаматтары болса, үйленбей тұрып алдын ала дерек жинап, сәйкестiктi тексерудi ерсi көредi. Алайда, жоғарыда келтiргенiмiздей, ажырасулар жыл өткен сайын үдемесе, кемитiн түрi байқалмайды. Әйтсе де, өркениеттiң көш басындағы жапондықтардың әдiс-тәсiлiн бізге де меңгеретiн кез келген сияқты. Шаңырақ шайқалмауын мұрат тұтқан олар бұл мәселеде де алғашқы орыннан көрiнiп отыр. Себебі, бұл мәселе мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді деп ойлаймын. Сондықтан көп елдер отбасы мәселесін мемлекет деңгейіне көтеріп, тиісті қаражат бөліп, осы салада туындаған проблемаларды шешу арқылы белгілі нәтижелерге қол жеткізіп отыр. Мысалы, Франция – өткен ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап бала тууды жоғарылатуға бағытталған белсенді демографиялық саясат жүргізіп келе жатқан ел. Айтар болсақ, 1967 жылға дейін контрацептивтерді сатуға, 1975 жылға дейін аборт жасатуға тыйым салған.

1946 жылы Францияда бірінші, екінші және әсіресе, үшінші баланың тууын көтермелеу саясатын ұстанып, осы бағытта отбасыларға ақшалай төлемдер мен салық жеңілдіктері тәжірибеге енгізілді. Соның арқасында 80-ші жылдардың ортасында Батыс Еуропа елдерінің ішінде Франция бала туудың ең жоғары – 1,8 -1,9 жиынтық коэффициентіне ие болып, халық саны жыл сайын 0,3-0,4 пайыз өсті.

ХХ ғасырдың екінші жартысында, 1946-1974 жылдар ішінде Франция халқы 12,1 млн. адамға, оның ішінде 8,5 млн. халықтың табиғи өсімі есебінен, 1,2 млн. француздардың бұрынғы отар елдерден оралуы есебінен ұлғайды. Францияның отбасылық саясатының қазіргі шаралары балалары бар отбасыларының материалдық жағдайына айтарлықтай ықпал етеді. Балаға базалық жәрдемақы Францияда тұратын және елде өмір сүретін 20 жасқа дейінгі баланың азаматтығына қарай кемінде екі баласы бар барлық адамдарға тағайындалады. Жәрдемақы мөлшері бала санына қарай сараланады: екі балаға – айына 107, үш балаға – 244, төрт балаға – 382, бес балаға – 519, алты балаға 656 еуро төленеді. 11 жастан асқан балаларға – 30 еуро және 16 жасқан асқандарға 54 еуро мөлшерінде үстемақы және төленеді.

Мұндай үстемақы екі баласы бар отбасылардың бірінші баласына төленбейді. Отбасының табысы бұл жәрдемақының мөлшеріне әсер етпейді. Сонымен қатар, отбасы табысына қарай мынадай қосымша жәрдемақылар төленеді: отбасы табысына қарай үш жасқа дейінгі әр балаға жүктіліктің төртінші айынан бастап 154 еуро мөлшерінде жәрдемақы; жалғызілікті ата-аналарға 502 еуро және әрбір балаға айына 167 еуро жәрдемақы; оқып жатқан 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға жаңа оқу жылына 67 еуро мөлшерінде жәрдемақы; 3-тен 21 жасқа дейінгі үш және одан да көп балалары бар табысы төмен отбасыларына немесе жалғызілікті ата-аналарға айына 139 еуро мөлшерінде отбасы үстемақысы белгіленген.

Бұдан басқа мүгедек балаларға оқуға арналған жәрдемақы (айына 107 еуро), мүгедек балалары бар отбасыларына тұрғын үй жәрдемақысы белгіленген.

Үйде болатын 6 жасқа дейінгі баланы күтуге де жәрдемақы төленеді. Жәрдемақы мөлшері отбасының табысына байланысты болады. Жәрдемақының барынша көп мөлшері жылдық табысы 33658 еуродан, балаларының жасы 3-тен аспайтын отбасыларына тоқсанына 1500 еуроны құрайды. 3-тен 6-ға дейінгі жастағы балаларға арналған жәрдемақы тоқсанына 500 еуродан аспайды. 6 жастан кіші балалар үшін бала күтуші жалдайтын отбасыларына да, баланың ауыр науқасына орай жұмысты тоқтатуға немесе жұмыста болуын қысқартуға мәжбүр ата-аналарға баланың қасында болуға арналған жәрдемақы төленеді. Жалғызілікті ата-аналарға үстемақы көзделген. Жетім балаларға 100 еуро мөлшерінде ай сайынғы жәрдемақы тағайындалады.

Соңғы жылдары Францияда бірінші балаға базалық жалақының 260 және одан кейінгі әрбір балаға 717 пайыз көлемінде баланың тууына арналған бір мезгілдік жәрдемақы да енгізілді. Халықаралық стандарттар бойынша Швеция барынша тең құқылы ел. Солтүстік елдердің гендерлік саясатының моделі – теңдік, тең құқықтық, құқықтар мен мүмкіндіктердің тең болуы. Швецияның отбасылық саясаты осы принциптер негізінде жүзеге асырылады. Швецияда да халықтың өсімі жүргізіліп отырған демографиялық саясатқа байланысты. Отбасылық жәрдемақы иммигранттарды қоса алғанда, бәріне төленеді. АҚШ-та табысы төмен отбасыларына тұрмыстық жәрдемақы беріледі, олардың мөлшері жылына отбасына орташа алғанда 2000 доллар. Қосымша төлемдер (демалыс, сырқаттану қағаздарының төлемдері), жұмыссыздық жөнінде қосымша жәрдемақылар барынша көп таралған. Қазіргі уақытта мемлекет балалардың жоғарға мектепте оқуын жалғастыруға жәрдемақыны өте көр береді. АҚШ-та федеральды деңгейде қорлар мен қызметтер құрылуда. Бұлар қарттығы бойынша зейнетақы, медициналық қызмет, мұқтаж адамдарды азық-түлікпен, арзан үймен қамтамасыз ету және т.б. Отбасындағы қарттарға, мүгедектерге тұрғын-үй-тұрмыстық қызмет көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді. Үйге түстік тағам жеткізу, ваннаға шомылдыру, жуындыру, шашын қию, пәтерге жөндеу жүргізу және жабдықтау т.б. жұмыстар тәжірибеде қолданылып отыр.

Елімізде балалары бар отбасыларымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстарда да көптеген жақсы жағдайлар баршылық. Балаларға әлеуметтік көмек көрсететін арнайы мекемелер төмендегі қызметтерді (аз қамтылған отбасыларына тегін) ұсынады: ата-аналар үшін кәсіби оқудың әлеуметтік топтарын ұйымдастыру, еңбекке орналастыру жөнінде көмекпен қамтамасыз ету; күндіз және кешкі уақытта жұмыс істейтін ата-ана балаларының күтімін қамтамасыз ету; қалалық денсаулық сақтау орталықтары жанынан күйеуге шықпаған аналар үшін қызметтер құру, ата-анасы тарапынан зорлыққа ұшыраған балаларды қорғау қызметін құру және қолдау, бала қабылдап алған отбасылармен жұмыс, баланың жаңа отбасыға бейімделуін бақылау. Балалардың әлеуметтік қызметі міндетіне жетім балаларды асырап алу мәселесі кіреді.

Үйінен қашып кеткен және үйі жоқ балалармен жұмыс жүргізілде; жетімханалар мен жатақханалар жұмыс істейді, баланы отбасына қайтару мақсатында ата-аналармен әңгіме, жеке және топтық кеңестер өткізіледі; балаларына қайта қосылған отбасыларына көмек көрсетіледі. Жас қашқындарға тегін қызмет көрсететін «сенім телефондары» жұмыс істейді.

АҚШ-та жарымжанжы отбасыларымен әлеуметтік жұмыс жүргізумен айналысатын, «Серіксіз ата-аналар» ұйымына біріккен өзіне-өзі көмек көрсететін топтар мен қолдау топтары кең дамыған. 1960 жылы осындай отбасылары 22% болса, 1990 жылы 44% болды.

Көбінесе, осындай жалғыз басты аналардың отбасылары некеден тыс балалары бар қара нәсілді аналар мен ажырасулардың көптігі салдарынан болады.

Американдық қоғамның маңызды мәселелерінің бірі елдегі нәсілдік және этникалық отбасыларының ( әлеуметтік өмірдің төменгі сатысында тұратын адамдар, терісі қара американдықтар, американдық индейцтер, жергілікті адамдар, Аляск халықтары, латын-американдықтар) аз бөлігін қорғау болып табылады.

