Дәрістік кешен (дәріс тезистері, иллюстрациялық және үлестірмелі материалдар, ұсынылатын әдебиеттер тізімі)

Узнать стоимость написания работы

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

Дәрістік кешен (дәріс тезистері, иллюстрациялық және үлестірмелі материалдар, ұсынылатын әдебиеттер тізімі);

 

1 лекция.

 

Кіріспе: Психология ғылымы - психологияның мән-мағынасы.

Психология тарихы ғылым ретінде. Пәні, міндеті.

Психология тарихының кезеңдері.

 

Жоспар:

1. Психология тарихының пәні, міндеттері.

2. Қазіргі психология ғылымындағы психология тарихының атқаратын функциялары.

3. Психология тарихының кезеңдері .

4.Тарихи психологиялық зерттеудің принциптері.

5. Психология жан туралы ғылым ретінде.

1. Психология тарихы – бұл өзіндік пәні бар, ерекше білім саласы.

Психология тарихы психиканың табиғатын, функциясы мен генезисін түсінуде әртүрлі тәсілдерді талдау негізіндегі психикалық көзқарастардың даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейді. Сондай-ақ психология ғылым мен мәдениеттің әр алуан салаларымен байланысады. Сонау пайда болған кезінен бастап ол философияға медицина мен жаратылыстануда аз ықпал еткен жоқ. Сол уақытта көптеген психологтардың жұмысында этнографиямен, әлеуметтанумен, мәдениет теориясымен, матеметикамен, логикамен байланысы айқын қарастырылды. Сондықтан да психология тарихында оның басқа ғылымдармен байланысы, олардың бір-біріне ықпалы талданады.

Бүкіл психологиялық білімнің даму тарихында психологияның үш пәні анықталатыны беогілі: жан, сана, мінез-құлық жайлы ғылымдар сияқты. Психология пәнінің мәселелерінің жаңа құрылымы 20- шы жылдары отандық психологияда байқалып, советтік кезеңдерде дамыды.

Психология тарихының басты міндеттерін білімнің ерекше саласы сияқты қарастырамыз. Ғылыми ойлаудың негізгі «формациясының» ауысымында (смене) белгілі бір жүйелілік бар: әрбір «формация» қазіргі замандағы психикалық өмірдің әдеттегі картинасын анықтайды. Осы ауысымдардың заңдылықтарымен психология тарихы зерттеледі. Осыдан барып оның :

Бірінші міндеті- психика жайлы білімнің даму заңдылықтарын зерттеу.

Екінші міндет- психологияның басқа ғылымдармен өзара байланысын ашу.

Үшінші міндет- социомәдени контекстен, идеологиялық ықпалдың ғылыми шығармашылықтан білімді қабылдау мен қалыптастырудың байланысын анықтау.

Төртінші міндет- тұлғаның рөлін, оның ғылымның өзінде қалыптасуы мен индивидуалдық жолын зерттеу.

2. Психология сан ғасырлық тарихтан тұрады: бірінші ғылыми көріністер б.д.д. 7 ғ пайда болды. Психология тарихында екі үлкен кезең ерекшеленеді: бірінші, психологиялық білім философия қойнауында дамығанда, екіншісі психология дербес ғылым ретінде дами бастағанда. Олар уақыт бойынша өлшеуге келмейді: бірінші кезең (б.д.д. VI ғ - XIXғ ортасы) шамамен 2,5 мың жылды қамтиды, екінші- жүз жыл көбірек. (XIXғ ортасынан- қазіргі кезге дейін). Г.Эббингауздың айтуынша өткен уақыты ұзақ, бірақ тарихы өте қысқа.Осы екі кезеңді бөлу арнайы негізді талап етпейді, өйткені оның критериилері анық, бірақ олардың әрқайсысы жүз жылға созылады, сондықтан да бөлінген кезең қажет. Оны таза жазған белгілермен жүргізуге болады – хронологиялық бойынша әлемдік және отандық психологияның кезеңдерін айқындауға болады. Барлық кезеңдерінің шарыттарын ескере және осы мәселенің өңделмегеніне зейін аудара отырып, психология тарихының болашақта ұсынылатын кезеңдерін тек оның мүмкін болатын варианттарының бірі деп қарастыру керек. Бұған отандық психологиялық ойдың тарихына әлемдік ғылымның даму тарихының құрамдық бөлігі қосылған. Негіз ретінде осы процесті кезеңдерге бөлу үшін мазмұнды критерилермен таңдалған.

 

Психологияның философия шеңберінде дамуы.

 

Хронология

Зерттеу пәні, кезеңнің мазмұны

Маңызды нәтижелер

VI ғ.б.э.д. –V ғ.

Жан, психика туралы ең алғаш ғылыми түсініктің пайда болуы

Жан туралы ғылымдардың бөлінуі және екі бағыттың пайда болуы: материализм, идеализм. Психикалық құбылыстар туралы алғашқы эмпирикалық білімдердің қалыптасуы. Түйсік, қабылдау, ес, қиял,ойлау,мінез.Жан мен тән аралығындағы мәселелердің бөлінуі. Туа және жүре біткен ұғымдардың ажыратылуы. Ішкі сезім, таным әдісі ретінде көрсетіледі.

 

V-XIIIғ.ғ

Жан туралы ілімдердің философия және медициналық білімдер шеңберінде дамиды.

Томистік психологияның қалыптасуы. Зерттеудің тәжірибелеріне сүйенген әдіснамалардың басталуы.Түркі-мұсылмандық психологияның дамуы.

XIV-XVI ғ.ғ

Ұлы жаңалық ашылулар мен анатомия физиологиялық білімдердің дамуы негізінде жан туралы ілімдердің әрмен дамуы.

Жан туралы түсініктермен, тәндік және психикалық құбылыстардың түсіндіру принциптері ретінде жан ұғымдарынан бас тарту. Психология терминдерінің енуі.

XVII-XIX ғ.ғ ортасы

Сананы зерттеу пәні ретінде бөліп көрсету. Ішкі тәжірибелердің өзін-өзі бақылау нәтижелері ретінде

Эмпирикалық интроспективті және ассоционистік психологияның қалыптасуы. Бейсаналы психика туралы түсініктің пайда болуы.

 

Психологияның дербес ғылым ретінде дамуы

 

Хронология

Зерттеу пәні, кезеңнің мазмұны

Маңызды нәтижелер

XIXғ.басы- XIXғ.60 ж.

Психологияның табиғи жаратылыс ғылымдық алғы шарттарының пайда болуы. Жүйке жүйесі мен сезім мүшелерінің қызметі.Физикалық- психологияның арақатынасы. Психикалық процестердің өту шапшаңдығын өлшеу.

Психологияның ғылым ретіндегі жаратылыс ғылымдық негізінде пайда болуы. Экспериментальды зерттеу әдістері пайда болған (жүйке жүйесін зерттеу). Психо-физика пайда болды. Психометрия қалыптасты.Қабылдау мен түйсік теориялары пайда болды. Рефлекс туралы ілім пайда болды.

XIXғ.60ж.-XIXғ аяғы

Психологияның дербес ғылым ретіндегі бастапқы дамуы. Тәжірибенің тікелей мазмұны.Психикалық актілер және функциялар.Психика және сана бейімделу функциясы ретінде.

Эксперименталдық әдістердің психологияға енуі.Психологияның теориялық бағдарламаларының қалыптасуы. Психологиядағы қолданбалы зерттеудің пайда болуы. Психологияның дара физиологиялық және рухани, мәдени болып бөлінуі. Психологияның жаңа салаларының пайда болуы.

XIX ғ.10ж-30ж

Мінез-құлық тұтас психикалық құбылыстар, бейсаналық, сана қоғамдық тарихи құбылыстар ретінде бағдар. Жоғарғы психикалық функциялардың дамуы. Іс-әрекеттерді психологиялық зерттеу.

Психологиядағы ашық дағдарыс.Шетел психологиясында әртүрлі мектептер пайда болды: бихевиоризм, психоанализ, гештальт психология, француз социологиялық мектебі, түсінуші психология, дара психология, аналитикалық психология т.б. Кеңес психологиясының пайда болуы. Бағдар теориялары, имәдени, тарихи теория, іс-әрекеттер теориясы, психо техника мен педологияның дамуы. Психикалық іс-әрекет пен қимыл-қозғалыс актілерінің физиологиялық механизмдері жайлы ғылым.Түсініктің дамуы. «Психология және марксизм»проблемаларының пайда болуы.

XX ғ. 30 ж.аяғы 50ж басы.

Алдыңғы кезеңдегі негізгі бағыттағы шеңбердегі психологияның революциясы

Шетел психологиясындағы дағдарыстың басталуы. Ғылыми мектептердің эволюцияға ұшырауы.Необихевевифизм, неофрейдизм. Жаңа салалар мен бағыттар: генетикалық психология, тұлғаның персоналистік концепциялары т.б. Кеңес психологиясындағы айтыс-таластар (Павлов ілімі негізіндегі психология ілімін қайта құру), бағдар теориясы туралы. Кеңес психологияда іс-әрекет теориясының дамуы.

60-90 ж.ж.

Бұрынғы пәндік салалардың жаңа теориялық бағыттарды іздеу

Шетел психологиясында жаңа бағыттар пайда болды .Гуманистік психология, когнетивті психология.Кеңес ғылымында ақыл-ой әрекет кезеңдерін қалыптастыру теориялары (Гальперин). Кеңес психологиясы психологияның пәні, бейсаналық, қарым-қатынас проблемалары жайлы, қарым-қатынас және т.б. мәселелер бойынша пікір –таластар.

XX ғ.90ж.-осы уақыт

ТМД елдерінде поскеңестік психологияның пайда болуы және дамуы.

Кеңес одағы ыдырағаннан кейін Марксизм күшінің жойылуы әдіснамалық ізденістер. Плюрализм. Этнопсихология ғылымдарының дамуы. Халықтардың рухани мәдениеттерінің қайта жаңғыруын зерттеу.Әлеуметтік психология қауымдастығына ену (интеграция).

 

3.Тарихи психологиялық зерттеудің принциптері.

 

1.Тарихилық принцип - тарихшыдан зерттеу барысында сол заманның әлеуметтік мәдени шарттарын нақты мазмұнын толық ескеру қажеттілігін талап етеді. Призинтизм- зерттеуші ғылым тарихын қазіргі күнге сай білімдер жүйесімен шектейді. Тарихи процесті өңдеуге, өзгертуге әкеледі. Антикваризм- өткен тарихты бүгінгі күннің міндеттерінен тыс нәрсе ретінде қарастырады. «Таза тарих»

2.Детерминизм- тарихшыдан себеп болған психологиялық құбылыстарды түсінуге, оны тудыратын факторларды ескеру қажет.

3.Логикалық пен тарихилық бірліктің принциптері.

4.Эндогендік даму принциптері- өркениеттік факторды ескеру. Тарихты жазуға екі концепция қолданылады.

Персоналистік- жеке тұлғаның жетістіктеріне сүйену керек.

Натуралистік- көзқарас, өзгеріс заман ағымына байланысты.

 

4. «Псюхе»-жан, «логос»- ілім, сонда дәл мәнісі «жан ілімі» болады. Қазақша жан туралы ілім деп айтуға болады.

Жан деген не? Жан бар ма, жоқ па?

Жан бар деген наным ерте заманнан бері келеді. Бұл наным ең алғашқы тағы, анайы адамдарда да болған. Содан бері «жан бар» деген наным барлық адам баласына тарап, өрбіген жанды зат туады, өседі, өрбиді, көбецеді, өз еркімен қозғалады, аяғында өледі.Жансыз затта бұл сипаттар не түгелімен жоқ, не бір сыпырасы жоқ.Жанды заттардың осындай өзгешелігін байқап, арнайы адам оларды қозғайтын бірдеме болу керек деп жорыған, ол «бірдеме» «жан» болу керек деп түсінген.

Әр түрлі халық, әр заманда «жанды» дененің әр жерінде болады деп жіп таққан. Кей жұрт «жанды» бүйректе, кейбір ел жатырда, тағы біреулер жүректе, енді біреулер қанда болады деп ойлаған.Берірек заманда жан мида болуға тиіс деген ұғым туған.

«Жан бар» деуге тағы бір себеп: жанды нәрселердің өлетіндегінен көрген. «Өлі мен тірінің» арасында үлкен айырма бар. Өлген соң жүрек соқпайды, қан жүрмейді, оданда айқын бір парқы:дем алмайды, қозғалмайды.Өлген соң жануардың , адамның демі бітеді. Осыдан шығарып «жанды» -дем, әйтпесе, «дем алу» деп жүретін болған.Дем бітсе не болады? Жан денеден шығып кетеді.Өлнрдегі ауыр күрсініп, көкірек сылқ етіп, сап бола қалу, ақырғы дем таусылу –жан шыққанның белгісі деп түсінген. Денеден шыққан соң жан қайда кетеді? Бұрынғылардың ұғуынша, жан өлмейді, өз бетімен өмір сүреді. Өлген адамның жаны аспанға ұшып кетеді. Көк әлемінде жандардың тұратын жайы болады. Ол жандар жаңадан жаралатын заттарға жан болып, денесіне кіреді. Адамның жаны кейде үрім-бұтағына,кейде айуандарға да жан бола кетеді. Осы тәрізді бұлдыр ертегілер жан туралы көп: әр жұртта әр алуан.

Дем алғанда іштен шығатын жылы ауаны да жан деп жорыған. Сондықтан өлген адамның жаны ақ бұлт , ақ құс, көгершін, көбелек болып кетеді деп те ойлаған.

Берірек келгенде адам баласы «жанды» басқаша ұғына бастаған.Жан мен тән – егіз, «жан» , «тәннің» көлеңкесі, елесі, сүлдері, ауа тәрізді көзге көрінбейтін бірдемесі деген нанымға келген. Адамда екі түрлі «мен» бар: біреуі – жан, біреуі- тән. «Жан» көрінбейтін «мен» ;көрінбесе де көрінетін «менді» (тәнді) қозғап, жүргізіп тұратын тетігі. «Тән» -жанның қабы. Кейбір ойшылар адамның «мен» дегені «жан» дегені болу керек, «тән» (дене) «менікі» болу керек деп ұққан.

«Жанды» «тәннен» бөлек, бар нәрсе деп ұғуға адамның түс көруі де себеп болған.Ұйықтағанда адам еш нәрсені сезбейді, сөйлемейді, жарты жаны жоқ тәрізді болады. «Ұйқы мен өлі тең»дейді жұрт мәтелі. Бірақ адам өңідегідей нәрселерді көреді.Сонымен, ұйықтаған адамның жаны денесінен шығып, қыдырып кетеді,басқа жандармен, қала берсе өлген адамдардың жанымен жолығып жүреді деген наным туған.

Жиып-теріп келгенде «жан бар» деген ұғым жанды заттардың дем алу, жүрегі соғу, қаны жүру,өсу,өну, өлу, қозғалу, түс көру сықылды түрлі сипаттарын бақылаудан туғандығы көрінеді.

Қорта келгенде, психология тармхын әр түрлі теориялар мен қазіргі психологиядағы бағыттарды, оның даму тенденциялары мен жолдарын міндетті түрде түсіну үшін қажет. Психология тарихының маңызы өте зор . «Тарих өте пайдалы , ол даналыққа толы» ,- деп итальян философы – гуманист Лоренцо Валла жазды.

 

Бақылау сұрақтары:

1.     Жан, психика туралы ең алғаш ғылыми түсініктің пайда болуы.

2.     Жан туралы ілімдердің философия және медициналық білімдер шеңберінде дамуы.

3.     Психикалық құбылыстар туралы алғашқы эмпирикалық білімдердің қалыптасуы.

 

 

 

Ежелгі Шығыстағы психологиялық пікірлер.

 

Ғылымның дамуына түркістандық Бұқарадан шыққан энциклопедист- ойшыл Әбу-Әли Ибн- Сина (980-1037) өзінің үлкен үлесін қосты. Ибн-Сина Әл-Фарабидің кейбір идеяларын шығармашылық тұрғыда одан әрі жалғастырды:эманация идеясы, ақыл-ой туралы идея және т.б. Ибн-Сина надандыққа қарсы шыңып, ақыл-ой үстемдігі үшін күрескен жан-жақты ғалым адам болды. Галеннен кейін психофизиология жайлы ілімді жалғастырды. Ұлы жаратылыс зерттеуші ғалым болғандықтан Ибн-Сина та табиғаттың санадан тысқарылығын, яғни объективтілігін мойындайды. Ибн-Сина орта ғасырдағы негізгі мәселе- номинализм мен реализм арасындағы талас мәселесін шешуге әрекет жасай келіп, жалпылық –ол абстракция, әлем жеке заттардан тұрады деп есептеді.

Оның метафизикасындағы негізгі мәселе- эманация теориясы. Бұл теория бойынша, дүниені құдай жаратқан жоқ, ол одан табиғи жолмен, эманация жолымен, яғни тікелей емес, бірқатар оны тудыратын «ақыл-ой» арқылы пайда болған. Егер жаратушы құдай мәңгі болса, дүние де мәңгі, өйткені оның көзі - мәңгі материя, себеп пен салдар әрдайым өзара байланысты- егер себеп бар болса, онда салдар да болады деп есептеді.

Ибн-Рошд (1126-1198) әрбір жеке жандардың өз ерекшеліктері бар деген. Жеке жан жойылады. Адамдарды құдайға теңестіреді арасында ислам дінінен анағұрлым бұрын қалыптасқан. Жаман мінез-құлықты адамдарды аруақ атады, «өлі риза» болмай, тірі байымайды» деген ұғымдар жоғарыдағы айтылған жәйттер мен тығыз байланысты екенін көреміз.

2. Анимизм тәсілін алмастырған мүлде жаңа тәсіл, яғни табиғатты толық материалды бөлінбейтін, өмірмен тараған дейтін-гилозоизм әлемді түгелдей жандандыру деп оқытады. Шешімді өзгерістер білімнің фактілік құрамында емес, оның жалпы түсіндірмелі принциптерінде болды.

3. Материалистер әлем кеңістікте қозғалатын атомдардан тұрады деді.Әлемдегінің барлығы белгілі бір заңға бағынады деді. Жан денеге энергияның көзі ретінде қызмет етіп, өте ұсақ қозғалмалы атомдардан тұрады, ол өледі, денемен бірге жоғалып және пайда болып отырады деді.Идеалистер әлем материа мен идеядан (Платон) немесе табиғаттың шығармашылық басы сияқты формадан тұрады деді.Человек –венец природы. Жан-ең алдымен ақыл мен адамгершіліктің қайнар көзі. Ол мәңгі өлмейді дейді.

Доғматизм (грек тілінен dogma – пікір, ілім, шешім)- тұрақты ұғымдарға, практика мен ғылымның жаңа деректеріне орын мен уақыттың нақты жағдайлары ескерілмейтін формаларға сүйенетін, яғни шығармашылық даму мен ақиқаттың нақтылығы принципін елемейтін ойлау әдісі. Догматизмнің пайда болуы діни түсініктердің, діни догматтардың өзгермейтін, сынауға болмайтын және барлық діндарлар үшін міндетті ақиқаттар деп көрсетілетін наным талаптарының дамуымен байланысты. Саясатта Догматтар сектанттыққа, шығармашылық марксизмнен бас тартуға, субъективизмге, практикадан қол үзуге апарып соғады.

Схоластика (грек тілінен scholastics – мектептік) –орта ғасырлық «мектептік философия», оның өкілдері- схоластар христиандық дін ілімін рационалды түрде негіздеуге және жүйелеуге ұмтылды. Орта ғасырлық схоластикада универсалия төңірегіндегі дау-дамайлар үлкен орын алды. Өз тарихында схоластика бірнеше кезеңге бөлінеді, алғашқы кезең схоластикасында (9-13 ғ) неоплатонизмнің ықпалы басым болады.(Эиугена, Ансельм Кантерберийский, Ибн-Рушд, Ибн-Сина, ) Жан дене бөлшектерінен жойылады деген. Осы көзқарастармен адамдардың интеллектуалдық қабілетінің теңдігі жайлы пікір туды. Космостық ақиқаттың апологиясы адамдардың өмірлік жетістігіне айнала бастады деген.

Орта ғасырдағы реалистердің басты өкілдерінің бірі Ф.Аквинский (1225-1274) т.б. болды. Оның ілімінше, материя түрден бөлек жеке өмір сүре алмайды, ал форма материядан бөлек өмір сүре алады. Бұл, Фоманың айтуынша ешбір материалдық дене жоғары формадан, яғни жаратушы құдайдан тәуелсіз өмір сүре алмайды, сондықтан-ақ құдай – таза рухани жан деген сөз. Тек табиғат дүниесіндегі заттар үшін ғана форма мен материяның бірлігі қажет.

Оның ілімінше, жалпы идеялар, универсалийлер үш түрлі өмір сүреді: 1) «Заттарға дейін» құдайдың ақыл-ойында; 2) «заттардың өз ішінде» олардың мәні немесе формасы ретінде және 3) «заттардан кейін», яғни абстракциялық ойлаудың нәтижесі ретінде адамның басында. Бұдан көретініміз, жалпы идеялар «заттарға дейін» құдайдың ақыл-ойында өмір сүреді деп, реалистермен келісетінін көрсетеді.Бірақ, сонымен қатар ол жалпы идеялар « заттардан кейін» адамның ақыл-ойының жемісі ретінде ойда өмір сүреді, сөйтіп олар заттарды жарата алмайды, қайта олардың нәтижесі болып табылады, дей отырып, белгілі бір дәрежеде номиналистерді жақтауға әрекет жасады.

Орта ғасырлық философияда негізгі күрес, айтыс «универсалий»

(жалпы ұғымдар) мәселелердің төңірегін де жалпының жекеге қатынасы жайлы болды.Философтар екі топқа бөлініп күресті: біреулері жалпы ұғымдар жеке, нақты заттардан тәуелсіз олардан бұрын пайда болған, бұл шын мәнінде құдаймен байланысты деп дәлелдеді.Бүкіл тіршіліктің мәні

Жаратушы құдай деді. Жалпы ұғымдар-универсалийлер реалды өмір

Сүреді, олар әуелбастан бар деушілер тобы реалистер (латынша «шын» деген сөзден шыққан) деп, ал олардың философиялық бағыты реализм деп аталады.

 

Бақылау сұрақтары:

 

1.        Әл – Фарабидің еңбектеріндегі психологиялық идеялар.

2.        Ежелгі Кытай ойшылдарының психологиялық ойларының дамуы.

3.        Ежелгі Шығыс ойшылдарының дін мен мифологиядағы психика жайлы идеялары.

 

 

 

2 лекция.

 

Антика философиясы

 

Жоспар:

1.     Ежелгі философиядағы жан туралы көзқарастар.

2.     Милет мектебінің философтарының психологиялық ой-пікірлері

3.     Элей мектебі: Гераклит диалектикасы

4.     Механизм мен атомизм қалаушылары

5.     Платон: идея туралі ілімі

1.Анимизм латынның анима (жан, рух) деген сөзінен шыққан. Анимизмнің танымдық негізіне жабайы адамдардың түс көру, өлім сияқты күрделі рухани құбылыстарды өзінше түсіндіруге тырысқандығының нәтижесінде адамдарда оның денесінен басқа «жан», «рух», «аруақ»- жатады.Жалпы алғанда , мифология да, тотемизм де, анемизм де кейінірек пайда болған діни дүниетанымның алғашқы алғышарттары іспетті және оның танымдық негізін құрайды. Қазақтардың ұғымында алғашқы қауымдық сананың «жан» туралы сенім-нанымдардың классикалық үлгілерімен үндесіп жататын, сонымен қатар, кейбір сонылығымен ерекшеленетін анимистік көзқарастардың жұрнақтары сақталған.

Егер орыс халқында «жан» («душа») демек, тыныс алумен (дыхание) байланыстырылса, қазақтар ұғымында адам өлгенде денесінен ұшып кететін шыбын тәріздес, бірақ бейзаттық рухани құбылыс. Онымен қатар «тән рухы» деген де ұғым бар.Ол адам ұйқыға кеткенде оның денесінен бөлініп шығып, уақытша болса да, дербес тіршілік етуі мүмкін. Осыдан келіп, түс көру құбылысын түсіндіруге талпыну орын алады. Және де ескеретін бір жәйт, қазақтар өмірдің бір аты «жалған» деген. Бірақ та бұл ұғым қазақтар арасына кейін сіңген «о дүние» туралы діни дүниетанымға байланысты қалыптасқан деп ойлаймыз. Ал өлген адамдардың рухтары мәңгі өмір сүреді-міс деген сенім қазақтар арасында ислам дінінен анағұрлым бұрын қалыптасқан. Жаман мінез-құлықты адамдарды аруақ атады, «өлі риза болмай, тірі байымайды» деген ұғымдар жоғарыдағы айтылған жәйттер мен тығыз байланысты екенін көреміз.

Анимистік көзқарастың тұрмыстық салт-санаға, жөн жоралғыларға етене енгені белгілі. Тіпті қазақ баласын «жаным» деп жақсы көрсе, ол да анимистік дүние пайымдаудың әсері демекпіз.

Гилозоизм (грек тілінен hale және zol - зат және өмір) – материяның әмбебап тіршілік туралы философиялық ілім. Алғашқы грке материалистері, Бруно кейбір француз материалистері (Робине) және басқалар гилозоистер болды. «Гилозоизм» термині бірінші рет 17 ғасырда енгізілді.Бұл ілім түйсіну мен ойлау қабілетін материяның барлық формаларына тениді. Шындығында түйсік- жоғары дамыған органикалық материяға ғана тән қасиет.

Догматизм (грек тілінен dogma- пікір, ілім, шешім)- тұрақты ұғымдарға, практика мен ғылымның жаңа деректеріне орын мен уақыттың нақты жағдайлары ескерілмейтін формаларға сүйенетін, яғни шығармашылық даму мен ақиқаттың нақтылығы принципін елемейтін ойлау әдісі. Догматизмнің пайда болуы діни түсініктердің, діни догматтардың өзгермейтін , сынауға болмайтын және барлық діндарлар үшін міндетті ақиқаттар деп көрсететін наным талаптарының дамуымен байланысты. Саясатта Догматизм сектанттыққа, шығармашылық марксизмнен бас тартуға, субъективизмге, практикадан қол үзуге апарып соғады.

Схоластика – (грек тілінен scholasticos- мектептік )- орта ғасырлық «мектептік философия», оның өкілдері- схоластар христиандық дін ілімін рационалды түрде негіздеуге және жүйелеуге ұмтылды. Орта ғасырлық схолостикасыда универсалия төңірегіндегі дау-дамайлар үлкен орын алды. Өз тарихында Схоластиктер бірнеше кезеңге бөлінеді, алғашқы кезең Схоласында (9-13ғ)неоплатонизмнің ықпалы басым болды. (Эиугена, Ансельм Кантерберийский Ибн-Рушд, Ибн-Сина) 14-15ғ. Кезеңіндегі «классикалық» схоластиктарда «христиандық аристотелизм» үстемдік етті. (Альберт Великий, Фома Аквинский). Кейіннен (15-16ғ. Католиктік исп. Иезуисті Ф.Суарестің) неосхоластар арасындағы дау-дамай ушыға келіп, катлик шіркеуінің Реформацияға қарсы күресіне ұласты.Бұл идеялық күресті, кейбір авторлар, схоластикалық философияның гүлденуі деп сипаттайды. Содан кейінгі ғасырларда схоластиканың күні өтіп, ол жаңа заманның алдыңғы қатарлы философ ілімдерінің ықпалымен ыдырай бастады. (Декарт, Гоббс, Локк, Кант, т.б.) 19ғасырда схоластика қайта жанданып, католиктік және протестанттық философияның әртүрлі мектептерінің басын біріктіре бастады.

Гераклиттің материализмі және диалектикалық ойлары оның атағын бүкіл Грецияға жайды. Милет мектебінің материалистері сияқты Гераклит те жаратылыстанумен айналысты. Дүниенің түпнегізін, бірақ жалын-оттан іздеді. Табиғат құбылыстары оттан жаратылған, кезі келгенде олардың бәрі отқа айналады. Гераклит заманында ақша айналымы іске қосылған еді. Отты сипаттау үшін Гераклит барлық товарлардың алтынға айырбасталатыны сияқты, барлығы отқа айырбасталады, дейді. Сананы Гераклит психея (рух) деп атады. Рух оның пікірінше метериалдық сипатта болды және ол-оттың ауыспалы жүйелерінің бірі. Одан әрі Гераклит таным теориясын дамытуға талпынады.Танымның мақсаты-табиғатты зерттеп, сырын ашу. Бұл танымдық процесте шешуші роль атқаратындар- сезім мен ақыл-ой. Оның ілімі айқын түрінде бір өзенге екі рет шомылуға болмайды деген тұжырымынан көрінеді. «Барлығы да өзгереді, барлығыда лапылдап жанады да өшеді, өмір дегеніміз мәңгі ағын, тірі өледі, жас қартаяды», т.с.с.

Материалистер әлем кеңістікте қозғалатын атомдардан тұрады деді. Әлемдегінің барлығы белгілі бір заңға бағынады деді. Жан денеге энергияның көзі ретінде қызмет етіп, өте ұсақ қозғалмалы атомдардан тұрады, ол өледі, денемен бірге жоғалып және пайда болып отырады деді. Идеалистер әлем материя мен идеядан (Платон) немесе табиғаттың шығармашылық басы сияқты формадан тұрады деді. Человек- венец природы. Жан ең алдымен ақыл мен адамгершіліктің қайнар көзі. Ол мәңгі өлмейді дейді. Демокриттің біздің заманға дейін фрагменттер түрінде сақталып, бүгінгі ұрпаққа жеткен шығармалары кең ауқымды, ғылымның барлық салаларын қамтыған десек те болады. Әсіресе оның философиядан, логикадан, психологиядан, этикадан, саясаттан, педагогикадан, көркемөнерден, тіл білімінен, математикадан, физикадан жазған шығармалары өз заманында озық үлгілі сипатта болды.

Демокрит өз тарапыныа бұрыннан қалыптасқан категорияларға жаңаша сипат берді, әрі ғылымдық жүйеге тың 123 соны категорияларды да енгізді. Олар- космос, атом, түр (форма), идея, болмыс, шындық, бейболмыс, бос кеңістік, қозғалыс, уақыт, т.с.с. Осылардың ішіндегі «шындық» категориясының маңызы зор болды. Оны алғаш рет қолданған Демокрит еді. Бұл категория арқылы ол заттар мен құбылыстардың қасиеттерін «шын мәнісінде» қандай екендігі, және жұрттың пікіріне қалай қабылданатыны тұрғысынан саралау керек деген.Мысалы; тәтті, ащы, қызыл, жасыл түстер тек жұрттың пікірінде ғана орын алады, ал шын мәнісінде олай емес,әлемде тек атомдар мен бос кеңістік қана, олар тәтті де, ащы да емес, қызыл да жасыл да емес, жұрттың пікіріндегі соңғы айтылған қасиеттер- адамдардың сезім мүшелерінің ерекше күйлеріне сәйкес және оларға әсер ететін атомдардың түріне, орналасу тәртібіне байланысты туатын түйсіктер деп атап көрсеткен.

Демек, атомистердің таным теориясының негізгі түйсіктер болып табылады.Демокрит танымды негізінен екі сатыға бөлген. Төменгі және жоғарғы сатысы деп. Төменгі сатысына түйсіктерге негізделген сезімдік таным жатады. Демокрит танымның аталмыш сатысын күңгірт, көмескі таным деп атаған. Ол ақиқатты тану жолында еш пайда келтірмейді. Бірақ, адамға ақпарат беріп отыру қызметін атқарады. Көмескі, күңгірт танымға көру, есту, сезу (иіс), дәм сезу сияқты түйсіктер жатады. Олардың танымдық ауқымы өте тар, ақиқатты танудағы мүмкіндігі өте мүшкіл, сондықтан да ақиқаттық таным ақыл-ой араласқан тұста ғана өз дәрежесіне көтеріле алмақ. Міне, Демокриттің бұл сараптамасы әлі күнге дейін өз құнын жойған жоқ.

Гиппократ. Гиппократ мектебі бізге «Гиппократтың шығармасы» деген атпен белгілі, ол өмірді өзгермелі процесс деп қарастырды. Оның түсіндіруші принциптерінің ішінен біз ауаны сыртқа (извне) ақыл әкелетін, әлемнің ағзамен үздіксіз байланыста болатын күш ретінде қарастырды, ал мида психикалық функцияларды орындайды. Органикалық өмірдің негізі ретінде біркелкі материалдық бастау жоққа шығарылды. Егер адамдар бірдей болса, онда олар ешқашан ауырмас еді, егер ауырса, онда жазылу тәсілі де бірдей болу керек еді. Бірақ бұлай ешқашан болмайды. Көптеген заттардың негізінде жатқан бірдей құбылыс жайлы оқытуды Гиппократ төрт сұйықтық жайлы оқытумен алмастырды. (қан, шырыш, көк өт және қара өт).Осыдан алдағы айтылатын төрт темпераменттің қайсысы қандай сұйықтан тұрады.- сангвиник (қанды иемденгенде), флегматик (шырыш), холерик (көк өт), меланхолик (қара өт). Болашақ ғылыми психология үшін осы түсіндірмелі принцип өте маңызды орын алды. Біріншіден адамдар арасындағы сансыз айырмашылықты мінез-құлықтың бірнеше белгілері бойынша топтастыруға болатын алдыңғы жоспарға болжам жылжыды; сонымен қатар адамдар арасындағы индивидуалдық айырмашылық жайлы қазіргі оқытудың негізінде жатқан, ғылыми типологияның бастауы салынды. Екіншіден айырмашылықтың себебін Гиппократ ағзаның ішінен іздеді. Ал жүйке жүйесі жайлы бұл заманда білмеді, сондықтанда қазіргі тілмен айтқан типология гуморальды болды. (латын тілінен аударғанда «гумор»- сұйықтық) .

