Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру

Узнать стоимость написания работы

Мазмұны

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

1 Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыртастырудың теориялық негіздері...............................................................................................6

1.1 Қазіргі ғылымдағы «зерттеу дағдылары» ұғымының педагогикалық –психологиялық әдебиеттерде зерттелуі................................................................6

1.2 Кіші мектеп жасындағы балалар бойында зерттеу дағдыларын қалыптастырудың психологиялық – педагогикалық ерекшеліктері..................16

2 Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудың әдіснамалық негіздері..........................................................................................23

2.1 Кіші мектеп оқушыларының зертеушілік дағдыларын қалыптастыру жолдары..............................................................................................................23

2.2 Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудың бір жолы – жобалау әдісі...................................................................................32

2.3 Кіші мектеп оқушыларының математика және дүниетану сабақтарында зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудың мүмкіндіктері...........................38

3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері..................................44

Қорытынды.....................................................................................................58

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.......................................................................60


Кіріспе.

Зерттеудің көкейкестілігі.

Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі нысаны – жас ұрпақтың дағдыларын қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сондай – ақ ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүріп, қызмет жасауға қабілетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып отыр.

Елбасының халыққа жолдауындағы алтыншы міндеті де осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлауды, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыруды, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалануды, инновациялық экономиканы дамытуды қарастырады.

Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады.[1]

Әрбір оқушы табиғатынан таныс еместің барлығын білуге құмар және оқуға деген ынтасы зор екені белгілі, сол себепті де ол оқытудың бастауыш сатысында шығармашылыққа, таным мен белсенді әрекетке ұмтылады. Осы тұрғыдан алғанда зерттеу әрекетшілдігі қоршаған орта туралы оқушының танымын кеңейтудің ең басты тәсілдерінің бірі болып келеді.

Біздің заманымыз өміріміздің барлық салаларын қарқынды жетілдіре отырып үнемі өзгеріске ұшырап отырады, соның ішінде білім беру жүйесі де. Соған сәйкес, кіші мектеп түлегі төмендегідей сипаттарға ие болуы тиіс:

- білуге құштар, өмірді белсенді және қызыға танушы;

- оқу біліктері негізін меңгерген, өзінің іс – әрекеттерін ұйымдастыра алатын қабілеттерге ие;

- мейірімді, сұхбаттасушыны тыңдап, ести алатын, өзінің ұстанымдарын негіздей алатын, өз пікірін білдіре алатын. [6] (21)

Жалпыға бірдей білім берудегі кіші мектептегі оқытудың мемлекеттік білім стандарты келесі мақсаттарды қамтамасыз ететін, жеке тұлғаға бағытталған жалпы көпшілік бастауыш сыныптардың жеке тұлғаға бағытталған сапалы дамытушы моделін анықтады.

- оқушының жеке тұлғасын, оның шығармашылық қабілеттерін, оқуға деген қызығушылықтарын дамыту, оқу ынтасы мен дағдысын қалыптастыру;

- рухани – адамгершілік және эстетикалық тәрбие;

- білім, білік және дағды жүйесін, әртүрлі әрекет түрлерін жүзеге асыру тәжірибелерін меңгеру;

- оқушылардың физиологиялық және психологиялық денсаулықтарын нығайту және сақтау;

- оқушының даралығын сақтау және қолдау.

Кіші мектепте жалпыға бірдей білім берудің ары қарай оқытудың нәтижелігін анықтауда меңгеру деңгейі неғұрлым әсер ететін жалпы білік пен дағдыны қалыптастырудың басымды бағытымен айқындалған. Білімнің негізгі нәтижесі оқушының әрекеттердің әмбебап тәсілдерімен қатар, оқылып жатқан пәндерге тән дамудың жаңа деңгейлерін меңгеру ретінде әрекеттік бағыттар негізінде қарастырылады. Бұл жаңа оқу стандарттарының тағы да ерекше жақтары. Оқу үдерісіндегі осынау ерекшеліктерді жүзеге асыру мұғалім мен оқушы арасында бірігіп жасаған әрекеттерді жоспарлау негізінде жаңа ұйымдастыруды талап етеді.

Б.В.Всесвятский жазғандай, зерттеулер оқушыны бақылау жүргізуге, жеке заттардың қасиеттеріне тәжірибе жүргізуге баулиды. Бүкіл осы үрдіс – белсенді бала жаратылысына жауап беретін үрдіс екендігі өте маңызды, ол оңды эмоционалдық бояулармен беріледі. Екеуін де салыстырып жалпылаған кезде деректердің (жай сөздің емес) мықты негізін береді. Ол оқушылардың қоршаған ортаға біртіндеп бейімделуіне негіз болады, өзінің санасында әлемнің ғылыми сипаты туралы өзіндік білім мен жасампаздық ғимаратын салуға мықты негізін береді.

Зерттеу әдісі – өзіңнің жеке шығармашылық және зерттеушілік дағдылары арқылы білім алу жолы. Оның негізгі салыстырмалылары – проблемаларды анықтау, болжамдарды жасау және тізбектеу, бақылау, тәжірибелер, сонымен қатар солардың негізінде жасалған ойлар мен талқылаулар. Оқыту кезінде зерттеушілік әдістерді қолдану барысында ауыртпалық ортасы шынайылықтың деректері мен оның талдауларына ауады. Осы орайда, дәстүрлі оқытуда қолданылатын сөз әдісі кейінге шегіндіріледі.

Дегенмен, кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалары енгізілген материалдар саны өте аз. Осы өзекті мәселе «Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру» тақырыбын таңдауға себепші болды.

Зерттеудің мақсаты: Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру мәселесін теориялық тұрғыда зерттеу, іс – тәжірибеде жүзеге асыру.

Зерттеудің нысаны: Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын даярлау үрдісі.

Зерттеудің болжамы: Егер, кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру мәселесін теориялық тұрғыда зерттеліп, кіші мектеп жасындағы оқушылар бойында зерттеу дағдыларын қалыптастырудың психологиялық – педагогикалық ерекшеліктері анықталса, сабақта бағытты – практикалық, кіші мектеп оқушыларының зертеушілік дағдыларын қалыптастыру жолдары сараланса, онда оқушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру деңгейі жоғарылар еді.

Зерттеудің пәні: Қоршаған ортамен таныстыру кезінде кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру үрдісі.

Зерттеу міндеттері:

1) Қазіргі ғылымдағы «зерттеу дағдылары» деген ұғымды сипаттау;

2) Зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудың психологиялық – педагогикалық ерекшеліктерін анықтау;

3) Кіші мектеп оқушыларының зертеушілік дағдыларын қалыптастыру жолдарын саралау;

4) Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптасу деңгейінің диагностикасын жүргізу;

Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері: Алға қойылған міндеттерін шешу мен бастапқы белгіленген болжамдар жағдайын тексеру үшін келесі зерттеу әдістері қолданылды: зерттеліп отырған мәселе бойынша әдебиетті зерттеу және теориялық талдауы, ақпаратты синтездеу және жалпылау, бақылау, тестілеу; тәжірибелік – сараптамалық жұмыс және оның қорытындыларын өңдеу.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы, ҚР «Білім Беру Туралы Заңы», ҚР 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының білім беру журналдары, психология, педагогика ғылымдарының дүниетаным, тәрбие, білім, даму туралы ғылыми еңбектері, педагогикалық оқулықтар.

Зерттеу жұмысының әдістері:

- ғылыми – әдістемелік әдебиеттерді зерттеу;

- сұрақ – жауап;

- түсіндіру;

- педагогикалық бақылау;

- педагогикалық эксперимент;

Зерттеу жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды, әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеудің базасы: Шығыс Қазақстан Облысы, Семей қаласы, №38 жалпы орта білім беретін мектеп – лицейінің 2 «Д» сыныбы.

1 Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыртастырудың теориялық негіздері

1.1 Қазіргі ғылымдағы «зерттеу дағдылары» ұғымының педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде зерттелуі

Жалпы ұлттық деңгейдегі 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты – еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау. Бәсекеге қабілетті жеке тұлға деп өмірдің қай саласында болмасын еркін де нақты, жауапкершілікпен ойлайтын, әр түрлі жағдайларға бейімделе білетін, бойында шығармашылық қасиеттері қалыптасқан тұлғаны айтамыз.

Ғылымның жедел түрде дамуы, техникалық прогресс, қазіргі заман талабы кіші мектеп оқушыларының жан – жақты терең ойлау дағдыларын арттырып отыр. Сондықтан бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін зерттеу – ізденушілік жұмыстарды бастауыш сыныптан бастау қажет. 12 жылдық білім берудің басты мақсатының бірі – құзыретті тұлғаны дамыту болса, күтілетін нәтиженің бірі – мәдениетттанымдық құзырет. Ол дегеніміз – жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдің мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. Өзінің халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсіну. [2. 62 бет]

«Зерттеу» мен «зерттеушілік дағдылары» ұғымына не кіреді екен? Өзінің «Кіші мектеп оқушыларын зерттеу әдістеріне оқыту» кітабында А.И.Савенков келесі анықтаманы береді: «Зерттеу – бұл белгісіздікті іздеудің шығармашылық үдерісі» [3. 46бет]. Өз кезегінде зерттеушілік дағдыны жалпы жеке тұлғаны дамытуда қарау және көру, бақылау қабілеттерін дамыту шартары деп анықтауға болады.

Зерттеушілік дағдылар негізінде төмендегі көрсеткіштер жатады :

- оқушылардың танымдық білік пен дағдыларын дамыту;

- ақпараттық кеңістікте бағыт ала білу;

- өз білімін өздігінен құрай алу дағдысы;

- ғылымның әралуан саласындағы білімдерін кіріктіре алу дағдылары;

- сыни тұрғыдан ойлай білу дағдысы.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, зерттеушілік дағдылардың келесі міндеттерін анықтауға болады:

- Білімділік: белгілі бір тақырыпты зерделеу барысында оқушылардың алған білімдерін белсендіру және өзекті ету; көрінеу мектеп бағдарламасы аясынан тыс материалдар кешенімен танысу.

- Дамытушылық: зерттелініп жатқан тақырып аясында ойлау дағдысын дамыту, талдау жасау, салыстыру, өзіндік қорытындылар жасай білу; материалды іріктей білу және жүйелеу; жүргізілген зерттеуді рәсімдеу барысында ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдана білу; зерттеу қорытындыларын көпшілік алдына ұсыну.

- Тәрбиелік: өзгелердің қызығушылығын тудырып, қажетті болатын өнімді шығару. [13. 25бет]

Өз кезегінде бүкіл зерттеушілік дағдылар аталған міндеттерді жүзеге асыруға ықпал ететін бірнеше сатыларға бөлінеді:

1саты – Мәселенің өзектілігі. Мақсаты: Болашақ зерттеудің сұрақтары мен бағыттарын анықтау.

2 саты – Зерттеу саласын анықтау. Мақсаты: Біз жауабын алғымыз келетін негізгі сұрақтарды жинақтау.

3 саты – Зерттеу тақырыбын таңдау. Мақсаты: Зерттеу шекараларын белгілеу.

4 саты – Гипотезаны шығару. Мақсаты: гипотезаны немесе гипотезаларды жасау, соның ішінде орындалмайтындары да провокациялық түрлері де айтылуы қажет.

5 саты – Шешім бағыттарын анықтау және жүйелеу. Мақсаты: Зерттеу әдістерін таңдау.

6 саты – Зерттеуді жүргізудің бірізділігін анықтау.

7 саты – Ақпаратты жинақтау және өңдеу. Мақсаты: алынған білімдерді жазып қою.

8 саты – Алынған материалдарды жалпылау және талдау. Мақсаты: белгілі логикалық ережелер мен амалдарды қолдана отырып, алынған материалы құрылымдау.

9 саты – Есепті даярлау. Мақсаты: негізгі ұғымдарға анықтамалар беру, зерттеу нәтижелері бойынша хабарлама даярлау.

10 саты – Баяндама. Мақсаты: өз құрбылары мен ересектердің алдында көпшілікте оны қорғап шығу.

11 саты – Аяқталған жұмыстың нәтижелерін талқылау.

Зерттеушілік дағды деп – біз өзіндік таңдаумен, оқушыларға қолжетімді материалмен зерттеудің амалдары және әдістерін қолданумен шартталған зияткерлік және практикалық дағдыларды білеміз. [4. 96 бет]

Зерттеушілікке оқыту – оқушының қоршаған ортасын өз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде құрылған тәсіл. Зерттеушілікке оқытудың негізгі мақсаты – оқушының өз бетімен шығармашылық жаңа іс – әрекет тәсілдерін игеруге дайындығы мен қабілет қалыптастыру. Оқушыны ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып табылады.

«Зерттеу» түсінігі үлкен кеңес энциклопедиясында «Жаңа білім алу процесі және танымдық әрекет түрлерінің бірі болып табылады» делінген. Танымдық әрекет оқуы үшін қабылдаушылық және өзгертушілік сипатта болуы мүмкін. Оқушының танымдық өзгертушілік әрекеті зерттеушілік деп аталатын әдістің көмегімен жүзеге асырылады. [жексенбаева 12 жылд бб] (6бет).Соңғы жылдары «зерттеушілік әрекеті» мәселесіне жаңа термин ретінде – «зерттеушілік әдебі» термині еңгізілді. А.И.Савенков «зерттеушілік әдебі – күрделі психикалық құбылыс, оған нақты анықтама берілмейді» дейді. Ол өз еңбектерінің бірінде: «Зерттеушілік әдебі – аспаптар іздестіру, белгісізден белгіліге қарай бағытталған әрекет, ал зерттеуге оқыту – зерттеушілік әдебі негізінде құрылған оқыту түрі» деп түсіндіреді. [савенков учебное пособие] (43 бет)

Ал біздің қолдануымызда зерттеушілік әдебіндегі басты ерекшелік – өзін – өзі тәрбиелеу, өзін – өзі дамыту арқылы қалыптасатын зерттеушілік белсенділігі. Сонымен қатар әр адам өзін қоршаған ортасымен қарым – қатынасы түрліше болуына байланысты, оның әдебі түрлі формада байқалады. Адамның зерттеушілік әдебі шығармашылықта байқалады. Ал, шығармашылық зерттеушілік әдебінің басты сипатын білдіреді. Зерттеушілік шығармашылық ізденіс адамға екі жақты көзқараста: бірінші, қандай да бір жаңа өнім алу жағынан, екіншісі, ізденіс үрдісінің мәні жағынан маңызды. Адам тек шығармашылығының нәтижесімен ғана емес, сонымен қатар шығармашылық-зерттеушілік үрдістің өзінен ләззат алуға қабілетті. Зерттеушілік әрекет пен зерттеушілік әдебі мағыналары мәндес болып табылады.

Зерттеу әдістерін таңдауға И.П.Павлов ерекше назар аударды: «Жақсы әдіспен онша талантты емес адамның өзі көп жұмыс тындыра алады. Ал жаман әдіспен данышпан адамның өзі түк бітіре алмауы мүмкін» деген[савенков 12 жылд бб](10бет). Сонымен зерттеу әдістерін мынандай топтамада қарауға болады: теориялық әдістер – қарама-қайшылықтарды анықтау және шешу, проблема қою; болжам жасау және операция әдістері – талдау, сүзгілеу, салыстыру, абстракциялау және нақтылау; эмпирикалық әдістер: танымдық іс-әрекеттер зерттеу, мониторинг, бақылау, сұрақ қою, тестілеу. Зерттеуді өткізу уақыты екі кезеңнен тұрады: теориялық кезең – әдебиеттерді талдау және жүйелеу, түйсік аппаратын жетілдіру, зерттеудің теориялық бөлігінің логикалық құрылымын жасау және эмпирикалық кезең – тәжірибелік – эксперименттік жұмыс жүргізу. Оқушының әрекеті зерттеушілік әрекет болуы үшін зерттеудің проблемасы мен тақырыбың анықтап, нақты мақсаттар қоя білу керек. Оқушылар ғылыми зерттеудің әдістерін, формаларын, принциптерін үйренуі тиіс. [скокова] 125 бет

Педагогикалық зерттеу әдістері бұл – мұғалім жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту, білім беру, дамыту, қалыптастыру кезінде солардың көмегіне жүгінетін әдіс – тәсілдер. Білімді жинақтаудың көптеген әдістері бар. Соның ішінде дәстүрлілерін атап өтейік (эмпирикалық) және жаңалары (эксперименталдық, теориялық).

Дәстүрлі әдістер бұл – қазіргі педагогикаға ертеден педагогикалық ғылымның бастауы болған зерттеушілерден мұра болып келген әдістер. Ол кезінде Платон және Квинтилиан, Коменский және Песталоцци қолданған, қазірдің өзінде ғылымда пайдаланылып келе жатқан әдістер. Дәстүрлі әдістерге жататындар: бақылау жүргізу, озық тәжірибені, алғашқы ақпарат көздерін зерделеу, мектеп құжатына талдау жасау, оқушылар шығармашылығының өнімдерін, әңгімелерін зерттеу.

Бақылау жүргізу – зерттеудің педгогикалық практикадағы неғұрлым қолжетімді және кең тараған әдісі. Ғылыми бақылау жүргізу ұғымында арнайы ұйымдастырылған нысанды қабылдай білу, үрдіс немесе жаратылыстың ұғымы жатыр. Ғылыми бақылау жүргізу күнделікті, тұрмыстықтан анағұрлым айырмашылығы бар. Оның басты айырмашылықтары:

1) міндеттері анықталады, нысандары айқындалады, бақылау жүргізудің схемасы жасалады;

2) нәтижелері міндетті түрде жазылып отырады;

3) алынған мәліметтер өңделеді, бұрын белгілі болған мәліметтермен салыстырылады және өзге әдістермен қайта тексеріледі. Неғұрлым тиімдірек болу үшін, бақылау жүргізу ұзақ, жүйелі, жан – жақты, объективті және қоғамдық болу керек.

Бақылау жүргізу әдісінің маңыздылығын, оның қолжетімділігін және кең таралғандығын айта отырып, сонмен бірге оның кемшіліктерін де атап өткен жөн, демек: ол педагогикалық жаратылыстардың ішкі жақтарын қамтамасыз ете алмайды, ол дегеніміз, ақпараттың толық объективтілігін қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан бақылау жүргізу көбінесе зерттеудің бастапқы кезеңдерінде өзге тәсілдермен үйлестіріле қолданылады.

Тәжірибені зерттеу – педагогикалық зерттеудің бұрыннан қолданыдып келе жатқан әдісі. Ол оқу – тәрбиесі жүйесіндегі тәрбиелеудің тарихи байланыстарын анықтауға, ортағын іріктеуге бағытталған танымдық ұйымдастырылған әдісті білдіреді. Оның көмегімен нақты мәселелерді шешу жолдары талданады, оларды жаңа тарихи жағдайларда қолданудың мақсаттылығы жайлы салмақталған қорытындылары шығарылады. Сондықтан аталған әдісті тарихи немесе мұрағатты деп те атайды, ол алғашқы ақпарат көздері әдістерімен тығыз байланыста. Көне жазба ескерткіштері, заң актілері, жобалар, циркулярлар, есептер, баяндамалар, қаулылар, съезд және конференция материалдары; оқу және тәрбие бағдарлмалары, жарғылар, кітаптар, сабақ кестелері тыңғылықты ғылыми талдауға жатады. Бір сөзбен айтқанда – жаратылуды, қандай да бір мәселенің бастауы мен динамикасын түсінуге көмек беретін материалдар. Шығармашыл еңбек ететін мұғалімдердің немесе жеке мұғалімдердің озық тәжірибесін зерделеу де орын алады. Педагогикада басты болып қалыптасқан көзқарасқа сыни тұрғыда қараған озық педагогикалық тәжірибе мысалдарын келтіруге болады, даусыз мәселе болып көрінетін сұрақтарды шешуге жаңаша көзқараста қарау. Еске түсірейікші, бастауыш сынып мұғалімі С.Н.Лысенкованың тапқан бірегей жаңалықтары мен педагогикалық ойы мектеп практикасын қалай дүрліктіріп еді.[подлаый, 151бет]

Зерттеу әдістерін қолдану дегеніміз – мәселелі міндеттерді анықтау, шығарманың сыни талдауын жасау ұсынысы, тәжірибе жүргізу және т.б. Бұл әдіс тиімділігінің басты шарты – зерттеу кезеңдері мен сатыларындағы оқушының өздігінен жұмыс жасауы, ол келесі танымдық әрекеттерді орындаудан тұрады: деректер мен жаратылыстарға бақылау жасау мен зерделеу; гипотеза ұсыну; зерттеу жоспарын жасау және оны жүзеге асыру; зерттеу нәтижелерін жинақтау; алынған нәтижелерге бақылау жүргізу және тексеру, оның маңыздылығына баға беру.

Алғашқы зерттеу әрекетеріне оқушыларды оқыту сабақ арқылы жүзеге асыру әбден мүмкін, ол арнайы сабақтар мен зерттеушілік жобаларды қорғау.

Мұғалім үшін зерттеу әрекеттерінің дағдыларының қалыптасу деңгейін бағалау өте маңызды. Кез келген нәтиже оңды баға алуға лайық. Мыналарды бағалауға болады:

- оқу зерттеуі кезінде жұмыстың әртүрлі сатыларын орындауда өздігінен жұмыс жасай алу деңгейі;

- топтық жұмысқа араласу деңгейі және өзіне жеке берілген рөлді тура орындауы;

- пайдаланылған ақпаратты түсіну деңгейі;

- идеяның бірегейлігі;

- проблеманы түсіне білу және оны шешу тәсілі;

- зерттеу мақсатын құру;

- рефлексияны меңгеру;

- жұмыс барысындағы шығармашылық бағыт.