Жұмыссыздық салдарынан отбасының бұзылуы,күйзеліс мынадай жағымсыз құбылыстарға: маскүнемдік, психикалық қажу, өзін-өзі өлтіру, қашқындық, балалардың үйсіздігі, жасөспірімдердің жүкті болуы, жезөкшеліктің өсуіне мүмкіндік береді.

АҚШ-тағы отбасымен жүргізілетін практикалық жұмыс отбасындағы ұқсас сипаттамаларды салыстырғанда, қоғамдағы тәртіп ерекшеліктерін, көзқарастарын, мәнділіктерді үйретуге жасалатын тұжырымдамаға негізделмейді.

Қазіргі уақытта АҚШ-та үлкен жоспарлы мемлекеттік «Отбасына қайту» бағдарламасы өте белсенді түрде насихатталып отыр. Мұның мәеі мынада: мұнда отбасымен әлеуметтік жүргізілетін профессионалдар, социологтар, отбасы жөнінде кеңесшілер өз қызметін белсенді көрсетеді.

АҚШ-тағы отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар туралы айтылғандар осы жоғары дамыған елде әлеуметтік өмір және қорғалу дәрежесі туралы белгілі бір ұғым жасауға мүмкіндік береді.

Мысалы, Ресей туралы айтсақ. Бұл елдің отбасылық мәселесі күннен күнге артып келеді. Келешек отбасылық ахуалы жақсы емес. Сол себепті алаңдап, арнайы ұлттық жоба қабылдады. 2010 жылдан бастап туу туралы сертификат қолданылып, жұмыс істемейтін жас әйелдерге арналған жаңа жәрдемақы пайда болды. 2010 жылға қарай туу туралы сертификат құны уәде етілген 250 мың рубль емес, 307 мың рубльді құрайды. Көпбалалы отбасыларды танымал етудің дербес саясаты жүргізілуде, мәселен, Мәскеуде көпбалалы отбасыларына арналған коттедждер салынуда. Сондай-ақ, Белоруссияда да толық емес отбасы саны өсіп барады. Және табиғи өсімнің төмендеуі елдің барлық өңірлерінде байқалады. 2007-2010 жылдарға арналған ұйымдастыру-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық шаралар кешенін жүзеге асыру жағдайды ептеп түзегенмен, отбасылық мәселелер шешіліп, әлеуметтік жағдайы жақсарып кеткен жоқ. Осыған байланысты бұл мемлекет аз қамтылған отбасылардың жағдайын тұрақтандырып, демографиялық өсімге жетуді қамтамасыз ету үшін тағы да Беларусь Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған демографиялық қауіпсіздіктің ұлттық бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламаның міндеттері – тууды ұлғайтып, бала туу мен тәрбиелеуде отбасыларын әлеуметтік экономикалық жағынан қолдауды күшейту; әлеуметтік жетімдікті азайту жағдайын жасау, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен балаларды тәрбиелеудің отбасылық үлгілерін дамыту; отбасылардың рухани-адамгершілік негіздерін нығайту, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді жаңғыртып, насихаттау; халықтың бала туу денсаулығын жақсарту, ана мен баланы қорғау; халықтың жалпы өлім деңгейін төмендету, өмір сүру ұзақтығын ұлғайту; ұлттық мүдделерді ескере отырып, сыртқы көші-қон процестерін реттеу және тағы басқалар. Міне, біздің Қазақстанға да осындай бағдарлама қажет. Демек, отбасының бірқатар әлеуметтік мәселелерін шешу үшін демографиялық саясат пен отбасылық саясатты ұштастыра отырып дамыту қажет. Сонда ғана отбасының жағдайы жақсарып, демографиялық өсім байқалып, әлеуметтік мәселелері шешімін табады.

Отбасындағы ұрыс-керіс келіспеушіліктер — оның қалыпты жағдайына ауыр соққы. Отбасылық ұрыстың түрі көп. Дауылдатып, шулатып, тына қалатын көктемгі нөсердей жеңілі де бар. Ренжісуден соң ұйқы жайсыз болады, көңіл жабырқайды. Ұрыс үстінде ерлі-зайыптылар бір-бірінен бұрын көрсетпеген мінездерін танытады. Екеуара қарым-қатынастың дамуына біржағынан алғанда мұндай қайшылықтың пайдасы да бар сияқты. Себебі, ерлі-зайыптылар бір-біріне өкпе-назын, ренішін жеткізеді. Ал соңынан майдалап кешірім сұрап, еппен шағын «шайқасты» әзілге айналдырады ашуланған жарын еркелетіп, татулыққа жетелейді. Осындай, ұсақ-түйек үшін ұрыс-таласты асқындырып алмаудың жайын ойлаған дұрыс.

Екі мінез-құлықтың нағыз соқтығысы да болады. Оны тоқтатуға енді әзіл-қалжыңңың әлі келмей қалады. Қарсыластар өзіне жақтастар жинауға кіріседі. Оның құрамына балалары, туыстары, достары кіреді. Әрқайсысы өзінің дұрыстығын жақтап, жеңілгісі келмейді. Бір-бірінен өш алу, есесін жібермеудің амалын қарастырып, қит еткенді жіпке тізіп, сыныққа сылтау тауып отырады. Мұндай кақтығыстар жанды жаралап, екі ортаға сыза түсіреді. Татуласқан күнде де бітеу жарадай сыздап, ойдан кетпейді. Ұрыстың бұл түріне маскүнемдік, отбасына опасыздық, тұрақсыздық, дөрекілік пен өшпенділік, отбасы мүшелеріне балаларына деген немқұрайлылық өз міндетіне жауапсыздық т. б. себепші болатындықтан «татулық та оңайлықпен қайта оралмайды. Солай бола тұрса да, отбасы татулығын сақтаудың жолдарын таба білуге тырысу керек.

Бұл істі белгілі ережелерді сақтай отырып, ақылмен жүзеге асыруға болады. Ол ережелер:

Бірінші: қақтығыстық неден басталғанын, себебін анықтау керек. Ең қиыны, ұрыс әбден өршігенде, алғашқы себебін анықтап көр. Алдымен себеп айтылады, ал оны өз қалпында түсіне қоймай, қарсыласып, ерегесіп бұрынғыдан да бетер дауды өсіре береді. Кім не үшін риза емес екендігін анықтаудан бастау керек. Ренішті жұбай—ұрыстағы негізгі тұлға. Ол отбасы шырқын бұзушы «агрессор» емес. Ол жәбірленуші және басқалардан көмек күтуші. Оны тек осылай түсінуіміз керек. Ал әрі қарай оны шын ниетімізбен, ойын жинақтап ңақты айтуға тырысқын.

Екінші. Ұрыстың негізгі себебімен, оны тудырушы фактіден ауытқымау керек. Барлық ренішті жағдайларды бір уақытта жиып-теріп шеше алмайсыз. Ұрыс неден шықты, ол туралы кім қалай ойлайтынын өзара кекетпей, мұқатпай тыңдап, көзқарастарын қалыпқа келтіруге, түсінісуге тырысу керек.

Үшінші. Қақтығыс кекетіп-мұқатып, бірін-бірі төмендету,- жәбірлеу түрінде емес, кеңесіп талдау түрінде өтуі қажет. Сол сияқты таласқа үшінші адамды, балаларын, туыстарын және таныстарын қатыстырмау керек. Олар еріксіз түрде біреуіне жақ болып, аралық тендікті бұзады. Әсіресе ата-аналарының «соғысы» балаларына қатты батады, сондықтан оларды араға түсірмей, керісінше, сездірмеуге, көрсетпеуге тырысу керек. Айқай-шусыз, дауыс көтермей, салмақты ақылдылықпен келісу керек.

Төртінші. Кешірімді болу. Қарсыласып ұрысты өршіте бермей, кей кезде өзін өзі тежеп, серігін тыңдауға тырысу керек. Серігінің кей пікірлерімен келісіп, оның қойған талабын орындаған дұрыс. Ал талап қойған адам өз бойына бір жола бағындырып алудың жолын ойламай жолдасының аз ғана мойын ұсынғанына қанағаттануы керек.

Жұбайлық өмірде және басқа да қарым-қатынастарда ашық түрдегі эгоизм, бірбеткейлік, кешірімсіздік келіспеушілікті тудырады және семьяның бұзылуына әкеп соқтырады. Осы тұрғыда отбасына психологиялық кеңес беру технологиясын қолданған жөн.

Жалпы отбасылық және де­мо­графиялық саясаттың проблемаларын тек экономикалық жолмен шешу мүмкін емес. Ғасыр­лар бойы қалыптасқан отба­сы­лық дәстүрлер мен құн­ды­лық­тарға негізделген қазақстандық отбасы мәртебесін нығайтып және қолдау ар­қылы көптеген проблемаларды шешуге болатынын түсінетін уақыт жетті. Атап айтқан­да, туу, отбасы мүшелері­нің денсаулығын нығайту және ұлттың болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелерін отбасы­ның әлеуетін пайдалана отырып шешуге болады.