Анаксагор. Гераклиттің әлем жалын оттан тұрады деген көзқарасын мойындамады. Ол табиғатты көптеген ұсақ бөлшектерден тұрады дей отырып, ол одан бастау іздеді, яғни хаостан, ретсіз жинақтар мен осы бөлшектердің қозғалысынан ұйымдастырылған космос пайда болады. Мұндай бастауды Анаксагор «нус» (ақыл) деп аталатын, «өте нәзік зат» деп мойындады. Оның айтуынша адам-қолы болғандықтан жануарлардың ішіндегі ең ақылдысы болып табылады деді. Яғни адамның артықшылығын ақыл анықтамайды деген де шықты, бірақ оның денелік (телесная) ұйымы ақылдың - жоғарғы психикалық сапаларын анықтайды. Гераклит, Демокрит және Анаксагордың қалыптастырған принциптері ғылыми әлемді қалыптастырудың басты өмірлік жүйкенің болашақ жүйесін қалыптастырды. Екі жарым мың жыл бұрын Көне Грецияда ашылған түсіндірмелі принциптер барлық уақыттың рухани көрінісін танудың негізі болды.

Софистер. Біздің дәуірімізге дейін V ғасырда Ежелгі Грецияда құлиеленушілік демократия логика, риторика, психология, философияның жедел қарқынмен дамуына жол ашты. Соттарда, халық жиналыстарында әдемі сөйлеп, халықты, мүмкін болса өз қарсыластарын да айытқанына сендіріп, өз жағына тарта білу өнері алдыңғы қатарға шығады. Осыған байланысты риторика (әдемі сөйлеу өнері) өнеріне ақы алып үйрететін ұстаздар пайда болады. Оларды софистер деп атады. Олардың басты қағидасы- әркімнің өз ақиқаты бар. Жақсылық пен жамандықтың объективті мөлшері жоқ. Кімге не пайдалы болса-сол жақсылық, игілік.

Платон (б.д.д. 427-347 ж.ж.) Сократтан дәріс алған, оның ілімін әрі қарай жалғастырушы. 20 жасында Сократтан дәріс алған кейін Афинада Гекадем атындағы гимназияда ұстаздық етеді. Бұл мектеп алғашқыда Гекадемия деп, соңғы кезде академия деп аталынады.

Платон пікірінше, шын болмыс –ақылмен ғана білуге болатын денесіз идеялар әлемі. Платонның болмысы өздеріне тән идеялары бар рухани көпшілік. Әр идея өз алдына мәңгі және өзгермейді, ол өзіне өзі тән. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. Әлемде қанша бір тектес, бір-біріне ұқсас заттар, құбылыстар, процестер, қатынастар т.б. көп болса, соншама идеялар бар. Идеялар бір- бірімен тек қана қарым-қатынаста емес, сонымен бірге бір-біріне бағынышты, немесе бірнеше түрлі идеялар бір ортақ идеяға бағынышты қатынастарда болады. Идеяларға Платон материя мен кеңістікке барабар етілген болмыс еметі қарсы қойды. Сезімдік дүние, Платонша, «идеялар» мен «материяның» туындысы, олардың арасында, екі ортада тұрады.

«Идеялар мәңгілік», «Аспаннан да биік», және олар пайда болмайды, өлмейді, салыстырмалы емес, кеңістік пен уақытқа тәуелді емес.Сезімдік заттар өзгермелі, салыстырмалы, кеңістік пен уақытқа тәуелді келеді.Платон космологиясында «дүние жүзілік» туралы, психологиясында –жанның біздің денеміздің қараңғы қапасында екендігі туралы және жаңаша оның түрленуі туралы өлімге баса ден қойылды. Платон таным түрлерін танылатын затардың айырмашылықтарына тәуелді түрде ажыратты. Шын ақиқат «түрлерді» ғана анық тануға болады. Адамның өлмес жанының идеялар дүниесі туралы есіне түсірді. Осындай танымның көзі болып табылады, бұл дүниені ол ажалды тәнге қонғанға дейін аңдыйды. Сезімдік заттар мен құбылыстар туралы білім емес, тек ықтимал «пікір» ғана болуы мүмкін. «Идеялар» мен сезімдік заттардың арасына Платон пайымдық танымға түсінікті математикалық объектілерді қояды. Таным әдісі- «диалектика», Платон «диалектика» деп екі жолды көрсетті, олар: ұғымдарды қортындылау сатысымен жоғары тектеріне дейін өрлеу және ең жалпы ұғымдардан барған сайын жалпылығы кеми түсетін ұғымдарға қарай құлдырау. Сонымен Платонның пікірінше, таным дегеніміз жанның жерге жеткенге дейін өткен өмірін еске түсіру болып табылады.

Аристотель ( 384-322 ж. б.д.д.) Грецияның бірден-бір ұлы ғұламаларының бірі. Оның «Жан туралы» жұмысы бірінші психологияның монографиясы болып саналады.Ең алдымен Аристотель Платонның жан туралы құбылысын қарастырды. Оның көзқарасынша жан мен тән бір-бірінен бөлінбейді. Осыдан Аристотель өзінің жан туралы шығармасында , жан-тәннің өміріне қабілетті реализацияның формасы деген түсінік берді. Осы құбылысты анықтай отырып, Аристотель былай деді, яғни егер біз жанның қайнар көзін тапқымыз келсе, онда ол зрение болар еді, яғни жан оның пайда болу мақсатын көрсететін, қазіргі пәннің маңызы болар еді. Жансыз материя таза потенция, ол ештеңе емес және еріген металл сияқты, бір уақыттарда барлығы болуы мүмкін. Бірақ егер оны қылыш немесе пышақ сияқты құйса, онда ол бірден анықтауға болатын мақсаттан тұрады.Сондықтан да жан шынында да тәнсіз өмір сүре алмайды. өйткені форма- ол әрқашанда бірдеңенің формасы. Дегенмен Аристотельдің тұжырымдамасы- тек грек психологиясындағы болмыстық және толығырақ қана емес, күрделі де қарама –қайшы болып табылады. Бірінші қарама –қайшылық оның шығармасында жанның қызметі мен қабілетінен пайда болады. Ол жанның үш түрден тұратынын да жайлы жазды олар: өсімдіктік, жануарлық, ақылдық. Сонымен өсімдіктік жан қоректену мен көбеюге қабілетті.

Жануарлық жан одан басқа төрт функциядан тұрады- талпыныстан (сезімнен), қозғалыстан, түйсіну мен есте сақтаудан. Ал ақылдық жан ол тек адамда ғана бар, сонымен қатар ол ойлауға қабілеттілікті де иемденеді.

Жанның әрбір жоғарғы формасы- соған тән болған, функцияларды меңгере отырып, алдыңғылармен түзеледі. Сондықтан да егер өсімдіктік жанда екі функция болса, онда жануарлықта – алты, ал ақылдықта –жеті. Осыдан барып, психологияда тұңғыш генезис идеясы пайда болады. Бұл психиканың өмірдің бір формасынан екінші формасына- өсімдіктен жануарлық әлем мен адамға дейінгі өтудегі даму.

Қорыта келгенде Аристотельдің теориясы өте өзекті және кең ауқымды проблемаларды қамтыды.

 

Эллинизм. Александр патшаның тәсілінен кейін (IV ғ.б.д.д.) өте ірі көне монархия пайда болды. Оның кейінгі ыдырауы тарихтың көне әлемінде жаңа кезең ашты- ол эллинистикалық . Оған Греция мен Шығыс елдерінің мәдени элементтерінің синтезі тән.

Тұлғаның қоғамдағы жағдайы түп төркінімен өзгерді. Тәуелсіз грек туған елімен, қалыпты әлеуметтік ортамен байланысты жойып алды. Барлық қаталдықпен ол өзгермелі әлемдегі өзінің өмір сүру тұрақсыздығын сезінді. Бұрынғы кезеңнің ұлы интеллектуалдық жетістіктеріне, ақылдың құдыретіне сену күдік туғызады. Осыдан барып олардың тәуелсіздігіне, дәлелденбегеніне байланысты, айналадағы әлемге қатысты пікірден мүлде бас тартуды талап ететін скептицизмдік философия пайда болады. Мұндай интеллектуалдық бағыт этикалық мотивациядан пайда болды. Яғни ақиқатты іздеуден бас тарту, атаракциялық (грек тілінен аударғанда толқудың жоқ болуы) жағдайды иемдену мен рухани тыныштықты иемденуге де мүмкіндік береді деп болжанды.

Эллиндік дәуір гректердің саяси өмірімен қатар рухани әлемін де ұлы өзгерістерге алып келген Александр Македонский жорықтарымен (б.з.д. 334-323) басталады. «Эллинизм» термині гректердің hellenizo деген сөзінен шыққан және «грекше сөйлеу», «грекше жасау» деген ұғымды білдіреді. Эллиндену, А.С.Богомоловтың айтуынша, орасан зор аймақты мекендеген мәдениеті жоғары дамыған халықтардың эллиндік мәдениетті қабылдай отырып, грек және әртүрлі варвар халықтар мәдениеттері өзара байланысып, синтезделуі нәтижесінде өзіндік өркениетті қалыптастыруы болып табылады. Эллиндік монархиялар жағдайындағы жаңа өмір тәртібі бұрынғы « құндылықтарды» қажет етпеді, мемлекет пен адам арасындағы ескі байланыс бұзылды. Эллиндік адам енді «азамат» емес, орасан зор империяның арасына сіңіп кеткен « бағыныштылар» еді.

Классикалық грек мәдениетінің эллинизмге өзгеруі тереңдік пен тазалықтың жоғалуына әкелгенімен, шығыс мәдениетімен синтезделу нәтижесінде оның интенсивті дамуына жол ашылды. Жаңа мәдени орталықтар пайда болды: Пергам, Родос, Александрия, олардың даңқы белгілі дәрежеде Афиныдан асып түсті. Эллинизмнің жақын беттерінің бірі Эпикур шығармашылығы және б.з.д. IV ғасырдың соңында ол негізін қалаған «Бақ» мектебі өкілдерінің философиясы болды Оның ілімінде каноника да (ақиқаттың өлшемі және таным ережелері туралы ілім), физика да (болмыстың құрылысы туралы ілім) бар, алайда олар этиканың функциясы арқылы ғана жүзеге асады. Яғни, бұл- адамның мақсаты туралы ілім, бақыт және оған жетудің тәсілдеріне негізделеді. Эпикур бойынша ғалам табиғатын білмей өмір мен өлім, тағдыр және т.б. алдындағы адам жанында болатын қорқынышты жеңу мүмкін емес. Ал онсыз бақытқа жету мүмкін емес. Эпикурдың айтуынша бақыт-бұл еш нәрсемен бүркемеленбеген ләззат, ол «денеге тән қасіреттің жоқтығынан» немесе жанның тебіреніссіз қалпынан көрінеді. Сондықтан Эпикур үшін нағыз идеал практикалық даналық болып табылады, яғни моральдық өмірді басқаруға жағдай жасайтын ақыл-ой.

Адам- азаматтың орнына тарихи аренаға адамзатқа тән байланыстардың ішінде тек достықты ғана қадірлейтін адам- индивид келді. Эпикур тағдыр мен фатализмге қарсы шыға отырып, өз замандастарына бақытқа жетудің жаңа жолын көрсетті: бақыт іштен туындайды және ол тек біздің қолымызда, ал қалған нәрсенің бәрі іш пыстыратын бос дүние. Александрияда жекелеген ғылымдардың гүлденуі ерекше көзге түседі. Кітапхананың жұмысымен байланысты философияның қалыптасуы, математиканың (Евклид), механиканың (Архимед) дамуы, астрономияда гелиоцентристік төңкеріс жасауға талпыныс (Аристарх), эллиндік медицинаның жеткен шыңдары, анатомиядағы табыстар, географияның жүйеленуі (Эратосфен), сипаттамалы жаратылыстанудың, тарихтың, бейнелеу өнерінің, техниканың дамуы. Мұның бәрі – ерекшелігі мамандану болып табылатын көлемі жағынан да, сапасы жағынан да өзгеше жаңа феноменнің өмірге келгендігін дәлелдейді.

 

Бақылау сұрақтары:

 

1.                 Анимизм, Гилозоизм, Догматизм, Схоластика туралы түсінік.

2.     Анаксагор ілімінің маңызы.

3.     Эллинизм ілімінің пайда болу мәні.

4.     Аристотельдің жан туралы шығармасынің мәні.

5. Гиппократтың темперамент туралы оқытуы.

 

3 лекция.

 

Орта ғасыр мен Қайта өркендеу дәуіріндегі психология

 

Жоспар:

1.     Орта ғасырдың шіркеу философиясындағы жан туралы пікірлері.

2.     С. Августиннің психологиялық көзқарастары.

3.     Ф.Аквинскийдің ілімі.

4.     Гугоның психологиялық ойы.

Орта ғасырдың шіркеу философтары жан түсінігіне келесі анықтама береді. «Жан-тірі, қарапайым, тәнсіз, саналы-сөздік, дене арқылы әрекетті және өмір, өсіп өну, сезім және туу күшін береді.. Еркінді, ерік жігеріне өзгермелі әрекет жасауға,істеуге қабілетті, ақылы бар, оның өзнен айрықша емес, бірақ өз өзінің таза бөлігі ретінде болады. Көз денеде болса, ақыл жанда болады» Адам жаны шығармасында Иоанн Дамаска жазған. Осы анықтамада жан қызметті ғана көрсетіліп қоймаған, және де денеге деген оның қатынасы да айтылған.

Св. Августин психологиясы шындығы зор адамның сезімі, шиеленісі, азабы жайлі баяндайды. Св. Августин әдлетпен ізашарларының психоанализімен санасады.

 

Филон Плотин Бл.Августин

Пневма тыныс Рефлексия Жан-ол

алу ретінде жанның қызметі ретінде ерік

 

Фома Аквинский (1225-1274) аристотель принципіне сүйенеді. Жан ғасырдан жасалмайды, бірақ оны тән қабылдауға дайын болған сәтте Құдай жасап шығарады.

Александр патшаның тәсілінен кейін (IV ғ.б.д.д.) өте ірі көне монархия пайда болды. Оның кейінгі ыдырауы тарихтың көне әлемінде жаңа кезең ашты- ол эллинистикалық . Оған Греция мен Шығыс елдерінің мәдени элементтерінің синтезі тән.

Тұлғаның қоғамдағы жағдайы түп төркінімен өзгерді. Тәуелсіз грек туған елімен, қалыпты әлеуметтік ортамен байланысты жойып алды. Барлық қаталдықпен ол өзгермелі әлемдегі өзінің өмір сүру тұрақсыздығын сезінді. Бұрынғы кезеңнің ұлы интеллектуалдық жетістіктеріне, ақылдың құдыретіне сену күдік туғызады. Осыдан барып олардың тәуелсіздігіне, дәлелденбегеніне байланысты, айналадағы әлемге қатысты пікірден мүлде бас тартуды талап ететін скептицизмдік философия пайда болады. Мұндай интеллектуалдық бағыт этикалық мотивациядан пайда болды. Яғни ақиқатты іздеуден бас тарту, атаракциялық (грек тілінен аударғанда толқудың жоқ болуы) жағдайды иемдену мен рухани тыныштықты иемденуге де мүмкіндік береді деп болжанды.

Эллиндік дәуір гректердің саяси өмірімен қатар рухани әлемін де ұлы өзгерістерге алып келген Александр Македонский жорықтарымен (б.з.д. 334-323) басталады. «Эллинизм» термині гректердің hellenizo деген сөзінен шыққан және «грекше сөйлеу», «грекше жасау» деген ұғымды білдіреді. Эллиндену, А.С.Богомоловтың айтуынша, орасан зор аймақты мекендеген мәдениеті жоғары дамыған халықтардың эллиндік мәдениетті қабылдай отырып, грек және әртүрлі варвар халықтар мәдениеттері өзара байланысып, синтезделуі нәтижесінде өзіндік өркениетті қалыптастыруы болып табылады. Эллиндік монархиялар жағдайындағы жаңа өмір тәртібі бұрынғы « құндылықтарды» қажет етпеді, мемлекет пен адам арасындағы ескі байланыс бұзылды. Эллиндік адам енді «азамат» емес, орасан зор империяның арасына сіңіп кеткен « бағыныштылар» еді.

Классикалық грек мәдениетінің эллинизмге өзгеруі тереңдік пен тазалықтың жоғалуына әкелгенімен, шығыс мәдениетімен синтезделу нәтижесінде оның интенсивті дамуына жол ашылды. Жаңа мәдени орталықтар пайда болды: Пергам, Родос, Александрия, олардың даңқы белгілі дәрежеде Афиныдан асып түсті. Эллинизмнің жақын беттерінің бірі Эпикур шығармашылығы және б.з.д. IV ғасырдың соңында ол негізін қалаған «Бақ» мектебі өкілдерінің философиясы болды Оның ілімінде каноника да (ақиқаттың өлшемі және таным ережелері туралы ілім), физика да (болмыстың құрылысы туралы ілім) бар, алайда олар этиканың функциясы арқылы ғана жүзеге асады. Яғни, бұл- адамның мақсаты туралы ілім, бақыт және оған жетудің тәсілдеріне негізделеді. Эпикур бойынша ғалам табиғатын білмей өмір мен өлім, тағдыр және т.б. алдындағы адам жанында болатын қорқынышты жеңу мүмкін емес. Ал онсыз бақытқа жету мүмкін емес. Эпикурдың айтуынша бақыт-бұл еш нәрсемен бүркемеленбеген ләззат, ол «денеге тән қасіреттің жоқтығынан» немесе жанның тебіреніссіз қалпынан көрінеді. Сондықтан Эпикур үшін нағыз идеал практикалық даналық болып табылады, яғни моральдық өмірді басқаруға жағдай жасайтын ақыл-ой.

Адам- азаматтың орнына тарихи аренаға адамзатқа тән байланыстардың ішінде тек достықты ғана қадірлейтін адам- индивид келді. Эпикур тағдыр мен фатализмге қарсы шыға отырып, өз замандастарына бақытқа жетудің жаңа жолын көрсетті: бақыт іштен туындайды және ол тек біздің қолымызда, ал қалған нәрсенің бәрі іш пыстыратын бос дүние. Александрияда жекелеген ғылымдардың гүлденуі ерекше көзге түседі. Кітапхананың жұмысымен байланысты философияның қалыптасуы, математиканың (Евклид), механиканың (Архимед) дамуы, астрономияда гелиоцентристік төңкеріс жасауға талпыныс (Аристарх), эллиндік медицинаның жеткен шыңдары, анатомиядағы табыстар, географияның жүйеленуі (Эратосфен), сипаттамалы жаратылыстанудың, тарихтың, бейнелеу өнерінің, техниканың дамуы. Мұның бәрі – ерекшелігі мамандану болып табылатын көлемі жағынан да, сапасы жағынан да өзгеше жаңа феноменнің өмірге келгендігін дәлелдейді.

 

Адамның санасының пайда болуы мен оның сипаты психика дамуының ең жоғары, жаңа сатысынан дерек береді. Жануарларға тән психикалық бейнелеуден саналық бейнелеудің айырмашылығы бұл заттасқан шындық болмысты бейнелеу. Ішкі психикалық құбылыстардың болуы, әлемнің субъектив бейнеге енуі адам психикасының мәңгі зерттелетін сыры.

Сана психикасының ерекше сапалық формасы тіршілік эволюциясында өзінің ұзаққа созылған тарихына ие болғанымен, ол алғашқы рет еңбек пен қоғамдық қатынастарға түскен адамда ғана пайда болды.

Адамның саналы әрекетінің үш айрықша белгісі бар: 1) адамның саналы әрекеті биологиялық себеп- салдармен байланысы жоқ. Кейбір жағдайларда адам биологиялық қажеттілікке бой сұнбай , оған қарсы шығады; 2) адамның саналы әрекеті жануарлардағыдай заттың сырқы көрінісімен ғана қанағаттанбастан, оны тереңірек, жан – жақты тануға бағытталады. Адам нақты көрнекіліктен абстрактілі бейнелеуге өтіп, объектердің астарлы байланыстарына үңіле көз жіберіп, тысчқы бейне формасын ғана емес, тереңдегі заңдылықтарын тануға ұмтыладыда, соларға орай өз әрекет – қылығына бағыт таңдайды; 3) жануар әрекет – қылықтары биологиялық байланыспен бірге, туа беріліп отырса, адамның біліктері мен ептіліктері қоғамдық – тарих желісінде топталған адамзаттық тәжірибені үйрену негізінде қалыптасып, олар оқу арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіледі. Адам игілігіндегі әрекет – қылық тәсілдері оның өз тәжірибесінің өнімі емес, өткен әулеттің тарихи – қоғамдық іс - әрекетін игеруден. Адамдағы бұл құбылыс жануарлар болмысында тіпті де болуы мүмкін емес.

Жануарлар қылығынан мүлде өзгеше, адамның саналы әрекетін қалыптастыратын шарттар:

1)                тіршіліктің әлеуметтік – тарихи сипаты;

2)                өмірдің қоғамдық еңбекпен байланысы;

3)                еңбек құралдарын дайындап, пайдалана білу;

4)                тілдік қатынастың пайда болуы.

Сана - психика дамуының жоғары сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жалпыны білу адамның болмыста әрекет жасауына мейлінше дұрыс бағдар ұстауын қамтамасыз етеді, істі біліп әрекет жасауына, өзін дұрыс алып жүруге мүмкіндік береді. Жалпыны біле отырып адам әрбір жеке міндетті практикалық тұрғыдан шеше алады. Заңдылықтарды біле отырып, белгілі бір оқиғаның болатынын алдын ала болжай да алады. Жалпы мен елеулі жайындағы білімдерді жинақтау ғылымды И.П.Павловтың сөзімен айтқанда, «болмысты және өз басымызды дұрыс алып жүруде жоғары бағдарлықты» қалыптастырады.

Жеке адам санасы мен қоғамдық сана диалектикалық бірлікте болады. Жеке адам санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен қатар адамзат жинақтаған білімді меңгеру нәтижесі де болып табылады. Екінші жағынан, қоғамдық сана жеке адамдар мен бұқара көпшіліктің шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесінде қалыптасады.

Сана объективтік болмыс жайында қорытылған білімнен ғана емес, сондай-ақ болмысқа белгілі түрдегі қатынастардан да көрініп отырады. Адам өзін табиғаттан бөліп алады, белгілі автономия танытады, белгілі дәрежеде бағалай отырып, оқиғаларға байқастап жанасады. Адам қатынастарда интеллектуалды және эмоционалды сипатта болуы мүмкін. Көп жағдайларда саналы қатынастар интеллектуалды, эмоционалды қатынаста, екеуі аралас келеді. Сана адамның шығармашылық қабілеттілігінен көрінеді. Адамның санасы объектвиті дүниені бейнелеп қана қоймай, сонымен қатар оны жасайды.

Адам дүниені саналы түрде өзгертуге талпынады, оны өз қажеттілігіне бейімдегісі келеді, тіпті ол табиғаттың жеке элементтерінен табиғатта кездеспейтін жаңа заттар жасайды. Шығармашылық адамның бүкіл Жерді мекендеуіне жол табуына мүмкіндік береді.

Сананың аса маңызды қасиеті оның есеп беруі болып табылады. Адам өзінің ниеті мен күйзелісі, ойы мен түйсігі туралы өзіне-өзі есеп береді, демек, сана тек қана сыртқы білімді емес, өзін білуді қамтамасыз етеді, яғни өзіндік сана-сезім түрінде де көрініс береді. Адам есеп беруінің арқасында өз күшін реттей алады, өзін түзетіп және дамытып отырады.

Білім негізінде жеке адамның іс-әрекетінедгі және мінез-құлқындағы саналылық мөлшерін анықтауға болады. Жеке адам мінезі мен іс-әрекетінде білімге сүйенеді, ол өткендегіні ескеру және болашақты болжай отырып, неғұрлым тиімді тәсілді таңдап алады. Бұл ретте адам өзін-өзі бақылайды және өз күшін жоспарына қарай реттеп отырады.

Қорыта айтсақ, сана психиканы біріктіруші ең жоғары өмір әрекеті формасы, адамның еңбек әркетіне орай басқалармен тұрақты тілдік қатынасқа келу арқасында қоғамдық тарихи шарттарға сай қалыптасуының нәтижесі.

Сана – бұл қоғамдық болмыс. Сана құрылымында төрт негізгі сипат байқалады: (А.В. Петровский)

1)                Сана қоршаған дүние жөніндегі білімдердің жиынтық бірлігі, оның құрылымына барша танымдық процесстер енеді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял т.с.с

2)                Санада субъекті мен объектінің айырмашылықтары бекиді. Органикалық әлем тарихында тек адам өзін басқалардан бөлектеп, олармен салыстыра алады. Жалғыз адам-ақ тіршілік иелері арасында өзін тануға, яғни психика әркетінің бағытын өзіне бұруға қабілетті.

3)                Мақсат болжастыру әрекетін қамтамасыз ете алады. Адам табиғат берген заттың формасын өзгертеді, сонымен бірге өзін өзгерту ісін заңдық сипатқа ие саналы мақсатпен ұштастырып, іс-әрекетінің сипаты мен тәсілдерін алдын ала белгілейді, ерік-күшіне бағындырады. Осыдан сана қызметі: мақсат қалыптастыру, себеп салдарын анықтау, еріктік шешім қабылдау, іс-әрекеттің орындалу жолын анықтау т.с.с.

4)                Сана құрылымында әрекетке орай қатынастар орнығады. Адам санасы міндетті түрде өз ішіне күрделі объектив, ең алдымен адам қатысқан қоғамдық қатынастарды бейнелейтін сезімдер жүйесін қамтиды.

Сананың жоғарыда аталған бүкіл арнайы қасиеттерінің қалыптасуы мен көрініс беруінің міндетті шарты – тіл, сөз.

Тіл – бұл қоғамдық тарихи тәжірибе немесе қоғамдық сананы бекіткен ерекше объективтік жүйе. Нақты адам тарапынан қабылданған тіл сол адамның нақты санасының көрінісі.

2. Еңбек және саналы іс - әрекет.Сана - адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы.

Адамның жануардан түпкі ерекшелігі ол қаруды қолданып қана қоймастан, оны дайындау қабілетіне ие. Қаруды дайындаудың өзі-ақ ежелгі адамның іс-әрекетін түбегейлі өзгертіп жіберді. Қару дайындау үшін болған әрекет енді биологиялық қажеттілікпен ғана анықталмайды. Бұл тұрғыдан ол қажетсіз, ал қару дайындаудың шын мән – мағынасы кейінгі аң аулау қажеттіліәгінен туындайды, яғни бұл іс орындалып жатқан әрекеттің тәсілін білумен ғана емес, сол қарудың болашақта қолданылуын болжай алуға да байланысты. Қару дайындалудың қажетті шарты бола тұра, сол білік сананың ең алғашқы көрінісі ретінде танылады, яғни саналы іс-әрекеттің бірінші формасы.

Қару дайындауға бағытталған іс-әрекет адамның қылық құрылымын түбегейлі қайта қарастыруға алып келді. Жануар қылығы өз қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған әрекет ішінен мағынасы болашақта ғана көрінетін арнайы әрекеттер бөлініп шықты.

Алғашқы рет сана мен іс-әрекеттің бірлігі жөніндегі идеяны алға тартқан Л.С.Рубинштейн. Ол «іс-әрекет және сана назар аударылған объектінің екі, әртүрлі тарапы емес. Олар табиғи біртұтас; теңдік емес, бірлік»,- деп жазған.

Сана мен іс - әрекет бірлігі принципі әрекеттің санасыз, ал сананың әрекет қатыспайынша қалыптаспайтынын негіздейді. Мұндай көзқарастан сананы тану іс- әрекетті зерттеу арқылы ғана мүмкін екені дәлелденді. Әрқандай ғылыми таным әрекет пен оның өнімін білуден олардың орындалу барысында көрінетін басқа психикалық процестерге өтуі қажет. Осылай, сана мен әрекет бірлігі принципі психологияның барша объектив әдістерінің негізіне айналды.

Ғылымға бұл принциптің енуі іс-әрекет теориясын дұрыс түсінуге бағыт береді. Осы кезге дейін психологияның қай бағыты болмасын, психиканы – ішкі құбылыс, ал әрекетті- сыртқы деп түсіндіретін. Ал сана мен іс- әрекет бірлігі принципінен келетін болсақ, шынында да, психика, сана тек ішкі құбылыс болып қалмайды. Осылайша, әрекетте тек сыртқы көріністермен танылып қалмай, өзіне тән ішкі мазмұнға да ие, бірақ бұл қасиет оның бір тараптан толық сипатын бере алмайды. Сана мен әрекет бірлігінің мәні: тұлғаның санасы мен барша психикалық қасиеттері әрекетте көрініп қана шектелмей, сол әрекет процесінде қалыптасады.

3. Тіл және адам санасы.Адамның күрделі құрылған саналы әрекетінің қалыптасуына себепші болған екінші шарт – бұл тілдің туындауы еді. Тіл деп қоршаған орта заттарын, олардың әрекетін, сапасын және объектілер арасындағы қатынастарды бейнелейтін белгілер жүйесін айтамыз. Сөз сөйлеуге қосыла, тілдесудің негізгі құралына айналады, соның арқасында адам ақпарат топтайды, білдіреді, адамдар әулетінің тәжірибесіүйреніп, игереді.Тілдің келіп шығуы жөнінде талай болжамдар мен теориялар айтылған.Ғылыми түрде алатын болсақ, тілдің шығу негізін адамның қоғамдық еңбек қатынастарынан іздеген жөн.

Тіл- заттарды, олардың қозғалысы, сапасы және қатынастарын білдіретін таңбалар жүйесі, ақпарат жеткізуші құрал ретінде адамның саналы әрекетінің бұдан былайғы өркендеуінде үлкен маңызға ие болды. Осыдан тіл де еңбекпен қатар, сананың қалыптасуның негізгі себептерінің бірі.

Тілдің адам өміріне енуі іс-әрекетке өте мәнді болған үш өзгеріс енгізді:

-                     Қоршаған орта заттары мен оқиғаларын жеке сөздер мен сөйлемдерге келтіріп, тіл сол заттарды бөліп алып, оларға назар салып, есте қалдыруға мүмкіндік берді, яғни тіл біз танитын дүниені екі есе көбейтіп, ол жөніндегі ақиқатты жадқа бекіту мен адамның ішкі жан дүние бейнелерін түзеуге жәрдемдесті;

-                     Тілдегі сөздер белгілі заттарды атап қана қоймастан, олардың мәнді қасиеттерін абстракт танып, қабылданушы затты тиісті категорияларға жатқызуға көмек берді. Осыдан тілге байланысты дерексіздену мен қорытындылау процесі қамтамасыз етіліп, сөз енді тек тілдесу құралы ғана емес, бейнелеудің сезімдік дүниеден ақыл-сана әлеміне келтірілген ойлаудың да жабдығына айналды;

-                     Тіл адамзаттың қоғамдық тарихында жинақталған ақпаратты жеткізудің бірден-бір құралы. Ғасырлар өтумен қоғамдық тарихи тәжірибедегі күрделенген ақпаратты ұрпақтан ұрпаққа жеткізумен тіл адамға сол тәжірибені игеріп, жеке басының қолынан келмейтін білім, ептілік пен әрекет тәсілдерін үйреніп алуына жол ашты.Тіл сана дамуының ең маңызды, шынайы құралы болды.Тіл адамның саналы іс- әрекетінің барша саласынга қатысуымен, оның психикалық процестерінің ағымын жаңа деңгейге көтерді. Сондықтан да тіл мен сөзді адамның бүкіл саналы өмірінің арқауы деп қарастыруға болады.

Сонымен, сана өзімен қатар еңбек барысында пайда болған тілмен бірге жасайды, тілсіз сана жоқ. Сана адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы.

 

Бақылау сұрақтары.

 

1.        Орта ғасыр психологиясында материалистік идеялардың дамуы.

2.        Орта ғасыр психологиясында идеялистік идеялардың дамуы.

 

 

 

4 лекция.

 

ІІ-бөлім. Жаңа дәуірдегі психологияның дамуы. ХVІІ ғасырдағы Европалық психология.

 

Жоспар:

1.Рационалистік психология. Декарт.

2. Эмпирикалық психология. Бэконның индукция ілімі.

3. Дж.Локктың эмпирикалық таным теориясы.

Бұл кезенге ғылым мен техникадағы, анатомия мен физиологиядағы көптеген ашулар мен өнертабыстар жатады. Осыған орай психология пәніне деген көзқарастарда өзгерді:жан ұғымы өзгеріс ала бастайды.

Рационалистік психология.

17 ғасырда француз ғалымы Рене Декарт (1596-1650) рационалистік психологияның негізін салды. (рацио-латын сөзі, қазақша «ақыл» деген мағынаны білдіреді). Рационалистік психология – дуниетану мен ақиқат білім алудың жалғыз ғана дұрыс жолы — ақыл ой деп есептеді. Декарт дуалист (латиница «дуа» қазақша екі деген сөз), яғни дүниенің қос негізі бар деп үағаздаушы ғалым. Декарттың айтуынша, дүниенің қос негізі бар: ол материя мен ойлаушы жан. Материя кеністіктен орын алады, оның

Эмпирикалық психология.

