Экономикалық теорияның пәні және әдістері

Узнать стоимость написания работы

1.Тақырып. Экономикалық теорияның пәні және әдістері.

Экономикалық теорияның пәні туралы көзқарастардың эволюциясы.

Экономикалық теорияның пәні осыдан 300 жыл бұрын пайда болған саяси экономиямен байланысты болса да, бірақ осы күнге дейін бұл сұрақтың жауабына соңғы нүкте қойылған жоқ.

Экономикалық теорияның пәні туралы әр түрлі көзқарастар бар.

Меркантилизм мектебінің өкілдері экономикалық теорияның пәні айналыс сферасы, байлық жинаудың көздерін зерттеу деп есептеді.

Меркантилистер де, олардан кейінгі физиократтар экономикалық теорияның пәнін байлық жинаудың көзі ретінде қарастырады.

К.Маркс пен В.Ленин саяси экономияның пәні қоғамның даму барысындағы өндіріс, айырбас,бөлу және тұтыну сияқты экономикалық қатынастар болады деді.

Маркстік теория бойынша әлеуметтік –экономикалық қатынастар меншіктік қатынастарға тәуелді, олардың сипаты орын алған меншіктіктің сипатына қарай қалыптасады.Маркстік саяси экономия қоғамдық өндірісті таптық сипатта қарастырды. «Экономикс» өкілдері экономикалық теорияның пәні –шектеулі ресурстар дүниесінде материалдық игіліктер мен қызметтерде өндіру,үлестіру және тұтыну кезіндегі жүріс-тұрсын зерттеу деп санады.

Көптеген экономистер экономикалық теорияның пәніне айырбас процесін ғана жатқызды.

Сонымен экономикалық теорияның пәні негізінен экономикалық қатынастармен байланысты.

Экономикалық теорияның пәні-әр түрлі экономикалық жүйелерде адамдардың қажеттіліктерін максималды қанағаттандыру үшін, шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану.

Экономикалық ойлар ертедегі дәуірлерде қалыптасты.Біздің эрамызға дейінгі IV-III ғасырларда Ертедегі үнді ойшылы Каутилья айырбас саласын , тауардың бағасына талдау жасамақшы болды.

Экономикалық мәселелерді Ежелгі Грек ойшылдары Перикл, Ксенофонт, Платон және Аристотель қарастырды, Ертедегі ойшылдардың экономикалық мәселелерді зерттеулерінде бір- бірімен жүйелі байланыс болған жоқ. Бірақ олардың қарапайым мәселелерді қою дүниежүзілік экономикалық ойдың дамуына өз әсерін тигізді. Алғашқы XV-XVIIғ.ғ. экономикалық ойдың басты бағыты түрінде меркантимум бағыты болды. Олар байлықтың көзі айналыста, яғни ақша айналысында деп есептеді. XVIIIғ. Физиократтар мектебі пайда болды.Олар байлықтың көзі ауыл шаруашлығы деп түсіндірді.

Бұл ілімнің артықшылығы -өндіріс процесін қамтыды, ал кемшілігі-тек ауылшаруашылығымен шектеледі.

XIXғ.классикалық саяси экономия мектебінің өкілдері ұлттың байлығы материалдық өндірісте екенін түсіндірді.Бұл мектептің өнімдері А.Смит,Д.Рикардо.Сонымен қатар А.Смит «көрінбейтін қол» принципін ұсынды.Экономиканы рынок реттейді.Құн теориясын ашты.

ХIX екінші жартысында Маркстік ілім пайда болды.Марксизм қоғамды таптық сипатта қарастырды.Марксистер экономикалық қатынастарды зерттеді.Қосымша құн заңын ашты.Марксизм ілімін социализм тұсында басқару жүйесі 70 жылдан астам уақыт басшылыққа алып отырды.

Экономикалық теорияның маржиналистік бағыты экономикалық құбылыстарды негізінен шаруашылық жүргізуші субъектілердің психиологиялық сезімдері арқылы түсіндірді.Шеккі пайдалылық теориясын ашты.

XX ғ.-да экономикалық теорияның дамуына үлкен үлесін қосқан ағылшын экономисті Дж. Мейнарод Кейнс. Ол экономиканы реттеуде мемлекеттің араласу қажеттігін ұсынды.

XIX ғ. соңы XXғ. басында институционалды -әлеуметтік бағыт пайда болды. Оның өкілдері Т.Веблен, У. Митчелл, Дж Гелбрейт.Бұл теорияға сәйкес экономикалық даму сипаты тек

рыноктың өзі ғана емес, рынок тек бір бөлігі болып табылатын экономикалық институттардың жүйесі.

Экономикалық теорияның қалыптасуы мен дамуына өз үлестерін қосқан кейбір мектептермен бағыттарда және экономистерді атап өттік.

Экономикалық құбылыстарды зерттеу тәсілдері және

атқаратын қызметтері.

Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері:

1.Танымпаздық (макроэкономикалық және микроэкономикалық құблыстарды, олардың даму заңдылықтарымен танысады).

2.Тәжірбиелік ( экономикалық ілімдерді талдап, ұсыныстарын тәжірибеде пайдаланады).

3.Методологиялық (экономикалық теория экономикалық ғылымдар жүйесіндегі базисті ғылым қызметін атқарады).

Барлық экономикалық құбылыстарды зерттеуге тән әдіс-диалектикалық әдіс.Экономикалық құбылыстар әрқашан даму үстінде.Кейбір құбылыстар жойылып жатса, екіншілері жаңадан пайда болуда.

Экономикалық теорияның өзіне тән зерттеу тәсілдері:

1.ғылыми абстракциялау

2.индукция және дедукция

3.анализ және синтез

4.тарихи және қисындық

5. математикалық әдістер

6.статистикалық тәсіл.

Экономикалық ғылымның іргелі мәселелері:шексіз тұтыну мен шектеулі ресурстар.

«Экономикалық ресурстар» деген ұғым «өндіріс факторларына» қарағанда кең ұғым.Экономикалық ресурстарға жатады: табиғи, материалдық, еңбек, қаржы және ақпараттық ресурстар.

Экономикалық ресурстарға тән қасиет, олардың шектеулілігі.Шексіз ресурс жоқ. Мысалы табиғи ресурстар шектеулі, себебі оларды ұдайы өндіруге болмайды, олар таусылады.Ресурстар шектеулі болғандықтан олар адамдардың барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға жетпейді.Ресурстар шектеулі болғандықтан қоғамға оларды таңдауға тура келді.Мысалы кейбір тауарларды өндірген кезде, екіншілерін өндіруден бас тартуға мәжбүр болады. Баламалы ресурстарды пайдалану арқылы тиімді таңдау жасайды. Бұл мәселені америкалық экономист П.Самуэльсон графиктер арқылы шешкен.

Өндірістің мүмкіндіктері

Мүмкіндіктер

Зеңбірек,мын дана

Май ,млн.тонна

А

15

0

В

14

1

С

12

2

D

9

3

Е

5

4

F

0

5

Өндірістік мүмкіндіктердің қисығы.

Зеңбірек,мың дана


0 1 2 3 4 5 май,млн.т

2. Тақырып. Қоғамдық өндірістің негіздері.

Адам және экономика.Қажеттіліктер: мәні және түрлері.

Жер бетіндегі тіршілік иелерінің ішіндегі ең саналысы адам екендігі ешқашан күмән тудырмайтын тұжырым. Санасының үздіксіз дамуы арқасында адам керемет жасампаз күш-қуатқа ие болды. Нәтижесінде адам табиғаттың жаратылысы бола отырып, оның билеушісіне, өзгертушісіне айналды. Қазіргі заманғы адам табиғаттан тәуелділігін айтарлықтай жұмсартып, өзі әлі де болса сол табиғаттың ажырамас бір бөлігі екендігіне қарамастан, ол табиғаттан өзгерте алатындай дәрежеге жетті. Сондай күш-қуат адамда қайдан және қалай пайда болды деген сұраққа бір ғана жауап бар – ол құдыретті Еңбек! Классиктер айтқандай, адам өзінің қажырлы да мақсатты еңбегінің арқасында жануарлар дүниесінен бөлініп шығып, қарапайым биологиялық тіршілік иесі болудан қалды. Адамның барлық жетістіктерінің қайнар көзі ақыр соңында еңбекке келіп тіреледі

Адамдар өмір сүру үшін тамақ, киім-кешек, баспана және т.б. өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін керек.Қажеттілік дегеніміз адамға бір нәрсе керек болғанда немесе жетіспей жатқандағы мұқтаждық.

Қажеттілік дегеніміз адамдардың, өндірістердің және қоғамның қалыпты өмір сүруіне және қызмет атқаруына керек нәрсенің бәрі.Адамдардың қажеттіліктері өте күрделі, әрі өте көп.Қажеттіліктер:материалдық,рухани, әлеуметтік болып бөлінеді.

Қажеттіліктің түрлері:қарапайым және жоғары,тура және жанама.Қажеттіліктің қарапайым түріне тамақ,киім,баспана жатады.

Жоғары қажеттіліктерге салауатты өмір суруге, ең жетік технологияны игеруге, элиталық мемлекеттер қатарына қосылу қажеттілігі жатады.

Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары.

Экономикалық ресурстар дегеніміз адамдардың шаруашылық қызметі нәтижесінде қалыптасқан, тауарлар мен қызметтерді өндіруге жұмсалатын ресурстар жатады. Табиғи ресурстардың барлығы экономикалық ресурстарға жатпайды, тек қана өндіріске қамтылған бөлігі жатады.

Қолданусыз жатқан су ресурстары, таулар мен жер астындағы қолданылмай жатқан кен орындары экономикалық ресурстар емес.Табиғи ресурстарды қамтып пайдалы заттар өндірсе, сонда олар экономикалық ресурстарға жатады.

Экономикалық ресурстардың түрлері: табиғи ресурстар, қаржы ресурстары, материалдық ресурстар, еңбек ресурсы, ақпарат ресурсы. Экономикалық ресурстарға тән ерекше қасиет олардың шектеулілігі. Шексіз ресурс жоқ. Ресурстар шектеулі болғандықтан, адамдардың барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкін емес.

Өндіріс- бұл адамдардың табиғи заттарға әсер ете отырып, материалдық және рухани игіліктерді өндіру процесі.Өндіріс факторларына жатады: еңбек,жер,капитал және іскерлік.

Еңбек- адамдардың материалды және рухани өнімдерді өндіруге жұмсалған саналы қызметі.Қазіргі кезде өндірісте күрделі, мамандарылған еңбек пайдаланылады.

Жер- термині кең мағынада қолданылады. Ол табиғаттың берген барлық пайдалы заттарын қамтиды,яғни жер, су, орман ресурстары және пайдалы қазбалар.Жерді ауылшаруашылық өнімдерін алу үшін , құрылысқа және тағы басқада мақсаттарда пайдаланады.

Капитал-бұл тауарлар мен қызметтер өндіруде қолданылатын адамдардың жасап шығарған өндіріс құрал жабдықтары мен ақша жинақтары.

Іскерлік-бұл ерекше фактор, өндірістің барлық факторларын бір жүйеге біріктіруші.Іскерліктің негізгі ерекшелігі еркін шешім қабылдау және нар тәуекелге бел буу.

Экономикалық жүйелер және оның негізгі типтері.

Экономикалық жүйе ұғымы туралы әртүрлі көзқарастарды кездестіруге болады, соған байланысты әр түрлі оның анықтамалары бар.

1. Экономикалық жүйені шаруашылық механизмдерінің жиынтығы.

2. «Жалпы экономикалық теория» әдебиетінде экономикалық жүйе бұл экономикалық процестер жиынтығы –деген.

3. С.Нарматовтың «Экономикалық теория» кітабында экономикалық жүйе –шаруашылық субъектілерінің қатынастары, оларды реттеп отыратын институттардың байланыстары белгілі бір әлеуметтік-экономикалық түрде реттелген жүйе.