3.2 Қазақстандық отбасылардың әлеуметтік мәселелерін шешуде ұсынылатын модельдер

Біздің қоғамның маңызды мәселелерінің бірі - отбасы тұрақтылығын сақтау, отбасылық қатынасты нығайту, отбасы-некелік өмірге жастарды даярлау. Некеге және отбасына қатысты рухани өмірдің жұтаңдығы, халықтық дәстүрді естен шығару, осал некенің пайда болып, ажырасуына әкеліп соғады. Ажырасудың басым көпшілігін мүлдем жас некелер, жаңадан қосылған отбасылар құрайды. Тарихымызға көз салсақ, ежелгі қазақ елінде отбасылардың ажырасуы өте сирек болған. Мұның себебі бұрын халық некеге орнықты, мәңгілік институт ретінде қарады. Мұндай жағдай жұбайлардың төзімділігін, бірін-бірі сынап-мінеудің аз болуын және де тұтастай отбасының тұрақтылығының жоғары көрсеткішін құрады. Жұбайлар қарым-қатынасының басты факторлары ретінде жұбайлардың өзара түсінігі, ұстанымы құндылықтары және мінез-құлық ережесінің ортақтығын бөліп көрсетеді.

Демографиялық көзқарас бойынша некенің басты мақсаты – тұрақтылық, яғни адамзаттың сақталуын қамтамасыз ету. Ажырасудың қазіргі таңда орын алуының бірнеше себептері бар. Біріншіден, Кеңес дәуірінде Қазан төңкерісіне дейін діннің дәмін татқан иманды қарт аналар мен аталар ажырасуды масқара санап, жастарды тиып отырды. Екіншіден, ажырасуға Кеңес кезеңінде де «моральдық азғындау» деген көзқарас қалыптасқан. Дәстүрге байланысты қазақ халқы ешуақытта ажырасуды құптамаған. Ислам дінінде ажырасуға жеңіл түрде қарауға тиым салынған.

Отбасына кеңес берудің психологиялық моделі психоанализ негізінде пайда болды. Ол теориялық көзқарастарға байланысты бірнеше топқа бөлінеді.

Психодинамикалық көзқарас. Бұл топқа М. Боуеннің отбасына психологиялық кеңес беру тұжырымдамасы жатады.

Бихевиористік көзқарас. Кеңес берудің анықтаушы шарты себептерге емес,"қалай", "қашан1, "қайда" қамқорлық көрсетумен шектеледі.
Негізін құрушылар Д. Тиболт, Г. Кенлей жақсы отбасы ұтылыс пен ұтыстың, жаза мен ынталандырушының арасындағы гендік жағдайында болады деген
болжам ұсынған.

Гуманистік көзқарас. Отбасына көмек көрсетудің психотерапевтік моделін АҚШ ғалымы К. Роджерс ұсынған. Оның кеңес беруі кеңес алушы
проблемаларына бағытталған әрекеттерге негізделген.

Отбасы психотерапиясы — жағымсыз психологиялық симптоматиканы жою және отбасылық жүйенің қызметін арттыру мақсатында психотерапевтік және психокоррекциялық әдістердің көмегімен жанұя жүйесіндегі қатынастарды модификациялау Психотерапияның мақсаты отбасылық қатынастардың үйлесімділігін қалыптастыру, отбасындағы өзара түсіністікті жақсарту, ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген жағымсыз эмоциялық бағдарларын жою.

Топтық отбасылық психотерапияның міндеттері:

· тұлғаның ерекшеліктерімен шартталған жауап берудің, қарым-қатынастың және мінез-құлықтың оғаш қалыптарын жою;

· әйелінің невротизациясын төмендету;

· салауатты өмір салтына бағдарды нығайту.

Функционалды отбасы мен функционалды емес отбасыларын ерекшелендіретін өлшемдер:

1. Отбасы кінә тағуға емес, мәселенің шешіміне бағдарланады.

2. Отбасы жоғары толеранттылығымен (шыдамдылығымен) сипатталады.

3. Отбасы мүшелерінің арасында жоғары үйірсектік қалыптасқан.

4. Отбасында ашық коммуникация қалыптасқан.

5. Отбасы жоғары бірауыздылығымен ерекшеленеді.

6. Мәселелерді шешу үшін отбасы ішкі қорларды ғана пайдаланумен шектелмей, ішкі отбасылық қорларды да қолданады.

7. Отбасында зорлыққа орын жоқ.

8. Есірткі заттарын пайдалануға болмайды.

Терапевтік альянсты құру. Отбасы мен терапевт психотерапияны жүргізу шешімін қабылдағанда, бірінші кезенде отбасы мүшелерінің мүмкіндігінше көпшілігінің жеке күйзелістері мен отбасылық қатынастарымен қанағаттанбағандығын білдіруі тиіс. Психотерапевт одардың қайғысын қабылдап, түсінгенін білдіреді. Терапевтің отбасының әрбір мүшесіне сыйластықпен қарауы сенім орнатып, терапияның алға жылжуына ықпал етеді. Отбасы мүшелерінің реакцияларының даралық айырмашылықтарының бірінші алдыңғы жоспарға қойылуы келесі кезеңге ұласады.

«Жазылу теориясының» дамуы. Отбасы терапиясының мақсаты өткенде орын алған жағдайдың үйлесімді көрінісін және болашақта қиындықтарды жеңу қабілетіне жағымды көзқарасты қалыптастыру. Отбасыньң әр мүшесінің реакциясын ескеретін, олардың барлығымен бөлісетін бірауыздылықты қалыптастыратын көрініс, бұл — «жазылу теориясы» болып табылады. «Жазылу теориясының» туындауы отбасылық терапияны аяқтаудың өлшемі.

Жоғарыда баяндалғанға сәйкес психологиялық әлеуметтік мәселелердің әртүрлі деңгейлері бар отбасыларына кеңес берудің төмендегідей қағидаларын құруға болады:

1. Әлеуметтік мәселелері бар отбасыларына психологиялық кеңес беру барысында негізгі мәселеге назар аудару қажет.

2. Егер де психологиялық зорлыққа шалдыққан отбасы болса ата-ана қызметтерінің патологиясына баса назар аудару қажет.

3. Егер ата-аналық қызметтердің патологиясы бар отбасы болса, ата-ананың өздерін қабылдамау механизмдеріне баса назар аудару қажет.

4. Кеңес беруші психологиялық тәжірибенің осындай стратегиясы арқылы отбасылық қызметтің еркін, жаңа формаларының құрылуына жол ашады.

5. «Жағымды қайта құру» техникасы

Психотерапевт отбасына жанұя қызметінің бұзылуының мазмұны жайлы өзінің түсінігін айтады.Отбасының орын алған жағдай жөніндегі мазасыздығын жою қажет. Ол үшін қалпына келтіру тәсілі қолданылады: отбасы қызметінің бұзылу мазмұны кеңейтілген әлеуметтік мәдени, жас ерекшелік, статистикалық тұрғыда ұсынылады. Отбасының нақты өмірлік цикліне байланысты орын алған дисфункция жағдайында клиенттерге оның заңдылығы мен жаппай көпшілікке таралуы жайлы хабарлауы қажет. Аталмыш хабар отбасы мүшелерінің бойындағы кінә сезімін жояды. Жүйелі түрғыда қалпына келтіру қызметі дәрігерлік тәжірибедегі диагнозды хабарлау жағдайы іспеттес: адамдар мамандардың осы тектес мәселелерге кезігіп, олармен қалай жұмыс жасау қажет екендігін естігенде олардың бойында нақтылық пен сенім орнайды.

Дисфункцияның жағымды жағына шоғырлану. Отбасында орын алған кез-келген дисфункцияның жағымды жағы болады. Кез келген отбасылық дисфункция реттегіш ретінде жұмыс жасайды. Ағымдагы симптомды ғана емес, сонымен бірге кез-келген өткен шақтағы оқиғаны жағымды түрде қайта құруға болады.

«Қозғалыс бағытын өзгерту» техникасы отбасымен, ерлі -зайыптылармен немесе дара жұмыста да қолданылуы мүмкін.

Егер отбасының бір мүшесі психотерапия курсынан кетуге қарсылық білдірсе: ерлі-зайыптылардың бірі терапиядан бас тартса немесе мәселесі бар бала отбасылық сеанстарға келмесе — отбасының қатысқан мүшелеріне үйлеріндегі мінез-құлықтарын мүлде қайшы үлгіге өзгертіп, аталмыш жағдайды түбегейлі қалай өзгертуе болатыны туралы нұсқау беруге болады.