Ғылыми педагогикалық зерттеу оқу – тәрбие үрдісін айқындайтын мектеп құжаттарына талдау жасауды білдіреді. Ақпарат көздері – сынып журналдары, жиналыс және отырыстардың хаттамалары кітабы, сабақ кестесі, ішкі тәртіп ережелері, мұғалімдердің күнтізбелік және сабақ жоспарлары, сабақтардың стенограммалары және конспектілері және т.с.с. Олардың мазмұнында зерттеліп жатқан жаратылыстар арасындағы бір-біріне бағыныштылықтарының себеп – салдарларын анықтауға мүмкіндік беретін көптеген объективті мәліметтер бар. Құжаттарды зерттеу мысалы үшін денсаулық пен оқу үлгерімі, сабақ кестесінің құрылу сапасы мен оқушылардың оқу белсенділігі арасындағы байланысты анықтауға құнды статитикалық мәлімет береді.

Оқушы шығармашылығы өнімдерін зерттеу – оқу пәндері бойынша үй және сынып жұмыстарын, шығармаларын, рефераттарын, есептерін, эстетикалық және техникалық шығармашылық нәтижелерінің зерттелуі тәжірибелі зерттеушіге көп нәрсені айтып бере алады. Сонымен қатар қызығушылықты былайша айтқанда еркін уақыт өнімдері – хобби – қызығушылықтар тудырады. Оқушылардың жеке дара ерекшеліктері, олардың бейімділігі мен қызғушылықтары, іске және өзінің міндеттеріне деген көзқарасы, тырысушылықтары, тәртібі, әрекеттік күшері – осы әдістерді тиімді пайдалануға болатын тәрбиелік аспектілердің бір ғана көрсеткіштері. Ол өзгелері сияқты бақылау жүргізу мен әңгімелердің тиянақты жоспарлануын, дұрыс қолданылуын, үйлесімді болуын талап етеді.

Педагогикалық зерттеулердің дәстүрлі әдісіне әңгімелесу жатады. Оның көмегімен мұғалім өзінің оқушыларының сезімдерін және пиғылдарын, оқушыларының бағалары мен ұстанымдарын анықтайды. Бірақ әңгімелесу әркезде сенімді бола бермейтін күрделі үрдіс. Сондықтан да ол көбінесе өзге әдістерді бақылау жүргізу немесе қолдану барысында толық анықталмаған жағдайларда қажетті түсініктемелерді және нақтылауды алу үшін қолданылады. Әңгімелесудің неғұрлым сенімді нәтижесін алу үшін төмендегі көрсеткіштер қажеті:

• сұхбаттасушының жеке тұлғасын және оның өмірде ойластырылған әңгімесінің тұрақты жоспарын ескере отырып құрылған әңгіме жоспарының болуы;

• әртүрлі ракурстар мен байланыстарда зерттеушінің қызығушылығын тудырған сұрақтарды талқылау;

• сұрақтардың ауыспалылығы, әңгімені сұхбаттасушыға жағымды болатын формасында құру;

• Жағдайды қолдана білу, сұрақ қою мен жауап берудегі тапқырлығы. Әңгімелесу өнерін ұзақ және шыдамдылықпен үйрену керек. [1]

Біздің заманымыз өміріміздің барлық салаларын қарқынды жетілдіре отырып үнемі өзгеріске ұшырап отырады, соның ішінде білім беру жүйесі де. Соған сәйкес, кіші мектеп түлегі төмендегідей сипаттарға ие болуы тиіс:

- білуге құштар, өмірді белсенді және қызыға танушы;

- оқу дағдылары негізін меңгерген, өзінің іс – әрекеттерін ұйымдастыра алатын қабілеттерге ие;

- мейірімді, сұхбаттасушыны тыңдап, ести алатын, өзінің ұстанымдарын негіздей алатын, өз пікірін білдіре алатын. [6] (21)

Жалпыға бірдей білім берудегі кіші мектептегі оқытудың мемлекеттік білім стандарты келесі мақсаттарды қамтамасыз ететін, жеке тұлғаға бағытталған жалпы көпшілік бастауыш сыныптардың жеке тұлғаға бағытталған сапалы дамытушы моделін анықтады.

- оқушының жеке тұлғасын, оның шығармашылық қабілеттерін, оқуға деген қызығушылықтарын дамыту, оқу ынтасы мен дағдысын қалыптастыру;

- рухани – адамгершілік және эстетикалық тәрбие;

- білім, білік және дағды жүйесін, әртүрлі әрекет түрлерін жүзеге асыру тәжірибелерін меңгеру;

- оқушылардың физиологиялық және психологиялық денсаулықтарын нығайту және сақтау;

- оқушының даралығын сақтау және қолдау.

Кіші мектепте жалпыға бірдей білім берудің ары қарай оқытудың нәтижелігін анықтауда меңгеру деңгейі неғұрлым әсер ететін жалпы білік пен дағдыны қалыптастырудың басымды бағытымен айқындалған. Білімнің негізгі нәтижесі оқушының әрекеттердің әмбебап тәсілдерімен қатар, оқылып жатқан пәндерге тән дамудың жаңа деңгейлерін меңгеру ретінде әрекеттік бағыттар негізінде қарастырылады. Оқу үрдісіндегі осынау ерекшеліктерді жүзеге асыру мұғалім мен оқушы арасында бірігіп жасаған әрекеттерді жоспарлау негізінде жаңа ұйымдастыруды талап етеді.

Жаңа стандарттың әмбебап оқу әрекеттері білім мен дағдының жинақталуына емес, жеке тұлғаның дамуына (оның когнитивті және эмоционалды адамгершілік ортасына) ықпал ету керек. Бұл дегеніміз – оқи білу, дүниені тану, ынтымақтаса білу, толерантты болу. Басқаша айтқанда, жаңа стандарттар аясында жасалған әмбебап оқу әрекеттері адамның басты қабілеттеріне жататын жалпы әрекеттерін құрайды. [с 25].

«Дүниетану» пәні аясында кіші мектеп оқушыларының аталған сипаттамаларының дамуын қарастырып көрейік. Аталған оқу курсына стандарттар келесі талаптарды қояды:

- табиғат пен қоғамды зерделеудің қолжетімді тәсілдерін меңгеру (отбасылық мұрағаттардан, қоршаған адамдардан ашық ақпараттық кеңістіктен алынған ақпараттарға бақылау, жазба жүргізу, тәжірибе, салыстыру, саралау және т.б.);

- қоршаған ортадағы себеп – салдарлық байланыстарды анықтау және орнату қабілеттерін дамыту.

Жаңа стандарттарға сәйкес оқушылар зерттеушілік жұмыстың әралуан түрлерін меңгеруге тиісті. Мұғаліммен бірлесе отырып, оқушы жаңа жағдаяттарда нәтижелі әрекет етуге, өзінің жеке тәжірибесінен білім алуға, бұрын жинақталған білім мен дағдыларын өздігінен әрекет етуге үйренуі керек.[]

Аталған аспектідегі зерттеушілік әрекеттері оқушының жалпы дамуына ықпал ете отырып жан – жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға көмектеседі, соның ішінде тікелей саралай білу ойлау әрекеттерінің қалыптасуы, шешімнің мүмкін болу барлық нұсқалары мен жолдарын іріктеп алу, жалпылау, бір іздеу шешімінен келесі бір шешімге ауыса білу, өзінің жұмысы бойынша әрекеттер бағдарламасын жасай білу, нысанды әртүрлі көзқарастар жағынан қарастыру, әртүрлі нысандардың үйлесімділіктерін салыстыра білу, сонымен қатар, ұсынылған тақырып бойынша тапсырмалар даярлай білу және өзіндік бақылау жүргізу.

Мектеп жеке тұлғаның өзіндік дамуына ықпал ететін әралуан танымдық әдістерін оқушылар тарапынан меңгеруді қамтамасыз етуге жәрдем. Кіші мектеп оқушыларын белсенді танымдық әрекетке араластыру үшін, мұғалімнен дидактикалық шарттарды құру талап етіледі, ол жағдайда білімді меңгерумен қатар оқушылардың өзіндік жеке тәжірибелік әрекеттері ұйымдастырылады. Оны жүзеге асыруда технологиялар, әдістер мен тәсілдердің үлкен қоржыны бар: бағытталған оқыту, зерттеушілік және жартылай зерттеушілік әдістері және жобалау әдісі.

Оқытудың тәжірибелік әдістерін қолдану – жаттығулар, тәжірибелік және зертханалық жұмыстар – салыстыру, бақылау дағдыларын дамытуға, басты және екінші кезектегі мәселені анықтап алуға, қорытындылар жасауға және т.б. ықпал етеді.

Жартылай зерттеу әдісін пайдалана отырып мұғалім зерттеудің жекелей саты жұмыстарын орындау кезінде оқушылардың жұмыс әрекеттерін ұйымдастырады және бағыт береді, оның қадамдарын белгілейді, тапсырмаларды құрайды, оның көмекші бөліктерін іріктейді.

Жартылай зерттеу әдісін пайдалану барысында кіші мектеп оқушылары бойында жоспарлау дағдылары дамиды, өз әрекеттерінің мақсатын жете түсінеді; синтездеу мен талдаудың тәсілдері жасалады, міндеттерге сәйкес әдіс тәсілдерінің өзгерту дағдылары дамиды, дәстүрлі жағдаяттарда туындаған мәселелерді көре алу, оларды шешудің нәтижелі тәсілдерін таңдай білу.

Зерттеушілік дағды кезінде кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруда жағымды шарттарды құру маңыздылығы зор, оның ішінде аса ерекшеленетіндері: оқушыларға олардың шығармашылық зерттеушілік дағдылардың мағынасын сезінуге көмектесетін мотивацияланулары, өзіндік жүзеге асыру мен жетілу мүмкіндіктері, мақсатты бағыттылық және жүйелілік, шығармашылық орта, психологиялық жайлылық, педагогтың тұлғасы және жас ерекшеліктерін есепке алу, өйткені зерттеушілік дағдыларға оқыту балалардың қабылдауы қолжетімді деңгейде жүзеге асырылу қажет, ал зерттеудің өзі қызықты және пайдалы болуы тиіс.

Осы орайда, жоғарыда айтылғандардың барлығын жалпылай келе, біз келесі қорытындыға келдік, оқушылардың өзіндік әрекеттері даму үшін бағытталуы тиіс:

- ойлау үрдістері мен зерттеушілік дағдылар;

- туындаған мәселелерді көре білу және іріктей алу, оларды шешу бойынша болжамдарды құра білу;

- алдына міндеттер қоя білу;

- материалды және идеалды әлемнің жаратылыстарының мүмкін болу себептері мен салдарлары жайлы болжамдарды құрай білу дағдылары;

- баламалы болжамдарды ұсына білу және оларды негіздеу;

- бір уақытта күрделі жаратылыстар, оқиғалар, мәтіндер, пікірлердің бірнеше мағынасын сақтай алу білігі. [12. 24бет]

Жалпыға бірдей білім беру модернизациясы Тұжырымдамасында бүгінгі күні оқушылар бойында тек қана терең және берік білімдерді қалыптастыруға ғана назар аудару емес, сонымен қатар олардың бойында жалпы оқытушылық дағдыларды, әмбебап құзіреттіліктерді, функционалды сауаттылықты қалыптастыру қажет. Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік әрекеттері – бұл шығармашылық әрекет, ол қоршаған ортаны танып – білуге бағытталған, оқушылар тарапынан өздеріне қажетті жаңа білімдерді ашу. Ол олардың құндылық, зияткерлік әлеуеттерінің нәтижелі дамуы шарттарын қамтамасыз етеді, оқушыларды белсендіру құралы болып табылады, зерттеліп жатқан материалға олардың қызығушылықтарының артуын қамтамасыз етеді, зерттеліп жатқан материалдың аясын неғұрлым кеңейтуге мүмкіндік береді, пәндік және жалпы дағдыларды қалыптастырады. Зерттеушілік әрекеттері үрдісі кезінде оқушы оқыту нысанынан арылады, ол білім беру үрдісінде белсенді позициялық орын алады. Мұндай бағыт оқушы бойында шешімдерді жасау мен оларды қабылдауда өз бетінше жұмыс жасай алу қабілетін қалыптастырады, ол өз әрекеттеріне жауапкершілік алады, өзіне – өзі сенімділігі артады, жеке тұлға бойындағы маңызды мақсаттылық пен өзге қасиеттерге ие болады [2].

Мұғалім кеңесші, тәлімгерге айналады, ол түпкілікті түрде оқушының оған деген көзқарасын өзгертеді – мұғалім «бақылаушы органнан» оқушылармен бірге бір командада ойыншы болатын неғұрлым тәжірибелі жолдасқа айналады.

Шығармашылық әлеуеттер мен зерттеушілік дағдыларды дамытудағы зерттеушілік әрекеттерге үлкен мән берілуі білім үрдісіне әртүрлі зерттеу әрекеттері формаларын енгізу мен кеңінен таралуына ықпал етеді. Бұл жерде оқушының өзінің мектептегі оқуы кезіндегі ең бастапқы сатысында қоршаған орта шынайылығының әралуындығына жақындау мүмкіндігі, оның құпияларына таңқалу және оны тану үрдісі барысында шығармашылық қуанышын сезіну, жаңалықты ашуға масаттану. [18. 38бет]

Сондай – ақ, пәннің өзі қандай мазмұнды мүмкіндіктеріне ие болса да, ол белгілі бір танымдық қызығушылықтардың, әлемге деген зерттеушілік көзқарасының немесе оқушының зерттеушілік дағдыларының дамуын қамтамасыз ете алмайды. Аталған жағдайда үлкен мән оқыту әдісіне беріледі.

Айтылып кеткендей, зерттеушілік оқытуда ең маңызды және күрделі міндеттердің бірі болып зерттеушілік әрекеттердің жоғары мотивациясын қалыптастыру табылады. Әсіресе оқушы бойында мәселелерді анықтауда ойлау қабілеттерін белсендіру жұмыстары өте маңызды. Яғни, негізінен, зерттелуші мәселенің деңгейінен, оның масштабтарынан оқушы зерттеуінің дидактикалық құндылығы тәуелді болады. Күрделі, кешенді және көп деңгейлі мәселелерге оқушының тұрақты қызығушылығын қалыптастыруда зерттеушілік тәжірибеге бастама беретін әртүрлі ойын сюжеттерінде құрылған арнайы ойын әдістері белсенді рөл атқарады. Бастапқы зерттеу әрекеттері еркін және қандай да бір мөлшерде сыртқы анықтамалармен шектелмегені маңызды болады. Ең жақсысы, қандай мықты болжамдар болса да, олар оған белгілі бір шектеу болмауға тиіс.Сондықтан да ол неғұрлым икемді, оның бойында импровизация үшін орын мол.

Зерттеушілік оқытудың жұмыс формаларының вариативтілігін ескере кету керек. Бұл жеке жұмыс болуы да мүмкін, сол мезетте жекетұлғалық әмбебап оқыту әрекеттері, ал коммуникативті әмбебап әрекеттері кезінде сондай – ақ топтық әрекеттер қалыптасады. Сонымен қатар бұл жұмыстың екі түрін де сәйкестендіруге болады. Демек, алғашында оқушылар жеке жұмыс жасайды, тәжірибе жүргізеді, бақылайды, саяхат кезінде әрбіреуі өзінің ақпаратын жинайды, сондан кейін барып топтарда немесе бүкіл сынып болып талдау жүргізіп, қорытынды жасайды. Жұмыстың әралуан түрлері зерттеушілік жұмысты түрлендіреді және оны одан да қызықты етеді. Соған қоса, баланың психологиясының өзі өзгелермен өзінің білгенін, ашқанын, зерттегенін бөлісуге қызығушылық танытуға бейім.[18. 39бет]

Б.В.Всесвятский жазғандай, зерттеулер баланы бақылау жүргізуге, жеке заттардың қасиеттеріне тәжірибе жүргізуге баулиды. Бүкіл осы үрдіс – белсенді оқушы жаратылысына жауап беретін үрдіс екендігі өте маңызды, ол оңды эмоционалдық бояулармен беріледі. Екеуі де салыстырып жалпылаған кезде деректердің (жай сөздің емес) мықты негізін береді. Ол оқушылардың қоршаған ортаға біртіндеп бейімделуіне негіз болады, өзінің санасында әлемнің ғылыми сипаты туралы өзіндік білім мен жасампаздық ғимаратын салуға мықты негізін береді.

Зерттеу әдісі – өзіңнің жеке шығармашылық және зерттеушілік дағдылары арқылы білім алу жолы. Оның негізгі салыстырмалылары – проблемаларды анықтау, болжамдарды жасау және тізбектеу, бақылау, тәжірибелер, сонымен қатар солардың негізінде жасалған ойлар мен талқылаулар. Оқыту кезінде зерттеушілік әдістерді қолдану барысында ауыртпалық ортасы шынайылықтың деректері мен оның талдауларына ауады. Осы орайда, дәстүрлі оқытуда қолданылатын сөз әдісі кейінге шегіндіріледі.

Осы орайда, біз «зерттеушілік оқыту» мен «оқытудың зерттеушілік әдістері» біздің заманымызда танымдық әрекеттің бірі болып табылатын жаңа білім алуды шығару үрдісі деген қорытынды шығарамыз. Зерттеуге қызығушылық оқушылар өздігінен кейбір қиындықтарды үнемі шеше алмау салдарынан жоғалып кетуі мүмкін. Осы жерде оларға көмекке мұғалім келе алады. Мұғалімнің міндеті нені қалай жасау керектігін айтып беру емес, пайда болған мәселені оқушының өзі шеше алатындай жол көрсету. Ол оқушының мотивациясын ғана сақтап қоймай, тіпті оны жоғарылатуға ықпал етеді.[]

Зерттеушілік дағдыларды ұйымдастыру кезінде ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың (АКТ) алар орны ерекше. Дүниетану сабақтарында оларды қолдану тек қана мұғалім қызығушылығымен емес, қазіргі оқу бағдарламалары мен білім стандарттарының талаптарымен шартталған. АКТ зерттеушілік дағдылар жұмысы барысында және сабақтарда жобалау технологиясын жүзеге асыруда кеңінен қолдану көздерін тарту үшін қажет. Ақпараттық технологиялар зерттеу жұмыстарына қосымша мүмкіндіктер береді, олар жұмысты неғұрлым толығырақ, жан – жақты, көрнекі және жарқын етеді. Сонымен, қазіргі білім беруде АКТ технологияларының жоғарылауы, оқыту мотивациясын көтерудің неғұрлым тиімді және ыңғайлы тәсілдері ретінде зерттеу элементтерін кіріктіре отырып сабақта пайдалану қажет. [Жексенбаева Ниязбекова]109бет

1.2 Кіші мектеп жасындағы балалар бойында зерттеу дағдыларын қалыптастырудың психологиялық – педагогикалық ерекшеліктері

Қазіргі кезде оқыту қоғамда үлкен қызығушылықты тудырады. Оқыту материалын нәтижелі меңгеру негізінде танымдық қызығушылық жатыр. Егер оқушылар тарапынан бақылау жасауға, тәжірибелер қоюға жағдайлар жасалып отырса, ол үнемі оқыту әрекетіне ілесіп отырады. Олардың негізінде төменгі сынып оқушылары өздерінің жеке ойлары мен қорытындыларын жасай алады. Кіші мектеп оқушылары бойында зерттеу дағдыларын қалыптастыруда кең мүмкіндікке оқу үрдісі ие. В.С.Мухинаның пікіріне сүйенетін болсақ, оқушылардың бойындағы зерттеу қабілеттері мен дағдыларын дамыту оқу – тәрбие үдерісінде келесі педагогикалық қағидаттардың жүзеге асырылуы меңзеледі:

1. Оқушылардың танымдық қызығушылықтарына бағытталған қағидаттар. Зерттеу – шығармашылық үдеріс, шығармашылықты тыс жүктеп қою мүмкін емес, ол тек қана ішкі қажеттілік негізінде ғана туындайды, аталған жағдайда қажеттілік танымдық қызығушылығында.

2. Таңдау еркіндігі қағидаты мен өзіңнің оқуына деген жауапершілік. Тек қана соларды жүзеге асыру шарттарында ғана білім беру жеке тұлғаның жеке мақсаттарына адекватты болуға қабілетті.

3. Білімді меңгеру мен оны алудың тәсілдерімен біріккен қағидат.

4. Өз бетімен ақпаратты іздеу дағдысын дамытуға сүйентін қағидаты.

5. Оқытудың продуктивті және репродуктивті әдістерінің үйлесімділік қағидаттары.

6. Білімнің жоғарылауы туралы көзқарастарды қалыптастыру қағидаты, себебі, зерттеушілік оқытудың мазмұны келесідегідей құрылу керек: адамзат тәжірибесі оқушылар алдында дәлелденбеген қағидаттар емес, мызғымас заңдар мен ережелер жинағы ретінде емес, үнемі дамып отыратын ағза ретінде көрсетілуі керек. [15. 35бет]

Жоғарыда айтылғандардың негізінде атаған бағыттағы бастауыш сынып мұғалімінің мақсаты – психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып кіші мектеп оқушыларында зерттеушілік дағдыларын дамыту мен қалыптастыру үшін жағдайлар жасау.