Экономикалық жүйенің қалыптасуы әр түрлі факторларға байланысты:

1.елдегі шаруашылық шешімдерін қабылдау жөніндегі шаралар жүйесі.

2.меншік құрылымы.

3.мақсат қою мен адамдарды еңбекке тарту механизмдері.

Экономикалық жүйелердің қалыптасуы туралы көзқарастар.

1.формациялық

2.өркениетті көзқарас

Қоғамның негізгі мәселелерін шешу тәсілдеріне байланысты экономикалық жүйе төмендегідей болып бөлнеді.

1Дәстүрлі экономика.

2Рыноктың экономика

3Әкімшілдік-әміршілдік экономика

4Аралас экономика

Қоғамдық ғылымның әртүрлі бағыттары экономикалық жүйелерді әртүрлі белгілерімен анықтайды.

Жалпы экономикалық жйелерді cыныпттау барысын да екі классикалық бағыт қалыптасты: формациялық және өркениетті.Формациялық ілімді марксистер дамытты. Қоғамдық –экономикалық формация-дегеніміз өзіне тән өндіріс тәсілімен, одан туындаған әлеуметтік және саяси қатынастармен, құқықтық нормалар мен мекемелермен сипатталатын адамзат қоғамының тарихи дамуының белгілі бір сатысы. Тарихта 5 қоғамдық экономикалық формациялардың өмір сүруін түсіндіреді. Олар: алғашқы қауымдық құрылыс,құл иеленушілік дәуір, феодализм, капитализм, социализм.

Экономикалық жүйелерді сыныптаудың екінші бағыты -өркениеттік (цивилизациялық). Цивилизация ұғымына мынадай түсініктеме берген:цивилизация:-civieis- азаматтың- «азаматтық қоғамның дамуының қол жеткен табысы».Цивилизациялық көзқарастың ерекшелігі, ол экономиялық жүйелер мен адамзат қоғамдарының даму сатыларындағы барлық укладтарға сипаттама береді. Сондықтан оқымыстылар цивилизациялық көзқарасты формациялық көзқарасқа қарағанда жалпы және нақтырақ деп бағалайды.

Мысалы, капиталистік шаруашылық жүйесіне дейінгі цивилизациялар төмендегідей сыныпталған:

- көшпелілер цивилизациясы.

- тау халықтары цивилизациясы.

- өзен-су цивилизациясы.

- антикалық,құл иеленушілердің цивилизациясы.

- Феодалдық жүйе.

- капиталистік жүйе.

3. Тақырып.Меншік қатынасы және кәсіпкерлік.

Меншік экономикалық категория ретінде..Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.

Бірқарағанда меншік адам мен заттың арасындағы қатынас емес, сол заттар туралы адамдардың өзара қатынасы.Сондықтан меншік экономикалық қатынасқа жатады.

Меншік экономикалық категория ретінде адамдардың арасындағы иемдену қатынасын білдіреді.Бірсубьект затты иемденсе, онда басқалары иемдену мүмкіндігінен айырылады.Меншік қатынасы екі немесе оданда көп адамдар өмір сүруінен көруге болады. Меншіктің қатынастары кез -келген қоғамдық қатынастардың орталық буын болып табылады.

Меншіктің түріне қарай экономикалық қатынастарды сипаттауға болады. Меншікке қарай еңбекке белсінділік, жауапкершілік, сырапшылдық сезімдері -өзгеріп отырады.Меншіктің экономикалық жүзеге асыру мәселесі меншік құқықтарымен тығыз байланысты.

Меншіктің экономикалық жағын оның құқықтық жағынан ажырату оңай емес. Меншік құқығы- дегеніміз ол мемелекеттік заңдар мен басқа да нормативтік құжаттарда бекітілген мүліктін қатынастардың құқықтың нормалары.Құқықтық заңдарды меншік обьектілерін иелену,пайдалану және қожалық жасау құқықтары бекітіліп қояды. Меншік құқықтарын мемлекет бекітеді және қадағалайды.

Меншік дұрыс әрекет ету үшін меншік құқықтарының жүйесі болу керек.Оларға 11 меншік құқықтары жатады. Неғұрлым құқық орындалып отырса, соғырлым меншік іске асырылады.Жетілген меншік құқығы айқын меншік обьектілерінің иесін, кімнің пайдалану мүмкін екенін көрсетіп береді.

Меншіктің типтері мен түрлері.Рыноктың экономикадағы меншіктің көптүрлілігі.

Адамзат қоғамының дамуы барысында меншіктің әр түрлі нақты типтерінің түрлері өмір сүрді.Меншіктің типтері бойынша ортақ және жеке меншік.

Формалары бойынша: ортақ меншіктің келесі түрлері ажыратылады: алғашқы қауымдық кооперативтік жалпы халықтық социалистік меншік.

Түрлері бойынша: жеке меншіктің түрлері: құл иеленушілік феодалдық және капиталистік меншік. Рыноктық экономикаға меншіктің көптүрлілігі тән.Неғұрлым меншіктің көп түрлері

болған сайын бәсекелі орта қалыптасады.Меншіктің 2 типі бірдей өмір сүре алмайды.Олардың біреуі болса, екіншісі болмайды.

Рыноктың экономикада меншіктің төмендегідей түрлері болады:

1) мемлекеттік меншік

2) жеке меншік

3) ортақ үлестік меншік.

Меншіктің түрлері: кооперативтік меншік, коллективтік меншік, акционерлік меншік, аралас меншік.

Акционерлік меншікке тоқталайық. Акционерлік қоғам –акция шығару және оларды сату арқылы қалыптасады. Кәсіпорын акцияны қосымша қаржы табу үшін шығарса,оны сатып алушы дивидент табысын табу үшін сатып алады.Осылай халықтың көпшілігін меншікке тартады.

Акционерлік меншіктің ерекшелігі- акциялардың бақылау пакетін сатып алған тұлға сол акционерлік кәсіпорынның иесі болып саналады.Мұндай тұлға жеке адам,бір топ адамдар, мемлекет болуы мүмкін.Акцияның иесі оларды кез-келген уақытта сатуы мүмкін.

Кәсіпкерліктің мәні және негізгі белгілері.

Кәсіпкерлік қызметпен адамдар рыноктың экономика пайда болғаннан бері айналысуда.

Әдебиеттерде кәсіпкерлік ұғымы әр түрлі түсіндіріледді, бірақ барлық авторлар рыноктық экономикада кәсіпкерліктің негізгі роль атқаратынын бір ауыздан мақұлдайды.

XVII ғасырда Р. Контальон кәсіпкерлікке қарпайым анықтама берді. Ол кәсіпкерлік әр түрлі тауарлы рыноктарда сұраным мен ұсынымды сәйкестілікке келтіретін ерекше экономикалық функция деді. «Кәсіпкер»деп ол өндіріс құрал жабдықтарын бір бағамен сатып алып, солардың көмегімен тауар өндіріп, оларды басқа бағамен сатып,табыс тапқысы келетін тұлғаны түсінді.

Франциялық экономист Жан-Батист Сэй кәсіпкерлікті көп функционалды қызмет деп сиипаттама берді.Ол кәсіпкерлік жағдайында кәсіпкеер нар тәуекелге бел буып,өзінің қаражаттарын жұмсап,өндіріспен немесе басқа шаруашылықтың түрімен айналысы пайда табуы ұмтылыс жасайды дейді.

А.Смит кәсіпкерлік қызметті тар мағынада түсіндірді .Ол кәсіпкер «қожайынды», меншік иесін түсінді кәсіпкер белгілі бір мақсатқа жету үшін тәуекелге барып, пайда табу.

Кәсіпкерліктің негізгі белгілері:

1) творчестволық жаңашылдық

2) тынымсыздық пен инициатива

3) тәуекелге бейімділік

4) әрқашан белгісіз жағдайда әрекет етуі

5) үнемі қол жеткен табыстарға қанағат тұтпау

6) биік мақсаттарға ұмтылыс жасау

Кәсіпкерліктің обьектіне белгілі бір түрдегі кукелген шаруашылық қызметін жатқызуға болады.Оларға жатады: өндіріс,сауда, қызмет көрсету, яғни пайда табуға көзделген қызметтің бәрі.Кәсіпкерліктің субьекттеріне жатады: жеке дара кәсіпкер,

арендалық, акционерлік ұжымдар және т.б.

Кәсіпкерліктің дамуы барысында оның белгілі бір түрлерімен ұйымдастыру-құқықтық нысандары өмірге келді.Қазіргі таңда оларды сыныптау үш негіз бойынша жүргізілуде:

1) кәсіпкерліктің ауқымы бойынша

2) кәсіпкерлік қызметтің сипаты бойынша

3) даму дәрежесі бойынша

Ауқымы бойынша кәсіпкерліктің келесі түрлері ажыратылады:

1) жеке дара кәсіпкерлік

2) әр түрлі секіртестіктер түріндегі кәсіпкерлік

3) арендалық немесе ұжымдық кәсіпкерлік

4) мемлекеттік кәсіпкерлік

Кәсіпкерлік қызметті сипаты бойынша түрлерін ажырату:

1) өндірістік

2) коммерциялық

3) сауда, қызмет көрсету

4) қаржылық

5) бронерлік

6) сақтандырушылық

7) венчурлық тәуекел кәсіпкерлік.

Кәсіпкерлік шағын,орта және ірі болып бөлінеді.

4. Тақырып.Рыноктық экономиканың теориялық негіздері.

Қоғамдық шаруашылықтың формалары.Натуралды және тауарлы шаруашылық.

Қоғамның тарихи дамуы барысында қоғамдық өндірістің алғашқы түрі натуралды шаруашылық болды.Натуралды шаруашылық тұсында адамдар өнімді айырбасқа, рынокқа жеткізуге ұмтылмастан , өз қасиеттіліктерін өтеу үшін өндіреді.Натуралды шаруашылық қоғамдық еңбек бөлініс дамымаған алғашқы қауымдық халықтарында болды.Өндіргіш күштер мен ұйымдастыру өте қарапайым дағдымен сипатталады.

Натуралды шаруашылықтың дәстүрлі экономикаға тән. Натуралды шаруашылықтың негізгі белгілері.Өндірістің шектеулілігі, қарапайым құралдарын пайдалануы өндірістің тұйықтығы.Экономикалық байланыстар болмады қазіргі кезде де натуралды шаруашылық экономикасы дамымаған елдерде кездеседі.

Натуралды шаруашылықтың орнын тауарлы шаруашылық басты.Тауарлы деп өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыс рыноктың көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылық аталады.

Тауарлы шаруашылықтың пайда болуына қажетті шарттар: нақты бір өнім шығаруға өндірушілердің мамандануын білдіретін қоғамдық ең бөлінісі.Қоғамдық еңбек бөлінісінің тарихы 3 кезеңнен тұрады:

1)малшаруашылығы егіншіліктен бөлініп шықты

2) қолөнер егіншіліктен бөлініп шықты да, нәтижесінде тауарлы шаруашылық пайда болды

3) сауда өндірістен оқшауланды

Екінші шарты: жеке меншіктен шаруашылықтардың экономикалық оқшаулылығы туындады.Шаруашылық субьектерінің экономикалық оқшаулылығы дегеніміз әркім өзінің қалауы бойынша шешім қабылдайды.Ресурстарды таңдауға еркін шешім қабылдайды.Өндірісті тиімді түрде жүргізеді.

Тауарлы өндірістің негізгі белгілері: шаруашылық жеке меншікке негізделген, олар шешімдерін қабылдайды.Өнім тауар түрінде өндіріледі.

Меншіктік қатынастар мен рынокты қатынастардың даму дәрежесіне байланысты тауарлы өндірістің екі түрі ажыратылады: қарапайым және капиталистік.