Техника клиенттер бір-біріе қатысты қуатты, қарама-қайшы сезімдерді бастан кешіретін шиеленіскен отбасылық дағдарыс жағдайында тиімді. Қатынастарды анықтау сол эмоциялардың орынды көрінісін ұйымдастыруға және бір-бірін неғұрлым тереңірек қабылдауға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Аталмыш техниканың ең орынды жері бұл - ерлі-зайьштылардың терапиясы болып табылады. Ата-ана — бала жұбына да қолдануға болады, алайда оның жас ерекшелік шектеулері бар. Аталмыш жағдай балалардың жасы неғұрлым кіші болса, тиімділігі соғұрлым төмендейтін кез-келген коммуникативті амалдарға да қатысты.

«Алмасу» әрекетінің клиенттің ішкі күйіне сәйкес келуі соншалықты, оның сезімдерін терапевт өзінен де жақсы білдіретіндей әсер қальштасады. Серіктестердің хабарламалары неғұрлым ашық бола бастайды, бұрында жасырын қалған қорқыныштар пайда бола бастайды, ерлі-зайьштылар өздерін және бір-бірін түсінуде тереңдей түсіп, шынайы жанды диалогқа көшеді.Сонымен бірге клиенттерді ашық сөйлесу үлгісіне оқыту әрекеттері де қатар жүзеге асырылады. Терапевтер клиентттерді неғұрлым орынды өзара әрекеттестікке үйретіп, кінәлау мен өзара шабуылдардың ағымын тоқтататын ымыраласу процесін басқаруға мүмкіндік беретін клиенттердің кінәлаушы «Сен»-сөздерін «Мен»-сөздеріне ауыстырады. Психологиялық кеңес берудің моделі. В.Кемплердің жасаған сынақ тәжірибелеріне негізделген. Отбасының қиындықтары "осы жерде және қазір" ұстаным бойынша деген жағдайда талқыланады.

Құрылымдық кеңес беру моделі. С. Микухиннің отбасына кеңес берудің құрылымдық моделі бойынша отбасылық жүйе құру мен қайта құру
жөніндегі үздіксіз эксперимент ретінде түсіндіріледі.

Кеңес беру моделінің стратегиясы Дж. Галлей тұжырымдамасы

бойынша, адамдардың жеке көзқарасы жүйесінің құрылымдары өзін-
өзі қисынды ұстау туралы ережелерінен туындайды.

Заманның өзгеруіне байланысты қазіргі таңда біздің елімізде ажырасу көбейіп отыр. В.И. Лавриненко ажырасуға әсер ететін факторларды екі топқа бөледі: некеге тұру нәтижесіндегі әсер ететін факторлар, неке қимай тұрған кездегі әсер ететін факторлар. Неке қимай тұрып ажырасу қаупі бар факторларға мыналарды жатқызамыз: отбасын құратын жұбайлардың жас алшақтығы мен білім деңгейлерінің әр түрлі болуы, жұбайлардың біреуінің маскүнемдікті жақсы көруі, некеге жастай отыру, некеге тұрмай тұрып бала көтеріп қалу, танысқан уақыттың аздығы, бірін-бірі аз білуі, некеге ата-аналарының келіспеуі, өз келісімінсіз некеге отыру. Ал некеге тұру нәтижесіндегі әсер ететін факторларға: мінез-құлықтарының сәйкес келмеуі, жанұяда ұрыс-керіс, дау-жанжалдың көп болуы, ерлі-жұптың біреуінің некеге адалсыздығы, жұмыссыздық және де некеге отырған алғашқы жылдарда өмірге сәби келмеуі т.б жатады. Ажырасу проблемасы қазіргі күнгі жанұялардығы қатынастар типінің өзгеруімен тығыз байланысты: жанұяның жаңа модельдері осы қатынастарды бұзудың өз формаларын тудырады. Ерлі-зайыптылардың арасында ажырасуға әкелетін басты себеп-неке одағында өз қажеттіліктерін өтей алмауы. Ажырасу ережесі бір жақты мәселе емес, ол күнделікті қалыптасады.

Э.Кюблер-Росс ажырасуды мынадай кезеңдерге бөледі: мойындамау кезеңі- болып жатқан шындық басында қабылданбайды; ашулану кезеңі- серіктесіне деген ашу-ызасы қайнап, фрустациялық жағдайға түседі; келісім кезеңі-некені қайта құру үшін төсек қатынасына барып, жүкті болдым деп манипуляция жасап, кейде сырт адамдарды қатыстыратын әрекет; депрессия кезеңі- мойындамау, агрессия және келісім еш нәтижесін бермегенде көңіл-күй түсіп, өзін сәтсіз адаммын деп, сенім төмендейді; қабылдау кезеңі-ажырасу процесін мойындап, жаңа өмірге бейімделуге ниет алады.

С.Дак ұсынған модельде эмоционалды қатынастың құлдырауы төрт фазадан тұрады: интрапсихикалық, диадалық, әлеуметтік және «бөлу». Әрқайсысының өзіндік ерекшелігі мен мақсаты бар.

Алғашқы фазаның өтуі төмендегідей болуы мүмкін: некедегі кездесетін мәселеге көндігу; серіктесіне өзінің қанағаттанбайтынын айтуға шешім қабылдау.

Диадалық фазада: келіспеу, қайта құру немесе қатынасты тоқтату, ерлі- зайыптыларда қобалжу мен өзін кінәлі сезіну күшейеді, жағымсыз эмоция басымдық танытады. Бұл фазада «қарым-қатынасты ашу» ерлі-зайыптылар өзара қатынасында нені өзгертуге болатынына мүмкіндік жасайды.

Ø Қатынасты сақтау және қайта құру.

Ø Қатынасты тоқтату жайлы шешім шығару.

Әлеуметтік фазада шағымданудан келісімге ауысу болады, келешек туралы қорқыныш пен қобалжу күшейеді, жалғыздықтан қорқады. Бұл кезеңде процеске отбасы туыстары, достары қатысады. Нәтижесінде ерлі-зайыптылар жақындарымен араласпайтын шешім шығарады.

«Бөлу» фазасы алынған тәжірибені қайта ұйымдастыру, бұрынғы серіктесімен жағымды қатынас орнатып, түсінісуі; жеке басы жетіліп, қатынастың тоқтағанын мойындап, оның жақсы жағын ескеріп, өткен тәжірибесі өзінің сәтсіздігі екенін мойындау.

Дж.А.Ли өз тұжырымдамасында эмоционалды қатынас ажырауына байланысты бірнеше фаза ұсынды: қанағаттанбауды саналы түсіну; қанағаттанбауды білдіру; келіссөз жүргізу;шешім шығару; қатынасты трансформациялау. Осы фазалар ерлі-зайыптыларда жеке түрде өтеді, берілген қатар сақталынбауы мүмкін. Ажырасу қатынасты тоқтату емес, трансформациялануына әкеледі. Бұл кезде эмоционалды қатынас байланысын жоғалту онша қиындық тудырмайды. Бұрынғы зайыбымен бітпеген байланыс жаңа қатынас құруға кедергісін тигізеді.

Ажырасуда түрлі факторлар ескеріледі: ажырасу ерекшелігі ( түрі, тереңдігі, оған қатысты адамдар саны); зайыбы жағынан оған қатынасы; ресурстар деңгейі (материалды және пәтермен қамтылуы, денсаулық, эмоционалды жағдай, балалар мәселесі, ерлі-зайыптылардың жас шамасы). Ажырасу кезінде көрінетін мінез-құлық стратегиясы: агрессиялық; манипулятивті; мойындау.

Әлеуметтік байланыстардың үзілуі мен отбасылық қатынастардың күрделенуі депрессия мен жұмысқа деген қабілетті төмендетіп, психосоматикалық ауруларға әкелуі мүмкін.

Ажырасу- барлық отбасы жүйесіне әсер ететін дағдарыс. Балалардың ажырасуға деген реакциясы жас ерекшелігіне байланысты әр түрлі болып келеді.

Мектепке дейінгі және жеткіншек жастағы балалар үшін бұл қатты соққы болып табылады. Мөлшері 3,5-6 жастағы бала отбасында болып жатқан өзгерісті түсінбей, тепе-тең қарай алмай, бәріне өзін кінәлайды.

Жеткіншек баланың әлеуметтік бейімделуінде ата-ананың екеуінің де, әсіресе әкесінің рөлі зор.

А. Маслоу бойынша ажырасу моделінің дилектикалық моделі:

· Эмоциналдық ажырасу: ажырасу алдындағы ойлану және күйзелу кезеңі.

· Заң жүзінде ажырасу: формалды деңгейде ажырасуды жүзеге асыру.

· Экономикалық ажырасу: ата-аналық жауапкершілік алдында баланс орнату, өзін зерттеу уақыты және ажырасудан кейінгі тепе -теңдік орнату.