Танымдық үрдістерге қабылдау, зейін, есте сақтау, қиял мен елес және ойлау жатады. Кіші мектеп оқушыларына тән көрінетін танымдық үрдістердің пайда болуына сипат берейік.

Қабылдау. Бұл танымдық психикалық үрдіс, заттар, оқиғалар, жағдаяттардың тұтас көрсеткіштерінен тұрады. Бұл феномен дүниені танудың негізінде жатыр. Кіші мектеп оқушысының дүниетанымының негізі болып тікелей қоршаған ортаны қабылдау табылады. Оқу әрекеті үшін қабылдаудың барлық түрлері маңызды: заттардың формаларын, уақытты, кеңістікті қабылдау. Егер біз алынған ақпаратқа қарайтын болсақ, онда қабылдаудың екі түрін бөліп айтуға болады: сипатты және түсіндірмелі. Сипатты түрі дамыған балалар нақты деректі материалдарға бағытталған. Яғни, мұндай бала мәтінді түпнұсқаға жақын етіп мазмұндап бере алады, бірақ оның мағынасына соншалықты мән бермейді. Ал түсіндірмелі типтер керісінше шығарманың мағынасын іздеуде болады, бірақ оның мәнін есіне сақтауы мүмкін. Жеке тұлғаға тиісті жеке ерекшеліктер де қабылдауға әсер етуі мүмкін. Кейбір балалар қабылдаудың нақтылығына бағытталған, бірақ ол болжамдарға жүгінбейді, естігені мен оқығаны бойынша ойын өрбіткісі келмейді. Ал басқа жеке типтері, керісінше ақпаратты ой өрісінен өткізіп, оны өзінің жеке дара алдын ала пішілген пікірімен толықтырғысы келеді. Кіші мектеп оқушысының қабылдауы өздігінен болатын еріксіз мінезге ие. Оқушылар мектепке жеткілікті мөлшерде дамыған қабылдауымен келеді. Бірақ бұл қабылдаулар заттың формасы мен түр – түсін білумен ғана шектеледі. Осы орайда, затта балалар негізгісі мен маңыздысын емес, өзге заттардан ерекше қылып тұрған өзгешеліктерді көреді.

Ойлау. Кіші мектеп оқушының ойлауы кейіпті – көрнекі түрінен тілдік – логикалыққа ауысады. Ол көрнекі бейнелер мен ұғымға сүйенеді. Кіші мектеп оқушыларының ойлауы көбінде мектепке дейінгі оқушылардың ойлауын еске салады. Аталған танымдық үдерісті түсіну үшін кіші мектеп оқушыларының ойлау операцияларының даму ерекшеліктерін анықтап алу керек. Олардың құрамына талдау, синтездеу, салыстыру, жалпылау және нақтылау сияқты компоненттері енеді. [38. 174бет]

Талдау – бұл затты ойша бірнеше жеке бөліктерге бөлшектеу және оның қасиеттерін, сипаттарын және келбеттерін бөліп алу. Кіші мектеп оқушысында негізінен әрекеттік және сезімталдық талдау басым болады. Оқушыларға нақты заттарды пайдалана отырып мәселені шешкен оңайырақ болады (таяқшалар, заттардың үлгілері, кубиктер және т.б.) немесе оларға бақылау жасай отырып заттар бөліктерін табу. Бұл заттың макеті ретінде болуы мүмкін, сондай – ақ заттың өзі сонда болатын табиғи шарттар болуы мүмкін.

Синтез – бұл өзінің ақыл – ой тізбегін қарапайымнан күрделіге қарай логикалық тұрғыда құрай білу. Талдау мен синтез өзара тығыз байланысты. Оқушы неғұрлым талдауды терең меңгерген болса, синтез соғұрлым толық болады. Егер біз оқушыға сюжеттік суретті көрсетіп, бірақ оның атауын айтпасақ, онда бұл суреттің сипаттамасы жай салынған заттар сияқты болып көрінеді. Суреттің атауын хабарлау, талдау сапасын жоғарылатады, оқушыға тұтастай суреттің мағынасын түсінуге көмектеседі.

Салыстыру. Бұл заттар мен жаратылыстардың ортағы немесе айырмашылығын анықтау мақсатында салыстыру. Кіші мектеп оқушылары көзге түсетін жарық сипаттары бойынша салыстырады. Ол заттың дөңгелек формасы немесе оның өте жарық бояуы болуы мүмкін. Кейбір оқушыларға заттарды салыстыра отырып көп белгілерін анықтау мүмкін болады, ал кейбіреулері кемірек анықтайды.

Жалпылау. Кіші мектеп оқушылары ең алдымен заттың көзге түсетін айқын белгілерін айқындайды. Жалпылаудың көпшілігі нақты белгілерге қатысты. Егер оқушыларға әртүрлі топтарға жататын бірқатар заттарды ұсынып, оларды ортақ белгілері бойынша біріктіруге ұсыныс жасаса, біз кіші мектеп оқушысына оны өздігінен жалпылау қиынға түсетінін көреміз. Ересектің көмегінсіз ол тапсырманы орындау барысында мағынасы жағынан әртүрлі сөздерді бір топқа жатқызып тастауы мүмкін. Жалпылау ұғымдармен бекітіледі.

Ұғымдар – бұл заттар мен жаратылыстардың елеулі қасиеттері мен белгілерінің үйлесімділігі.

Нақтылау. Ақыл – ойдың бұл компоненті жалпылаумен тығыз байланысқан. Өмір бойына оқушыға ұғымдарды, ережелерді, заңдарды меңгеруді үйрену қажет. Оны жеке заттар мен бөліктерді, белгілерді, сызбаларды қарау негізінде жүзеге асыруға болады, ал ең бастысы олармен бірқатар операцияларды жасауға болады. Егер оқушы ортақ қасиеттердің тек қана бір бөлігін ғана білетін болса, онда оның нақтылауы да толық болмайды.

Қиял. Бұл адамның өзінің тәжірибесінде бар бейнелерге сүйене отырып жаңа бейнелерді жасау. Кіші мектеп оқушысының қиялын дамытудағы негізгі бағыты – болмысты меңгеру кезінде алынған өмірлік тәжірибе мен білім негізінде ақиқаттың толыққанды және толық бейнесіне ауысу. Кіші мектеп оқушысына бастапқыда еске түсірілген бейнелер нақты нысанды тек қана болжалды түрде ғана сипаттайды, олар бөліктерге кедей болып келеді. Ары қарай қиял дами береді, оқушылар бейнелерді құрған кезде неғұрлым көбірек белгілер мен қасиеттерді қолдана бастайды.

Кіші мектеп оқушылары қиялының ерекшлігі олардың нақты бір затқа сүйенуі болып табылады. Біртіндеп нақты мысалдар сөзбен ауыстырылады, олар балаға жаңа бейнелерді жасауға көмектеседі. Бейнелерді жасау қаншалықты байыппен, әдейілеп жасалса, біз қиялды соншалықты ерікті және еріксіз деп екіге боле аламыз. Дәл кіші мектеп оқушыларының бойында өздігінен қиялдану көрінеді. Оқушыларға бұрын жасалған, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен шартталған бейнелерге енжар қарау қиынға түседі. Бұл жаңа бейнелерді жасауға қиындықтарын туғызады. Кіші мектеп оқушылары қиялындағы жаңа бейнелер әлі толық саналы түрде біленбеген қажеттіліктердің әсерінен пайда болады. Еріксіз қиял басқаруға көнбеушілікке пара – пар келеді. Егер қандай да бір әдеби шығарма немесе эмоционалды боялған әңгіме оқушы бойында ерекше қиял туғызса, онда ол естігенін немесе оқығанын мазмұндау барысында өз еркінен тыс шығармада жоқ қандай да бөліктерін ойдан шығарып алады. Ал ерікті қиял – бұл қойылған мақсат пен бейнеге сәйкес болған қиял. Ол дамуды қажет етеді, сондықтан ересектерге оқушы қиялында тек қана біраз белгілері бар белгісіз, жайылмалы, «ұсақ» бейнелерден жалпыланған анық айқын бейне жасауға дейін ықпал ету керек.

Зейін. Зейін өздігінен таным үрдісі болып табылады. Ол жоғарыда айтылған барлық үрдістерге тән: қабылдау, ақыл – ой, ес.

Зейін – бұл қандай да бір үрдіс немесе жаратылысқа мән беру. Ол барлық психикалық үрдіске ілесе жүреді және кез келген әрекетті орындаудың қажеті шарты болып табылады.

Зейін де ерікті және еріксіз болуы мүмкін. Кіші мектеп оқышысының бойында еріксіз зейін басым болып келеді. Еріксіз зейін жеткілікті жағдайда «өзекті» болып келеді және артық күш салуға бағынышты болмайды. Ерекше назар аударуды талап ететі нысандар әралуан болуы мүмкін. Бірақ барлығына жарқындық, жаңашылдық пен тосындық ортақ болады. Кіші мектеп оқушылары әлі өздерінің зейіндерімен басқарып үйренбеген, сондықтан барлық эмоционалды бояумен берілген заттар оларды жылтырауыққа әуес болған сауысқандай тартады. Бұл олардың ойлау әрекеттерінің көрнекі – бейнелік сипатымен түсіндіріледі. Мысалға алатын болсақ, егер оқушы ауырып қалып мектепте қандай да бір материалды меңгермей қалса, ол мектепке келген кезде мұғалімнің түсіндіргенін түсінбейді, өйткені олар алдыңғы айтылғандар негізінде құралады. Оқушы алаңдап, өзге нәрселерге айлана береді. Оған мұғалімнің түсіндіргені түсініксіз, айқын емес дүние болып саналады.

Ерікті зейін. Егер оқушы мақсат қойып, оны орындауға күш – жігерін салса, онда бұл ерікті зейін. Білім, білік, дағдыларын меңгеру кезінде оқушы бойында ерікті зейін дамиды. Ерікті зейінді дамыту бойынша жұмыс оқушы алдына ересектердің қойған мақсатынан бастау алады, оны кіші мектеп оқушысы өздігінен алдына қояды. Оған зейіннің мұқияттылығы, оның көлемі, тұрақтылығы, ауысу және іріктеу жатады.

Жинақталған зейін – бұл зейінді қандай да бір анық затта ұстап тұра алу қабілеті.

Осыдан шыға отырып, кіші мектептегі жас ерекшелігі зерттеушілік дағдыларды дамытуға келетін жас деп білеміз. Егер оқушылар білімді өздері көріп, естіп немесе қолмен ұстап байқаса, олар жаңа білімдерді жақсырақ меңгереді. Сонымен қатар осы уақытта оқушы ойында еріксіз зейіннің де неғұрлым дамығанын есепке алу керек, сондықтан оларға ұсынылатын зерттеулер неғұрлым жарқын және есте қаларлық болуы тиіс. Осы орайда, мұғалімнің міндеті сабақта зерттеу элементтерін пайдалана отырып кіші мектеп оқушысының бойына табиғатпен қаланған зерттеушілік дағдысын дұрыс арнаға қарай бұру. [2. 74 – 81бет]

Зерттеушілік дағдыларды қалыптастыру үшін келесі шарттар қажет:

Жүйелілік. Сыныптағы зерттеушілік дағдыны дамыту жұмыстары үнемі жүргізіледі, сабақ және сабақтан тыс уақыттарда.

Мотивациялану. Мұғалім оқушыға зерттеушілік әрекетте өзінің дарыны мен мүмкіндіктерін жүзеге асыруды көруге көмектеседі.

Психологиялық жайлылық. Шығармашылық белсенділіктерді ынталандыру. Мұғалімнің міндеті оқушылардың шығармашылық идеяларын қолдау және бағыттап отыру.

Жас ерекшеліктерін ескеру. Зерттеу шама жетерлік және қызықты болу керек. [27. 45бет]

Оқушы «Мен – білім» деген жеке тұлғалылықты ашады, оған маңызды болып келетін проблемалық жағдаятта оқушы қажеттілік туындататын «Неге?»,

«Неге олай болды?», «Ал егер..?» деген қажеттілік сұрақтары мен ұғымдарын білуге құштар болады. Оқушы зерделеніп жатқан нысанға жан-жақты қарап үйренеді. Мұғалім алдында күрделі міндет бар: кіші мектеп оқушысын өзіне сұрақ қоюға, таңқалуға үйрету, сондықтан ол оның танымдық белсенділігін дамыта түседі.

Одан кейін болжамдық ақыл – ой дамытудың жағдайы туындайды. Гипотеза – ой ізденуінің, ой салу мен талқылаулардың тәсілдері болып табылады. Оқушы өз еркімен нұсқалар, ұсыныстар жасап, біртіндеп бойында дәлелдеу мен негіздеу қабілеттерін дамыта бастайды.

Мұғалімнің алдында тұрған міндет – бір қатарлы емес шешімі бар тапсырмаларды іріктеу, қосымша ақпаратты талап ететін «қақпандар» қажет. Ерекше орында оқушының жаңа білімге деген құштарлығын, әрекет тәсілдерін туғызатын толық берілмеген мәтіндер болады. Жоғарғы мотивация тек қана эмоционалдық кірігуді ғана емес, оның оңды өсуін де қамтамасыз етеді. Әртүрлі болжамдарды талқылау қызығушылығы тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастыруға, оқушылар арасынды әлеуметтік байланыс орнатуға ықпалын тигізеді. Даму үшін үлкен маңызға рефлексия қабілеті ие. Рефлексия анықталады: белгіліні белгісізден айыра білу; сәтті жұмыс үшін қандай білімнің қажет екенін айыра білу қабілеттері; өзіңнің көзқарасыңды жалғыз ғана мүмкін болу деп санамай, өзіңнің ойлары мен әрекеттерді «шеттен» қарастыра білу білігі, бірақ өзге адамдардың ойлары мен әрекеттерін сынға қатты алмай бағалай білу.

Бұл өзгерістер өздігінен бақылау – бағалау оқыту әрекеттерімен байланысты. Өзін – өзі бақылау оқушыны жасап жатқан жұмысына жауапкершілікпен қарауға ынталандырады. [34. 85бет]

«Дүниетану» пәнінде ерекше орынды практикалы – бағытты тапсырмалар алады, олар әралуан бақылау жүргізу, оқыту тәжірибелері. Мұндай тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың бойында бақылай білу, өзінің бақылау мәліметтерін жазып отыру, болжамдарды құру, салыстыру, жүйелеу қабілеттері дамиды. Аталған тапсырмалар зерттеушілік жағдылардың жеке элементтері мен жобалау әдісінің бір бөлігі ретінде қолданыла алады.

Танымдық тапсырмалар ақыл – ой операцияларын дамытуға, қорытынды жасауға көмектеседі. Мұндай тапсырмалардың шешімін қарастыру жалпы пікірсайыстың бастамасы болады, оның барысында оқушылар өзгелерді, жолдастарын тыңдай білуге, өз дәлелдерін келтіруге үйренеді. [41. 64 б]

Келесі педагогикалық шарт – жас ерекшеліктерін ескеру.

Кіші мектеп оқушыларының зерттеу тақырыптары пәндерімен жақын болуы тиіс екенін мұғалім түсіну керек. Зерттеуді орындау мерзімі тым ұзақ болмауы тиіс, өйткені оқушылардың бойында жобамен жұмыс жасау барысында қиялданудың мөлшерден тыс деңгейі, зейіннің нашар концентрациясы байқалуы мүмкін, ол жылдам шаршап қалу мен жалпы жұмысқа деген қызығушылығын мүлдем жоғалып кетуіне әкелуі мүмкін.

Мұғалім үшін оқу – зерттеу жұмыстарының ең басты нәтижеі – жай ғана қарастырылған тақырып емес, ол оқушы тарапынан қағаздан желімделіп жасалған макет немесе хабарлама. Педагогикалық нәтиже – бұл ең алдымен тәрбиелік қатыстағы өзіндік, шығармашылық зерттеу жұмысының тәжірибесі; жаңа білімдер; тек қана оқу міндеттерін шешуде емес, өзінің әлеуметтік тәжірибесін меңгеру кезінде стандартты емес жағдаяттардан шығуға көмектесетін зерттеушілік дағдылар. [36. 203бет]

1 бөлімге қорытынды:

Өз кезегінде зерттеушілік дағдының жалпы жеке тұлғаны дамытуда қарау және көру, бақылау қабілеттерін дамыту шартары деп анықтауға болады.

Зерттеушілік дағдылар негізінде төмендегі көрсеткіштер жатады :

- оқушылардың танымдық білік пен дағдыларын дамыту;

- ақпараттық кеңістікте бағыт ала білу;

- өз білімін өздігінен құрай алу дағдысы;

- ғылымның әралуан саласындағы білімдерін кіріктіре алу дағдылары;

- сыни тұрғыдан ойлай білу дағдысы.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, зерттеушілік дағдылардың келесі міндеттерін анықтауға болады:

- Білімділік: белгілі бір тақырыпты зерделеу барысында оқушылардың алған білімдерін белсендіру және өзекті ету; көрінеу мектеп бағдарламасы аясынан тыс материалдар кешенімен танысу.

- Дамытушылық: Зерделеніп жатқан тақырып аясында ойлау дағдысын дамыту, талдау жасау, салыстыру, өзіндік қорытындылар жасай білу; материалды іріктей білу және жүйелеу; жүргізілген зерттеуді рәсімдеу барысында ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдана білу; зерттеу қорытындыларын көпшілік алдына ұсыну.

Тәрбиелік: Өзгелердің қызығушылығын тудырып, қажетті болатын өнімді шығару.

Зерттеушілік дағдылар деп – біз өзіндік таңдаумен, оқушыларға қолжетімді материалмен зерттеудің амалдары және әдістерін қолданумен шартталған зияткерлік және практикалық дағдыларды білеміз.

Мектеп жеке тұлғаның өзіндік дамуына ықпал ететін әралуан танымдық әдістерін оқушылар тарапынан меңгеруді қамтамасыз етуге жәрдем. Кіші мектеп оқушыларын белсенді танымдық әрекетке араластыру үшін, мұғалімнен дидактикалық шарттарды құру талап етіледі, ол жағдайда білімді меңгерумен қатар оқушылардың өзіндік жеке тәжірибелік әрекеттері ұйымдастырылады. Оны жүзеге асыруда технологиялар, әдістер мен тәсілдердің үлкен қоржыны бар: бағытталған оқыту, ізденушілік және жартылай ізденушілік әдістері және жобалау әдісі.

Кіші мектеп мұғалімінің мақсаты – психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып кіші мектеп оқушыларында зерттеушілік дағдыларын дамыту мен қалыптастыру үшін жағдайлар жасау.

2 Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудың әдіснамалық негіздері

2.1 Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру жолдары

Зерттеумен айналысу оқушының жеке және шығармашылық қабілеттері мен зерттеу, ойлау дағдыларын дамытады және оқушы өзі үшін «жаңалық» ашады. Зерттеу әрекеті баланы дамытады және ол шығармашылық арқылы көрініс табады. Зерттеу дағдысын қалыптастыру психологтардың айтуы бойынша жеке тұлғаның өзін – өзі дамыту мен дамуы үшін өте маңызды. Оқушының зертеушілік дағдысының қалыптаспауы тұлғаның кез келген қиындықты жеңе алмауына, мәселені шешудегі дәрменсіздікке әкеледі. Оқушының қабілетін айтпаса, дамытпаса өз мүмкіндігінен төмен оқуына әкеп соғады. Зерттеу жұмысы күнделікті қолданыста көбінде жаңа білімді меңгеру үрдісі, яғни адамның танымдық әрекетінің бірі ретінде түсініледі. Білім берудің теориясы мен практикасы көз қарасынан қарағанда ғылыми зерттеу қызуғышылық туғызады. [богоявленская 40 бет]

Зерттеу дағдысы ғылыммен айналысатын адамдарға ғана тән емес, сондай – ақ адамның түрлі саладағы қызметіне қажет. Оқушы бойында зерттеушілік дағдыларын дамытуда кіші мектептен бастаған жөн. Себебі оқушы табиғатынан зерттеуші, ал зерттеу ізденімпаздығы – табиғи қасиет. Зерттеу белсенділігі – оқушының мінез құлқының табиғи қасиеті. Оқушыға табиғатынан берілген белсенділік оның зерттеу әрекетінің негізін құрайды. Оқушыны жастайынан зерттеушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен біліктілігін игерту бүгінгі білім беру ісінің маңызды міндеті. Зерттеу, зерттеу тәртібі, зерттеу қызметі түсінігі туралы ғалымдар А.И. Совенков, Н.Б. Шуманова, Н.И. Дереклеева, У.Б. Жексенбаевалардың еңбектерімен танысу арқылы білуге болады. Сондай –ақ оқушылардың ғылым зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру туралы толық мағлұмат береді.