Құн теориялары:маркстік және маржиналистік көзқарастар.

Тауардың құнын анықтау мәселесі туралы екі түрлі теориялар қалыптасты: құнның еңбектін теориясы және шекті пайдалылық теориясы.

Құнның еңбектік теориясының негізін қалаған классикалық саяси экономияны қолдаушылар А.Смит,Д.Рикардо болды. Әрі қарай жалғастырған К.Марк еді.Құнның еңбектік теориясын қысқаша былай түсіндіруге болады:

1) әр түрлі тауарлардың ұқсас ортақ ішкі артық мазмұны –құны бар.Айырбас құны дегеніміз тауардың құнының сыртқы көрініс формасы.

2) құн дегеніміз тауар өндірушілердің еңбек шығындарының жиынтығы.

3) тауарды өндіретін, оның құнын қалыптастыратын еңбектің әркелкілігі. Еңбек сапасы,күрделілігі жағынан әр түрлі болады.

Құн заңы- тауарлы өндірістің негізгі заңы. Құн заңы бойынша тауарлардың рыноктың құны қоғамдық қажетті жұмыс уақыты арқылы анықталады.

Құн заңы тауарлы өндірісте келесі қызметтерді атқарады:

1) Еңбек өнімділігінің өсуін және өндірістік шығындарды азайтуды ынталандырады.Егерде тауардың бағасы рыноктық бағадан жоғары болса, онда тауар өндірушінің тауарын ешкім сатып алмайды. Тауар өндіруші тауарының бағасын төмендетуге мәжбүр болады.

Өндіруші тауарын төмен бағамен сататын болса, өндіруші шығындарын өтей алмауы мүмкін тауар өндіруші шығындарды төмендетудің жолдарын қарастырады.

2) құн заңы тауар өндірушілерді жіктейді.Шаруашылықтар рыноктық құн арқылы өте жақсы, орташа және нашар деп ажыратылады.

3) құн заңы экономикалық пропорцияларды және ресурстардың миграциясын өздігінен реттеп отырады. Өндірушілер өз капиталдарын неғұрлым пайда көп түсетін салаларға салуға тырысады. Қайсы саланың кәсіпорындары дамыса, сол салаға ресурстар көптеп қажет болады. Бағалардың ауытқулары негізінде ресурстар стихиялы үлестіріліп, экономикада белгілі бір пропорциялар орнап отырады.Мұндай пропорциялар тұрақты болмайды, үнемі өзгеріп отырады.

XIX ғасырдың 2-жартысында құн мәселесін қарастыру барысында экономикалық теорияның жаңа бағыты-шеккі пайдалылық теориясы (маржинализм) өмірге келді. Шеккі пайдалылық теориясын алғаш ашқандарға Австрия экономистері жатады. Оның негізін қалаушылар К.Менгер,Ф.Визер,Е.Бем Баверк , Л.Қалырас. Әрі қарай бұл теория дамытқан экономистер А.Маршал, В.Парето, Д.Пигу, П.Самуэльсон болды.

1) .Шеккі пайдалылық теориясының өкілдері тауардың құнын оның пайдалылығымен байланыстырды. Австриялық мектеп өкілдері құнды пайдалылықтан шығару керек екенін ұсынды. Аса қажетті затты, ол өте жоғары бағалайды. Ал керісінше пайдалылығы төмен тауарды, төмен бағалайды, оны ешкім алмайды. А.Смит неге өте қажетті тауарлардың бағасы арзан онша керек емес пайдасы жоқ тауарларды жоғары бағамен сатады деген сұрақ қойып сұрағына жауап бере алмай құнның еңбектік теориясын ашты.

2). Пайдалы игіліктер 2-ге ажыратылады:

а) Саны шексіздер (ауа,су,орман және т.б.).Адамдар ондай заттарды өздеріне құнды есептемейді, себебі олар көп.

б) Сирек кездесетін және саны қажеттіліктерді қанағаттандыруға жеткіліксіз игіліктер. Осы заттардың құндылығы жоғары деп есептейді.Әр уақытта шектеулі игіліктер әрқашан құнды болады.

3). Қажеттіліктерді қанағаттандыру барысында игіліктердің пайдалылығы барған сайын кеми береді. Осылай түсіндіре отырып шеккі пайдалылық теориясын жақтаушылар пайдалылықтардың кему заңын ашты.

Шеккі пайдалылық теориясының кемшіліктеріне қарамастан, бұл ілім экономикалық процесстерді зерттеуде қолданылып тұрады.

Рыноктың мәні мен қызметтері.

Ақшалы-тауарлы қатынастардың өмірге келуі және дамуы барысында «рынок» қалыптасып дамыды.Рынок туралы ұғым ылғи өзгеріп отырды.Ғылыми –экономикалық әдебиеттерде рынок ұғымы туралы әртүрлі көзқарастар бар.

Рынокты кең және тар мағынада қарастырады. Алғашқы ақшалы-тауарлы қатынастары қалыптасу кезінде рынок базар, сауда орны, рынок алаңы деп түсіндірілді.Қазіргі кезде батыс экономистері рынокты сатушылар мен сатыпалушылар кездесетін орын деп түсіндіреді.Қазіргі кезде рынокты тек айырбас қатынастарымен байланыстыру- қателік.Қазіргі кезде рынок экономиканың өмірімен іс әрекетін ұйымдастырудың ерекше түріне айналды.Сондықтан қазіргі жүйе «рыноктық экономика» деп аталады.

Рыноктың атқаратын қызметтері:

1) рынок өндірушілермен тұтынушыларды өзара байланыстырады.

2) рынок өндірістің ұдайы жүргізілуін қамтамасыз етеді.

3) ынталандыру

4) ақпараттың қызметі

5) шаруашылық өмірді демократияландыру.

Тарихи даму барысында рыноктың әртүрлі типтері қалыптасты: оларға жатады:

1) жабайы рынок

2) классикалық (еркін) рынок

3) реттелмелі рынок

4) бурмаланған социалистік рынок.

Рыноктың түрлері :

1) Ұлттық тиесілілігіне және территориялық, географиялық орналасуына байланысты.

2) Айналыс сферасындағы тауарлардың қозғалыс сатылары бойынша (бөлшек, көтерме.)

3) даму дәрежесі бойынша: дамыған, дамымаған

4) сатылатын өнімдердің функционалды қасиеті бойынша:

а) тауарлар және қызметтер көрсету, рынокты.

б) өндіріс факторлар рыногы, тұтынушылар рыногы.

Өндіріс факторлар рыногы:

а) өндіріс құрал жабдықтар рыногы,

б) жұмыс күші рыногы,

в) ақпарат

д) менеджерлер рыногы,

г) инвестициялар рыногы.

Тұтынушылар рыногы: азық-түлік рыногы , коммуналды қызмет көрсету рыногы, білім , ден-саулық сақтау тұрғын үй рыногтарын қамтиды.

5) Өнімнің сипаты бойынша :

ққұнды қағаздар рыногы ақша, технология, жұмыс күші , лицензиялар және т.б. рыноктар.

Рыноктың құрылымы мен инфрақұрылымы.

Рыноктың белгілі бір құрылымы бар. Рыноктың құрылымы –бұл рыноктың жекелеген элементтерінің ішкі құрылысы.Рыноктың құрылымы әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі. Олардың маңыздылары мыналар:

1) Экономикалық белгіленуі бойынша тауар мен қызмет рыногы, өндіріс құралдары,еңбек, инвестиция, бағалы қағаздар, қаржы рыноктары болып бөлінеді.

2) Географиялық орны бойынша: жергілікті, ұлттық, аймақтық және әлемдік ретінде бөлінеді.

3) Бәсекені шектеу дәрежесі бойынша: монополиялық, олигополиялық ,еркін, аралас деп аталады.

4)Салалар бойынша автомобиль, астық және т.б. болып бөлінді.

5) Сату сипаттамасы бойынша: бөлшек және көтерме деп қарастырады.

Қазіргі кездегі рынок дамыған инфрақұрылымсыз,яғни қосалқы көмекші салалармен ұйымдарсыз мүмкін емес.Экономикалық теория өкілдері қазіргі таңда инфрақұрылымның үш түрін ажыратады: әлеуметтік, өндірістік және рыноктық.

Әлеуметтік инфрақұрылымға :ден-саулық сақтау, білім беру, әскери қорғаныс, тәртіп сақтау, өрттен сақтау және т.б.жатады.

Өндірістік инфрақұрылым өндірістің тоқтаусыз дамуына жағдай жасайтын буындар. Оларға жатады: сауда, көлік,байланыс, ирригациялық құрылыстар, қамбалар , және т.б.

Рыноктық инфрақұрылым дегеніміз рынокқа қызмет атқаратын, оның ырғақты жұмыс істеуіне жағдай жасайтын институттар жиынтығы. Рыноктық инфрақұрылымға жатады: биржалар, банктер, бронерлік кеңселер,аукциондар, салық жүйесі, маркетингті зерттеу орталық және т.б.

Қазіргі кезде Қазақстанда рыноктық инфрақұрылымның элементтері түгелдей орнатылды, олар рынокқа қызмет атқарып жатыр. Әрине, кейбір салаларда әліде кемшіліктер бар. Мысалы, қор биржалары жөнді қалыптаспаған.

Рыноктық артықшылықтары болып:

-өзгеретін жағдайларға тез бейімделу және икемділік,

-шығындарды азайту және пайданы көбейту мақсатымен жаңа технологияларды оперативті қолдану,

-шешім қабылдауда, келісім жасауда өндірушілер мен тұтынушылардың тәуелсіздігі,

-әр түрлі қажеттіліктерді керекті мөлшерде және жоғары сапамен қанағаттандыру қабілеті,

Рыноктың кемшіліктері әлеуметтік сфераларға қатысты:

-рынок еңбек пен табысқа құқықтық кепіл бермейді, сонымен қатар, рыноктық жүйе теңсіздікті туғызады,

-рынок тауарлар мен қызметтерді ұжымдасқан түрде өндіруге ынта тудырмайды,

-рынок әлеуметтік қажетті тауарларды өндіруге емес, ол ақшасы бар елдердіңсұранысын қанағаттандыруға бейімделген .

5. Тақырып. Сұраным және ұсыным теорияларының негіздері.

Сұраным және ұсыным:мәні,заңы,факторлары.

Сұраныс төлем қабілеті бар қажеттілікті көрсетеді. Сұраныс-бұл рыноктық баға құрылу процесіне әсер ететін жақтарының бірі.

Сұраныс деп белгілі бір уақыт аралығында тиімді бағаға сатылып алынуы тиіс тауарлардың мөлшері. Сұранысқа әр түрлі факторлар әсер етеді, солардың негізгісі баға болады. Баға мен сұраныс шамасының арасында кері қатынас болады, бағаның артуы сұранысты төмендетеді және керісінше.

Баға мен сұраныс шамасының арасындағы кері қатынасы сұраныс заңы деп аталады.Бұл тәуелділікті графикте көрсетуге болады.

P- тауардың бағасы.

Q- тауардың көлемі.

D1-сұраныс.

D2 және D3- сұраныстары факторлардын әсер етуі нәтижесінде өзгерген сұранысқа әсер ететін бағалық емес факторлар:- тұтынушылар таудауы;

- сатып алушылар табысы

- сатып алушылар саны

- б

-

-

- алама тауарлардың бағасы.

P Q

Ұсыныс- бұл тауар өндірушілердің рынокқа тауарларын шығаруы .

Ұсыныс алдымен баға әсер етеді. Тауардың бағасы артса ұсыныс көбейеді және керісінше сонымен баға мен ұсыныс шамасының арасындағы тура қатынас ұсыныс заңы деп аталады.

Бұл тәуелділікті графикте көрсетуге болады.

P-тауардың бағасы.

Q- тауардың мөлшері.

S- ұсыныс қисығы.