Капитализмнің пайда болып дами бастауы, әсіресе, жаратылыстану ғылымдарының өрістеп алға басуына себепші болды. Ғылым атаулы тұрмыспен байланысып, тәжірибелі ғылымдырға айнала бастады. Осындай тәжірибелі ғылымдарға негіз салған ағылшынның белгілі философы Бэкон болды. Френсис Бэкон (1561-1626) жан туралы ғылымың шетінетіп оның орнына сана туралы жаңа ғылым жорамалын құрды. Ол сана құбылысының негізіне эмпирикалық зерттеуді жатқызды. Егерде басқалар жанда өмірмен тенестірсе, Ф.Бэкон болса алғаш рет «өмірлі» мен «жанды» деген ұғымды бір бірінен бөлді.

Александр патшаның тәсілінен кейін (IV ғ.б.д.д.) өте ірі көне монархия пайда болды. Оның кейінгі ыдырауы тарихтың көне әлемінде жаңа кезең ашты- ол эллинистикалық . Оған Греция мен Шығыс елдерінің мәдени элементтерінің синтезі тән.

Тұлғаның қоғамдағы жағдайы түп төркінімен өзгерді. Тәуелсіз грек туған елімен, қалыпты әлеуметтік ортамен байланысты жойып алды. Барлық қаталдықпен ол өзгермелі әлемдегі өзінің өмір сүру тұрақсыздығын сезінді. Бұрынғы кезеңнің ұлы интеллектуалдық жетістіктеріне, ақылдың құдыретіне сену күдік туғызады. Осыдан барып олардың тәуелсіздігіне, дәлелденбегеніне байланысты, айналадағы әлемге қатысты пікірден мүлде бас тартуды талап ететін скептицизмдік философия пайда болады. Мұндай интеллектуалдық бағыт этикалық мотивациядан пайда болды. Яғни ақиқатты іздеуден бас тарту, атаракциялық (грек тілінен аударғанда толқудың жоқ болуы) жағдайды иемдену мен рухани тыныштықты иемденуге де мүмкіндік береді деп болжанды.

Эллиндік дәуір гректердің саяси өмірімен қатар рухани әлемін де ұлы өзгерістерге алып келген Александр Македонский жорықтарымен (б.з.д. 334-323) басталады. «Эллинизм» термині гректердің hellenizo деген сөзінен шыққан және «грекше сөйлеу», «грекше жасау» деген ұғымды білдіреді. Эллиндену, А.С.Богомоловтың айтуынша, орасан зор аймақты мекендеген мәдениеті жоғары дамыған халықтардың эллиндік мәдениетті қабылдай отырып, грек және әртүрлі варвар халықтар мәдениеттері өзара байланысып, синтезделуі нәтижесінде өзіндік өркениетті қалыптастыруы болып табылады. Эллиндік монархиялар жағдайындағы жаңа өмір тәртібі бұрынғы « құндылықтарды» қажет етпеді, мемлекет пен адам арасындағы ескі байланыс бұзылды. Эллиндік адам енді «азамат» емес, орасан зор империяның арасына сіңіп кеткен « бағыныштылар» еді.

Классикалық грек мәдениетінің эллинизмге өзгеруі тереңдік пен тазалықтың жоғалуына әкелгенімен, шығыс мәдениетімен синтезделу нәтижесінде оның интенсивті дамуына жол ашылды. Жаңа мәдени орталықтар пайда болды: Пергам, Родос, Александрия, олардың даңқы белгілі дәрежеде Афиныдан асып түсті. Эллинизмнің жақын беттерінің бірі Эпикур шығармашылығы және б.з.д. IV ғасырдың соңында ол негізін қалаған «Бақ» мектебі өкілдерінің философиясы болды Оның ілімінде каноника да (ақиқаттың өлшемі және таным ережелері туралы ілім), физика да (болмыстың құрылысы туралы ілім) бар, алайда олар этиканың функциясы арқылы ғана жүзеге асады. Яғни, бұл- адамның мақсаты туралы ілім, бақыт және оған жетудің тәсілдеріне негізделеді. Эпикур бойынша ғалам табиғатын білмей өмір мен өлім, тағдыр және т.б. алдындағы адам жанында болатын қорқынышты жеңу мүмкін емес. Ал онсыз бақытқа жету мүмкін емес. Эпикурдың айтуынша бақыт-бұл еш нәрсемен бүркемеленбеген ләззат, ол «денеге тән қасіреттің жоқтығынан» немесе жанның тебіреніссіз қалпынан көрінеді. Сондықтан Эпикур үшін нағыз идеал практикалық даналық болып табылады, яғни моральдық өмірді басқаруға жағдай жасайтын ақыл-ой.

Адам- азаматтың орнына тарихи аренаға адамзатқа тән байланыстардың ішінде тек достықты ғана қадірлейтін адам- индивид келді. Эпикур тағдыр мен фатализмге қарсы шыға отырып, өз замандастарына бақытқа жетудің жаңа жолын көрсетті: бақыт іштен туындайды және ол тек біздің қолымызда, ал қалған нәрсенің бәрі іш пыстыратын бос дүние. Александрияда жекелеген ғылымдардың гүлденуі ерекше көзге түседі. Кітапхананың жұмысымен байланысты философияның қалыптасуы, математиканың (Евклид), механиканың (Архимед) дамуы, астрономияда гелиоцентристік төңкеріс жасауға талпыныс (Аристарх), эллиндік медицинаның жеткен шыңдары, анатомиядағы табыстар, географияның жүйеленуі (Эратосфен), сипаттамалы жаратылыстанудың, тарихтың, бейнелеу өнерінің, техниканың дамуы. Мұның бәрі – ерекшелігі мамандану болып табылатын көлемі жағынан да, сапасы жағынан да өзгеше жаңа феноменнің өмірге келгендігін дәлелдейді.

 

Адамның санасының пайда болуы мен оның сипаты психика дамуының ең жоғары, жаңа сатысынан дерек береді. Жануарларға тән психикалық бейнелеуден саналық бейнелеудің айырмашылығы бұл заттасқан шындық болмысты бейнелеу. Ішкі психикалық құбылыстардың болуы, әлемнің субъектив бейнеге енуі адам психикасының мәңгі зерттелетін сыры.

Сана психикасының ерекше сапалық формасы тіршілік эволюциясында өзінің ұзаққа созылған тарихына ие болғанымен, ол алғашқы рет еңбек пен қоғамдық қатынастарға түскен адамда ғана пайда болды.

Адамның саналы әрекетінің үш айрықша белгісі бар: 1) адамның саналы әрекеті биологиялық себеп- салдармен байланысы жоқ. Кейбір жағдайларда адам биологиялық қажеттілікке бой сұнбай , оған қарсы шығады; 2) адамның саналы әрекеті жануарлардағыдай заттың сырқы көрінісімен ғана қанағаттанбастан, оны тереңірек, жан – жақты тануға бағытталады. Адам нақты көрнекіліктен абстрактілі бейнелеуге өтіп, объектердің астарлы байланыстарына үңіле көз жіберіп, тысчқы бейне формасын ғана емес, тереңдегі заңдылықтарын тануға ұмтыладыда, соларға орай өз әрекет – қылығына бағыт таңдайды; 3) жануар әрекет – қылықтары биологиялық байланыспен бірге, туа беріліп отырса, адамның біліктері мен ептіліктері қоғамдық – тарих желісінде топталған адамзаттық тәжірибені үйрену негізінде қалыптасып, олар оқу арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіледі. Адам игілігіндегі әрекет – қылық тәсілдері оның өз тәжірибесінің өнімі емес, өткен әулеттің тарихи – қоғамдық іс - әрекетін игеруден. Адамдағы бұл құбылыс жануарлар болмысында тіпті де болуы мүмкін емес.

Жануарлар қылығынан мүлде өзгеше, адамның саналы әрекетін қалыптастыратын шарттар:

5)                тіршіліктің әлеуметтік – тарихи сипаты;

6)                өмірдің қоғамдық еңбекпен байланысы;

7)                еңбек құралдарын дайындап, пайдалана білу;

8)                тілдік қатынастың пайда болуы.

Сана - психика дамуының жоғары сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жалпыны білу адамның болмыста әрекет жасауына мейлінше дұрыс бағдар ұстауын қамтамасыз етеді, істі біліп әрекет жасауына, өзін дұрыс алып жүруге мүмкіндік береді. Жалпыны біле отырып адам әрбір жеке міндетті практикалық тұрғыдан шеше алады. Заңдылықтарды біле отырып, белгілі бір оқиғаның болатынын алдын ала болжай да алады. Жалпы мен елеулі жайындағы білімдерді жинақтау ғылымды И.П.Павловтың сөзімен айтқанда, «болмысты және өз басымызды дұрыс алып жүруде жоғары бағдарлықты» қалыптастырады.

Жеке адам санасы мен қоғамдық сана диалектикалық бірлікте болады. Жеке адам санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен қатар адамзат жинақтаған білімді меңгеру нәтижесі де болып табылады. Екінші жағынан, қоғамдық сана жеке адамдар мен бұқара көпшіліктің шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесінде қалыптасады.

Сана объективтік болмыс жайында қорытылған білімнен ғана емес, сондай-ақ болмысқа белгілі түрдегі қатынастардан да көрініп отырады. Адам өзін табиғаттан бөліп алады, белгілі автономия танытады, белгілі дәрежеде бағалай отырып, оқиғаларға байқастап жанасады. Адам қатынастарда интеллектуалды және эмоционалды сипатта болуы мүмкін. Көп жағдайларда саналы қатынастар интеллектуалды, эмоционалды қатынаста, екеуі аралас келеді. Сана адамның шығармашылық қабілеттілігінен көрінеді. Адамның санасы объектвиті дүниені бейнелеп қана қоймай, сонымен қатар оны жасайды.

Адам дүниені саналы түрде өзгертуге талпынады, оны өз қажеттілігіне бейімдегісі келеді, тіпті ол табиғаттың жеке элементтерінен табиғатта кездеспейтін жаңа заттар жасайды. Шығармашылық адамның бүкіл Жерді мекендеуіне жол табуына мүмкіндік береді.

Сананың аса маңызды қасиеті оның есеп беруі болып табылады. Адам өзінің ниеті мен күйзелісі, ойы мен түйсігі туралы өзіне-өзі есеп береді, демек, сана тек қана сыртқы білімді емес, өзін білуді қамтамасыз етеді, яғни өзіндік сана-сезім түрінде де көрініс береді. Адам есеп беруінің арқасында өз күшін реттей алады, өзін түзетіп және дамытып отырады.

Білім негізінде жеке адамның іс-әрекетінедгі және мінез-құлқындағы саналылық мөлшерін анықтауға болады. Жеке адам мінезі мен іс-әрекетінде білімге сүйенеді, ол өткендегіні ескеру және болашақты болжай отырып, неғұрлым тиімді тәсілді таңдап алады. Бұл ретте адам өзін-өзі бақылайды және өз күшін жоспарына қарай реттеп отырады.

Қорыта айтсақ, сана психиканы біріктіруші ең жоғары өмір әрекеті формасы, адамның еңбек әркетіне орай басқалармен тұрақты тілдік қатынасқа келу арқасында қоғамдық тарихи шарттарға сай қалыптасуының нәтижесі.

Сана – бұл қоғамдық болмыс. Сана құрылымында төрт негізгі сипат байқалады: (А.В. Петровский)

5)                Сана қоршаған дүние жөніндегі білімдердің жиынтық бірлігі, оның құрылымына барша танымдық процесстер енеді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял т.с.с

6)                Санада субъекті мен объектінің айырмашылықтары бекиді. Органикалық әлем тарихында тек адам өзін басқалардан бөлектеп, олармен салыстыра алады. Жалғыз адам-ақ тіршілік иелері арасында өзін тануға, яғни психика әркетінің бағытын өзіне бұруға қабілетті.

7)                Мақсат болжастыру әрекетін қамтамасыз ете алады. Адам табиғат берген заттың формасын өзгертеді, сонымен бірге өзін өзгерту ісін заңдық сипатқа ие саналы мақсатпен ұштастырып, іс-әрекетінің сипаты мен тәсілдерін алдын ала белгілейді, ерік-күшіне бағындырады. Осыдан сана қызметі: мақсат қалыптастыру, себеп салдарын анықтау, еріктік шешім қабылдау, іс-әрекеттің орындалу жолын анықтау т.с.с.

8)                Сана құрылымында әрекетке орай қатынастар орнығады. Адам санасы міндетті түрде өз ішіне күрделі объектив, ең алдымен адам қатысқан қоғамдық қатынастарды бейнелейтін сезімдер жүйесін қамтиды.

Сананың жоғарыда аталған бүкіл арнайы қасиеттерінің қалыптасуы мен көрініс беруінің міндетті шарты – тіл, сөз.

Тіл – бұл қоғамдық тарихи тәжірибе немесе қоғамдық сананы бекіткен ерекше объективтік жүйе. Нақты адам тарапынан қабылданған тіл сол адамның нақты санасының көрінісі.

 

 

Бақылау сұрақтары:

 

1.        Б. Спинозаның таным мен қабілет туралы ілімі.

2.        Т. Гоббастың ерік пен қабілет туралы ілімі.

3.        Г. Лейбництің психология дамуына әсері.

 

5 лекция.

ХVІІІ ғасырдағы психологияның дамуы.

 

Жоспар:

1.     Англиядағы ассоциативтік психология.

2.     Д.Гартли негізгі психикалық элементтер мен олардың ассоциациясы туралы.

3.     Э.Кондлильяктың сенсуалистік таным теориясының дамуы.

Неміс классикалық философиясындағы психолгиялық идеялардың психология ғылымы дамуындағы мәні мен маңызы.

XVII ғасырдың аяқ кезінде және әсіресе XVIII ғасырда бірсыпыра европалық елдердің буржуазияшыл ағартушылары және Жюльен Офре Ламетри (1709-1751) Дени Дидро (1713-1784), Поль Анри Гольбах (1723-1789), Қлод Адриан Гельвеций (1715—1771) сияқты, белплі француз материалистері идеализм мен дшге қарсы күресті.

Француз материалистерінің дүниеге діни-идеалистік көзқарастарға қарсы күресі буржуазияның саяси күресімен тікелей байланысты болды. Феодалдық қоғам құрылысын, феодалдық дәстүрлерді, идеология мен сая-сатты аяусыз сынай отырып, олар орта ғасырлық тәртіп-терді жоюды және қоғамдық құрылысты бружуазияның мүдделеріне сай қайта қүруды талап етті.

Біріншіден, бүл материализм көбінесе механикалық материализм болды. Бүл сияқты өріссіздіктің болып тұ-ратыны сөзсіз, өйткені ол ғылымның даму дәрежесінен туады. Ол кезде ең жоғары дамыған ілім механика болатын; ал, мысалы, химия мен биология сияқты ғы-лымдар енді-енді ғана шыға бастағанды. Сондықтан, химиялық процестерді айтлағанның өзінде органикалык табиғаттың тіпті ең күрделі процестерінің өзінде ғалым-дар механика заңдарын табиғаттың басқа құбылыстары саласына қолдану арқылы таза механикалық жолмен түсіндіруге тырысты.

Екіншіден, француз материализмі метафизикалық материализм болды. Ол табиғатты тарихи даму процесінде алып қарамады. Ол табиғатта болып тұратын өзгерістерді сол бір процестердің өздерінің жай қайталануы деп түсінді. Диалектика табиғат қүбылыстарын түсіндіру ісіне де, танымға да қолданылмады.

Ақырында, үшіншіден, француз материалистері қоғамдық өмірді түсіндіруде идеалистер болып қала берді. Олар қоғам дамуындағы объективті заңдылықты аңғармады, өндірістің басты ролін, сондай-ак, дүшпан таптарға бөлініп отырған қоғамда тап күресінің шешуші маңызы болатынын түсінбеді. Александр патшаның тәсілінен кейін (IV ғ.б.д.д.) өте ірі көне монархия пайда болды. Оның кейінгі ыдырауы тарихтың көне әлемінде жаңа кезең ашты- ол эллинистикалық . Оған Греция мен Шығыс елдерінің мәдени элементтерінің синтезі тән.

Тұлғаның қоғамдағы жағдайы түп төркінімен өзгерді. Тәуелсіз грек туған елімен, қалыпты әлеуметтік ортамен байланысты жойып алды. Барлық қаталдықпен ол өзгермелі әлемдегі өзінің өмір сүру тұрақсыздығын сезінді. Бұрынғы кезеңнің ұлы интеллектуалдық жетістіктеріне, ақылдың құдыретіне сену күдік туғызады. Осыдан барып олардың тәуелсіздігіне, дәлелденбегеніне байланысты, айналадағы әлемге қатысты пікірден мүлде бас тартуды талап ететін скептицизмдік философия пайда болады. Мұндай интеллектуалдық бағыт этикалық мотивациядан пайда болды. Яғни ақиқатты іздеуден бас тарту, атаракциялық (грек тілінен аударғанда толқудың жоқ болуы) жағдайды иемдену мен рухани тыныштықты иемденуге де мүмкіндік береді деп болжанды.

Эллиндік дәуір гректердің саяси өмірімен қатар рухани әлемін де ұлы өзгерістерге алып келген Александр Македонский жорықтарымен (б.з.д. 334-323) басталады. «Эллинизм» термині гректердің hellenizo деген сөзінен шыққан және «грекше сөйлеу», «грекше жасау» деген ұғымды білдіреді. Эллиндену, А.С.Богомоловтың айтуынша, орасан зор аймақты мекендеген мәдениеті жоғары дамыған халықтардың эллиндік мәдениетті қабылдай отырып, грек және әртүрлі варвар халықтар мәдениеттері өзара байланысып, синтезделуі нәтижесінде өзіндік өркениетті қалыптастыруы болып табылады. Эллиндік монархиялар жағдайындағы жаңа өмір тәртібі бұрынғы « құндылықтарды» қажет етпеді, мемлекет пен адам арасындағы ескі байланыс бұзылды. Эллиндік адам енді «азамат» емес, орасан зор империяның арасына сіңіп кеткен « бағыныштылар» еді.

Классикалық грек мәдениетінің эллинизмге өзгеруі тереңдік пен тазалықтың жоғалуына әкелгенімен, шығыс мәдениетімен синтезделу нәтижесінде оның интенсивті дамуына жол ашылды. Жаңа мәдени орталықтар пайда болды: Пергам, Родос, Александрия, олардың даңқы белгілі дәрежеде Афиныдан асып түсті. Эллинизмнің жақын беттерінің бірі Эпикур шығармашылығы және б.з.д. IV ғасырдың соңында ол негізін қалаған «Бақ» мектебі өкілдерінің философиясы болды Оның ілімінде каноника да (ақиқаттың өлшемі және таным ережелері туралы ілім), физика да (болмыстың құрылысы туралы ілім) бар, алайда олар этиканың функциясы арқылы ғана жүзеге асады. Яғни, бұл- адамның мақсаты туралы ілім, бақыт және оған жетудің тәсілдеріне негізделеді. Эпикур бойынша ғалам табиғатын білмей өмір мен өлім, тағдыр және т.б. алдындағы адам жанында болатын қорқынышты жеңу мүмкін емес. Ал онсыз бақытқа жету мүмкін емес. Эпикурдың айтуынша бақыт-бұл еш нәрсемен бүркемеленбеген ләззат, ол «денеге тән қасіреттің жоқтығынан» немесе жанның тебіреніссіз қалпынан көрінеді. Сондықтан Эпикур үшін нағыз идеал практикалық даналық болып табылады, яғни моральдық өмірді басқаруға жағдай жасайтын ақыл-ой.

Адам- азаматтың орнына тарихи аренаға адамзатқа тән байланыстардың ішінде тек достықты ғана қадірлейтін адам- индивид келді. Эпикур тағдыр мен фатализмге қарсы шыға отырып, өз замандастарына бақытқа жетудің жаңа жолын көрсетті: бақыт іштен туындайды және ол тек біздің қолымызда, ал қалған нәрсенің бәрі іш пыстыратын бос дүние. Александрияда жекелеген ғылымдардың гүлденуі ерекше көзге түседі. Кітапхананың жұмысымен байланысты философияның қалыптасуы, математиканың (Евклид), механиканың (Архимед) дамуы, астрономияда гелиоцентристік төңкеріс жасауға талпыныс (Аристарх), эллиндік медицинаның жеткен шыңдары, анатомиядағы табыстар, географияның жүйеленуі (Эратосфен), сипаттамалы жаратылыстанудың, тарихтың, бейнелеу өнерінің, техниканың дамуы. Мұның бәрі – ерекшелігі мамандану болып табылатын көлемі жағынан да, сапасы жағынан да өзгеше жаңа феноменнің өмірге келгендігін дәлелдейді.

Адамның санасының пайда болуы мен оның сипаты психика дамуының ең жоғары, жаңа сатысынан дерек береді. Жануарларға тән психикалық бейнелеуден саналық бейнелеудің айырмашылығы бұл заттасқан шындық болмысты бейнелеу. Ішкі психикалық құбылыстардың болуы, әлемнің субъектив бейнеге енуі адам психикасының мәңгі зерттелетін сыры.

Сана психикасының ерекше сапалық формасы тіршілік эволюциясында өзінің ұзаққа созылған тарихына ие болғанымен, ол алғашқы рет еңбек пен қоғамдық қатынастарға түскен адамда ғана пайда болды.

Адамның саналы әрекетінің үш айрықша белгісі бар: 1) адамның саналы әрекеті биологиялық себеп- салдармен байланысы жоқ. Кейбір жағдайларда адам биологиялық қажеттілікке бой сұнбай , оған қарсы шығады; 2) адамның саналы әрекеті жануарлардағыдай заттың сырқы көрінісімен ғана қанағаттанбастан, оны тереңірек, жан – жақты тануға бағытталады. Адам нақты көрнекіліктен абстрактілі бейнелеуге өтіп, объектердің астарлы байланыстарына үңіле көз жіберіп, тысчқы бейне формасын ғана емес, тереңдегі заңдылықтарын тануға ұмтыладыда, соларға орай өз әрекет – қылығына бағыт таңдайды; 3) жануар әрекет – қылықтары биологиялық байланыспен бірге, туа беріліп отырса, адамның біліктері мен ептіліктері қоғамдық – тарих желісінде топталған адамзаттық тәжірибені үйрену негізінде қалыптасып, олар оқу арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіледі. Адам игілігіндегі әрекет – қылық тәсілдері оның өз тәжірибесінің өнімі емес, өткен әулеттің тарихи – қоғамдық іс - әрекетін игеруден. Адамдағы бұл құбылыс жануарлар болмысында тіпті де болуы мүмкін емес.

Жануарлар қылығынан мүлде өзгеше, адамның саналы әрекетін қалыптастыратын шарттар:

9)                тіршіліктің әлеуметтік – тарихи сипаты;

10)           өмірдің қоғамдық еңбекпен байланысы;

11)           еңбек құралдарын дайындап, пайдалана білу;

12)           тілдік қатынастың пайда болуы.

Сана - адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы.

Адамның жануардан түпкі ерекшелігі ол қаруды қолданып қана қоймастан, оны дайындау қабілетіне ие. Қаруды дайындаудың өзі-ақ ежелгі адамның іс-әрекетін түбегейлі өзгертіп жіберді. Қару дайындау үшін болған әрекет енді биологиялық қажеттілікпен ғана анықталмайды. Бұл тұрғыдан ол қажетсіз, ал қару дайындаудың шын мән – мағынасы кейінгі аң аулау қажеттіліәгінен туындайды, яғни бұл іс орындалып жатқан әрекеттің тәсілін білумен ғана емес, сол қарудың болашақта қолданылуын болжай алуға да байланысты. Қару дайындалудың қажетті шарты бола тұра, сол білік сананың ең алғашқы көрінісі ретінде танылады, яғни саналы іс-әрекеттің бірінші формасы.

Қару дайындауға бағытталған іс-әрекет адамның қылық құрылымын түбегейлі қайта қарастыруға алып келді. Жануар қылығы өз қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған әрекет ішінен мағынасы болашақта ғана көрінетін арнайы әрекеттер бөлініп шықты.

Алғашқы рет сана мен іс-әрекеттің бірлігі жөніндегі идеяны алға тартқан Л.С.Рубинштейн. Ол «іс-әрекет және сана назар аударылған объектінің екі, әртүрлі тарапы емес. Олар табиғи біртұтас; теңдік емес, бірлік»,- деп жазған.

Сана мен іс - әрекет бірлігі принципі әрекеттің санасыз, ал сананың әрекет қатыспайынша қалыптаспайтынын негіздейді. Мұндай көзқарастан сананы тану іс- әрекетті зерттеу арқылы ғана мүмкін екені дәлелденді. Әрқандай ғылыми таным әрекет пен оның өнімін білуден олардың орындалу барысында көрінетін басқа психикалық процестерге өтуі қажет. Осылай, сана мен әрекет бірлігі принципі психологияның барша объектив әдістерінің негізіне айналды.

Ғылымға бұл принциптің енуі іс-әрекет теориясын дұрыс түсінуге бағыт береді. Осы кезге дейін психологияның қай бағыты болмасын, психиканы – ішкі құбылыс, ал әрекетті- сыртқы деп түсіндіретін. Ал сана мен іс- әрекет бірлігі принципінен келетін болсақ, шынында да, психика, сана тек ішкі құбылыс болып қалмайды. Осылайша, әрекетте тек сыртқы көріністермен танылып қалмай, өзіне тән ішкі мазмұнға да ие, бірақ бұл қасиет оның бір тараптан толық сипатын бере алмайды. Сана мен әрекет бірлігінің мәні: тұлғаның санасы мен барша психикалық қасиеттері әрекетте көрініп қана шектелмей, сол әрекет процесінде қалыптасады.

 

Адамның күрделі құрылған саналы әрекетінің қалыптасуына себепші болған екінші шарт – бұл тілдің туындауы еді. Тіл деп қоршаған орта заттарын, олардың әрекетін, сапасын және объектілер арасындағы қатынастарды бейнелейтін белгілер жүйесін айтамыз. Сөз сөйлеуге қосыла, тілдесудің негізгі құралына айналады, соның арқасында адам ақпарат топтайды, білдіреді, адамдар әулетінің тәжірибесіүйреніп, игереді.Тілдің келіп шығуы жөнінде талай болжамдар мен теориялар айтылған.Ғылыми түрде алатын болсақ, тілдің шығу негізін адамның қоғамдық еңбек қатынастарынан іздеген жөн.

Тіл- заттарды, олардың қозғалысы, сапасы және қатынастарын білдіретін таңбалар жүйесі, ақпарат жеткізуші құрал ретінде адамның саналы әрекетінің бұдан былайғы өркендеуінде үлкен маңызға ие болды. Осыдан тіл де еңбекпен қатар, сананың қалыптасуның негізгі себептерінің бірі.

Тілдің адам өміріне енуі іс-әрекетке өте мәнді болған үш өзгеріс енгізді:

-                     Қоршаған орта заттары мен оқиғаларын жеке сөздер мен сөйлемдерге келтіріп, тіл сол заттарды бөліп алып, оларға назар салып, есте қалдыруға мүмкіндік берді, яғни тіл біз танитын дүниені екі есе көбейтіп, ол жөніндегі ақиқатты жадқа бекіту мен адамның ішкі жан дүние бейнелерін түзеуге жәрдемдесті;

-                     Тілдегі сөздер белгілі заттарды атап қана қоймастан, олардың мәнді қасиеттерін абстракт танып, қабылданушы затты тиісті категорияларға жатқызуға көмек берді. Осыдан тілге байланысты дерексіздену мен қорытындылау процесі қамтамасыз етіліп, сөз енді тек тілдесу құралы ғана емес, бейнелеудің сезімдік дүниеден ақыл-сана әлеміне келтірілген ойлаудың да жабдығына айналды;

-                     Тіл адамзаттың қоғамдық тарихында жинақталған ақпаратты жеткізудің бірден-бір құралы. Ғасырлар өтумен қоғамдық тарихи тәжірибедегі күрделенген ақпаратты ұрпақтан ұрпаққа жеткізумен тіл адамға сол тәжірибені игеріп, жеке басының қолынан келмейтін білім, ептілік пен әрекет тәсілдерін үйреніп алуына жол ашты.Тіл сана дамуының ең маңызды, шынайы құралы болды.Тіл адамның саналы іс- әрекетінің барша саласынга қатысуымен, оның психикалық процестерінің ағымын жаңа деңгейге көтерді. Сондықтан да тіл мен сөзді адамның бүкіл саналы өмірінің арқауы деп қарастыруға болады.

Сонымен, сана өзімен қатар еңбек барысында пайда болған тілмен бірге жасайды, тілсіз сана жоқ. Сана адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы.

 

3.Д.Дидроның материализмі.

4. Ф.Энгельстің өз еңбегінде көрсеткен фр. Материализмінің кемшіліктері

 

6 лекция.

 

ХІХ ғасырдағы психологияның дамуы.

 

Жоспар

1.           Психология ғылымы дамуының табиғи-ғылымдық алғышарты: жаратылыстанудың алға басуы, психофизиканың, психометриканың тууы.

2.           Дж.Милль: ментальды химия теориясы. Ғылымдағы психологизм. 3.А. Бэн: дұрыс пен қателіктің ережесі.

3.           И.Ф. Гербарт.

4.           Ч. Дарвин: Биологиялық себептілік принципі, эволюциялық тұрғыдан келудің дамуы.

5.           Ч.Дарвиннің дифференциалды психологияға, зоопсихологияға, даму психологиясына, эмоция психологиясына және т.б. қосқан үлесі.

Ассоциотивтік психологиядағы жаңа даму кезеңі атақты психолог, экономист Джон Стюарт Милльдің (1806-1873) атымен байланысты. Джон Стюарт Милльдің тәрибиешісі өзінің әкесі Джеймс Милль болды.Оның ойынша психологияның заңдылықтары адамның рухани өмірінің мазмұны жайлы білім ғана беріп қоймайды, сондай-ақ оның шексіз толық жетілу қабілетін де айтады.Үлкен жетістікке жеткен өзінің ұлында осы әдіспен басшылық жасады.12 жасында Джон өзінің қатарластарынан озып шықты.Ол көптеген тілдермен қатар, жоғарғы математиканың да бірнеше бөлімдерін білді.Адамның психикалық өмірі ассоциациялық заңға бағынады деген пікірді қабылдай отырып, кіші-Милль өз әкесінің осы пікірене маңызды коррективалар (өңдеулер) енгізді.Ол «ментальды физиканы» «ментальды химияға» ауыстыруды ұсынды.Мынаны ескеру керек, осы кезең химия дамуының ірі жетістіктерімен байланысты болды. Бұндай ауысу мынаны білдірді, яғни бірінші психикалық элементтердің жаңа өніммен байланысты, соңғы оның жоқ болған негізгі элементтерінің сапасын иемденуге қабілетті, осыған сәйкес көміртегі мен сутегінің синтезі судың мүлде жаңа сапаны иемденуіне себеп болады. Джон Стюарт Милльдің ойынша осындай «химиялық» өзгеріс психика аймағында да болады.

Джон Стюарт Милльдің «ментальді (психикалық) химия» жайлы пікірі психологиядағы ассоциативтік бағыттың әлсіз жақтарын иемденуге маңызды роль атқарады.Әсіресе шығармашылық ойлау мәселесін өңдеуде. Сондай-ақ Милль ассоциацияның заңдылықтарын негізгі үш түрге бөле отырып қарастырды:

1.Ұқсастық «ұқсас идеяларға бір-бірін қоздыру тән) (сходным идеям присуще возбуждать друг-друга).

2.Көршілестік (смежности) (егер екі әсер жиі бір уақытта уайымдалса «переживаются) немесе біреудің басқаға үздіксіз ауысса, онда сол жағдайда олардың біреуі санаға қайта оралғанда, ол басқа әсердің пайда болуына тенденция туғызады).

3.Өнімділік «интенсивности) (әсердің күші оның басқамен шағылысу жиілігін анық етуі мүмкін). Сондай-ақ Милль іс-әрекетке де көңіл аударды.Оның зерттеу іс-әрекетінің әдісі жайлы ілімі «Логика» (1843) деген жұмысында баяндалды.Ассоциацияны логика заңдарынан өнімді деп қарастыра отырып, яғни логикалық операциялар әсердің ішкі индивидуалдық ақылының байланысын өзіне бағындырады деп дәлелдеді. Сондықтанда логика адам ойлауының дұрыстық критериі болып табылады. Дегенмен Милльдің ойынша ең маңыздысы, логика психологияға сананың мазмұнын зерттеуге көмектесетін объективтік және индивидуальдық әдіс болуы мүмкін.Нағыз осындай әдіс психологияны объективтік ғылыммен байланыстырады, және оның болашақта шынайы және нақты дисциплина (тәртіп) ретінде дамуына жол ашады.

А.Бэн (1818-1903) «Ощущения и интеллект» (1855) «эмоции и воля» (1859) еңбегінде ассоциативтік психология тек индивидтің санасында өмір сүретін ассоциацияны ғана емес, соның негізінде жатқан мінез-құлықты да қарастыруы қажет деп дәлелдеді.Бэн мынаны да ұстанды, яғни тек ми ғана емес, әртүрлі дәрежедегі «денелік жүйе» де психикалық функциялармен байланысады деді. Ол сенімді түрде «психофизикалық параллелизм» теориясын ұстанды.Дегенмен Бэн осы әдісті жанның денеден жекеленуі сияқты емес, олардың бөлінбейтін пікірін қарастырды.Көп көңілді Бэн психикалық іс-әрекеттің деңгейіне аударды.Бэн Декарттың психологиясында негізгі категориялардың бірі болған спонтанды әрекеттің рефлексіне қарсы болды.Пайда болу үшін тікелей физикалық себеп аз болатын әрекетті ол спонтанды деп атады.Спонтанды қозғалыстың рпинципін Бэн дағдының пайда болуы деп түсіндірді. Бэн инстинктік мінез-құлықтан еріктік мінез-құлыққа өтуді анықтайтын факторларға да назар аударды.Бэн доказывал что как природа, пробуя и ошибаясь, отбирает наиболее продуктивные виды, так и человек совершает переход от неосознанного, спонгтанного поведения к разумному и волевому не сразу, но постепенно.Человек отбирает путем проб и ошибок наиболее продуктивные и целесообразные формы реакции на определенные события и предметы окружающего мира, корорые и закрепляются в виде навыка или волевого, разумного действия.