Ғылыми зерттеуге үйрету – оқытудың ерекше тәсілі оқушының өз бетімен қоршаған ортаны танып білуіне деген табиғи талпынысы. Зерттеуге үйретудің басты мақсаты – адам өмірінің кез келген саласындағы жаңа тәсілді өз бетімен шығармашылықпен меңгерудегі оқушының қабілеттілігі мен даярлығы.Зерттеу жұмысын ұйымдастыру нәтижесі – оқушының шығармашылық қабілетін дамыту, оның білім, біліктілігін зерттеу дағдысын қалыптастыру. Зерттеу жұмысында екі нәтиже болады. Біріншісі оқушының даярлаған еңбегі – баяндамасы, есебі, екіншісі педагогикалық нәтижесі – ол өз бетіндік, шығармашыл, зерттеу жұмысын жүргізудің тәжірибесін жинақтау болып табылады. Оқушыларды зерттеуге үйретудің мақсаты: оқушылардың зерттеу қабілеттерін жетілдіру арқылы тұлға ретінде жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту. [9]

Қазіргі жағдайларында 6 – 10 жастағы оқушының жеке тұлғасын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылып отыр, оның бойында әралуан әрекет түрлерін қалыптастыру, өйткені кіші мектепте бастапқы ғылыми білімдері мен ойлаудың негіздері қаланады. Ғылыми – жаратылыстану білімнің теориялық негіздерін кіші мектеп оқушыларында мақсатты және интенсивті қалыптастыру негіздерінің бірі – бұл спецификалық әдістерді пайдалану. Ол оқу әрекеті кезінде ғылыми ұғымдар білімдерін меңгеру кезінде оқушының қызығушылығын арттырады. Кіші мектеп оқушыларында ғылыми-жаратылыстану туралы өзге ұғымдар аппаратын қалыптастыру философиялық, психологиялық және педагогикалық ғылымдарды өзара әрекеттестіктің кешенді келуін талап етеді, олар өз кезегінде мектеп практикасының эмпириялық тәжірибесін терең түсініп, байытуға мүмкіндік береді. [10]

Психологиялық - педагогикалық теорияларда кіші мектепте оқытылып бастайтын бастапқы ұғымдардың әртүрлі анықтамалары беріледі. С.П.Баранов, И.Д.Лушников, А.Н.Алексееваның жұмыстарында бастапқы ғылыми ұғымдар негізінде сезімталдық тәжірибе жатқан абстракция ретінде қарастырылады. Ақыл-ой әрекеттерін сатылар бойынша қалыптастыруды жақтаушылар (П.Я.Гальперин, Д.Б.Давыдов, Н.Ф.Талызина және т.б.) бастапқы ғылыми ұғымдарды ақыл-ой әрекеттерінің жүйесі ретінде анықтайды.

Ұғымдарды меңгерудің құрылымы мен деңгейлерін басқа да ғалымдар М.А.Данилов, В.В.Краевский, И.Я.Лернер, Н.А.Менчинская, М.Н.Скаткин, М.Н. Шардаков, Г.И.Шукина, А.В.Усова және т.б. зерттеген. Психолог Л.С.Выгодский «Ойлау үнемі ұғымдар пирамидасында қозғалыста болады» деп көрсеткен. Ұғымдарды алға келтірмей бірде-бір ойды айтып, бірде-бір талқылау жасауға болмайды. Құрылған ұғымдар оқушылар тарапынан неғұрлым жақсы меңгерілген болса, оларға соғұрлым талқылаулары мен ойларын құру жеңіл болады, сонымен қатар, шығармашылық ойлауларымен байланысты негіздері де соғұрлым жетілген болады.

Білімге жүйелі түрде қарау базалық ұғымдар құрылымының қалыптасуына ықпал етеді, оқушы оны ары қарай өзінің тәжірибелік әрекеттерінде қолданады.

Педагогикалық тәжірибе көрсеткендей, кіші мектеп оқушыларында ғылыми жаратылыс білімдері жүйесін дамыту оқу үдерісі кезінде өздігінен жүрмейді, ғылыми ұғымдардың бастапқы түсініктерін қалыптастыру үшін жүйелі түрде бағытқа негізделген әдістерді құру мен жүзеге асыруды меңзейді.

Кіші мектеп оқушыларында бастапқы ғылыми ұғымдарды қалыптастыру мәселелері психологиялық, физиологиялық және философиялық тұрғыдан жан-жақты қарастырылғанына қарамастан, мәселенің педагогикалық аспекті білім саласындағы жаңа міндеттерді ескере отырып ары қарай құруды қажет етеді. Жаңа білім беру стандарттары оқу әрекетінде ғылыми ұғымдарды қалыптастырдың тиімді педагогикалық үрдістері шарттарын анықтайды. Кіші мектеп оқушысы тарапынан меңгерілетін әрбір тек қана бастапқы қалыптасуда ғана емес, ары қарай да даму мен оны қолданудың нақты белгілерімен сипатталуы керек. [шапошникова] 9 – 10 бет

Кіші мектептің жаңа буын оқулықтарын талдай отырып, білім жүйелерінің келесі негізгі элементтерін бөліп айтуға болады: ғылыми деректер – ұғымдар – заңдылықтар – теориялар. Ұғымдардың пайда болу баспалдақтары: сезіну – қабылдау – елестету – ұғым. Аристотель айтқандай «Кімде кім ештеңе сезінбесе, ол ештеңені танымайды және ештеңені түсінбейді де». Сезіну мен қабылдаудың басты мақсаты – мидың табиғатпен сыртқы жанасуын қамтамасыз ету, яғни таным үрдісіне бастама беріп, миға дүниені тану мүмкіндігін беру. Сезіну мен қабылдаудың негізінде кез келген зат пен жаратылыстың бейнесі пайда болады. Қоршаған ортамен танысу кезінде оқушы түсініктердің әралуан түрлерін жинақтайды. Шынайылықты тану үрдісі кезінде елестетуді ғалымдар қажетті саты деп біледі. Елестету неғұрлым көп және терең болған сайын, соғұрлым оқушы бойында ұғымдар туралы түсінік сәтті қалыптасады, яғни ол әлемді оның ішкі байланыстары мен заңдылықтарымен қоса таниды. Ғылыми білімнің мұндай жүйелері кіші мектеп оқушысын дүниенің қарапайым тұтас бейнесімен таныстыруға, оны өмірдің саналы қатысушысы етуге мүмкіндік береді. []

Кіші мектеп оқушыларының бойында қоршаған ортаның шындығына деген шығармашылық қатынастарын қабылдау және тану арқылы қалыптастыру – педгогикалық мақсаттың бірі. Шығармашылық – оқушылардың психикалық белсенділігінің мазмұнды формаларының бірі. Оның әртүрлі іс – әрекет түрлерінің сәтті орындалуын қамтамасыз ететін әмбебап қабілет ретінде де қарастыруға болады.

Кіші мектеп оқушыларының шығармашылық дамуының басты негізі – жаңа ілімге және жаңа әсерге қажеттілік. Бұл қажеттілік бірқатар авторлар тарапынан қарастырылған және айқындалған (Л.И.Божович, М.И.Лисина т.б.) Л.И.Божович – «... жаңа әсерлерге деген қажетілік кейінен танымдық қажеттілікке алмасады, нәтижесінде оқушының басқа да әлеуметтік қажеттіліктерінің дамуына негіз болады» – дейді. Оқушыларда осындай қажеттіліктердің тым ерте қалыптасуы оның өмірі мен іс – әрекетінде жинақтаған тәжірибелерінің екіге: өзіне және таныс затар мен құбылыстар туралы білім мен өздеріне таныс емес заттар мен құбылыстармен, олардың қасиеттері мен байланыстарымен таныстыру процесінде қалыптасқан жаңа білім болып бөлуінуіне әкеліп соғады.

Оқушының жаңа іскерлерге деген қажеттілігі қоршаған ортаны тануға бағытталған зерттеу әрекеттерінің туындауы және дамуына негіз болады. Ізденіс әрекеті қаншалықты әралуан және қарқынды болса, оның шығармашылық қабілеттері соншалықты жылдам әрі толыққанды дами бастайды. [16]

Зерттеу әрекеті мақсаты жағынан ерекшеленеді, оның мақсаты зерттеу әлі толық қалыптаспаған және айқынсыздығымен, тұрақсыздығымен сипаталады, дегенмен ол зерттеу барысында ол нақтылана түседі. Оны зертеу әрекетіне енген барлық әрекеттерден көруге болады. Сыни әрекеттердің мәні – оқушы зертеу әрекетін жүзеге асыра отырып, кездейсоқ нәтижелерге дайын болуы керек. Бұл оны кез келген өзгермелі жағдайларға сезімтал етеді, зертеу әрекетінің осы ерекшеліктері оқушының қолжетімді затар мен құбылыстарды тануға негізделеді.

Кіші мектеп оқушыларының зерттеу әрекеттерін мәселесіне арналған көптеген (А.В.Запорожец, П.Я.Гальперин, Н.Н.Поддьяков және т.б.) зертеулер орындалды. Бұл еңбекерде балалардың көру, есту, қабылдау процесінде бейімделу – зерттеу әрекетінің ерекшеліктерін сипатайды. Зерттеу әрекеттінің қалыптасу заңдылықтары анықталады.

Бұл еңбектерде ғалымдар басты назарды оқушыларды әртүрлі жағдайларды талдауға (кейіннен әртүрлі практикалық мәселелерді шешу барысында қолданылатын) үйретуді ұйымдастыруға аударды. Осындай зерттеулер негізінде тапсырмаға бейімделу жолдары мен олардың оқушыны дамуындағы рөлі анықалады (П.Я.Гальперин, А.В.Запорожец т.б.). [17]

Біз кіші мектеп оқушыларының зерттеу дағдыларының екі түрін белгіледік. Біріншісі – әрекет процесінде баланың өзі белсенділік танытады. Ол толыққанды, тең құқылы, өз әрекеін өз еркімен құратын (оның мақсаттарын қояды, оған қол жеткізудің жолдары мен тәсілдерін іздейді т.б.) субъект ретінде танылады, яғни бұл бағыт оқушының өз қызығушылытары, қалауы мен еркін жүзеге асыратын ерікті тұлғасын қарастырады.

Зерттеу дағдысының екінші түрін ересектер ұйымдастырады. Ол жағдайдың басты элементтерін белгілеп көрсетіп, оқушыны белгілі бір әрекеттер алгоритміне үйретеді. Оқушы ересектер алдын ала жоспарлаған нәтижеге қол жеткізеді. Әрекеттің өзі қиналмай іздеу және драмасыз, алдын ала белгіленген параметрлерге сәйкес қалыптасады.

Зерттеу дағдысының екі түрі де оқушының интеллектуалды дамуында маңызды функцияларды атқарады. Алайда екінші жағдайда оқушының жаңа шешімдерді іздеу қабілеті өз бетімен дамымайды, ал онсыз оқушының шығармашылық дамуы мүмкін емес.

Әрекетің екі түрінің арасындағы айырма бейімделу және қажеттілік аспекісінде жатыр. Бірінші жағдайда жаңа кездейсоқ, күтпеген жағдайларды не құбылыстарды тануға деген қажеттілікі қанағаттандыру жүзеге асырылады, оқушы тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалып, қажеттілік эмоциясымен өте тығыз байланысады.

Бейімделудің бірінші түрі оқушының тұлғалық құрылысының ең терең тұстарын қамтитын эмоциялардың сапасымен және күрделілігімен ерекшеленеді, жаңа объектілерді өз бетімен зерттеу процесі оқушының осы құбылыстар не заттарды қолымен түртіп, ұстап (сондай – ақ, құбылыстардың ішкі қасиеттерін тереңірек ену үшін өзгертіп, бөліп, ажыратып, қосып т.б.) көрсе, күштірек болады. Оқушы нағыз зерттеуші ретінде жұмыс жасайды, ол дамытушы ойындар арқылы жаңа үлгілер жасайды, сол арқылы қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарға әсер етеді.

Зерттеу әрекетінің ерекшелігі – оны жүзеге асыру барысында адам белгілі бір құбылысты басқару мүмкіндігін алады.

Бұл әрекет түрін ересектер оқушыларға алдын ала жоспарлап қоймайды. Жаңа объектіні зерттеу процесінде оқушы өзі үшін кездейсоқ, күтпеген ақпарат алуы мүмкін. Бұл оның іс – әрекетінің бағытын өзгертуге, қайта құруға түрткі болады. Міне осыдан, оқушылар зерттеу әрекетінің өзгермелі қасиетін көруге болады. Оқушының іс-әрекеті алынған нәтижелерге байланысты өзгеріп отырады. [әбенбаев дарын]68бет

Объект туралы жаңа мәліметтерді ала отырып, оқушы өз алдына жаңа мақсаттар қойып, оған жетуге тырысады. Әрекеттің бұл түрінің ерекшеліктерін қарастыру оқушының өз бетімен дамуы, өз бетімен қозғалуының кейбір сәттерін анықтап көрсетуге болатыны туралы нақты айтуға мүмкіндік береді: оқушының өз қолымен объектіні өзгертуі объектінің жаңа жақтары мен ерекшеліктерін ашуға мүмкіндік береді. Объект туралы жаңа білім, өз кезегінде, күрделі де жетілген өзгертулер жасауға мүмкіндік береді.

Зертеліп отырған құбылыс туралы білімдердің толығуы оқушыға өзінің алдына жаңа, күрделі мақсаттар қоюына түрткі болды.

Демек, оқушылар зерттеуінде маңызды жайт – оқушының өзі қойған жаңа мақсаттар өңдеу, жинақтау және өзгерту арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан, жасап көру мен қателер жіберу –оқушылар зерттеу әрекетінің басты да маңызды компоненті. Жаңа мәліметтер алуға бағыталған ойлау процесі әрекетінің бұрыннан таныс тәсілдерін қолданып қоймай, оқушының қателіктері мен ерекшеліктеріне байланысты жаңа тәсілдерді қолдануды білдіреді. Әрекеттің жаңа тәсілдерін құрудың қажеттеілігі іздеу әрекеті мен қателесу, жасап көру секілді әрекеттерді де алап етеді. Бұл процесте оқушыларда объектілердің жасырын жақтары мен қасиеттерін аңықтау мақсатында жаңа тәсілді іздеу қабілеті қалыптасады. Іздеу әрекетінің дамуы барысында оқушылардың қате жасаудан қорқуы жойылып, олар өздерінің кейінгі іс-әрекеттерін реттеу үшін жаңа әрі қажетті ақпаратты таңдай білуге үйренеді.

Тәжірибе барысында біз оқушылардың ересектерге сүйеніп әрекет етуге үйренгенін, ойлау жүйесінің өте тар екендігін, дайын сызба не кесте бойынша әрекет етуге тырысатынын анықтадық. Оқушылар белгілі бір тапсырманы орындағанда қателесіп қалудан қатты қорқады. Оқушылар қиналған сәтте ересектерден дайын әрі дұрыс жолды көрсетуді сұрайды. Бұл жерде айта кететін маңызды жайт –оқушылардың таным әрекетінің ғалымдар ұсынған жалпылама тәсілдері күрделі әрі қатаң сызба түрінде көрініс тапқан. Маңыздысы – оқушы өзін қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар туралы жаңа білім алуға деген қызығушылық танытуы керек. Оқушыны дайын сызбалардан құтқару, оны зерттеліп отырған объектінің барлық ерекшеліктеріне қарай қабілетті ету – күрделі әрі маңызды міндет.

Шығармашылық күштің қайнар көзі барлық оқушылардың бойында болады, оны көрсете білу шарт. Біздің міндетіміз –оқушыларда білімдер жүйесін нақты қалыптастыру ғана емес, әлі толық айқындалмаған, бірақ баланың шығармашылық ойлауындағы маңызды жайтарды басқаруға үйрету.

Мәселе мынада, оқушы меңгеру процесінде әлемді тану қабілеті арқылы жаңа білім, жаңа дағдыларды игереді. Оны өзінің жеке тәжірибесінің өз бойынан өткізеді. Оқыту мен шығармашылық қабілеттерін тиімді дамытудың табысты болуы оқушыларға өз мүмкіндіктерін жоғары көрсете білуі үшін қаншалықты қолайлы жағдай жасалуына байланысты. [8] (18-19бет)

Қазақстан Республикасының 2011 – 2020 жылға дейінгі білім берудегі дамыту Тұжырымдамасында білім беруді тұлғаның сұранысы мен зерттеушілік дағдылары нәтижесіне бағыттап жүргізуді алап ететін жүйені қалыптастыруды көздейді. Тұжырымдама мазмұнында әлемнің барлық елінде жүзеге асырылып жатқан нәтижеге бағдарланған білім үлгісінің басты қағидалары атап көрсетілген. Жаңа білім берудің тарихи кезеңде берілетін білімнің мәні оның тек танымдық сипатымен ғана емес, жастардың өмір дағдыларының негізіне қаншалықты сай келуімен де өлшенбек. Бұл – еліміздің білім жүйесін әлемдік білім кеңістігімен ықпалдастырудың шешуші шарты. [11]

Қазіргі кезде бастауыш білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын (оқушылардың зерттеу – жобалау іс – әрекетін ұйымдастыру әдістемесі, жеке тұлғалық қасиеттерге бағытталған оқыту) тәжірибеде қолдану 12 жылдық оқыудың негізгі бағыты.

Үнемі бір нәрсені зерттеуге деген талпыныс оқушы мінезіне тән қасиет. Ол өзін қоршаған ортаны үнемі танып білгісі келеді. Оқушының әр нәрсені зерттеп білсем деген талпынысы оны зерттеп оқу іс-әрекетіне итермелейді.

Қазіргі мектептерде зерттеу арқылы оқыту оқушылардың танымдық қабілетерін дамытуға ең тиімді технология. Кішкентай оқушылардың бір нәрсені зерттеуге деген талпынысы биологиялық құбылыс. Үнемі бір нәрсені зертеуге деген талпыныс оқушы мінезіне тән қасиет. Ол өзін қоршаған ортаны үнемі танып білгісі келеді. Оқушының бір нәрсені зерттеп білсем деген талпынысы, оны зерттеп оқу іс-әрекетіне итермелейді.

Оқушыны өзінің іс-тәжірибесі арқылы оқуға қызығушылығын арттыру, яғни «зерттеу арқылы оқыту» білім беру саласын демократияландыру кезеңінен байқалады, яғни мұғалімдер оқушының оқу іс-әрекетін танымдық іс-әрекетіне жуықтауға талпыныс жасайды.

«Зерттеу арқылы оқытудың» басты мақсаты – оқушыларда адам мәдениеті дамуының кез келген сатысында атқарылатын іс-әрекетті өз беттерімен, шығармашылықпен, жаңа қабылдау қасиеттерін қалыптастыру болып табылады. [16]

Зерттеу жұмысының барлық кезеңдеріндегі негізгі күтілетін нәтиже:

· Оқушының жаңадан алған білімін шығармашылықпен игеру қабілеті;

· Алынған материалды өңдеу және зерттеушілік әдебінің дағдыларын дамыту. Оқушыны зерттеушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Егер әр оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуы қажет болса, онда оқушының қабілетін түрлі әректетерде көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет.

Алдымен зерттеу тақырыбын таңдағанда, оқушыларға қызықты болатынын, сол затты көре алатындай, ұстай алатындай мүмкіндік болуы қажет. Оның мақсаты – таңдалған зат бойынша жан-жақты ақпаратты жинастырып, шағын баяндама дайындайтыны алдын ала түсіндірілуі керек. Қалай жұмыс істейміз? – деген сұрақтар туындайды. Әрине, бұл жұмыс түрі кішкентай оқушылар үшін күрделі және жаңа. Оларға ақпаратты табу үшін көптеген тәсілдер бар екенін айтып түсіндіру қажет.

Зерттеу жұмыстары жалпы жүйенің негізгі кезеңдері:

1. Проблеманың өзектілігі (болашақ зертеулерді анықтау, проблеманы табу);

2. Зерттеу саласын анықтау (негізгі мәселелерді белгілеу);

3. Зерттеу тақырыбын таңдау (зертеу шеңберін белгілеу);

4. Шешімге келу тәсілдерін анықтау, жүйелеу (зерттеу әдістерін таңдау);

5. Зерттеу жүргізудің жүйелілігін анықтау;

6. Ақпаратты жинау, реттеу (алған білімдерін есепке алу);

7. Алған материалдарды жинақтау, талдау (белгілі әдіс – тәсілдерді қоладан отырып, материалдарды жинақтау);

8. Есеп беруге дайындалу (негізгі түсініктерге анықтама беру, зерттеу нәтижесі бойынша хабарлама дайындау);

9. Баяндама (зерттеу нәтижелерін құрбылары алдында баяндау, сұрақтарға жауап беру).

Кіші метептегі зерттеу жұмысы қазір өзекті мәселе болып табылады, өйткені осы кезеңдегі оқу жұмысы жетекші болып табылады және дамушы жеке тұлғаның басты танымдық ерекшеліктерін қалыптастырады. Осы кезеңде ғылыми білімді меңгеруді, ғылыми теориялық ойлауды қажет ететін ойлау формалары дамиды. Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдысы сабақ процесінде қалыптасады. [5] (11-13бет)

Қазіргі қоғам еркін ойлай алатын адамды талап етеді. Сондықтан да жеке тұлғаға бағытталған оқыту осы күні өзекті болып табылады. Л.В.Занковтың педагогикалық жүйесі осы міндеттердің барлығына жауап береді, өйткені оның басты міндеті оқушыларды дамыту.