Психологиялық ажырасу: эмоционалдық деңгейде - әрекетке дайындық, өзіне сену, өзіндік құндылық, тәуесіздік және автономия; когнитивтік және мінез-құлықтық деңгейде – жаңа бірдейлік синтезі және психологиялық ажырасудың аяқталуы, махабатқа жаңа объектіні іздеу және ұзақ қатынастарға дайындық.

Ажырасудан кейін психологиялық көмек көрсету бірнеше түрде өтеді:

- жекелік кеңес беру (терапия);

- ерлі-зайыптылық кеңес беру (терапия);

- ажырасқалы жатқан ата-ана мен балаларға топтық терапия;

- отбасылық кеңес беру (терапия).

Ұсыныстар келесі кезеңдермен жүргізіледі:

1. Сезімдерін реттеу: кінәлі сезіну, кектену, зайыбына деген ашу-ыза.

2. Фрустрациялық қажеттілікті анықтау, жағдай өзгеруін ескере отырып, оны қанағаттандыру жолын қарастыру.

3. Алынған тәжірибенің жағымды жағын қайта ой елегінен өткізу.

4. Зайыбынан ішкі ресурстар іздестіру, келешекке жаңа мақсаттар қою.

5. Отбасының қайта құрылуына көмек беру.

Ажырасқалы жатқан отбасына психологтер тарапынан көп қолдау көрсетілу қажет, себебі олар өзін жалғыздықта, тастанды, мәнсіз сезінетін болады. Психологиялық кеңес беру кезінде заңдық жағынанқойылатын, әсіресе балаға байланысты сұраұтарды түсіндіріп отыру қажет. Ажырасқан соң ата-ананың екеуі де баланы жақсы көретінін, байланыстың үзілмейтінін айта отырып, балаға сенімділік ұялату керек. Терапияда баланың жас ерекшелігіне байланысты ата-анаға да әрі балаға да ыңғайлы міндеттер мен жауапкершіліктер қаралады.

Отбасындағы мәселелер үлкендерге психологиялық көмек негізінде үш нұсқада көрсетіледі.

1. Отбасы мүшелері шын мәнінде ауруға шалдыққан.

2. Отбасы мүшелері өздерін тепе-тең ұстай алмайтынын мойындайды.

3. Отбасында ауру адамның болуы патологиялық емес, өзара қатынастан пайда болатын мәселе екеніне көз жеткізу.

Психологиялық көмек осындай мәселелерді шешуге бірнеше міндет қояды:

1. Көмек алуға келген отбасы мүшесіне ауру туралы толық ақпарат беру немесе кәсіби мамандарға жіберу.

2. Қолдау көрсету (егер әйелі ішкілікке үйір күйеуімен ажырасуды ойлап, шешім қабылдаса).

3. Арнайы сұрақтарға жауап іздеу, ауру адам реакциясына қарай тәсілдер пайдалану.

Неке-отбасы қарым-қатынастарының тұрақтылығын көтеру мақсатында моральдық-психологиялық әсер етудің мүмкіндіктерін қазір мүлдем қолданбайды деуге болады. Біздің ойымызша, қазір бұл саланың қоғамдық практикада қолданылып жүрген үлкен күш-қуаты бар. Отбасының оннан бір бөлігі ажырасу туралы көп ойланғандықтан қауіпті топты құрайды. Өз некесін бағалауда тұрақсыздық байқататын отбасылардың бұл топтары әрине, әлеуметтік көмек пен қолдауды қажет етеді. Мұндай көмек түрліше болмақ: ажырасудың аз-ақ алдында тұрған бірінші топ үшін мамандандырылған неке бұзу жөніндегі сот құрылып, бұл соттардың жұмысының тиімділігі ажырасқандар саны бойынша емес, татуласқан жұптар саны бойынша бағаланса; әр отбасының мүшелері үш ай ішінде жұмыспен қамтылса; жаңа туған сәбидің жөргекпұлы екі есеге көбейсе; бедеулік мәселесі медициналық жолмен еш қауіпсіз шешілсе және т.б. Негізінен ажырасушылардың жасы 18 бен 35 аралығындағы жастарды құрайды екен. Бір айта кетерлігі, 50 жасқа дейінгілердің арасында ажырасуға алдымен көбінесе әйелдер жағы арызданса, 50-ден асқандардың арасында еркектер ажырасуды оң шешім санайтын көрінеді.

Ажырасудың себептері көп, бірақ бірнеше негізгісі бар. Олардың ең біріншісі – жастардың бір-бірін жақсы танымай жатып, бас қосуы. Мұны АХАЖ-дың қызметкерлері де растап отыр. Ажырасуға арыз беретіндердің көп бөлігі өз шешімдерінің себебін мінездерінің сәйкеспейтіндігімен, тұрмыста ортақ тіл табыса алмайтындығымен түсіндіртін көрінеді. Психологтардың айтуынша, көбіне 3-4 ай таныстытқан кейін шаңырақ көтеріп жатқан жастар ажырасады екен. Бұл уақытты қыдырумен, түрлі кафе, клубтарға барумен өткізіп, жанындағы адамды өмірлік жар ретінде тани алмайды. Үйленгеннен кейін ғана оның бар болғаны бос уақытты бірге өткізуге тек жақсы серік екенін түсінеді. Сондықтан да мамандар бірге болған уақытында жастарға мейлінше мол әңгімелесіп, ішкі сырларымен бөліскен дұрыс деп кеңес береді. Бұл бір-бірін жақсы тани түсуіне, кейін оңай түсінісуіне мол көмек болады.

Ажырасуға екінші себеп – маскүнемдік пен нашақорлық. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, сауалнамаға қатысқандадың 51 пайызының ойынша отбасының шырқы дәл осы себеппен бұзылатын көрінеді. Ары қарайғы орындарда ажырасуға түрткі болатын мыналар екен: әлеуметтік жағдайы (баспананың болмауы) – 41%, жас жұбайлардың отбасылық өмірге әлі де болса дайын болмауы – 31%, тұрмыстық жағдайының төмендігі – 29%, туыстар арасындағы түсініспеушілік – 18%, нәрестенің болмауы – 10%. Дәл осы аталғанлар отбасының шырқын бұзатын негізгі себептер екен.

Ажырасу санының осыншама биік деңгейін көрсетіп отырған біздің қоғамымыз осындай қызметті ұйымдастыру үшін мүмкіндіктер іздеп табуы қажет. Оларды қамтамасыз етуді жартылай қазіргі күні кең тараған қайырымдылық қорларынан түсетін қаражаттан жүргізуге болады. Жұбын дұрыс таңдағанына сенімсіздікпен қарайтын отбасы тобы үшін кең тараған және жоғары білікті отбасылық кеңес беру қызметін құру нақты шара болар еді, оның қызметі отбасылық жайсыздықтың барлық мәселелерін қамтыса: сексологтың, урологтың, гинекологтың, психологтың, социологтың, экономисттің, әлеуметтік жұмыскердің, әлеуметтік педагогтың қызметімен қамтамасыз етілсе.

Олай болса, ажырасу проблемасын алдын алу, отбасындағы қақтығыстарды шешуге байланысты біздің ұсынысымыз – жаңа заман талабына сай «Кеңес беру орталығын» ашу және ол қызметті жүйелілікпен ұйымдастыру, жандандыру болып саналады. Психологиялық қызмет орталығының басты мақсаты мен міндеті:

- тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ажырасу, отбасындағы қақтығыстар кезінде отбасының мүшелеріне психологиялық тұрғыдан ықпал ету;

- отбасындағы қарым-қатынасты сақтау және неке тұрақтылығын сақтау;

- ажырасуды алдын алу;

- балаларға дұрыс тәрбие беру үшін кеңес беру;

- жұпты некеге тұруға, отбасы құруға дайындау;

- ерлі-зайыптылар арасындағы дағдарысты, ұрыс-жанжалдарды шешуге көмектесу.

Сонымен қатар, осы орталық қызметкерлері жанұя құрғаннан кейін алғашқы жылдардағы неке тұрақтылығына әсер ететін факторларды, яғни ерлі-зайыптылардың арасында қарым-қатынасының бұзылуын (көзіне шөп салу, қызғаншақтық), биологиялық сәйкессіздік (баласыздық, жыныстық дисгармония), жұбайлардың біреуінің басқа адамдармен тіл табыса алмауын (туысқандармен, таныстармен, әріптестермен), қызығушылықтарының әр түрлі болуын, балаға тәрбие беруде көзқарастың екі жаққа бөлінуін шешуге көмектесу. Кеңес орталығы екі бағытта жұмыс істейді:

1) отбасы-некелік өмірге жастарды даярлау, оларға неке құрғаннан кейінгі әркімнің отбасыдағы рөлін түсіндіріп айту керек. Сонымен бірге перзенттің болмауынан, жағдайда жастардың бірінің денсаулығы келмегендіктен, ұзақ уақыт перзентті бола алмаулары ықтимал. Қазіргі заманда бұл мәселені медициналық жолмен шешуге болады. Тіпті бір-бірін шын сүйген адамдар бала асырап алуы да мүмкін. Сол себептен орталық бедеулікті және белсіздікті алдын алу үшін жастарды биолигиялық тексеріске баруға бағыт-бағдар беру керек, яғни жастарды отбасы құруға дайындау- ажырасуды болдырмаудың негізгі тәсілі;

2) отбасындағы ұрыс-керіс, жанжалдар болған жағдайда отбасын сақтап қалу үшін психологиялық тұрғыда кеңес беру, балаға дұрыс тәрбие берудің жолдарын ұсыну.