Осылайша психологияда дұрыстық пен қателіктің ережесі пайда болды.

Бірден бір ассоциативтік психологияны құруға талпыныс жасаған неміс психологы, әрі педагог И.Ф.Гербарт (1776-1841) болды.Оның теориясында ассоцианизмнің негізгі рпинциптері мен неміс психологиясының дәстүрлі әдістері- апперцепция идеясы, жанның белсенгілігі, санасыздықтың рөлі біріктірілді. Гербарттың ойынша біздің сыртқы әлеміміз ішкі әлеммен байланысты, сондықтан-да бейне, әсіресе адекватты бейне жайлы айту мүмкін емес. Адекваттілік пен нақты бейне деңгейі жайлы сұрақты талдаудан құтылу үшін Гербарт «түйсіну» терминін «елестету» терминімен алмастырды.Гербарттың «Психология по-новому, основанная на метафизике, опыте и математике» (1816) және «Учебник психологии» (1834) деген еңбектері ассоцианизм дамуының жаңа кезеңі болды.Ассоциация елесі жайлы айта отырып, Гербарт мынандай қортындыға келді, яғни елес адам жанындағы пассивті элемент емес, ол оның психикалық сферадағы жағдайын анықтайтын, өзіндік белсенді зарядтардан тұрады. Лейбництің жан құрылымы жайлы теориясын дамыта отырып, Гербарт яғни жанды үш қабатқа бөлуге болады деді.-апперцепция, перцепция, және санасыздық. Сонымен қатар апперцепция арқылы ол анық және нақты сана аймағын түсінді, ал перцепция арқылы бұлдыр сана аймағын таныды.Сондықтанда Гербарт үшін жан аймағы сана аймағына қарағанда кең болды және ол үшін маңыздысы санасыздық болды.

И.Гербарттың психологиясы екі бөлімнен тұрады – «жан статистикасы» мен « жан динамикасынан». Жан статистикасының пәні сол кезде тыныштық кезеңінде оның тепе-теңдік шартының көрінісін өолеу нәтижесінен алынуы болып табылады.Жан динамикасының пәні санадағы көрініс қозғалысының шартын анықтаудан тұрады. Жан статистикасында көрініс жайлы ілім дамып, олардың арасында әртүрлі байланыстардың типтері қалыптасып, санаың аймағы мен табалдырығы бейнеленеді.

Гербарт көріністен басқа санадан сезім мен ерікті де бөліп алды.Ол көріністердің арасындағы қарым-қатынастың өнімі болып саналады.Гербарттың психологиясында рухани өмір көріністердің өзара әрекетінің нәтижесі болады.Гербарт өзінің ғылыми мектебін ашты. Оның ең атақты өкілі М.В.Дробши (1802-1896)- математик, логик, философ-идеалист және психолог болды.Ол оның жүйесінің жан-жақты таралуына көп жасады.Гербарттың басқа ізбасары В.Ф.Фолькман өзінің «Учебнике по психологии» (1856 г) еңбегінде психикалық көрініс жайлы жаңа мәліметтерді мұқият енгізді.Ерекше атақты Гербарттың үш шәкірті алды.-Т.Вайтц (1821-1864), М.Лацарус (1824-1903) және Г.Штейнталь (1823-1899).

Психологизм- әлеуметтанушылық зерттеу принципі; мұнда әлеуметтік процестер мен құбылыстар психологиялықтың туындылары деп сипатталады.Психологизм принципінің рөлі мен маңызын әлеуметтік өмірдің психологиялық механизмдерін жете зерттеген америкалық социологтар асыра бағалады. Әлеуметтанудағы психологиялық мектептің өкілдері адамдардың бейімділіктері мен эмоцияларын әлеуметтік процестер динамикасының негізгі факторлары деп пайымдады.Социологияның дербес ғылым болып дамуы нәтижесінде бұл принциптің едәуір әлсіреуі болғанымен, ол жойылған жоқ. Оны белгілі бір шамада тұлғаралық қатынастарды зерттеушілер- символдық интернационализмнің, феноменология мен этномедологияның өкілдері ұстанды.

Ч.Дарвиннің (1809-1882) эволюциялық теориясының пайда болуы психология мен эксперименталды психологияның пайда болуы үшін маңызы зор болды.Дарвиннің «Происхождение видов путем естественного отбора» (1859) деген басты еңбегінде айтылған, яғни қоршаушы орта реакцияны тудыруға ғана қаблетті емес, организмге соған бейімделуге талап етілгендіктен, өмірлік іс-әрекетті өзгертуге де қабілетті күш болып табылады.Сол организм жайлы ұғымда өзгерді: өткен биология түрлері өзгермейді, ал тірі дене өз кезегінде мәңгілікке физикалық және психикалық конструкцияға тіркелген деп санайды. Денелік процестер мен функцияларды өнім мен сыртқы өмірдің шарттарына бейімделу орудиясы деп қарастыра отырып, Дарвин мінез-құлық анализінің жаңа моделін толық және оның компоненттерін жиі ұсынды.Сонымен психика өмір дамуының заңды нәтижесі, бейімделу құралы болып қалыптасты.Ғылыми және дүниетанымдық маңызды Дарвиннің «Происхождение человека и половой отбор» (1871) еңбегі иемденеді.

Адам организмін жануарлардыкімен салыстыра отырып, Дарвин анатомиялық және физиологиялық белгілермен шектеліп қалған жоқ. Ол мұқият талдауға эмоционалдық жағдайдармен қатар жүретін анық қозғалыстарды душар етті.Өзінің бақылыаун ол «Выражение эмоций у животных и человека» (1872) деген еңбегінде баяндады.Дарвиннің негізгі түсіндірмелі идеясы былай қорытындыланды, яғни анық қозғалыстар (жұдырық түйю т.б.) – бұл біздің бұрынғы қылықтарымыздың редументтік қозғалыстары сияқты мүлде бөлек нәрсе.Ешқашан өмір үшін үздіксіз күрес негізінде бұл қозғаластар маңызды практикалық мәннен тұрды.Дарвиннің ілімі психологиялық ойлаудың мәнін өзгертіп, психологиялық ғылымның жаңа аймағы – дифференциалдық психологияның пайда болуын ынталандырды.Ч.Дарвин – ағылшын табиғат зерттеушісі, жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің табиғи сұрапталу арқылы пайда болуы жөніндегі эволюциялық ілімнің негізін салушы.

Дарвин 1834 жылы Кембридж университетін бітірген соң, «Бигл» кемесімен дүние жүзіп айналып шығу саяхатына қатысқан (1831-1836). Осы саяхат кезінде ол көптеген зерттеу жұмыстарын жүргізіп, зоология, ботаника, геология, палеонтология, антропология және этнография саласынан аса маңызды мәліметтер жинаған.Кейін осы мәліметтерге сүйене отырып, ол «Маржан рифтерінің құрылысы мен таралуы» деген еңбегінде (1842) ерте заманда өліп біткен жануарлар мен қазіргі жануарлардың арасында тарихи байланыстың барлығын: «Жанартаулы аралдары геологиялық бақылау» деген еңбегінде (1844) Ғалапагос аралдарынан бұрын еш жерде кездеспеген кесіртке, тасбақа және құстардың түрін тауып, олардың Оңтүстік Америка түрлеріне жақындығы бар екенін: «Оңтүстік Американы геологиялық бақылау» деген еңбегінде (1846) Оңтүстік және Солтүстік Америка құрлықтарының жануарлар дүниесін салыстырғанда, олардың түрлік құрамында үлкен айырмашылықтың бар екенін анықтап, жануарлардың географиялық таралу заңдылықтарын ашты.1868 жылы жарық көрген Дарвиннің екінші маңызды еңбегі – «Үй хайуанаттары мен мәдени өсімдіктердің өзгеруі». Бұл еңбегінде Дарвин өсімдіктер мен жануарлардың адамға пайдалы түрлерін қолдан сұрыптау арқылы шығару жөніндегі мәліметтер, органикалық формалардың эволюциясы жайында аса құнды дәлелдемелер келтірілген.

 

Бақылау сұрақтары:

 

1.        А. Бэн мінез туралы.

2.        К.Д. Ушинскийдің педагогикалық антропологиясының қазіргі психология үшін мәні.

3.        М.М. Троцкий, Н.Я. Грот зерттеулері.

7 лекция.

 

Психологияның дербес ғылым ретінде дамуы

 

Жоспар:

1.     Дж.Милль: ментальды химия теориясы. Ғылымдағы психологизм. .А. Бэн: дұрыс пен қателіктің ережесі.

2.     И.Ф. Гербарт.

3.     Уалихановтың этнопсихологиялық зерттеулер.

4.     Уалихановтың психологиялық ой-пікірі.

5.     А.Құнанбаев адамның жан құбылысы туралы көзқарасы.

Қазақ топырағында ағартушылық идеяның туын алғаш көтерген Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов бүкіләлемдік ғылым-білімнен мейлінше мол сусындаған, жан-жақ-ты білімді, озат ойлы, ерекше дарынды адам еді. Ол өзін терең тарихшы, ерінбес этнограф, батыл саяхатшы, талмас географ, білгір әдебиетші, шебер суретші, жалынды публицист, жан сырын ұққыш, нәзік психолог, тәлімгер-үлгілі ұстаз ретінде көрсете білді. Небәрі отыз-ақ жыл өмір сүрген Шоқан аз өмірінің ішінде бүкіл азаматтық ғылымның көптеген салаларына бағасын мәңгі жоймай-тын үлес қосты.

Шоқан Уәлихановтын, пікірінше, халықтардың ұлттық психологиясын көрсететін белгілердің бірі — сол ха-лықтың тіл байлығы, сөз өнері, шешендік қасиеттері. Ол сөз өнерін халық бойына біткен зор таланттың, керемет қабылеттің, ақындық қуаттың белгісі деп санады. «Халықтың тұрмысы мен әдет-ғүрпы, — деп жазды ол, — бә-рінен де артық тілден көрініс табады. Өткенді қастерлеу және аңыздардың молдығы — терістік және Орта Азия көшпелі халықтарыньщ ерекше қасиеті. Қазақ тілінде араб тіліндегідей жасама бояу сөздер жоқ, ол нағыз таза тіл».

1. Адамды тану мәселесі — талай оқушылардың назарын өзіне аударған жәйлердің бірі. Грек елінде Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы ой-пікірлердің ілкі тарихы бар. Жан дүниесінің сыры жайлы деректі пікірлерді Әбу Насыр әл-Фараби, Асанқайғы, Шалкиіз, Ақтамберді, Махамбет, т. о. қазақ ақын-жыраулары мен ойшылдары да айтқан. Өресі биік психологиялық ой-пікірлерді Шоқан, Ыбырай, Сұлтанмахмұт шығармаларынан да кездестіреміз. Түркиялық қазақ ғалымы Халифа Алтайдың «Ғылымхал» кітабында мынадәй жолдар бар: «Бүкіл әдам атаулы, жаратылыс турғьісынан екі нәрседен түрады: а) Ет, сүйек, қан, май, сіңір тәрізді көзге көрінетін нәрселер; ә) ой-сезім, білім,... айну, сүйіну, жан ашу сияқты көзге көрінбейтін рухани нәрселер. Біріншісі — денеміз, екіншісі — рухымыз (жанымыз)».

1. Ы. Алтынсарин де Шоқан сияқты арнаулы психологиялық еңбектер жазып қалдырмаған кісі. Әйтсе де оның сан алуан ойға толы шығармаларынан (оқу құралдары, хаттары мен жазбалары т. б. ) қоғамдық және педагогикалық психология мәселелеріне орайлас айтылған көптеген қызықты деректер табылады. Бұл пікірлер оның тәрбиесіне катысты практикалық істерінен де туындаған сияқты. Ой қозғаған осындай түйіндерге: бала және оны тәрбиелеу жолдары, оқыту процесінің психологиялық, педагогикалық негіздері, мұғалім-ұстаз проблемасы, қоғамдық психология мәселелері т. б. жатқызуға болады.

Психология ғылымы адам өмірінде әр түрлі әдеттің алатын орны ерекше екендігін, істеген істің, жүріс-тұрыстың, демалыстың, яғни өмірдін, сан алуан саласының қай-қайсысы да біртіндеп ұнамды, не үнамсыз әдетке айналып отыратындығын, бірақ әдеттің де әдеті бар, яғни адамда жарамды, жақсы әдеттермен катар жарамсыз, жаман әдеттер де болатындығын ескертеді. Мәселен, салақтық — жаман әдет, одан тәнге де, жанға да пайда жоқ. Осы орайда Ы. Алтынсариннің «Салақтық» атты әңгімесі жарамсыз әдеттің адамға зиянды екендігін жақсы көрсетеді. Кәрім деген жас жігіт жұмыска ыждағатты болғанмен жуынып, таза жүруді білмейді. Ақыры сол тазалыққа бейғамдығының кесірінен ауырып,. қайтыс болады.

 

Бақылау сұрақтары:

 

1.        Абайдың қара сөздерінің мәні.

2.        Абай Құнанбаевтің өлеңдерінің писхологиялық мәні.

3.        Ш. Уалихановтың еңбектеріне талдау.

4.        Ы. Алтынсарин еңбектері.

 

 

8 лекция.

Психологиядағы ХІХ- ХХ ғасыр шеңберіндегі теориялық тұжырымдамалар

 

Жоспар:

1.     Психология ғылымы дамуының табиғи-ғылымдық алғышарты: жаратылыстанудың алға басуы, психофизиканың, психометриканың тууы.

2.     Дж.Милль: ментальды химия теориясы. Ғылымдағы психологизм. 3.А. Бэн: дұрыс пен қателіктің ережесі.

3.     И.Ф. Гербарт.

4.     Ч. Дарвин: Биологиялық себептілік принципі, эволюциялық тұрғыдан келудің дамуы.

Ч.Дарвиннің дифференциалды психологияға, зоопсихологияға, даму психологиясына, эмоция психологиясына және т.б. қосқан үлесі

1.Анимизм латынның анима (жан, рух) деген сөзінен шыққан. Анимизмнің танымдық негізіне жабайы адамдардың түс көру, өлім сияқты күрделі рухани құбылыстарды өзінше түсіндіруге тырысқандығының нәтижесінде адамдарда оның денесінен басқа «жан», «рух», «аруақ»- жатады.Жалпы алғанда , мифология да, тотемизм де, анемизм де кейінірек пайда болған діни дүниетанымның алғашқы алғышарттары іспетті және оның танымдық негізін құрайды. Қазақтардың ұғымында алғашқы қауымдық сананың «жан» туралы сенім-нанымдардың классикалық үлгілерімен үндесіп жататын, сонымен қатар, кейбір сонылығымен ерекшеленетін анимистік көзқарастардың жұрнақтары сақталған.

Егер орыс халқында «жан» («душа») демек, тыныс алумен (дыхание) байланыстырылса, қазақтар ұғымында адам өлгенде денесінен ұшып кететін шыбын тәріздес, бірақ бейзаттық рухани құбылыс. Онымен қатар «тән рухы» деген де ұғым бар.Ол адам ұйқыға кеткенде оның денесінен бөлініп шығып, уақытша болса да, дербес тіршілік етуі мүмкін. Осыдан келіп, түс көру құбылысын түсіндіруге талпыну орын алады. Және де ескеретін бір жәйт, қазақтар өмірдің бір аты «жалған» деген. Бірақ та бұл ұғым қазақтар арасына кейін сіңген «о дүние» туралы діни дүниетанымға байланысты қалыптасқан деп ойлаймыз. Ал өлген адамдардың рухтары мәңгі өмір сүреді-міс деген сенім қазақтар арасында ислам дінінен анағұрлым бұрын қалыптасқан. Жаман мінез-құлықты адамдарды аруақ атады, «өлі риза болмай, тірі байымайды» деген ұғымдар жоғарыдағы айтылған жәйттер мен тығыз байланысты екенін көреміз.

Анимистік көзқарастың тұрмыстық салт-санаға, жөн жоралғыларға етене енгені белгілі. Тіпті қазақ баласын «жаным» деп жақсы көрсе, ол да анимистік дүние пайымдаудың әсері демекпіз.

Гилозоизм (грек тілінен hale және zol - зат және өмір) – материяның әмбебап тіршілік туралы философиялық ілім. Алғашқы грке материалистері, Бруно кейбір француз материалистері (Робине) және басқалар гилозоистер болды. «Гилозоизм» термині бірінші рет 17 ғасырда енгізілді.Бұл ілім түйсіну мен ойлау қабілетін материяның барлық формаларына тениді. Шындығында түйсік- жоғары дамыған органикалық материяға ғана тән қасиет.

Догматизм (грек тілінен dogma- пікір, ілім, шешім)- тұрақты ұғымдарға, практика мен ғылымның жаңа деректеріне орын мен уақыттың нақты жағдайлары ескерілмейтін формаларға сүйенетін, яғни шығармашылық даму мен ақиқаттың нақтылығы принципін елемейтін ойлау әдісі. Догматизмнің пайда болуы діни түсініктердің, діни догматтардың өзгермейтін , сынауға болмайтын және барлық діндарлар үшін міндетті ақиқаттар деп көрсететін наным талаптарының дамуымен байланысты. Саясатта Догматизм сектанттыққа, шығармашылық марксизмнен бас тартуға, субъективизмге, практикадан қол үзуге апарып соғады.

Схоластика – (грек тілінен scholasticos- мектептік )- орта ғасырлық «мектептік философия», оның өкілдері- схоластар христиандық дін ілімін рационалды түрде негіздеуге және жүйелеуге ұмтылды. Орта ғасырлық схолостикасыда универсалия төңірегіндегі дау-дамайлар үлкен орын алды. Өз тарихында Схоластиктер бірнеше кезеңге бөлінеді, алғашқы кезең Схоласында (9-13ғ)неоплатонизмнің ықпалы басым болды. (Эиугена, Ансельм Кантерберийский Ибн-Рушд, Ибн-Сина) 14-15ғ. Кезеңіндегі «классикалық» схоластиктарда «христиандық аристотелизм» үстемдік етті. (Альберт Великий, Фома Аквинский). Кейіннен (15-16ғ. Католиктік исп. Иезуисті Ф.Суарестің) неосхоластар арасындағы дау-дамай ушыға келіп, катлик шіркеуінің Реформацияға қарсы күресіне ұласты.Бұл идеялық күресті, кейбір авторлар, схоластикалық философияның гүлденуі деп сипаттайды. Содан кейінгі ғасырларда схоластиканың күні өтіп, ол жаңа заманның алдыңғы қатарлы философ ілімдерінің ықпалымен ыдырай бастады. (Декарт, Гоббс, Локк, Кант, т.б.) 19ғасырда схоластика қайта жанданып, католиктік және протестанттық философияның әртүрлі мектептерінің басын біріктіре бастады.

Гераклиттің материализмі және диалектикалық ойлары оның атағын бүкіл Грецияға жайды. Милет мектебінің материалистері сияқты Гераклит те жаратылыстанумен айналысты. Дүниенің түпнегізін, бірақ жалын-оттан іздеді. Табиғат құбылыстары оттан жаратылған, кезі келгенде олардың бәрі отқа айналады. Гераклит заманында ақша айналымы іске қосылған еді. Отты сипаттау үшін Гераклит барлық товарлардың алтынға айырбасталатыны сияқты, барлығы отқа айырбасталады, дейді. Сананы Гераклит психея (рух) деп атады. Рух оның пікірінше метериалдық сипатта болды және ол-оттың ауыспалы жүйелерінің бірі. Одан әрі Гераклит таным теориясын дамытуға талпынады.Танымның мақсаты-табиғатты зерттеп, сырын ашу. Бұл танымдық процесте шешуші роль атқаратындар- сезім мен ақыл-ой. Оның ілімі айқын түрінде бір өзенге екі рет шомылуға болмайды деген тұжырымынан көрінеді. «Барлығы да өзгереді, барлығыда лапылдап жанады да өшеді, өмір дегеніміз мәңгі ағын, тірі өледі, жас қартаяды», т.с.с.

Материалистер әлем кеңістікте қозғалатын атомдардан тұрады деді. Әлемдегінің барлығы белгілі бір заңға бағынады деді. Жан денеге энергияның көзі ретінде қызмет етіп, өте ұсақ қозғалмалы атомдардан тұрады, ол өледі, денемен бірге жоғалып және пайда болып отырады деді. Идеалистер әлем материя мен идеядан (Платон) немесе табиғаттың шығармашылық басы сияқты формадан тұрады деді. Человек- венец природы. Жан ең алдымен ақыл мен адамгершіліктің қайнар көзі. Ол мәңгі өлмейді дейді. Демокриттің біздің заманға дейін фрагменттер түрінде сақталып, бүгінгі ұрпаққа жеткен шығармалары кең ауқымды, ғылымның барлық салаларын қамтыған десек те болады. Әсіресе оның философиядан, логикадан, психологиядан, этикадан, саясаттан, педагогикадан, көркемөнерден, тіл білімінен, математикадан, физикадан жазған шығармалары өз заманында озық үлгілі сипатта болды.

Демокрит өз тарапыныа бұрыннан қалыптасқан категорияларға жаңаша сипат берді, әрі ғылымдық жүйеге тың 123 соны категорияларды да енгізді. Олар- космос, атом, түр (форма), идея, болмыс, шындық, бейболмыс, бос кеңістік, қозғалыс, уақыт, т.с.с. Осылардың ішіндегі «шындық» категориясының маңызы зор болды. Оны алғаш рет қолданған Демокрит еді. Бұл категория арқылы ол заттар мен құбылыстардың қасиеттерін «шын мәнісінде» қандай екендігі, және жұрттың пікіріне қалай қабылданатыны тұрғысынан саралау керек деген.Мысалы; тәтті, ащы, қызыл, жасыл түстер тек жұрттың пікірінде ғана орын алады, ал шын мәнісінде олай емес,әлемде тек атомдар мен бос кеңістік қана, олар тәтті де, ащы да емес, қызыл да жасыл да емес, жұрттың пікіріндегі соңғы айтылған қасиеттер- адамдардың сезім мүшелерінің ерекше күйлеріне сәйкес және оларға әсер ететін атомдардың түріне, орналасу тәртібіне байланысты туатын түйсіктер деп атап көрсеткен.

Демек, атомистердің таным теориясының негізгі түйсіктер болып табылады.Демокрит танымды негізінен екі сатыға бөлген. Төменгі және жоғарғы сатысы деп. Төменгі сатысына түйсіктерге негізделген сезімдік таным жатады. Демокрит танымның аталмыш сатысын күңгірт, көмескі таным деп атаған. Ол ақиқатты тану жолында еш пайда келтірмейді. Бірақ, адамға ақпарат беріп отыру қызметін атқарады. Көмескі, күңгірт танымға көру, есту, сезу (иіс), дәм сезу сияқты түйсіктер жатады. Олардың танымдық ауқымы өте тар, ақиқатты танудағы мүмкіндігі өте мүшкіл, сондықтан да ақиқаттық таным ақыл-ой араласқан тұста ғана өз дәрежесіне көтеріле алмақ. Міне, Демокриттің бұл сараптамасы әлі күнге дейін өз құнын жойған жоқ.

Гиппократ. Гиппократ мектебі бізге «Гиппократтың шығармасы» деген атпен белгілі, ол өмірді өзгермелі процесс деп қарастырды. Оның түсіндіруші принциптерінің ішінен біз ауаны сыртқа (извне) ақыл әкелетін, әлемнің ағзамен үздіксіз байланыста болатын күш ретінде қарастырды, ал мида психикалық функцияларды орындайды. Органикалық өмірдің негізі ретінде біркелкі материалдық бастау жоққа шығарылды. Егер адамдар бірдей болса, онда олар ешқашан ауырмас еді, егер ауырса, онда жазылу тәсілі де бірдей болу керек еді. Бірақ бұлай ешқашан болмайды. Көптеген заттардың негізінде жатқан бірдей құбылыс жайлы оқытуды Гиппократ төрт сұйықтық жайлы оқытумен алмастырды. (қан, шырыш, көк өт және қара өт).Осыдан алдағы айтылатын төрт темпераменттің қайсысы қандай сұйықтан тұрады.- сангвиник (қанды иемденгенде), флегматик (шырыш), холерик (көк өт), меланхолик (қара өт). Болашақ ғылыми психология үшін осы түсіндірмелі принцип өте маңызды орын алды. Біріншіден адамдар арасындағы сансыз айырмашылықты мінез-құлықтың бірнеше белгілері бойынша топтастыруға болатын алдыңғы жоспарға болжам жылжыды; сонымен қатар адамдар арасындағы индивидуалдық айырмашылық жайлы қазіргі оқытудың негізінде жатқан, ғылыми типологияның бастауы салынды. Екіншіден айырмашылықтың себебін Гиппократ ағзаның ішінен іздеді. Ал жүйке жүйесі жайлы бұл заманда білмеді, сондықтанда қазіргі тілмен айтқан типология гуморальды болды. (латын тілінен аударғанда «гумор»- сұйықтық) .

Гераклиттің әлем жалын оттан тұрады деген көзқарасын мойындамады. Ол табиғатты көптеген ұсақ бөлшектерден тұрады дей отырып, ол одан бастау іздеді, яғни хаостан, ретсіз жинақтар мен осы бөлшектердің қозғалысынан ұйымдастырылған космос пайда болады. Мұндай бастауды Анаксагор «нус» (ақыл) деп аталатын, «өте нәзік зат» деп мойындады. Оның айтуынша адам-қолы болғандықтан жануарлардың ішіндегі ең ақылдысы болып табылады деді. Яғни адамның артықшылығын ақыл анықтамайды деген де шықты, бірақ оның денелік (телесная) ұйымы ақылдың - жоғарғы психикалық сапаларын анықтайды. Гераклит, Демокрит және Анаксагордың қалыптастырған принциптері ғылыми әлемді қалыптастырудың басты өмірлік жүйкенің болашақ жүйесін қалыптастырды. Екі жарым мың жыл бұрын Көне Грецияда ашылған түсіндірмелі принциптер барлық уақыттың рухани көрінісін танудың негізі болды.

Біздің дәуірімізге дейін V ғасырда Ежелгі Грецияда құлиеленушілік демократия логика, риторика, психология, философияның жедел қарқынмен дамуына жол ашты. Соттарда, халық жиналыстарында әдемі сөйлеп, халықты, мүмкін болса өз қарсыластарын да айытқанына сендіріп, өз жағына тарта білу өнері алдыңғы қатарға шығады. Осыған байланысты риторика (әдемі сөйлеу өнері) өнеріне ақы алып үйрететін ұстаздар пайда болады. Оларды софистер деп атады. Олардың басты қағидасы- әркімнің өз ақиқаты бар. Жақсылық пен жамандықтың объективті мөлшері жоқ. Кімге не пайдалы болса-сол жақсылық, игілік.

Платон (б.д.д. 427-347 ж.ж.) Сократтан дәріс алған, оның ілімін әрі қарай жалғастырушы. 20 жасында Сократтан дәріс алған кейін Афинада Гекадем атындағы гимназияда ұстаздық етеді. Бұл мектеп алғашқыда Гекадемия деп, соңғы кезде академия деп аталынады.

Платон пікірінше, шын болмыс –ақылмен ғана білуге болатын денесіз идеялар әлемі. Платонның болмысы өздеріне тән идеялары бар рухани көпшілік. Әр идея өз алдына мәңгі және өзгермейді, ол өзіне өзі тән. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. Әлемде қанша бір тектес, бір-біріне ұқсас заттар, құбылыстар, процестер, қатынастар т.б. көп болса, соншама идеялар бар. Идеялар бір- бірімен тек қана қарым-қатынаста емес, сонымен бірге бір-біріне бағынышты, немесе бірнеше түрлі идеялар бір ортақ идеяға бағынышты қатынастарда болады. Идеяларға Платон материя мен кеңістікке барабар етілген болмыс еметі қарсы қойды. Сезімдік дүние, Платонша, «идеялар» мен «материяның» туындысы, олардың арасында, екі ортада тұрады.

«Идеялар мәңгілік», «Аспаннан да биік», және олар пайда болмайды, өлмейді, салыстырмалы емес, кеңістік пен уақытқа тәуелді емес.Сезімдік заттар өзгермелі, салыстырмалы, кеңістік пен уақытқа тәуелді келеді.Платон космологиясында «дүние жүзілік» туралы, психологиясында –жанның біздің денеміздің қараңғы қапасында екендігі туралы және жаңаша оның түрленуі туралы өлімге баса ден қойылды. Платон таным түрлерін танылатын затардың айырмашылықтарына тәуелді түрде ажыратты. Шын ақиқат «түрлерді» ғана анық тануға болады. Адамның өлмес жанының идеялар дүниесі туралы есіне түсірді. Осындай танымның көзі болып табылады, бұл дүниені ол ажалды тәнге қонғанға дейін аңдыйды. Сезімдік заттар мен құбылыстар туралы білім емес, тек ықтимал «пікір» ғана болуы мүмкін. «Идеялар» мен сезімдік заттардың арасына Платон пайымдық танымға түсінікті математикалық объектілерді қояды. Таным әдісі- «диалектика», Платон «диалектика» деп екі жолды көрсетті, олар: ұғымдарды қортындылау сатысымен жоғары тектеріне дейін өрлеу және ең жалпы ұғымдардан барған сайын жалпылығы кеми түсетін ұғымдарға қарай құлдырау. Сонымен Платонның пікірінше, таным дегеніміз жанның жерге жеткенге дейін өткен өмірін еске түсіру болып табылады.

Аристотель ( 384-322 ж. б.д.д.) Грецияның бірден-бір ұлы ғұламаларының бірі. Оның «Жан туралы» жұмысы бірінші психологияның монографиясы болып саналады.Ең алдымен Аристотель Платонның жан туралы құбылысын қарастырды. Оның көзқарасынша жан мен тән бір-бірінен бөлінбейді. Осыдан Аристотель өзінің жан туралы шығармасында , жан-тәннің өміріне қабілетті реализацияның формасы деген түсінік берді. Осы құбылысты анықтай отырып, Аристотель былай деді, яғни егер біз жанның қайнар көзін тапқымыз келсе, онда ол зрение болар еді, яғни жан оның пайда болу мақсатын көрсететін, қазіргі пәннің маңызы болар еді. Жансыз материя таза потенция, ол ештеңе емес және еріген металл сияқты, бір уақыттарда барлығы болуы мүмкін. Бірақ егер оны қылыш немесе пышақ сияқты құйса, онда ол бірден анықтауға болатын мақсаттан тұрады.Сондықтан да жан шынында да тәнсіз өмір сүре алмайды. өйткені форма- ол әрқашанда бірдеңенің формасы. Дегенмен Аристотельдің тұжырымдамасы- тек грек психологиясындағы болмыстық және толығырақ қана емес, күрделі де қарама –қайшы болып табылады. Бірінші қарама –қайшылық оның шығармасында жанның қызметі мен қабілетінен пайда болады. Ол жанның үш түрден тұратынын да жайлы жазды олар: өсімдіктік, жануарлық, ақылдық. Сонымен өсімдіктік жан қоректену мен көбеюге қабілетті.

Жануарлық жан одан басқа төрт функциядан тұрады- талпыныстан (сезімнен), қозғалыстан, түйсіну мен есте сақтаудан. Ал ақылдық жан ол тек адамда ғана бар, сонымен қатар ол ойлауға қабілеттілікті де иемденеді.

Жанның әрбір жоғарғы формасы- соған тән болған, функцияларды меңгере отырып, алдыңғылармен түзеледі. Сондықтан да егер өсімдіктік жанда екі функция болса, онда жануарлықта – алты, ал ақылдықта –жеті. Осыдан барып, психологияда тұңғыш генезис идеясы пайда болады. Бұл психиканың өмірдің бір формасынан екінші формасына- өсімдіктен жануарлық әлем мен адамға дейінгі өтудегі даму.

Қорыта келгенде Аристотельдің теориясы өте өзекті және кең ауқымды проблемаларды қамтыды.

Эллинизм. Александр патшаның тәсілінен кейін (IV ғ.б.д.д.) өте ірі көне монархия пайда болды. Оның кейінгі ыдырауы тарихтың көне әлемінде жаңа кезең ашты- ол эллинистикалық . Оған Греция мен Шығыс елдерінің мәдени элементтерінің синтезі тән.

Тұлғаның қоғамдағы жағдайы түп төркінімен өзгерді. Тәуелсіз грек туған елімен, қалыпты әлеуметтік ортамен байланысты жойып алды. Барлық қаталдықпен ол өзгермелі әлемдегі өзінің өмір сүру тұрақсыздығын сезінді. Бұрынғы кезеңнің ұлы интеллектуалдық жетістіктеріне, ақылдың құдыретіне сену күдік туғызады. Осыдан барып олардың тәуелсіздігіне, дәлелденбегеніне байланысты, айналадағы әлемге қатысты пікірден мүлде бас тартуды талап ететін скептицизмдік философия пайда болады. Мұндай интеллектуалдық бағыт этикалық мотивациядан пайда болды. Яғни ақиқатты іздеуден бас тарту, атаракциялық (грек тілінен аударғанда толқудың жоқ болуы) жағдайды иемдену мен рухани тыныштықты иемденуге де мүмкіндік береді деп болжанды.