S2 және S3- факторлардың әсер етуі нәтижесінде қисықтардың оңға ж/е солға жылжуын көрсетеді.

Бағалық емес факторларға жатады:

1 ресустар бағасы.

2 технология

3 салықтар және дотациялар

4 басқа тауарлардың бағасы.

Q

Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттесуі. Рыноктың тепе- теңдігі.

Сұраныс пен ұсыныс бір-бірімен өзара әрекеттеседі. Олардың қосылуын график арқылы көруге болады. Сұраныс пен ұсыныс қисықтары М нүктесінде тепе-теңдік нүкте, немесе ол тепе-теңдік баға деп аталады.

Тепе-теңдік баға-бұл баға мен тауар мөлшерінің өзгерістері теңелген жағдайдағы сатып алу мөлшері мен сату мөлшері үйлесетін баға.Егер баға тепе-теңдік бағасынан асып кетсе, онда ұсыныс сұраныстан көбейеді, ол кезде тауарлардың молшылығы болады, немесе керісінше тапшылық болады. Бірақ жоғарыдағыдай жағдай ұзақ болуы мүмкін емес. Еркін баға жағдайында бәсекенің әсерінен ол тепе-теңдік дәрежеде белгіленеді.

Теңестірілген бағаны анықтау.

Графикадан биік баға, мысалы, 1 бушель 4 доллар болғанда, ұсынымның артықшылығы (АВ кескіні) орнайтыны көрініп тұр. Мұндай жағдайда сатушылар арасындағы бәсеке бағаның төмендеуіне себебін тигізеді. Бірақ баға шексіз және 0-ге дейін құламайды. Оның себебі, мысалы, баға 2 долларға жетсе, онда сұранымның ұсынымнан асып түсуіне байланысты тапшылық орнайды. Ол тапшылық (CF көлемі бағаны жоғары қарай тартады, өйткені тұтынушылар арасында бәсеке оған себебін тигізеді.

Демек рынокты сұраным мен ұсыным тарапынан 2 қарама-қарсы күш өзара әрекетке түсіп (суретте стрелка арқылы бағыттары көрсетілген), ақыр соңында Е нүктесінде сұраным мен ұсынымды теңдестіретін 1 бушель З долларлық баға орнайды. Теңдестіру Е нүктесі екі жақты да қанағаттандыратын бағаны көрсетеді. Сатып алушылар бушельді 3 доллармен 12 млн. бушель бидай сатып алуға қарсы емес, ал сатушылар 12 млн бушель бидайды 1 бушелі 3 доллармен сатуға дайын. Сонымен, QE - 12 млн бушельге тең бидайдың теңдестірілген санының көлемін білдіреді. Екі қисық Е нұктесінде қалыптасады да сұраным мен ұсыным теңдестірілген күйге түседі. Осындай жағдайда рынок балансталған болып есептеледі. 3 долларлық баға теңдесудің бағасына айналады.

Теңдесудің бағасы- ол сұраным мен ұсыным теңдестірілген күйге түсетін баға. Qd=Qs=Qe егер Р=Ре болған кезде. Теңдестірілген баға үнемі ұсынымға теңесетін нүктеде, яғни олардың қиылысатын нүктеде болады.

Сұраныс пен ұсыныс икемділігі және түрлері.

Әр түрлі факторлардың әсері нәтижесінде сұраныс сезімталдығын анықтау үшін икемділік деген түсінік пайданылады.

Егерде сұраныстың баға бойынша икемділігі баға 1% өзгергендегі сұраныстың қанша процентке өзгергенін көрсетеді.

Икемділіктің өлшем бірлігі болып икемділік коэффициенті табылады. Сұраныстың баға бойынша икемділік коэффициенті былай анықталады: К (и.б.)=Q өсуінің проценті / Р өсуінің проценті.

Тауардың бағасының өзгерісіне тұтынушылар реакция күшті, әлсіз және нейтралды болуы мүмкін. Олардың әрқайсысына сай сұраныстар бар: икемді, икемсіз, бірлік икемді.

Икемді сұраныс: егер бағаның азғана түсуі кезінде сату көлемінің елеулі өсуі. Икемді сұраныс кезінде, бағаның 1% -тен көп мөлшерге көбейтсе, икемділік коэффициенті 1-ден көп.

Икемсіз сұраныс: егер баға азғана өскенде сату көлемі азғана өзгерісе сұраныстың икемсіздік коэф-ті 1-ден кіші болады.

Ұсыныс көлемінің бағаның өсуіне байланысты өзгеруінің дәрежесі ұсыныстың икемділігімен сипатталады. Ол ұсыныстың икемділік коэффициенті көмегімен (Ке) өлшенеді. Ке=Q салыстырмалы өзгерісі (%)/ Р салыстырмалы өзгерісі (%)

Егер бағаның өзгерісі ұсынысты өзгертпесе, ұсыныс икемсіз.Ұсыныс абсолюті икемді, егер тауардың бағасының (Р) азғана төмендеуі ұсынысты (Q) нольге дейін қысқартады және керісінше баға өсуі ұсынысты арттырады.

6.Тақырып.Кәсіпорын экономикасы. Капиталдың ауыспалы айналымы

Капиталдың ауыспалы айналымы, оның сатылары мен функционалды формалары.

Ұдайы өндіріс капиталдың ауыспалы айналымынан басталады.Капиталдың ауыспалы айналымы-өндіріс факторлары құнның нәтижесінде оның үш сатыдан өтетін және өндірістік, ақшалай және тауар формаларын қабылдайтын өндірістік және айналым сфералары арқылы қозғалысы.Капиталдың ауыспалы айналымының 3 сатылары.

А---Т --Ө---Т----А

Мұндағы : А- алғашқы ақша капиталы

Т- тауар,сатып алынған жұмыс күші мен өндіріс құрал жабдықтар

Ө- тауар және қызмет өндіру процесі

Т- өндірілген өнім

А- алғашқы авансыланған капиталдың өскен сомасы.

Үш сатының әрқайсысы белгілі функцияны атқарады:

- біріншісінде өндіріс жағдайлары қалыптасады.

- екіншісінде , тауар және қызмет өндірісі жүзеге асады.

- үшіншісінде, тауар және қызметтер сатылады және пайда алынады.

Үздіксіз жаңарып отыратын процесс болып қарастырылатын ауыспалы айналым, айналым деп аталады.

Негізгі және айнымалы капитал.Негізгі капиталдың тозу түрлері.Амортизация.

Негізгі капитал өндіріс процесінде ұзақ уақыт қызмет ететін, өзінің құнын жазу дәрежесіне сәйкес өндірілген өнімге біртіндеп ауыстыратын өндіріс құрал жабдықтары.

Айналмалы капитал өндіріс процесінде өзінің натуралдық формасын және құнын өндірілген өнімге толығымен сіңіріп, бір ауыспалы айналымнан кейін ақшалаай түрде қайтып оралатын капиталдың бөлігі.Негізгі капитал табиғи және моральді тозуға ұшырайды.

Негізгі капиталдың табиғи тозуында,оның тұтыну құны бірітіндеп жойыла бастайды. Моральді тозу кезінде негізгі капитал ҒТР –ның әсері нәтижесінде құнсыздалады. Негізгі капитал жаңа жетілдірілген техникамен ауыстырлады.

Амортизация- негізгі капиталдың табиғи және моральдық тозуын амортизациялық төлемдермен ақшалай түрде орнына қайтару.Негізгі капиталды амортизациялық қор қаржысының есебінен жөндейді, немесе оны толығымен жаңа құрал жабдықтар сатып алады.

Өндіріс шығындары:мәні және түрлері.

Рыноктың экономикада фирманың пайдасы, аз өндіріс шығынын жұмсағанда көбейеді. Фирманың мақсаты өндіріс шығындарының азаюуын пайданың артуына сәйкестендіру.Бухгалтерлік айқын шығындар –фирманың өндіріске қажетті ресурстарды сатып алуға жұмсаған ақшалай шығындары.

Экономикалық шығындарға бухгалтерлік шығындардан басқа айқын емес, альтернативті шығындар жатады.Фирманың жалпы шығындары (ТС) тұрақты (ҒС) және ауыспалы (VС) шығындардан тұрады.Тұрақты шығындар өндірістің көлеміне тәуелді емес, ауыспалы шығындар өндірілетін өнімнің көлеміне байланысты. Тұрақты шығындарға аренда ақысы, салық, несие пайыздары жатады.

Ауыспалы шығындарға шикізатқа жұмсалған шығындар , жалақы кіреді.Орташа шығындар (АС) дегеніміз өндірілген тауардың бір данасына шаққандағы шығындар. Орташа шығындардың деңгейі (АС = ТС/Q ) тең болады.Егерде фирманың өнімді сатып өткізетін бағасы АС дан жоғары болса, онда фирма таза пайда табады, алАС өнімнің бағасынан жоғары болса, онда фирма шығындарын өтей алмай, өндірісін тоқтатады. Фирма орташа шығындардың қалыптасқанына мүдделі.Қосымша өнім өндіргенде фирма шекті шығын (МС) жұмсайды.МС =ТС/Q өнімді өткізгенде фирма шекті шығын (МR) табады, бұл жерде МR=P.

Фирманың экономикалық тепе-теңдігі.

Фирма өзінің іс-әрекетін үнемі өзгермелі экономикалық жағдайда жүргізеді. Фирма өндірістің көлемі шекті шығындардың шекті табыстардан төмен болғанынша көбейте береді.Фирманың тепе-теңдік жағдайы қалыптасады МС=MR=P.Бұл кезде шекті шығын мен шекті табыс сәйкестендіріледі.Кәсіпкер шекті шығындардың көлемін алдына ала біліп алады, ол шығындардың қандай өсім мен байланысты екенін анықтайды.Жетілген бәсеке жағдайында фирма жалпы шығындарын қайтарып, қалыпты пайда табады.Жетілген бәсеке кезінде өнімнің бағасын рынок анықтайды. Тауардың бағасы бір өнімге жұмсалған орташа шығынға тең болады. Ұзақ мерзімдегі фирманың тепе-теңдігі:

MC=MR=P=AC ға тең.

Монополиялық рынокта фирма өз тауарының бағасына әсер ете алады. Монополиялық рынокта сату көлемінің көбеюі бағаны төмендетеді, олай болса қосымша , яғни шекті шығын да өнім көлемін төмендетеді. Жетілмеген бәсеке жағдайында максималды пайда табу үшін өндіріс сату көлемдерін, өнімнің әрбір қосымша бірлігін өндірумен байланысты шекті шығындар осы өнім бірлігін сатудан алған шекті табыстан кем болып отыратындай жағдайға дейін арттыру керек: Егер MR>MC,өндірісті ұлғайту керек, егер МR<MC өндірісті қысқарту керек, егер MR=MCболса, фирма максималды пайда табады.

Фирма максимум пайда табу үшін 2жағдайды қарастырады.

1.уақыт факторымен (қысқа және ұзақ мерзімді).

2.бәсеке түрімен (жетілген және жетілмеген.).

Қысқа мерзімде, егер өндіріс көлемін ұлғайту керек болса, фирма оған айнымалы факторларды өзгерту арқылы ғана жетеді.(еңбек, материалдар, шикізат) тұрақты шығындарды өзгертіп үлгіре алмайды. Ұзақ мерзімде фирма барлық факторларды өзгертеді.Жұмыс күшінің орнына техника пайдаланып минимум шығын жұмсауға ұмтылады. Бәсекенің түрлерінде фирманың мінез құлқына әсер ете алмайды. Фирма максимум пайда табу үшін өнімнің санын көбейтіп отырады.

Жалпы пайданың максимумына баға мен шекті шығындар тең болған фирма жетеді:

7.Тақырып.Рыноктық экономикадағы табыстар.

Табыстардың қалыптасуының рыноктық механизмі.