Кеңес орталығының негізгі мақсаты - неке тұрақтылығын сақтап қалу. Көбіне жақсы жұмыс, жалақы қуған ерлі-зайыптылар отбасын ұмытып жұмысқа беріледі. Отбасын бірінші орынға қойғандар оны сақтап қалу үшін бар мүмкіндіктерін қолданады, яғни осы кеңес орталығына барып көмек сұрайды. Әлеуметтік қызметкер алдымен отбасының проблемасына, ажырасқан отбасылардағы балалардың жағдайына байланысты бірнеше сұрақтар қояды. Зерттеулердің мәліметтері бойынша ажырасқан отбасылардағы балалардың 45% бұл процесті жеңіл өтсе, 41% стресс және психологиялық шокпен өткереді. Ажырасқан отбасылардағы жағдайды ата-ана балаларына дұрыс түсіндіріп бере алмайды. Соның нәтижесінде бала мінезі, психологиясы өзгеріске ұшырайды. Сол себептен әлеуметтік қызметкер баламен әңгімелесіп, психологиялық түзету жүргізу керек. Егер арада бала болса, ажырасуды нағыз трагедия дәрежесінде қарастыру артық емес. Себебі, қазақ ұрпағының бақытын бәрінен жоғары қойған. Ал бала бақыты – әке-шешенің жанында алаңсыз өсу. Өкініштісі, кейінгі кезде шаңырақтың шайқалуы жастар үшін үйреншікті әдетке айналып барады.

Ажырасуды алдын алу жөнінде бұл орталық некеге тұрайын деп жатқан отбасыларға ұрпақ қамын ойлайтын отбасы институтын құруға көмектесіп, ажырасу дейтін келеңсіздіке тосқауыл қоюы мүмкін. Ажырасуға себеп болатын отбасылық өмірдің қиындықтары жұбайлардың бала күндерінен отбасылық өмір туралы, ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері жайлы қалыптасқан түсініктеріндегі, тәрбиесі мен айналадағы дүниені қабылдаудағы өзгешеліктеріне байланысты. Үйленбестен бұрын “Біз бірге тұра аламыз ба?» деп, сан мәрте ойлану керек. Әуел баста құр сезімге беріліп кету бар, ал неке - екі адамның орасан зор еңбегі екенін ешкім мойындағысы келмейді, осындай кезде кеңес орталығының тигізетін әсері мол болады. Мінездерінің жараспауынан, екі жас бірін-бірі толық зерттеп білмей жатып, жылт еткен махаббат сезіміне алданып, бас қосады. Уақыт өте келе кешегі қырмызыдай сызылған қыз қырсық мінездерін көрсете бастайды. Ал кеше жүзінен нұр төгіліп, бұл үшін тау қопаруға дайын тұратын жігіт енді айнып, бақытын сырттан іздейді. Кеңес беру орталығы некеге тұрайын деп жатқан жастарға бірін-бірі жақсы танып, мінезіндегі кемшіліктер мен артықшылықтарын білуге көмектеседі.

Орталық некелескен жұптардың бірін-бірі түсінуге, кеткен кемшілігі үшін кешірім сұрап, ақылға жүгініп, өмірді әрі қарай жалғауға кеңес беріп қалпына келтіреді. Біздің жастар әлеуметтік жағынан нашар қорғалған. Көбінің баспанасы болмағандықтан, үйленген соң ата-енесімен бірге тұруына тура келеді. Ал бұрыннан балаларына бұйрық беріп, айдап өргізіп, иіріп жусатып үйреніп қалған енесі немесе атасы жаңа түскен келінге талапты қатаң қоюы да мүмкін. Кейде жай ғана қатаң қоймай, келінге күн көрсетпей, ізіне түсіп, істеген ісін жақтырмай, өмірін өксікке толтырып, көзінен жас арылтпайтын да ата-аналар бар. Қазақ қоғамында ажырасуға кейде құдалар арасындағы келіспеушілік те әсер ететіні ежелден белгілі.

Сонымен қатар, еліміздің әр өңірінде отбасы және неке институтын нығайтуға бағыт­тал­ған игі істердің мол тәжірибесі бар екендігін айтып өту керек. Алматы облысында құрылған Әжелер комитетінің де жас ұр­паққа берер өнегесі мен ұла­ғат­ты істері көп. Білімпаздық пен отаншылдық та, мейірімділік пен ата дәс­түрге адалдық та әже берген тәрбиеден бастау алатынын бәріміз де білеміз. Сон­дық­тан әже­лер комитеті барлық облыста құрылса, нұр үстіне нұр болар еді.

Алматы қаласында «Алтын арқау» мә­дени-этнографиялық қо­ғамдық бірлестігі де үлкен жұмыс атқаруда. Ал Қызылорда облысында оқушылар арасында «Әкең саған қаншалықты жиі көңіл бөледі?» деген сауал­да­маға жүргізілген зерттеулер, тұрақты түр­де «Менің әкем» атты фото­көрме ұйым­дас­тыру, әкелер туралы арнайы сайт ашу жұ­мыс­тары қолға алынған.

Қостанай қаласында жұмыс атқарып жатқан «Әкелер мек­тебінің» қоғамның қа­зір­гі заман­ға сай жастарға арналған жұмыс тәсілдерінің, Петропавл қа­ласының неке және отбасын ны­ғайтудағы БАҚ жұмыс тәжіри­бесінің өзіндік іс-тәжірибесін атап өту қажет.

Ұлттық комиссиясының мү­ше­лері жас­тарға рухани-адам­гер­шілік тәрбие беру мақ­сатын­да ұйымдастырылған түрлі іс-шара­ларға қатысуды дәстүрге айналдырған. Отбасы мен некеге қатысты өзекті мәселелерді тал­қы­лау үшін әрдайым халықпен жүздесіп, ой-пікірлерді ортаға салып, тиісті органдармен бір­лесіп жұмыс істеуде.

Неке мен отбасының мәр­те­бесін көтеру және насихаттау мақсатында Ұлттық комиссия үш жыл бұрын «Сезон» жур­налының тұрмыстағы әйелдер арасында «Қазақстан миссисі» конкурсын өткізу жөніндегі бастамасын қолдауды ұйғарған еді. Бұл мүлде кездейсоқ емес: жоба­ның мақсаты – неке мен отба­сының құндылықтарын көтеру­ді, бала тәрбиесіндегі ата-ана­лардың рөлін күшейтуді, әйел­дер­дің қоғамдағы жағдайын жақ­сартуды көздейді. Бүгінгі таңда бұл конкурстар өмірі­міз­дің ажырамас бір бөлігіне айналып, отбасы беделінің артуына және отбасылық-некелік қаты­нас­тар институты­ның нығаюына өз үлесін қосуда.

Қазіргі кезде отбасы мен некенің таза­лығын сақтаудың халықтық озық тәжіри­бе­сін зерделеу, халық арасында және ең алдымен жастардың ортасында дәстүрлі отбасын қалыптас­ты­рудағы ұлттық құндылықтарды насихаттау жұмыстарын кеңінен ұйым­дастыру; балабақша мен мектептерде салт-дәстүрді, от­басылық құндылықтарды насихаттайтын арнайы сабақтарды оқу кестесіне енгізу керек деп санаймыз.

Отбасылық құндылықтар мен неке институты сыртқы жарнама түрі – билбордтар арқылы кеңі­нен насихатталуда. Бұл бағытта Ұлттық комиссия биыл төртінші рет билбордтар байқауын өткізді.

Бала тәрбиесінде адамгер­ші­лік, азамат­тық пен отаншыл­дық­тың жоғары сезімін қалыптас­ты­руға, отбасы құндылықтары мен әдет-ғұрыптарды нығайту жұ­мыстарына өңірлерде құрылған Ақсақалдар кеңесі, Аналар ке­ңесі, Ардагерлер кеңесі сияқты ұйымдардың әлеуеті кеңінен пайдаланылуда.