Эллиндік дәуір гректердің саяси өмірімен қатар рухани әлемін де ұлы өзгерістерге алып келген Александр Македонский жорықтарымен (б.з.д. 334-323) басталады. «Эллинизм» термині гректердің hellenizo деген сөзінен шыққан және «грекше сөйлеу», «грекше жасау» деген ұғымды білдіреді. Эллиндену, А.С.Богомоловтың айтуынша, орасан зор аймақты мекендеген мәдениеті жоғары дамыған халықтардың эллиндік мәдениетті қабылдай отырып, грек және әртүрлі варвар халықтар мәдениеттері өзара байланысып, синтезделуі нәтижесінде өзіндік өркениетті қалыптастыруы болып табылады. Эллиндік монархиялар жағдайындағы жаңа өмір тәртібі бұрынғы « құндылықтарды» қажет етпеді, мемлекет пен адам арасындағы ескі байланыс бұзылды. Эллиндік адам енді «азамат» емес, орасан зор империяның арасына сіңіп кеткен « бағыныштылар» еді.

Классикалық грек мәдениетінің эллинизмге өзгеруі тереңдік пен тазалықтың жоғалуына әкелгенімен, шығыс мәдениетімен синтезделу нәтижесінде оның интенсивті дамуына жол ашылды. Жаңа мәдени орталықтар пайда болды: Пергам, Родос, Александрия, олардың даңқы белгілі дәрежеде Афиныдан асып түсті. Эллинизмнің жақын беттерінің бірі Эпикур шығармашылығы және б.з.д. IV ғасырдың соңында ол негізін қалаған «Бақ» мектебі өкілдерінің философиясы болды Оның ілімінде каноника да (ақиқаттың өлшемі және таным ережелері туралы ілім), физика да (болмыстың құрылысы туралы ілім) бар, алайда олар этиканың функциясы арқылы ғана жүзеге асады. Яғни, бұл- адамның мақсаты туралы ілім, бақыт және оған жетудің тәсілдеріне негізделеді. Эпикур бойынша ғалам табиғатын білмей өмір мен өлім, тағдыр және т.б. алдындағы адам жанында болатын қорқынышты жеңу мүмкін емес. Ал онсыз бақытқа жету мүмкін емес. Эпикурдың айтуынша бақыт-бұл еш нәрсемен бүркемеленбеген ләззат, ол «денеге тән қасіреттің жоқтығынан» немесе жанның тебіреніссіз қалпынан көрінеді. Сондықтан Эпикур үшін нағыз идеал практикалық даналық болып табылады, яғни моральдық өмірді басқаруға жағдай жасайтын ақыл-ой.

Адам- азаматтың орнына тарихи аренаға адамзатқа тән байланыстардың ішінде тек достықты ғана қадірлейтін адам- индивид келді. Эпикур тағдыр мен фатализмге қарсы шыға отырып, өз замандастарына бақытқа жетудің жаңа жолын көрсетті: бақыт іштен туындайды және ол тек біздің қолымызда, ал қалған нәрсенің бәрі іш пыстыратын бос дүние. Александрияда жекелеген ғылымдардың гүлденуі ерекше көзге түседі. Кітапхананың жұмысымен байланысты философияның қалыптасуы, математиканың (Евклид), механиканың (Архимед) дамуы, астрономияда гелиоцентристік төңкеріс жасауға талпыныс (Аристарх), эллиндік медицинаның жеткен шыңдары, анатомиядағы табыстар, географияның жүйеленуі (Эратосфен), сипаттамалы жаратылыстанудың, тарихтың, бейнелеу өнерінің, техниканың дамуы. Мұның бәрі – ерекшелігі мамандану болып табылатын көлемі жағынан да, сапасы жағынан да өзгеше жаңа феноменнің өмірге келгендігін дәлелдейді.

 

Бақылау сұрақтары:

 

1.                 И.П. Павлов, А.А. Ухтомский, Н.А. бернштейн П.К. Анохиннің мінез-құлық пен психикалық іс-әрекетінің физиологиялық механизмдерін зерттеу.

2.                 С.Л. Рубинштейннің «Писхология негіздері» 1935 ж. кітабын талдау.

 

 

9 лекция.

 

ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы эксперименттік психологияның дамуы

 

Жоспар:

1.     ХХ ғасыр 20 – 30 жылдары аралығындағы әдіснамалық пікірсайыстардың тарихы ролі.

2.     Л.С. Выготский, К.Н. Корнилов, С.Л. Рубинштейннің маркстік психологиялық ғылымының қалыптасуындағы ролі.

3.     ХХ ғасыр 20 – 30 жылдардағы жалпы психология саласындағы жетістіктер.

Америкадағы эксперименталдық психологияның дамуы мен қалыптасуындағы маңызды рөлді Джеймс Мак-Кин Кеттел (1860-1944) атқарды. Ол индивидуалдық ерекшеліктерді зерттеген. Бұл қызығушылық оны интеллектуалдық қабілет аймағын зерттеген Гальтонға алып келді. Кеттелдің «Иителлектуальные тесты и измерения» деген статьясы 1890 жылы. «Mind» деген англиский журналға шықты. Кетеллдің мақсаты студенттердің интеллектуалдық деңгейін зерттеу болды.Ол бұлшық ет күштерін, қозғалыстың жылдамдығын, сезімталдығын, көз бен құлақтың өткірлігін өлшеу үшін, яғни осылардың көмегімен интеллектуалдық функцияны өлшеуге болады деген «тест» терминін жасады. Бұл зерттеу ары қарай Құрама Штаттарында, Колумбия университетінде жалғастырылды. Кеттел қабілеттен басқа дағдыны да зерттеді.

Кеттелдің американдық психологияға тікелей әсері 65 жыл жалғасты. Ол Болдуинмен бірге «Психологическое обозрение» (1894) және «Указатель по психологии», «Психологический бюллетень» деген журналдардың негізін салды. Колумбиялық университетте оның приемнигі В.Вудвортс болды.

Өмірінің соңғы кездерінде ірі меншік компанияда «Psychological Corporation» тікелей қолданбалы психологиямен айналысты.

Дарвиннің ізін жалғастырушы антрополог, әрі биолог Френсис Гальтон (1822-1911). Гальтон көптеген факторларға сүйене отырып «Наследственный гениий» деген кітабында ерекше қасиеттер тұқым қуалау арқылы берілетіндігін дәлелдеді. Қолдағы эксперименталды – психологиялық методикаларды зерттей отырып, ол индивидуалды вариацияны зерттеумен айналысты. Бұл денелікке сияқты, психикалық белгілерге де қатысты болды. Кейінгілерде генетикалық детерминанттан тәуелділігі аз емес, мысалы көздің түсі. Оның Лондондағы лабораториясынан кез –келген адам аз ақша төлеу арқылы Гальтон бойынша олардың арасында коррекциясы бар физикалық және психикалық қабілеттерін анықтай алады. Осы антропологиялық лаборатория арқылы 9-мыңға жуық адам өтті. Ол елдің психикалық деңгейін анықтай үшін Англия халықтарын меңгеруді ойлады. Өзінің зерттеуін ол психологиялық лексиконға енген «тест» сөзімен білдірді. Гальтон индивид пен адамдар тобының арасындағы айырмашылықты зерттеуші, дифференциалдыққа эксперименталдық психологияны қайта құрудың пионері болды. Гальтон барлық адамдарды олардың табиғи қабілеттері бойынша жеке үлкен емес интервалдарға, класстарға бөлді. Гальтон әртүрлі дарындылықты генилердің саны бойынша бағалауға тырысты және ол генотип бойынша бірдей емес деген қортындыға келді.

Гальтон тұқым қуалау арқылы берілген ақылдың сапаларын бөлді: тән мен жанның энергиясы, жігерлі шыдамдылық пен тұрақтылық, ғылымға туа біткен қызығушылық, денсаулық , пікірге тәуелсіздік. Тәрбие мен ортаның ықпалын зерттеу мақсатында Гальтон анкеталарды жинау арқылы бір жұмыртқалы және көп жұмыртқалы егіздерді зерттеуді ойластырды. Осыдан барып ғылыми зерттеуге – егіздер әдісі деген жаңа әдіс енді.Бір жұмыртқалы егіздердің, бірдей жынысты егіздердің іштен бірдей болатындығы жайлы жалпы қорытынды жасалды. Көп жұмыртқалы егіздерде ішкі сыңардағы ерекшелік байқалды, бірақ бұл тұқымқуалаушылықтың шешуші рөлі жайлы жалпы қорытынды қозғалмады.Ол осы мақсат үшін құрамдық портреттердің методикасын пайдалана отырып, психика мен адамның сыртқы әлемінің байланысы жайлы идеяны айтты.Бұл талпыныстар жетістікке жетпеді.

Францияда эксперименталдық психологияның пайда болуы А.Биненің (1857-1911) есімімен байланысты. Ойлауды зерттеу бойынша эксперименталды зерттеу Вюрцбург мектебі сияқты қорытындыға келді.Ол сондай-ақ ерекше қабілетті адамдарды зерттеді- шахматшыларды. Сондай-ақ балалардың ақөыл-ойын, есте сақтауы мен қиялын зерттеді.1896 жылы А.Бине тұлғаны сынау үшін тесттер жинағын шығарды.Оның патологияны зерттеуі «Изменения личности» деген жұмысында іске асырылды.Нағыз атақты оған А.Бине мен дәрігер Симонның бірігіп жасаған «интеллектуалдық дамудың метрикалық шкаласы» әкелді.Оның мақсаты ақыл ойы кем балаларды қалыпты мектептен және қалыпты класстарды білімі бойынша емес, қабілеті бойынша іріктеу болды.Шкаланың бірінші варианты 1905 жылы пайда болды, ал ол А.Биненің соңғы өміріне дейін өңделді. Оның көмегімен 3 жастан 12 жасқа дейінгі балалар зерттелді.Тесттер эмперикалық түрде құрылды: пробаның негізіне балалардың 75% жасының зерттелуі шешілген тапсырмалар қосылды.Олар әртүрлі болды: есте сақтау, моторлық қабілеттер, практикалық дағдылар, ақыл-ой функциялары сыналды.Кейбіреулері әртүрлі жастағылар үшін қайталанды, сондай-ақ жауапқа талап деңгейі де өзгерді.Биненің шкаласы басқа елдерде де кеңінен таралған.Гальтон жас кезінен бастап қазіргі статистиканың негізін салушылардың бірі Адольф Кетленің (1796-1874) жұмысын зерттеді.»Социальная физика» (1835) деген кітабында Кетле ықтималдықтар теориясына сүйене отырып, оның формулалары адамдардың мінез-құлықының кейбір заңдылықтарға бағынатынын анықтауға мүмкіндік береді.Статистикалық материалды талдай отырып, ол отбасын құру, өзін-өзі өлтіру және т.б. сияқты адамзаттың актыларына сандық сипаттама бере отырып, тұрақты шаманы алды.Бұл актылар еркін болып саналды.Енді олардың іске асуының белгілі жүйелілігі анықталды.Қарсы шығушылар еркін ерік концепциясына Кетленің «Әлеуметтік физикасын» өз көзқарастарының дұрыстығын куәландыру ретінде қабылдады.Кетленің өзі «орта адам» идеясының нәтижесінен алынған интерпретацияға сүйенді.Гаусс-Лапластың заңы бойынша діни даналық барлық физикалық әлемді де, моральды-интеллектуалдықты да біркелкі етеді.Дегенмен Кетленің концепциясы метафизикалық әдістің қоғамдық көріністегі буржуазиялық әлемді тану қасиеттерімен тығыз байланысты.Егер орташа сан болса, онда оның артынан физикалықпен сәйкес келетін шынайылық құруы керек.Осыған байланысты статистикалық заңдылықтардың негізінде көріністерді айту мүмкіндік алады.Осы заңдылықтарды тану үшін әр индивидті жеке зерттеу сенімсіз.Мінез-құлықты зерттеуде объектте адамдардың саны көп болуы керек, ал әдісі-вариациялық статистика болып табылады. Кетле орташа шамадан әртүрлі ауытқулар қалай орналасатындығын қалыптастырды.

Г.Эббингауз (1850-1909) ес (1885) жайлы жұмысында алғаш вундтық типтің физиологиялық экспериментінің шыңына жетті және өзіндік психологиялық эксперименттің негізінде естің заңдылықтарын қалыптастырды.Есті ол білім беру ізінің механикалық процесі сияқты түсінді.

Эббингауз есті зерттейтін екі әдісті енгізді: жаттау әдісі және сақтау әдісі.Жаттау әдісі сыналушыларға мағынасыз сөздер беріледі, олар оны дұрыс айытпайынша қайталау жолы арқылы жаттаудан тұрады.Жаттау жылдамдығының көрсеткіші, оның сапасы қайталаудың саны болды.Сақтау әдісі жаттаған материалды қатесіз қайта жаңғыртуға бола ма деген сұраққа жауап береді.Яғни есте сақтау адамның уақытын үнемдейтіндігін анықтады.Алынған нәтижелерден жатталғандардан есте із қалатындығы, бірақ оған доступтың жоғалатындығы дәлелденді.Эббингауз келесі фактыларды қалыптастырды.Тұрақты есте сақтаудың көлемі анықталды-олар материалдың сандық бірлігімен анықталды.Бұл көлем 6-8 мәнсіз сөздерге тең болды.Бұл факт естің әртүрлі бұзылыстарын зерттеу үшін белгілі бір мәнді иемденді.

Эббингауздың айтуынша толық жатталған материалды ұмытылмас үшін қайта қарап отыру керек.Ұмытуда –есте сақтау сияқты заңды процесс.Ол былай жүреді: есте сақтағаннан кейін тез арада ұмытылуды жүреді, одан кейін процесс ұзарады да белгілі бір уақыттан кейін тоқтайды.Бұл факт «кривой ұмыту» түрінде графикалық бейнені иемденді.Эббингауз көп жағдайда мәнсіз буындармен жұмыс жасады, сондай-ақ мағыналы тексттерді де пайдаланды.Мәнді және мәнсіз есте сақтаудың арасында айырмашылық анықталған.Есте сақтау үшін элементтердің санының емес, өзіндік бөліктер санының мәні зор.Бұл есті жаттықтырудың нәтижесінде анықталды.

Егер бала тапсырманы әріптестерінен бұрын орындаса, ол қалыпты болып саналады.Бірақ кейбір жағдайда бұл тапсырма не жеңіл немесе әлі келмейтін болып саналады.Бұл хронологиялық жастан басқа –СА (ағылшын тілінен аударғанда Chronological Age) ақылдық жас –МА-(ағылшын тілінен аударғанда Mental Age) ұғымын енгізді.Олардың сәйкес келмеуі ақыл кемістігінің бар екенін немесе дарындылықты көрсетеді. 1911жылы Штерн В. Олардың байланысын интеллект коэффициенті деп атады.(JQ).

Эксперименталдық зерттеуді Эдвард Торндайк (1874-1949) бастады. «Ум животных» (1898) деген кітабында жоғары дамыған жануарлар өздерінің не істеп жатқандығын түсінбестіктен соқыр сезім арқылы үйренеді және саналы әрекеттерді объективті түрде орындайды. Торндайк саластырмалы психологияның алтын қорына енген жаңа эксперименталдық техниканы енгізеді. Мынандай қорытынды жасалды,яғни жануарлар тапсырмаларды тек кездейсоқ көру немесе қателіктер арқылы шешеді, үйрену заңдылықтары қалыптасқан; эффект заңы( бірнеше реакциялардан сол бір жағдайға ғана нық байланады); жаттығу заңы «реакция жағдайға пропорционалды түрде бекітіледі): дайындық заңы; қозғалу заңы.

Бірнеше жылдан кейін 1901 жылы Э.Торндайк «Ум обезьян» монографиясын шығарды. Торндайктың зерттеулері мінез-құлықты зерттеудің объективті мүмкіндіктерін көрсетті, жіне осымен бихевиоризмге жол ашылды.

Мюллер Г.Э. есті зерттеуші болды және үш томдық есті эксперименталды зерттеудің авторы болды.Мюллер есте сақтау установкасының әрекет ететіндігі жайлы қорытынды жасады.Мәнді тексті жаттау тәсілі мәнсіз материал жағдайындағы қарапайым қайталаудан ерекшеленеді.Мюллердің лабораториясында есті зерттеудің жаңа әдістері шығарылды: сыңарлы ассоциация әдісі (М.Калкинс) және т.б.

Лондондық мектептің негізін салушы Чарльз Эдвард Спирмен (1863-1945) корреляциялық таблицаларды математикалық өңдеу әдісін ойлап шығарды.Ол эксперименталды түрде бір сыналушының интеллектуалдық тесттерде бірдей нәтиже беретіндігін дәлелдеді.Бұл қатысты Спирмен жалпы себептің факторға тәуелділігімен түсіндіреді.Осы жалпы фактормалмен бірге іс-әрекеттің спецификалық формасына сәйкес спецификалық формасына сәйкес спецификалық факторларды да бөлді.(S1;S2). Факторлық талдауды жалғастырушылар, оның процедураларына тоқталды, сондай-ақ интеллектіні түсіндіретін жаңа теориетикалық екі факторлы теорияны қарсы қойды.Одан кейін мультифакторлық теориялар пайда болды.

Психотехниканың негізін салушы Гуго Мюнстерберг (1863-1916) болды. Оның зерттеуі өнеркәсіптік өндіріспен байланысты. Мюнстерберг американың ірі компанияларымен заказ бойынша және үздіксіз байланыста жұмыс істеді.Мюнстербертің эксперименті Вундтың лабораториялық экспериментінен мүлде бөлек болды: бұнда жасанды лабораториялық деңгейден іс-әрекеттің шынайы деңгейінің моделденуіне жейін ауысу болды.Мюнстербергтің жұмыстары үлкен практикалық эффект берді.Осы зерттеудің нәтижесінде өңделген тесттер жұмысшылар мен қызметкерлерді іріктеуде басты тәсіл болды.

 

Бақылау сұрақтары:

 

1.                                            А.Ф. Лазурский тұлға психологиясына қосқан үлесі.

2.                 Жануарлар сараптау психологиясы (Э. Торндайк, В. Смолл).

3.                 Ф. Гальтонның сараптау дифференциалдық писхологиясы.

4.                 Д.М. Кэттельдің психологиялық лабараториясындағы даралық ерекшеліктер.

10 лекция.

 

ІV-Бөлім. Психологияның қазіргі тарихы. Психолгиядағы әлемдік мектептер.

Жоспар:

1.     Психоанализ туралы түсінік

2. Ғылыми білім құрылымындағы психоанализ.

3. З. Фрейд теориясы.

4. Адлердің даралық психологиясы.

5. Юнгтің аналитикалық психологиясы.

Психоанализ-Зигмунд Фрейд ұсынған жүйке және психикалық дерттердің емдеуінің жалпы теориясы мен әдісі және Фрейдизмнің теориялық негізінің бірі. Психоанализ грек тілінен қазақшаға аударсақ –жан, анализ-талдау, бөлшектеу,шешім деген мағынаны білдіреді, ол истерияны диагностикалау және емдеу үшін Фрейд дамытқан, зерттеудің дәрігерлік әдісі,психиатрияның бөлімі.

Ғылыми білім құрылымындағы психоанализ. Фрейд теориясы.

Психоанализдің «миф» ретінде баян етуі миф ілімімен қатар пайда болды деуге болады.Клиникалық тәжірибемен және эксперименттік бақылаудан айыра отырып Фрейд, өзінің метапсихологиясын миф деп санаған, және де психоанализде миф деп келіскендер К,Поппер, Л.Витгеинштеин, А.М,Пятигорский т.б.

Ереже түрде, осындай аналогиялық аргумент, екі идея манында айналымда.

-психоанализдің қағидалары мен қорытындылары тексерілмеген және шартсыз сенуді талап етеді

- психоанализдің негізгі бағыты- қолайлы және өмірлік болғандықтан ол өзінің әлеуметтік қызметімен діни немесе идеологияға жатады.

З. Фред теориясы.

З. Фрейд адам жаны үш компоненттен тұрады деп санаған «Id», «Ego», «Superego».

Тума сезім (инстинкт). Ішкі «Оно», «Id»- дененің соматикалық талабы ретінде «Ego» және «Superego» әрекетіне ашық бастапқы, негізгі, орталық құрылым. Ол «Оно» қалыпсыз, мақсатсыз және ұйымдаспаған. Бұл барлық тұлға үшін қуат қоймасы. «Id» қосындысы түгелдей бейсаналы келеді. Адамда екі тума сезім бар: бірі өзін сақтау тума сезімі (тамақтану, өсу, қозғалыс, тыныс алу т.б. екіншісі, ұрпақ жалғастыру. Бірінші тума сезім сананың дамуына орай өзінің мағыналық жоғалтса, екіншісі бірінші қатарға шығып, оны Фрейд либидо деп атады.

Карл Густав Юнг (1875-1961) швейцар психологі, аналитикалық психологияның ірге тасын қалаушы. 1907-12жж. Фрейд жақтаушысы.

Егерде Фрейдтің сіңірген еңбегі болып бесаналық «микроәлемді» талдау болса, Юнг бейсананы зерттей отыра, оның (архетип) бөлек кәдімгі құрылғандары мен мәдениетүшін жалпы бейнелер және құрылымдар арасының ұқсастығың нұсқады.

Юнг бойынша психологиялық типтер екі үлкен топқа бөлінеді: интроверсия типі және экстраверсия типі болып. Дара адамда әртүрлі қызмет үстем болып келеді: 1. ойлауында; 2. эмоциясында; 3.түйсінуінде; 4. интуициясында. Әр қызметке адамның психологиялық типі сәйкес келеді: 1. ойшыл тип; 2. эмоциональды тип; 3. сенсорлы тип; 4. интуитивті тип. Осы 4 типтің (қазметі бойынша) әр біреуі интроверт немесе экстраверт болып келеді. Сонымен, ажыратылады: 1) орнатылған психологиялық мақсатқа байланысты, жалпы типтер қызуғы мен либидо бағытымен басқа типтерден айырмашылықты); 2) функциональды типтер.

Карл Юнг Фрейдттің шәкірттерінің бірі. Екеуінің арасындағы келіспеушіліктің негізгі себебі, ол Фрейдтің пансексуалистік идеясы болды. Юнг өзінің системасын «аналитикалық психолгоия» деп атады.

Юнг бойынша адамның психикасы үш дәрежені қосады: сана, өзіндік санасыздық және ұжымдық санасыздық. Адамның өткен өмірінен қалған ойларының іздері ұжымдық санасыздықта адамның өзіндік құрылымын анықтаушы рөлді атқарады. Ұжымдық санасыздық жалпылама мінез-құлық болып табылады. Ол адам тұлғасына әсер етіп, оның туған сәтіндегі мінез-құлқынан анықталады. Ұжымдық санасыздықта әр түрлі дәрежеден тұрады. Ол ұлттық және жалпы адамдық мұрагерліктен анықталады. Юнгтің айтуынша, ұжымдық санасыздық – бұл біздің ата-бабаларымыздың ақылы арқылы ойлаған, сезінген жолдары, және осы арқылы олар өмір мен әлемді, құдайлар мен адамның өмірін анықтаған.

Юнгта ұүжымдық санасыздықтан басқа өзіндік санасыздық та бар, бірақ ол санадан бөлінбеген. Өзіндік санасыздық әсерден, ақылға келтірілген, одан кейін ұмытылған немесе ығыстырылған санадан тұрады.

Карл Юнг барлық неофрейдистер сияқты неврозға да қызығушылық танытқан. Юнг бойынша, невроз – ол төмен дәрежедегі регресс болып табылады. сонымен қатар Юнг тұлғаның типологиясын құрумен де белгілі. Ол классификациясының негізіне адамның өзіне немесе обьектіге бағытталуын кіргізді. Ол адамдарды экстраверттер мен интроверттерге бөледі. Бұл көзқарастары «Психологические типы» деген жұмысында баяндалған. Бұл негізгі типтен басқа, Юнг қосымша тип туралы да айтады. Юнг үшін қоғамдық қатынастар болмайды. Юнгтің бұл мағлұматы фрейдизмнің психотерапевтік практикасында әлі рөл атқарады. Сонымен қатар, экстра мен интроверттердің бөлінуі психоаналитикалық практикада да қолданылады.

Юнгтің типтері адам өмірінің жағдайымен анықталмайды. Олар туа пайда болған.

Өзінің ұстазынан алшақтаған Фрейдтің екінші шәкірті –

Альфред Адлер (1870-1937) - Фрейдтің ізбасары бола отырып көзқарастары принциптік пікір бойынша ажырасқан. Адлер, адамның әлеуметтік мұқтаждығы және оның лидерлік ұмтылысы Фрейдтің көніл бөлегеніне қарағанда, зор ықылас қоюға тұрарлық деп есептеген. Адлер өзінің теориясында, адамның негізгі ынтасы-мүмкіндігінше алда болуға ұмтылыс екенің дәлелдеген.

Әлсіз адамдар өздерін жиі сындарлы (неполноценный) емес санайда да оның құнын теңгеруге (компенсациялау) тырысады. Адлердің пікірінше «жеңу мақсаты» әлеуметтік сипатта болады деп саналады.

«Әлеуметтік сезім» сүйю, аяу, қызығу сезімдерімен байланысты келеді және со әлеуметтік сезімге өзінің артықшылығын сезіну және тұлға тұтастығы, оның жан деңсаулығы тәуелді. Барлық сәтсіздікте (нашақорлық, маскүнемдік т.б.) әлеуметтік сезім деңгейінің жеткіліксіздігі жатады.

Ол индивидуалдық психологияның негізін салушы. Оның негізгі еңбектері –«О невротическом характере»(1912), «Практика и теория индивидуальной психологии» (1920).

Адлер Фрейдтің биологизаторлық теориясына қарсы шықты. Ол адамдаға негізгі табиғи инстинктіге емес, «чувством общности» деп атаған әлеуметтік сезімге ерекше көңіл аударған. Бұл сезім туа пайда болған деп аталады, бірақ ол әлеуметтік дамыған болу керек. Ол Фрейдтің адам туғанынан агрессивті болады, яғни оның ақылыбиологиялық қажеттілігі детерминантталады деген ойына қарсы болды. Адлер бойынша тұлға дамуындағы детерминант не болып табылады? Ол артықшылыққа талпыныс болып табылады. бірақ бұл талпыныс әрқашан да жүзеге асырылмайды. Сонымен қатар Адлер «әлеуметтік сезім» деген ұғымды жүргізеді. Бұл әлеуметтік сезім сапасы төмен сезім сияқты, адамның органикалық орындалмауы көрінеді. Бұл сезімдермен жақсы көру, аяу, рахаттану және т.б. қабілеттіліктер байланысты. Әлеуметтік сезімге артықшылық сезімі, тұлға бірлігі және оның рухани денсаулығы байланысты болады.

Әлеуметтік сезім немесе әлеуметтік қызығушылық социализация процесінде шығарылмайды.

Адам өмір сүруіндегі индивидуалдық әлсіздігіндегі нақты және шарасыз компенсация әлеуметтік сезім болып табылады. Әсіресе оның ілімінде ең маңыздысы компенсация мәселесі болып табылады. Ол оның әр түрлі «өмірлік стилін» шығарушы түрлерін бөледі.

1.        Әлеуметтік қызығушылық пен ілгерілікке леген талпыныстың қорытындысы сәйкес келгенде сезімнің олқылықтардың компенсациясы ойдағыдай болады.

2.        Бір ерекшеліктің немесе қабілеттің жылдам дамуының арқасында өмірге бір жақты бейімделуді жоғарға компенсация.

3.        Ауруға күтім. Бұл жағдайда адам сезімнен босай алмай, компенсацияға «қалыпты» жолдармен көше алмай, ол өзінің сәтсіздігін ақтау үшін аурулардың симптомдарын өндіреді. Невроз пайда болады. Осы жағдайды Адлер бойынша невротикалық симптомдардың өздері орындалмаған компенсацияның жолдары сияқты қарастырылуы керек.

1                   (XVII) Психология-Сана туралы ғылым. Психологияның зерттеу пәні –сана деп қарастырды. Француз ғалымы Рене Декарт (1596-1650) (екінші кезеңнің басталуы) Ол тек ішкі ағзалардың жұмысы ғана емес, сонымен қатар ағзаның әрекеті-оның басқа сыртқы денелермен әрекеттестігі де жанды қажет етпейді дегенді көрсетті. Оның идеялары психология ғылымының кейінгі тағдырына ерекше ықпал етті. Декарт бір мезгілде екі ұғымды енгізді: сана және рефлекс Рефлекс-(жануар сыртқы ортаның әсеріне рефлекс (жүйке жүйесінің қызметі) арқылы жауап береді, деді). Алайда, ол өз ілімінде кенеттен жан мен тәнді қарама-қайшы қояды. Ол өзара тәуелсіз екі субстанцияның-материя мен рухтың-бар екендігін айтады. Сондықтан психология тарихындағы бұл ілім «дуализм» (латын тілінен «қосалқы») деген атаққа ие болды. Дуалистердің көзқарастары бойынша, психикалық құбылыстар мидың өнімі мен қызметі емес, мидан тыс әрі одан тәуелсіз өздігінен болады деп санайды. Философиядағы бұл бағыт обьективтік идеализм деген атқа ие болды. Декарттың жан мен денені бөліп салғанын, голландтық философ Спиноза (1632-1677) біріктірді. «Эмперикалық психология» терминін неміс философы ХVІІІ ғ. Х. Вольфом енгізді. Ағылшын философы Дж. Локк (1632-1704) түсінігі бойынша- сенсуализмнің – ақыл-ой жүйесінде сезім мүшелері арқылы өтпейтін еш нәрсе жоқ дейтінді уағыздайды. Дүнеге жаңа келген жас сәбидің психикасы, Локк ілімі бойынша «таза тақта». Сана-адамның жеке тәжірибесінен жинақталады. Неміс философы Г. Лейбниц (1646-1716) психологияның дамуымен психиканың механизмдерін түсінуге ықпалын тигізді. Ол психологияға «сана» ұғымымен қатар санасыздық ұғымын енгізді, санасыз түрде пайда болатан шексіз шағын перцепциялар бар екенін жоққа шығармайды. Туа берілетін идея жөніндегі Декард ілімін қолдай отырып, Локк сынын ескерді, оның сәбидің психикасы «таза тақта» деген тезиске қарсы шықты.

ХІХ ғ. 60 жылдарында психология дербес ғылым ретінде танылды. Вильгельм Вундт (1832-1920) 1879 жылы Лейпцигте Тұңғыш экспериментальды психологиялық лабораторияны ұйымдастырды. Вундт психологияны-сана құрылым ғылымы деді, бұл бағытты құрылымдық көзқарас деп атады. Зерттеуші нақтылы сыртқы жағдайларды жасай отырып, осы кездегі үрдістер ағымын бақылайды. Алайда, адамның өзін-өзі, жеке ішкі күйлерін, сезімдерін, ойларын бақылауы түріндегі бұл бақылаулар интроспекция («ішке үңілу»), өзін-өзі бақылау әдісін қолданды. Мұндай бақылауда басты ғылыми талап-обьективтілік болмайды. осының нәтижесінде ХХ ғасырдың басында, біріншіден, ғылыми обьективтік білімнің дамуы сұрауларының салдарынан және әлеуметтік – экономикалық талаптардың салдарынан, екіншіден, - интроспективтік психологияның дағдарысқа ұшырайтыны белгілі болды.

У. Джемс американдық психолог «Функционалдық көқарас». «Сана ағымы» деген теориясы бар. Сана функциясының адам өміріндегі ролі зерттеуді жалғастырды. Олар: интроспекция, өзін-өзі бақылау, уақытша міндетті шешу фиксациялық әдістерін қолданды. Джемс «үздіксіз сана» түсінігі- мазмұны мен күйінің үздіксіз өзгерісі сана қозғалысының процесі.

Эббингауз (1850-1909) ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басында, белгілі неміс психолог Г. Эббингауз психологияның тарихы қысқа, ал тарих алдындағы кезеңдері ұзақ деп психология туралы қысқа да нұсқа айтты Бұл жерде, тарих ретінде, философиядан бөлініп табиғи ғылымдарға жақындау және жеке эксперименттік әдістерді ұйымдастыру кезеңі деп аталған психиканы зерттеудің кезеңі айтылған. Эббингауз – есті зерттеу ғылымы психологиясында ең бірінші болып табылады. Ең алғаш эксперименталды әдісті қолданды.

Спенсер Жаратылыстану ғылымының ХІХ ғасырда одан әрі дамуында Ч. Дарвин жасаған эволюциялық ілім аса маңызды кезең болды, адам соған сәйкес органикалық дүниенің дамуының тұтас жүйесіне енді. Психикалық өмір эволюция нәтижесі деп танылды. Дарвинмен қатар бұл ойды Г. Спенсер де (1820-1903) айтты және дамытты және Рибо, Бине т.б. дамытты. Ағылшынның ұлы ғалымы Ч. Дарвин (1809-1889) - біздің арғы тегіміз адам тектес маймылдардан пайда болғанын дәлелдегенімен, мұндағы еңбек процесінің шешуші рөлін көрсете алмады.

 

Бақылау сұрақтары:

 

1. З. Фрейд бойынша психиканың дамуы.

2. А. Адлердің сандарлы емес жайлі пікірі.

4.        А. Адлердің «Әлеуметтік сезім» теориясы

5.        Өмір стилі мәні.

4. К.Юнгтің психологиялық типке жіктеуі

5. Юнгтің «ұжым бейсаналығы»

6. Архетип түсінігі

 

 

11 лекция.

 

 

Марксизм философиясына негізделген кеңес психологиясының қалыптасуы.