Пайда – кәсіпкерлік қызметке тиесілі сыйақы. Процент – қарыз капиталын пайдаланған үшін төлем. Рента – кәсіпкерлік әрекетсіз, белгілі бір мүліктен тұрақты алынатын табыс.

Табыстардың түрлері: еңбекпен табылған табыс (жалақы,кәсіпкерлік іс-әрекет),еңбексіз табылған табыс (рента,дивидент,пайыз және т.б.),заңсыз табыстар (көлеңкелі экономикадағы табыстар,сауда марканы жалған пайдалану,рэкет,наркобизнес,ұрлық және т.б.)

Капиталдың түрлері

КАПИТАЛ – кез келген табыс әкелетін құндылық.

Адам капиталы:

Тұлғаның үйрену немесе оқу арқылы игерген интелектуал дық және кәсіби қабілеттіліктері.

Құнды қағаздар:

акциялар, облигациялар т.б.


Жалақы еңбектің бағасы ретінде.

Еңбекақының мәні туралы негізгі екі концепция қалыптасқан классикалық мектеп өкілдері (А.Смит,Д.Рикардо, К.Маркс) еңбекақыны тауардың құны –жұмысшы күші ретінде анықтайды. Жұмысшы күшінің құнын жұмысшылардың және олардың жанұяларының өмір сүруі және өмірлік игіліктерінің құнымен анықтайды. Еңбек сатылмайды, себебі өндіріске дейін ол болмайды, ал өндіріс процесінде жұмыс беруші өзінің сатып алған тауарының тұтыну құнын пайдаланады. Жұмысшы еңбек процесінде өзінің жұмыс күшінің құнына қарағанда көп құн өндіреді. Ал артығы жұмыс берушіге қосымша құл ретінде қалады.

Қазіргі неоклассикалық теория өкілдері еңбекақыны еңбектің бағасы ретінде қарайды.Атап айтқанда еңбекақы бұл- еңбек факторына байланысты алатын табыс.

Еңбекақы уақытқа немесе өндірілген өнімнің көлеміне байланысты берілуі мүмкін. Сонымен қатар номиналды және нақты еңбекақы болады. Номиналды еңбекақы дегеніміз- жұмысшыға белгілі бір еңбек бірлігіне берілетін ақша көлемі.

Нақты жалақы дегеніміз- алынған ақша сомасына алуға болатын өмірлік игіліктер массасы .

Еңбек рыногында еңбекақының жалпы деңгейі қалыптасады. Бірақ көбінесе кейбір жағдайларда еңбекақы көлемі еңбектің сапасы мен жағдайына байланысты дифференциацияланады. Еңбектің сапасына жұмысшының квалификациясы мен кәсіби деңгейін жатқызуға болады. Еңбектің жағдайына еңбек операцияларының ауырлығын, зияндығын, күрделілігін жатқызуға болады.

Пайда мен пайыз факторлық табыстар ретінде.

Пайда кәсіпкердің ерекше факторлық сыйақысы болып табылады. Пайда жалпы өнім құны мен өндіріс шығындарының айырмасына тең.

Фирманың толық шығындары мыналардан тұрады:

1) Өндіріске қажетті ресурстарды сатып алуға кететін бухалтерлік шығындар;

2) Өндірісті ұйымдастыратын кәсіпкердің жалақасы ж/е іске жұмсалған капитал процентті болып табылатын ішкі шығындар;

Ішкі шығындар фирманың нормаланған пайда көлеміне тең.

Егер де түскен түсім толық шығындардан жоғары болса, онда экономикалық пайданы аламыз. Экономикалық пайда кәсіпкердің тәуекелге баруы, оның іскерлік қабілетіне, жаңа идеяларының болуына байланысты болады.

Капитал иесі өзінің табысын процент формасында алады. Капитал деп отырғанымыз ақша сомасындағы инвитициялық ресурстар .Капиталға сұраныс субьектілері болып кәсіпкерлер табылады, ал оларды үй шаруашылықтары ұсынады. Капитал иелері табыс табады.Процент ставкасы дегеніміз табыс сомасының қарыз капиталының сомасына қатынасы жіәне 100% -ке көбейткенге

тең. Капитал қорығында капиталға сұраныс мөлшері процент ставкасына кері тәуелділікте болады, ал капиталға ұсыныс –тура тәуелділікте болады.Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі жағдайында процент ставкасы капиталдық тепе-теңдік бағасы ретінде болады. Процентті не үшін төлейді? Мұнда уақыт факторы қазіргі игіліктерді келешек игіліктерден жоғары бағалайды.Инвестициялық шешімдерді қабылдауда процент ставкасының ролі зор. Егер де күтілетін пайда нормасы процент ставкасынан жоғары болса, онда –инвестициялық жобалардың тиімділігін негіздеудің тағы бір түрі-процент ставкасын есепке алатын дисконттау процедурасы. Инвестицияланатын ақша сомасын банкке салып, проценттер де алуға болады.

Дисконттау төмендегі формула бойынша жүзеге асады:

Vt

Vp= (1+r)2 , мұндағы

Vp-келешек ақша сомасының бүгінгі құны;

Vt- қазіргі ақша сомасының келешек құны;

t-жолдар саны;

r- ондық бөліктегі процент ставкасы

Процент ставкасы 2-ге бөлінеді: номиналды және нақты. Номиналды ставка- бұл инфиляция темпін (өсімін) есептелмегендегі қазіргі ставка. Нақты ставка- бұл номиналды ставкадан күтінетін инфляция темпін (өсімін) алғанға тең.

Жер рентасы және оның түрлері.

Рента дегеніміз- бос жатқан жерді пайдаланғаны үшн жер иесіне төленетін төлемақы.

Арендатор, кез келген кәсіпкер ретінде белгілі бір пайда табуы керек. Жер иесіне төленетін диференциялық ректа түрінде төленетін артық табыс қайдан келеді.Бұл сұраққа жауап беру үшін ауыл шаруашылығының негізгі ерекшеліктерінен қарастыруымыз керек:

1) Жер еркін ұдайы өндіруге келмейтін табиғи фактор, оның сонын арттыруға болмайды.

2) Өңдеуге келетін жер көлемі шктеулі ж/е оларды құнарлығына байланыстыбөледі.Сондықтан да сапалы угаскелердің арендаторлары олардың артықшылықтарынан монопонды түрде пайдаланады. Бұл жағдайда бәсеке олардың ұсынысың икемсіздігінен болмайды.

3) Ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасы құнарлығы нашар учаскілердегі шығындардың көлемімен анықталады. Себебі фермерлер мұндай жерлерден табыс табу керек, әйтпесе олар шаруашылықты жүргізбейді. Мұндай жағдайда жақсы ж/е орташа жер учаскілерін жалға

алушылардың өнімге кеткен шығындары төмен болады ( бидай), ал өнімді нашар учаскелердің бағасымен бірдей сатады. Нарықтық баға мен жеке шығындардың арасындағы айырма олардың диференцалдық жоғарғы табысын құрайды ж/е оны олар жер иесіне жерді жалға алғаны үшін төлейді.

Диференцалдық рента жердің орналасуына да байланысты төленеді. Рынокқа, су көздеріне, жол торабына алыс орналасқан жерлер үшін бағалар нақты пайданың түсу деңгейіне байланысты болады. Ал рынокқа жақын орналасқан жерлердің иелері дифференцалды жоғарғы табыс табады.

Жердің бағасы дегеніміз- жер рентасының көлемінің процент өлшеміне қатынасы, проценттік есебімен.

Жер рентгенінің көлемі

Жердің бағасы = х 100 %

Процент өлшемі

8.Тақырып.Ұлттық экономика деңгейіндегі ұдайы өндіріс.

Ж.І.Ө. және оны есептеу әдісі.

Жалпы ұлттық өнім (Ж.Ұ.Ө.) дегеніміз- бір жыл ішінде өндірілген барлық материалдық игіліктер мен қызметтердің құны (ЖҰӨ=ЖІӨ)

Оны үш түрлі жолмен есептеуге болады:

1)қосымша құн сомасы ретінде,

2) шығындылар арқылы,

3) табыс бойынша

1) ЖІӨ көлеміне дайын өнімдік дайындау барысындағы әр кезеңдегі қосымша құн көлемі кіруі керек. Қосымша құн фирма өнімнің норық құнынан шикізат пен материалдарың құнын алғанға тең.

2-3) Бұл екі әдіс бір-бірімен байланысты, себебі жылдың өнімді сатып алуға жұмсалатын бір субъектілердің шығындары екінші субъект-сатушылардың табыстарын құрайды.

Шығын бойынша жіө мынаған тең: халықтың тұтынушығындарына; жалпы инфес-

тцияларға; тауарлар мен қызметтердің мемлекеттік тапсырыстарына; таза экспортқа.

Табыс бойынша жіө мыналардан тұрады; амортизациядан; бизнеске салынатын жанама салықтар; еңбекақы; пайыз; рента; пайда. Шығындар мен табыстар бір-біріне тең болу керек.

Егер де ЖІӨ көлемінен амортизацияны алатын (шегеретін) болсақ онда таза ұлттық өнім (ТҰӨ) көрсеткішін аламыз. Бұл өндірістік өнімнің нақты көрсеткіші, ал амортизация тұтыныларын негізгі капиталдық қалпына келтіруі.Ұлттық табыс (ұт) таза ұлттық өнімнен бизнеске салынатын жанама салықтарды алғанға тең. Дәстүрлі тәсіл бойынша, ұлттық табысты жиынтық қоғамдық өнімнің бір бөлігі ретінде өндіріс процесінде тұтынылған материалдық ресурстарды қайтаруды иегеру арқылы анықтаймыз.Ұт=ЖҚӨ- МШ

Еңбекшілердің еңбекақысы үшін төленетін жеке табыс (жт) мөлшері былай анықталады: ұлттық табыстан әлеуметтік салықтар, корпорацияның пайдасы үшін салық пен корпорациялық бөлінбеген пайдасын шегеріп, оған тронсферттік төлемдеруі (зейнетақы, мемлекеттік көмектер) қосқанға тең. Жиынтық қоғамдық өнімнің құн формуласы:

W=C+V+m, мұндағы

W- жиынтық қоғамдық өнім;

C-өндіріс құрал жабдығы өнді-гі тұтынылған құн;

V-қажетті өнім;

m- қосымша өнім;

Ж.І.Ө.- халықтың ақуаттылығының өсуі көзі, бірақ бұл көрсеткіш нақты емес. Себебі кейбір көрсеткіштер құн формасында көрінбейді және кейбір материалдық игіліктер мен қызметтер нақты статистикаға енбейді.

1) Экономикадағы прогресс тауарлар мен қызмаеттердің сапасын арттыруда, еңбекшілердің бос уақыттары кобеюде, мұның өзі елдің жағдайын,тұрмысын жақсартуда , бірақ құн формасында көрінбейді.

2) Кейбір игіліктер үй шаруашылығында тұтынылады және өндіріледі.Кейбір азаматтар жұмыс уақытынан тыс қосымша табыстар табады.

3) Көлеңкелі экономикада орасан көп ақшалар айналымда жүреді және олар Ж.І.Ө. көрсеткішіне енбейді(каркобизнес, мафия және т.б.) Бұл жағдайларда Ж.І.Ө. көрсеткіші халықтың нақты ақуаттылығын төмендетеді.

4) Экономиканың қарқынды өсуі қоршаған ортаға да өзінің зиянды әсерін тигізеді.Мұның өзі адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізеді және осы зардаптарды жою үшін қосымша күрделі қаржыны керек етеді.

Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның үлгілері.