Оқушылардың жалпы даму жүйесінде келесілерді дамытуға арналған:

- пәндік білім мен білік негізінде оқушыларды табиғат, қоғам және адам арасында объективті тұрғыдағы байланыстарды түсінуге бағыттау, қоршаған әлемнің әралуандығы мен өзгеріп тұру қасиеттерін түсіне білуге, олардың қарама-қайшылықтарын түсінуге бағыттайды;

- тарихи тұрғыда ойлауды дамыту, экологиялық сауаттылықты қалыптастыру;

- жалпы оқытушылық қабілеттерді қалыптастыру: мәселені қабылдау, гиптеза ұсыну, кеңістік пен уақыт кеңістігінде бағдарды білу, сәйкес әдебиеттен қажетті ақпаратты ала білу, анықтамалықтармен қолдана білу, ауызша және жазбаша сөйлеуді дамыту, жалпылай білу және қорытынды жасау, өздігінен тәжірибелер, бақылау, практикалық жұмыстарды жасай білу;

- жеке тұлғаның эмоционалды-еріктік, адамгершілік қасиеттерін дамытуға әсер ету, қоршаған әлемді тануға көмектесетін ғылымдарды таныстыру деңгейінде сипаттау.

Л.В. Занковтың дамытушылық бағдарламасы оқушының жеке қабілеттерін дамытуға және оның даралығын қолдауға бағдарланған. Оқытудың алғы әдіс-тәсілдеріне бірлескен талқылаулар, ойға салулар, ізденіс және жаңалықтар ашу жатады. Оқытудың субъективті сипаты оның барлық сатысында көрінеді: білімді алу мен оны жүйелеуде, бақылау және өзін-өзі бақылауда, бағалау және өзін-өзі бағалауда. Оқытудың тек қана осындай құрылымы іс-әрекеттің үдерісі мен нәтижесіне әсер ете бастайтын оқу-танымдық ұмтылыстарды қалыптастырады, оқушының қызығушылығы артып, оның даралығын қолдау мүмкіндігі туындайды. Оқушы өздігінен әрекет ете алу, қызығушылық таныту, жеке ізденіс жасау мен шығармашылыққа мүмкіндік алады.

Зерттушілік әрекеттердің негізінде мыналар жатыр:

- оқушыларлдың танымдық біліктері мен дағдыларын дамыту;

- ақпараттық кеңістікте бағдар жасай білу;

- алған білімін өздігінен құра білу;

- білімін ғылымның әртүрлі саласында кіріктіре білу;

- сыни тұрғыдан ойлай білу.

Оқытудың бұл әдісі оқушылардың өздігінен, топ ішінде, жұптасып және осы жұмыстарға берілген уақыт ішінде орындай алатын әрекеттерге бағытталған (сабақтың бірнеше минутынан бастап, бірнеше апта немесе айлар).

Оқытудың әдісінде зерттеу мен шығармашылық әрекеттер басым болып келеді: оқушылар өздігінен білім алып, оларды жағдайдан тыс жағдаяттарда қолдана білу, ойлау, қиялдану, ойнау шарттарына қойылған.

«Дүниетану» бағдарламасында зерттеу дағдыларын қалыптастыру келесі міндеттерде айқындалған:

- қоршаған әлемді зерттеу әдістерімен танысу (бақылау жүргізу, модельдеу, өлшеу және т.б.);

- танымдық үрдістерді дамыту (сезіну, қабылдау, ойға салу, түсіну, еске сақтау, жалпылау және т.б.);

- зейін салу, бақылау жүргізе білу және білімпаздықты тәрбиелеу;

- өздігінен танымдық әрекет ете білу қабілетін қалыптастыру;

Зерттеушілік дағдылар оқу құралдарына нысандарды салыстырудағы әралуан тапсырмаларды еңгізумен, нақты сипаттары мен қасиеттерін анықтаумен, оларды жіктеумен, себеп-салдарлық байланыстары мен бағыныштылықтарын анықтаумен қамтамасыз етіледі.

Пәннің мазмұны бақылау жүргізе білу қабілеттерін дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Қоршаған ортамен танысу оны қабылдау барысында неғұрлым сезім мүшелерінің көп қатысуымен жүзеге асырылады. Оқыту құралдарында сызбалармен, үлгілермен жұмыс жасай білу қабілеттерін дамытатын, нақты нысандарды сипаттай алатын тапсырмалар ұсынылады.

Басты орында оқушыларды әртүрлі энциклопедиялар, анықтамалықтар, сөздіктермен жұмыс жасай білетін ақпараттық сауаттылыққа бағытталған тапсырмалар болады. Аталған тапсырмаларды орындай отырып оқушылар қажетті ақпаратты тауып онымен бөлісе білуге үйренеді.

Осылайша, дүниетану оқулықтары бойынша авторлар зерттеушілік дағдыларды барлық әрекеттердің негізгісі деп санайтындары нақты дерек. Оқулықта ұсынылған материалдардан бөлек, мұғалімдерде зерттеушілік жұмысты жоспарлап ұйымдастыру барысында әралуан тәсілдерді қолданып, пайдалану мүмкіндіктері бар.

Қарастырылған бағдарламаларда жартылай ізденіс әдістерін қолдану және проблемалық тапсырмаларды қолдануға басты назар аударылған. Сонымен қатар, практикалық әрекеттерді дамыту, базалау жүргізе білу және ақпарат көздерінің әралуан түрлерімен жұмыс жасай білуге үлген назар салынады. [есенбаева]

2.2 Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастырулың бір жолы – жобалау әдісі

Қазіргі заманғы оқушыдан тек оқу үрдісі барысында жекелеген пәндер бойынша алынған білімді ғана емес, бәрінен бұрын шығармашылық зерттеу қызметі барысында алынған тұтас білім мен шынайы өмір тәжірибесі негізінде тұжырымдалған тұтастай дүниені сезіну мен дүниетанымды көптеп талап етеді.

Зерттеушілік дағдыларды қалыптастыруда ерекше орынға жобалау әдістері ие, өйткені оның бойында зерттеушілік, ізденушілік, проблемалық әдістердің үйлесімділігі бар. Жоба оқушылар алдына олардың ұғымдарына қарама-қайшы келетін білімдік жағдаяттарды құруды ұйғарады:

- оқушыларды өз ойлары мен болжамдарын айтуға итермелейді;

- осы ұйғарымдарды зерттеуге мүмкіндіктер ұсынады;

- алынған мәліметтердің маңыздылығын бағалау үшін оқушыларға өздерінің зерттеу қорытындаларын сыныптастары, мұғалімдер, ата – аналар алдында көрсетуге мүмкіндік береді. [айтқалиева. 7 бет]

Жобалау әдісі оқушылардың өздігінен әрекет етуіне бағытталған. Олар ол әрекеттерін белгілі бір уақыт аралығында (бір сабақтан бірнеше сабаққа дейін) жеке, жұптасып немесе белгілі бір топта жүзеге асырады.

Жобалау әдісінің заманауи зерттеушілері оларды кешенді пайдалану білім беру міндеттерін шешу мүмкіндігін береді (пәндер бойынша білімдер алу), дамытушылық (проблемалық сұрақты қоя білу, өз әрекетіңді жоспарлау, оның өнімдерін ұсыну және т.б.), тәрбиелік (біріге отырып жұмыс жасай білу, жолдасының пікірін және т.б. қабылдау). Көптеген авторлар жобаларды орындау оқушы бойында ерікті психикалық үрдістердің дамуын тудырады деп көрсетеді, жоғары танымдық белсенділікті тудырады, зерттеуге деген ынтасына себепші болады, жеке тұлғалық жаңа білімдерді қалыптастырады, оқыту әрекеттері мен оның құрылымдарын меңгеруге ықпал етеді.

Жобалау әдісінің негізі – бұл оқу – танымдық әрекеттің нәтижеге бағыттылығы, ол қандай да бір мәселені шешуде жүзеге асырылады. [қараев]

Жобалап оқыту технологиясы өткен ғасырдың басында АҚШ-та дүниеге келген. Оны проблемалар әдісі деп те атаған, америка философы әрі педагогы Дж. Дьюи, және оқушысы У.Х. Килпатрик ойлап тапты. Дж. Дьюи оқудың белсенді формасын ұсынды. Бұл жерде өмірден алынған проблема қажет, ол оқушы үшін маңызды әрі таныс болуы керек, оны шешу үшін өз білімін пайдалана алатындай болу керек. Мұғалім ақпарат көздерін қайдан алуға болатынын ғана айтады немесе оқушы ойына өзіндік жұмыс жасау мақсатында бағыт бере отырып, белгілі бір проблемаға қызығушылық тудырып, жобалап оқыту іс-әрекеті арқылы алған білімін пайдаланып, шешім жолдарын ұғындыруға жетелейді. Немесе теориядан практикаға жетуге бағыт жасайды. Жобалап оқыту технологиясы орыс педагогтарының да назарын аударған. Жобалап оқыту идеясы Россияда Америка педагогтарымен параллель келген. Орыс педагогы С.Т. Шацкий 1905 жылы оқу үрдісінде жобалап оқыту технологиясын пайдаланды.

Жоба әдісі 1920 жылдары Америкада жасалған, негізінен, белсенді оқуға негізделген. Бұл кезде оқушы белсенді қызмет етеді, өзінің қызығуын танытады, білімін пайдалана алуына мүмкіндік туады.

Жобалауға қойылатын негізгі талаптар мыналар:

- зерттеу немесе шығармашылық бағыттағы мәні бар мәселелерді таңдау;

- теориялық білім мен тәжірибелік іс-әрекет жасау белсенділігін көрсететін нәтижелер;

- оқушының іс-әрекеті;

- жобаның құрылымы, ондағы кезеңдер нәтижелері;

- зерттеу арқылы іс-әрекет жүйесін көрстеу.

Жоба әдісі жеке бағдар беру технологиясының бірі. Бұнда оқушылардың танымдық дағдыларын дамыту, өз білімін өздігінен қолдану біліктігін қалыптастыру, ақпараттық кеңістікте бағдарлау, сыни тұрғыдан ойлауларын дамыту жатады.[Ақмағанбетова]

Жобалау әдісінің негізгі мақсаты: «оқушылардың танымдық, шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу икемділігін, ақпараттық кеңістікте жөн таба білу іскерлігін дамыту, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту»

Жобалау әдісінің мәні – белгілі бір білім жиынтығына ие болуды болжайтын және жобалау іс-әрекеті арқылы шешімін табуды алдын ала ескеретін мәселелерге деген оқушылардың қызығушылығын ынталандыру, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу икемділігін, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту. Мәселе ойдың мақсатын белгілейді, ал мақсат ойлаудың үрдісін бақылайды.

Жобалау әдісіне тән жетістіктерге мыналарды жатқызуға болады:

- жобалау әдісі оқушыларды оқыту үрдісіне және тілдік қатынасқа белсенді жұмылдыра алуымен ерекшеленеді;

- оқушыны білім алуда, өз ісін ұйымдастыруда жауапкершілікке үйретеді;

- жобамен жұмыс істеу барысында оқушының тілдік дайындығы қалыптасады;

- жобалау әдісі оқушының белсенді түрде өз бетінше ойлауына, жұмыс істеуіне және алған білімін есте сақтауы, тиісті жағдайда қолдана алуына көмектеседі. Сонымен бірге оларды жеке тұлға ретінде қалыптастырады;

- жобаны қорғау кезінде оқушы өз әрекетін ұйымдастырып бағалай алатын жеке тұлға ретінде ғана емес, тілді меңгеруге байланысты өз бойындағы кемшіліктерді жеңуге де үйренеді.

Жобалау әдісі – қандай да бір түрде безендірілген, нақты, айтарлықтай тәжірибелік нәтижемен аяқталуы тиіс мәселені толық өңдеу арқылы дидактикалық мақсаттарға жетудің тәсілі.

Жоба белгілі бір тақырып бойынша құрастырылады. Ол оқушының қызығушылығына қарай таңдалуы мүмкін.

1-кезең. Дайындық кезеңі. Тақырып таңдау, оны құрастыру, міндеттерін белгілеу, ұйымдастыру, талқылау, жоба мазмұнымен танысу. Мұнда оқытушымен бірге оқушы жобаның тақырыбын, мақсатын анықтайды.

2-кезең. Материал жинау, материалды өңдеу, толықтыру. Оқушылардың жинаған тілдік материалдарын, алғашқы нәтижелерін қорытындылап талқылау, келесі қосымша материалды, жаңа материалды іздестіру. Жоба үй тапсырмасы ретінде материалды қолдана отырып сұхбат жасауға беріледі, лексикалық, грамматикалық материалдар өңделінеді, кесте беріледі.

3- кезең. Сөйлеу кезеңінде алынған материалды қолдану, жоба жұмысын аяқтайды.

4-кезең. Қорытынды шығару, жобаның презентациясы

Жобалау әдісі бойынша өткізілген сабақтар оқушы бойындағы қабілеттілік пен қызығушылығына сәйкес жетіліп, дамуына жағдай туғызылып, әр оқушының жекелеген мүмкіндіктерінің ашылуына ықпал жасайды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, басқаларына сын көзбен қарауға үйренеді.[37]

Ұжымдық зерттеулерді жобалау әрекеттері арқылы ұйымдастыру мақсаты: оқушыларды жобалау-зерттеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында ұжымдық зерттеуді жобалау әрекеттерінің элементтері арқылы деңгейлеп ұымдастыруға үйрету:

- оқушылар инициативасын зерттеудің барлық деңгейлерін ашу арқылы жүзеге асыратын ұжымдық зерттеулер;

- оқушылар сабақта жекелеген зерттеу дағдыларын қалыптастыру бойынша арнайы сабақтар.

Ұжымдық зерттеулер белгілі бір жоспар бойынша барлық деңгейлерін сақтай отырып жүзеге асырылады. Бір оқу жылының барысында оқушылар ата-аналары мен мұғалімнің басшылығымен бірнеше ұжымдық зерттеулер жүргізіеді. Оның инициаторлары-оқушылардың өздері болады.

Шағын-жобаларды жүзеге асыру бойынша оқушылар мынандай жобаларды атқара алады: ақпараттық (оқушылар немесе оқушылардың тобы таңдаған тақырып бойынша ақпараттарды өз бетімен іздеу және жинақтау); шығармашылық (ертегілер, сөзжұмбақтар, ойындар құрастыру және қарастырылып отырған шығармашылық жұмыстар); шағын-жобаларды жинақтау.

Жобалау-зерттеу кеңістігін жобалаудың әртүрлі түрлерін игеру арқылы кеңейту мақсаты: белгілі бір жоспар бойынша жеке өз бетімен және топпен зерттеу жүргізу арқылы жобалаудың әр алуан түрлеріне балаларды үйрету, зерттеуді ұйымдастырудың күрделі тәсілдерін игеру.[әлімқұлова]

Жобаларды орындау барысында оқушылармен жинақталған зерттеушілік дағдылар «жинақталған – білімдікке» қарағанда әртүрлі ақыл-ой және тәжірибелік әрекеттерді саналы түрде орындауды қалыптастырады. Арнайы білімдерді, сонымен қатар зерттеушілік ізденудің жалпы біліктер мен дағдыларын қолдану факторларын танымдық қажеттіліктің маңызды индикаторы деп білуге болады, өйткені өздігінен ұйымдастырылған оқу әрекеті мектеп пәндерінің оқытылу сапасын көбейтеді. [22] (112б)

Жобалау әдістері оқуды қызықты етуге мүмкіндік береді, оның мәдени деңгейін жоғарылатады, зияткерлік белсенділігі мен оқу әрекетін тұтастай ынталандырады.

Дәл осы үшін де оқу жобаларын орындау арқылы зерттеушілік дағдыларын дамуының педагогикалық шарттарын айқындап алу керек.

Ең алдымен бұл мұғалім рөлінің өзгеруі. Жобаның ұйымдастырушысы, үйлестірушісі және кеңесшісі бола отырып, мұғалім бірқатар зерттеушілік дағдыларды қалыптастырады: проблемаларды айқындап, қоя білу, түсініксіз сұрақтарды нақтылау, болжамдарды құру және тексеру, зерттеу әрекеттерін жоспарлау және жасау, мәліметтерді жинақтау (деректерді жинақтау, бақылау, дәлелдеу), талдау, синтездеу және оларды салыстыру, даярланға хабарламалармен сөз алу, жалпылау мен қорытындылар жасау және т.б. [галиева 16 бет]

Кіші мектеп жасындағы оқушыларды жобалау іс – әрекетіне дайындаудың тиімді әдісі ретінде, ғалымдардың пікірінше, дизайн – жаттығулар алынды. Ол оқушылардың үш негізгі бағыт (кіші мектеп жасындағы оқушылар үшін қолжетерлік) бойынша мұғалім ұсынған еңбек объектісін жетілдіруде шешімдерді іздеуден тұрады: бұйымның пайдалылығы, оның беріктігі және эстетикалық тұрғыдан әдемілігі. Мысалы, қарапайым геометриялық пішіндерден ою-өрнектер, қағаздан бұйым жасауда, оқушылар ұсынылған бұйымның үлгісіне өздерінің өзгерістерін еңгізуге болады: жапсырмалауда бөлшектердің түсін өзгерту; ұсынылған геометриялық пішіндерден композициялардың жаңа нұсқаларын құрастыру; нақты кітаптың өлшеміне сәйкес оның негізгінің өлшемдерін өзгерту; бұйымның негізін материалдың басқа түрін – қағаз немесе қатырмақағазды пайдаланып бұйым жасау. [иванова]15бет

Оқу шығармашылық жоба деп – субъектілі жаңашылдығы бар және мұғаліммне бірлестікте орындалған, бұйымды идеядан оны жүзеге асыруға дейін құру және дайындауды айтамыз.

Кіші мектеп жасындағы оқушылар үшін оқу шығармашылық жобалардың мазмұны деп – жобалау тапсырмасы мәселесін және оны орындауды, процестің сапалық және іс – әрекеттің нәтижелерін талдауын таңдау бойынша, жобалау – технологиялық жағдаяттар, тапсырмалар, міндеттер және тәсілдер жүйесін айтамыз.

Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жобалау жұмыстарының кешенді сипаты болуы мүмкін, олар аталған оқу жылындағы бірқатар бағдарламалар молульдерін көрсетеді немесе оқушылардың ерекше қызығушылығын тудыратын, олар үшін өзекті болып табылатын белгілі модульді тереңдетіп зерттеудің көрінісі болып табылады.

Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жобалау іс-әрекеттерін, келесі өлшемдерге сәйкес болған жағдайда сәтті болуы мүмкін (Л.С.Лернер бойынша):

1. мәселені анықтауды, жобаның тақырыбын аңдауды, оның практикалық бағыттылығын және орындалатын жұмыстың маңыздылығын саналау;

2. ұсынылатын шешімдерді, тұғырларды және тұжырымдарды аргументтеу;

3. қабылданған жобалау кезеңдерін орындау, олардың дербестігі және аяқталғандығы;

4. бұйымның сапасы, оның өзгешелігі;

5. шығармашылық деңгейі: материалды жүзеге асырудың және жобаны көрсетудің өзгешелігі. [28]

Оқушылардың шығармашылық зерттеу дағдылары бойынша құзыреттіліктерін қалыптастыру мақсатында «Зерттеу және жобалау іс-әрекеттер негізі» арнайы курсттар жүргізіледі. Бұл бағдарламалар қазіргі кезеңде апробациядан өтуде. Курсқа арнайы тренинктер жинағы құрастырылып, сабақта қолданылады. «Зерттеу және жобалау іс әрекеттері негізі» курсы нақты бір мәселені зерттеу, оны іс жүзінде немесе тәжірибе түрінде жүзеге асыру, оқушылардың өз бетінше білім игеру белсенділігінің қалыптасуына әсер етеді. «Әрбір бала – болашақ данышпан» деген қағидаға ой жіберсек, шәкірттеріміздің табиғи дарындылығын ашу – ұстазға жүктелген міндет. Оқушының зерттеушілік дағдысының жетекшісі төмендегідей ережені сақтауы тиіс:

· Оқушылардың өз бетінше әрекет етуге үйрету;

· Нақты нұсқаулардан гөрі оқушылының ұсынысына көңіл аудару;

· Талқылау кезінде баға беруге асықпау;

· Білім алу барысында оқушыныға көмектесу: проблеманы таба алу, проблеманы өз бетінше шешу дағдыларын қалыптастыру, пәндер мен құбылыстар арасындағы байланысты бақылау, ақпаратты талдау, талқылау, жүйелеу, топтау, жинақтау, өзіндік пікірін ешбір қорқынышсыз ұсыну. [сәбитова]24 бет

Жобалармен жұмыс жасау барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын «Сен дұрыс жасамадың», «Көп білетін болсаң...» деп баспай, оларға қолдау көрсету керек. Сонымен қатар, мұғалім үнемі жинақталған тәжірибесінде жетіліп отыру керек: жобаның ғылыми жетекшісі ретінде үнемі байқауларға қатысып отыру, аталған тақырыптар бойынша біліктілікті арттыру курстарына, шебер – сыныптарға қатысып отыру, жаңа басылымдарға қызығушылық таныту, оқушылық зерттеу мәселелеріне арналған әдістемелік бірлестіктер мен педагогикалық кеңестерде жобалау әдістерін қолдануды талқылауларға қатысу.

Біз сыныпта арнайы бұрышты жасап қоюды ұсынамыз, ол жерге оқыту зерттеулерін жүзеге асыруға көмектесетін материалдарды қою керек: олар «Жоспарды қалай құру керек?», «Сауалнаманы қалай жүргізу керек?», «Бақылауды қалай өткізу керек?» деген жадынамалары бар зерттеу тақырыпшалары болуы мүмкін. Осылайша, оқушылар өздерінің әрекеттерін жоспарлауды үйренеді, зерттеу әдістерін қолданады, бақылау нәтижелерін жазып отырады және т.б. [31] (35б).