 

Жоспар

1.     Марксизм классиктерінің психология саласындағы негізгі идеялары.

2.     И.Павлов, А.А.Ухтомскийдің, Н.А.Бернштейн,П.К.Анюхиннің мінез-құлық пен психикалық іс-әрекеттің физиологиялық механизмдердің зерттеуі.

Кеңес психологиясының 20-30 жылдардағы жалпы психология саласындағы жетістіктері.

Психология адам жайлы ең негізгі ғылымдардың бірі. Оның пайда болуы адамға және оның іс-әрекетіне деген қызығушылықпен шартталған. Алғашқыда психология діни наным-сенімдермен, мифтер, аңыздармен байланысты болған. Ерте заманда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім-нанымдармен кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша, адамда тәннен тәуелсіз «жан» болады, мәңгі бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тіршілігінің иесі де, себепшісіде. Жан туралы осындай жалған түсініктің болуы алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауына байланысты болды.

Психология психологияға қатысты және оның салаларына қатысты теориялар негізін қарастырады. Бұл оның психология ғылымындағы орыны мен ролін айқындайды. Психология бұл жүйенің жалпы теориялық, методологиялық бөлімі.

Психология психологияның бір бұтағы ретінде қарастырылады, бірақ жалпы психология психологияның бағаны болып табылады.

Психика ежелгі грек сөзі «жан» деген мағананы білдіреді. Тек қана жан емес, сонымен бірге «тұлға» деген мағананы білдіреді.

Психика – ішкі дүние процестерінің қалыптасуы (сырқы дүниенің моделі).

Психика - ішкі дүниенің мазмұны және процестердің жандануы.

Психика - әрекетті ұйымдастыру, жүзеге асыру, басқару процесі.

Психология мектептері шеңберінде психологияның зерттеу пәні бір келкі емес. Карл Юнг бойынша: «Психика, ғылыми бақылау және бағалау объектісі бола отырып, оны бағалауды жүзеге асыратын субъектісі, құралы да болады».

2.Психология тарихының кезеңдері. Адамзат мәдени тарихында оның негізін салып, қалаған адамдардың есімдері қалған.

Гиппократ, одан кейін Гален темперамент жайлы теориялардың іргесін салушылар.

Платон және Аристотель адамды қоғам өмірін ұйымдастыруда белгілі орыны бар азамат бейнесі ретінде сипаттап берді.

Теофраст – адамның қоршағандармен байланысын көрсетті.

Платон біздің заманымызға дейін сақталып келген, психиканы: ақыл, сезім, ерікке бөліп берді.

Аристотель ежелгі жан туралы ілімдерді қарастырып, жүйеледі. Оның «Жан» туралы шығармасы адам психикасын жалпылап көрсеткен теория болды.

«Психология» термині ХVІ ғасырдың аяғында пайда болды. 1590жылы ГОКЛЕНИУС-тың алғаш «психология» атты кітабы жарық көрді. 1594 жылы оның шәкірті Гасман осы атаумен екінші кітап шығарды.

Параллелді түрде басқа ғылымдар шеңберінде: философия, дінтану, тарих, заңтану, экономикада психология жайлы білімдер жинақталып жатты. Көптеген философтар сонымен қатар психологта болды. Олардың қатарында Френсис Бэкон, Джон Локк, Бенедикт Спиноза, Иммануил Кант, Георг Гегель және т.б.

Олардың кейбіреулері психологиялық жұмыстар жазды:

Георг Гегель- «Жан феноменологиясы және жан философиясы»;

Иммануил Кант- «Прагматикалық көзқарастағы антропология»;

Адам Смит – «Адамгершілік сезімдер теориясы» атты психологиялық тамаша еңбектер жазды.

Басқа ойшылдар мысалы, Рене Декарт тек қана психологиялық шығармалар мен ғана емес, сонымен бірге психологиялық даму жолдарын анықтау идеяларымен де танымал болды.

Рене Декарттың әсерінен психология Зигмунд Фрейдке дейін сана психологиясы ретінде дамыды.

Психологиядағы эмоция теориясының дамуында Бенедикт Спинозаның еңбегі де орасан зор.

ХІХ ғасырда психология ғылымы қарқынды дами бастады. Осы кезеңде психология бойынша көптеген кітаптар мен құралдар жарық көрді.

1834жылы Ресейде аймақтық «Адам сипаты» атты 677беттен тұратын Александр Иванович Галичтің психологиялық еңбегі жарық көрді.

ХІХ ғасырдың ортасынан бастап психологияда эксперимент орын алады. Алғашқы психологиялық экспериментті неміс психофизиологтары Эрнст Вебер және Густав Фехнер 1840 жылдан 1855 жыл аралықтарында жүзеге асырды. Олардың тәжірибелерінің негізінде қабылданатын сигналдардың күші мен түйсінетін түйсіктің қарқындылығының сандық тәуелділігі анықталады.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында психология ғылымының кең көлемді дамуын ғылыми психологияның негізін салушылардың бірі, неміс психологы Вильгельм Вунд ұсынды.

Оның жоспары зерттеудің екі бағытын қамтыды:

1.                 Индивидуалды сана талдауы «зерттелушінің эксперименталды бақыланатын өзіндік бақылауы);

2.                 Мәдениет, миф, әр халықтың адамгершілігінің психологиялық аспектілерін зерттеу.

Зерттеудің бірінші бағыты: «Физиологиялық психология», екінші бағыты «Халықтар психологиясы» атауларына ие болды.

В.Вундттың еңбектерінің қатарына 1879 жылы Лейпциг қаласында Әлемдегі алғашқы психологиялық лабораторияны ашуы жатады. Ол соңынан ғылыми зерттеу институтына айналды. Онда көптеген атақты психологтар, соның ішінде атақты Ресей психологы және психиатры Владимир Михайлович Бехтерев білім алды. ХІХ ғасырдың аяғынан бастап психологияда бірнеше ғылыми мектептер пайда бола бастады.

Ең алғаш психологияның пәні мен міндеттерін басқаша қойған психоанализ немесе Фрейдизм болды. Психоанализ психологияның пәні ретінде адам психикасының санасыздық механизмдерін зерттеді. Фрейдтің ойынша,адамдар иррационалды және аморалды күштермен басқарылады. Олардың мінез-құлықтары ішкі күштермен : инстинкттер, түрткілер, қажеттіліктіліктермен басқарылады. Бұл түрткілер санасыз. Бұлардың арасында үнемі өздігінен шеше алмайтын қақтығыстар болады. Адамның мінез-құлқын өзгертудің негізгі әдісі психотерапия. Психоанализ тұжырымдамасы бойынша адам кемелденбеген, азап шегуші. Фрейдизмнің базасында тереңдетілген психология қалыптасты:

Альфред Адлер – индивидуалды психология;

Карл Густав Юнг – аналитикалық психология;

Эрих Фромм, Карен Хорни – неофрейдизм және т.б.

ХХ ғасырдың екінші жартысында тағы да бір психологиялық мектеп – бихевиоризм – мінез –құлық психологиясы қалыптасты. Мектептің негізін салушы Джон Уотсон бақылау және эксперимент арқылы мінез-құлық заңдылықтарын ашу мақсатын қойды. Адамның мінез-құлқы толығымен сыртқы ортамен басқарылады деген постулат қойылды. Адамның неге талпынатынын және неден қашқақтайтынын - осы сыртқы орта белгілейді. Адам мінез-құлқының құрылымы белгілі мөлшерде сыртқы орта құрылымының көшірмесі болып табылады.

Қазіргі бихевиоризм өкілі Беррис Скинердің ойынша, адам мінез-құлқы генетикалық қаныққандық, физикалық орта және әлеуметтік ортамен байланысты. Адамның ішкі жағдайы терістелмейді және мінез-құлықты талдау үшін қажет екендігі ескеріледі.

Беррис Скинердің тұжырымдамасы: « Адам қоршаған басқарылады, бірақ.... орта толығымен адаммен қалыптасады», яғни, мінез-құлық өзінің нәтижесімен қалыптасады және тұрақталады.

Егер әрекет нәтижесі адам үшін маңызды болса, ол адамның мінез-құлқын басқарады. Әрекет нәтижесінің келесі мінез-құлқына әсер етуі, «нығайту» деп аталады. Адамға әлеуметтік орта әсер етсе, әлеуметтік ортаны өзгерте отырып, адамға әсер етуге болады. Қоршаған ортада адамға әсер ететін оң бағыттау көп болуы қажет.

ХХ ғасырдың ортасында психологияның үшінші мектебі когнитивті психология қалыптасты. Когнитивті психология психиканы танымдық операциялар жүйесі ретінде, ал адамды- ақпаратты өңдеуші субъект ретінде қарастырды.

Когнитивті психологияның негізін салушылар Фриц Хайдер – танымдық тепе-теңдік теориясы, Леон Фестигнер- когнитивті диссонанс теориясы, Джордж Брунер - әлеуметтік қабылдаудың перцептивті болжамдар теориясы, Джордж Келли – тұлғалық конструкттар концепциясы, Герман Виткин – тұлғаның когнитивті стилін зерттеу.

Біздің кезімізде әр түрлі психологиялық мектептер арасында жақындасу тенденциялары байқалады. Мектептер арасында қарама –қайшылықтар шыдамдылыққа ауысып, кейбір идеялар мен концепцияларға қатысты ортақ көзқарастар туындауда.

3.Этникалық және мәдени психология. Этнопсихология грек тілінен аударғанда (ethnos -ру, ел) деген мағына береді. Этнопсихология ғылыми-теориялық пән. Оның пәні – этникалық сана функцияларының және этникалық қатынастар дамуының психологиялық аспкетілері. ХІХ ғасырда этнопсихологиялық идеялар «халықтар психологиясы» ағымында дамыды. Олардың өкілдері М.Лацарус, Х. Штейнталь, В. Вунд болған.

Этнопсихологияның ең негізгі категориясы – ЭТНОС. Этнос бір-бірімен ұзақ бірлесіп өмір сүру тәжірибелеріне ие болған, сақталып қалған дәстүрлері, жалпы өзіндік сана-сезімі бар әлеуметтік макроорганизм болып табылады. Бұл тарихи қалыптасқан, тұрақты, жинақталған адамдар қоғамы. Олардың тұрғылықты, нақты табиғи қоршаған ортасы, нақты-климат, географиялық жері бар.

Қандай да бір этносқа тән адамдарда өздеріне тән өмірді қабылдаулары мен әлеуметтік қатынастарда нақты-психологиялық-әлеуметтік стериотиптері бар. Этностың барлық шығу тегімен байланысып жатқан мүшелері тірі макроорганизм жасайды.

Этностың ең алғашқы даму сатыларында адамдар рефлексияға дейінгі жағдайда болады, яғни, өзіндік қорғаныс инстинкті айтады, солайша санасыз жүреді, әр-кім өздерінің жанұясының қауіпсіздігімен қолайлылығын қамтамасыз етеді, солайша олар этностың толығымен өмір сүруін қамтамасыз етеді. Этнос жас және күшті болған сайын, өмірлік маңызды функциялардың барлығын басынан кешіреді- сыртқы қауіпсіздікті сақтайды, жауларын жеңеді, өз санын көбейтеді.

В.Г. Крысько б/ша этнопсихология пәні- әр-түрлі этникалық қауымдастықтар өкілдері психикаларының көріну ерекшеліктері. Бірақ, бұл ғылым әр-түрлі көзқарастар әсерінен мазмұны мен негізгі феномендерін өзгерте жүріп, қалыптасты.

Ұзақ уақыт бойы этнопсихологияның жалпы категориясы – күнделікті өмірден алынатын психологиялық жиналымдар болды. Ұлттық психологиялық жиынтығы-жетістігі түрде талданатын анықтамаларға жатады, дейді; Г.М. Андреева.

Сондықтан этнопсихологияда бұл ұғымды ашатын эквиваленттерді табу жолдары қарастырылуда, өйткені ұлттардың психологиялық жиынтығы ұғымына синоним ретінде-ұлттық мінез, ұлттық сана-сезім, ұлттық психология.

Нақты бір мазмұны бар этнопсихологиялық құбылыстардың құрылымы екі тенденция әсеріне ұшырайды. Бірінші-бұл құрылым элементтеріне жалпы және әлеуметтік психологиямен байланысқан компоненттерден тұрады. Қандай да бір ұлттың мінез, темперамент, сезім, ерік және т.б ерекшеліктері. Екінші этнопсихологиялық феномендердің мазмұны мен формасын құрайтын адамдардың ұлттық мінезі, ұлттық психикасының жалпы және ерекше сипаттарын зерттеуді білдіреді.

Бұл екі тенденция да өте күрделі.

Этнопсихология деген не? Деген сұраққа көптеген адамдар бұл эностар мен халықтардың психологиясын зерттейтін ғылым деп жауап береді. Біріншіден «этнос» терминінің мағынасын бір мағыналы емес, яғни психологияның бүкіл түрі нені зерттейтінін білесіз. Екіншіден: көптеген авторлар психологияның сипаттамасын этноспен емес, мәдениетпен байланысты зерттеуді қалайды, сондықтан мәдениет деген не екенін нақты саналау керек. Үшіншіден этнопсихология терминінің өзі әлемдік ғылымда жалпы қабылданған болып табылмайды. Осы ғылымдағы көптеген мамандар өздерінің «халықтар психологиясы», «психологиялық антропология», «салыстырмалы-мәдени психология» зерттеушілеріміз деп есептейді.

«Этнос» - халық, «психология» - жан туралы ғылым. Этнопсихология этнология мен психология деген ғылымдардың біреуініен пайда болған.

Этнопсихология екі түрлі жолмен пайда болған:

1. антропологиялық психология;

2. кросс-мәдени психология.

Антропологиялық этнопсихология халықтардың териториясына байланысты қарастырады.

Кросс-мәдени психология мәдениеттеріне байланысты қарастырады.

Этнопсихология ғылыми теориялық пән. Оның пәні – этникалық сана функцияларының және этникалық қатынастар дамуының психологиялық аспектілері.

XIX ғасырда этнопсихологияняң идеялары «халықтар психологиясы» соңына таман дамыды. Олардың өкілдері М. Лацарус, Х. Ентейнталь, В. Вундт болды.

Этнопсихологияның ең негізгі категориясы – этнос. Этнос бір-бірімен ұзақ бірлесіп өмір сүру тәжірибелеріне ие болған. Сақтанып қалған дәстүрлері, жалпы зіндік сана-сезімі бар әлеуметтік макроорганизім болып табылады. Бұл тарихи қалыптасуын, тұрақты жинақталған адамдар қоғамы. Олардың тұрақтылығы, нақты табиғи қоршаған ортасы, нақты климат географиялық жері бар.

Қандай да бір этносқа тән адамдар да өздеріне тән, өмірді қабылдаулары мен әлеуметтік қатынастарда нақты психологиянң - әлеуметтіңстереотиптері бар. Этностың барлық шығу тегі мен байланысып жатқан мүшелері – тірі макроорганизім жасайды. Этностың алғашқы даму сатылапрында адамдар рефлексияға дейінгі жағдайда болады, яғни өзіндік қорғаныс инстинкті не айтады, солайша санасыз жүреді, әркім өздерінің жұмысының қауіпсізігімен қолайлығын қамтамасыз етеді.

Этнос жас және күшті болған сайын, өмірлік маңызды функциялардың барлығын басынын кешіреді, сыртқы қауіпсіздікті сақтайды, жауларын жеңеді, өз санын көбейтеді.

Этнопсихологияның пәні әртүрлі этникалық қауымдастықтар өкілдері психикаларының көріну ерекшеліктері. Бірақ бұлғылым әртүрлі көзқарастар әсерінен мазмұны мен негзгі феномендерін өзгерте жүріп, қалыптасты.

Ұзақ уақыт бойы этнопсихологияның жалпы категориясы – күнделікті өмірден алынатын психологиялық жиналымдар болды. Ұлттың псхололгиялық жиынтығы – жеткілікті түрде талданатын анықтамаларға жатады дейдің.

Этнопсихологияның ғылыми ретіндегі міндеттері:

1 Нақты этникалық қауымдастықтың өкілдерінің ұлттың психологиялық ерекшеліктерін қалыптасуының факторлары мен шығу кездері туралы мәліметтердің жан-жақты, жалпыласу. Оның негізінде ұлттар мен халықтардың әлеуметтік – саяси, экономикалық, тарихи және мәдени дамуының ерекшелігін анықтау.

2. Адамдардың ұлттың психикасының мотивациялық сферасын, оның көрінуіне алдау және жалпылау мақсатында ерекшелігін зерттеу. Бұл ерекшеліктер нақты этникалық болып табылады.

Негізгі мәселелер: ұлттық психика түсінігі, ұлттық психика адамдардағы мазмұны, ұлттық – психологиялық құбылыстардың қалыптасу факторлары, ұлттық психологиялық ерекшеліктер мазмұны. Адамзат, адамдар қауымдастығы, топ, этнос, ұлт, ұлттық сана, ұлттық қызығушылықтар мен құндылықтар, ұлттық мәдениет, ұлттық тіл, ұлттық қатынас, «Біз » және «Олар», этносы психологиялық қорғау;

Этникалық қауымдастық – тарихи даму бірлігі, территориясы, тілі, мәдениеті сияқты белгілнрімен бірлескен адамдар бірлестігі. Этникалық қауымдастық болуы толықтылықтың «Біз» ұғымының «Олар» ұғымымен ашылатын саналы қабылдануы.

Ұлттық психика – адамдардың қоғамдық санасының негізгі бөлімі. Қоғамдық психологияның ең маңызды компоненті. Ол адамдардың мінез-құлқы мен әрекеттерінде шынайы түрде көрінеді – олардың санасының барлық формаларын жинақтайды саясатты, құқық, мораль, дін, ғылыми, шығармашылық және философиялық.

Этникалық психология – адамдардың этникалық психикасын зерттейтін әлеуметтік психологияның бөлімі.

Объектісі - әр-түрлі этникалық қауымдастықтар.

Пәні - әр-түрлі этникалық қауымдастықтардағы ұлттық психологиялық құбылыстар мен процес-ң көріну ерекшеліктері.

Ұлттық психиканың қалыптасу факторлары – психиканың пайда болуы мен функционалдануын негіздейтін ерекшеліктері.

Категориялары – зерттейтін нақты құбылыстар мен процестер.

Ұлттық психика ұлттық бағдарлар мен ұлттық стериотиптер механизм-н көрінеді.

Ұлттық – психологиялық феномендерде нақты қасиеттері болады. Олар заңдылықтардың көріну ерекшеліктерін бейнелейді:

-                     барлық басқа психикалық құбылыстарға детерминация жасай алу қабілеті; (әрбір ұлт-қорш.)

-                     күрделі әр-түрлілік ( әр қауымдас-а құб-р, процес-ң, жағдай-ң,өзара әрекеттің, өзара қатынас ерекше сипаттамалары бар, оларды қаб-у, зерттеу, түсіну, өте күрделі).

-                     Олардың әр-түрлілігін бір жалпыға әкелу мүмкін емес ( әр-түрлі қауым-ң өкілдерінің психиканы көрсетуде өз ерекш-і бар).

-                     ҰПҚ зерттеу принциптері - олардың дамуында тарихи жағдайларды есепке алу принципі; әлеуметтік топ, басқа кластарда оларды талдау принципі, олардың әр-түрлілігінің көрінулерін есепке алу принципі;

5. Тұлғаның психология-педагогикалық диагностикасының саласындағы зерттеу ерекшелігі. Психодиагностика – психологиялық диагнозді өңдеу және қою мәселесімен айналысатын ғылым. Психодиагностика – адам психикасын «құралды» бағалауға мүмкіндік беретін тесттер жиынтығы. Психодиагностика – тұлға тұтастығының индивидуалды ерекшеліктеріне белгілі заңдылықтардан баратын ойлаудың ерекше формасы.

Сонымен, психодиагностика диагноз қою және болжамдау үшін қажет, яғни белгілер қатары бойынша психолог қандайда бір мінез-құлықтың себебі болған психикалық қасиеттерді анықтайды.

Психологияда психодиагностикалық әдістемелердің көптеген классификациясы бар.

С.Л. Рубинштейн классификациясы:

Негізгі зерттеу әдістері:

1.                 Бақылау:

-                     тікелей (адамды),

-                     жанама (адам іс-әрекетінің нәтижесін),

-                     сыртқы (объективті).

2.                 Эксперимент:

-                     лабораториялық (модельденген);

-                     табиғи (кәсіби іс-әрекет барысында);

-                     қосалқы (анкета, әңгімелесу);

-                     үйрету бойынша.

Зерттеудің ерекше түрлері:

1.                 Генетикалық (әртүрлі жасерекшелік топтар арасындағы салыстыру);

2.                 Салыстырмалы (норма және патология арасында).

Б.Г. Ананьев классификациясы:

1.                 Ұйымдастыру әдістері өз ішіне салыстыру әдісі ( әрқандай топты жасы, қызметі және т.б. бойынша салыстыра зерттеу); лонгитюд әдісі (бір адамды не адамдар тобын ұзақ уақыт аралығында қайталап, зерттеп бару); комплекстік әдіс (зерттеуге әртүрлі ғылымдар өкілдері қатысып, бір объектіні жан – жақта, әртүрлі құралдармен зерттеу). Мұндай зерттеудің нәтижесінде сан қилы құбылыстар мен байланыстар және тәуелді қатынастарды ашу мүмкіндігі туады. Мысалы, жеке адамның физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан даму байланысы.

2.                 Эмпирикалық әдістер. Бұл топқа енетіндер:бақылау мен өзіндік бақылау, эксперименталды (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) әдістер; психологиялық болжау (психодиагностика): тест, анкета, сұрақ беру, социометрия, интервью, әңгімелесу әдістері; шығармашылық, іс әрекет өнімдерін талдау әдістері; өмірбаянымен танысу әдістері.

3.                 Деректерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (алынған материалды топқа жіктеу, талдау ) әдістері.

4.                 Реттеу – түзету әдістері: аутотренинг, топ тренингі, психотерапиялық ықпал ету әдісі, оқу – үйрету әдісі.

Психодиагностикалық әдістерді келесідей бөлінеді:

                    жауап формасына қарай – ауызша және жазбаша;

                    зерттелушілер санына қарай – индивидуалды және топтық;

                    міндеттердің біржақтылығына қарай – гомогенді және гетерогенді;

                    бағыттылығы бойынша – жылдамдыққа, күштілікке, тұлғааралық қатынастарды диагностауға;

                    кешенділігіне байланысты – жалғызілікті және тесттік батареяларға;

                    тағайындалуы бойынша – жалпы диагностикалық, кәсіби жарамдылыққа;

                    алынған нәтижелерге диагносттың әсері бойынша – объективті және субъективті.

1921жылы Роршах психодиагностика терминін енгізді. Қазіргі психодиагностиканың тарихы XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады. Білімін жетілдіру клиникалық кезеңінде ашылған. Бұл кезде адамдар жайлы эмпирикалық психологиялық білімдерді талдау жасауда негізгі шешуші рөлді дәрігерлер алады. Бұған дейін бұл мәселелермен философтар және жазушылар айналысқан. Сол жылдары дәрігерлерді әлемде кең тараған ауруды емдейтін невроз және жан ауруларына шалдыққан адамдардың ауруының шығу тегі және себептерін табу қызықтырды. Дәрігер психиатрлар Европа клиникаларында ауруларға жүйелі бақылау жасап, оның нәтижесін талдай бастады. Сол кезде психодиагностикада бақылау, сұрақтама, құжаттарды талдау сияқты әдістер шыға бастады. Психодиагностиканың сандық әдістері XIX ғасырдың екінші жартысында шыққан деп есептеуге болады. Сол кезде алғаш рет неміс психологы В. Вундттың басшылығымен бірінші рет эксперименталдық психологиялық лабаратория ашылды. Онда техникалық құралдар қолданыла бастады. Негізгі психологиялық процестерге байланысты адамның жағдайының құрылысы қазіргі психодиагностикалық әдістердің негізінде жүргізіледі. Бұл кездерде математикалық мүмкіндік теориясы аймағында психодиагностикалық әдістер қолданыла басталды. Бірінші және екінші статистикалық өңдеуден өткен эксперименталды мағлұматтар дәл осы жылы шыға бастады. Кейіннен факторлық анализ қолданылады. Ол алғашқыда психодиагностикада жеке тұлғаның ерекшелігі келбеті мен интелектуалды жетелеу деңгейімен байланысты болды. Алғаш психологиялық экспериментсіз арнайы психометрикалық мекеме Англияда Гальтонның басшылығымен ашылды. 1874 жылы ол антропометрикалық лабараторияның негізін салды. Ондағы негізгі мақсаттың бірі адамның іскерлігімен статистикалық мәліметтер алу болды. Гальтон 1877 жылы психологияда психокоррекция әдісін ұсынды. Бұл пікірмен ол математик Пирсон және Фишердің назарын өзіне аударды. Фишер дисперсоналдық талдау жасап шығарды. Бұл еңбектің нәтижесі 1904 жылы Спирменнің еңбегінде жарық көрді.

Кейінннен Айзенк және Кеттел психодиагностика жеке тұлғаның ерекшелігі үшін факторлық талдауды қолданды.

1905-1907жылдары француз ғалымы А. Бине ең алғаш рет интелектінің статистикалық қалыптасқан тестерін жасап шығарды. Кейіннен Симон бұл тестті жетілдіріп, психодиагностикаға Бине –Симон тесті ретінде енгізді. XX ғасырдың екінші жартысында әр түрлі процестерді, қасиеттерді зерттейтін тесттер шыға бастады. Олар әлеуметтік зерттеулермен байланысты болды. Бұдан кейін психологияда үлкен дағдарыс болып соған байланысты әдістемелер саны арта түсті.

Бақылау сұрақтары

1.     Психология ғылымының даму тарихын сипатта.

2.     Психология ғылымындағы этнопсихологияның маңызы қандай?

3.     Тұлғаны зерттеудегі психодиагностикалық әдістер қандай?

 

12 лекция.

 

Соғыс жылдары (1941-45) мен 80 – жылдардың ортасына дейінгі кеңес психологиясы 1940-1980 жылдардағы кеңес психологиясы мен жеке ғылыми мектептердің жетістіктері.

 

Жоспар

1.           Кеңес психологтарының Жеңіске қосқан патриоттық үлесі.

2.           Кеңес психологиясының әлемдік ғылыми ақпараттық кеңістікте шығуы.

Адамның санасының пайда болуы мен оның сипаты психика дамуының ең жоғары, жаңа сатысынан дерек береді. Жануарларға тән психикалық бейнелеуден саналық бейнелеудің айырмашылығы бұл заттасқан шындық болмысты бейнелеу. Ішкі психикалық құбылыстардың болуы, әлемнің субъектив бейнеге енуі адам психикасының мәңгі зерттелетін сыры.

Сана психикасының ерекше сапалық формасы тіршілік эволюциясында өзінің ұзаққа созылған тарихына ие болғанымен, ол алғашқы рет еңбек пен қоғамдық қатынастарға түскен адамда ғана пайда болды.

Адамның саналы әрекетінің үш айрықша белгісі бар: 1) адамның саналы әрекеті биологиялық себеп- салдармен байланысы жоқ. Кейбір жағдайларда адам биологиялық қажеттілікке бой сұнбай , оған қарсы шығады; 2) адамның саналы әрекеті жануарлардағыдай заттың сырқы көрінісімен ғана қанағаттанбастан, оны тереңірек, жан – жақты тануға бағытталады. Адам нақты көрнекіліктен абстрактілі бейнелеуге өтіп, объектердің астарлы байланыстарына үңіле көз жіберіп, тысчқы бейне формасын ғана емес, тереңдегі заңдылықтарын тануға ұмтыладыда, соларға орай өз әрекет – қылығына бағыт таңдайды; 3) жануар әрекет – қылықтары биологиялық байланыспен бірге, туа беріліп отырса, адамның біліктері мен ептіліктері қоғамдық – тарих желісінде топталған адамзаттық тәжірибені үйрену негізінде қалыптасып, олар оқу арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіледі. Адам игілігіндегі әрекет – қылық тәсілдері оның өз тәжірибесінің өнімі емес, өткен әулеттің тарихи – қоғамдық іс - әрекетін игеруден. Адамдағы бұл құбылыс жануарлар болмысында тіпті де болуы мүмкін емес.

Жануарлар қылығынан мүлде өзгеше, адамның саналы әрекетін қалыптастыратын шарттар:

13)           тіршіліктің әлеуметтік – тарихи сипаты;

14)           өмірдің қоғамдық еңбекпен байланысы;

15)           еңбек құралдарын дайындап, пайдалана білу;

16)           тілдік қатынастың пайда болуы.

Сана - психика дамуының жоғары сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жалпыны білу адамның болмыста әрекет жасауына мейлінше дұрыс бағдар ұстауын қамтамасыз етеді, істі біліп әрекет жасауына, өзін дұрыс алып жүруге мүмкіндік береді. Жалпыны біле отырып адам әрбір жеке міндетті практикалық тұрғыдан шеше алады. Заңдылықтарды біле отырып, белгілі бір оқиғаның болатынын алдын ала болжай да алады. Жалпы мен елеулі жайындағы білімдерді жинақтау ғылымды И.П.Павловтың сөзімен айтқанда, «болмысты және өз басымызды дұрыс алып жүруде жоғары бағдарлықты» қалыптастырады.

Жеке адам санасы мен қоғамдық сана диалектикалық бірлікте болады. Жеке адам санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен қатар адамзат жинақтаған білімді меңгеру нәтижесі де болып табылады. Екінші жағынан, қоғамдық сана жеке адамдар мен бұқара көпшіліктің шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесінде қалыптасады.

Сана объективтік болмыс жайында қорытылған білімнен ғана емес, сондай-ақ болмысқа белгілі түрдегі қатынастардан да көрініп отырады. Адам өзін табиғаттан бөліп алады, белгілі автономия танытады, белгілі дәрежеде бағалай отырып, оқиғаларға байқастап жанасады. Адам қатынастарда интеллектуалды және эмоционалды сипатта болуы мүмкін. Көп жағдайларда саналы қатынастар интеллектуалды, эмоционалды қатынаста, екеуі аралас келеді. Сана адамның шығармашылық қабілеттілігінен көрінеді. Адамның санасы объектвиті дүниені бейнелеп қана қоймай, сонымен қатар оны жасайды.

Адам дүниені саналы түрде өзгертуге талпынады, оны өз қажеттілігіне бейімдегісі келеді, тіпті ол табиғаттың жеке элементтерінен табиғатта кездеспейтін жаңа заттар жасайды. Шығармашылық адамның бүкіл Жерді мекендеуіне жол табуына мүмкіндік береді.

Сананың аса маңызды қасиеті оның есеп беруі болып табылады. Адам өзінің ниеті мен күйзелісі, ойы мен түйсігі туралы өзіне-өзі есеп береді, демек, сана тек қана сыртқы білімді емес, өзін білуді қамтамасыз етеді, яғни өзіндік сана-сезім түрінде де көрініс береді. Адам есеп беруінің арқасында өз күшін реттей алады, өзін түзетіп және дамытып отырады.

Білім негізінде жеке адамның іс-әрекетінедгі және мінез-құлқындағы саналылық мөлшерін анықтауға болады. Жеке адам мінезі мен іс-әрекетінде білімге сүйенеді, ол өткендегіні ескеру және болашақты болжай отырып, неғұрлым тиімді тәсілді таңдап алады. Бұл ретте адам өзін-өзі бақылайды және өз күшін жоспарына қарай реттеп отырады.

Қорыта айтсақ, сана психиканы біріктіруші ең жоғары өмір әрекеті формасы, адамның еңбек әркетіне орай басқалармен тұрақты тілдік қатынасқа келу арқасында қоғамдық тарихи шарттарға сай қалыптасуының нәтижесі.

Сана – бұл қоғамдық болмыс. Сана құрылымында төрт негізгі сипат байқалады: (А.В. Петровский)

9)                Сана қоршаған дүние жөніндегі білімдердің жиынтық бірлігі, оның құрылымына барша танымдық процесстер енеді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял т.с.с

10)           Санада субъекті мен объектінің айырмашылықтары бекиді. Органикалық әлем тарихында тек адам өзін басқалардан бөлектеп, олармен салыстыра алады. Жалғыз адам-ақ тіршілік иелері арасында өзін тануға, яғни психика әркетінің бағытын өзіне бұруға қабілетті.

11)           Мақсат болжастыру әрекетін қамтамасыз ете алады. Адам табиғат берген заттың формасын өзгертеді, сонымен бірге өзін өзгерту ісін заңдық сипатқа ие саналы мақсатпен ұштастырып, іс-әрекетінің сипаты мен тәсілдерін алдын ала белгілейді, ерік-күшіне бағындырады. Осыдан сана қызметі: мақсат қалыптастыру, себеп салдарын анықтау, еріктік шешім қабылдау, іс-әрекеттің орындалу жолын анықтау т.с.с.

12)           Сана құрылымында әрекетке орай қатынастар орнығады. Адам санасы міндетті түрде өз ішіне күрделі объектив, ең алдымен адам қатысқан қоғамдық қатынастарды бейнелейтін сезімдер жүйесін қамтиды.

Сананың жоғарыда аталған бүкіл арнайы қасиеттерінің қалыптасуы мен көрініс беруінің міндетті шарты – тіл, сөз.

Тіл – бұл қоғамдық тарихи тәжірибе немесе қоғамдық сананы бекіткен ерекше объективтік жүйе. Нақты адам тарапынан қабылданған тіл сол адамның нақты санасының көрінісі.

 

Сана - адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы.