Әр халықтың діні мен тілі, салт-дәстүрі бөлек болғанымен, ұрпақ өрбіту, тәрбие­леп өсіру және ата-ананың перзенттері алдында жауап­кершілігі бірдей. Ба­лалар – біздің ертеңі­міз. Олар­дың қандай азамат болып шыға­тыны біздің бүгінгі берген тәр­биемізге тікелей байланысты. Ұл­т­тық комиссияның жүргізіп отыр­ған саясаты да отбасы тағ­дырына, елдің болашағына нем­құрайлы қара­мау керек деген ұс­танымды басшы­лыққа алады.

Біздің қоғамымыздың көпжылдық практикасында отбасына мемлекеттік көмектің негізгі түрі материалдық жәрдемақы мен жеңілдіктер беру деген пікір қалыптасты. Еліміздің қазіргі нақты экономикалық жағдайына баға бере келгенде, бұл салаға ірі материалдық салымдардың түсуін күту дұрыс еместігі айқын. Отбасы шын мәніндегі көмекке зәру, ең алдымен отбасы материалдық базасын (тұрғын үй жағдайын, табысын) нығайтуды қажет етеді, мұнда материалдық жайсыздық отбасының тұрақсыздығымен тығыз байланыстыру қажеттігі даусыз. Тұрғын үйі бар және тұрғын үйге зәру отбасылар арасында табыс деңгейі бойынша бөлгендегідей жайсыз некелер саны өзгермейтінін бақылау нәтижесі көрсетті. Отбасы тіршілігінің осы маңызды факторларын ерлі-зайыптылар ажырасудың басты себебі ретінде көрсетсе де, тұрақсыздық жағдайында олар қосымша роль атқаратын тәрізді. Мемлекет тарапынан жас отбасына тікелей ақшалай көмек беру отбасының материалдық мәселелерін шешуге көмектеспейтіні анық. Сонымен қатар қазіргі күні отбасының құқықтық базасы біршама алға жылжыған, бұл ерлі зайыптыларға материалдық проблемаларды өз күштерімен шешуге мүмкіндік береді. Отбасының өндірістік функциясы ролінің артуы отбасы мүшелерінің жеке еңбек қызметінің түрлерімен айналысуына байланысты, сондай-ақ бұл отбасының материалдық тұрғыдан нығаюына мүмкіндік береді.

Қазіргі күні жүзеге асырылатын әкімшілік-заңгерлік шаралар жөніндегі мәселені қарастыра отырып, олардың негізгі мәні отбасын экономикалық қолдауда ғана емес, отбасының бастамаларын жүзеге асыру үшін оның алдынан жаңа құқықтық мүмкіндіктер ашуда болып отыр. Бұл мүмкіндіктердің біраз бөлігін қоғам әлі толық сезінген жоқ және дамуын таппай отыр. Олардың қатарына республика егемендігінің дамуына байланысты республикалық үкіметтік органдардың құқықтарын кеңейту жатады: өз бюджетінің негізінде отбасына көмек беру шараларына қосымша аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып отбасылық саясаттың өзіндік жүйесін жасау.

Қазіргі кездегі ең маңызды мәселердің бірі - отбасылардың, әсіресе көп балалы отбасылар мәртебесін көтеру. Ата-аналар еңбегін отбасы жоқ кәсіпқой мамандардың еңбегімен заңнама арқылы теңестіру қажет, бұл үшін «отбасылық еңбекақы» енгізу керек, яғни бала тәрбиелейтін әйелге ең төменгі өмір сүру деңгейін ескере отырып және отбасындағы балалар санына қарай белгіленген ең аз еңбекақы төлеу қажет;

Оның негізгі мақсаты - бала тууды, отбасы құруды материалдық ынталандыру қажет. Көпбалалы аналардың зейнетке шығу жасын 50 жасқа дейін төмендету керек. Сондай-ақ мемлекет көпбалалы аналардың зейнетке шыққан кезде кедейшілік жағдайға түсіп қалмауын қамтамасыз етуі қажет. Қазіргі біздің елдегі зейнетақы жүйесінің негізгі үш бөлігі бар. Бірінші – баршаға ортақ төлемақы, екіншісі – еңбек өтіліне байланысты орталықтан бөлініп отырған зейнетақы, үшінші – жинақтаушы қор арқылы берілетін зейнетақы. басылымдарға тегін жазылу мүмкіндігіне ие болды

Төрт және одан да көп балалары бар отбасылар бұған дейін қоғамдық көліктерде тегін жүру билеттері мен жәрдемақылар алып келсе, енді олар мерзімдік басылымдарға тегін жазылу құқығына да ие болды. Көп балалы отбасылар Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестіріліп, осындай жеңілдікті ұсыну ұйғарылды. Сонымен қатар, көп бала тәрбиелеп отырған аналарға жасанды тістерді салдырту қызметі ақысыз көрсетіледі. Жергілікті бюджеттен нәресте дүниеге келгенде берілетін біржолғы және бір жасқа толғанға дейін берілетін жәрдемақылар, көп балалы отбасылар мен мүгедек балаларға көрсетілетін көмектерден бөлек әлеуметтік жағынан әлсіз отбасыларға балаларға арналған сүт тағамдарын тегін беру, балабақшалардың ақысын төмендету, жалғызбасты аналарға жәрдемақы төлеп, көп балалы отбасыларға тұрғын үй мәселесімен көмектесу қажет. Көпбалалы аналарды қорғау үшін осы жүйелерге мынадай ерекшеліктер енгізу шарт. Біріншіден, әрбір нәрестені дүниеге әкелген сайын сол ананың зейнетақы есепшотына орташа жалақымен тең, кем дегенде, бір жыл бойы бюджеттің есебінен төлемақы төленіп отыруы керек.Екіншіден, көпбалалы ана 50 жасқа толғанда, оның зейнетке шығуға өзінің құқығы болуы керек. Бірақ 50 жасқа толса да, ары қарай жұмыс істегісі келетін ананы жұмыс беруші мәжбүрлеп, жұмыстан шығармауы тиіс. Үшіншіден, Қазақстандағы Ұлттық қордың жыл сайынғы түсетін инвестициялық табысының бір бөлігін елімізде жыл сайын туылатын нәрестелердің атына жазып, сол қаржы қор қаржысымен бірге өсіп отырып, бала кәмелетке толған кезде төлқұжатымен бірге қолына берілуі тиіс. Бұл – зейнетақы жүйесімен бірге қолданылатын шара болуы керек. Балаларының саны көп әйелдерді елу жаста зейнетке шығару үшін оларға қосымша жәрдемақы төленуі керек. Бұл қаржы оның баласын бағуына жетуі шарт. Мысалы, шахтерлерге зейнетақымен қоса, тағы жеңілдік ретінде жәрдемақы беріледі, сол секілді көпбалалы аналардың зейнетақы мөлшерін өсіру жолдарын қарау керек. Өйткені бала өскен сайын шығын көбейеді. Көптеген шет мемлекеттерде азаматтарының орта жасының мөлшеріне қарай зейнетке шығу жасы анықталады. Өйткені шетелдерде зейнеткерлерге мемлекет тарапынан және өзінің бұрынғы жұмыс орнынан зейнетақы төленеді. Яғни олардың алатын зейнетақысы өте қомақты. Шетелдік зейнеткерлердің белгілі бір уақыт жұмыс істеп, қалған ғұмырында дүниежүзін шарлап қыдыратыны да сондықтан.

«2009 жылғы халық саны 16 миллион 10 мың адам болса, биылғы 1-қыркүйекте ел тұрғындарының саны 3,7 пайызға өскені байқалды.1980 жылдардың екінші жартысында елімізде дүние есігін ашқан сәбилер өте көп болды. Қазір сол балалар шаңырақ құратын жасқа келіп, сәби сүйіп отыр. Бұл фактор халық санының артуына біраз септігін тигізуде. Алайда, соңғы 10 жылда еліміздегі 14 облыстың жетеуінде бала туу көрсеткішінің тежеліп қалғаны анықталды. Яғни, Солтүстік Қазақстан облысында - 17,8, Қостанай облысында - 12,9, Ақмола облысында - 10,9, Шығыс Қазақстан облысында - 8,8, Павлодар облысында - 8, Қарағанды облысында - 4,9 пайызға халық саны қысқарған. Бұл бала туу көрсеткішінің төмен екендігін білдіреді.1996-2002 жылдар арасында өмірге келген балалардың саны аз. Ал, 2015 жылдан кейін осы ұрпақтың бала сүйетін кезеңі басталды. Бұл 2015 жылдары елде демографиялық құлдырау орын алады деген сөз. Аталған қауіптің алдын алу үшін мемлекет нақты бағдарламаны қолға алу керек.