Макроэкономика дегеніміз қоғам масштабындағы күрделі проблемаларды шешуге бағытталған экономикалық бір бөлігі. Макроэкономика эко-қ теориялық ең маңызды бөлігі болып табылады. Макроэкономиканың принциптері мемлекеттік эконо-қ саясатының қалыптасуының теориялық негізгі болып табылады. Осыдан макроэконом-қ мақсаттар мен факторларды анықтаудың қажеттігі туындайды. Макроэконом-қ мақсаттар:

1) тұрақты эконом-қ өсу,

2) халықты толық жұмыс бастылықпен қамтамасыз ету,

3)тұрақты баға деңгейі,

4) сыртқы сауда балансы,

5) ұлттық валютаның тұрақты курсы факторлары,

6) – табиғи ресурстардың саны мен сапасы,

- еңбек ресурстарының саны мен сапасы,

- технологиялық прогресі,

- рсурстарды тиімді (рационалдар) бөлу,

- өндірісті басқаруды жетілдіру,

- негізгі капиталдық көлемі.

Экономикалық теорияның зерттеу әдісінің ең негізгісі болып тепе-теңдік талдау әдісі табылады. Мұнда сөз жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс арасында болып отыр.

Макро тұрақтылықтың екі моделі бар: классикалық және кейнсианстық.

Классикалық моделдің өкілдерінің пікірінше барлық қоғам тек өндірушілерден тұрады.Сөйтіп өзі өндірмеген басқа тауарларды сатып алу үшін, өзінің тауарын сатады.Демек, табыс шығынға тең. Сондықтан сұраным мөлшері ылғи ұсынымға тең.

Кейнстік модель табыс қозғалысының басқаша құрылымын қарастырады: «табыстар –сұраным», бірақ «табыстар-жинақтау» емес. Дж Кейнстің пікірінше XXғ. 30 жылдары нарық механизмі өзінің икемділігін жоғалтты оның себебі: нарықтағы монополияның болуы. Тауарлар нарығында монополистер бағаға үстемдік жүргізеді, депрессия кезеңінде бағаларды түсіндірмейді, керісінше өндіріс көлемін қысқартады.Кәсіподақ комитеттері еңбек рыногында еңбекақыны көтеруді талап етеді. Дж Кейнстің ойынша мемлекеттің экономикаға араласуы міндетті.Дж Кейнс мынаны көрсетті: тепе-теңдік жағдайына жету инфляция, жұмыссыздықпен және өндірістің төмендеуімен сайма-сай келеді.

Теорияда нақты және идеалды макроэкономикалық тепе-теңдіктер болады. Экономикалық өсудің идеалды моделі мынаны ескереді барлық жинақтау инвестицияға айналады. Яғни бұл

модель сыртқы фактор-ң әсерінен жетілген бәсеке талабындағы теориялық өзгерістер. Нақты модель жетілмеген бәсеке деңгейіндегі теориялық өзгерістер.

Экономикалық өсу, оның мәні мен факторлары.

Экономикалық өсу –бұл өндіріс факторлары мен нәтижелерін сандық және сапалық жетілдіру.Оның өсуі абсолютті және салыстырмалы түрде есептелінеді. Абсолюттік өсу Ж.І.Ө -ң нақты көлемінің өсуі негізінде есептелінеді. Салыстырмалы өсу Ж.І.Ө -ң процентік өсуін сипаттайды. Өндіріс көлемінің нақты өсуі шектелген ресурстар проблемасын шешуге мүмкіндік береді. Мысалы: елдің қорғанысын, әлеуметтік және саяси жағдайларды. Экономиканың өсуі тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қаблеті болып табылады. Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі.

Экономикалық өсу факторлары:

-табиғи ресурстардың саны мен сапасы

- еңбек ресурстарының саны мен сапасы

- капитал ресурстарының көлемі

- ғылыми-техникалық прогресс

Жекелеген уақыт мерзімінде экономикалық өсу жылдық өсу қарқынымен анықталады.Экономикалық өсудің негізгі мақсаты- ақуаттылықтық өсуі.

Экономикалық өсудің екі типі бар: интенсивті және экстенсивті . Экстенсивті типінде экономикалық өсу көп өндіріс факторларын сан жағынан пайдаланғанда болады, яғни еңбекті, капиталды және жерді өзінің техникалық негізін сақтай отырып. Экономикалық өсудің бұл типінде өнімнің өсіміне жұмысщылар мен еңбек құралдарының санын арттыру арқылы қол жеткізуге болады. Нәтижесінде бір

жұмысшыға шаққандағы шығарылған өнім өзгеріссіз қалады. Бір сөзбен айтқанда, экстенсивті дамудың өзіндік экономикалық шектеулері бар. Мұндай жағдайға тап болған қоғамөзінің бағыт-бағдарын өзгертуге тырысады. Экономикалық өсудің

интенсивті түрі тиімді әрі жетілген сапалы өндіріс факторларын пайдалануға негізделген. Өндірістің масштабының өсуі алдыңғы қатарлы технологияларды , ғылым жетістіктерін пайдалану, жұмысшылардың біліктілігін, шеберлігін арттыру нәтижесінде жүзеге асады. Осы факторлардың негізінде еңбек өнімділігі де өсе түседі.Интенсивті экономикалық өсудің негізгі факторы болып ғылыми-техникалық прогресс табылады.Ғ.Т.Р. нәтижесінде өндірісте өнімділігі жоғары автоматтандырылған, қалдықсыз, үнемді,экологиялық тиімді технологиялар іске қосылады.

9. Тақырып.Ақша-несие және қаржы жүйелері.

Ақша жүйесі және оның типтері.

Еліміздегі ақша айналымы мемелекеттік ақша жүйесі шеңберінде іске асады.Ұлттық ақша жүйесі –заңмен бекітілген ақша айналымын ұйымдастыру формасы.

Ақша жүйесінің элементтері:

1) тауарлардың бағасы бейнеленген ұлттық ақша бірлігі

2) заңды төлем құралы қызметін атқаратын ақша түрі(қағаз ақшалар, майда монеталар және т.б.)

3) ақшаа эмиссиясы жүйесі

4) ақша айналымын реттейтін мемелекеттік органдар

Ақша айналымының типтері:

1) метол ақша жүйесі( монометализм-алтын, биметализм- алтын және күміс)

2) қағаз ақша айналым жүйесі

Ақша ұсынысының компоненттері:

1) М1-қолма-қол ақшалар және ағымдағы шоттағы ақшалар

2) М2-М1+ тез және жинақ шоттарындағы ақшалар

3) М3- м2 + ірі тез салымдар

М2+М3-ді «квази -ақшалар»деп аталады, оларды тікелей белгілі бір келісімдерге, іс-әрекеттерге пайдалануға болмайды, бірақ белгілі бір уақыт өте келе олар ликвидті құралға айналды.

Ақша ұсынысы дегеніміз нарықта орталық және коммерциялық банктер ұсынатын ақша саны. Ақша ұсынысының негізгі екі формасы бар.Бірінші жеке ақшалар ұсынысы.Екінші ақша чектері, облигациялар, құнды қағаздар және т.б.

Ақшаға сұраныс мәселесі бойынша екі концепция қалыптасқан. Классикалық теория бойынша ақшаға сұраныс дегеніміз- экономикалық агенттер сақтайтын номиналды ақша қалдықтары.И.Фишер формуласы бойынша MV = PV , ақшаға сұраныс ақшалай табыс (PV) деңгейінің функциясыт болып табылады. Кейксианстық теория бойынша ақшаға сұраныс мынадан тұрады:

1) келісімдер үшін арналған ақшаға сұраныс (трансакционды сұраныс)

2) активтер жағынан ақшаға сұраныс

Келісімдер үшін ақшаға сұраныс ағымдағы (тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін төлемдер ) номиналды Ж.Ұ.Ө. көлеміне пропорционалды. Оның көлемінің (Ж.Ұ.Ө.) өсуі ақшаға сұранысты да өсіреді. Активтер жағынан ақшаға сұраныс ақшаның қор жинау қызметі арқылы қалыптасады .Адамдар қор жинауды ақшалай немесе құнды қағаздар түрінде сақтауы мүмкін.

Бұл жағдайда активтер жағынан ақшаға сұраныс процент ставкасы кезінде

актив түрінде ақшаға сұраныс қысқарады, адамдар өздерінің жинақтарын төмен курс бойынша сатып алу арқылы облигацияларға айналдырады және

процент ставкасы төмендеген жағдайда қосымша табыс табу мақсатында оларды жоғарғы курс бойынша сатуға тырысады.

Процент ставкасы төмендеген жағдайда, керісінше, актив түрінде ақшаға сұраныс өседі.

Ақша нарығы ақшаға сұраныс пен ұсыныс арасындағы қарым-қатынасты бейнелейді.Ақшаға ұсыныс вертикалды сызықпен көрсетілген себебі ол орталық банк негізінде жүзеге асады және ставка процентіне тәуелді емес. Ақшаға сұраныс процент ставкасына кері тәуелді.Ақшаға сұраныс пен ұсыныс қиылысу нүктесінде бір-біріне тең болды.Процент ставкасының ауытқуы ақша рыногында

тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді. Процент ставкасының өсуі кезінде ақшаға ұсыныс сұраныстан жоғары болады. Мұндай жағдайда экономикалық агенттер акция, облигацияларды сатып ала бастайды және тез салымдарды ұлғайтады. Ақша ұсынысының артық (көп) болуы

банктердің проценттік ставкаларын төмендетуге мәжбүр етеді. Процент ставкаларының төмендеуі негізінде ақшаға сұраныс өсе түседі. Осылайша ақша нарығындағы тепе-теңдік қалпына келе бастайды.

Несие және оның түрлері.Қ.Р. несие жүйесінің құрылымы.

Ақша айналымы процесінде кейбір субьектілерде уақытша бос қаржылар қалыптасады, ал басқа биігінде қосымша ақшаларға деген қажеттілік туындайды. Осы бос ақша массасы банктерде жиналып (аккумулирвать етіледі), ақшаға мұқтаж адамдарға беріледі.Осылайша несие жүйесі қоғамның ақша ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Несие- бұл қайтарымдылық, төлемдік, тездік(тез) негізінде жүзеге асатын қарыз капиталының қозғалысы.

Несие формалары:

-коммерциялық несие-төлемі ұзартылған тауарларды жеткізу

-банктік несие

-тұтыну несиесі

-ипотекалық несие( жылжымайтын мүлік есебінде )

-мемлекеттік несие

-халықаралық несие.

Қ.Р. несие жүйесінің құрылымы екі деңгейден тұрады. Жоғарғы деңгейде Қ.Р.Ұлттық банкісі банктоттарды эмиссиялауды, мемлекеттік алтын-валюта қорын сақтауды, экономиканы ақша- несие арқылы реттеуді, несие мекемелерінің қызметіне бақылауды жүзеге асырады .Төменгі деңгейде коммерциялық банктер мен арнайы қаржылық-несие мекемелері(әртүрлі қорлар мен ассоциациялар) несие операцияларын жүзеге асырады және нарық субьектілер үшін басқа да қызмет түрлерін жасайды.

Экономиканы монетарлық реттеуді еліміздің орталық банктері жүзеге асырады.Экономиканы макро деңгейде реттеу үшін мынадай құралдарды пайдаланады:

-проценттік есептік ставкасы

-міндетті резервтер нормасы

-ашық нарықтағы мемлекеттің құнды қағаздармен жүргізетін операциялары.

Есептік ставка-бұл орталық банктің коммерциалық банктерді несиелендіретін процент ставкасы.

Міндетті резервтер нормасы- бұл орталық банкте сақталатын және оларды шығындауға құқысы жоқ коммерциалық банктердің резервтерінің бір бөлігі.