Адамның жануардан түпкі ерекшелігі ол қаруды қолданып қана қоймастан, оны дайындау қабілетіне ие. Қаруды дайындаудың өзі-ақ ежелгі адамның іс-әрекетін түбегейлі өзгертіп жіберді. Қару дайындау үшін болған әрекет енді биологиялық қажеттілікпен ғана анықталмайды. Бұл тұрғыдан ол қажетсіз, ал қару дайындаудың шын мән – мағынасы кейінгі аң аулау қажеттіліәгінен туындайды, яғни бұл іс орындалып жатқан әрекеттің тәсілін білумен ғана емес, сол қарудың болашақта қолданылуын болжай алуға да байланысты. Қару дайындалудың қажетті шарты бола тұра, сол білік сананың ең алғашқы көрінісі ретінде танылады, яғни саналы іс-әрекеттің бірінші формасы.

Қару дайындауға бағытталған іс-әрекет адамның қылық құрылымын түбегейлі қайта қарастыруға алып келді. Жануар қылығы өз қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған әрекет ішінен мағынасы болашақта ғана көрінетін арнайы әрекеттер бөлініп шықты.

Алғашқы рет сана мен іс-әрекеттің бірлігі жөніндегі идеяны алға тартқан Л.С.Рубинштейн. Ол «іс-әрекет және сана назар аударылған объектінің екі, әртүрлі тарапы емес. Олар табиғи біртұтас; теңдік емес, бірлік»,- деп жазған.

Сана мен іс - әрекет бірлігі принципі әрекеттің санасыз, ал сананың әрекет қатыспайынша қалыптаспайтынын негіздейді. Мұндай көзқарастан сананы тану іс- әрекетті зерттеу арқылы ғана мүмкін екені дәлелденді. Әрқандай ғылыми таным әрекет пен оның өнімін білуден олардың орындалу барысында көрінетін басқа психикалық процестерге өтуі қажет. Осылай, сана мен әрекет бірлігі принципі психологияның барша объектив әдістерінің негізіне айналды.

Ғылымға бұл принциптің енуі іс-әрекет теориясын дұрыс түсінуге бағыт береді. Осы кезге дейін психологияның қай бағыты болмасын, психиканы – ішкі құбылыс, ал әрекетті- сыртқы деп түсіндіретін. Ал сана мен іс- әрекет бірлігі принципінен келетін болсақ, шынында да, психика, сана тек ішкі құбылыс болып қалмайды. Осылайша, әрекетте тек сыртқы көріністермен танылып қалмай, өзіне тән ішкі мазмұнға да ие, бірақ бұл қасиет оның бір тараптан толық сипатын бере алмайды. Сана мен әрекет бірлігінің мәні: тұлғаның санасы мен барша психикалық қасиеттері әрекетте көрініп қана шектелмей, сол әрекет процесінде қалыптасады.

 

Адамның күрделі құрылған саналы әрекетінің қалыптасуына себепші болған екінші шарт – бұл тілдің туындауы еді. Тіл деп қоршаған орта заттарын, олардың әрекетін, сапасын және объектілер арасындағы қатынастарды бейнелейтін белгілер жүйесін айтамыз. Сөз сөйлеуге қосыла, тілдесудің негізгі құралына айналады, соның арқасында адам ақпарат топтайды, білдіреді, адамдар әулетінің тәжірибесіүйреніп, игереді.Тілдің келіп шығуы жөнінде талай болжамдар мен теориялар айтылған.Ғылыми түрде алатын болсақ, тілдің шығу негізін адамның қоғамдық еңбек қатынастарынан іздеген жөн.

Тіл- заттарды, олардың қозғалысы, сапасы және қатынастарын білдіретін таңбалар жүйесі, ақпарат жеткізуші құрал ретінде адамның саналы әрекетінің бұдан былайғы өркендеуінде үлкен маңызға ие болды. Осыдан тіл де еңбекпен қатар, сананың қалыптасуның негізгі себептерінің бірі.

Тілдің адам өміріне енуі іс-әрекетке өте мәнді болған үш өзгеріс енгізді:

-                     Қоршаған орта заттары мен оқиғаларын жеке сөздер мен сөйлемдерге келтіріп, тіл сол заттарды бөліп алып, оларға назар салып, есте қалдыруға мүмкіндік берді, яғни тіл біз танитын дүниені екі есе көбейтіп, ол жөніндегі ақиқатты жадқа бекіту мен адамның ішкі жан дүние бейнелерін түзеуге жәрдемдесті;

-                     Тілдегі сөздер белгілі заттарды атап қана қоймастан, олардың мәнді қасиеттерін абстракт танып, қабылданушы затты тиісті категорияларға жатқызуға көмек берді. Осыдан тілге байланысты дерексіздену мен қорытындылау процесі қамтамасыз етіліп, сөз енді тек тілдесу құралы ғана емес, бейнелеудің сезімдік дүниеден ақыл-сана әлеміне келтірілген ойлаудың да жабдығына айналды;

-                     Тіл адамзаттың қоғамдық тарихында жинақталған ақпаратты жеткізудің бірден-бір құралы. Ғасырлар өтумен қоғамдық тарихи тәжірибедегі күрделенген ақпаратты ұрпақтан ұрпаққа жеткізумен тіл адамға сол тәжірибені игеріп, жеке басының қолынан келмейтін білім, ептілік пен әрекет тәсілдерін үйреніп алуына жол ашты.Тіл сана дамуының ең маңызды, шынайы құралы болды.Тіл адамның саналы іс- әрекетінің барша саласынга қатысуымен, оның психикалық процестерінің ағымын жаңа деңгейге көтерді. Сондықтан да тіл мен сөзді адамның бүкіл саналы өмірінің арқауы деп қарастыруға болады.

Сонымен, сана өзімен қатар еңбек барысында пайда болған тілмен бірге жасайды, тілсіз сана жоқ. Сана адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы.

 

13 лекция.

 

Шетелдікпсихологияның жаңа беталыстары мен бағыттары.

 

Жоспар:

1.     Жан Пиаженің генетикалық психологиясы.

2.     Анри Валлоның даму психологиясы.

3.     Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін психолгияның жаңа салаларының пайда болуы мен дамуы.

4.     Кибернетика мен ақпарат теорияларының психологияға әсері

5.     Әлеуметтік когнетивті психология.

Карен Хорни (1885-1952). Ол 1939 жылы «Невротическая личность нашего времени» деген кітабында өзінің ұстазына алғыстар айтады. Көп кешікпей ол Фрейдті адамның мінез-құлық механизмін либидиоздық және агрессивтік екі тенденцияға біріктіруі мен пансексуализмнен адамның өмірінде не болып жатқанын алып шығуға деген талпыныстарын сынайды.

К.Хорни адамның іс-әрекетін екі тенденция басқарады деп бекітеді: қауіпсіздікке талпыныс және өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға талпыныс. Осы екі талпыныс көбінесе бір-біріне қарама-қайшы келеді. Белгілі бір мінез-құлық жолдарын өндіруде, адам өзі жоюға талпынады, осыдан невротикалық конфликт туады. Хорни мінез-құлықтың төрт түрін бөліп қарастырады. Біріншісі қауіпсіз өмірмен қамтамасыз ету шаралары сияқты «невротикалық махаббатқа талпыныспен» көрінеді. Екінші «невротикалық билікке талпыныстан» пайда болады; мінез-құлық стратегиясының үшінші түрі адамдардан бөліну талпынысынан көрінеді; төртінші түр өзіңнің дәрменсіздігіңді мойындауынан көрінеді.

Кейін Хорни стратегияның санын көбейтуге тырысты. Бірақ ол 1945 жылы тек үш түрге ғана тоқтайды: 1) адамдарға талпыныс; 2) адамдардан алшақтауға, тәуелсіздікке талпыныс; 3) адамдарға қарсы әрекет жасауға талпыныс (агрессия). Осы үш түрдің қарым-қатынасына сәйкес невротикалық тұлғаның үш түрін көрсетеді.: 1) тиянақты; 2) жоюшылық; 3) агрессивтік. Мінез-құлықтың бұл түрлері сау адамдарға тән. Сау адамдар мен невроздар арасындағы айырмашылыққа келсек, «конфликтік тенденция арасындағы қарама-қайшылық невротиктерге қарағанда сау адамдарда аз болады». К.Хорнидің ойынша, сау адамдарда уақытша сыртқы жағдайлардың ықпалынан «ситуациялық невроз» пайда болады. «Мінез-құлық невроздары» негізінде тұрақты «түпкі конфликт» жататындықтан, дұрыс ауру болып табылады. Айтылған стратегияның түрлері тек шарт сияқты «дұрыс конфликт» үшін шығарылмайды. Олар қорғаныс механизмдері сияқты да шығуы мүмкін, мысплы, идеализацияның өзіндік образы түрінде.

Хорнидің теориясында фрейдизмнің негізгі жағдайлары қалады: антогонизмнің табиғилығы мен әлеуметтілігі, «тұрақты қорқыныштың» туа біткен механизмінің фатальдігі. Ең соңында Хорниде «тұрақты қорқыныш» жағдайы айтылады: ол адамды қоғамнан оқшаулауға әкеледі. «Невроз и развитие личности» (1950) деген ақырғы жұмысын ол өзіндік оқшаулық пен өзіндік реализацияға арнайды.

Хорниде невроздан құтылу өзінің «идеалды Менінен» босаудан тұрады. Хорни бойыншат, пациент өзін барлық кемшілігімен қабылдауы қажет.

Неофрейдизмнің басқа көрнекті өкілі

Г. Салливен (1892-1949) болып табылады. салливен өзінің ғылыми іс-әрекетін психиатр-психотерапевт түрінде бастады. Оның негізгі тұлға теориясына қатысты жағдайы «Межличностная теория в психиатрии» деген кітабында бяндалған. Салливеннің теориясы көптеген психологиялық мектептердің ықпалына беріледі.

Психологиялық зерттеудің обьектісі жеке субьект болмай, ал тұлға субьектілердің біріктірілген іс-әрекетінің өнімі сияқты болу керек деп жариялаған Салливен.

Салливеннің ойынша, тұлға қайталанған өзіндік тұлға ситуациясының орнықты модельдеріне қатысты, адамның өмірін бейнелеу болып табылады.

Бала адамдармен қарым-қатынасты, мейірімділікті және қорқыныштан қашуды талап етуден туады. Туу кезінде әлем баланы аса «мейірімді» қабылдамайды – ол анасының құрсағынан шыққанда дискомфортты басынан өткізіп, балаға суық болады. Осы дискомфортқа реакция түрінде балада мазасыздық пайда болады. Демек, мазасыздық сезімі туғаннан пайда болады. Осындай жағдайлармен Салливен тұлға дамуының негізгі механизмдері: 1) мейірімділікке, еркелікке талабы мен 2) қорқыныштан құтылуға деген талпыныс болып табылады.

Салливен қауіпсіздікке, қорқыныштан қашуға талпыныс әлеуметтік болып табылады, бірақ бұл әлеуметтік органикалық талпынысқа туғаннан қосылған деп санайды. Салливенде әлеуметтік тұлғааралық қатынастың жүйесі сияқты көрінеді, бірақ тұлғааралық қатынастың өзі құрастырылмай, туған сәтінен өмір сүреді.

Салливенде тұлғаның қалыптасуы Фрейдтегі сияқты фатальді, сөзсіз өтеді.

Осы екі механизм де баланың туған сәтінен өмір сүреді. Олар тұлғаның даму механизмі болып табылады. Бірақ адам үнемі өзіне жайсыздық туғызатын сыртқы әлемде өмір сүреді. Міне, осы сыртқы әлемен күресте, нақтырақ айтқанда, мазасыздықпен күресте оның тұлғалығы қалыптасады. Оны Салливен «Я-Система» деп атайды. «Я-система», тұлға біріншіден санасыз дәреженің шарасыз алаңдаушылыққа күресі және екіншіден, осы алаңдаушылықтан құтылу үшін әр түрлі тәсілді табуды Салливен мақұлдайды. «Я-система» баланы, жасөспірімді, кейіннен үлкен адамды – басында мамасының, одан кейін басқа адамдардың көмегіне сүйенуге мәжбүрлейді. Мұндай жағдай, механизм ретінде тұлғаның құрастырылуы Салливенде тұлғааралық қатынастан көрінеді. «Я-система» адаңдаушылықтан құтылған сияқты, қоршаушы әлем мен адамдар олай жасай алмайды. Осыдан адамның тұлғалық дамуын жүргізуші, нақтырақ айтқанда, осы тұлғаның ядросын құрайтын «таңдамалы зейін» болып табылатын ерекше механизм пайда болады. Салливен де осы «психологиялық қорғаныс» ұғымын қамтамасыз етеді. Салливенде ол адамның өзіндегі дискомфортын сезінбеуімен қорытындыланады. «Таңдамалы зейіннің» бұл мағынасы Салливенде «мағыналы тосқауыл» ұғымымен туыстас жазылған. Шын мәнінде олай емес.

Салливен бойынша, «мағыналы тосқауыл» баланың қатал тәрбие ықпалында болуынан, тәрбие мен оқудың жалған жүргізілуінен, үнемі сол тіркеу шындығының қайталанып отыруынан пайда болады. Онда балада да «мағыналы тосқауыл» пайда болады: ол тыңдайды, бірақ үлкендердің өзіне не айтқанын естімейді. Бұны да психологиялық қорғаныстың шарасы ретінде қарастыруға болады, бірақ, Славинада мағыналы тосқауыл тек белгілі дәрежеде ғана қарастырылады, ал Салливенде таңдамалы зейін шарасыз жалған құтылады, өйткені сыртқы әлем адамға дұшпан.

Тағы бір айта кететін жағдай, барлық психологтар Салливенге дейін ойлау мен есте сақтауды процесс деп атаса, ол оны «динамизм» деп атайды. Бірақ бұл динамизмдер Салливеннің ойынша, қорғаныс функциясын атқарады. Салливеннің тағы бір іліміне келсек, ол сөдің функциясы. Салливенде сөз-қорқыныштан қашу механизмі, қорқыныштан қашуға көмектесетін символ болып табылады. Салливен адамның индивидуалдығын мойындамайды: оның ойыншаәр адам қазіргі сәтте қанша тұлғааралық жағдай өмір сүрсе, сонша тұлғалық ұстайды. Тұлғалық тұлғааралық қатынастың пассивтік проекциясы ретінде көрінеді.

Тұлға дамуына келсек, Салливен бір жағынан оның құрылуының жас ерекшелік кезеңін тұлғааралық қатынастың құрылымымен байланыстырады. Сонымен бірге ол адам дамуының негізгі мезанизмі сублимация болып табылады дейді. Оны әлсіз және мықты қажеттілік тосқауылының көрінуі сияқты қарастыру қажет, ал ең мықты қажеттілік қорқыныш пен эмпатия сезімінен құтылу қажеттілігі болып табылады. Салливеннің айтуынша, бала өзімшіл, агрессивті болып тумайды, бірақ эмпатиялық сезім оның ойынша туа пайда болады.

Салливеннің айнымалылық жағдайы оның «сублимация» ұғымының трактовкасында да анықталады. Дегенмен, Салливенде бұл ұғым пансексуализммен байланыспаған, бірақ ол әлеуметтік арнаға құмарлыққа қанағаттанбайтын энергияның ауысу тәсілі сияқты ілгері басады. Әлеуметтік Салливенде табиғатқа қатысты сыртқы болып қалады.

Гуманистік бағыттың өкілдері үшін адамның орталық ядросы адамның өзін қөрсетуі, өзін-өзі бағалауы, әр түрлі атаулары «Мен-жүйе», «Мен-бейне» болып табылады. Осы бағытты жүргізуші өкілдердің бірі Карл Роджерс (1902-1987) болып табылады. Ол өзінің іс-әрекетін психиатр-терапевт ретінде бастайды, бірақ кейін психология мәселесіне ауысып, тіпті, 1946-1947 жылдары америка психологтары ассоциациясының президентінің орнын да алады. Өзінің терапиялық әдісін Роджерс «недирективным» деп атады, яғни пациентке көңіл аударушылық.

Роджерстің әдісі бойынша дәрігер пациентке гипноз жасамау керек. Дәрігер мен пациент арасындағы контакт бір-біріне деген құрметпен негізделуі керек; екеуі де контактідегі әңгіменің тең құқылы қатысушылары болып табылады.

Роджерс құрған терапия әдісі тұлға қалыптасуы мен оның даму механизмінің көрінісіне сәйкес келеді. Роджерстің дерективтік емес терапиясының идеясы дерективтік емес мінез-құлықтың психологиялық теориясына өсті.

Роджерстің тұлғалық теориясының орталық звеносы өзін-өзі бағалау категориясы болып табылады. дегенмен өзін-өзі жасауы конфликтісіз келмейді. Айналадағылардың бағасы өзін-өзі бағалауға өте жиі сәйкес келмейді. Адам дилемманың алдында тұр: басқалардың бағасын қабылдау керек пе, әлде өзіңдікінде қалу керек пе. Басқа сөзбен айтқанда не өзіңді, не басқаларды мәнсізденліру керек. «Өлшеудің» күрделі процесі жүріп жатыр, Роджерс оны «органикалық бағалаудың процесі» деп атады.

Басында бағаның қайнар көзі баланың ішкі организмінде жатады. Иллюстрация ретінде УК.Роджерс келесі қарапайым мысалды келтіреді: бала өзінің ішкі жағдайына қатысты сол бір тамақты қабылдайды немесе итереді. Әзірше таңдау ата-ананың, тәлімгердің, шіркеулердің, жарнамалаушы фирмалардың пікірімен емес, баланың өзіндік түйсіктерімен анықталады. Бірақ аяғында бала «өзінің организміне даналық» береді, индивидуалдық бағалаушы механизмнен бас тартып, олардың махаббатын жоғалтып алмас үшін өзінің мінез-құлқын айналадағылардың жүйелік бағаларына бағындырады. Бала өзінің сезіміне, арманына сенімсіздікпен қарап, бағалардың қайнар көзін басқа адамдарға ауыстырып оқиды.

Роджерстің басты қызметі, өзінің эмпирикалық зерттеуінің пәні қылып тұлғаның психологиялық құрылымының ішкі анализін жасауымен қорытындыланады.

 

Бақылау сұрақтры:

1.        Бихевиоризм.

2.        Анри Валлонның психологиясы.

3.        Жан Пиаженің генетикалық психологиясы.

4.        Необихевиоризм А. Бандура тұлға теориясы.

 

14-лекция

 

Ресейдегі ХІХ – ХХ ңасыр шебіндегі идеалистік философиялық психология

 

Жоспар

1.     О.К. Тихомировтың, Б.Ф. Зейгарниктің зерттеуі.

2.     Мәскеу және Ленинград университеттеріндегі психология бөлімдеріні ашылуы.

Адам танымының жеке бір саласы ретінде кез келген ғылымның өзі зерттейтін ерекше пәні болады. Жалпы айтқанда, психологияның зерттейтін пәні - психика. Психология ғылым ретінде психиканың әр түрлі құбылыстарын зерттеу және түсіндіруімен ғана емес, сондай-ақ олардың мәнін қорыта талдау және ашып көрсету, яғни солардың негізінде психологиялық құбылыстар мен процестердің себептерін, әрі олардың болашақта көрініс беретіндігін болжауға болатын белгілі бір заңдылықтарды ашып анықтаумен шұғылданады. Сонымен, Психология-психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Дамудың қазіргі кезеңдегі психологиялық ғылыми пәндердің күрделі де тармақталған жүйесі болып табылады. Психология жеке салаларымен тығыз байланысты. Зерттеу обьектісі-адам. Психика - обьективті дүниенің субьективті бейнесі және мінез-құлық, жүріс-тұрыспен іс-әрекеттің зерттеушісі. Психикалық құбылыстар – бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері (мысалы, мұғалім сабақты оқушылардың бәріне бірдей айтады, ал оқушылар әр қалай қабылдайды, яғни әртүрлі түсінеді). Белгілі бір сыртқы әсердің әр түрлі екенін міне осы мысалдан көруге болады. Сонымен психиканың мазмұны реалды бізге тәуелсіз және бізден тыс өмір сүретін болып табылады. Бірақ бұл бейнелер әр адамда, оның өткен тәжірибесіне, мүддесіне, сезіміне, дүниетанымына т.б. байланысты өзіндік ерекшелігімен пайда болады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тіл, қабілет, қызығу, мінез, әдет, т.б.) Психикалық құбылыстарды біз өз бойымыздан немесе өзгелерден көреміз. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды-сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады.

Психологияның тұңғыш келген жері ежелгі Греция. «Психология»термині гректің екі сөзінен тұрады: псюхе (жан), логос (сөз, ілім); «Жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді. Психология термині алғашқы да 16 ғ. пайда болды. Бастапқы да ерекше сезімді психикалық құбылыстар зерттеулерімен айналысты. Ол құбылыстар әр адамды өзін-өзі бақылау арқылы көре алады. XVII-XIX ғ. психиканың зерттеу сферасы көбейді. ХХ ғ. психикалық зерттеулер көптеген ғасырлар бойы жинаған құбылыстар айнасынан бөлінді және өзінің бастапқы жағын жоғалтты. ХІХ ғ. психология ғылыми білімінің жеке және әрі эксперименталды аймағы болып қалыптасты. Психология алдымен өзіне субьективті құбылыстарды, яғни адам және жануар психикасын зерттеді. Басқа құбылыстар адам мен адамдар арасындағы байланысты реттеп, олардың іс-әрекетін басқарды. Сонымен қатар психология адамдар арасындағы қарым-қатынасты, мінез-құлқын, олардың психикалық құбылысқа байланысын және оған тәуелділігін зерттеді.

Психологияның міндеттері. Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде.

Психология ғылымының міндеті - психикалық әрекеттердің даму барысындағы заңдылықтарды зерттеу ( Жан құбылысын жете түсінуге мүмкіндік беру; Адамды тәлім-тәрбиеге ұмтылту; Психологияның басқа ғылымдармен байланысын ашу; Ғылыми шығармашылықтың әлеуметті мәдениетке байланыстылығын көрсету; Психология ғылымының қалыптасуын және жеке тұлғаның рөлін зерттеу).

Бұл заңдылықтар адам миындағы обьективтік дүниенің бейнелеуін, осыған байланысты оның қылықтары қалай реттелетінін, психикалық әрекет қалай дамитынын және тұлғаның психикалық қасиеттері қалай қалыптасатынын ашып көрсетеді. Психика обьективтік шындықтың бейнеленуі екені белгілі, сондықтан психологиялық заңдылықтарды зерттеу, алдымен, психикалық құбылыстардың адамның өмірі мен іс-әрекетінің обьективті жағдайларына байланысты болатынын білдіреді. Соңғы онжылдық көлемінде психологиялық зерттеулер шеңбері айтарлықтай кеңіп, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды. Психология ғылымының ұғым аппараты өзгеріп, жаңа жорамалдар мен тұжырымдамалар үздіксіз пайда болып, психология жаңа эмперикалық мәліметтермен толығуда. Психология зерттейтін құбылыстар аумағы өте кең. Ол күрделілік деңгейі әр түрлі-сезім мүшелеріне әсер ететін обьектінің жеке түрлерінің қарапайым айырмашылығынан бастап тұлғаның мотивтік күресіне дейін болатын адамның күйлері мен қасиеттерін, үрдістерді қамтиды.

Психология ғылымы шешетін қолданбалы мәселелердің рөлін қоғамның мойындауы білім беру мекемелерінде тармақталған психологиялық қызметті қалыптастыру идеясына әкелді. Қазіргі уақытта мұндай қызмет өзінің дайындалу, даму кезеңінен өтуде және ғылым мен оның нәтижелерінің тәжірибеде қолданылуы арасындағы байланыстырушы қатар болады деп ойластыруда.

2.Психология ғылымының салалары, әдістері. Психология ғылымдар жүйесінде маңызға ие және бірнеше функциялар атқарады. Психология тек қана теория емес, инженерия практикалық психологияның мәнділігін құрайды. Егер арнайы білімаі бар инженер ғылымның практикаға негізделуін қамтамасыз етсе, практик пасихолог, ол да инженер, бірақ техника емес, адам аймағындағы инженер.

Психологияның негізгі міндеті – психологиялық мәселелерді шешу. Бұл мәселелерді шешу психологияның барлық стратегиялық жүйелерінде: теориялық психология, қолданбалы психология және практикалық психологияда жүзеге асырылады.

Бір кездері әлеуметтік психологияның қызметін адам психикасының заңдылықтарын танумен шектеді. Педагогикалық психология өкілі Максим Григорьевич Рубинштейн ХХ ғасырдың басында «психологияның мақсаты – адам жанын объективті білу»,-деп түсіндірді.

Психология психиканы жетілдіру, психиканы жақсарту сұрақтарын қарастырмайды, ол ештеңкені бағаламайды, психикаға қатыстының барлығы психология үшін зерттеу объектісі болып табылады. Ол данышпандылықты тек мәлімет ретінде қарастырады. Бізге психология данышпандылықты, талантты қалай жасауды, жетілдіруді психологиялық мағынада үйретпейді. Бұдан шығатын қорытындылар психология шегінен шығып жатады және психология оған құзыретті емес. Осыған байланысты әлеуметтік позициялар психологиялық қорытындылар мен психология саласында құзыретті емес адамдардың жауына мүмкіндік береді. Адамның жан дүниесі жайлы қорытынды жасау мен психологиялық білімі жоқ адамдардың айналысуы мүмкін емес. Сонымен бірге психологиялық білімдер күнделікті өмірде және адам туралы ғылымдар аумағында аз қолданыс табуда.

Психология кез келген ғылым сияқты, әр түрлі әдістердің біртұтас жүйесін қолданады. Психология әдістерінің төрт түрлі тобын атап көрсетейік:

І. Ұйымдастыру әдістері: салыстырмалы әдіс (жас ерекшелік, іс-әрекеті бойынша әртүрлі топтарды салыстыру); Лонгитюдтік «генетикалық жол» әдіс (бір адамды ұзақ уақыт бойы бірнеше қайтара зерттеу-баланың соматикалық және психикалық дамуын тіркеуді мақсат етеді); кешендік әдіс (зерттеуге әртүрлі ғылым өкілдері қатысады, бір обьектіні әр түрлі амалдар арқылы зерттейді).

ІІ. Эмпирикалық әдістер: Оған бақылау және өзін-өзі бақылау, эксперименттік әдістер (табиғи, қалыптастырушы, лабораториялық); психодиагностикалық әдістер (тестер, анкеталар, сауалнамалар, социометрия, әңгімелесу, сұқбат); іс-әрекет нәтижелерін талдау, биографиялық (өмірбаян) әдістер енеді.

ІІІ. Мәліметтерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (материалдарды топтарға бөлу, талдау).

ІV. Коррекциялық әдістер: аутотренинг, топтағы тренинг, психотерапевтикалық әсер ету әдістері, оқыту.

1.                 Негізгі әдістер: бақылау (іштей, өзін-өзі бақылау; сырттай); Эксперимент (лабораториялық, табиғи)

2.                 Қосымша: анкета, тест, әңгімелесу, моделдеу, сұқбат, сұрақ, математикалық-статистикалық, конспект-анализ.

Бақылаудың психологияда екі негізгі түрі болады:

өзін-өзі бақылау өз психикасын тану, қалай да болмасын сыртқы әрекеттің бақылауы арқылы жүзеге асырылады.

Сыртқы, немесе обьективтік бақылау – фактілер мен құбылыстардың табиғаты психикалық тұрғыдан түсіндіріледі. Ол: а) сырттай бақыланған мінез көріністері мен әрекетін түсіну; ә) оның ішкі психикалық мәнін ашып көру; б) жорамал жасап, оның анықтығын танып білу. Бақылау бір жағдайда «кесінді» ретінде жүргізіледі. Кесінді дейтін себебі бақылау үздіксіз жүргізілмейді, керек деген мезгілде (аз уақыттың ішінде) жүргізіледі.

Эксперимент- себеп-салдар байланыстарын қарастыру мақсатындағы зерттеу әрекеті. Оның мәні мынада:

-                     Зерттеуші зерттелетін құбылысты өзі тудырады және оған белсенді ықпал етеді.

-                     Эксперимент жасаушы құбылыс жағдайларын өзгерте алады.

-                     Эксперимент нәтижелерді бірнеше рет шығара алады.

-                     Эксперимент математикалық формулалар арқылы белгіленетін санды заңдылықтарды орнатады.

Орыс ғалымы А.Ф. Лазурский (1874-1917), 1910 ұсынған, эксперимент пен бақылау арасындағы аралықты білдіретін эксперименттің өзіндік бір нұсқасы болып, табиғи эксперимент саналады. Оның негізгі тенденциясы-зерттеулердің эксперименттігін жағдайдың ақиқатпен қиылыстыру. Бұл әдістің мәні мынада. Зерттелетін әрекет жағдайларына эксперименттік ықпал жасалады, ал әрекеттің өзі оның табиғи түрінде бақыланады. Бұл әдістің бақылау әдісінен айырмашылығы, мұнда тәжірибе жүргізуші өзінекерек құбылысты табиғи жағдайда тудыртып отырады. Егер оқушылардың ойлауын, сезімін, еркін зерттеу керек болса, бұл үшін психолог қандайда болмасын бір әрекет ұйымдастырады. оқыған текстеріне ат қоюды, осы тест бойынша әңгіме құрастыруды талап етеді т.б.

Адам психологиясын өзгертетін және оған әсер ететін амал ретіндегі эксперимент эксперименттік әдісіне кіреді. Оның мұндай түрі қалыптастырушы эксперимент деп аталады. Қалыптастырушы эксперименттің негізін қалаған Выготсий. Қалыптастырушы эксперимент-балаларды оқыту мен тәрбиелеудің дамушы эксперименттік әдісі.

Лабораториялық- ХІХ ғ. ортасынан бастап, жеке психикалық процестерді зерттеу үшін тәжірибе кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В.Вундт (1832-1920) психологияны тәжірибелік жолмен зерттеудің негізін салды, тұңғыш рет лабораторияны ашты. Психологтар алғаш рет көру, есту, иіс түйсіктерін зерттеу үшін тәжірибені пайдаланды.

Тест-белгілі бір сандық сапалық ақпарат береді және күрделі техникалық ақпараттарды қажет етпейтін стандартты, қысқа сынақ. Тестің түрлері көп (ашық, жабық, жанама, тікелей, интеллектуалды, бланг, аппаратуралық, стандартты, обьективті, проективті, вербалды, т.б.)

Анкета-белгілі бір сұрақтарға жауап беру. сұрақтар алдын-ала даярланады.

Әңгімелесу-алдын ала жоспарланған тақырып немесе мәселе төңірегінде 2 жақты пікір алмасу.

Сұқбат- белгілі бір мәселе жөнінде нақты бір кісінің сұрақ қою, респонденттің жауап беру арқылы болған әдіс.

Моделдеу-жас ерекшеліктеріне байланысты әлеуметтік және психологиялық нормаларға байланысты. Зерттеуші моделді жасалынады да, респондент сол моделмен салыстырылады. (моделдеуде адамның жаман жағы айтылмайды, бұнда тек % пен ғана айтылады.

Сұрақ-адамдар берілген сұрақтар реті бойынша жауап береді.

Сұрақнама-анкета, тест, т.б. осы сұрақнаманың түрлері.

Математикалық-статистика – белгілі бір қасиеттің сандық көрсеткіші.

Контент-анализ – белгілі бір іс-әрекет өнімі арқылы адамның қандай екендігі жөнінде ақпарат жинағы (киім киісіне, жүріс-тұрысына т.б.)

Социометрия- (лат. қоғам және өлшеймін)-шағын топтағы тұлғааралық қатынастардың ерекшелігін зерттеу әдісі. Бұл әдісті әлеуметтік психолог және психиатр Я. Морено (18921974) жасады.