Ата – аналармен жұмысты дұрыс ұйымдастырған кезде зерттеушілік дағдыларды меңгеру тиімдірек болады. Олар жобаны орындау барысында көмекші және кеңесші болулары қажет: мұғалім сияқты олар да ақпарат көздерін іздеуге көмектесу, бүкіл үрдісті жинақтап отыру, оқушыларға қолдау көрсету және ынталандыру, өнімді даярлау кезінде оларға көмек көрсету және т.б. Талқылауларға қатысып, сұрақтар қою үшін ата-аналарды жобаларды қорғау шараларына шақырып отырған пайдалы.Сол кезде ғана оқушы қажетті көмекті мектеп қабырғасынан ғана емес, үйден де алып отырады.

Зерттеушілік дағдыларды дамытудың шарттарының бірі кіші мектеп оқушыларын жобалау дағдыларына үйрету (проблематизация, мақсат қоя білу, әрекетті жоспарлау, керек ақпаратты іздеу, білімдерді практикада қолдану, зерттеуді өткізу, өз әрекетінің өнімін ұсыну). Мұндай жұмыс мектеп факультативтері түрінде жүйелі және мақсатты түрде жүргізілу керек. Сабақ барысында да, сабақтан тыс уақытта да.

Сабақта педагогикалық жағдаяттар беріліп отырады. Олар оқушыларды өз пікірлерін қорғауға, өзінің ұсыныстарына дәлелдер келтіруге, сұрақ қоюға, әртүрлі ақпарат көздеріне жүгінуге итермелейді және т.б. Мұндай жағдаяттарға топтағы жұмыстар, жолдасыңа көмек көрсету, жоғары күрделілікті тапсырмаларды орындау, міндеттерді әртүрлі тәсілдермен шешу, өз жолдастарыңның жұмыстарын рецензиялау, конференцияларда сөз алу және т.б. жатады. [жексен ниязб 12 жылд білім беру] 16 бет

Кіші мектеп оқушылары өздерінің оқу әрекеттерін саналы түрде түсінумен қоса сөйлеу дағдыларына, өзінің көзқарасын қорғай алуға, ынтықмақтаса білуге, ақпаратпен жұмыс жасай алуға, өзінің көрсетілімдерін логикалық тізбекте құра білуге ие болады.

Зерттеушілік дағдыларын дамыту үшін сабақтарда белсенді түрде танымдық және қызықты тапсырмалар қолданылады. Болжамдарды ұсына білу дағдыларын жаттықтыру үшін мынадай ойындар беріледі: «Оқиғаның себебін тап...» (мысалға, неге қоянның түсі ақ немесе шөп сарғайып кетті); классификациялау білігін дамыту үшін – «Қатарды жалғастыр: пайдалы қазбалар – бұл көмір, мұнай...».

"Топтарға жікте", "Заттардың ортақ белгілерін тап" және т.б. Оқушының жақсы бақылай алу дағдыларын өрілген сызықтарды анықтауға оқушыны итермелейтін тапсырмалар дамытады.

"Кім қайда тұрады, анықта?", "Суретте не бейнеленген?" және т.б. Көрнекі бейнелерді талдай білу қабілеттерін дамытуға әдейі жасалған қателері бар тапсырмалар көмектеседі: "Суретші нені шатастырды?", "Заттардың айырмашылығын тап".

Тапсырмаларда берілген сұрақтарға жауап беру барысында оқушыларды «Мен ойлаймын...», «Менің пікірімше...» деген сөздерден бастап үйрету керек. Ол оқушылар бойында өзінің ойын жеткізе алу дағдыларын қалыптастырады. [39]

2.3 Кіші мектеп оқушыларының математика және дүниетану сабақтарындағы зерттеушілік әрекеттері

Аталған экпериментальды жүйенің апробациясы мен мақсаты сабақта практикалық бағытталған тапсырмаларды пайдалану кіші мектеп оқушыларының зерттеу дағдыларын дамытуға ықпал етеді деген божамды дәлелдеу болып табылады.

Сабақтың жүйесі негізі ретінде практикалық бағытталған тапсырмалар алынды.

«Дүниетануды оқытуда және оның қазіргі жағдайындағы зерттеу әдістері» жұмысында (1923 ж.) профессор Б.Е.Райков мектептегі зерттеу жұмысын жүргізудің логикасын ұсынды, ол бақылаудан басталады, содан кейін болжамдардың бірнеше қатары, болжамды таңдау, қайталама тәжірибе жүргізу, болжамды тексеру мен растау. [33].

Д.С. Милль ойдың мұндай өрбуін «болжамдық әдіс» деп атаған. Мүмкін нақ осы ақыл – ой әрекеті үрдісі арқылы И. Ньютон тартымдылық теориясына келген болар, Ч. Дарвин –эволюция теориясына, Г. Мендель – тұқымқуалаушылық заңдылықтарына және т.б. Э.Мах, әділ айтып кеткендей «ойлаусыз бақылау болмайды», осы орайда Г. Спенсер, «адамның ақыл-ой калибрі оның жалпылауды жасай алу қабілетімен айқындалады» деп кеткен. [?].

Практикалық сабақтардың маңыздылығын айқындай келе, Г. Армстронг жазған: «…олар (оқушылар) таразыны қолдануды үйренеді, таразылау және өлшеу, тек қана сол бір заттарды емес, сонымен қатар тәртіптері мен сөздерін, өйткені олар не істесе де оны тура орындау керек. Өлшемдерді мүмкін болу жағдайлардың барлығында жүргізеді және оқушылар іс-тәжірибе кезінде ол өлшемдердің тура қорытындылар жасау үшін қаншалықты қажет екенін біледі. Өлшемдер мен таразылаулардың жиі жүргізілуі соншалықты, олар оқушының әдеттеріне айланып кетеді. Оқушылар дұрыс бақылау жасау дағдыларына ие болады; олардан барлық істе мұқияттылық талап етіледі, оларды материалдарды артық жұмсамай, берекелікке үйретеді». [24]

Негізгі практикалық бағытталған тапсырмалар ретінде бақылау мен оқу эксперименті алынған. Бұл тапсырмалар ақпарат көздерімен жұмыс жасай білуді дамытуға бағытталған тапсырмаларды толықтырады, ақпарат көзімен жұмыстың практикалық аспектері ашылады: аталған экпериментальды жүйені жүзеге асырудың шарттарымен деректі материалдарды іздеуі болып табылады:

- оқушы білім беру үрдісінің белсенді қатысушысы болуы керек;

- мұғалім қастарында және оқушылармен біріге жұмыс жасайды, қолдауды жүзеге асырады, туындаған сұрақтар бойынша кеңес береді, кеңесші рөлінде болады;

- зерттеу үрдісі кезінде басты рөл мәселеге беріледі, өйткені ол оқушының ойын проблеманы шешу жолдарын іздеуге бағыттайды;

- зерттеу мазмұны жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес келу керек, сондай-ақ, оқушылардың нақты білім деңгейіне сәйкес болу керек;

- зерттеу тақырыбы оқушыларға қызықты болу керек;

- зерттеуге оқушы өз еркімен қатысады;

- жұмыстың сатыларында күтілетін нәтиже – бұл шығармашылық қабілеттерді дамыту, оқушы тарапынан жаңа білім, білік, дағдыларды меңгеру;

- зерттеу қорғанысы – жас зерттеуші оқытудың басты сатыларының бірі;

- тақырып бойынша жұмыс барысында экскурсияларды, бақылау саяхаттарын, әлеуметтік акцияларын, әртүрлі мәтіндік ақпарат көздерімен жұмысты енгізу, практикалық маңыздылығы бар өнімдерді даярлау мен кең қоғамдық презентацияларды (ата-аналар мен мұғалімдерді тарту арқылы) кіріктіру мақсатты болады.

Зерттеу әдісін қолдану проблемалық міндетті құруды, шығарманың сыни талдауын жасау ұсынысын, эксперимент жүргізуді және т.б. меңзейді. Бұл әдістің тиімділік шарты – оқушылардың зерттеу сатыларының барлығында өзіндік жұмыстары, ол сәйкес танымдық әрекеттерді жүргізуден тұрады: деректер мен жаратылыстарды бақылау және зерттеу; болжамдарды ұсыну; зерттеудің жоспарын жасау және оны жүзеге асыру; зерттеу нәтижелерін құру; алынған нәтижелерді бақылау және тексеру, оның маңыздылығын бағалау. [Куликов] 290бет

Оқушылардың бойында аталған білік пен дағдыларды қалыптастыру үшін А.И.Савенковпен ұсынылған әртүрлі тапсырмалар мен жаттығуларды қолдануға болады. Мұндай тапсырмалар оқулықтарда да бар. Негізгілерін атайық:

• Әлемге өзгенің көзімен қара,

• Не туралы сұрады, тауып көр,

• Құстар қалай оңтүстікке жол табады,

• Жұмбақтар, кроссвордтар, "Қиын сөздер" ойыны,

• Төртінші артық қайсысы,

• Суретте қандай заттар белгіленгенін тап,

• Заттардың жүзгіштігін анықтау.

Оқушыларды бастапқы зерттеу әрекеттеріне оқыту сабақ арқылы, арнайы сабақтар мен зерттеу жұмыстары және дәлелдерді қорғау, болжамдарды ұсыну үшін ақпараттарды іздеу және т.б. арқылы жүзеге асыру мүмкін. [14]

Психологиялық-педагогикалық ғылымда оқу үрдісі тиімділігі оқушылардың танымдық ерекшеліктері мен әралуан жақтарының қалыптасуының деңгейімен анықталады деген жағдай бұрыннан аксиома болып кеткен.

Табиғат әрбір сау оқушыны даму мүмкіндігімен марапаттаған. Және де әрбір дені сау сәби шығармашылық әрекеттің ең биік шыңына дейін жете алады.

Қазіргі білім беру технологиялық деңгейге шығу керек- ол уақыттың талабы. Бұл жерде әлі де болса «жалаң мимен» ғана орындалып отырған (М.З.Турарбеков) оқу әрекеттерін өзгерту туралы сөз қозғалады.

Бұл жердегі мәселе, белгілі бір жас сатыларында қажетті құзіреттіліктерді қалыптастыратын білімдерді анықтау.

Түсіну мен әрекет арқылы, білім мен дағдыларды меңгере отырып, қарым-қатынасқа түсіп, бала ой әлемі- зияткерлікке қарай шығады. Кіші мектеп жасында абстракция, жалпылау және ой түйіндеудің бастапқы формалары қабілеттерін қалыптастыру қажет.

Бұл жағдайлар қалай жүзеге асырылады, мысалы, туған өлкемен танысу кезінде? Туған өлке туралы мәліметтерді бермес бұрын, алдымен жалпы ел туралы қарапайым мәліметтер қалыптасады. Осы сәтте оқушылар түсінігінде олардың туған өлкесінің біздің Республикамыздың тек қана бір бөлшегі деген түсінікке жеткізу маңызды.

Қойылған міндетті қамтамасыз ету үшін, келесі сыныптарда біз оқушыларға туған қаласы мен оның айналасын айқындайтын өзара байланысты, әртүрлі масштабты бірнеше жоспар береміз. Мұндай жоспарлар белгілі бір тәртіппен беріледі:

- Мектеп бейнеленген жоспар;

- Мектеп жоспары және оған жалғасқан көшелер;

- Аудан жоспары;

- Бүкіл қаланың жоспары.

Мұндай жоспарларда ғимараттар мен мектеп учаскесі белгілерінің біртіндеп кішірейетіні көрінеді. Мұндай жүйе оқушыларды кішкентай ғана қағаз бетінде Жердің бірқатар қаласы, материктер мен су кеңістігін көрсетуге болады деген ұғымға әкеледі. Оқушылар Жердің – ортақ үй, біздің Отанымыз- Қазақстан екенін саналы түсіне бастайды.

Ұзақ уақыт ішінде бақылау жүйелігінің маңызы зор. Бұл ретте экскурсиялар мен ғылыми-танымдық жұмыстарды пайдаланамыз.

Оқушының білім аймағы неғұрлым кең болса, соғұрлым оны елестету анық, әралуан болады (сабақтағы ақпарат, кітаптар, журналдар, бейнефильмдер, энциклопедиялар, саяхаттар). [жекс я учусь иссл]32 бет

Оқытуға жиі тәжірибе жасауды енгіземіз. Тәжірибенің маңызды ерекшелігі – бұл, оқушы оны жүзеге асыру барысында қандай да бір жаратылысты басқару мүмкіндігіне ие болады: оны шақыру немесе тоқтату, қажетті бағыт бойынша өзгерту. Жаңа мәліметтерді алу жағдайларына қарай оқушылар алдарына күрделене беретін жаңа мақсаттар қояды және оларды жүзеге асыруға ұмтылады. Зерттеу әрекеттері кезінде қате әрекет жасап қоямын деген қорқынышты жеңеді, ол өте маңызды.

Сезімталдық елестетуді түсіну үшін бақылау мен тәжірибелерге үлкен назар аударылады, сондықтан бірінші сыныптан бастап оқушыларда дәптер болады. Ол дәптерте оқушылардың танымдық әрекеттерін белсендіретін, алынған білімдерді бекіту мен қайталауға арналған конспектілер, суреттер, белгілер жазылған. Оқушылар «Олардың есімімен көшелер аталған» деген зерттеу әрекеттерін жүргізеді. Отан тарихында алғашқы ашуларды жасайды.

Қоршаған орта туралы әртүрлі білімдер жүйесінде жансыз табиғат жаратылыстары туралы білім ерекше орынға ие (физикалық жаратылыстар).

Ауамен танысу кезінде тәжірибе жүргізіп: Ауаны қалай анықтауға болады? Оның салмағы қандай? Ауаны қысуға бола ма? Деген сұрақтарға жауап іздейміз. Ауа қасиеттерімен танысамыз.

Топырақпен танысу кезінде біз тәжірибелер жасай отырып, топырақтың құрамын зерттейміз.

Сумен таныстыру кезінде біз оның қасиеттерін анықтаймыз. Судың қасиеттерін тәжірибе арқылы зерттейміз. Бізге барлығынан жақын судың үш агрегатты жағдайы: қатты, сұйық және газ тәріздес. Бірақ қант және балауызбен жасалған тәжірибелер де оқушылардың қызығушылығын тудырады.

Өзгермейтін бірден бір шарт: оқушылар жанды және жансыз табиғатың өзге де саласымен қарым-қатынасқа түскен кезде, жаңа білімдерін пайдалана отырып, өздерінің шамасы келетін міндеттерді өздері шешу керек, осы міндеттерді шешу барысында орын алған қателіктердің белсенді талдауларын жинақтау керек.

Оқушыларға белсенді танымдық-әрекетті сабақтар «тренингтер» өте өзекті. Математика сабақтарында ол негізгі ұғымдарды түзеуге ықпал етеді, есептеудің, көбейту кестесінің білім мен білік дағдылары жетіледі.

Әрбір тренингті жаттығуды шешкен сайын оқушының өз күшіне деген сенімділігі артады және тағы да сондай тапсырмаларды орындауға деген құлшынысы ұлғаяды. Бұл психологиялық фактор – танымдық белсенділікті таныту көзі.

Дифференциациялау материалды бекіту сәтінен басталады, әсіресе шығармашылық тапсырмаларды орында кезінде. Оқушы мықты болған сайын, оның шығармашылық әлеуеті соғұрлым жоғары. Осыған ұқсас үй тапсырмасы да жай жаттығудан зерттеушілікке қарай ауысады.

Кіші мектептеріндегі геометриялық фигуралар пішіндер туралы түсініктерді қалыптастыру форма түрін қабылдаудан басталады. Біз бірінші сыныптан бастап пішін формаларын айыруды үйренеміз: нүкте, түзу, қисық, кесінді, бұрыш, көпбұрыш және т.б.

Бұл үшін мұғалім пішінді көрсетіп оның атауын айтады. Егер пішіндерді басқаша орналастырып немесе олардың көлемің мен түстерін өзгертіп тастаса, қажетті пішінді оқушылардың түгелі көрсете алмайды, яғни геометриялық пішінді тұтас бір бейне деп қабылдамайды.

Сол себепті де біз оқушылардың назарын геометриялық пішін құралатын элементтерге, олардың нақты белгілеріне аударамыз.

Біз нүктеден бастаймыз. Нүкте арқылы көптеген сызықтарды жүргізіп үйренеміз, оларды «қисық» деп атаймыз. Содан кейін бүктеу сызығы дәл сол нүктелерден өтетіндей қағаздың бетін бүктеп үйренеміз. Бұл орайда бізге оригами техникасы зор көмегін тигізеді. Оқушылар практика арқылы екі нүктемен тек қана бір түзу жүргізуге болатынына көз жеткізеді. Сонымен қатар олар симметриялық пішіндер туралы біледі.

Санау теріс (- 10) нүктесінен бастапқы 0 нүктесіне дейін кері тәртіпте, ары қарай жартылай оң осіне 0 ден 10 дейін жүргізіледі. Осы орайда біз оқушыларға тура және кері есептеу түсінігін береміз де, сол мезетте дүниетану сабағында «Табиғаттағы өзгерістер. Ауа райы. Жыл мезгілдері.» тақырыбында дала термометрлері мен оның теріс өлшемдерін таныстыру арқылы оның пайдалануын табамыз.

Бөлшек санды амалдар көбінесе өзінің қасиеттерімен бүтін сандарға ұқсас болады. Есептеу дағдыларының жоғарғы деңгейіне алуан түрлі есептерді шығару санымен қол жеткізуге болады. Бұл математика бойынша бағдарламасын жылдамдата оқытудың резерві. Ондық және қарапайым бөлшектермен жасалатын механикалық операцияларын он бір жасар оқушылар жоғарғы сынып оқушылары сияқты сенімді және жылдам орындайды. [абдрахманова]276бет

Кіші мектеп оқушыларымен ғылыми жобалар бойынша жұмыс жүргізу де қызыққа толы. Ұсынылған немесе өздігінен таңдап алынған тақырып бойынша оқушылар теориялық материалдарды жинақтайды, зерттеулер жүргізеді – тәжірибеде растау, үлкен қызығушылықпен эксперименттік жұмыстарды жүргізеді, жүргізілген бақылауларын сатылар бойынша күнделікке енгізіп отырады. Педагог тек қана әрекетті бағыттайды, мүмкін рәсімделуі онша сауатты емес жұмысты түзетеді, нәтижеге жетуге ынталандырады.

Бастысы, оқушы өз білімдерін практикада пайдалана алуы. Оқушыларды психологиялық инерцияны жеңіп шығуға,заттар мен құбылыстарға жаңа көзқараспен қарай білуге,ерекше, тіпті кейбір кездерде пародоксалды, бірақ сонда да дұрыс шешімдерге жағдайлар жасауға үйретіңіздер, сол кезде ғана олардың барлығы жаңа ашылулар жасай алатын «дарындыларға» айналады.[30]

2 бөлімге қорытынды:

Зерттеумен айналысу оқушының жеке және шығармашылық қабілеттері мен зерттеу, ойлау дағдыларын дамытады және оқушы өзі үшін «жаңалық» ашады. Зерттеу әрекеті баланы дамытады және ол шығармашылық арқылы көрініс табады. Зерттеу дағдысын қалыптастыру психологтардың айтуы бойынша жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту мен дамуы үшін өте маңызды. Оқушының зертеушілік дағдысының қалыптаспауы тұлғаның кез келген қиындықты жеңе алмауына, мәселені шешудегі дәрменсіздікке әкеледі. Оқушының қабілетін айтпаса, дамытпаса өз мүмкіндігінен төмен оқуына әкеп соғады. Зерттеу жұмысы күнделікті қолданыста көбінде жаңа білімді меңгеру үрдісі, яғни адамның танымдық әрекетінің бірі ретінде түсініледі. Білім берудің теориясы мен практикасы көз қарасынан қарағанда ғылыми зерттеу қызуғышылық туғызады.

Зерттушілік әрекеттердің негізінде мыналар жатыр:

- оқушыларлдың танымдық біліктері мен дағдыларын дамыту;

- ақпараттық кеңістікте бағдар жасай білу;

- алған білімін өздігінен құра білу;

- білімін ғылымның әртүрлі саласында кіріктіре білу;

- сыни тұрғыдан ойлай білу.

Зерттеушілік дағдыларды қалыптастыруда ерекше орынға жобалау әдістері ие, өйткені оның бойында зерттеушілік, ізденушілік, проблемалық әдістердің үйлесімділігі бар. Жоба оқушылар алдына олардың ұғымдарына қарама-қайшы келетін білімдік жағдаяттарды құруды ұйғарады:

- оқушыларды өз ойлары мен болжамдарын айтуға итермелейді;

- осы ұйғарымдарды зерттеуге мүмкіндіктер ұсынады;

- алынған мәліметтердің маңыздылығын бағалау үшін оқушыларға өздерінің зерттеу қорытындаларын сыныптастары, мұғалімдер, ата – аналар алдында көрсетуге мүмкіндік береді.