Ашық нарықтағы операциялар ашық нарықтағы мемлекеттік құнды қағаздарды сатып алу-сатуды болжайды.Бұл құралдар экономиканы тұрақтандыру үшін пайдаланады. Инфляция күшейген жағдайда орталық банк есептік есептік ставканы өсіреді,міндетті резервтер нормасын көбейтеді, құнды қағаздарды сатады және сол арқылы айналымдағы ақша массасын қысу арқасында инфляция деңгейін төмендетуге ат салысады .Егер жұмыссыздық өссе, орталық банк есептік ставканы және резервтер нормасын төмендетеді, мемлекеттін құнды қағаздарды сатып алады.Жиынтық сұраныстың өсуі арқасында жиынтық ұсыныстың өсуі экономикадағы өндірістің өсуі мен толық жұмысбастылықты тұрақтандырады.

Қаржы жүйесі және оның құрылымы.Мемлекеттік бюджет.

Қаржы-бұл ұдайы өндіріс процесін және қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында ақша массасын бөлу, қайта бөлу процесінде қалыптасқан экономикалық қатынастар жүйесі.Қаржы жүйесі-бұл қаржы қатынастарының және оларды реттейтін институттардың жиынтығы. Қаржы жүйесінің звенолары болып бюджеттер, әлеуметтік мүліктік және жеке сақтандыру қорлары, мемлекеттің валюта резерві, т.б. арнайы ақша қоры.

Қаржы қатынастары-бұл мемлекеттің керекті саяси, экономикалық, әлеуметтік сферадағы қызметтерін жүзеге асыру үшін керекті қалыптасқан және пайдаланылатын ақша массасының жиынтық қатынасы.

Қаржы жүйесінің құрылымы өзінің қызметтерін жүзеге асыру мақсатында пайдаланатын ұлттық табысты қайта бөлу процесінде ақша массасын жинайтын бірнеше звенолардан тұрады.

Қаржы жүйесінің алдыңғы звеносы болып мемлекеттік бюджет табылады. Мемлекеттік бюджет-үкіметтің тікелей қарамағындағы орталықтандырылған ақша ресурстарының қоры.

Қаржы жүйесінің маңызды звеносы болып үкіметтің арнайы қорлары, яғни зейнетақы қоры, кәсіпкерлікті қолдау қоры , Ұлттық қор және Қ.Р. дамыту институттарының құралдары табылады.

Қаржы жүйесінің құрылымына қаржы кәсіпорындары мен мекемелері және халықтың қаржылары жатады.

Мемлекеттік бюджет–бұл үкіметтің өзінің қызметтерін жүзеге асыруға бағытталған орталықтандырылған ақша ресурстарының қоры.Осы облыстағы мемлекеттің негізгі қызметтеріне мыналар жатады:

-елдегі мемлекеттік аппарат пен әскери күштерді ұстау

-әлкеуметтік–экономикалық міндеттерді орындау,соның ішінде,өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым обьектілерін қалыптастыру

Қ.Р. мемлекеттік бюджеті екі деңгейден тұрады:

1) орталықтандырылған мемлекеттік бюджет

2) мемлекеттік басқарудың жергілікті органының бюджеті.

Мемлекеттік бюджет 2 бөліктен тұрады:кіріс және шығыс.Бюджеттің шығыс бөлігіне мемлекеттің өзінің қызметтерін жүзеге асыруға бағытталған қаржы сомасы жатады.Мемлекеттін бюджеттің кірісінің негізгі қайнар көзі болып салықтар( 80% )табылады.Бюджетті толықтырудың тағы басқа көздері болып мемлекеттік меншіктен, арнайы қорлардан және мемлекеттік қоғамдардан түсетін табыстар жатады. Мемлекеттік шығындардың өсуі мемлекеттің қызметтерін де ұлғайтады. Соның нәтижесінде ұлттық табыстың басым бөлігі бюджеттік сфера арқылы қайта бөлінеді.Мемлекеттік шығыс бөлігінің кіріс бөлігінен артуы тапшылығы ақша эмиссиясы есебінде қаржылануы мүмкін. Бірақ бұл инфляция қағаздарды шығару және сату арқылы да бұл проблеманы шешуге болады,бірақ мұның өзі де проблеманы түпкілікті шешпейді.

Мемлекеттік қарыз-бұл бюджет тапшылығының жиналған саласынан бюджеттік артықшылықтарды алғанға тең.Мемлекеттің қызметтерінің улғаюы көптеген елдерде мемлекеттік бюджеттің тапшылығына алып келді.Мемлекеттік қаржылардың тепе-теңдігінің бузылуы ақша айналымы сферасында үлкен өзгерістерге алып келеді. Сондықтан мемлекеттік қарыздарды басқару қажеттілігі туындайды.Жаңа заемдардың өлшемін анықтау, олардың шығару мерзімін, проценттік төлемдердің өлшемі және оларды орналастыру әдісі.

Мемлекеттік құнды қағаздарды шығару мен орналастыру мемлекеттің ішкі қарыздарын қалыптастарады. Мемлекеттің сыртқы қарызы-төлем балансының тапшылығын жабу мақсатындағы шет мемлекеттегі заемдар.

Мемлекеттік қарыздардың өсуі .Ұлттық табысты бөлу сферасында проблемалар туғызады. Егер де мемлекет қарыздарды экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымына инвестиция ретінде жұмсамай, тұтынуға жұмсайтын болса, онда келешекте қиындықтар туындайды.

Салықтың мәні мен қызметтері .Салық салу принциптері

Салық –бұл физикалық және юридикалық тұлғалардан мемлекеттің міндетті түрде алатын төлемдері.Салықтар негізгі екі қызмет атқарады: фискалды және экономикалық.

Фискалды қызметі бұл-мемлекеттің ақшалай табыстарын қалыптастыру. Салықтың экономикалық қызметі салық тежегіштері арқылы мемлекеттің макроэкономикалық

процесстерге әсер етуі. Қазіргі нарық экономикасы жағдайында салықтар мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі құрамы болып табылады. Салық салу деңгейінің жоғары болуы өндірістің тиімділігін төмендетеді де соның нәтижесінде мемлекеттік бюджетке келіп түсетін түсімдердің көлемі қысқарады. Мұндай құбылысты «Лаффер қисығынан» көруге болады.

Салықтар тікелей және жанама болып бөлінеді.Тікелей салықтарға мыналар жатады: жеке тұлғаларға салынатын табыс салығы, корпорация пайдасына салынатын салық, мүлік салығы, құнды қағаздар мен жүргізілген операциялар үшін салық.

Жанама салықтарға мыналар жатады:акциздер, қосымша құн салығы,кеден салықтары, фискалды монополиялық салықтар(мысалы: темекі бұйымдары, алкогөлді сусындар және т.б.)

Салық салу принциптері: салық салу міндеттеме,салық салудың анықтамасы, шыншылдық, салық жүйесінің біртектілігі, салық заңдылықтарының ақиқаттығы.

Салық 4 түрлі қызмет атқарады:

1) реттеуші

2)ынталандырушы

3)фискалды

4)бөлу

10.Тақырып.Эконономикалық теорияның халықаралық аспектілері.

Халықаралық еңбек бөлінісі. Салыстырмалы артықшылықтар теориясы.

Дүниежүзілік шаруашылықтың меатериалдық негізін халықаралық теңбек бөлінісі құрайды.Халықаралық еңбек бөлінісі дегеніміз- бұл бір-бірімен тауар айырбастайтын жеке мемлекеттердің белгілі бір өнімдерді өндіруге мамандандануы.Мамандану бастапқы кезде табиғи ресурстармен анықталған. Ресурстары бар мемлекеттер сол ресурстар арқылы шығындарды аз керек ететін өнімдерді өндіріп айырбасқа ұсынады.

Индустрияның дамуы ұлттық шаруашылықтардың өзара байланысын күшейте түсті.Осымен бірге олардың дүниежүзілік рынокка кіруіне ықпал жасады.Халықаралық маманданудың негізі неде?Бұл сұраққа Д.Рикардоның артықшылықтың салыстырмалы теориясынан жауап алуға болады. Теорияның мәні мынада: әрбір мемлекет басқа елдерге қарағанда шығындарды аз керек ететін елден өздерінде өндіруі тиіс, ал басқа елден өздерінде өндірісі қымбатқа түсетін тауарларды сатып алуы қажет.Қазақстан(да бидай өндірісі тиімді, сондықтан ол астық өндіруге маманданады,ал Өзбекстан мақта өндірісіне маманданады. Қазақстанның ішкі рыногында 1 тонна бидайға 1 тонна мақта беріледі,ал Өзбекстанда 1 тонна бидай 2 тонна мақтаға тең. Мақтаға жұмсалатын шығындар 2 есе кем. Егер Қазақстан 1 тонна бидайды 1,5 тонна мақтаға айырбастаса онда ол 0,5 тонна мақтаны ұтады, ал Өзбекстанда осындай ұтысқа ие болады.Саудадан екі есе ұтыста болады.

Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты

Әлемдік шаруашылық жүйесінде экономикалық қатынастар келесі формаларда жүзеге асады: дүниежүзілік сауда, капиталды шетке шығару, еңбек ресурстарының миграциясы, қарыз капиталы мен халықаралық валюта жүйесінің халықаралық нарығы. Әлемдік сауда халықаралық еңбек бөлінісінің нәтижесі негізінде жүзеге асады. Сыртқы саудада саясатын қолданады.Протекционизм саясаты ұлттық тауар өндірушілерді шетел бәсекелестерінен қорғауға бағытталған. Претекцоинизмнің классикалық мысалы ретінде кедендік тарифтерді жатқызуға болады. Сонымен бірге тарифтік емес барьерлер де қолданылады: сыртқы саудадағы мемлекеттік монополия, санитарлы стандарттар, валюталық бақылау,импорттық квоталар және т.б. Сыртқы саудада демпинг деп аталатын ұғым да қолданылады, яғни, бәсекелестерді ығыстыру мақсатында бағаларды төмендету.Капиталды шетке шығару 2 формада жүзеге асады,кәсіпкерлік және қарыз түрінде. Кәсіпкерлік капитал тікелей немесе портфельді инвестиция түрінде шығарылады. Қарыз капиталы заемдар негізінде шығарылады. Капиталды шетке шығарудың негізгі субьектілері-бұл трансұлттық корпорациялар. Еңбек ресурстарының миграциясы- бұл еңбекке жарамды адамдардың жұмыс табу мақсатында бір елден екінші елге қоныс аударуы. Негізгі себебі-еңбекақыдағы ұлттық айырмашылықтың болуы бір елдегі еңбек ресурстарының шамадан тыс көп болуына, екінші елде олардың жетіспеуіне алып келеді.

Халықаралық еңбек миграциясы дамушы елдердегі арзан жұмысшы күшін пайдалануға негізделген. Халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі формасы болып қарыз капиталының әлемдік рыногы табылады. Мұндағы алдыңғы орынды евро валюталық рынок алады.Евровалюталық рыног –бұл елден тыс ұлттық валютамен операциялар жүргізуге негізделген қысқа мерзімді және орта мерзімді несиелердің халықаралық рыногы. Соңғы он жылдықта жақын шығыс және Оңтүстік –Шығыз Азия мемлекеттерінде жаңа қарыз капиталының орталық рыноктары пайда болды.

Халықаралық валюталық қатынастар ьарқылы әлемдік экономикада төлемдік және есеп айырысу қатнастары жүзеге асады. Бұл жерге ұлттық валюта, ұжымдық резерв валюталары, валюталық курстар,валюталық рыноктар кіреді.

Халықаралық экономикалық қатынастардың формалары:

- тауар және қызмет көрсетудің халықаралық саудасы

- халықаралық өндірістік және ғылыми- техникалық қарым-қатынас

- халықаралық қаржы-валюталық және несие қатынастары

- халықаралық жұмысшы күші миграциясы.

Дүниежүзілік шаруашылықтың даму тенденциялары:интеграция және жаһандану мәселелері.

Дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуының материалдың негізі болып басқа елдермен шаруашылық байланыстарды қалыптастыруға бағытталған ірі машина өндірісі табылады. Дүниежүзілік болып мыналар табылады: халықаралық еңбек бөлінісі,халықаралық транспорт пен байланыстардың дамуы, капитал және жұмысшы күші нарығын қалыптастыру.