 

3.Психологияның даму кезеңдерінің негізгі сипаттамасы. Психологияның дамуы 4 кезеңнен тұрады:

1.                 Психология-Жан туралы ғылым

2.                 Психология-Сана туралы ғылым

3.                 Психология-мінез-құлық туралы ғылым

4.                 Психология-психика механизмдері мен заңдылықтарының фактісінің дамуын зерттейді. зерттейді. Адамның психикасын, психологиялық таным процестерін, психологиялық типологиялық ерекшелігін, жеке адамның даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

2                   Психология-Жан туралы ғылым. Психика жөніндегі алғашқы түсініктер Анимистік (барлық нәрседе де жан бар дейтін түсінік) сипатта болды. Әлемдік психикалық ой-пікірдің даму тарихы 2 кезеңге бөлінеді. Мұның біріншісі шамамен 2400 жылдай уақытқа созылып, көш басы (атақты философ) Аристотельден «О душе» трактатын жазып шығарды «ассоциация» ұғымын енгізді. (б. з. д. 384-322) басталатын ішкі тарих. Осынау сан ғасырлық үлкен кезеңге әр кезде өмір сүргін ғұламалар Гераклит «Өзіңді танып, білу үшін, ғылымды біл. Өмірде болып жатқан құбылыстар құдайдың көңіл күйінде емес, заңдылыққа байланысты» деген, «логос» терминін енгізген; Гиппократ (әйгілі дәрігердің баласы) «адамдар организмін зерттеген және аурудың себебін зерттеді. Сұйықтықтардың пропорциясына байланысты дейді, сау адамдар мен ауру адамдардың айырмашылығы» Лукреций, Эпикур, Демокрит. т.б. Ғұламалар адамның жан дүниесінің сыры мен қыры туралы небір сындарлы пікірлер айтқан. Аристотель өзінің «жан туралы» трактатында жан тәннің өмір сүру формасы екендігін, ( Тірі денеден жанның бөлінбейтіндігі туралы идеясын бірінші болып айтқан), мұның өзі ес, қиял, ойлау, эмоция секілді процестерге бөлінетіндігін айтты. Жанды зерттеу және түсіндіру-психология пәнінің қалыптасуының алғашқы кезеңі болып табылады. Сонымен, психология алғашында жан туралы ғылым ретінде анықталды. Алайда, жан дегеніміз не деген сұраққа жауап беру оңай болмады. Әр түрлі тарихи кезеңдердегі ғалымдар бұл сөзге әр түрлі мазмұн берді. Психиканың мәніне деген ғылыми көзқарастардың қалыптасуы мен дамуы әрқашанда философияның негізгі мәселесінің шешіміне-материя мен сананың, рухани және материалдық субстанциялардың, арақатынасына байланысты болған. Дәл осы мәселе төңірегінде бір-біріне диаматериалы қарсы екі философиялық бағыттар пайда болды: материалистік және идеалистік. Материализм мен идеализмнің арасында осыдан екі мың жылдан астам уақыт бұрын басталған тартыс қазір де жүріп жатыр. Психикалық құбылыстарды идеалистік (Платон-«жанның материямен ортақ еш нәрсесі жоқ. Жанның материалдық дүниеден айырмашылығы, ол-идеалды. Таным-психиканың сыртқы дүниемен өзара әрекеті емес, жанның адам тәніне енгенге дейін идеалды дүниеден не көргені жөніндегі естеліктер іспеттес. Обьективті дүние-танымдық қызметтің обьектісі емес, соған себепші ғана». Сократ- бойынша табиғат пен адамды құдай жаратқан) тұрғыдан түсінудің мәні психиканың материадан тыс, өз бетінше өмір сүретін болмыс ретінде қаралатындығында болып табылады. Психика-тәнсіз, материялсыз негіздің-«абсолютті рухтың», «идеяның» көрініс беруі, дейді идеалистер. Тарихи жағдайларға байланысты идеализм өз ұсқынын өзгертеді, бүркемелене түседі, бірақ мәні өзгермей сол күйінде қалады. Психиканы материалистік (Демокрит-«Адам әртүрлі атом сортынан жаратылған. От атомы жанды құрайды» деді. Лукреций, Эпикур, Гераклит- ол дүние оттан п.б.; Фалес-«дүние судан п.б.» Аниксимандр-«апейрон» Анакеймен- «воздух» Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-фараби (870-950)) тұрғыдан түсінудің идеализмге қарама-қарсылығын психиканың материядан шығатын екінші кезекті құбылыс, ал материяның бірінші кезекті, субстрат (негіз), психиканың иесі ретінде қаралатындығында.

3                   (XVII) Психология-Сана туралы ғылым. Психологияның зерттеу пәні –сана деп қарастырды. Француз ғалымы Рене Декарт (1596-1650) (екінші кезеңнің басталуы) Ол тек ішкі ағзалардың жұмысы ғана емес, сонымен қатар ағзаның әрекеті-оның басқа сыртқы денелермен әрекеттестігі де жанды қажет етпейді дегенді көрсетті. Оның идеялары психология ғылымының кейінгі тағдырына ерекше ықпал етті. Декарт бір мезгілде екі ұғымды енгізді: сана және рефлекс Рефлекс-(жануар сыртқы ортаның әсеріне рефлекс (жүйке жүйесінің қызметі) арқылы жауап береді, деді). Алайда, ол өз ілімінде кенеттен жан мен тәнді қарама-қайшы қояды. Ол өзара тәуелсіз екі субстанцияның-материя мен рухтың-бар екендігін айтады. Сондықтан психология тарихындағы бұл ілім «дуализм» (латын тілінен «қосалқы») деген атаққа ие болды. Дуалистердің көзқарастары бойынша, психикалық құбылыстар мидың өнімі мен қызметі емес, мидан тыс әрі одан тәуелсіз өздігінен болады деп санайды. Философиядағы бұл бағыт обьективтік идеализм деген атқа ие болды. Декарттың жан мен денені бөліп салғанын, голландтық философ Спиноза (1632-1677) біріктірді. «Эмперикалық психология» терминін неміс философы ХVІІІ ғ. Х. Вольфом енгізді. Ағылшын философы Дж. Локк (1632-1704) түсінігі бойынша- сенсуализмнің – ақыл-ой жүйесінде сезім мүшелері арқылы өтпейтін еш нәрсе жоқ дейтінді уағыздайды. Дүнеге жаңа келген жас сәбидің психикасы, Локк ілімі бойынша «таза тақта». Сана-адамның жеке тәжірибесінен жинақталады. Неміс философы Г. Лейбниц (1646-1716) психологияның дамуымен психиканың механизмдерін түсінуге ықпалын тигізді. Ол психологияға «сана» ұғымымен қатар санасыздық ұғымын енгізді, санасыз түрде пайда болатан шексіз шағын перцепциялар бар екенін жоққа шығармайды. Туа берілетін идея жөніндегі Декард ілімін қолдай отырып, Локк сынын ескерді, оның сәбидің психикасы «таза тақта» деген тезиске қарсы шықты.

ХІХ ғ. 60 жылдарында психология дербес ғылым ретінде танылды. Вильгельм Вундт (1832-1920) 1879 жылы Лейпцигте Тұңғыш экспериментальды психологиялық лабораторияны ұйымдастырды. Вундт психологияны-сана құрылым ғылымы деді, бұл бағытты құрылымдық көзқарас деп атады. Зерттеуші нақтылы сыртқы жағдайларды жасай отырып, осы кездегі үрдістер ағымын бақылайды. Алайда, адамның өзін-өзі, жеке ішкі күйлерін, сезімдерін, ойларын бақылауы түріндегі бұл бақылаулар интроспекция («ішке үңілу»), өзін-өзі бақылау әдісін қолданды. Мұндай бақылауда басты ғылыми талап-обьективтілік болмайды. осының нәтижесінде ХХ ғасырдың басында, біріншіден, ғылыми обьективтік білімнің дамуы сұрауларының салдарынан және әлеуметтік – экономикалық талаптардың салдарынан, екіншіден, - интроспективтік психологияның дағдарысқа ұшырайтыны белгілі болды.

У. Джемс американдық психолог «Функционалдық көқарас». «Сана ағымы» деген теориясы бар. Сана функциясының адам өміріндегі ролі зерттеуді жалғастырды. Олар: интроспекция, өзін-өзі бақылау, уақытша міндетті шешу фиксациялық әдістерін қолданды. Джемс «үздіксіз сана» түсінігі- мазмұны мен күйінің үздіксіз өзгерісі сана қозғалысының процесі.

Эббингауз (1850-1909) ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басында, белгілі неміс психолог Г. Эббингауз психологияның тарихы қысқа, ал тарих алдындағы кезеңдері ұзақ деп психология туралы қысқа да нұсқа айтты Бұл жерде, тарих ретінде, философиядан бөлініп табиғи ғылымдарға жақындау және жеке эксперименттік әдістерді ұйымдастыру кезеңі деп аталған психиканы зерттеудің кезеңі айтылған. Эббингауз – есті зерттеу ғылымы психологиясында ең бірінші болып табылады. Ең алғаш эксперименталды әдісті қолданды.

Спенсер Жаратылыстану ғылымының ХІХ ғасырда одан әрі дамуында Ч. Дарвин жасаған эволюциялық ілім аса маңызды кезең болды, адам соған сәйкес органикалық дүниенің дамуының тұтас жүйесіне енді. Психикалық өмір эволюция нәтижесі деп танылды. Дарвинмен қатар бұл ойды Г. Спенсер де (1820-1903) айтты және дамытты және Рибо, Бине т.б. дамытты. Ағылшынның ұлы ғалымы Ч. Дарвин (1809-1889) - біздің арғы тегіміз адам тектес маймылдардан пайда болғанын дәлелдегенімен, мұндағы еңбек процесінің шешуші рөлін көрсете алмады.

Отандық ғылымының негізін салушы психолог Сеченов И.М. (1829-1905)- «Рефлексы головного мозга» кітабында (1863) негізгі психологиялық процесс физиологиялық трактовкадан алады.

Г. И. Челпанову (1862-1936) Психология институтының негізін қалаған. Оның ең негізгі қызметі Россиядағы институтты жарыққа шығарды. 1885ж. В.М. Бехтерев (русский физиолог, психолог, психиатр, невропатолог) Россиядағы эксперименталды лабораторияны ұйымдастырды (ашқан) психиканың іс-әрекет рефлекторлы концепциясын ашқан. Эксперименталды бағыттығы психологияның обьективті әдісінің зерттеуін дамытты. И.П.Павлов (1849-1936) шартты рефлекторлық организмдегі іс-әрекетпен байланысты. Оның жұмыстары психикалық ісәрекеттегі физиологияны түсінуге көмектесті.

Психикаға деген материалистік көзқарастың дамуы ағылшын сенсуалистері: Т. Гоббс (1588-1679), Д. Гартли (1705-1757), Д. Пристли (1733-1804), және француз энциклопедистері: Д. Дидро (1713-1784), П. Гольбах (1723-1789), К. Гельвици (1715-1771) еңбектерінде айқын аңғарылады.

3                   Психология-мінез-құлық туралы ғылым. Бихебиоризм (ағылшынша-«мінез-құлық») бағытының негізін салушы американ психологы Дж Уотсон (1873-1958). 1913 жылы Уотсонның психологияны мінез-құлық жөніндегі ғылым деп қарастырған кітабы жарық көрді. Оған психика да емес, сана да емес, сырттан бақыланбайтын, адамның қозғаушы жауап қайтаруларының жиынтығы ретінде түсіндірілетін мінез-құлық енді. Субьективтік әдістің (интроспекцияның) орнына – обьективті әдісті пайдалануды қажет деп жариялады. Қоршаған ортаға бейімделуші тіршілік иесінің мінез-құлқын зерттеуді психология міндеті деп білді. Бір онжылдың ішінде ғана бихевиоризм бүкіл әлемге таралды және психология ғылымының ең басты ықпал етуші бағыттарының біріне айналды. Расында да, мінез-құлықты бақылай отырып, біз шындығында обьективті фактілерді зерттейміз, бірақ мұндай обьективтік алдамшы немесе біздің әрбір қылығымыздың, мінез-құлық актілеріміздің артында біздің ойымыз, сезіміміз, тілектеріміз тұрады. Ойды, сезімді, ниетті білмей тұрып, мінез-құлықты білу мүмкін емес. Зерттеу пәні өзгерді (сананың орнына мінез-құлық алынды), сөйтіп жаңа ғылыми тіл пайда болды. «Сана», «түйсік», «қабылдау», «ерік» деген және басқа терминдер ғылыми мазмұны жоқ сөздер ретінде жоққа шығарылды. «Стимул» (сыртқы орта қоздырғышы), «реакция» (организмнің қозуға қайтаратын жауабы) және стимул мен реакция арасындағы «байланыс» (ассоциация, коннексия) негізгі психологиялық ұғымдарға айналды. Сондықтан да бихебиоризмді көбінесе стимул-реактивті теория немесе С-Р ассоциационизмі деп атайды, адам мінез-құлқында туа біткен ештеңе жоқ және оның кез келген көрінісі – сырттан ынталандырудың өнімі деп айтты. Ол мінез-құлық ұғымына бір жақты ғана мағына берді, яғни ғылымды «психикасыз психологияға» айналдырды.

                   Гештальт психология Германиядағы психикалық мектеп. Оның негізін қалаған Макс Вертгейлер (1880-1943) жәнет В. Келер (1887-1967), К.Коффка (1886-1941) Ассоциативті психологияға қарсы болды. Мақсаты: жеке психикалық процестің құрылымын тәжірбие жүзінде зерттеу. гуманистік бағыттың негізі болып табылады. тұлғалық қасиеттерінің өсуіне негізделеді. Гештальт деген сөзді неміс тілінен аударғанда «форма» сөз, яғни барлық ұсақ бөлшектердің бірігуі және органикалық бүтінді құрайды.

                   Психоанализ (З.Фрейд, А. Адлер, К. Юнг, К. Хорни)

                   Гуманистік психология (А. Маслоу, Роджерс)

                   Когнитивті психология (Дж. Брунер, Д. НОрман, Л. Фистингер).

                   Интерактивная психология (Э. Берн). адамды зат ретінде қарастырады, адамдармен өзара әрекет, қарым-қатынас негізгі мінездемесі болып табылады. Психологияның мақсаты-қарым-қатынас, өзара қатынас, қақтығыс, өзара әрекеттестіктің заңдылығын үйретеді.

                   ХХ ғ. Отандық психология дамуына бірқатар үлесін қосқан Біздің психологтар: Л.С. Выготский (1896-1934) психолог, психикалық функцияның мәдени-тарихи концепциясының негізін қалаушы; психикалық функцияның дамуы туралы жазған, балалардың дамуын қарастырған және аномальді балалар психологисының негізін қалаушы; Ломоносов М.В.- материя 1-ші пайда болады д.а. Ол бойынша, ең 1-ші таным процестерін дамыту керек. Запорожец и Элконин – балалар психологиясы; Смирнов – ес психологиясы; Лазурский- тұлға сұрақтарымен айналысты, әсіресе адам м-қ қараст. Ланге – Россиядағы эксперименталды психологияның негізін қалаушылардың бірі. А.Р. Лурия (1902-1977) – ес пен ойлаудың нейрофизиологиясының негізін қалады. Анохин П.К.- отандық физиолог, А.Г. Ковалев және П. Я. Гальперин. Отандық психологияда іс-әрекет психологиясына үлес қосқандар: А.Н. Леонтьев Выготскийдің мәдени-тарихи концепциясын қолдана отырып, жоғарғы психикалық функцияға эксперимент жүргізді; Рубинштейн, Плотонов, Ананьев, Тевлов – олар адамның дамуының негізгі көзі іс-әрекет деген, кейіннен іс-әрекет теориясын өңдеген; Абульханова-Славская – жеке адамды іс-әрекет субьектісі ретінде қарастырды, Климов индивидуалды психологиялық ерекшеліктерін анықтады, Брушлинский жеке адамды шығармашылық әрекеті тұрғысынан қарастырды.

 

Өзіндік бақылау сұрақтары:

1.Психология дамуының негізгі бағыттары қандай?

2. Психология пәнінің ерекшелігі неде?

3. Психологиядағы әдістер ерекшеліктері қандай?

 

15 лекция

 

Қазақ психологиясы тарихының елеулі кезеңдері

 

Жоспар

1.     Уалихановтың психологиялық ой-пікірі.

2.     А.Құнанбаев адамның жан құбылысы туралы көзқарасы.

3. Ы.Алтынсариннің психологиялық түйіндемелері.

4. Ы. Алтынсариннің ұстаздар алдына қойған міндеттері

Қазақ психология тарихын зерттеу көптен айналысып жүрген көрнекті психолог-ғалым Жарықбаев Құбығұл Бозайұлы Қазақстанда психология ғылымының қалыптасуы мен даму тарихын үш кезеңге бөліп қарастырды.

Отбасы тәрбиесі – бала мінез-құлқы мен психологиялық бейнесін қалыптастырудағы негіздерінің негізі. Жүсіп Баласағұнидің айтуынша, үлгілі тәрбиенің негізі – білім, әдет-дағдыларға машықтандыру. Бұл еңбегінде адамдардың бір-бірімен қатынас жасауы, сөз өнері адамның әртүрлі жаман жақсы қасиеттері туралы кең көлемде әңгімеледі.

Моральдық-психологиялық сипаттағы ой-пікірлер ортағасырлық ғұлама-ойшылдар Махмұд Қашқари, Ахмет Жүгінеки. Ахмет Яссауи. Саиф Сараи. Мұхаммет Хайдар Дулати. Қ.Жалаири еңбектерінде жан-жақты баяндалады.

Сонымен қатар қазақтың ақын-жыраулары Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз жырау. Доспанбет жырау. Жиембет Бабатайұлы, Маханбет Өтемісұлы еңбектерінде адамгершілік-ұлтжандылық қасиеттерді насихаттайтын психологиялық ойлар басым келеді.

Тәлімдік тұрғыдан ақын – жыраулардың еңбектерінде қолбасының біртуар тұлғасы, батыл, ержүрек, батыр адамдардың психологиясы, ішкі жан дүниесі суреттеледі. Ақын-жыраулардың толғаулары жастарды ерлікке, батылдыққа, өз Отанын сүюге шақырады. Мәселен, Махамбет Өтемісұлы өзінің ұлттық насихаттық мазмұнға толы өлеңдерінде дауылпаз ақын жастардың тәні мен жаны бірдей шынығуына, олардың күшті ерік-жігері мен мінез-құлқын тәрбиелеу ісіне зор маңыз берді. Махамбет өлеңі жастарды ерлікке, батылдыққа шақырды. Махамбет ерлік пен елдіктің үлгісін көрсете отырып, елжандылық сезім мәселесін халықтың абыройы жолындағы күреспен ұштастыруға, өскелең ұрпақтың мұрат-мүддесінің әлеуметтік мәнін ашуға тырысты.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда ағартушылық қозғалыстың туын биік ұстаған ағартушы-демократтар Шоқан Уалиханов. Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтың рухани мұрасының психологиялық ой-пікірдің даму тарихында алатын орны өз алдына бір төбе.

Қазақ ағартушыларының психологиялық көзқарасын қазақ психологтарының ішінен бірінші болып зерттелген көрнекті қоғам жәнемемлекет қайраткері, психолог-ғалым, академик Төлеген Тәжібаев болды. Ол Қазақстанда психология ғылымы саласында тұңғышрет 1939 жылы Ленинград қаласында «К.Д.Ушинский – Ресейдегі педагогикалық психологияның негізін салушы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

Төлеген Тәжібаев көп жылдар қазақ ағартушылары Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсариннің психологиялық және педагогикалық көзқарастарын зерттеуге арналған бірнеше монографиялық еңбектер жазды. Ол 1962 жылы тұңғыш диссертация қорғады.

Академик Т.Тәжібаевтан кейін бұл бағытта ғылыми – зерттеу жұмысын ілгері дамытқан, Қазақстанда психологиялық және педагогикалық ой-пікірдің қалыптасуы мен даму тарихын зерделеген, «Қазақстанда төңкеріске дейінгі педагогикалық ой-пікірдің қалыптасуы және дамуы», «Қазақстанда психологиялық ой-пікірдің қалыптасуы мен дамуы» және т.б. бірнеше монографиялық еңбектердің авторы, көрнекті психолог-ғалым, педагогика және психология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Б.Жарықбаевтың алатын орны ерекше.

Қ.Б. Жарықбаев ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдң бас кезіндегі қазақ ағартушылары Шоқанның, Абайдың, Ыбырайдың. Шәкәрім Құдайбердиевтің, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің, Ғұмар Қараштың, Әлихан Бөкейхановтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Халел Досмұхамедовтың, Міржақып Дулатовтың, Нәзипа Құлжанованың, Жүсіпбек Аймауытовтың, Мағжан Жұмабаевтың, Сұлтанмахмұт Торағыровтың психологиялық көзқарастарына жан-жақты талдау жасады.

Қазақ топырағында алғаш рет 1922 жылы «Педагогика» атты (Ташкент, Орынбор) Мағжан Жұмабаевтың (1993-1938) оқулығының жарық көруі өмірде өте сирек кездесетін құбылыс ретінде бағалауға болады. Бірақ оқулықтың аты «Педагогика» деп аталғанмен, оның бүкіл мазмұны психология ғылымының мәселелеріне арналған. 15 тарау 106 беттен тұратын «Педагогика» оқулығының төрт-ақ тарау.

Оқулықта Мағжан Жұмабаев алғаш рет психологиялық терминдердің қазақша баламаларын жасауға талпынған, мәселен, түйсінуді – әсерлену, зейінді – абай, есті – зейін, пікірді – хұкім және т.б. қазақша баламаларды қолданады. Дейтұрғанмен, бұл баламалар қазіргі психологияда қолданып жүрген ұғымдарға сәйкес келмейді.

Кезінде қуғын-сүргінге ұшыраған, жеке адамға табынудың, заңсыздықтың құрбаны болған, біртуар қазақ зиялылардың бірі – Жүсіпбек Аймауытов (1989-1931) қазақ топырағында тұңғыш рет «Психология» (Қызылорда - Ташкент) оқулығын 1926 жылы жазды.

«Денедегі кейбір мүшелер, оның қызметтері» және «Эмоция және сезім» атты төртінші және бесінші тарауларында психикалық үрдістердің анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктері мен эмоция, сезім, көңіл-күйге талдау жасалады. Сонымен қатар оқулықта таным үрдістеріне сипаттама беріледі, олардың заңдылықтары мен қасиеттеріне тоқталады.

Психология және педагогика ғылымдары саласында психолог және аедагог ғалым ретінде асилий Яковлеевич Струминскийдің (1880-1963) Республикада психология ғылымын дамта сіңірген еңбегі ерекше. Ол Орынбор практикалық институтында педагогика, жалпы және педагогикалық психология пәндерінен студенттерге дәріс берді.

1923 жылы В.Я.Струминскийдің Орынбор қаласында «Психология» оқулығы орыс тілінде жарық көрді. Еңбегінде диалектикалық материализм тұрғысынан ғылыми психологияның негізгі мәселелерін бір жүйелі баяндау тәжірибесіне тоқталды. Кейбір әдіснамалық кемшіліктеріне қарамастан, бұл еңбектің мәні орасан зор болды.

1935 жылдан бастап, өмірінің соңғы кезіне дейін психология ғылымының көрнекті қайраткері, профессор Александр Петрович Нечаев (1870-1948) Семей қаласында тұрды. Психология ғылымы саласында 50 жылдан астам уақыт жемісті еңбек еткен, есімі әлемге белгілі психолог-ғалым. Ол психология ғылымының әртүрлі саласында әсіресе, психологияның жас, педагогикалық, медициналық және т.б. салаларын дамытуға ерекше еңбек сіңірді. Өмірінің соңғы жылдары Семейдің Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтында студенттерге педагогикадан және психологиядан дәріс оқыды. А.П.Нечаев көп жылдар «Психофизиологиялық синдромдар жүйесі» тақырыбында Ғылыми – зерттеу жұмысын жүргізіп, Жо,ары аттестациялық комиссия 1944 жылы диссертация қорғамай-ақ, психология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін берді.

Сонымен, Қазақстанда психология ғылымының дамуында А.П.Нечаевтың сіңірген еңбегін ерекше бағалауға болады.

Қазақстан педагогикалық институттарында педология 1936 жылғы 4-шілдедегі партияның қаулысы қабылданғанға дейін пән ретінде оқытылып келді. Жоғары педагогикалық оқу орындарында педагогика және психология пәндерімен қатар педологиядан белгілі ғалымдар, мәселен қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында педагогика және педология кафедрасының меңгерушісі Шарапи Әлжановтың дарынды әмбебап ғалым, Қазақстанда жоғары педагогикалық мектепті белсенді ұйымдастырушылардың бірі, профессор Халел Досмұхамедовтың, Орал педагогикалық институтында психология және педологиядан дәріс берген. Орта Азия мемлекеттік университетінің түлегі, кейіннен Қазақстанда жоғары педагогикалық білім беруді дамытуға ат салысқан, белгілі психолог-ғалымдардың бірі Абдолла Темірбековтың, Республикада психология ғылымын дамытуда ерекше еңбек сіңірген көрнекті психолог ғалым Салкен Балаубаевтың есімдерін ерекше атауға болады. С.Балаубаев пен Ш.Әлжановтң басшылығымен 1934 жылы Залкиндтің «Педология» оқулығы қазақ тіліне аударылды.

30-жылдары А.Темірбеков Орал педагогика институтында педология мен психологиядан қазақ тілінде студенттерге дәріс оқыды, қазақ тілінде психология және педология курстарынан оқулықтар мен оқу құралдары болмады. Студенттер А.Х.Темірбековтың басшылығымен психологиядан К.Н.Корниловтың, педологиядан П.П.Блонскийдің орыс тілінде шыққан оқулықтарын пайдалануына тура келді.

30-жылдары педагогикалық институттарға арналған психология бағдарламасы профессорлар С.Л.Рубинштейн мен К.Н.Корниловтың жетекшілігімен жасалды. Республика жоғары оқу орындарында профессор С.Л.Рубинштейннің «Жалпы педология негіздері» оқулығы мен профессор К.Н.Корниловтың «Психология» оқулығы қолданылған болатын.

1938-1939 оқу жылынан бастап, жалпы психология курсы студенттерге ана тілінде оқытыла бастады. Педагогикалық жоғары оқу орындарында психология курсын оқытуды дұрыс жолға қоюжа қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының педагогика және психология кафедрасы, меңгерушісі Төлеген Тәжібаевтың еңбегінің мәні зор болды.

1939 жылы Ленинград қаласында «К.Д.Ушинский – Ресейдегі педагогикалық психологияның негізін салушы» тақырыбында бұрынғы Одақта бірінші рет орыс педагогикасының классигі К.Д.Ушинскийдің психологиялық мұрасын зерттеген тұңғыш ғалым – психолог. Ол Алматыда Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында, Қазақ университетінде психологиядан қазақ тілінде дәріс берді, психология кафедрасын басқарды.

Т.Тәжібаевтың "Жалпы психология" оқулығы "Қазақ университеті" баспасынан 1992 жылы жарық көрді. Еңбекте психология ғылымының теориялық негіздері жан-жақты баяңдалады.

Еліміздің белгілі психолог-ғалымы, бірнеше ғылыми еңбектердің авторы, Саратов университеті медицина кафедрасының меңгерушісі Иосиф Лазаревич Стычинский (1896-1969) 1946 жылы Алматыға келіп, Қазақтын Абай атындағы педагогикалық институтында психологии кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды соңғы жылдары оның профессоры болып жұмыс істеді. Ол

Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында психолог-аспиранттарға ғылыми жетекшілік етті. И.Л.Стычинскийдің ғылыми жетекшілігімен психологиядан бірнеше ғылым кандидаттары даярланды. Бірінші рет Республикада жоғары жүйке қызметі зертханасы жұмыс істеді. И.Л.Стычинский И.П.Павловтың іліміне байланысты бірнеше ғылыми еңбектер жариялады.

Қазақ психология ғылымынын қалыптасуында өзіндік орны бар көрнекті психологтарымыздың қатарына Сәлкен Балаубаевты (1902-1972) жатқызуга болады. Ол Орта Азия мемлекеттік университетінің түлегі, кейіннен Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында оқытушы, Қазақ CCP Халық ағарту комиссариаты жанындағы әдістемелік кеңесте жұмыс істеді.

Республикада психологиядан алғаш рет кандидаттық диссертациялар қорғала бастады. Олар: E.Суфиев, А.Темірбеков. М.Мұқанов. А.Асылбеков. Қ.Жарықбаев және т.б.

Қазақстанда психология ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан психолог ғалымдардың ішінен Абдолла Темірбековты (1904-1972), Елеш Суфиевті (1919-1980). Мажит Мұқановты (1920-1985) атауға болады. А.Темірбеков 30-40 жылдары Орал, Қызылорда пединституттарында директордың орынбасары. Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында факультет деканы, Өскемен педагогикалык институтынын ректоры, кейінгі жылдары Алматы шет ел тілдері институтының педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Е.Суфиев (1919-1980) Оралдың А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институгының химия-биология факультетінің түлегі. Оралдың А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтын бітіргеннен кейін мектептерде ұстаздық қызмет атқарды. Соғыстан кейінгі жылдардан 80-жылдарға дейін Ақтөбе. Алматы, Шымкент қалаларындағы оқу орындарында психологиядан дәріс оқылды.

Қазақ психология ғылымының дамуына ерекше үлес қосқан психолог-ғалымдарымыздың қатарына Мажит Мұкановты (1920-1985) жатқызуға болады. Ол Ленинградтың H.И.Герцен атындағы педагогикалық институтын 1949 жылы тамамдағаннан кейін, Қазақ университетінің аспираитурасын бітіреді. 1950 жылы профессор Т.Тәжібаевтың ғылыми жетекшілігімен психологиядан кандидаттык диссертация қорғайды. 1953-1960 жылдардың аралығында Алматының шет тілдер педагогикалық инстигутының 1960-1985 жылдары Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының психология кафедрасының меңгсрушісі болды.

М.Мұқанов 1980 жылы психологиядан тұнғыш рет Қазақстанда докторлық диссертация қорғап, кейін профессор ғылыми атағын алды.

Республикада бұл жылдары психологиядан бірнеше кандидаттық диссертапиялар қорғала бастады. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтда психологиядан дәріс оқыған ғалымдардың бірі - Әбдірахман Асылбеков (1907-1970). Ол - бірнеше ғылыми еңбектер мен мақалардың авторы, әсіресе, оның "Оқушылардың ынтасын тәрбиелеу" (1958), "Қоғамдық пайдалы еңбек арқылы оқушыларға коммунистік тәрбие беру" (1959), "Бала тәрбиесінде семьяның ролі" (1969). "Мектеп оқушыларыда ынтаның калиптасуы"

атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

Кәрім Қойбағаров (1928-1985) - Қазақ мемлекеттік университетінің логика және психология бөлімін 1951 жылы алғашқы бітірген түлектерінің бірі. 1951-1954 жылдарға дейін психология кафедрасының аспиратурасын оқып бітіреді.

"Сұлтанмахмұт Торайғыровтың психологиялық көзқарастары" деген тақырыпта бірнеше ғылыми мақалалардың авторы, қазақ тіліне аударылған "Жалпы психология" (Алматы, 1980), "Жас педагогикалық психология" (Алматы. 1987), "Семья өміріндегі әдеп және психология" оқулықтарын аударушыларының бірі болды. Ата-аналар мен мұғалімдер үшін жазған оның "Балаларды мектепке әзірлеу" (1961), "Балаларды адамгершілік. сезімге тәрбиелеу" сияқты еңбектері дүниеге келді. J

XX ғасырдың 70-80-жылдарында Республикада психология ғылымының әртүрлі салалары бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді, әсіресе, жалпы, педагогикалық, заң. әлеуметтік, спорт және т.б. салалар бойынша зерттеу жұмыстары орындалып, бірнеше еңбектср дүниеге келді. Бұл жерде Қ.Шерниязованың Ж.Түрікпенұлының, С.Сүлейменованың, Р.Жаңабекованың, Ж.Дүйсенбековтың Б.Орманбаеваның зерттеулерін атаған жөн.

Еліміздегі жоғары оқу орындарының көшбасшысы болып есептелетін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бүгінгі күндері кең-байтақ қазақ жеріндегі психологиялық ой-пікірдің бірден-бір орталығы болып отыр. Кезінде осы кафедраға қазақтың тұңғыш психологі, академик Төлеген Тәжібаев басшылық етті. Этнопсихология проблемалары төңірегінде бірнеше кандидаттық докторлық диссертация қорғалды.

Қазактың мемлекеттік ұлттық уииверситетінде көрнекті психолог-ғалым Қ.Б.Жарықбаевтың ғылыми жетекшілігімен 1998 ж. академик Т.Т.Тәжібаев атындағы этнопсихология және этнопедагогика орталығы құрыды.

1988 жылдан бастап, Республикадағы жоғары оқу орындарында психолог мамандар даярлау ісі қолға алынды. Қазіргі кезде әл-Фараби атындағы Қазақ университетінде, Карағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Тараз университеттері мен Петропавл, Актөбе педагогикалық институттарында психолог кадрлар даярлануда. Республика мектептеріне "психология" мамандыгының штаты енгізілді.

 

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер

1.                 Ә. Алдамұратов, М. Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық-практикалық сабақтар. Бірінші бөлім, алматы, 1978. екінші бөлім, Алматы, 1979.

2.                 Ә. Алдамұратов және т.б. Жалпы психология. А.., 1996.

3.                 Ә. Алдамұратов. Қызықты психология.-А., 1992.

4.                 Намазбаева Ж.И. Психология. Алматы, 2005.

5.                 Намазбаева Ж.И., Сангилбаев О.С. Русско-казахский психологический словарь. Алматы, 2005.

6.                 Намазбаева Ж.И. общая психология. Алматы, 2006.

7.                 Ф.Н. Гоноболин. Психология. Мектеп., Алматы, 1976.

8.                 Жалпы психология. В.В. Богословскийдің және т.б. редакциясымен.-А., 1980.

9.                 Н.М. Итбаев. Жалпы психология.-Ақмола, 1992.

10.            Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. Алматы, 2004.

11.            Жарықбаев Қ.Б., Озғанбаев Ө. Жантануға кіріспе. А., 2000.

12.            Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – А., 1995.

13.            Қ. Жарықбаев, Ә. Абдрахманов. Психология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. Мектеп, Алматы, 1976.

14.            М. Мұқанов. Ақыл-ой өрісі. Қазақстан, Алматы, 1980.

15.            М. Мұқанов. Ми және сана. ҚМБ, Алматы, 1980.

16.            М. Мұқанов. Бақылау және ойлау. ҚМБ, Алматы, 1959.

17.            М. Мұқанов. Жасерекшелік және педагогикалық психология. Мектеп, Алматы, 1990.

18.            Тәжібаев. Жалпы психология. – А., 1993.

19.            А. Темірбеков, С. Балаубаев. Психология. – А., 1996.

20.            Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы – Дарын-2003.

21.            Жалпы психололгия. / Алдамұратов Ә. А.,1996.

22.            Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А., 1999

Қосымша әдебиеттер

23.            Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Москва, 2002.

24.            Гальперин П.Я. Введение в психологию. М., 1999.

25.            Годвруа Ж. Что такое психология? В 2-т. М.,1999.

Источник: портал www.KazEdu.kz

Каталог учебных материалов

Свежие работы в разделе

Наша кнопка

Разместить ссылку на наш сайт можно воспользовавшись следующим кодом:

Контакты

Если у вас возникли какие либо вопросы, обращайтесь на email администратора: admin@kazreferat.info