- Кіші мектеп жасындағы оқушылар үшін оқу шығармашылық жобалардың мазмұны деп – жобалау тапсырмасы мәселесін және оны орындауды, процестің сапалық және іс – әрекеттің нәтижелерін талдауын таңдау бойынша, жобалау – технологиялық жағдаяттар, тапсырмалар, міндеттер және тәсілдер жүйесін айтамыз.

- Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жобалау жұмыстарының кешенді сипаты болуы мүмкін, олар аталған оқу жылындағы бірқатар бағдарламалар молульдерін көрсетеді немесе оқушылардың ерекше қызығушылығын тудыратын, олар үшін өзекті болып табылатын белгілі модульді тереңдетіп зерттеудің көрінісі болып табылады.

3 тәжірибелік эксперименталды бөлім

Тәжірибелік – эксперименталды бөлім Семей қаласының, №38 жалпы орта білім беретін мектеп – лицейінің, 2 «Д» және 2 «Ә» сыныптарында өтті.

Тәжірибелік – эксперименталды бөлімнің мақсаты: Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын анықтау.

Тәжірибелік – эксперименталды бөлім 3 кезеңнен тұрады:

1. анықтау кезеңі

2. қалыптастыру кезеңі

3. қорытынды кезең

1 кезең. Анықтау кезеңінде келесідей жұмыстар жүргізілді:

a) Сауалнама жүргізу.

Сауалнама сұрақтары:

1.Қандай ғылымдарды білесің?

2.Ғалым деген кім?

3.Қандай ғалымдарды білесің?

4.ғалымдар қандай қасиетке ие болулары керек?

5.Сенің қаланда тұратын (тұрған) ғалымдардың атын ата.

6.Ғалым, зерттеуші болғың келеме? Неліктен?

7.Сен қандай жаңалық ашуды армандайсын?

b) «Егер мен ғалым болсам...» атты тақырыпта эссе жазғызу.

c) «Суретте қандай заттар белгіленген екен, тауып ал» әдістемесі

d) «Төртінші артық қайсысы?» әдістемесі

e) «Суреттерде не жетіспейді?» әдістемесі

f) Не туралы сұрады екен, анықта

Анықтау кезеңіне бақылаушы және эксперимент тобының 39 оқушысы қатысты.

1. «Суретте қандай заттар белгіленген екен, тауып ал» әдістемесі.

Әдістеменің мақсаты – кіші мектеп оқушыларының қабылдауларының диагностикасын анықтау.

Әдістемені орындауға 1 минут беріледі. 1 минут ішінде оқушы 3 суретте жасырылған 14 затты тауып алулары керек.

Оқушылар әдістеме барысында 3 баллды шкаламен бағаланды. 1 балл – істей алмайды, 2 балл – мұғалім көмегіне мұқтаж, 3 балл – өз бетімен жұмыс жасай алады.

Бақылаушы топ пен эксперимент топтың нәтижесін кесте 1-ден көре аласыздар.

Кесте 1

Бақылаушы топ

Эксперименталды топ

Жоғарғы деңгей

20%

26%

Орта деңгей

45%

41%

Төменгі деңгей

35%

33%

2. «Суреттерде не жетіспейді?» әдістемесі

Әдістеме оқушылардың әртүрлі жақтарын анықтай отырып, оқушылардың қабылдауларын анықтауға мұмкіндік береді.

Әдістемеде оқушылар берілген суреттерде не жетіспейтінін тауып, суретті аяқтаулары керек. Тапсырманы орындауға 1 минут беріледі.

Бақылаушы топ пен эксперимент топтың нәтижесін кесте 2-ден көре аласыздар.

Кесте 2

Бақылаушы топ

Эксперименталды топ

Жоғарғы деңгей

25%

21%

Орта деңгей

30%

37%

Төменгі деңгей

45%

42%

3. «Төртінші артық қайсысы?» әдістемесі

Әдістеменің мақсаты – оқушылардың зерттеу процестерінің бейнелі-логикалық ойлауын, ақыл-ой операцияларын талдау және қорыту.

Берілген әдістемеде оқушылар суреттердің ішінен артық затты табулары керек.

Бақылаушы топ пен эксперимент топтың нәтижесін кесте 3-тен көре аласыздар.

Кесте 3

Бақылаушы топ

Эксперименталды топ

Жоғарғы деңгей

35%

38%

Орта деңгей

40%

31%

Төменгі деңгей

25%

31%

Қорытынды

Анықтау кезеңінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесін кесте 4-тен көре аласыздар.

Кесте 4

Бақылаушы топ

Эксперименталды топ

Жоғарғы деңгей

27%

29%

Орта деңгей

38%

37%

Төменгі деңгей

35%

34%

Анықтау кезеңінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесі

Жоғарғы деңгей – оқушы қойылған тапсырманы 1 минуттқа жетпей орындады.

Орта деңгей – оқушы қойылған тапсырманы 1 минут пен 1,5 минут аралығында орындады.

Төменгі деңгей – оқушы қойылған тапсырманы 2 минут ішінде орындады.

Салыстырмалы түрде корсетілген пайыздық көрсеткіштерді гистограмма1-ден көре аласыз.

Гистограмма1

Анықтау кезеңінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесі.

2 кезең. Қалыптастыру кезеңінде келесідей жұмыстар жүргізілді.

1. Сабақтар

2. Тәрбие сағаттары

3. Зертханалық жұмыстар

4. Шығармашылық жұмыстар

Бақылау тобында ешқандай жұмыстар жүргізілген жоқ. Эксперимент тобында жоғарыда көрсетілген жұмыстар жүргізілді.

Аталған экспериментальды жүйенің шарттары болып мыналар табылады:

- оқушы білім беру үрдісінің бесенді қатысушысына айналу қажет;

- мұғалім туындаған сұрақтар мен мәселелер бойынша қолдау көрсете отырып, кеңес беріп оқушылардың қасында және бірге жұмыс жасайды;

- кеңесші рөлінде болады;

- зерттеу үдерісі кезінде басты рөлде сұрақ немесе мәселе болады, себебі ол баланың ойлуын мәселені шешуге ізденуге бағыттайды;

- зерттеу мазмұны жас деңгейі мен мүмкіндіктеріне, сонымен қатар, оқушылардың нақты білімдеріне сәйкес келуі қажет;

- зерттеу тақырыбы оқушыларға қызықты болу керек;

- оқушы зерттеу барысына өз еркімен қатысады;

- жұмыстың барлық сатысындағы күтілетін нәтиже –бұл шығармашылық қабілеттерді дамыту, оқушы тарапынан жаңа білімді, білік пен дағдыны меңгеру;

- зерттеуді қорғау – бастап оқып жатқан зерттеушінің басты сатыларының, кезеңдерінің бірі;

- тақырып бойынша жұмыс барысында саяхаттарды, зерттеу- серуендерді, әлеуметтік акцияларды, әртүрлі мәтіндік ақпараттар көзімен жұмыс жасауды, тәжірибелі маңызды өнімдерді даярлау мен кең қоғамдық көрсетілімдерді (ата-аналар және мұғалімдердің қатысуымен) енгізу өте тиімді болып келеді.

Көрсетілген жағдайда біз теориялық талдаудың қалыптасу деңгейін зерттейміз: модельдеу, логикалық – танымдық және белгілік – символикалық әрекеттер.

1) бастапқы – Зерттеу жұмысын жүргізуге төмен деңгейде қызығушылық білдіру, зерттеу әрекеті жайлы білімдердің, зерттеу әрекеттері біліктерінің болмауы. Зерттеу әрекеттерін ұқсастық бойынша жүзеге асыру мүмкіндігі. Оқыту зерттеуі кезінде оқушы белсенділік пен өзіндік көзқарасты сирек білдіреді, ешбір идея бермейді. Тек мұғалімнің басшылық етуінде ғана.

2) бастапқы деңгей –Зерттеуді жүргізуге сыртқы дәлелдердің пайда болуымен, мұғалімнің көмегімен проблеманы табу және оны шешудің әртүрлі нұсқаларын ұсынумен сипатталады. Бастапқы сатыда балалар ересектердің көмегімен ұқсастық бойынша қысқа мерзімді қарапайым зерттеулерді жүргізуге қабілетті. Өзінің зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша білім негіздерін, кейбір қарапайым зерттеу біліктерін меңгергендігі байқалады. Креативтіліктерінің танытуын төмен деп бағалауға болады.

3) продуктивті (өнім беру) деңгейі –Зерттеу жұмыстарын жүргізуге деген тұрақты сыртқы және ішкі мотивтер, өздігінен жүргізуге деген қалауы бар (жеке немесе топпен) зерттеу. Оқушыда зерттеу әрекеттері жайлы белгілі бір білімі бар, оқу зерттеулерін жүзеге асыру барысында көптеген біліктерді меңгерген (өздігінен немесе мұғалімнің көмегімен зерттеу тақырыбын, мақсатын және міндеттерін анықтай алады, ақпарат көздерімен жұмыс жасай алады);

4) креативті деңгей – Әртүрлі зерттеулерді жүргізуге тұрақты қызығушылық білінеді, зерттеу тақырыбын таңдауда өздігінен және шығармашылық жағынан келу, мақсат, міндеттер қоя білу, қойылған міндеттерді шешуде өнімді тәсілдерді табу; зерттеудің барлық сатыларында жұмысты жүзеге асыру кезінде өздігінен жұмыс жасаудың биік үлестік көрсеткіші; әрекет нәтижесін ерекше ұсына білу дағдысы.

Осыған орай біз мынандай критерилерді бөлдік:

- Оқушы гипотезаны ұсына алады;

- Оқушы мәтіндегі маңызды мәліметтерді таба алады;

- Оқушы сұрақтарды құрай біледі;

- Оқушы өзінің іс – қимылының жоспарын құрай біледі;

- Оқушы себеп – салдарлық байланысты белгілей алады;

- Оқушы оқығаны/көргені/естігені бойынша қорытынды жасай алады;

- Оқушы қойылған мәселені шешудің бірнеше нұсқаларын ұсына алады.

Мысал ретінде екі сабақты қарастырайық.

1. Сабақтың тақырыбы: Су. Судың қасиеті.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға су, судың қасиеті, табиғаттағы су айналымы туралы түсіндіру. Тәжірибе арқылы судың қасиетімен таныстыру. Су шынығудың табиғи факторының бірі екенін, тазалықтың әрі екендігін ұғындыру.

Дамытушылық: танымдық қасиеттерін дамыту. Тәжірибе жасауға деген әуестігін, қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелік: қоршаған ортаның сұлулығын сезінуге, табиғатты сүюге, судың әр түрлі күйдегі сұлулығын сезіне білуге, суды үнемді пайдалануға тәрбиелеу.

І. Жаңа сабақ:

Жұмбақ шешу.

Жылт – жылт етеді,

Жылғалардан өтеді. (Су)

Жер бетінің көп бөлігін су алып жатыр. Жер бетіндегі судың бәрі ішуге жарамды емес, бірақ оларда да тіршілік бар. Су өмір бойы айналымда болады. Су – түссіз, мөлдір. Су бар жерде тіршілік бар. Су ішінде, бетінде, жазалауында да қаншама өсімдік, жануарлар болады. Адма сусыз өмір сүре алмайды. Суды пайдаланбайтын бірде бір тіршілік иесі жоқ. Оны үнемі таза ұстау – әрбір адамның міндеті. Су жаңбырмен жерге түседі, арық болып ағып, өзенджі құрайды, қайтадаң күн шуағымен буға айналады. Кішкене сулар бірігіп, үлкен теңіз, көлдерді құрайды.

Судың қасиеті.

Кейде су түсін ақ дейді. Оны білу үшін тәжірибе жасап көрейік.

1 – тәжірибе: шыны ыдысқа сүт, екінші шыныға су құй. Екеуін салыстыр. Сүт ақ, ал су түссіз. Таза суды аз мөлшерде алсақ, түссіз. Ал өзен, көл суларының түсі әр түрлі болады.

2 – тәжірибе: екі стаканның біріне сүт, бреуіне су құй. Олардың ішіне қасық сал. Қайсысындағы қасық анық көрінеді? Неге?

Суды искеп көр. Иісі жоқ. Олай болса, су түссіз, мөлдір, иіссіз.

3 – тәжірибе: сен бірнеше ыдысқа: кесеге, шыныға, стаканға су құй. Осы ыдыстардығы су пішініне қара. Су қандай пішінге ие болды? Олай болса, судың тұрақты пішіні болмайды.

Суды кез келген беті тегіс нәрсеге құйып көр. Ол жан – жағына аға бастайды, себеі, ол сұйық. Оның орнында дымқыл, сулы із қалады. Кеуіп кетеді. Кез келген затты суға малып алсақ, ол су – су болып шығалыд. Су жабысқақ. Тасты суға салып ал. Ол да су болып шығады. Жуылған киімдерді далаға жаяды. Ол біраздан кейін кебеді. Оның бойындағы су қайда кетті?

Күн көзі жылуынан су буға айналады. Бу ауаға араласады. Қысқы суықта су қатып, мұзға айналады.

ІІ. Бекіту. Дәптермен жұмыс.

Су – қатты, сұйық, жұмсақ.

Сергіту сәті.

Сылдырлайды мөлдір су,

Мөлдір суға қолынды жу.

Тазалықтың досы.

Су дегенің – осы.

Мақал – мәтелдер:

1. Су бергеннің сауабы,

Су төккеннің жауабы.

2. Су анасы – бұлақ.

3. Тау – бұлағымен көрікті,

Бұлақ – құрағымен көрікті.

4. Судың да сұрауы бар.

ІІІ. Қорытындылау:


- сусыз тіршілік жоқ.

- Су денсаулық пен тазалықтың көзі.

- Су алтыннан да бағалы.

- Судың температурасы әртүрлі.

- Жаңбыр, қар, мұз, бу – суға айналады.

2. Сабақтың тақырыбы: Топырақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Топырақ туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Топырақтың табиғат пен адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру.

Тәрбиелілік: Кішіпейілділікке, адамгершілікке, табиғатты қорғауға баулу..

Сабақтың түрі: Әңгімелеу,талдау – жинақтау,топта талқылау, оқулықпен жұмыс.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, топпен жұмыс, тәжірибелік жұмыстар жүргізу.

Пәнаралық байланыс: ана тілі,математика, бейнелеу, еңбекке баулу.

Көрнекіліктер: оқулық, үлестірмелі парақшалар,топырақ үлгілері, карта.

І. Сабақ барысы:

1.Жұптық жұмыс.

Тәжірибе деген не?

Тәжірибе қандай кезеңнен тұрады?

Қауіпсіздік ережесін сақтаймыз ба?

ІІ. Жаңа сабақ.

– Балалар,қазір біз тәжірибе жасаймыз. Тәжірибе жасау барысында тек мені мұқият тыңдап, керек жерлерін түртіп алу әдісімен жазып алып отырамыз. Тәжірибе барысында қауіпсіздік ережесін сақтауды да ұмытпайық.

4 топқа бөлінеміз. Әр топқа нұсқау жазылған парақшалар таратылады. Тәжірибені тек менің көмегім арқылы орындалады. Ал сендер тек бақылаушы ретінде боласыңдар.

Тәжірибе, дәптермен жұмыс.

Топтар

№1 Практикалық жұмыс

№2

№3міндетті түрде мұғалімнің көмегімен орындалады

№4 міндетті түрде мұғалімнің көмегімен орындалады

Қажетті құралдар

Топырақ, үлкейткіш шыны (лупа)

Стақан, топырақ,су

Топырақ, әйнек, қыздырғыш.

Топырақ, әйнек,қыздырғыш

Бақылау қорытындысы

Өсімдіктің ұсақ бөліктері

Құм,саз,ауа

су

Тұздар

Практикалық жұмыс нәтижесінде мынадай сызба шығады:


ІІІ. Сабақты қорыту.Төмендегі тапсырмаларға жауап бере отырып қорытындылау.

Рефлексия.

1.Топырақ деген не?

2.Топырақтың құнарлы екендігін қалай анықтауағ болады?

1. Мен...................үйрендім

2. Мені таңғалдырғаны:.............................

3. Мен әлі де ......... білігім келеді.

IV. Үйге тапсырма: Топырақтың қасиетін анықтау үшін жасалған тәжірибелердің суретін сал.

3. Тәрбие сағаты «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні»

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту. Грамматикалық талғада жүйелі сөйлеуге, мерекелік көңілін көтеру, елге деген сүйіспеншілікпен бірге, салт – дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Наурыз мерекесіне арналған суреттер, интерактивті тақта, киіз үй, шарлар, дөңгелек үстел, бесік.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезені

— Сәлеметсізбе, балалар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Наурыз –Ұлыстың ұлы күні» атты ашық сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

— Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам.

Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,

Нұрға бөлеп міне жатыр манайды!

Мал біткеннің бал татыған ұызды,

Қуат болып қанымызға тарайды.

Төрт түлік мал халқымыздың сүйері,

Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.

«Аман ба» деп мал жаның?

Бірін-бірі құшақтасып сүйеді.

— Ал, балалар! Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық!

Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Ақ мол болсын!

Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсің!

ІІ. Әңгімелесу

Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» — жаңа, «руз» — кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген

ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады.

— Наурыз — бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн.

Көктемнің алғашқы күндерінен бастап жер бетіне қылтиып, бой көтеріп гүлдер өседі. Бұлар көктемнің алғашқы гүлдері деп аталады. Бұл бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ. (интерактивті тақтамен жұмыс)

Көктем — жыл мезгілінің әдемі бір кезені. Наурыз айында күн ұзарып, түн қысқарады. Күн көзінің шуағы молаяды. Қар еріп, жырашықтардан су аға бастайды. Көктем – өте көңілді мезгіл. (интерактивті тақтадағы суреттерді көрсету)

ІV. Жұмбақ

— Ал енді балалар! Жұмбақтардың шешуін табыңдар:

Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды.

(дастархан)

Бұл не? Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл дастархан. Ал дастарханға қандай қазақтың ұлттық тағамдары қойылады?

Қазақтың ұлттық тағамдары,

Жасымнан жақын маған бәрі.

Теңермес ем оларға мен,

Ешбір асты ғаламдағы.

— Дастархан басында адамдар қалай отырады, асқа қатысты тыйымдармен ырымдарымен бізді Жазира апайымыз таныстырып өтеді.

V. Сөз жұмбақ. Наурыз

1. Ас атасы ... /Нан/

2. Ең жақын адам... /Ана/

3. Киіз үйдің жабдығы... /Уық/

4. Мал жайылымы... /Өріс/

5. Жыл мезгілі ... / Қыс/

6. Көру мүшесі ... /Көз/

VІ. Ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру

Қазақ халқы қонақ күтуді де, қонақ болып қыдыруды да қызық көрген. Сондықтан қазақ халқының тойлары да көп болған. Соның біреуі бесікке салу. Бесікке салу тойына жиналғандар өлең айтып, әзіл –қалжын, ұлттық ойындарын ойнап көңіл көтерген. Бесікке салу тойларын ырымын көрсетіп, түсіндіріп беретін Шолпан апайымызға сөз береміз.

Бала он екі ай шамасында қаз тұрып, бір-екі аттап үстел жағалап жүреді. Осы кезде балаға арналған қазақ халқында «Тұсау кесер» тойы өткізіледі. VI.

Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Сонын ішінде «Көкпар», «Қыз қуу», арқан тарту т.б ойындар. (интерактивті тақтамен жұмыс)

VII. Қорытындылау

Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру. «Сөз арқылы жаратушыға жалынып, жалбарынып ықпал етуге болады деп түсінген ата-бабаларымыз. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Баталы құл арымас» — деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. Бата туралы Батима апайдың әңгімесін тыңдайық.

Рахмет!

Жаз келер, қыстыгүні қысым кетіп,

Қар, суық, аяз, боран — бәрі кетіп.

Қасықтай қар, тобықтай тоң қалмайды,

Табиғат барша жанға рахым етіп.

Жетпекке үлкендікке жас балалар,

Жүгірер қырдан ойға дүбірлесіп.

Шал-кемпір күн шуақтап, көңілі жай,

Өткен күн, өмірін айтып күбірлесіп.

Бота, құлын, бұзау, лақ, қозы туып,

Қуанып ойнақтайды олар да өсіп.

— Балалар! Сендер білесіндерме? Наурыз мейрамы – жыл басы, яғни жаңа жыл. Ал Жаңа жылдың иесі кім екенің білесіндер ме? Назарларыңызға көп рахмет! Сау болыныздар!

3 кезең. Қорытынды кезеңінде анықтау бөлімінде жүргізілген жұмыстар қайта жүргізілді.

Қорытынды бөлімге бақылау және эксперимент топтары қатысты.

Қорытынды бөлім мен анықтау бөлімнің нәтижесін кесте 5-тен көре аласыз

Кесте 5

Бақылаушы топ

Эксперименталды топ

Жоғарғы деңгей

27%

61%

Орта деңгей

38%

23%

Төменгі деңгей

35%

16%

Қорытынды бөлім мен анықтау бөлімнің нәтижесі

Салыстырмалы түрде корсетілген пайыздық көрсеткіштерді гистограмма2-ден көре аласыз.

Гистограмма 2

Бақылаушы және эксперимент топтарының қорытынды бөлімдегі пайыздық көрсеткіштері.

Эксперимент топтың нәтижесін салыстырмалы түрде көрсетілген пайыздық көрсеткіштерді гистограмма 3-тен көре аласыз

Гистограмма 3

Эксперимент топтың қорытынды бөлімдегі нәтижесі

Зерттеушілік дағдыларының жоғарғы даму деңгейі жоғарылады (22 %) 29% -дан 51% -ға дейін.