Дүниежүзілік шаруашылық-бұл ұлттық шаруашылық пен олардың арасындағы экономикалық байланыстар жүйесінің жиынтығы.Шаруашылық өмірді интернационализациялау- бұл әртүрлі елдердегі кәсіпорындар арасындағы өндірістік байланыстардың тұрақтылығын қамтамасыз ету. Соның нәтижесінде бір елдегі өндірістік процесс процестің бір бөлігі болып табылып, интернационалды масштабта жүреді. Бұл халықаралық еңбек бөлінісін тереңдететін және жоғарғы қоғамдық өндірісті қамтамасыз ететін обьективті процесс.Шаруашылық өмірді интернационнализациялау процесіне ғылыми –техникалық ревалюция үлкен әсерін тигізеді. Қазіргі автоматтандырылған өндірістер ғылыми зерттеулергүе күрделі қаржыларды, ірі капиталды қажет етеді. Ол әлемдік рынокқа көп өнім көлемін шығарғанда тиімді болады. Шаруашылық өмірді интернационализациялауда халықаралық транспорт пен байланыстың әсіресе қазіргі ақпараттық технологиялардың ролі зор.

Бірнеше ұлттық шаруашылықтың бірігіп аймақтық экономикалық жүйе құруын халықаралық экономикалық интеграция процесі дейміз. Осы интеграциялық құрылымға –Европалық экономикалық қауымдастық жатады. Интеграциялық процестер аймақтық сипат алуда. Мысал ретінде Европалық Одақты алуға болады, мұнда біріңғай ішкі рынок, біріңғай куәліктер, стандарттар жүйесі, коммуникация және транспорт, жалпы кедендік жүйе, сауда саласындағы салық жеңілдіктері, жеке ақша бірлігі-евро енгізілген.

Интеграциялық процестер орталық Америкада,Батыс Африка, Оңтүстік ШығысАзия елдерінде жүріп жатыр.ТМД елдері арасында Қазақстан,Ресей,Белоруссия,Украйна мемлекеттері.Біріңғай экономикалық одақ құру туралы келісімге қол қойды. Бұл одаққа оның талаптарына келісетін басқа да мемлекеттердің кіруіне болады. Мұндай интеграцияның экономикалық потенциалы мемлекеттер үшін өсу қарқынын тездетеді және жаһандану жағдайында сыртқы күштердің қысымына төтеп береді.

Ғаламдық проблемалардың дамуының қажетті негізі адамзат тіршілігінің әрқилы жағын интернационалдандыру болып табылады. Ғаламдық проблемалар адамның жалпы адамзаттық

сан қырлы мәселелерін қамтиды.Бұл проблемаларды тез арада шешпеу цивилизацияның күйреуіне алып келеді. Негізгі глобалды экономикалық проблемаларға мыналар жатады:

- даму үшін қарусыздану проблемалары

- экологиялық проблемалар

- азық-түлікпен қамтамасыз ету проблемасы

- кедейлікті ,ашаршалықты, ауруды жою.

Екі әскери блоктың бір-біріне қарсы келуі кезінде жаппай қарулану механизмін іске қосқан болатын. Оның салдары қазіргі уақытқа дейін өз әскерін тигізуде. Ядролық қару және ракеталық техникасы бар мемлекеттердің саны жылдан-жылға артуда. АҚШ-ң әскери мақсатқа жұмсайтын бюджеттік шығындардың көлемі 300 млрд.долларды құрайды және оның көлемінің азаюы жылдан-жылға шамалы ғана.Әлемде мұндай шығындардың көлемі 1 трлн. Доллардан асты.Жаппай қарусыздану нәтижесінде әлемде көптеген проблемалар өз шешімін табар еді.

Қарқынды индустриалды даму экологиялық проблемаларды күшейте түсуде .Шикізаттың 5%-і ғана дайын өнімгше айналды да, қалған бөлігі жарамсыз қалдық болып табылады.Міне ,осы бөлігі жерді, суды, атмосфераны ластайды. Сондықтан қалдықсыз және ресурстарды үнемдейтін технологияларды өндірісте пайдалану қажет. Статистикалық мәлімет бойынша дүниежүзінде шамамен 1 млрд. Адамдар ашаршылық деңгейінде өмір сүріп жатыр. Бар ресурстар мен халық саны ара қатынасының алшақтығы өсуде. Қазіргі кезде жер бетіндегі адамзат шамаллы 6млрд.құраса, келешекте 9-14 млрд. өседі деп көзделуде, соның 90% -тен астамы ең кедей мемлекеттердің үлесінде болмақ. Халықтарының үлкен тығыздығы әртүрлі ауруларға алып келеді. Қарусыздану адам және дүниежүзілік ресурстарының белгілі бөлігін сақтап қалуға көмектесер еді. Ал. Одан қалғандарын дүниежүзілік қауымдастық шешімімен қоршаған ортаны қоғауға, ауруды жоюға, азық-түлік пен қамтамасыз етуге бағыттауға болады.

Ғаламдық проблемалар дүние жүзіндегі халықтардың өмірлік деңгеціне ықпалын тигізіп отырады. Кейбір проблемалардың әсері соншалықты оларды деркезінде шешпеу цивилизацияға қауіп төндіреді.

Ғаламдық экономикалық проблемаларға мыналар жатады:

-қарусыздандыру проблемалары,

-экологиялық проблемалары,

-азық-түлікпен қамтамасыз ету проблемалары,

-аштық, ауру және кедейщілік аймағын азайту.

Ядролық қаруы және зымырандар техникасы бар мемлекеттердің саны өсіп келеді. Соған байланысты шығындарда өсуде.Мысалы, АҚШ –ң әскери мақсатқа арналған бюджеттік шығындары 300 млрд. Долларға жетті,қазіргі кездерде бірте-

бірте аз қарқында азаюда. Жалпы дүние жүзінде осындай шығындардың жылдық мөлшері 1 трлн. Долларды құрайды. Егер осы қаржылар өндірісті дамытуға бағытталса адам өмірінің деңгейі айтарлықтай деңгейге көтерілер еді.Өндірістің қарқынды дамуы және оның индустриялық деңгецінің өсуі, табиғи ресурстарды

тиімсіз пайдалану адам қоғамын экологиялық катастрофаға әкеледі.Өндірісте пайдаланатын шикізаттардың 5% дайын өндіруге пайдаланыс тауып, қалғаны атмосфераны .жерді, суды, ластайды.Сондықтан өндірістегі технологияларды жетілдіру қажет.Осымен қатар табиғи ресурстардың мүмкіншілігін негізге ала отырып, оларды тиімді пайдалану механизімдерін қолдану керек.

Ғалымдардың мәліметтеріне қарағанда дүние жүзінде ашаршылық

жағдайындағы халықтың саны шамамен 1 млрд. Адам. Көптеген мемлекеттер

ресурстарының жоқтығынан, техникалық және қаржылық қиындықтарына

байланысты бұл проблемаларды шешуге мүмкіндігі жоқ. Сондықтан дамыған мемлекеттердің мақсаты осындай елдерге көмек көрсету.

Кедейшілік пен аштық проблемалары кейбір мемлекеттерде халықтың тез өсуімен де байланысты екені байқалады. Өйткені мұндай елде рде халықтың өсу қарқыны ұлттық табыстың өсу қарқынынан озып отырады.Осымен қатар халықтың тығыздығына байланысты ауруларда жиі тарайды. «Құс грипі», «СПИД», ауруларының Африка, оңтүстік-шығыс Азия елдерінде бірінші болып таралуы кездейсоқ емес. Ғаламдық проблемаларды жеке бірнеше ел шше алмайды. Бүкіл дүние жүзіндегі адамдар бірігу арқылы шешуге болады.

Қазақстан аз уақыттың ішінде айталықтай жетістіктерге жетті.Ішкі жалпы табысы бір адамға шаққанда 4000 долларға жетіп қалды, инфляция 7-8 % шамасында.1996 жылға қарағанда ішкі жалпы табыс 3,5-4 есе өсті. Осыған қарай шет елдер Қазақстан Экономикасына қызығушылық білдіріп өздерінің капиталдарын Қазақстан Экономикасының дамуына бағытап отыр.Республикадағы шет ел инвестициясының көлемі 40 млрд. долларға жетті.Қазақстан басқа елдерді өзінің табиғи байлығымен (минералдық ресурстар) қызықтырады.Қазіргі кезде түсті және қара металлдар, мұнай запастары бойынша ҚР бірінші ондыққа кіреді.Уран қоры бойынша 2-і орында, жер көлемі бойынша 9-ы орында. Міне осы байлықтарды тиімді пайдалана білу қажет.Осы жағдайда ғана ҚР-ы экономикасын көтеріп ішкі және сыртқы рыногын кеңейте алады. Бірақ рынок бәсекеге қаблетті тауарларды ғана қабылдайды. Сондықтан өндіріс инновация және индустрия негізінде дамуы тиісті.Республикада 2015 жылға дейінгі экономиканың инновация- индустрия негізінде даму стратегиясы жасалды. Елімізде экономиканың өсуін қамтамасыз ететін көптеген жобалар жасалынуда. Қазақстанның тығыз қарым-қатынастары әсіресе экономика саласында кең қанат жаюда. Дүниежүзілік қоғамдастыққа ене бастаған Қазақстанның алғашқы қадамдарын оның ұлғайып келе жатқан экономикалық байланыстарынан анық көреміз. Бұл процестің ең негізгі белгісі болып республикадағы шетел инвестициясы табылады.Қазіргі таңда оның көлемі 40 млрд.АҚШ долларын құрайды.Қазақстанның байтақ территориясы, табиғи экономикалық және еңбек ресурстары республиканың экспорт көлемін арттыруға үлкен мүмкіндік болып табылады. Қазақстаннан еліміздің басқа аймақтарына шығарылатын өнімнің негізгі бөлігі-шикізат , қосалқы материалдар, жартылай шикізаттар, минералды

ресурстар. Сондықтан өзінің осындай артықшылықтар рационалды түрде тиімді жұмсау керек. Жаһандану жағдайында бәсекеге тойтарыс беретін өндіріс орындарын ашу керек.Осыған орай республикада 2015 ж. Дейінгі индустриалды- инновациялық даму стратегиясы қабылданған. Бұл жобаны іске асыру үшін даму институттары , жеті кластерлер, үш технопарктер құрылған. Келешекте олардың саны арта түспек.

Негізгі әдебиеттер:

1. С.Р. Нарматов, А.С. Нарматова Экономикалық теория. Лекциялар курсы. І – бөлім, Тараз, 2004.

2. А.Әбубәкіров, М. Есқалиев. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 2000.

3. Қожаниязов Т.Ж., Мамедов О.Ж. Экономикалық теория және тәжірибе негіздері. Жамбыл, 1997.

4. Осипова М. Экономикалық теория, Алматы, 2004.

5. Шеденов М., Байжомартов Т. Экономикалық теория курсы, Алматы, 2003.

6. А.Әбубәкіров, Байжомартов Т. Экономикалық теория. Алматы, 1998.

7. Мақыш С.Б. Ақша айналымы және несие. Оқу құралы. Алматы, 2000.

8. Көшекова Б.Ақша, несие, банктервалюта қатынастары. Алматы, 2000.

9. Досқалиев А. Экономика ілімі мен теорияны оқыту. Алматы, 2002.

10. Мәдешов Ш. Экономикалық теорияға кіріспе. Алматы, 1997.

Абдуллаев Н. Экономикалы

Источник: портал www.KazEdu.kz

Каталог учебных материалов

Свежие работы в разделе

Наша кнопка

Разместить ссылку на наш сайт можно воспользовавшись следующим кодом:

Контакты

Если у вас возникли какие либо вопросы, обращайтесь на email администратора: admin@kazreferat.info