Осы тұрғыда мынадай ұсыныстар ұсынамын:

- тұрақты демографиялық, әсіресе төртінші және бесінші бала туу мониторингін жүргізу;

- отбасылардың, әсіресе көп балалы (5 және одан көп) отбасылар мәртебесін көтеру;

- көп балалы отбасыларға тұрғын үй алу үшін алған несиенің кәмелетке толмаған 4 баласы бар отбасыға 50 пайызын, ал кәмелетке толмаған 5 баласы бар отбасыға 75 пайызын төлеуге мемлекет есебінен қаржылай көмек көрсету;

- сол сияқты кәмелетке толмаған балалары бар жас отбасыларына тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несиелер беру жүйесін іске қосу;

- 3 тен 21 жасқа дейінгі төрт және одан да көп балалары бар, табысы төмен отбасыларына немесе жалғызілікті ата-аналарға отбасы үстемақысын төлеу;

- ірі компаниялардың ұжымдық шарттарына бала тәрбиелеп отырған отбасыларға қосымша әлеуметтік және материалдық көмек көрсету туралы қосымшалар енгізуге ықпал ету және осы сияқты тағы басқа шараларды қолға алу керек.

- алтын алқа жетінші балаға беріледі, күміс алқаны алтыншы балаға береді. Ал, бесінші балаға алтын мен күміс алқаға қосып , қола алқаны шығарса; бес баланы босанған анаға қола алқа берілсе.

- көп балалы отбасының балаларын балабақшаға орналастыруда, ауруханаға қаралуда жеңілдіктер берілсе;

- отбасында төрт-бес баланың әкесі болып отырған ерлерді де ынталандыру керек, мәселен, бес баладан жоғары баласы бар ерлерді арнайы «Ардақты әке» сияқты белгімен марапаттаса;

- көп балалы аналардың зейнетке шығу жасын 50жасқа белгілесе.

Осы ұсыныстар енгізіліп жатса, бұл қоғамда жағымды пікір тудырар еді. Көптеген отбасында көп балалы болуға ниет бар, бірақ әлеуметтік жағдайы болмай отыр. Осы бағыттағы жұмыстар үдемелі тұрғыда жүргізілуі қажет.

Біздегі балаға берілетін жәрдемақы­ны салыстырмалы түрде айтсақ, Украинаға қарағанда 1,5 есе, Белоруссияға қарағанда 2 есе, ал Ресейге қарағанда 5 есе төмен екен. Мәселен, Ресейде «аналық капитал» – 10 мың доллар. Сол себепті еліміздің отбасылық саясатта әлеуметтік жағдайды көтеру керек. Республикадағы халық санын 2020 жылға дейін 20 миллионға дейін жетеміз деген мақсатты біз нақты демографиялық саясат пне отбасы саясатын ұштастыра отырып жүргізу арқылы орындай аламыз. Сонда ғана біз 2016-2025 жылдары демографиялық құлдырау емес, үлкен халықтың өсіміне жетеміз.

Қазіргі әлемдік демографиялық үрдістерін және біздің мемлекетіміздегі демографиялық ахуалдың маңыздылығын, яғни өсіміміздің өте қажет екенін ескере отырып, төрт балалы ананы көпбалалы ана деуіміз – қолдауға тұрарлық мәселе. Біздің елде қалыптасқан отбасылық қатынастардың ерекшеліктеріне сәйкес, дәл бүгінгі күні біз, ең алдымен, аналарымызға жағдай жасауымыз керек. Міне, осындай жағдай жасау арқылы біз көпбалалы аналарды, жалпы көпбалалы отбасыларды қорғай аламыз.

Ең алдымен, бар жақсылықты отбасына жасап, солардың әл-ауқатын көтеруіміз керек. Ал әлеуметтік ахуалды жақсартқымыз келсе, отбасылардың, әсіресе көпбалалы отбасылар мәртебесін көтеру; көпбалалы отбасыларына пәтер алуға және жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін алуға басым құқықты заңнамамен белгілеу; отбасыларының үш және төрт балалалы болу; бала тәрбиелейтін әйелге ең төменгі өмір сүру деңгейін ескере отырып және отбасындағы балалар санына қарай белгіленген ең аз еңбекақы төлеу; қызметкерлердің еңбекақы бөлінісі проблемасын шешу; шетел тәжірибесі негізінде бала тууды материалдық ынталандыру; бала тууға қабілетті әйелдерді тегін емдеу жүйесіне баса назар аудару шараларын жүзеге асыру қажет. Оларды ұлттық отбасылық бағдарлама жасау арқылы шешуге болады.

Елімізде соңғы кезде отбасы мәселесіне көп көңіл бөлініп келеді. Оның себебі, отбасына деген көзқарасты жаңа модельге өзгерте отырып қабылдату, өмірлік циклдегі дағдарыстар туралы психологиялық білім сапасын жоғары деңгейге көтеру сәйкесінше «отбасы-неке» институттарын құру.

ҚОРЫТЫНДЫ

Елімізде мемлекет тарапынан отбасы институтын қолдау үшін көп жұмыстар ат­қарылуда. Эко­но­миканың өсуімен халық­тың кірісі де артуда, ана мен баланы қорғау­ға, балаларға, көп балалы отбасыларына, мүге­дектерге бе­рі­летін мемлекеттік жәрдем­ақы­лар, зейнетақылар мөлшері өсуде.

Сонымен қатар, бүкіл әлем­дегі секілді, отбасы институты қазіргі таңда біздің елде де дағ­дарысты кезеңді бастан кешуде. Толық емес отбасылар мен неке­сіз туылған бала­лардың саны азаятын емес, өйткені азамат­тар­дың, әсіресе жастардың елеулі бөлігі шет елдер өмір салтына еліктеп, заңды некеге тұрмай өмір сүреді. Бұл үрдістер көп жағ­дайда зорлық-зомбылықтың, қылмыс­тың, аурудың өсуі сияқ­ты жағымсыз әлеуметтік проблемалар белең алуына себепші болып отыр.

Жалпы отбасылық және де­мо­графиялық саясаттың проблемаларын тек экономикалық жолмен шешу мүмкін емес. Ғасыр­лар бойы қалыптасқан отба­сы­лық дәстүрлер мен құн­ды­лық­тарға негізделген қазақстандық отбасы мәртебесін нығайтып және қолдау ар­қылы көптеген проблемаларды шешуге болатынын түсінетін уақыт жетті. Атап айтқан­да, туу, отбасы мүшелері­нің денсаулығын нығайту және ұлттың болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелерін отбасы­ның әлеуетін пайдалана отырып шешуге болады.

Елбасының Жолдауында оқы­ту үдерісінің тәрбиелік құрам­да­сын күшейту қажеттігі және олар – патриотизм, мораль мен пара­саттылық нормалары сияқ­ты құндылық­тар­ды барлық оқу орындарында сіңірілуге тиіс­тігі міндеттелді. Сондықтан, барша қоғам болып, ең алдымен әр отбасымен және мектептермен бір­лесе отырып, осы бағытта жұ­мыс­ты күшейтуіміз қажет. Бала туу фактісі және көп балалы аналар­дың саны өсіп келе­ді. Бала туудың өсуіне – отбасы табысының артқаны, медицина­лық қызметтің сапасы жақсар­ға­ны, әлеуметтік жәрдемақылар мен тұрғын үй мәселесінің ше­ші­мін тапқаны сияқты жекелеген факторлар да әсер етеді.

Деректерге жүгінсек, елімізде 2-3 адамдық отбасылардың үлес салмағы 5-7 адамдық отбасылардан әлдеқайда жоғары. Мәселен, 2 адамнан тұратын отбасылардың саны 30,1 пайыз болса, үш адамды жанұялар 26,7 пайыз. Ал алты адамнан тұратын жанұялар 5,6 пайызды құраса, жеті адамнан тұратын отбасылар халықтың бар болғаны 1,9 пайызы ғана. Жоғарыда аталған гендерлік саясат, азаматтық неке, абырой іздеп, мансап қуу сияқты құбылыстардың бәрі өзгелерге еліктеуіміздің салдары болса керек. Олай болса, бұл дертке шалдықпай, дәстүрлі қазақы отбасын қалыптастыруға ұмтылған жөн.Отанымыздың ұрпағы «дұрыс» өсуі ұшін, дұрыс тәрбие керек. Ал ол үшін еліміздегі отбасылардың ішкі ахуалы таза болып қана қоймай, әрбір мүшесінің жан-дүниесі имандылыққа толы болу керек.

Елімізде соңғы кезде отбасы мәселесіне көп көңіл бөлініп келеді. Оның себебі, отбасына деген көзқарасты жаңа модельге өзгерте отырып қабылдату, өмірлік циклдегі дағдарыстар туралы психологиялық білім сапасын жоғары деңгейге көтеру сәйкесінше «отбасы-неке» институттарын құру.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Источник: портал www.KazEdu.kz

Каталог учебных материалов

Свежие работы в разделе

Наша кнопка

Разместить ссылку на наш сайт можно воспользовавшись следующим кодом:

Контакты

Если у вас возникли какие либо вопросы, обращайтесь на email администратора: admin@kazreferat.info