Сонымен қатар, зерттеушілік дағдыларының орта даму деңгейі төмендеді (14%)– 37% дан 23%-ға дейін.

Оқушылардың зерттеушілік дағдыларының төменгі даму деңгейі 34% – 16% , (18%) төмендеді.

Оқушылар бойынша келесі біліктердің қалыптасу деңгейі жоғарылады:

- гипотеза ұсыну –5%.

- мәтіннен маңызды ақпаратты таба білу –6%.

- сұрақты дұрыс құрай білу –7%.

- өз әрекетінің жоспарын жасай білу –6%.

- себеп-салдарлық байланыстарды анықтай білу –7%

- оқығандардың/ көргендерінің/ естігендерінің негізінде қорытынды жасай білу–6%.

- қойылған мәселелені шешудің бірнеше нұсқаларын ұсына білу – 9%.

Балалар сабақта берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындай бастады, соның ішінде, сұрақ туындау сипатындағыларын, мұғалімнің көмегіне сирек жүгінетін болды.

Аталған нәтижелерге келесі құрылған экспериментальды сабақтар жүйесінің ерекшелігі арқасында қол жетті:

- сабақтар жүйесіне практикалық бағдары бар сабақтар кіріктірілді, мысалға, саяхаттар;

- әрбір сабақтың құрылымына практикалық және экспериментальдық жұмыс енгізілген;

- әрбір сабақтың құрылымына оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауды талап ететін тапсырмалар, сонымен қатар, әрбір сабақта оқушыларды зерттеушілік әрекетке бағыттайтын проблемалы сұрақтар мен тапсырмалар енгізілген;

- зерттеушілік жұмысқа деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыру үшін әрбір сабаққа ойын тапсырмалары енгізілген, сонымен қатар, кейбір сабақтар толыңымен ойын сабағы қағидаттарында құрылған.

- сабақ құрылымына гипотеза мен сұрақтарды ұсына білуді қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар енгізілген;

- сабақ жүйесіне мақсаты оқушылардың бойында ақпараттық және зерттеушілік мәдениетін қалптастыратын, ақпарат көздерімен жұмыс жасай білуге үйететін жеке тапсырмалар енгізілген.

Нәтижесі

Оқулықта ұсынылған материалдардан басқа мұғалімдерде өз сабақтарында зерттеушілік жұмыстарды ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдерін қолдану мүмкіндіктері бар.

Мұғалім үшін оқушының зерттеушілік дағдыларын қалыптасу біліктері мен дағдыларының деңгейін бағалау өте маңызды болып табылады. Нәтиженің кез келген деңгейі оңды баға алуға лайықты. Мыналарды бағалауға болады:

- оқу зерттеуі барысында әралуан кезеңдерді орындауда өздігінен жұмыс жасай білу деңгейі;

- топтық жұмысқа араласу деңгейі және оған берілген жұмыстың тура орындалуы;

- қолданылған ақпаратты түсіне білуі;

- идеяның бірегейлігі;

- мәселені және оны шешу тәсілін түсіне білу;

- зерттеу мақсатын қоя білу;

- рефлексияны меңгеруі;

- жұмыс барысындағы шығармашылық бағыты.

Оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытудағы негізгі формалары мен әдістері проблемалық және жартылай іздену, жобалау әдістері, танымдық және тәжірибелік-бағдары тапсырмаларды қолдану әдістері. «Дүниетану» пәні бойынша сабақтар жүйесін құру бойынша экспериментальды жұмыс барысында тәжірибелік- бағдарлы тапсырмаларды қолданумен біз келесі нәтижелерді алдық.

Зерттеушілік дағдыларының жоғарғы даму деңгейі жоғарылады (9 %) 16% -дан 25 % -ға дейін.

Сонымен қатар, зерттеушілік дағдыларының орта даму деңгейі жоғарылады (6%)– 61% дан 67%,

Оқушылардың зерттеушілік дағдыларының төменгі даму деңгейі 23% – 8% , (15%) төмендеді.

Оқушылар бойынша келесі біліктердің қалыптасу деңгейі жоғарылады:

- гипотеза ұсыну –4%.

- мәтіннен маңызды ақпаратты таба білу –6%.

- сұрақты дұрыс құрай білу –7%.

- өз әрекетінің жоспарын жасай білу –6%.

- себеп-салдарлық байланыстарды анықтай білу –4%

- оқығандардың/ көргендерінің/ естігендерінің негізінде қорытынды жасай білу–6%.

- қойылған мәселелені шешудің бірнеше нұсқаларын ұсына білу – на 3%.

Балалар сабақта берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындай бастады, соның ішінде, сұрақ туындау сипатындағыларын, мұғалімнің көмегіне сирек жүгінетін болды.

Аталған нәтижелерге келесі құрылған экспериментальды сабақтар жүйесінің ерекшелігі арқасында қол жетті :

- сабақтар жүйесіне практикалық бағдары бар сабақтар кіріктірілді, мысалға, саяхаттар;

- әрбір сабақтың құрылымына практикалық және экспериментальдық жұмыс енгізілген;

- әрбір сабақтың құрылымына оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауды талап ететін тапсырмалар, сонымен қатар, әрбір сабақта оқушыларды зерттеушілік әрекетке бағыттайтын проблемалы сұрақтар мен тапсырмалар енгізілген;

- зерттеушілік жұмысқа деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыру үшін әрбір сабаққа ойын тапсырмалары енгізілген, сонымен қатар, кейбір сабақтар толығымен ойын сабағы қағидаттарында құрылған.

- сабақ құрылымына гипотеза мен сұрақтарды ұсына білуді қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар енгізілген;

- сабақ жүйесіне мақсаты оқушылардың бойында ақпараттық және зерттеушілік дағдыларын қалптастыратын, ақпарат көздерімен жұмыс жасай білуге үйрететін жеке тапсырмалар енгізілген.

Қорытынды

Қазіргі оқыту үрдісі жоғарғы бәсеке жағдайында өтуде. Осы орайда бәсекеге қабілеттіліктің неғұрлым маңызды факторлары болып келесілер алынады: білікті, шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін кадрлардың болуы; олардың шығармашылық әрекеттерін ұйымдастыра білу; жаңа ойларды қабылдауға даяр болу және оны іске асыру үшін жағдай жасау. Осы орайда, зерттеушілік дағдылар оқушының жан-жақты дамыған және оңды әлеуметтенген тұлға болып қалыптасуына әсер ететін бірден бір бағыт. Ондай тұлға бәсекеге қабілетті болып келіп, ерекше ойлау қабілеті дамиды, қойылған міндет-мақсаттарына шығармашылық тұрғыда келеді.

А.И.Савенков келесі анықтаманы береді: «Зерттеу – бұл белгісіздікті іздеудің шығармашылық үдерісі» [3. 46бет]. Өз кезегінде зерттеушілік дағдыны жалпы жеке тұлғаны дамытуда қарау және көру, бақылау қабілеттерін дамыту шартары деп анықтауға болады.

Зерттеушілік дағдылар негізінде төмендегі көрсеткіштер жатады :

- оқушылардың танымдық білік пен дағдыларын дамыту;

- ақпараттық кеңістікте бағыт ала білу;

- өз білімін өздігінен құрай алу дағдысы;

- ғылымның әралуан саласындағы білімдерін кіріктіре алу дағдылары;

- сыни тұрғыдан ойлай білу дағдысы.

Зерттеушілік дағдылардың қағидаттарын жүзеге асыруда тығыз байланыста және бастапқы оқыту деңгеінде зерттеушілік білік пен дағдыларын қалыптастыру базасы ретінде қолданыла алады.

Мұғалім үшін оқушының зерттеушілік дағдыларын қалыптасу біліктері мен дағдыларының деңгейін бағалау өте маңызды болып табылады. Нәтиженің кез келген деңгейі оңды баға алуға лайықты. Бағалауға болады:

- оқу зерттеуі барысында әралуан кезеңдерді орындауда өздігінен жұмыс жасау білу деңгейі;

- топтық жұмысқа араласу деңгейі және оған берілген жұмыстың тураорындалуы;

- қолданылған ақпаратты түсіне білуі;

- идеяның бірегейлігі;

- мәселені және оны шешу тәсілін түсіне білу;

- зерттеу мақсатын қоя білу;

- рефлексияны меңгеруі;

- жұмыс барысындағы шығармашылық бағыты.

Зерттеушілік дағдыларды ұйымдастыру кезінде ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың (АКТ) алар орны ерекше. Дүниетану сабақтарында оларды қолдану тек қана мұғалім қызығушылығымен емес, қазіргі оқу бағдарламалары мен білім стандарттарының талаптарымен шартталған. АКТ зерттеушілік дағдылар жұмысы барысында және сабақтарда жобалау технологиясын жүзеге асыруда кеңінен қолдану көздерін тарту үшін қажет. Ақпараттық технологиялар зерттеу жұмыстарына қосымша мүмкіндіктер береді, олар жұмысты неғұрлым толығырақ, жан – жақты, көрнекі және жарқын етеді. Сонымен, қазіргі білім беруде АКТ технологияларының жоғарылауы, оқыту мотивациясын көтерудің неғұрлым тиімді және ыңғайлы тәсілдері ретінде зерттеу элементтерін кіріктіре отырып сабақта пайдалану қажет.

Зерттеушілік дағдыларды қалыптастыруда ерекше орынға жобалау әдістері ие, өйткені оның бойында зерттеушілік, ізденушілік, проблемалық әдістердің үйлесімділігі бар.

Жобалау әдісінің мәні – белгілі бір білім жиынтығына ие болуды болжайтын және жобалау іс-әрекеті арқылы шешімін табуды алдын ала ескеретін мәселелерге деген оқушылардың қызығушылығын ынталандыру, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу икемділігін, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту. Мәселе ойдың мақсатын белгілейді, ал мақсат ойлаудың үрдісін бақылайды.

экспериментальды жүйенің шарттары болып мыналар табылады:

- оқушы білім беру үрдісінің бесенді қатысушысына айналу қажет;

- мұғалім туындаған сұрақтар мен мәселелер бойынша қолдау көрсете отырып, кеңес беріп оқушылардың қасында және бірге жұмыс жасайды;

- кеңесші рөлінде болады;

- зерттеу үдерісі кезінде басты рөлде сұрақ немесе мәселе болады, себебі ол баланың ойлуын мәселені шешуге ізденуге бағыттайды;

- зерттеу мазмұны жас деңгейі мен мүмкіндіктеріне, сонымен қатар, оқушылардың нақты білімдеріне сәйкес келуі қажет;

- зерттеу тақырыбы оқушыларға қызықты болу керек;

- оқушы зерттеу барысына өз еркімен қатысады;

- жұмыстың барлық сатысындағы күтілетін нәтиже –бұл шығармашылық қабілеттерді дамыту, оқушы тарапынан жаңа білімді, білік пен дағдыны меңгеру;

- зерттеуді қорғау – бастап оқып жатқан зерттеушінің басты сатыларының, кезеңдерінің бірі;

- тақырып бойынша жұмыс барысында саяхаттарды, зерттеу- серуендерді, әлеуметтік акцияларды, әртүрлі мәтіндік ақпараттар көзімен жұмыс жасауды, тәжірибелі маңызды өнімдерді даярлау мен кең қоғамдық көрсетілімдерді (ата-аналар және мұғалімдердің қатысуымен) енгізу өте тиімді болып келеді.

Көрсетілген жағдайда біз теориялық талдаудың қалыптасу деңгейін зерттейміз: модельдеу, логикалық – танымдық және белгілік – символикалық әрекеттер.

1) бастапқы – Зерттеу жұмысын жүргізуге төмен деңгейде қызығушылық білдіру, зерттеу әрекеті жайлы білімдердің, зерттеу әрекеттері біліктерінің болмауы. Зерттеу әрекеттерін ұқсастық бойынша жүзеге асыру мүмкіндігі. Оқыту зерттеуі кезінде оқушы белсенділік пен өзіндік көзқарасты сирек білдіреді, ешбір идея бермейді. Тек мұғалімнің басшылық етуінде ғана.

2) бастапқы деңгей –Зерттеуді жүргізуге сыртқы дәлелдердің пайда болуымен, мұғалімнің көмегімен проблеманы табу және оны шешудің әртүрлі нұсқаларын ұсынумен сипатталады. Бастапқы сатыда балалар ересектердің көмегімен ұқсастық бойынша қысқа мерзімді қарапайым зерттеулерді жүргізуге қабілетті. Өзінің зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша білім негіздерін, кейбір қарапайым зерттеу біліктерін меңгергендігі байқалады. Креативтіліктерінің танытуын төмен деп бағалауға болады.

3) продуктивті (өнім беру) деңгейі –Зерттеу жұмыстарын жүргізуге деген тұрақты сыртқы және ішкі мотивтер, өздігінен жүргізуге деген қалауы бар (жеке немесе топпен) зерттеу. Оқушыда зерттеу әрекеттері жайлы белгілі бір білімі бар, оқу зерттеулерін жүзеге асыру барысында көптеген біліктерді меңгерген (өздігінен немесе мұғалімнің көмегімен зерттеу тақырыбын, мақсатын және міндеттерін анықтай алады, ақпарат көздерімен жұмыс жасай алады);

4) креативті деңгей – Әртүрлі зерттеулерді жүргізуге тұрақты қызығушылық білінеді, зерттеу тақырыбын таңдауда өздігінен және шығармашылық жағынан келу, мақсат, міндеттер қоя білу, қойылған міндеттерді шешуде өнімді тәсілдерді табу; зерттеудің барлық сатыларында жұмысты жүзеге асыру кезінде өздігінен жұмыс жасаудың биік үлестік көрсеткіші; әрекет нәтижесін ерекше ұсына білу дағдысы.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы, 2007 жылғы, наурыз.

2. ҚР 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы. Астана, 2005 жыл

3. Абдрахманова А. Формирование учебной деятельности учащихся начальной школы в процессе обучения математике//«Ізденіс» №3,2011. 276бет

4. Айтқалиева Г. Мектепке дейінгі ересек бүлдіршіндердің зерттеушілік, жобалаушылық дағдыларын дамыту// Білім кілті Алматы, №4(70)- 2014. 7 бет

5. Алексеев Н.Г. Критерии эффекивности обучения учащихся исследовательской деятельности//Развитие исследовательской деятельности учащихся: методический сборник. М. 2001

6. Ақмағанбетова Г. Жобалау-зерттеу қызметіне жетелейтін жол//«Қазақстан мектебі» №7. 2013 жыл. 4-5бет.

7. Асқарқызы Д. Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік әрекетін дамыту//«Бастауыш мектеп» №1.2011 (18 – 19бет)

8. Армсторнг Г./Практика управления человечискими ресурсами. М.2004. 123стр

9. Әбенбаев С.Ш. /Педагогика. Алматы:Дарын,2001. 68 бет

10. Әлімқұлова А.Б. бастауыш сынып оқушыларының жобалық-зерттеу әрекетін ұйымдастыру//«Бастауыш мектеп» №7,8 2014жыл. 6-7бет.

11. Бабаев С.Б. Кіші мектеп жасындағы баланың дамуы /Бастауыш мектеп педагогикасы. Алматы 2007 (74 – 81 бет)

12. Богоявленская Д.Б. Исследовательская деятельность как путь развития творческих способностей // Исследовательская деятельность учащихся в современном образовательном пространстве: сб. статей – М., 2006.40бет.

13. Виноградова Л.П. Приобщение младших школьников к учебно – исследовательской деятелности в процессе развивающего обучения: Амуре,2004 (21стр)

14. Галиева Б.Х. Ғылыми-зерттеу жұмысын жобалау// Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы – 2013. 16 бет.

15. Дюсембинова Б.С. Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін зерттеу жұмысын оқыту әдістемесі//Білімдегі жаңалықтар.№1 (17) 2007. (63бет)

16. Егоров В.В. организация и технология научных исследований //Новосибирск «ОАО Новосибирское книжное издаелство» 2006 (426стр)

17. Есенбаева Г.С. Бастауыш мектептің дүниетану пәнінің оқыту әдістемесін жетілдіру// «Бастауыш мектеп» - №6, 2015. 24 – 25 бет

18. Жексенбаева У.Б. Исследовательский метод обучения как средство развития одаренности//12 жылдық білім беру №5 2006жыл 6 бет.

19. Жексенбаева У.Б.,Ниязбекова Г.Б. Технология исследовательского обучения школьников.Астана,2006.109бет

20. Жексенбаева У.Б., Ниязова Г.Б. «Проектная деятельность в образовательном процессе»// «12 жылдық білім беру»№7,2007. 16 бет

21. Жексенбаева, У.Б. Я учусь исследовать/Учебное пособие-Астана.2006. 32 бет

22. Жиенбаева С.Н. Кіші мектеп жасындағы баланың жобалау әрекетіне ерекшелігі//«Бастауыш мектеп» №9,10. 2008 (5-8бет)

23. Жумагалиева Д.Ш. формированиея первоначальных научных понятий у младших школьников//Начальная школа Казахстана.№9.2005 (18-19стр)

24. Иванова Н.В. возможности и специфика применения проектного метода в начальной школе//Начальная школа,№2, 2004. 15бет

25. Измуханбетова С. Зерттеу дағдылары арқылы оқушы бойында ізгілікті қалыптастыру//Білім, ғылыми – педагогикалық журнал. №4(52). 2010. (18бет)

26. Исламова К.И. Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік дағдысын қалыптастырудың жолдары//«Бастауыш мектеп» №9.2011. (11-13бет)

27. Қараев Ж. Жетілдірілген педагогикалық жүйені жобалаудың дидактикалық шарттары//«Ізденіс» №1, 2004жыл бетт

28. Куликов Р.Д. Самостоятельные исследования школьников// Народное образование.№9,2000. 290бет

29. Матюшкин А.М. мышление, обучение, ворчество/А.М.Машкин. м.: издательство МПСИ. 2003. (174 стр)

30. Матяш Н.В. проектная деятельность младших школьников/Н.В.Матяш, В.Д.Сиаоненко.-М.:2004. (112стр)

31. Мухина В.С. психологический смысл исследовательской деятельности для развития личности//Исследовательская деятельность учащихся в современном образовательном пронстранстве: Сборник статей. 2006. (35стр)

32. Мырзалинова А. Бастауыш білім беруде кіші мектеп жасындағы оқушылармен жобалық – зерттеушілік қызметті ұйымдастыру//«Бастауыш мектеп» №11-12. 2012. (12-15бет)

33. Обухов А.С. исследовательская деятельность как способ формирования мировозрения//Народное образование. №10. (158стр)

34. Осипова Л.В. Развитие позновательной активности учащихся младших классов на уроках познание мира//Начальная школа Казахстана. №7-8. 2010 (37-39стр)

35. Пахомова Н.. проектное обучение учебно – воспитательном процессе школы//Методист-Москва. 2004. (35стр)

36. Поддъяков А.Н. дети как исследователи//Магистр. №1.1999. (85стр)

37. Подласый И.П. Педагогические исследование/Педагогика к начальной школы.2007. 12бет

38. Подласый И.П. Методы педагогических исследований/ Педагогика начальной школы,Москва,2000. 151бет

39. Рыбакова Г.А. Исследовательская деятельность младших школьников на уроках математики и познаниея мира//Начальеая школа Казахстана. №5. 2009 (19-23стр)

40. Савенков А.И. Учебные исследования в начальной школе//Начальная школа. №12. 2000 (96стр)

41. Савенков А.И. Методика исследовательского обучения младших школьников/А.И.Савенков. Самара.2010. (46стр)

42. Савенков А.И. Маленький исследователь. Как научить младшего школьника пробретать знания- Ярославль.2002. (25стр)

43. Савенков А.И. Методика учебного исследования и проектирования в практике начального обучения//Начальная школа. №9.2012 (54стр)

44. Савенков А.И. Психологические основы исследовательского подхода обучению. Учебное пособие.М. «Ось-89», 2006 жыл. 46 бет

45. Савенков А.И. Исследовательское обучение в современном образовании// 12 жылдық білім беру №7,2006. 10 бет

46. Сәбитова Ә. Мұғалімнің ізденіс тақырыбы//«Бастауыш мектеп» №5,2007 24бет

47. Семенова Н.А. Исследовательская деятельность учащихся//Начальная школа.№2.2006. (45стр)

48. Семенова Н.А. Формирование исследовательских умений младших школьников/Н.А.Семенова – Томск. 2007 (203стр)

49. Скокова А.С. Төменгі сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру// «Білім» №1,2014. 125 бет

50. Төреханова Ж.Т. Бастауыш сынып оқушыларының зерттеу дағдыларын қалыптастыру жолдары//«Бастауыш мектеп» №3.2014

51. Чечель И.Д. Исследовательские проекты в практике обучения//Практика админстративной работы в школе №6.2003. (24стр)

52. Шапошникова М.И. Исследовательская деятельность младших школьников//Начальная школа Казахстана,№12, 2010. 9 – 10бет

Источник: портал www.KazEdu.kz

Каталог учебных материалов

Свежие работы в разделе

Наша кнопка

Разместить ссылку на наш сайт можно воспользовавшись следующим кодом:

Контакты

Если у вас возникли какие либо вопросы, обращайтесь на email администратора: admin@kazreferat.info